Коммерциялық банктің өтімділігінің басқарудың теориясы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...3-5
1-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ӨТІМДІЛІГІн басқарудың ТЕОРИЯлық негізі
ЖӘНЕ
ТҮСІНІГі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ...5
1. Өтімділік түсінігі және коммерциялық банке өтімділік қаражаттардың
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-12
2. Коммерциялық банктің өтімділігінің басқарудың
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 12-28
2-ТАРАУ. ӨТІМДІЛІКті БАҒАлау ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ СЕНІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
1. Өтімділікті басқарудың көрсеткіштері ... ... ... ... ... ...28-39
2. АО “Каспийский банкті” мысалға ала отырып өтімділік коэффициенттерін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39-
3-ТАРАУ. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІН РЕТТЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ
БАНКТІҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Коммерциялық банктердің өтімділігін бағалаудағы шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Ұлттық банктің ҚР өтімділігін реттеудегі функциясы мен ролі.
Қазақстан Республикасындағы банк өтімділігін реттеудің қиындықтары
мен перспективалары ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банктердің көбісі ұсақ кәсіпорындар
категориясына жатып және операцияларын шектеулі экономикалық
аумақта жасауына қарамастан,одан тыс аумақта пайда болған факторлар
олардың қызметіне әсер етеді. Мысалға, ақша- несие және салық
саясаттарының әсерлері ең бірінші кезекте ақша нарығының ірі
орталықтарында сезіледі, бірақ ертелі-кешті олар барлық банктерге де
әсер етеді. Ақша-несие саясатының рестрикциясынан әсерінен ешбір
банк қанша кіші болса да және қаншама қашықта орналасса да қашып
құтыла алмайды. Осылайша, банк жүйесі және әрбір жеке жаңа кредит
беру үшін бос ақша қаражаттарының шектеулілігін сезген кезде, әрбір
банктің басшысы жалпы ұлттық тенденцияларды біліп отыруы қажет. Бұл
жағдайда өтімділік мәселесі сындарлы болуы мүмкін, өйткені бұл кезде
несиеге деген сұраныстың өсу қарқыны жинақтардан көбейіп кетеді.
Пайыз мөлшерлемесі өте жоғары деңгейге дейін өсіп кетуі мүмкін. Егерде
банктің несиеге деген сұранысты қанағаттандыра алатындай
өтімділігі болса, онда ол ссуданың жоғары пайызын тиімді
пайдалана отырып, өзінің пайдасын өсіре алады.Ал, егерде өтімділік
қаражаттары аз болса, онда банк жоғары пайда алып келетін несие
беруден бас тартуына алып келеді, немесе өздерінің клиенттерінің несиеге
деген сұраныстарын жабу үшін бағамынан ұтылыс табатын, өтімділігі
төменірек бағалы қағаздарды жүргізуіне міндетті болады.
Осылай, банктің өтімділігіне көптеген экономикалық және басқа
да факторлар әсер ететіні анық, осыған байланысты коммерциялық
банктер қызметтерінің басты бағыттарына есептеулер, жоспарлаулар және
басқару сұрақтары жатады.
Коммерциялық банктердің саясаты, стратегиясы мен күнделікті іс-
әрекеттерін құрайтын осы факторлар негізінде банктің
өтімділігін басқару тәжірибесі мен теориясы дамып, жетіліп және
тарихи пайда болған.
Өтімділігі басқару мен төлем қабілеттігіне қажеттілік, банк
жүйесінің даму тенденциясы және сенімділікті артыру мақсатында сандық
қысылым күнен-күнге артуда.
Банк жүйесінің дамуының қазіргі кезеңі тұрақтандыру мен банктік
қызмет көрсетулердің бәсекелес ортасының дамуымен сипаттайды.
Банктер бұл кезеңде өздерінің банктерінің жұмысын бағалауға және
талдауға кәсіби түрде бағытталуда. Басқа жағынан қарағанда, банк
клиенттері заңды тұлға болсын, жеке тұлға болсын, қазір қызмет
көрсететін банке жауапты және ойлы түрде қарайтын болды. Осы
факторлардың бәрі банктің төлем қабілеттігін және өтімділін анықтау
әдістерінің дамуы және жетілдіруінің маңыздылығын көрсетеді.
Осыған байланысты зерттеу тақырыбының аса маңыздылығы күмән
тудырмайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің өтімділігінің
теориялық және практикалық негізін қарастыру.
Зерттеудің тапсырмаларына келесі сұрақтарды шешу кіреді:
1. Коммерциялық банктің өтімділігін басқару теориясына түсінік
беру;
2. Өтімділікті басқару негізгі көрсеткіштер құрылымын
анықтау;
3. АО “Каспий Банкті” мысалға ала отырып, өтімділік
коэффициенттерінінің есептерін жасау;
4. Коммерциялық банктердің өтімділік деңгейін жақсарту туралы
мәселелерді қарастыру.
Дипломдық жұмыс құрылымы зерттеудің мақсаттары мен
тапсырмаларына негізделген және ол кіріспені, екі тарауды,
қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшаларды
қамтиды.
1. Коммерциялық банк өтімділігін басқарудың теориялық негізі мен
түсінігі
1.1.Өтімділік түсінігі және коммерциялық банктің өтімділік қаражаттарына
қажеттілігі
Өтімділік – бұл банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, іс-
әрекетінің жалпы сапалылық мінездемесінің бірі. Банк өтімділігі –
салымшылер мен кредиторлар алдындағы өз міндеттерін уақытылы және
шығынсыз орындау қабілетін айтамыз.
Банк міндеттемесі нақты және потенциалдыдан құрылады. Банктің
нақты міндеттемелері банктің баланстағы талап етуге дейінгі
депозитттер,мерзімді депозиттер, банк арасындағы тартылған ресурстар,
кредитор қаражаттарында көрінеді. Потенциалды немесе баланстан
тысқа, банктің берген кепілдіктерінде көрсетілген міндеттемелері,
клиенттерге несие линияларын ашу және т.б.
Банк өтімділігі өзіне алған барлық және де болашықтағы болуы
мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауды көздейді. Осы кезде,
міндеттемелерді орындау құралдарының көздеріне корреспонденттік
шоттардағы (Ұлттық банкте және басқа комерциялық банктерде) және
кассадағы қалдықтар; нақты ақшаға тез ауыстыруға болатын активтер;
банкаралық нарықтан немесе Орталық банктерден керек болған жағдайда
алуға болатын банкаралық несиелер.
Көрсетілген көздерді қолдану банк үшін шығынды болмауы кер,яғни
шығынға айналмауы керек. Мысалға, бағалы қағаздарды сату немесе басқа
өтімді қаражаттарды құрау көзі ретінде басқа активтері сату, алдын-
ала келісілген баға және мерзім туралы шартқа сай,кәдімгі тәртіп
бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілгендей банк өтімділігінің екі белгісінің болуы
банк (міндеттемелерді шығынсыз және уақытылы орындау) қызметінің сапасын
көрсететін сыртқы және ішкі көптеген факторларға байланысты болады (1
қосымша).
Ішкі фактор қатарына мыналар кіреді: банктің мықты капитал
базасы, оның активтерінің сапасы, депозиттер сапасы,сыртқы көздерге
тәуелділігінің аз болуы, мерзім бойынша актив және пассив байланысы,
сауатты менеджмент, банктің бірінші классты имиджі.
Мықты капитал базасы активтердің тәуекелділігін жабатын ең басты
қорғаныс көзі ретінде және салымшылар мен депозиторлардың қаражаттарына
кепіл беретін меншікті капиталдың көп мөлшерде болуын білдіреді. Меншікті
капитал негізін жарғылық қор және әр түрлі мақсатқа арналған, банктің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін банктің басқа да қорлары кіреді.
Банктің меншікті капиталы қанша көп болса, оның өтімділігі сонша
жоғары болады.
Банктің өтімділігіне әсер ететін басқа бір фактор,оның
активтерінің сапасы болып табылады.
Активтердің сапасы 4 критерий негізінде анықталады: өтімділік,
тәуекелділік, табыстылық және диверсифициралғандық. Активтердің
өтімділігі- оларды жүзеге асыру арқылы немесе қарызгерлерге
міндеттемелерді жабу арқылы активтердің ақшаға айналуын
білдіреді.Активтердің өтімділік дңгейі олардың қолданылуына байланысты.
Ақша формасында жатқан банк активтері төлем функциясын орындауға
арналған.Ссудалар клиенттердің қысқа және ұзақ мерзімді
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бағалы қағаздарға және басқа да
инвестициялық салымдар салу іспеттес.
Бұл байланыста банк активінің өтімділігік деңгейі бойынша
келесі топтарға бөлінеді:
Бірінші топқа бірінші кезекте өтімді актив құрайды, оларға
жататындар:
а) банктің кассасында және корреспонденттік шоттында жатқан ақша
қаражаттары;
б) банк портфелінде жатқан мемлекеттік бағалы қағаздар, оған
кредитор алдында міндеттерін жабу үшін қолма-қол ақша
қаражаттарының жетіспеген жағдайында жүгіне алады.
Активтердің бірінші тобының көлемін анықталған деңгейде ұстап
тұру- – банктің өтімділігін қамтамасыз етудің басты шарты.
Активтердің екінші тобына
өтімділік деңгейіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға қысқа
мерзімді ссудалары, банкаралық несиелер, факторингтік операциялар,
акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары жатады.
Активтердің үшінші тобын ұзақ мерзімді салымдар және банк
инвестициялары,сонымен қатар ұзақ мерзімді ссудалар, лизингтік
операциялар, инвестициялық бағалы қағаздарды қамтиды.
Және, ең соңғысы, банк активтерінің төртінші тобын бөлеп
көрсету қажет, оған мерзімі өткен ссуда түрінде өтімді емес
активтер, кейбір бағалы қағаздар, ғимараттар және құрылыстыр жатады.
Активтердің сапасының критерийі ретінде тәуекелділік ақша формасына
айналдыру кезінде оларды жоғалту мүмкіндігін білдіреді. Мысалға,
Активтердің тәуекел деңгейі олардың нақты бір түріне байланысты бағыталған
көптеген факторларға тәуелді.Мысалға, ссуда тәуекелділігі қарыз алушының
қаржылық жағдайына, несиелейтін объектінің құрамына,көлеміне, беру және
өтеу тәртібіне және т.б. байланысты. Бағалы қағаздарға салым
тәуекелділігі эмитенттің қаржылық тұрақтылығына, бағалы қағаздарды
шығару және сату механизміне, биржадағы баға белгілеу мүмкіндігіне
және т.б. байланысты.
Осы жағдайды ескере отырып, әлемдік банк теориясы мен
тәжірибесінде өтімділік ұғымын ”қор” немесе “ағын” ретінде
қабылдайды.
Коммерциялық банктердің қажетті өтімді құралдарға қажеттілігін
анықтайтын нормативтер жиыны немесе жалпы формуласы әлемдік банк
ісі тәжірибесінде әлі табылған жоқ.
Банк басшылары барлық жағдайда да өтімділік мәселесіне үлкен
көңіл бөледі, бірақ қазірге дейін өтімділік құралдарына банк
қажеттілігін анықтайтын қол жетерлік және күнделікті қолдана алатын
формула жоқ. Жеке алынған банктің керекті өтімділік сомасы
несиенің сұранысы және салымдардың жалпы сомасының тербелісіне
тәуелді.
Өз кезегінде, бұл тербеліс әрқашан өзгеріс болып тұратын:
арнаулы- программалық, , кездейсоқ, маусымдық, циклдық, ұзақ мерзімді
және т.б., сол және басқа мемлекеттің экономикасына байланысты.
Кездейсоқ өзгерістер және олардың масштабын болжау қиын,
өйткені олар тиісті белгіленген схема бойынша жасалмайды, бірақ-
та, олар салым деңгейіне және несиеге деген қажеттілікке сөзсіз
әсер етеді. Кездейсоқ оқиғаға мысал ретінде көтеріліс, жер
сілкінісі, су тасқыны, соғыс кезіндегі дүрбелең, сонымен қоса өзгеше
экономикалық және саяси іс-әрекеттер жатады.
Маусым ауысуымен тікелей байланысты маусымдық өзгерістердің,
кездейсоқтан ерекшелігі олар жыл сайын қайталанып отырады. Уақыт
өте келе маусымдық үйреншекті жағдай біршама өзгеруі мүмкін. Ауыл
аумағында орналасқан банктер, күзде егін жинағаннан кейін салымдар
көбейіп, ал көктемде несиеге деген сұраныс артады. Құрылысқа несие
қажеттілігі жазда, қыспен салыстырғанда көп болады.
Маусымдықты анықтайтын фактор, сөзсіз ауа райы, бірақ
сонымен қоса салт-дәстүрлер де әсер етеді: мысал ретінде желтоқсандағы
жаңа жыл алдындағы мейрамда бөлшек сауданың өсуі.
Алайда Қазақстан Республикасының банк жүйесіне соңғы әсер
Ұлттық банктің ақша-несие саясатының жүзеге асырылу іс-шараларына
байланысты болады.
Өтімділікті жоспарлауды өте қажетті ететін, көптеген экономикалық
факторлар банктің салымдардың деңгейіне әсер етеді.
Есептеулерде осы және басқа кезеңдерде өтімділік ресурстарға
деген қажеттілігі, банктің берілген базисті кезеңіндегі салым және
несие деңгейінің күтілген өзгерісіне қатысты болады. Өтімділік
динамикасына немесе резерв артықшылығына үш фактор әсер етеді:
- салымдардың өсуі немесе төмендеуіне байланысты қаражаттарды алу
немесе жоғалту;
- Несиенің жәненемесе инвестициясының өсуіне немесе қысқаруына
байланысты қаражаттарды алу немесе жоғалту;
- салымдарыдң өсуіне немесе қысқаруы салдарынан міндетті
резервтердің көлемінің өсуі немесе қысқаруы.
Шартты банктің өтімділік ресурстарына қажеттілігінің есебі 1
кестеде көрсетілген.
1 кесте
Шартты коммерциялық банктің өтімділік ресурстарына қажеттілік есебі
1 кестеде көрсетілген (мың долл.)
СалымдаАлдағы Міндетті СсудалаАлдағы өтімділікқұралдарын
р аймен резервтерр аймен ың
салыстырғдегі (қарыздсалыстыжетіспеушілігі(-)н е
андағы өзгерістеар) рғандағмесе артықшылығы
өзгерістер ы (+)
р (бастапқы өзгеріс
деңгейі10 тер
%)
АбсолютЖинақталға
ті н сомасы
сомасы
1 2 3 4 5 6 7
Гр2-гр3Қатар
гр-5 сомасы
Желтоқса10900 - - 7000 - - -
н
Қаңтар 10800 -100 -10 6500 -500 +410 +400
Ақпан 10750 -50 -5 6490 -10 -35 +375
Наурыз 10440 -310 -31 6400 -90 -189 +186
Сәуір 9900 -540 -54 6440 +40 -526 -340
Мамыр 9840 -60 -6 6460 +20 -74 -414
Маусым 9810 -30 -3 6500 +40 -67 -481
Шілде 9720 90 -9 6530 +30 -111 -592
Тамыз 9790 +70 +7 6720 +190 -127 -719
Қыркүйек9840 +50 +5 6800 +80 -35 -754
Қазан 9980 +140 +14 7200 +400 -274 -1028
Қараша 10500 +520 +52 7680 +480 -12 -1040
Желтоқса10940 +440 +44 8040 +360 +36 -1004
н
Өтімділік ресурстарға деген сұраныс кез-келген кезеңге
есептелуі мүмкін. Кестеге сай, қосымша қордың келуі бірінші
кварталда күтілуде,бірақ-та қалған күндерінде өтімділік ресурстарға
деген қажеттіліктерін жабу үшін банк көп күш жұмсауын қажет етеді. Бұл
қажеттіліктер салым алудан емес, ол көбіне несиеге деген сұраныстың
өсуінің күтілуіне байланысты. Ескере кеткен жөн, жыл басындағы осы
қорлардың шығуын конпенсациялайтын, жыл аяғындағы салымның өсуі
міндетті резервтердің өсуін талап етеді.
Егер салымның сомасы, инвестицияға, ссудаға сұраныстың
өзгеруін тура болжай алу мүмкіндігі болғанда, қажетті өтімді
құралдардың көлемін анықтау жеңілдірек болар еді. Тапсырманың
қиындығына қарамастан, банктер салымдар мен несиелердің көлемін
болжауға тырысулары керек.
Аса ірі банктер болжауды 2 негізгі әдіспен жүзеге асырады:
Оның бірі әр клиенттің несие қажеттілігі және күтілетін
салымдар деңгейіне талдау болып табылады. Бұл әдісті несие
қабілеттігін бағалау бөлімінің қызметкерлері қолданады: әрқайсысы өз
есеп беру тобы бойынша болжам жасайды. Болжамдар мәліметтері мен
координациясына жауапкершілікті экономикалық бөлім, бақылау
бөлімі, қазынашылық бөлімі немесе жоспарларға жауапты арнайы
жұмысшылар тобы жауап береді.
Ссуда мен салымдардың көлемін есептеудің басқа әдісі – көздерді
болжау және мемлекеттің жиынтық инвестициялық қорларын қолдану.
Эконометрикалық болжау әдістерінің қолдану арқылы экономиканың жеке
және мемлекеттік секторына есептеулер жасайды. Жеке сектордың
қажеттілігін бағалау қаражаттардың келіп түсуін бағалаумен салыстырылады.
Сонда банктік несиелерге жалпы қажеттілкті қор қажеттілігі және
олардың түсімі арасында айырмашылық ретінде анықтауға болады, соған
байланысты белгілі бір банк несие нарығындағы үлесін есептен алуына
болады. Бұл әдіс көбінесе ірі банктерде қолданады, ұсақ
банктерде әдетте қолданылмайды, өйткені бұл қиын есептеуді жүзеге
асыратын білікті персоналдары болмайды.
Бұл банктер салым және ссуда деңегейін болжауда негізінен өткен
тәжірибесіне сүйенеді. Салым және несие деңгейінің мүмкін ауытқу
масштабын көбінесе бірнеше жыл үшін орта айлық немесе экономикалық
цикл периоды графиктері және таблицалары көрсетеді.
Осылайша, банктің өтімділігіне көптеген экономикалық және басқа
да факторлар әсер етеді,осыған байланысты есеп беру, жоспарлау және
басқару коммерциялық банктің іс-әрекетінің өте маңызды бағыты болып
табылады.
Коммерциялық банктің саясатын, стратегиясын және күнделікті іс-
әрекетін құрайтын осы факторлар негізінде банктің өтімділігін
басқару тәжірибесі және теориясы дамып, жетіліп тарихи түрде пайда
болған.
1.2. Коммерциялық банктің өтімділігін басқару теориясы
Өтімділік құралдарының қажеттіліктердің жоспарлауының бірінші
міндетті қолма-қол ақшаларды басқару, яғни міндетті резервтер деңгейін
немесе клиенттерді банкнотпен және монеталармен қамтамасыз етуді
толық қанағаттандыру.Көптеген келісім шартқа байланысты банк кассасындағы
ақша сомасының, жұмыс уақыты бойы келуі мен шығуына байланысты үнемі
өзгеріп отыратындығын ескеретін болсақ,бұл міндет қаншалықты маңызды
болса,соншалықты қиын болып келеді. Касса табыс әкелмейді, сондықтан да,
банк басшысының міндетті кассаны мүмкін болатын минималды деңгейде
ұстап туру болып табылады.
Қолма-қол ақшаны басқару деген ұғым банктің көптеген есептеулері
және Ұлттық банке есеп беру, сонымен қоса Кассада ақша қаражаттың
болуытуралы күнделікті есеп берулерін білдіреді.
Айтылып кеткендей, өтімділікті басқару теориясының пайда болуы мен
дамуы коммерциялық банктердің дамуы, ұйымдастырылуымен бір кезекте жүрді
деп айтуымызға болады. Басында банктің өтімділігі сұрағы екі теориялық
қөзқараста болған. Бірінші көзқарастың негізі ретінде банктің активтерінің
құрылымы , оның пассивтерінің құрылымына сай келуі керек деген, бұл
коммерциялық банктердің өз өтімділігін басқаруында шапшаң саясатты
ұстануына мүмкіндік туғызбады. Осы берілген теоретикалық негізде банктің
қаржылық талап етулерінің көлемі мен мерзімдері олардың міндеттемелерінің
көлемі мен мерзіміне сай келулері керек деген банктің алтындай ережесі
шығарылды.
Екінші көзқарас активтер мен пассивтер құрылымы нақты сай келмеулеріне
негізделген, өйткені ең қуатты коммерциялық банктің өзі әлеуметтік-
экономикалық жүйелердегі қаржылық-кредиттік құбылыстардың әсерінен:
экономикалық кризистер,жойылып кету, қарыздар бойынша төлей алмаушылық,
ақша құралдарының қарыз капиталы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
конъюктурасы, бағалы қағаздар және нарықтық қатынастардың басқа да тұрақсыз
жағдайларынан қорғансыз. Мұндай құбылыстар әсіресе жоспарлық-
орталықтандырылғаннан, нарықтық экономикаға өту жүріп жатқан елдерде
болады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуы немесе өзгеруінің әртүрлі
кезеңдерінде пайда болатын жоғарыдағы айтылған және басқа да қиындықтар
банктік басқарушылардың өтімділіктің белгілі бір деңгейін үнемі ұстауын
қажет еткен. Осы коммерциялық банктердің тұрақты жұмыс істеуінің базистік
міндетін орындау, өтімділік мәселесін баланстың құрылымын басқару
мүмкіндігі арқылы шешудің объективті қажеттілігін туғызды, яғни
коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқару мүмкіндігі.
Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің эволюциялық өзгерісі жағдайында,
банк ісінің дүниежүзілік тәжрибесінің қиындатылуы мен жақсаруына байланысты
коммерциялық банктердің өтімділік мәселесі екі негізгі бағыт бойынша
дамыды: коммерциялық банктердің активтерін басқару теориясы және
пассивтерін басқару теориясы.
Активтерді басқару.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банктің активтерін басқаруға үш түрлі
теорияның көзқарасымен қарауға болады:
Күтілетін табыс теориясы.
Бұл теорияға сай, егер қарыздарды жабу үшін төлемдер графигі негізіне
қарызгердің болашақ табыстарын қойсақ, онда банктің өтімділігін жоспарлауға
болады. Бұл жоғарыдағы қарастырылған теорияларды жоқа шығармайды,бірақ
қарыздың қамтамасыз етілуіне қарағанда, қарызгердің табысы мен қарыздың
жабылуы арасындағы байланыс айқынырақ екендігін көрсетеді. Несиелер мен
инвестициялардың жабылуы мерзімдерінің құрылымын өзгерту арқылы, банктің
өтімділігіне әсер етуге болатындығын атап өтеді.Өндірістің қысқа мерзімді
несиелері, мерзімді ссудаларға қарағанда өтімдірек, ал тұтынушылардың сатып
алуларына қарыз беру, мүліктік құрылыстарға берілетін ипотекалық қарыздарға
қарағанда өтімдірек.
Қазіргі кезде, коммерциялық банктер несие портфельінің көп бөлігін
құрайтын несиелердің кейбір түрлерінің дамуы мен тез өсуін мойындайды:
кәсіпкер фирмаларға мерзімді несиелер, мерзімі келгенде жабылатын тұтынуға
несиелер, қозғалмайтын мүліктерге несиелер. Бұл қарыздардың өтімділікті
жоғарылататын жалпы қасиеттері бар, яғни оларды біртіндеп құйып отыруға
болады.Негізгі несие мен пайызды төлеу үшін әр кварталдық немесе айлық
төлемдер көп бөлігін құрайтын портфель өтімді, себебі, қолма-қол ақшаның
мерзімінде келуін жоспарлау оңай. Өтімді қаражаттар керек болғанда, қолма-
қол ақша қаражаттарын қолдануға болады немесе болашақтағы өтімділікті
қамтамасыз ету үшін, оларды қайта инвестициялауға болады.
Көптеген банктер инвестиция портфельінің құрылу негізіне, қадамдық
эффектісін қойуына, күтілетін табыс теориясы негіз салды: төлемдер тұрақты
және сенімді болуы үшін, бағалы қағаздар төлеу мерзіміне байланысты
таңдалады. Бұл жағдайда қолма-қол төлем жасау тұрақтылығы көрсеткішіне
байланысты, инвестициялар портфельі, қарыз бен пайыздың тұрақты жабылатын
қарыздар портфельіне сәйкес болады.
Активтерді басқарудың мәні.
Активтерді басқару тартылған және өз қаражаттарын орналастыру деп
түсіндіріледі. Қолма-қол ақша қаражаттары, инвестициялар, қарыздар және
басқа активтерге бөлу- коммерциялық банктерге сай келеді. Құралдарды
орналастару кезінде, қарыз операциялары мен бағалы қағаздарға
инвестициялауға, жеке алғанда жабылмаған қарыздарға мен бағалы қағаздар
портфельіне аса көңіл бөлінеді.
Қаражаттарды орналастыру қиындығын шешудің анық жолы, банктің
басшылары бара алатын тәуекелшілік деңгейінде, ең жоғары табыс әкелетін
активтерді (инвестициялар мен қарыздарды беру) сатып алу болып табылады.
Бірақта, банктердегі қорларды басқару көптеген факторлар шегінде
қиындатылады. Біріншіден, банктер кәсіпкерліктің ең реттеулі түрі
болғандықтан, бақылау органдарының заңдары мен белгілеулерін қатаң сақтап
қаражаттарды орналастарулары керек. Екіншіден, банк және несиелер мен
салымдар бойынша клиентер арасындағы қарым-қатынас, көмек пен сенімділік
негізінде құрылатындықтан. Және, ең соңғысы, коммерциялық банктердің акция
ұстаушылары басқа инвесторлар тәрізді, инвестициялық тәуекелшілік пен басқа
инвестициялардан түсетін пайда мөлшерімен салыстыруға сай келетін, табыс
нормасын қалайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларына заңнамалық актілер мен
көрсетілімдер екі жолмен әсер етеді: сол немесе басқа активті операцияларға
банктің қаражаттарының бір бөлігін инвестициялау тәртібін анықтау арқылы.
Банктің тартылған қаражаттарының көп мөлшерін өте төменгі мерзімге
немесе клиенттердің қалаған кезінде алуларына болатын қаражаттары құрайды.
Осыған орай, банкті басқарудағы ең маңыздысы, клиенттердің қажетілігін
қанағаттандыру. Екінші міндет - банк пайыздарының қарызға деген
қажеттілігін өтейтін жеткілікті қаражаттардың болуы. Банк клиенттердің
негізделген қарыз сұрауларын қанағатандыра алмаса, тиімді операцияны
жіберіп алады, ал соңында, коммерциялық банктің өмір сүру мүмкіндігінің
болмауына әкеліп соқтырады.
Қауіпсіздік пен өтімділіктің шектілігіне қатысты, жеткілікті табысты
болуы керек ұйымдарға коммерциялық банктер жатады. Осымен қоса, мемлекетің
ақша массасының аса көп бөлігін тасымалдаушы, бұл саланың қызметкерлері
экономикада қоғам алдында үлкен жауапта тұрады. Қоғам банктің төлем
қабілетілігіне, өтімділігіне немесе банктік жүйенің тұрақтылығына толықтай
сенімді болулары, ал салымшылар кез-келген банктің сенімді екендігіне
күмәндері болмауы керек. Бір жағынан, банктің салымшылары мен оның акциясын
ұстаушылардың мақсаттары сай келмейді. Коммерциялық банктің әр қаржылық
мәмілесінде көрінетін өтімділік міндеттері мен операциялардың күтімді
табыстылығының арасындағы айқын қарама-қайшылықта, бұл сай келмеушілік
көрініп тұрады.
Бұл өтімділік пен табыстылық арасындағы келіспеушілікт, банк
қаражаттарын орналастартын кезде шешетін орталық мәселе болып табылады. Бір
жағынан банк басшылары ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражатарды салу,
қарыз қайтарымдылығы сенімсіз қарызгерлерге қарыз беру және қолданбайтын
қалдықтарды азайту арқылы алуға болатын одан да көп табыстарды көздейтін,
акция ұстаушыларынан қысым көрсе. Ал екінші жағынан, банк басшылары
салымдарды алар кезінде және бұрынғы клиенттердің қарыз сұрауларын
қанағатандыру үшін қажетті банктің өтімділігін, барлық бұл қызметтер
төмендететіндігін жақсы біледі.
Несиелік және инвестициялық тәуекелділікті кей кездерде, табысты
табудың мүмкін болатын дисперсия нұсқасы ретінде қарастырады. Мысалы,
мемлкеттің ең қысқа мерзімді бағалы қағаздарына салымдардан салымшы анық
пайда табатындығын біледі. Басқа жағынан, 20жыл мерзімге төменгі сапалы
өндіріске облигациялар қарыз тәуекелділігімен қоса пайыз мөлшерлемесінің
өзгеру мүмкіндігі қауіпіне де ие болады. Ал бұл инвестициялардан
қорытындысында, барлық салынған салымдарды жоғалту және мерзімнің соңына
деуір облигация сақталатын болса, көзделген пайданы алу арасында ауытқиды.
Табыстың мүмкін болатын көздерінің мұндай кең диапазонында, негізінен тек
одан да жоғары пайыз мөлшерлемесі инвесторды қаражаттарын салуына және
күтілген пайданың жартысынан айырылып қалу тәуекелділігіне итермелейді.
Пайда нормасы мен тәуекелділікті салыстыру №1 суретте көрсетілген, мұнда
тәуекел өскен сайын, (қарыздық тәуекелдіктің немесе инвестицилау мерзімінің
жоғарылаған кезінде) күтілетін пайда нормасы да өседі. Капитал нарығының
қисығы бұл нарықтағы қажетті пайда нормасы мен тәуекел мөлшерінің
арасындағы шешімді көрсетеді. Осымен, пайдасы жоғарылау инвестициялар мен
қарыздарға банк қаражат салғанда, бір кезекте жоғарылау тәуекелділіке
барады.
Келесі бөлімде қарастырылатын пассивтер мен активтер арасында өзара
тәуелділік бар. Банке қосымша салымдар мен басқа көздерден ақша қарызға
алуына кепілдік беріп, қаражатарды жоғары өтімді активтерге салу немесе
кассадағы қолма-қол ақша қаражатарының жоғары деңгейін ұстап отыру арқылы
өтімділікті қамтамасыз етуге болады. Салым сомаларының өзгерісі, қарыздарды
тез жабуды талап ету мен өтімді активтердің көбеюін талап ететін тағы бір
жағдай. Сонымен қоса, салымдар бойынша банктің шығындары бір жағынан қарыз
құралдарымен, екінші жағынан әртүрлі активті операциялардан түсетін
табыстармен тікелей байланысты. Тартылған қаражаттар бойынша шекті шығындар
және қарыздар мен инвестициялар бойынша шекті пайданы жақсылап үйлестіру,
банк операцияларының табыстылығына өтімділік шегінен өтпей-ақ жетуге
болатындығын көрсетеді.
Активті басқару әдістері.
Қаражаттардың жалпы қоры әдісі. Олардың орналастырылуына коммерциялық
банктің басшысы жауапты болатын қаражаттар, әртүрлі көздерден түседі, оған
қайта талап етуге дейінгі салымдар, жинақтаушы, мерзімдік салымдар, сонымен
қоса банктің өзіндік капиталы да жатады. Қарастырылып жатқан әдістің
негізінде барлық ресурстарды қосу жатыр. Одан кейін, жиынтық қаражаттар сай
келетін активтерге (суудалар, мемлекеттік бағалы қағаздар, кассадағы қолма-
қол ақша ж т.б.) бөлінеді. Белгілі бір активті операцияны жүзеге асыру үшін
қаражаттардың жалпы қоры модельінде, олардың орналасуы банктің алдына
қойған мақсатына сай келгенде, ол қаражаттардың қандай көзден түскені
маңызды емес.
Активтерді бөлу әдісі. Қаражаттарды орналастыруға, қаражаттардың жалпы
қорлар тұрғысынан қарағанда, көп көңіл өтімділіке аударылады да, ал талап
етуге дейінгі салымдарға, жинақтық салымдарға, мерзімдік салымдарға және
негізгі капиталға өтімділіктің әртүрлі талаптары ескерілмейді. Банктік
қызметкерлердің айтуы бойынша, бұл қателік пайда нормасының төмендеуінің
асуына әкеліп соқтыруда. Уақыт өткен сайын талап етуге дейінгі салымдарға
қарағанда, аз өтімділікті талап ететін мерзімдік және жинақтық салымдар
айтарлықтай жоғары деңгеймен өсуде. Активтерді бөлу әдісі, қаражаттарды
конверсиялау деген атпен де әйгілі, қаражатардың жалпы қоры әдісінің
шектеулігінен асып өтуге мүмкіндік береді.
Банке қажетті өтімді қаражаттардың көлемі, қорларды тартатын көздерге
байланысты. Схема түрінде ол №1 суретте көрсетілген. Бұл әдіспен міндетті
резервтер нормасы мен олардың айналым немесе ауысу жылдамдығына сай
қаражаттардың көзін шектеуге тырысады. Мысалы, талап етуге дейінгі салымдар
жинақтық және мерзімдік салымдарға қарағанда міндетті резервтердің
айтарлықтай жоғары нормасын талап етеді, негізінен олардың айналысы да
басқа салым түрлеріне қарағанда жоғарылау. Сондықтан талап етуге дейінгі
салымның әр доллардың көп мөлшері бірінші және екінші деңгейлі резевтерге,
ал аз бөлігі түрғын үй кепілді суудалар немесе муниципалық органдардың ұзақ
мерзімді активтері сияқты облигацияларға салынуы керек. Бұл модель банктің
өзінің ішінде, әртүрлі көздерден банкпен тартылған қаражатарды
орналастыруға қолданатын бірнеше табысты орталықтарды (немесе өтімділік
орталықтарын ) құруын көздейді.
Бұл құрылымдық бөлімшелерді көбінесе банктің ішіндегі банк деп
атайды, өйткені бұл орталықтардың қаражаттарды орналастыруы басқаларына
тәуелсіз жүреді. Басқа сөзбен айтқанда, банктің ішінде бөлек-бөлек талап
етуге дейінгі салым банкі, жинақтық салым банкі, мерзімдік салым банкі және
негізгі капитал банкі қызмет етеді.
Қаражаттардың өтімділігі мен табыстылығына қарай банк басшылығы,
олардың әртүрлі орталықтарға жататындығын анықтап, әр орталықтың оларды
орналастыру тәртібін анықтайды.
Қаржы көздері Қаржыларды “өтімжілік-
(өтімділік-пайдалық пайдалылық” орталығы
орталығы) арқылы орналастыру
Бастапқы резервтер
Еікіншілік резевтер
Ссудалар
Басқа да бағалы қағаздар
Талап етуге дейінгі салымдар міндетті резервтермен жоғары деңгейде
жабылуын талап етеді және кейбір жағдайларда жылына 30 және 50 – ге
дейінгі айналымға жететіндей ең жоғары айналым жылдамдығына жетеді. Яғни
талап етуге дейінгі салымдар орталығының қаражаттарының бірінші мезеттегі
резервтерге ( айталық міндетті резервтер белгілегеннен 1 пайыз көп),
қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарын инвестициялау арқылы,
салымдардың жартысы екінші ретті резервтерге, көбінесе орналастырады және
салыстырмалы көп емес қаражаттар қысқа мерзімді коммерциялық қарыздар
формасында ссудалар беріледі. Бірінші суреттен көріп тұрғанымыздай, талап
етуге дейінгі салымдар орталығынан басқа да бағалы қағаздармен негізгі
қорларға орналастырылмайды. Жинақтық салымдар мен мерзімдік салымдар
орталықтарының өтімділігіне талап біршама төмен болғандықтан, мұнда
қаражаттар көптеп ссудалар мен инвестицияларға салынады. Негізгі капитал
өтімді активтер жабылуды талап етпейді және ғимараттармен жерге салымдар
ретінде қолданылады, ал қалған қаражаттар ұзақ мерзімді қарыздармен
өтімділігі төмен бағалы қағаздарға қолданылады , яғни банктің табыстылығын
көтеру үшін қолданылады.
Бұл әдістің артықшылығы ретінде табыс нормасының көтеретін өтімді
активтердің мөлшерін азайту мен ссудалар мен инвестицияларға қосымша
қаражаттар салу болып табылады. Активтерді бөлу әдісімен қорғаушылар
жинақтық және мерзімді салымдар мен негізгі капиталға қарама – қарсы
өтімді активтердің шамадан тыс бөлігін алып тастаумен табыс нормасын
көбейтуге болатындығын айтады.
Бірақ, бұл әдістің өзі оның тиімділігін төмендететін кемшіліктері бар.
Табысты орталықтарды айқындаудың негізіне әр түрлі салымдардың
айналым жылдамдығы жатыр. Сол немесе басқа топ салымдардың айналым
жылдамдықтарымен, осы топ салымдарының жалпы мөлшерінің ауытқуларының
арасында тығыз байланыс болмауы да мүмкін. Мысалы, талап етуге дейінгі
салымдарға орналастырылған қаражаттар жылына 40 рет айналыста болуы
мүмкін. Осы кезде, бір клиенттер чектің көмегімен ақша алатын болса,
басқалары, керісінше, банкке ақша салады, талап етуге дейінгі салымдардағы
қаражаттар қалдығы ( банктің депозиттік қарыздарының жалпы сомасы сияқты )
10 пайыз шегінде ғана бір жылда ауытқуы мүмкін. Банк өз функциясын
орындап жатқанда оның клиенттері депозит бойынша қарыздары минимумға
жеткізіледі. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай талап етуге дейінгі
салымдарға салынған қаражаттар жартысы ешқашанда алынбайды және толықтай
негізбен ұзақ мерзімді жоғары пайда алып келетін бағалы қағаздарға
инвестицияланады.
Әдістің басқа бір кемшілігі қаражаттар көзінің оларды қолдану
жолдарынан тәуелсіз екендігі. Іс жүзінде бұл олай емес . Мысалы, тәжірибе
банктері кәсіпкер фирмалардан жоғары салымдар тартуға тырысады, өйткені
бұл фирмалар оларға чек шоты ашылған банктерден ғана қарыз алады. Яғни
жаңа салымдарды тарту бір мезетте басқа жаңа клиенттер атынан қарыз
сұрауларды қамтамасыз етілуді білдіреді. Ал бұл, жаңа салымдардың бір
бөлігі бұл салымдардың иелерін несиелеуге жібілетінін білдіреді.
Басқа кемшіліктері жалпы салымдары қоры мен активтерді білу әдістеріне
жатады. Екі әдіс те мүмкін болатын салымдарды алып тастау мен міндетті
резервтердің өтімділігіне көп көңіл бөліп, ал клиентердің кредит алуға
сұраныстарына аз көңіл бөледі. Сонымен қоса, кәсіпкерлік қызметтің
көтеріліуімен қоса салымдар мен несиелердің өсетіні белгілі. Егер мұндай
кезеңге тап болса, банк міндетті резервтердің құрылған нормаларынан басқа,
салымдарды алуды жабу үшін азғана қосымша қаражаттар керек етеді және банк
экономисі кәсіпкерлік қызметтің деңгейі мен салымдардың ағылуының қашан
төмендейтінін нақты болжай алатын болса. Мұндай жағдайда салымдарға
қарағанда, жоғары деңгеймен өсуі мүмкін несиеге сұранысты қанағаттандыруды
жабу үшін өтімді қаражаттар қажет болады.
Салымдар көлемі төмендегенде, өсуі мүмкін кредитке сұраныс болатын бір
банктердегі мерзімдік ауытқуларды ескеру қажет. Сонымен қоса, ақша-кредитің
жүргізіліп жатқан саясатының әсерінен, өсу кезеңінде кредитке сұраныс
салымдардан көп, ал кәсіпкерліктің активтілігінің төмендеуі барысында,
депозиттің өсу деңгейі барлық банктерде жоғары; серпіліс кезеңінде
салымдардың жай өсуіне, кредитке сұраныстың жоғары өсуі қарсы келеді.
Екі қарастырылып отырған әдістердің ортақ тағы бір кемшіліктері бар:
олар өтімділіктің шекі емес орташа деңгейіне сүйенеді. Салымдардың жалпы
сомасына кассалық қолма-қол ақша мен мемлекеттік бағалы қағаздардың орташа
қатынасы, банк жүйесінің жалпы өтімділігін бағалауға жеткілікті болса да,
салымдары алып тастау мен кредитке сұранысты жабу үшін, банк басшылығына
келесі аптада кассадағы қолма-қол ақша қаражатының қанша болуы керек
екендігін айта алмайды. Тек банктің жеке клиенттерінің шоттарына талдау
және жергілікті нарықтағы қаржылық пен шаруашылық міндеттерді жақсы білу
ғана банкке нақты кезеңде қолма-қол ақшаға қажетілікті анықатауға мүмкіндік
береді.
Екіс әдісті қарастыру біршама жеңілдетілген. Оларды нормативті
бекітілімдер жиынтығы емес, активтерді басқару қиындықтарын шешу үшін, оның
шегінде банк басшылары қолдана алатын жалпы кесте ретінде қарастыру керек.
Екі әдістің кез-келген бірін пайдалану, өзара байланыстың барлық жиынтығын
зерттеу және банктің нақты жағадайна сай келетін шешімдерді қабылдау мен
талдауды қажетті күрделендіруге компетентті банк басшыларының
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Пассивтерді басқару.
Бұл теорияның қолдаушылары, нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы
банктер өтімділік мәселесін шешуге болатындығын айтады. Бірінші кезде бұл
теорияны қорғауға қаржылық сфераның көшбашы ірі банктері ат салыса,
кейінірек оны жалпысы қабылдады. Оның пайда болуы 50-ші жылдардағы
федералды қорлар нарығының құрылуы мен ақшалық нарықтың басты инструменті
ретінде берілетін мерзімді депозит сертификаттарының кейінгі дамуымен
байланысты.
Коммерциялық банктердің өтімділік саясатын басқарушысы мен
толықтаушысы ретінде пассивтерді басқару теориясы, келесі екі анықтамаға
негізделген.
Бірінші - коммерциялық банк өтімділік мәселесін қосымша ақшалай
қаражаттарды тарту арқылы және оларды капитал нарығында сатып алу арқылы
шеше алады. Бұл анықтама батыс елдерінде нақты жүзеге асты.
Екіншісі - коммерциялық банк Ұлттық банктен немесе корреспондент -
банктерден ақша қаражаттарын көптеп алу есебінен, сонымен қоса евровалют
нарығында алатын қарыздар есебінен өзінің өтімділігін қамтамасыз ете алады.
Коммерциялық банкте қаржылық құралдарды кеңінен тартады. Олардың
есебінен активтердің жалпы сомасының 80% жоғарысы құрылады. Арзан қарыз
құралдарын, депозиттерді қолдану, банктік операциялардан қатысты көп емес
пайда акционерлерге жеткілікті табыс әкелетіндей көлемде болуы керек.
Пассивті операцияларды басқару кеңейтілген ұғымда салымшылардан және
басқа да кредиторлардан тартылған қаражаттар және берліген банк үшін
қаражаттар көзінің сай келетін комбинациясын анықтауды білдіреді. Ал
ықшамдалған ұғымда пассивті операцияларды басқару ісі ретінде қажет ету
көлеміне байланысты қарыз құралдарын ынталы түрде іздеу арқылы қажетті
өтімділіке жету болып табылады. Депозиті сертификаттарды орналастару және
евродолларларды немесе қаражаттарды Орталық банктен қарызға алу мүмкіндігі,
банкке төмен табысты резервті активтерден тәуелді болмауына мүмкіндік
туғызады, бұл оның пайда табу мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақта, бұл
операциялар тәуекелділікпен байланысты. Пассивті операцияларды басқаруда
мұндай қосымша тәуекелділікті де ескеру керек, сонымен қоса бұл
қаражаттарды тарту барысындағы шығындар мен бұл қаражаттарды қарыздарға
немесе бағалы қағаздарға салу арқылы алуға болатын пайданы да ескеру керек.
Яғни, банк табыстылығы үшін активті операцияларды басқару мен пассивті
операцияларды басқару арасындағы байланыс өте маңызды.
Коммерциялық банктердің негізгі жұмысы қаражаттарды тарту (негізінен
салымшыларды) және оларды ссудаларға немесе жоғары пайыздар бойынша
инвестициялау болып табылады. Бұл жинақтар түрінде қаражаттары барлар мен
оларды қажет ететіндер арасындағы қаржылық ұйымның делдалдық қызметі.
Жоғары несие өтеу қабілеттілерге ссудалар беру, сапалы бағалы қағаздарға
инвестициялау, қаржылық емес операцияларға қарағанда табыстылығы төмен.
Сондықтан, акционерлерге пайданы қамтамасыз ету үшін өзіндік қаражаттар
беретін мүмкіндіктен де жоғары айналым керек.
Соңғы кездері банктер өздерінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін кең
қарыз алуларға сүйенуде. Мұндай қарыздарды пассивтерді басқару деп атауда.
Қарыз құралдарын қолданудағы кеңейтулер банктік кредиттерге сұраныстың
өсуімен негізделген және талап етуге дейінгі салымдардың соңғы кездері
төмендеуіне байланысты. Экономикалық активтіліктің жоғарылауы және инфляция
деңгейінің өсуі шаруашылық фирмалардың несиеге қажеттіліктерінің өсуін
білдірген. Сонымен қоса, фирмалар сияқты жеке тұлғалар да пайыз
мөлшерлемесіне сезімталдығы артқан, осыған байланысты айтып өткендей талап
етуге дейінгі салымдар көбейген. Шығындардың өсуі банктерді өздерінің
ресурстарын толықтай қолдануларына әкеліп соқтырды. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда ссудалардепозиттер коэффициентінің өсуіне әкелген.
Осыған байланысты, банктерде кейбір уақытарда қаражаттарға деген
қажеттіліктер көбейеді. Халықаралық тәжірибеде бұл мерзім аралық
қажетілікті банк аралық кредиттер, резервтік қорлар, РЕПО келісім шарттары
немесе евродолларлар нарығындағы қарыз арқылы қанағаттандырады.
Банк аралық несиелер.
Орталық банктен немесе корреспондент-банктен несие алу -резервтер
жағдайын дұрыстау үшін қаражаттарды обилигациялаудың бір әдісі, кей
кездерде есептік терезе деп аталады (discount window). Бірақта, бұл
резервтерді түзулеу әдісі жоғары дамыған жоқ, мұндай қарыздар Орталық банк
арқылы бақыланып отырылады.
Орталық банктен қарыз алу құқықтылық емес, ұтымдылықты
білдіреді.Орталық банкті сенімді және тұрақты қаражаттар көзі ретінде
санамау керек. Қарыз алу мерзімі көптеген факорларға байланысты, мысалы
экономика жағдайы, қарыз алушы банктің қаржылық жағдайы ескеріледі.
Резервтік қорлар.
Резервтік қорларды құру-өтімділікті қамтамасыз ету үшін кредиті
қолданудың ең кең көлемде қолданылатын түрі. Бұл қорлар, Орталық банкте
сақталатын депозиттік қалдықтар болып табылады. Салымдардың күтілмеген
ағысы негізінде немесе коммерциялық банктердің ссудаларының азаюы
негізінде артық резервтер қалуы мүмкін. Бұл қаражаттар табыс
әкелмегендіктен, банктер оларды басқа банктердің қолдануына береді; осы
банктер резервтердің міндетті көлемін қалыптастару үшін немесе активтерді
сатып алу үшін, бұл артықшылықтарды сатып алады.
Резервтік қорлармен бір күндік операциялар қамтамасыз етілмеген
ссудаларға жатады. Егер бір банк екіншісіне мемлекеттік бағалы қағаздар
сататын болса, келісім шарт басқа форма алады. Мұндай келісімдер бір күнде
қабылданады, бірақ төлемдердің кейбір мерзімдерінде бір апта немесе бірнеше
аптада жасалуы мүмкін. Резервтік қорлармен операция механизімі айтарлықтай
жеңіл. Қамтамасыз етілмеген келісім шарттарда екі банк оның міндеттерін
белгілеп алады: Сатушы-банк Орталық банке өзінің резервтік қорынан сатып
алушы - банке келісілген соманы аударуын талап етеді. Келесі күнде банктің
ашылуы кезінде кері келісім шарт болады. Пайыздар негізінен бөлек чекпен
төленеді.
Кері сатып алу туралы келісім шарт.
Резервтік қорлар мен банк аралық операцияларға толықтыру ретінде
мемлекетік бағалы қағаздар бойынша диллерлер, басқа да инвесторлар және
банктер арасында басқа да келісім шарт жүреді. Бұл келісім шарттар кері
сатып алу келісім шарты деп аталады (repurchase agreements - RP) немесе жай
ғана репо деп аталады. Мұндай келісім кезінде, белгіленген күні және
алдын-ала келісілген баға бойынша активтерді сату кері сатып алу жағдайында
жүреді. Мұндай келісім шарттар уақытша бос ақша қаражаттары үшін маңызды
канал болып табылады, өйткені оны екі жақтың да қажетіліктеріне бағындыруға
болады. Олар бір күндіктен бірнеше айларға дейін, көп жағдайларда - қысқа
мерзімге жасалады. Репо артықшылықтары тым жоғары емес тәуекелділік,
өйткені олар мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтылған.
Евродоллар нарығындағы қарыздар.
Евродоллар нарғынан қарыз алу - ірі коммерциялық банктер алуға болатын
пассивтерді басқару инструменті және елден тыс филиалдары бар немесе жоқ
банктер қолданады. Евродолларларды келесі түрмен анықтауға болады. Бұл -
АҚШ доллары түріндегі және АҚШ тыс, америкалық банктердің филиалдарын
қосқандағы коммерциялық банктерде сақталатын салымдар. Көрсетілген операция
негізінде АҚШ салымдарды иелену шетелдік қаржылық ұйымға өтеді, ал
соңғысында АҚШ долларымен өтелуге тиіс міндеттеме пайда болады.Бұл жағдайда
АҚШ жиынтық салымдар өзгерісіз қалады, бірақ шет елде жаңа АҚШ -
евродоллары түрінде депозитік міндетеме пайда болады.
Осылай, өтімділіктің қарастырылған критерийларының ішінде, ең көп
тараған көзқарас банктің өтімділігін динамикалық жағдай ретінде анықтау, ал
төлемділік қабілетін белгілі бір мерзімдегі жағдай ретінде және банктің
міндеттемесін осы мерзім ішінде өтеуін білдіреді. Төлемділік қабілеттілігі
пен өтімділіктті, бұлай анықтауда банк бөлек кезеңдерде өзінің төлем
міндеттемелерін орындамауы мүмкін, бірақ өтімділігін жоғалтпайды. Бір
мезетте өтімділікті жоғалту, сол мезетте төлем қабілеттін жоғалтуды
білдіреді.
Банктің өтімділігін жоғалту салдарынан төлем қабілетінің жоқтығы
келесіні білдіреді, біріншіден, банктің өзіне алған міндеттемелерін жабу
үшін ішкі көздерді табу мүмкіндігінің жоқтығы, екіншіден, бұл мақсатқа
сыртан жабу көздерді тарта алмаушылығы.
2. Коммерциялық банктің өтімділігін бағалау және сенімділігін талдау
2.1. Өтімділікті басқару көрсеткіштері
Өтімділікті басқару үшін банктердің күнделікті жұмысы клиентер
алдындағы міндеттерін орындау арқылы, банктің өзін-өзі сақтауына
бағыталған. Ұйымдастырушылық көзқарас бойынша белгілі бір көрсеткіштерде
бекітілген балантың активтер мен пассивтернің статьялары мен жеке
топтарының қатынасуын сақтауды көздейді. Мұндай көрсеткіштер сыртқы және
ішкі болып бөлінеді.
Сыртқыларға, Ұлттық банк, өз күшін жоғалтпаған заңға байланысты
құрылған көрсеткіштер жатады. Олар коммерциялық банкі мемлекеттк басқаруды
білдіреді. Ал ішкілеріне келетін болсақ, мемлекетік функцияға сәйкес
банктің қаржылық тұрақтылығы үшін ең жақынырақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz