Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Банк Ісі Академиясының колледжі
Курстық жұмыс
тақырыбы: Екінші деңгейлі банктердің клиенттерге есеп-кассалық қызмет
көрсетуі. Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі.
Орындаған
Қоңқабаева Ұ.
ІІІ курс 31 топ студенті
Банк ісі мамандығы
Тексерген: оқытушы
Тұрғанбаева Г.С. (Банк операциясы)
Қалығұлова Р.Ж (Банк есебі)
Қорғауға жіберілді:
________________________
Алматы 2004 жыл
Мазмұны
Кіріспе 6
1-бӨлім БАНК МЕКЕМЕСІНДЕГІ КАССАЛЫҚ жұмысты ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ 8
1.1. Банк мекемесінде кассалық жұмысты ұйымдастыру, ақша қаржылары мен
құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалардың жауаптылығы 8
1.2. Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі 9
1.3. Есеп айырысу формалары мен құралдары 11
1.4. Ақша мен касса тексеруі, оның қорытындысын безендіру 12
1.5. Банктік шотты ашуды ұйымдастыру және жабу тәртібі 14
2-тарау. Ақша құндылықтармен есеп айыру операцияларының есебі 17
2.1. Ақша қаржылары мен құндылықтарды қабылдау жене беру тәртібі, банктің
кассасындағы нақты ақшаларды беру есебі 17
2.2. Кешкі касса жұмысын ұйымдастыру және түсімді инкассациялау 20
2.3. Кассалық операциялардың есебі, реттеу тәртібі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛЄАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
Кіріспе
Қазіргі кезде, нарықтық экономика шартында нақтылық, сенімділік және
қаржылық ақпараттарды бухгалтерлік есепте біркелкі безендіру және банктерде
есеп беру маңызды орын алады.
Екінші деңгейлі банктердің орындайтын операцияларының түрлерінің
бірі болып кассалық операциялар табылады: банкнот пен монеталарды,
құндылықтарды қабылдау, айырбастау, қайта санау, сондай-ақ оларды
инкассациялау.
Барлық коммерциялық банктер клиенттерге кассалақ қызмет көрсету
бойынша нақты ақшамен операцияларды лицензия негізінде жүзеге асырады.
Бұл курстық жұмыстың маңыздылығы – банк қызметіндегі есеп - кассалық
операциялардың алатын орны, ролі өте жоғары. Кез-келген операциялар ксса
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, несиелік операциялардың жүзеге асырылуында
касса арқылы жүргізіледі, яғни нақты ақшамен беріледі. Депозиттік
операциялар бойынша клиенттердің салымдары, яғни нақты ақшалар ең алдымен
кассаға түседі.
Қазіргі кезде банктердің клиенттерге есеп – кассалық қызмет көрсетуден
түскен кірістері ағымды жылда өткен жылдарға қарағанда, болжам бойынша,
37800 мың теңге болған. Банктің есеп айыру – кассалық операциялары екі
формада жүзеге асады: қолма-қол мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен
төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды. Мұнда нақты ақшаларға
келесілер жатады: банкноталар және монеталар.
Қолма-қолсыз ақшалар чектер, пластикалық карточкалар, электрондық
аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттарындағы сақтаған
ақшалары (депозиттер). Есеп айыру операцияларының басым бөлігі қолма-
қолсыз түрде жүреді.
Курстық жұмыстың мақсаты – осы есеп – кассалық жүргізілуі мен
орындалуының маңыздылығын зерттеп, талдау; есеп – кассалық операциялардың
қажеттілігін ашу.
Әдістемелік негіздері – осы курстық жұмыстың орындалуында есеп
айыруды ұйымдастыратын және ақша жүйелерін құқықтық реттейтін Қазақстан
Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
қаулылары мен ережелері, нұсқаулары және актілері, статистикалық
ақпараттар, оқу құралдарын пайдалану негізіне сүйенеді.
Бұл курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады:
І- бөлім “Банк мекемесінде кассалық жұмысты ұйымдастыру тәртібі”
ІІ- бөлім “Ақша құндылықтарымен есеп айыру операцияларының есебі”.
І-бөлімде кешкі касса жұмысын ұйымдастыру және түсімді
инкассациялау тәртібі; ақша мен касса тексеруі; есеп айыру – кассалық
операциялары; есеп айыру формаларының теориялық негіздері қарастырылған.
ІІ- бөлімде ақша құндылықтарын касса қабылдау және кассадағы нақты
ақшаларды беру есебі және есеп – кассалық операцияларының есебі
қарастырылған.
1-бӨлім БАНК МЕКЕМЕСІНДЕГІ КАССАЛЫҚ жұмысты ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалардың жауаптылығы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы"
заңына байланысты, екінші деңгейлі банктерден алынған өтінішке сәйкес
уақытылы нақты ақша түсімдерін және ақша көлемін бекітуді қамтамасыз ететін
бірыңғай кассалық орталық қызметі Ұлттық Банктің басқармасына жүктелген.
Кассалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы мен есептің дұрыс жүргізілуі
және уақытылы есеп беруді жүзеге асыру үшін үш материалды жауапты тұлғаға
жауаптылық бекітілген:
1. Банк басшысы
2. Бас бухгалтер
3. Касса меңгерушісі.
Кассалық операциялар бойынша жұмыс кассалық жоспарға сәйкес
ұйымдастырылады және операциялық бөлім қызметкеріне кассалық жоспар
символдары бойынша қаржының мақсатты қолданылуының есебі жүктелген.
Кассалық операция жұмысымен кассир айналысады. Ол банк алдында енгізілген
ақша және құндылықтардың сақталуы үшін материалды жауапты тұлға болып
саналады. Кассир және инкассатор қызметкерлеріне мыналар рұқсат етілмейді:
1. Құндылықтармен орындалатын жұмысты басқа адамдарға тапсыруға және өз
міндетіне кірмейтін жұмыспен айналысуға;
2. Банктегі шоттары бойынша тікелей нақты ақшаны алу және салу бойынша,
кәсіпорынның ұйымның, мекеменің, азаматтардың тапсырысын орындауға, сондай-
ақ олардан бухгалтерлік қызметкерлерді ескертпей тікелей ақшаларды алуға
және салуға, құжаттарды қабылдауға;
3. өз ақшалары мен құндылықтарын банк ақшасымен, құндылықтарымен бірге
сақтауға.
Әрбір кассирге жеке іс жүргізіледі, онда жүмысқа қабылдау туралы
бұйрықтың көшірмесі, материалды жауаптылық туралы міндеттеме, тұрғылықты
жері туралы мәліметтер, соңғы жұмыс орнынан алынған мәліметтер, суреті
(фотосы) сақталынады.
Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін:
1. Кіріс кассасы
2. Шығыс кассасы
3. Кешкі касса
4. Қайта есептеу кассасы
5. Айырбас кассасы
6. Кітапша беру бойынша кассалар.
Кассирдің жұмыс орны міндетті түрде сейф, есептеу техникасымен, бір-
бірінен алыстатылған арнайы үстелдермен жабдықталуы керек.
Әрбір банк мекемесінде кассадан тыс басқа да қоймалар болады, онда
міндетті түрде сақталуда болатындар:
1. Операциялық күннің соңындағы ақша қалдығы
2. Шетел валютасы. Құнды металдар
3. Ағымды жылдағы кассалық құжаттар
4. Баланс, жылдық есеп беру формалары
5. Ұзақ мерзімді несие бойынша міндеттемелер
6. Қатаң есеп беру бланкілері.
1.2. Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық
операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
- банктік шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы
аударым операциялары;
- төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивін беру;
- шоттан қолма-қол ақша беру;
- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды
инкассациялау;
- құндылықтарды жеткізіп беру.
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдас-тырушылар болып
табылады.
Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
- банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер
арқылы есеп айырысулар;
- жеке сектор — үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулары;
- банктік сектор — банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
- тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
- банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша
төлемдер.
Есеп айырысу аумағына қарай:
I. Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:
- бір қаланың ішінде;
- қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.
II. Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстык) төлемдер;
- мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір
уақыттан кейінгі төлемдер;
- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз
телемдер;
- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін
ұзарту жолымен;
- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
- пошта байланысы арқылы;
- телеграф-телетайп байланысы арқылы;
- телефон байланысы арқылы;
- электрондық байланыстар арқылы
- СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі
арқылы.
Есеп айырысу формаларына қарай:
I. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:
- кредиттік;
- дебеттік;
- ашық шот арқылы;
- аккредитив;
- инкассо.
II. Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы;
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
- толық есеп айырысулар;
- жартылай есеп айырысу;
- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп
айырысулар.
Есеп айырысу құралдарына қарай:
I. Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:
- төлем тапсырмасымен.
II. Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:
- төлем талап-тапсырмасы;
- чек;
- вексель;
- инкассалық өкімдер;
IІІ. Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде
кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар,
банктік аударымдар және т.б.
Есеп айырысу шамасына қарай:
- ірі төлемдер;
- ұсақ төлемдер.
Есеп айырысу кезектілігіне қарай:
1) жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с төлемдер;
2) материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
3) несиелер үшін төлемдер;
4) сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.
1.3. Есеп айырысу формалары мен құралдары
Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады:
қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалар-мен есеп айырысу.
Қолма-қол aқшалармен есеп айырысулар - бұл нақты ақшалармен төлемдер
және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол
ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар кемегімен іске
асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар -клиенттердің банкте ашқан
шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа
аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар,
электрондық aударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы;
- банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;
- банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа
ұйымдармен есеп айырысулары;
- клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;
- банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;
- ҰБ-пен кассалық операциялар;
- берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;
- депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;
- банктің өзінің бюджетке төлемдері (салық);
- банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар т.б. жатады.
1.4. Ақша мен касса тексеруі, оның қорытындысын безендіру
Ақша мен құндылықтардың сақталуын бақылау мақсатында әрбір банк
мекемесінде кассаның және қойманың тексеруі жүргізіледі.
Тексеру міндетті тәртіпте және кенеттен жүргізілуі мүмкін. Міндетті
тексеру тоқсанда бір рет, бірінші қаңтарға белгіленген және материалды
жауапты тұлганың ауысуы кезінде жүргізіледі. Кенеттен тексерулер шаруашылық
ұйымның талабы бойынша, банк басшысының шешімі бойынша және жоғары тұрған
мекеменің белгілеуі бойынша жүргізіледі.
Тексеруді банк басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді
және тексеру материалды жауапты тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Тексеру
қорытындысы актпен толтырылады және жоғары тұрған мекемеге жылдық есеппен
бірге ұсынылады. Онда комиссия мүшелері мен материалды жауапты тұлғалардың
қолдары қойылуы тиіс.
Егер міндетті тексеру кезінде есеп берілгендерінде ешқандай қателіктер
табылмаса, онда акт құрылмайды. Тексерудің жүргізілгендігі туралы қойма
кітабында белгі қойылады. Егер тексеру қорытындысында, есеп берілгендерінде
қателіктер табылса, онда оның реттелу уақыты мен қорытындысына тәуелсіз
сома есепте бейнеленуі тиіс. Нақты ақша жетіспеушілігі кінәлі түлғаға
жіберіледі және касса бойынша нақты ақша қалдығы азаяды. Кінәлі түлғаға
1860 шот ашылған, егер сол күні жетіспеушілік жабылмаса, міндеттеме сомасы
кассирдің жеке ісінде сақталады:
Дт-1860
Кт-1001.
Кінәлі тұлғадан міндеттеме алынады, онда қарыздың қандай жолмен және
қандай мерзімде қайтарылатыны көрсетілуі керек. Жетіспеушілік сомасы кінәлі
тұлғаның депозитінен, жалақысынан ұсталынуы немесе нақты ақшамен құйылуы
мүмкін. Жетіспеушілікті толтыруға ақша түскенде:
Дт-1001, 2211, 1854 "Банк кызметкерлерімен есеп айыру".
Кт-1860.
Егер тексеру қорытындысында акша артығы жабылса, онда касса бойынша
кірістеледі және банк кірісіне есептеледі:
Дт-1001
Кт-4920 "Басқа да кірістер"
Ақша құндылықтарымен қатар құжаттар мен әр түрлі құндылықтардың
нақты қалдығы тексеріледі. Есеп берілгендерімен сәйкессіздігі баланстан тыс
кіріс немесе шығыс ордерлері бойынша, қайтару немесе кіріске алу тәртібімен
реттеледі. Ұлттық Банк мекемесінде табылған артықшылық сомасы банк
бөлімшесі кассасына кірістеледі және ҮІІ кластың кіріс шоттары бойынша
есепке алынады:
Дт-10100, 10200
Кт-70900 "Қайта санау кезіндегі артықшылықтан кірістер".
Егер Ұлттық Банк бөлімшесін тексеру кезінде жетіспеушілік табылса және
кассир кінәсі анықталса, онда соманы қайтару мерзімі мен сома көлеміне
қарамастан, 27711 "Басқа да дебиторлармен операциялар бойынша анықталмаған
сомалар" шоты бойынша, кінәлі тұлғаға қойылады:
Дт-27710
Кт-10100, 10200
Егер кассир кінәсі анықталмаса, онда жетіспеушілік сомасы себептер
анықталғанға дейін, келесі шоттарға қойылады:
19611 -"Касса жетіспеушілігінен анықталған сомалар".
19612 -"Кассадағы төлемге жарамайтын және жалған банкноталар есебінен
анықталған сомалар".
19613 -"Кассадағы жымкыру мен жетіспеушіліктен болған сомалар".
Дт-19611, 19612, 19613
Кт-10100, 10200
Ұлттық Банк бөлімшесі жетіспеушілік сомасын банк шығынына қайтару
туралы хат-өтініш (ходатайство) жазып, Ұлттық Банктің орталық аппаратына
жібереді.
Ұлттық Банктен банк шығынына қайтару туралы рұқсат алған соң,
төмендегідей өткізбелер құрылады. Қабылданған төлемге жарамайтын жалған
банкноталар сомасына:
Дт-90600 "Қабылданған төлемге жарамайтын жалған банкноталар бойынша
шығындар".
Кт-19612.
Аныкталған жетіспеушілік сомасына:
Дт-90700 "Кассада аньщталған жетіспеушілік сомасына"
Кт-19611.
Банкноталардың жымқырылған жөне жетіспеген сомасына:
Дт-90800 "Жымқырылған сомаға". Кт-19613.
1.5. Банктік шотты ашуды ұйымдастыру және жабу тәртібі
Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі
ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998
жылғы 29 маусымдағы Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы ҚР заңына және
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан
Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу
және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулыкта көзделген. Осы нұсқаулыққа сай
банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымды, жинақ және
корреспонденттік.
Клиенттердің меншікті қаржыларын сақтауы мен есебі үшін оларға ағымды
шот ашылады. Ағымды шот- бұл заңды және жеке тұлғалардың банктік шоты.
Банктік шоттар теңгеде, сондай-ақ шетел валюталарында ашылып, жүргізіледі.
Банктік шотты ашу және жүргізу банк пен клиент арасында жасалған келісімге
негізделеді. Келісімде көрсетілетін шарттар мыналар:
- клиенттердің нақты ақшасын сақтауға және клиенттердің кез-
келген уақытта қаржысын қолдануына еркі бар екендігіне банктің
кепіл беруі;
- шот иесінің есебіне ақша сомасын қабылдау (қосу);
- шот иесінің тапсырысы бойынша немесе үшінші тұлғаның бұйрығы
бойынша шоттан ақша сомасын босату (өшіру);
Жоғарыдағы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктерде шот ашуға мынадай құжаттар талап етіледі:
I. Резидент-заңды тұлғалар үшін:
-Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
- Статистикалық карточка;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
-СТТН көшірмесі;
-Филиалдар мен өкілеттік үшін резидент-заңды тұлғаның олардың
басшыларына берген сенімхаттың көшірмесі;
-Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР
Қаржы Министрлігінен рұқсат қағаз;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған,
3 данада);
- Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл
құжаттары мен СТТН;
- Банктік шот ашу туралы етініш;
Банктік шот туралы келісімшарт.
ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін;
- Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік
туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

- СТТН көшірмесі;
- Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенімхаттың көшірмесі;
- Қол қою және мер басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған). 3 дана;
- Жеке куәлігі (кешірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісім шарт.
ІІІ. Шаруа (фермер) шаруашылығы:

- Жерді пайдалануға жер бөлімшесіне беру туралы құжаттың көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);

- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісім шарт.
ІV. Жеке кәсіпкерлер үшін
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған). 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісім шарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін;
- ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын
растайтын құжаттың көшірмесі;

VІ. Жеке тұлғалар үшін:

Шот ашу үшін клиенттің әкелген құжаттары банкте әрбір шот иесі бойынша
құжатқа тігіліп, келісімнің түпнұсқасымен сақталады. Заңды және жеке
тұлғалар барлық кредитор банктің міндетті жазбаша хабарламасымен бірнеше
банктерде шот аша алады. Банк клиентке шот ашқаннан кейінгі он күн ішінде
салық мекемесін хабардар етуі тиіс.
Банктік шоттар бойынша, кіріс операцияларынан басқа операцияларды
тоқтату немесе шот иесінің ақшалары тұтқындау, құқы бар өкілетті
мекемелердің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
жүргізіледі.
Банктік шоттардың жабылуы, клиентпен жасалған банктік шот туралы
келісім шарттың қызмет етуінің тоқталуына байланысты жүргізіледі. Заңды
тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы кезіндегі шоттың жабылуы
мемлекеттік тіркеуге сәйкес жазбаларды енгізгеннен кейін жүргізіледі. Шот
иесінің іс-құжатында шоттың жабылу себептері көрсетілуі қажет. Банктік
шотты жабу кезінде шот иесінің жеке идентификациялық коды жойылады.
Жабылатын шот бойынша орындалмаған талаптар болса, шотты жабуға тыйым
салынады. Бірақ заңды тулғаның таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына
байланысты немесе заңды тұлғаның 1 жылдан аса, ал жеке тұлғаның 3 жылдан
аса мерзім ішінде шотының қозғалыссыз болуына байланысты жүргізіледі. Шот
жабылғаннан кейін банк 3 күн ішінде жазбаша түрде, салық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz