Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы


ЖОСПАР
Кiрiспе3
І. Қазақстан Республикасында екіншi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендіруі4
1. 1. шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары4
1. 2. Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы9
ІІ. Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу операцияларының есебі15
2. 1. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну операцияларының есебі15
2. 2. Қысқа мерзімді несиелерді өтеу операцияларының есебі17
ІІІ. Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары19
Қорытынды26
қолданылған құралдар тізімі28
Кiрiспе
Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
● конструктивтiк бизнес-идея;
● тиiмдi басқару (менеджмент) ;
● қаржы жеткiлiктiлiгi.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әртүрлi жолдармен шешiледi. Бiрақ, оның мәнi солайымен қалып отыр. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгiнгi таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi күннен-күнге арта түсуде.
Елдiң жаңа экономикалық қатынастарға түсуi, оның жалпы экономикаға тиiмдi ұштасуы, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, несиелiк қатынастардың қолдануынсыз, оны дамытпай жүзеге асуы мүмкiн емес. Несие - өндiрiстiк күштердiң дамуын ынталандырып, капитал көздерiн құрудың, ғылыми-техникалық процестiң нәтижелерi арқасында өнiм өндiру негiздерiн жеделдетедi. Қарыз алушылардың несиелiк көздерге деген жолын мемлекет реттеп, олар үшiн мемлекеттiң кепiл болуы, банктi мемлекеттiң жалпы ұлттық даму бағдарламасына сай жұмыс жасайтын кәсiпорындарға деген сұраныс арқылы оларды несиелеуге ынталандырады. Осы ретте жалпы курстық жұмыстың мазмұны - кез келген шағын және орта бизнес, әртүрлi формадағы шаруашылық субъектiлерi, экономикалық ең бiр жанды секторы - кәсiпкерлiктiң басқа да формаларын ендiру, оларды дамыту, несиелiк қолдаусыз ешқашан дамымақ еместiгiн түсiндiру болып табылады
Жұмысқа әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын және орта бизнесті қолдау» жөніндегі жарлықтары «ҚР Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Президент заңдары қолданылды
І. Қазақстан Республикасында екіншi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендіруі
1. 1. шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары
Банктердiң тәжiрибесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң өзiндiк алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. несиелеу алғышарттары келесiдей:
● несиеге деген өтiнiштi қарау;
● несиелiк қабiлетiн талдау;
● несиелiк келiсiм шарт жасау;
● несие беру;
● несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы» 30. 03. 1995ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер туралы» 30. 08. 1995 ж. ҚР Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын басшылылыққа алады. Несиелер төлем қабiлетi бар қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай берiледi.
Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау. Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi, мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң құрамына жататындар:
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз ететiн басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелiк қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр құжаттар тiзiмi қысқаруы мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш жасаған уақытта, банк несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн есеп карточкасын толтыруы мүмкiн. Онда - фирманың жетекшiсi мен қарыз алушы өкiлiнiң аты-жөнi; қызмет және меншiк түрi; клиенттiң заңды мекен жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктiң аты және реквизиттерi; негiзгi құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенiң мақсаты, сомасы және мерзiмi; соңғы есептiк күнге берiлген баланс құрылымы және басқа да көрсеткiштер жазылады. Тапсырылған құжаттарды оқып, талдау барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабiлетiн бағалау кезiнде, шешiм қабылдау үшiн аса маңызы бар. Бағалау техника-экономикалық есеп негiзiнде жасалады.
Екiншi алғышарт. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау. Яғни, оның ссуда бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабiлетiн бағалауды бiлдiредi. Несиенi қайтара алмау тәуекелi әртүрлi факторлардың әсерiнен болуы мүмкiн, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешiм қабылдамас бұрын оның несиелiк қабiлетiн талдайды. Бұл көрсеткiш банктiң өтiмдiлiгiне ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiне талдау жасау барысында келесiдей факторлар есепке алынады:
• ссудаға қатысты қабiлеттiлiгi. Қазір алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық құжатын анықтайтын жарғысы және нұсқаумен танысуға тиiс;
• қарыз алушының iскерлiк репутациясы. Несиелiк мәмiлеге тиiстi репутация деп, қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай ақ келiсiм шартқа байланысты барлық мiндеттемелердi орындауы түсiндiрледi;
• табыс алу қабiлетi. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткiлiктi қаражатты табу қабiлетiне баға беруi қажет;
Қарыз алушының табыс алу қабiлетiн анықтау барысында сату көлемiне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететiн факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсiпорынның орналасқан жерi, оның тауарлары мен қызметтерiнiң сапасы, шикiзат құны қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi жатады. Несиелеудегi шетелдiк тәжiрибедегi бұл факторларға қоса жарнамалау тиiмдiлiгi, бәсеке сияқты факторлар ескерiледi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн бағалаудағы басты фактор оның қаржылық жағдайы болып табылады. Ол қарыз алушының қызметiн көрсететiн көрсеткiш ретiнде қызмет ете отырып, меншiктi және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиiмдi пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабiлетiнен көрiнедi:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру;
2) несиенi қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдер мен салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық мiндеттемелер бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктiк талдау шектеулi және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау үшiн оның тиiмдiлiгiн, төлем қабiлеттiлiгiн, шаруашылық-қаржылық қызметiн жан жақты бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер жүйесiн ұсынатын көптеген әдiстемелер қолданылады. Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық банкiнде перспективалық зерттеулер орталығында дайындалып, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж. Мәжiлiсiнде №26 қаулы бойынша бекiтiлген «Қарыз алушыны» несиелiк қабiлетiн банктердiң талдауына байланысты әдiстемелiк нұсқаудың жекелеген банктердiң дайындаған «Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау әдiстемесi» сияқты әдiстемелiк нұсқаулар қолданылады.
Қарыз алушылар негізгi коэффициенттер көрсеткiшiне байланысты несие қабілеттiлiгiнiң үш классымен анықталады. Қарыз алушыларды класс бойынша бөлiп қарастыру Қазақстан Республикасының ұлттық банкi ұсынып отырған коэффициенттер негiзiнде жүзеге асырылады.
Үшiншi алғышарт. Несиелiк келiсiм шарт жасау. Қазiргi несиелеудiң басты ерекшелiгi бойынша банк қарыз алушының несиелiк қабiлетiн тексерiп болғаннан кейiн несиелiк келiсiм шарт жасау үшiн несиелеу субъектiсiмен қатынасқа түседi. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарды банк пен қарыз алушы келiсiм шарт негiзiнде шешедi. Несиелiк келiсiм шарт екi жақтың өзара мiндеттемелерiн және жауапкершiлiктерiн анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектiсi, несиенiң мөлшерi, ссуданы беру мерзiмi және қайтару шарттары несиенi қамтамасыз ету формасы, несие үшiн төленетiн сыйақы мөлшерi, несиенiң қозғалысын және клиенттiң қаржылық жағдайын бақылау үшiн қарыз алушының тiзiмi, олардың берiлу мерзiмдерi, сондай ақ несиелеу процесiндегi банктiң бақылау қызметi көрсетiледi. Несиелiк келiсiм шарттың мазмұнын келiсушi жақтардың өздерi анықтайды. Бұл жерде екiншi деңгейдегi банктер оның типтiк формаларын пайдаланады. Несиелiк келiсiм шарттың мазмұнында несиелеу механизмi, оның негiзi элементтерi (несие түрлерi және объектiлерi, сомасы, несиенiң бағасы, несиелеу әдiстерi және ссудалық шот формалары, ссуданың қамтамасыз етiлу және қайтару тәсiлдерi, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады.
Төртiншi алғышарт. Несие беру процессi. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы берудi құжаттау тәртiбiн (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкiн), ссуданы беру тәсiлiн анықтайтын, несиелеудi ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несие берудi құжаттау тәртiбi ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай судалық шот ашылған қарыз алушы запастарының жинақталуына байланысты несиеге деген өзiнiң қажеттiлiгiн бiлдiредi. Осы мақсатта ол банкке несиеленетiн тауарлы материалды құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығының қозғалысы туралы мәлiметтер бередi, банк соның негiзiнде ссудаға деген қажеттiлiктi мерзiмдi мiндеттемелер арқылы құжаттайды. Арнайы ссудалық шот бойынша берiлген несие әр алған сайын құжатталмайды, себебi ол шот ашу барысындағы өтiнiш мiндеттемесi негiзiнде жүргiзiледi.
Несиенiң көлемiне байланысты әртүрлi берiлу тәсiлдерi болады. Бiрiншiсi - несие клиенттiң шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайда жұмсалынады. Екiншiсi - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттiлiктiң туындауына байланысты берiледi. Үшiншiсi - белгiлi бiр соманы алуға клиенттiң құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады. Мысалы артық сыйақы төлегiсi келмейдi. Несиенiң мөлшерi оны беру барысында несиелеу ережелерiне сәйкес анықталады.
Бесiншi алғышарт. Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау. Бұл несиелiк операциялардың маңызды кезеңi. Ссудалар бойынша кәзіргі қайтару тәсiлi ссудалық шот формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты. Ссуданы қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен құжатталады: егерде ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал ссуда бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр төлемге әртүрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тiкелей осы шотқа келiп түсетiн түсiмдер есебiнен қайтарылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте ссудалар бойынша мерзiмдi мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Банк қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егерде қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындақтарға кезiгуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай-ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Банктiк тәжiрибеде ссуда бойынша жай және күрделi сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай проценттер бiрiншiден қысқа мерзiмдi несиелеу үшiн қолданылады. Олар бойынша проценттердi есептеу және төлеу келiсiм шартта көрсетiледi:
S=P(1+n*i),
мұнда: S - несие бойынша барлық соманың көлемi
P - бастапқы қарыз
i - пайыздық мөлшерлеме
n - мерзiмi
Банк тәжiрибесiнде күрделi проценттер ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде қолданылуы мүмкiн. Мұнда мәмiле аяқталғанға дейін несие алушыға есептелген сома төленбейдi, ал негiзгi қарыз сомасы өсiп отырады. Оны мына формуламен көрсетуге болады:
S=P(1+i) n
Банк несиелiк келiсiм шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиенi пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметiне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлiк жазуларын, есептiк материалдарын тексередi. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлерi мен басқадай ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбiр банктiң өзiнiң клиентiнiң несиелiк iсiн (несиелiк досье) жүргiзу жүйесi болады. Несиелiк келiсiм шартқа байланысты өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға әрi қарай несиелеудi тоқтат туралы ескерту жасауға; несиелiк шартта қарастырылғандай несиенi берудi тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелiк келiсiмнiң шарттарын жүйелi түрде орындамаған жағдайда банк несиенi мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесiне жасалатын бақылау банктiң несиелiк портфелiн мерзiмдi түрде тексерiп отырумен де толықтырылады. өйткенi, банктiң несиелiк портфелi оның табыс көзi және несиелiк операцияларды жүргiзу барысындағы тәуекел көзi болып табылады. Банктiң тұрақтылығы, өтiмдiлiгi және репутациясы көбiне оның несиелiк портфелiнiң құрылымы мен сапасына байланысты болып келедi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау негiзiнде банктер рейтингi бойынша ссудаларды жiктейдi, ол өз кезегiнде оларға несиелiк портфелдiң құрамын бақылауға және қажет кезде оны қайта қарап отыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктiң әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер ссудалар бойынша мүмкiн болар зияндарға арнайы резервтер (провизиялар) құрады. Резерв мөлшерi есептiк күнге берiлген несиелердiң жалпы сомасына байланысты. Елдегi экономикалық жағдайларға байланысты жалпы тәуекелге есептелетiн ең төменгi резерв мөлшерi 5%-тi құрайды.
Банк ұсынатын несиелер сапасы бойынша несиенi қайтару мерзiмiне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз алушы мен банк арасындағы байланысқа, несиелiк тарихына, несиенi қамтамасыз етуiне және оның өтiмдiлiгiне байланысты бөледi
1. 2. Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz