Қан - қарызға алушының несиені алуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

Есеп және қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Ақша, несие, банктер

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ипотекалық

несиелеу

Орындаған: Нұртаева Е. Н.

Қаржы 211 топ студенті.

Қорғауға жіберілген бағаға қорғалған

«___»200_ж. Коммисия мүшелері:

Ғылыми жетекші: Бастаубаев А. Қ.

оқытушы

(қолы)

Талдықорған 2006 ж.

Мазмұны

Кіріспе- 3 -

І. НЕСИЕНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ- 4 -

1. 1 Несиенің мәні, мазмұны- 4 -

1. 2 Несиенің атқаратын қызметтері және қажеттілігі- 8 -

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ- 16 -

2. 1 Қазақстан Республикасының несие түрлері- 16 -

2. 2 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің дамуы- 21 -

2. 3 Қалыптасу ерекшелігі- 26 -

Қорытынды- 30 -

Қолданылған әдебиеттер тізімі- 32 -

Кіріспе

Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруде қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады. Бұл үдіріс, қарыз берушімен қарыз алушыдан басқа, құрылыс салу және сақтандыру компанияларын, риэлторлық кеңселерді, инвесторларды қамтиды. Ипотекалық несиенің арқасында нарық субъектілері қосымша инвестициялық серпіліс алады, сұраныс өсе бастағандықтан құрылыс компаниялары тұрғын үй құрылысын өсіре түседі. Меншік құқықтарын, соның ішінде жылжымайтын мүлікке берілген меншік құқығын қорғауға «қабілетті» заңдардың болуы, ипотекалық несиенің дамуына қажетті құқықтық ортаның қалыптасуы айрықша маңызды.

Қазіргі кезеңде қаржы нарығындағы өзекті мәселе ретінде коммерциялық банктерден тұрғын үй сатып алуды несиелеудің преспективасы мен проблемалары қарастырылып отырған жағдайы бар. Оңтайлы экономикалық жағдайдың туындауымен бәсекелестіктің жоғары деңгейлі тұрғын үй алуға ипотекалық несиенің қажеттілігін туындата отырып, оның тез дамуына әкеледі.

Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады. Бұл арада мемлекет халықтың қамтамасыздандырылу деңгейі төмен тобының «әлеуметтік» тұрғын үй құрылысын салуына және сатып алуына әр түрлі әдістермен жәрдем көрсетіп, олардың меншік құқығына ие болуын ынталандырады.

Тұрғын үй салуға ең бір негізгі қаржыландыру көзі ретінде мемлекет қатысады, ол әлемдік практикада тұрғын үй салуға қаржыландыруға ыңғайлы талаптар қоюдан алдыңғы ролді алады. Тұрғын үй салуға, қаржыландыруға тікелей бюджеттік қаржыландыруы негізгі көзі болып табылады. Жалпы, осы жоғарыда айтылғандар тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - екінші деңгейлі банктер мен бірдей деңгейде ипотекалық несие беру емес, екінші қайталама ипотекалық нарықты қалыптастыру және реттеу жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті - қаржы рыногында «несие алу» жолымен ипотекалық несие берген екінші деңгейдегі банктердің қайта қаржыландыруы, сондай-ақ ипотекалық облигациялар шығару және тарту арқылы ипотекалық рынокқа тартуды жүзеге асыру жүйелерін қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-ші бөлімде несиенің мәні, мазмұны және оның негізгі қызметтері қарастырылған.

ІІ-ші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің даму ерекшелігінің жағдайы ашылған.

І. НЕСИЕНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Несиенің мәні, мазмұны

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс стаыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несие өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәиіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) таратылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғанда қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несе берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояады. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндентті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушалары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделеріде бөлек, несие беруші неғұрым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрлымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.

Несиенің құрылымы

Несиеленген құн ұдайы өдіріс процессін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса несиенің қайтарылымдығы қамтамасыз етілдеді. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Несиенің қарастырылған құндылығы оның біртұтастығын анықтайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

Н о - Қ ан - Н п . . . Р б . . . Н қ . . . - Б қ,

мұндағы:

Н о - несие орналастыру;

Қ ан - қарызға алушының несиені алуы;

Н п - несиенің пайдаланылуы;

Р б - ресурстарды босату;

Н қ - несиенің қайтарылуы;

Б қ, - банктің аталмыш қарызды алуы.

Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) О н - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы, яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу (Қ ан ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастардың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану (Н п ) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Б р ) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актсін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдалану процессін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (Н қ ) уақытша пайдаланған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Н п ) несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Н қ ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) (Қ ан ) сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларда сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып табылатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн [1. 108-114 бб. ] .

Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О. И. Лаврушкин оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкідік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.

Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігі.

Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен, пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал- өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.

Несие - кеңейтілен қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдыруын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.

Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажатті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несиеге беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.

Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттгін көрсетеді.

Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайзды көбейтілген түрде неисені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын эконмикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіренді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

Бұл принциптің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы прициптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады[2. 72-73 бб. ] .

1. 2 Несиенің атқаратын қызметтері және қажеттілігі

Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуы да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.

Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов несиені ұлттық табысты (несиеден қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категорясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несинеің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәнін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екнедігін көрсетеді.

Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлу мен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды айтады. Ал, жекеленген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т. б. деп түсіндіріледі.

Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол - ақша, қаржысы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.

Өндірістік қорлар айналымының жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән - бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдарының құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.

Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.

Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қолдағы экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.

Айналымның жаңа түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбек ақы, бюджет, табыс т. б. құндылық категорияларына да тән.

Көптеген пікірлердің орын алып отырғанынына қарамастан, несиенің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп көрсетуге болады. Олар - қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі. Несие қайта бөлу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға (шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын (ақша капиталдар мен табыстар) несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы несие механизімі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде несиеге айналады. Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал аз табыс әкелінетін саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғары дәрежеде табыс әкелетін салаларда жұмсалынады. Оны салаларда шоғырлану жүзеге асырылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірісті тепе-теңдіктер, капиталдар мен экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.

Мәселенің мәнісі өндіріс құралдары ретіндегі (машиналар, жабдықтар, шикізаттар мен материалдар) капитал физикалық түрде бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. Бұл процес ақша капиталының қозғалыс жағдайында жүзеге асыратындықтан, несие нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаға ауысып құйылуы үшін икемді механизім ретінде керек және табыс нолрмаларын теңестіру қызметі арқылы несие капиталдың өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде бекуін қамтамасыз етеді.

Құндылықтың несие арқылы қайта бөлінуі - салалық, сала аралық, аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондықтан ол қайта оралу жағдайында бөлінеді. Осы ретте қайта бөлудің қашама түрлері болғанымен, меншік иесі ауыстырылмай, ол несие берушінің қолында қала береді.

Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялы түрде реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда экономиканың тепе-теңдігінде күшейтіп жібере алады. Нақты айтар болсақ, 1993-1996 жылдары капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына ауысуы орын алды да, өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни несие бұл жылдары сауда-делдалдық салаға ауысып кетті, нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалып қойды. Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Займдар бойынша шығындар
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі
Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы
Займдар –экономикалық категория ретінде
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында
Несие үшін төлем
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz