Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие
Жоспар
Кіріспе 2
1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері 4
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері 4
1.2 Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен
әдістері 9
2. Несиелеуді ұйымдастыру жолдары 13
2.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру 13
2.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі 15
3. Қазақстан теміржолының сипаттаасы және бекеттерді, стансаларды, топтарды
жобалау негіздері 18
3.1 Қазақстан теміржолының жалпы сипаттамасы 18
3.2 Теміржол көлігі жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштері. 21
3.3 Теміржолды жобалаудың жағдайы мен мәліметтері 23
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен,
жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық
байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені,
біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи
байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту
бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар
бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа
бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. Тұрмыс – ақшаға тәуелді
дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені
мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі
табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы
экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз
етуде.
Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші халықтың жинақ ақшасы деп
өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін
орнамағанына еріксіз мойын.
Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын
экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау
қажет.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне
байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы
шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық
шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық
завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды
қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі
инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу
үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. Несие алып
өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда келтіріп қоймай,
мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады.
Қазір Қазақстан Республикасының экономикасының негізін кіші, орта
және ірі кәсіпорындар құрап тұр. Сондықтан бұндай кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын кәсіпкерлерге жағдай жасаудың бір жолы оларды ақша-
қаражаттармен қамтамасыз ету. Несиелеу мәселесі қазіргі кезде алғашқы
ағымдарда Президентіміздің 19-шы наурызда халыққа жолдаған жодауында бұл
мәселе негізгілердің бірі болып табылады. Негізінен ипотекалық несие туралы
сөз қозғалғанымен мемлекетіміздің несиелік механизмінің дамуына үлкен
үлесін қосып отыр. Кәсіпкерлік қызметте несие алудың, неиелеуді
ұйымдастырудың қаншалықты қиын екені келесі тарауларда қарастырамыз.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ─ Қазақстан
Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды талдау.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметте несиелеу қандай деңгейде жүргізіледі
және несиелеу барысында қандай мәселелер тууын талдау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде несиелеудің теориялық жақтары,
қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде
кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорындағы несиелеуді
ұйымдастыруы және несие қабілеттілігі. Үшінші бөлімінде несиелеуді
ұйымдастырудың жетілдіру жолдары қарастырылған.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі Алматы Құс ААҚ-ы болып
отыр. Курстық жұмыста осы кәсіпорынның да мәліметтері пайдаланылады.
1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері
Несие ─ нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сфераларын емес, олардың
айырбас сфераларын іздеу қажет. Тауар айырбастау ─ бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді, және де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Несие ─ бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарыз) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып,несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстаушы экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар. Несие ─ бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда ─ бұл
ссудалық шот алумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие ─ кәсіпорындар, ұйымдар мен
бірлестіктер, сонымен қатар халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарды үнемдей;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдық шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, т.б.
Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты болып келеді.
Несиенің формасы ─ бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені –
банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде
қолдануынан туындайды.
Коммерциялық несие ─ бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді. Комморциялық несие вексель айналысының пайда
болуына себеп болған, экономикада несиелік қатынастардың алғашқы формасы.
Несиенің бұл формасының негізгі мақсаты ─ тауарды өту процесінің жеделдету,
сонымен бірге одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынандай:
• Қарыз беруші ретінде банктік мекемелер емес, яғни тауарды
немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола
алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында бұл несие үшін төленетін ақы
тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие ─ бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несие. Бұл экономикада кеңінен таралған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынасың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк немесе арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.мұнда
қарыз берушінің басты мақсаты ─ пайыз түрінде табыс алу.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді,
олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категориясына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
• Мақсатты қорларға
• Банктерге
2. Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие;
• Өнеркәсіп салаларына
• Ауыл шаруашылығына
• Саудаға
• Дайындау ұйымдарына
• Жабдықтау-сақтау ұйымдарына
• Кооперативтерге
• Жеке кәсіпкерлерге
ІІ Мерзіміне қарай:
• Қысқа мерзімді (1 жыл)
• Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
• Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
ІІІ Тағайындау және пайдалану сипатына қарай:
• Негізгі қорларға жұмсалатын
• Айналым қаражаттарына жұмсалатын
ІV Қайтару дәрежесіне қарай:
• Стандартты несие – қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;
• Үмітсіз несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
V Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және
тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
2. Ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып ұзақ
мерзіиге берілетін несие;
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
4. Овернайт несие - өтімділікті қорғау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиесі;
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие;
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепіл алып берілетін несие;
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие;
9. Рамбустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикаттар
мен дайын өнімді сыртқа шығару тәжірибиесінде пайдаланатын несие;
10. Сенім несие – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие;
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсім алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

әдістері
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдар талаптарын бейнелейді.
Несиелік принциптері негізінде нгесиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастар ұйымдастыру принциптері екі топқа
бөлінеді:
І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
• Несиенің мақсаттылығы
• Несиенің дифференциалдығы
ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
• Несиенің мерзімділігі
• Несиенің қайтарымдылығы
• Несиенің төлемділігі
• Несиенің қамтамасыз етілуі
Қазіргі несиенің дифференциалдық принциптерінің мазмұны өзгерген
десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік принциппен байланысты. Яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан
несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілеті сипатталатын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асады. Екіншіден, бұл принцип несиелік
келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын
оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және
сұратып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін
пайдаланылған, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала
отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Мерзімдік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі, несие берушінің қарыз алушыға
берген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытылады.Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық
принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория
ретінде басқа да категорияларынан ажыратылатын ерекшелігінен сипатталады.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылғандығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
түрінде беріледі. Еркін реттелетін арық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы
мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескерілетін басты факторлар:
• Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша
белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
• Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшері;
• Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша орташа сыйақы
мөлшерлемесі;
• Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
• Несиеге деген сұраныс;
• Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін
оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
• Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Сонымен бірге, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсерін тигізеді. Шын мәнінде заңды және
жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе,
соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді. Банктің тәжірибиесінде несие
бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақы есептеу формуласы мынандай түрде беріледі:
І=i x P x n360 x 100 (1.1)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшері
P – қарыз қалдығы
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны
I – жай сыйақа сомасы
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақы есептеу формуласы мынандай:
I=P x [(1+i1200)n-1] (1.2)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі
P – несиенің бастапқы сомасы
I – барлық мерзімге есептелетін сыйақы сомасы
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы
Несиелеудің келесі бір принципі ─ берілетін несиелердің материалдық
жағынан қамтамасыз етіуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің
экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз
етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз
етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде жүргізіледі. Ал бүгінгі несиенің
қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру
міндеттемелері қолдануда.
Несиелеу әдістері ─ несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банк несиесінің кәсіпорын қаражат айналымының
шеңберінде қатынасу тәсілдері.
Қазіргі банктік тәжірибиеде несиелеу әдістерінің үш түрі
қарастырылады:
• Айналым бойынша несиелеу әдістері
• Қалдық бойынша несиелеу әдістері
• Айналым қалдық
Айналым бойынша – несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымдағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын
оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік
қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен
несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына
байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңарып отыратын
процесс болып табылады.
Қалдық бойынша ─ несиелеу базасында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтармен өзара байланысты.
Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің жартылай көздері
есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып,
банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды өтейді.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым-қалдық әдісі түзеледі. Мұндай бірінші кезеңде несиеге
деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде,
берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-
материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
2. Несиелеуді ұйымдастыру жолдары
2.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді жетілдіру жолдары негізінен
банктік қызметпен тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қызметпен
экономикалық даму кезеңінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, оны әрі қарай
дамыту қаржыландыруға келіп тіреледі. Қазақстан Республикасы банктерінің
экономика салаларын несиелеумен қанағаттандырылуы әліде болса төмен
деңгейде. Сонымен қатар, кейінгі жылдары банк тараптарының қысқаруы да өз
әсерін тигізуде. Мысалы, 1998 жылдың аяғынан 2002 жылдың тамызына дейін
банк саны 71-ден 38-ге дейін немесе 46% қысқарса, банк филиалдары 458-ден
368-ге дейін, яғни 20% қысқарды. Банктердің бұлай қысқаруы кәсіпкерлердің
несие алуына бөгет жасап, оның сапасы мен қызметін төмендетеді. Қазіргі
кезде несиелеуде алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр.
Барлық несиелер бойынша 1999 және 2000 жылдары ғана төмен болды. Олардың
орташа жылдық көлемі 2,3% және 6,6% болды. Бірақ 2001 жылы нақты
мөлшерлеме 7,6% өсіп, ал 2003 жылдың 9 айында 8,7%-ға көтерілді. Сонымен
қатар, теңгелік және валюталық несие арасында да айырмашылық бар. 2003 жылы
теңгелік несие валюталыққа қарағанда 2,6% төмен болды. Теңгелік несие
бойынша пайыз мөлшерлемесі 8,8% болса, валюталық несие бойынша 11,7%. Ұзақ
және қысқа несие қымбатқа түседі. Қысқа мерзімді несиенің пайыздық
мөлшерлемесі 14,1%, орта мерзімдік 14,6% құрап тұр. Біздің зерттеп отырған
Алматы Құс ААҚ-ң алған несиенің пайыздың мөлшерлемесі 14% құрап отырғанын
алдыңғы бөлімде айтып өткенбіз.
Бұл пайыздық мөлшерлеменің жоғары екенін жоғарыда келтірілген
мәліметтерден көріп отырмыз. Қазақстан экономикасы шағын кәсіпкерліктен
құралғандықтан олардың несие алудағы пайыздық мөлшерлеме нақтыдан төмен
болса әлде қайда жақсы болар еді. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындарға несие
беру әлде қайда қатаңдау болып келеді. Себебі, несие кепілмен қамтамасыз
етілуі қажет. Банк жағынан несие берудегі тәуекел аса үлкен болып тұр.
Сондықтан, банктер шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге
беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Сондықтан,
нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындар несиеге деген
қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Бұндай кемшіліктерді жеңу үшін
мемлекетіміздің қаржы институттары арнайы механизм құруы қажет. Несиелеудің
мұндай механизмі екі жақтың да қызығушылығын қанағаттандыруы қажет.
Банктердің қызығушылығы несиелік тәуекелді төменднту болса, кәсіпкердің
қызығушылығы несие алудың жеңілдігі және пайыз мөлшерлемесінің төмен
болуына бағытталған.
Несиелеуді жетілдіруде менің ұсынғым келген ұсынысым несиелеу
мерзімін ұзарту. Себебі, кәсіпкер алған несиесін айналымға қосып
үлгерместен оның пайызы бойынша есеп айырысу уақыты жақындап қалады.
Алдағы үш жылда Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі
95 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы 28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде құлағдар етті. Н.Назарбаев ортаға
салған мәліметке сәйкес, тек биылғы жылдың 7 айында екінші деңгейлі банктер
шағын кәсіпкерлік саласына 400 млрд. теңгенің несиелерін берді. Жалпы саны
350-ге жеткен шағын несиелік ұйымдар биыл 9,6 млрд. теңгенің несиелерін
таратты. Бұл шағын кәсіпкерлікке жасалған ауқымды қолдау.
Сонымен қатар, қазіргі кезде ТМД елдерінің ішінде Қазақстан
Республикасында жақын уақытта несиелеу бюросы ашылады деген болжам бар. Бұл
бюроны құру идеясын жеке банктер, қаржыгерлер Ассоциациясы да қолдап отыр.
Бұл бюроның көмегімен экономикада даму болады, активтер
диверсификацияланады. Бұл бюро несиелеуді жеңілдетіп, шағын және орта
бизнес секторларының дамуын ынталандырады. Бұндай несиелеу бюролары
кәсіпкерліктің дамуына да өз үлесін көптеп қосады.
2.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі
Шет дамыған елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді: кәсіпкерлік қызмет
мемлекеттік бағдарламаның қаржы-несие қолдауы бойынша қаржыландырылады.
Осылай, АҚШ-та қаржы-несие қаржыландыру 2002 жылда 403 млн. доллар құрады.
Жапонияда 2004 жылы осы мақсатта 1,7 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Канадада
соңғы бес жылда шағын бизнесті несиелендіру Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне 10 млн. канада долларлары бөлінді. Соңғы он жылдықтарда
Австрия, Франция, Финляндияда шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру
кезіндегі тәуекелді мемлекет пен коммерциялық банктер арасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz