Ипотекалық несиенің мәні және қажеттілігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

І-бөлім. Ипотека - несиенің саясат ретінде жалпы мағынасы3

1. 1 Ипотекалық несиенің мәні және қажеттілігі3

1. 2 Несиенің құрылымы6

1. 3 Несиенің түрлері7

ІІ-бөлім. Ипотекалық несиелеу - Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді несие11

2. 1 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің дамуы11

2. 2 Ипотекалық несие нарығы - жылжымайтын мүлікті инвестициялау14

2. 3 Ипотекалық несиелеудің тиімділігі және шетел тәжірибесіндегі ипотека17

ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеуді дамыту жолдары21

Қорытынды24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі26

Кіріспе

Ипотека деген термин ең алғаш рет біздің эрамызға дейінгі І-ІІ ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгі Грецияда біздің эрамызға дейінгі ХІV ғасырларда пайда болды. Ипотека термині (hyrotheke) - кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деген мағынаны білдіреді.

Ипотекалық несие дегеніміз- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. сс) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудің бір түрі болып табылады. Ипотекалық несиенің экономикалық мағынасы жағынан - бұл банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуан түрлілігі болып табылады. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, ипотека дегеніміз - бұл қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегі, , Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ипотекалық несие дегеніміз- кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі. Жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтірусіз мүмкін болмайтын объектілер.

Ұлы ғалым Д. М. Кейнстің пікірінше:, , Жинақтар нарықтық пайыздық мөлшерлеме деңгейінің қызметі емес, жинақ деңгейі субъектілер табысының деңгейіне байланысты болып келеді. Қарыз алушылар арасында бәсеке туғызу мақсаты бір-бірінен өзгеше ипотекалық типтерді ерекшелейді. Ондай ерекшеліктерге мыналар жатады:

- ипотекалық несиелеу мерзімінің ұзақтығы; -- берешекті қайтару мен пайыздарды төлеу тәртібі, негізгі берешектердің қайтарымы мен пайыздарды төлеудің қабылданған кестесіне байланысты ипотекалық несиелер екі базалық типке шоғырланады:

1) пайыздарды да, несиенің негізгі сомасын да бірден толықтай төлеу;

2) берешекті кезең-кезеңімен бөлшектеп төлеу.

Экономикалық тілде ипотекалық несие дегеніміз- тұрғын үй сатып алуға, жаңа үй салуға немесе үйді жөндеуге, сол үйді кепілге қоя отырып, банктер беретін несиелік қаржы.

Ипотекалық несиенің арқасында нарық субъектілері қосымша инвестициялық серпіліс алады, сұраныс өсе бастағандықтан құрылыс компаниялары тұрғын үй құрылысын өрістете түседі, банктер табыс келтіру үшін ақша-қаражатын көбірек бөледі.

Ипотекалық несиелеудің басты мақсаты - халықтың өзінің және несие қаржысы есебінен еркін нарықта дайын тұрғын үй сатып алуына жәрдемдесу болып табылады. Тұрғын үй ипотеклық несиесі - бұл банктердің клиентке тұрғын үй сатып алуға арнап беретін ақшалай қаражаты.

І-бөлім. Ипотека - несиенің саясат ретінде жалпы мағынасы

1. 1 Ипотекалық несиенің мәні және қажеттілігі

Ипотека термині көбіне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерінде көп дамыған. Мысалы, Ұлыбританияда ипотекалыұ несиелер көлемі жылдық ЖІӨ-нің 60%-ын, Германияда ЖІӨ-нің 50%-дан астамын құрайды.

Ипотекалық несиенің қағидалары:

- меншік құқығын шектеу шартында борышқордың қолында мүліктің қалуы;

- кепіл үлесінің түрінде ссудалар мөлшерінің анықталуы;

- мүлікті үстеме ипотекалық ссудаға кепілге алу;

- сақтандыру есебі бойынша несие беру.

Әр жеке тұлға алдын-ала төлем қабілетін тексеруден өткен жағдайда оған мынадай жеңілдіктер жасалады:

- Егер де несиегер алғашқы жарнаны салмау мақсатында қосымша жылжымайтын мүлікті өткізген жағдайда, ипотекалық тұрғын үйге несие алудың алғашқы жарнасы болмаған жағдайда несие алу мүмкіндігі;

- Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған жағдайда, 85%-ға дейінгі мөлшерде несие алу мүмкіндігі берілуі;

- Егер де, , Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры АҚ-мен сақтандыру шартын жасаған жағдайда, алатын үйдің құнының 90%-ға дейінгі мөлшерде несие алу мүмкіндігі берілуі;

- Егер де несиегердің табысы жетпеген жағдайда қосымша несиегерді немесе кепілшіні, жеке тұлға әрі заңды тұлға ретінде де тарту мүмкіндігі беріледі.

Халықты тқрғын үймен қамтамасыз етуде ипотекалық маңызды рөл атқарады. Кейінгі кезде бұған біздің елімізде де көбірек назар аударыла бастады. Үкімет 2000 жылғы тамызда республикада тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту тұжырымдамасын бекітті. Сондай-ақ Ұлттық банк құрған, , Қазақстан Ипотекалық Компаниясы АҚ 2001 жылғы шілдеден бастап Астана және Алматы қалаларында ипотекалық несиелеу жөніндегі алғашқы пилоттық жобаны іске асырды. Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру мен құрудың өтпелі жағдайда қаржыландыру схемалары халықтың белгілі бір бөлігінің тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдемдесе алады.

Республика азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде тек қана несиенің жылдам және төмен пайыздық өсіммен берілуіне иек артып қоймай, нарықтық базадағы жаңа нұсқаларын немесе қор биржасында ипотекалық құнды қағаздар шығару жолдарын іздестірудің Қазақстан экономикасының болашағы үшін өлшеусіз маңызы бар.

Қазіргі заманғы мемлекеттік тұрғын үй саясаты тұрғын үй мәселесін шешуде жұмыс істейтін халықтың орташа табысы және өзінің жинақ қаражаты бар негізгі бөлігіне арналып ыңғайлануы тиіс. Ипотекалық несиелеу жүйесін құру халықтың тұрғын жағдайын жақсартуға байланысты маңызды әлеуметтік мәселені шешуді күрт жеделдетіп қана қоймай, тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу арқылы елдегі жалпы макроэкономикалық ахуалға оңды ықпал етіп, экономикалық өрлеуге серпін берілуіне жәрдемдеседі. Сөйтіп еліміз экономикасысының өзге салалары үшін өзіндік бір, , локомотив” бола алады. Сондықтан да бүгінгі таңдағы басты мақсат - табысы орташа азаматтарды құны қол жетерліктей тұрғын үймен қамтамасыз етудің қалыпты жүйесін құру болып табылады.

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылымы өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің мәселесімен шұғылданып келеді. Ал қазіргі нарық кезеңінде несиеге экономикалық санат ретінде аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, содан несие төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.

Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды.

Несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.

Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастардың пайда болып және өркендетілуінің нақты экономикалық негізін капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.

Өндіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады.

Айналымның бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал-жабдықтары сатылып алынады.

Екінші сатыда адамның өндіріс құрал-жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш құралдың құнына адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.

Үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан өзінің бастапқы нысаны - ақша нысанына ауысады, тек бұрынғыдан өскен мөлшерде.

Әрбір шаруашылықта уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама-қайшылықтар туып тұрады. Осындай қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін пайдаланатын экономикалық құрал несие болып табылады. Ол үшін барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің, бюджеттің, жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын банк есеп шоттарына шоғырландырылады, ал банктер осы ақшаларды пайдаланып, уақытша қосымша қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілеріне, жеке тұлғаларға және керек болған кезде басқа елдің фирмаларына қайтарымдық және ақылылық негізде несие береді.

Несиенің ішкі мазмұнын түсіну үшін оның негізін ашып алуымыз керек. Қазіргі экономикалық шығармаларда несиенің негізі әр түрлі түсіндіріледі.

Біздің ойымызша, оның ішіндегі ең жарамдысы, несиенің негізі тауарлы өндіріс, анығырақ айтқанда, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы деген пікір. Кейбіреулер несиенің негізі деп оның, , қайтарымдылығы” мен, , ақылылығын” келтіреді. Мұндай пікір де шындыққа жақын. Бірақ бұлар несиенің тек жеке қасиеттерін ғана қамтиды. Сондықтан оларға сүйеніп, несиенің шын мазмұнын анықтауға болмайды.

Несиенің мазмұнын анықтағанда оның әлеуметтік, экономикалық жағын да ұмытпаған жөн. Өйткені, несиенің өзі қағамдық қажеттіліктің туындысы болып табылады. Қоғам қандай экономикалық формацияда болса да, несие соның мақсатына қызмет атқаруға тиіс.

Осының бәрін қорытындылай келіп, несиені экономикалық санат ретінде, , құнның қайтарымдылығы мен ақылылығы негізінде қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге лайықты қозғалыс” - деген жөн. Осындай анықтамада несиенің құнның ауыспалы айналымынан шығатындығы да, оның кейбір мағыналы қасиеттері де, әлеуметтік-экономикалық жағы да қамтылады.

Несиенің қажеттілігі мен оның мазмұнын сипаттай келіп, оның ақшадан қандай айырмашылығы бар екенін де айта кету жөн. Өйткені, несиеге ақшалай қаражат беріледі, сондықтан осы екі ұғымның бір-біріне ұқсастығы көзге түседі. Бірақ, олар әр түрлі экономикалық санат және олардың құратын экономикалық қарым-қатынастары да әр түрлі. Мысалы, ақшалық қарым-қатынас сатушы мен сатып алушының арасында қалыптасады. Сонымен қатар, құнның екі нысаны бір-біріне қарсы қозғалады: тауар сатып алушыға ауысады, ақша сатушыға ауысады. Несиелік қарым-қатынаста іске басқа субъектілер қатынасады: несие беруші және несие алушы. Олардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастар да өзгеше, яғни несиелік. Бұл қатынаста құнның бір-ақ түрі, бір бағытқа қозғалыс жасайды, яғни несие берген кезде, ол несие алушыға ауысады, ал мезгілі келіп несиені қайтарғанда - қайтадан өзінің иесіне ауысады.

Ақша мен несиенің тағы бір айырмашылығы, олардың тұтыну құнына байланысты. Біздің білетініміздей, ақшаның тұтыну құны оның кез-келген басқа өнімге айналу мүмкіншілігінде болса, несиенің тұтыну құны несие беруші мен алушының қажеттіліктерін қанағаттандыруда.

Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады, ал ақшалай қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асырылады.

Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, несие деген сөздің орысшасы, , кредит’’, латынның, , credere’’ деген сөзінен шыққан. Оны егер орысшаға аударса, , верить” деген сөз, яғни сену. Бірақ мәселені бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді. Несие алу үшін алдымен оның дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек. Әрине, банктер кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым-қатынастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие кепілдемесіз берілуі мүмкін. Ондай несие, , сенім несиесі” деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатынастың жетілмеген кезеңінде.

Сондықтан несиелік қатынаста, , сенім” деген түсінік тек тапсырылған құжаттарға сенуге болады деген сөз.

1. 2 Несиенің құрылымы

Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйесінің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады.

Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тқрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.

Кредитор- несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарда сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады.

Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредитордың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

Қарыз алушы - несиелік қатынастардың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес.

Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.

Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттың иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады, өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.

Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.

Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған кезде қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек.

Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді.

Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттерін орындауға мәжбүр етеді.

Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтың бірлігі сипатында болады.

Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы анағұрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құныны ие.

1. 3 Несиенің түрлері

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма қандай да бір объектілерге тін тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі.

Экономикалық әдебиетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық жатқызылады.

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы біріккен, ал оның мақсаты- тауарларды өткізуді жылдамдату. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткен соң, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді.

Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады.

Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорынның экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.

Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ жоғары деңгейде белгіленеді.

Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулілігі, өлшемдері, тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады.

Банктік несие - бұл банктің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген бағытта қозғала алады.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың басқа салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушының құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа қарыз алушылар- несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктің ресурстары емес, несиеге деген сұраныс болып табылады.

Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады.

Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті- тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан- тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттілігіне сұранысты күшейтеді.

Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды т. б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады.

Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен рөл атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан - қарызға алушының несиені алуы
Несие формалары және түрлері
Несиенің қажеттілігі және мәні
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері және Қазақстандағы несиенің даму тенденциясы
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
Несие туралы жалпы ұғым
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Несиенің формалары және түрлері
Несие қатнастарының заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz