Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Әдебиетке шолу . . . 6
1. 1 Арпа дақылына сипаттама . . . 6
1. 2 Арпа систематикасы . . . 10
1. 3 Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар . . . 21
1. 4 Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі . . . 25
1. 5 Суармалы жерлерге арпа өсімдігінің бейімделуі . . . 31
2 Зерттеу әдістемесі . . . 39
2. 1 Өсімдіктердің куаңшылыққа төзімділігін анықтау және арттыру әдістері . . . 39
2. 2 Құрғақшылыққа төзімділікті анықтайтын тура және жана әдістері . . . 39
2. 3 Егу алдындағы құрғақшылыққа қарсы шынықтыру . . . 43
2. 4 Арпа дәнін өсу энергияснда құрғақшылыққа шыдамды ету және
өңгіштігі . . . 46
3 Зерттеу нәтижесі . . . 50
3. 1 Шынықтырылған арпа дәнінің өсу энергиясы мен өңгіштігі . . . 50
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Арпа дақылы бірден бір қолайлы дақыл қатарына жатады. Мал шаруашылығы дамыған елдерде жүгері, бидай, сұлы, тары дақылдармен қатар оның мал азығындық, азық-түліктік және техникалық маңызы да орасан зор. Үлкен аймақты алып жатқан, табиғи жайылымдықтар табиғи байлықтардың негізгілердің бірі оның негізінде шаруашылықтар тұрақты түрде мал өнімдерінің өсуіне қол жеткізуде сапалы әрі жоғары мал өнімдерін алушы мал азығының алатын орны ерекше. Олардың негізгі жем-шөптің дәнді дақылдар құрайды. Оның ішінде арпа дақылы құрғақ климатта белокты мол түзеді. Бидай сұлы мен қара бидай дақылдарға қарағанда арпа дәнімен сабаны әлде қайда құнды.
Арпа белогында 20 дан астам аминқышқылдар болса оның 8 -і өте бағалы. Арпа азық-түлік ретінде де аса құнды, жармалық дақыл оның дәнінен кофе сурогатын дайындайды. Ол шөл қандыру қасиетін бойынша ересек адамдарға өте тиімды. Арпа дәні сыра өндірісінің негізгі шикізаты болып саналатын. Арпа дәннің өңдеу өндірісінің қалдықтарын сабан шөптерді сүрлеу үшін қамыр ашытқылары ретінде пайдаланады.
Осы ашытқыларды қолданса өнімдердің түсі әдемі болып келеді, сыра дайындау өңдірісінің арнайы арпа сорттарын ғана пайдаланады. Арпаның агротехникалық рөлі ерекше зор. Арпа егісі де фитосанитарлы ретінде арам шөптердің жойылуына жағдай жасалады. Ол көп жылдық шөптерде бүркеме дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде жылдам өсіп топырақ бетінде көлеңке түсіріп, тұзданудан сақтайды. Көп жылдық шөптердің жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсу дәуірінің қысқа болуына байланысты арпа ерте жиналады, ал көп жылдық шөптерді күзге дейін тағы бір рет орып алуға болады. Таза арпа егілген арпаны орып, бұл жерлерге тиімды себу мерзімі жаз айларына тура келетін тары егіп, екінші өнім жинауға мүмкіндік туады. Дақыл өнімін арттыру үшін егіншілік мәдениетін көтерумен қатар, сапалы сорттап егудің маңызы да орасан зор. Ал, экологиялық қолайсыз аймақ үшін жергілікті селекций сортын өсіру бірден- бір қолайлы шара екені белгілі, әлемдік тәжірибе де бұл шараны қуаттайды. Селекция жұмыстарын жүргізу үшін негізгі фондарды таңдап алудың маңызы орасан зор.
Өсімдік шаруашылығының әртараптандыру бағдарламасы аясында, су тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың негізгі бағыттарының бірі құрғақшылыққа шыдамды дәнді дақылдар егісінің көлемін арттыру болып табылады. Дәнді дақылдардың аралығында мал - азықтың дәнді дақылдардың, оның шінде арпанның маңызы орасан зор, оның үстіне аймақ климатының құрғақ болып келетін бұл өңірде өскен.
Ғылыми жаналығы . Қазіргі кезде қуаңшылыққа және тұзды топырақты аймақтарға төзімді арпа дәндерінің сорттарын көбейту қолға алынып отыр. Сонымен қатар селекцияда арпа сорттарының сапасын арттыруда түрлі әдістер қолданылуда. Себебі арпа дәні ауыл шаруашылығында қажетті өнімі болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы .
Зерттеу жұмысымда арпа дәнінің өсу энергиясында құрғақшылыққа шыдамды ету арқылы шынықтырған арпаның құрғақшылық жағдайында өсу энергиясымен өңгіштігінң артатынын байқадым. Практикалық маңызы өте зор. Практиканы жүргізу барысында әртүрлі арпа сорттарын анықтауымызға болады. Арпа бұл азық-түліктің және мал шаруашылығында, шикізат өнеркәсібінде бірден-бір бағалы дән болып табылады.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты -өсу энергиясында құрғақшылыққа шыдамды ету және өңгіштігін анықтау. Арпа дәндердің егу алдында құрғақшылыққа қарсы шынықтыру өсу энергиясын жоғарылатып өңгіштігін арттырып қуаңшылыққа шыдамды етеді. Қазақстан Республикасында дала, шөл-шөлейт, орманды дала аймақтары кездеседі. Осы қуаншылық аймақтарда арпа дақылының отандық селекция сорттарын сынақтан өткізу олардың өсіру технологиясың жетілдіру.
Жұмыстың міндеттері.
1. Қуаңшылыққа бейімділік қасиеті жоғары сорттары мен будандарын
анықтау.
2 . Дәнді -дақылдардың өсуі мен дамуын есептейтін ылғал тапшылығы,
температура ауытқулығы, қуаңшылық пен аңызақ, топырақтың
тұздануы мен қарашірігінің жетімсіздігі және тағы басқа табиғат
климат жағдайларына жақсы бейімделген және аудандастырылған
сорттарды өсірудің тәсілдерін жетілдіру.
3. Әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында
көрсетілгендей, егіс өнімін арттыру, сапалы жаңа сорттар шығару,
егін шаруашылығына озық технологияларды кеңінен қолдану.
4 . Шығынды аз жұмсап сапалы әрі мол өнім алу.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Арпа дақылылына сипаттама
Арпа - мал азықтық құнарлы дақыл. Малдың барлық түрі де сүйсіне жейді. Оның дәнінде 7 - 15% белок, 65 % азотсыз экстрактивті және майлы қосылыстар бар. Елімізде жаздық арпа кең таралған, ол басты бағалы дақыл ретінде және мал шаруашылығы үшін егіледі. Арпа дәнінің тамақ өнеркәсібінде маңызы зор, одан ұн, жарма, спирт алькаголды және дәрі шығаруда қолданған кейбір күрделі экстрактылар алуға, тоқыма және тәтті тағамдар өндірісінде пайдаланады.
Арпа ұнында клейковина болмағаңдықтан таза күйінде нан пісіруге жарамайды; бірақ оны қарабидай мен бидай ұнына араластырып, нан пісіруге болады. Арпа - мал үшін әсіресе шошқа үшін аса бағалы құнарлы азық болады. Арпа ұнымен шошқаларды бордақылаған кезде олардың майы тығыздала түседі және дәмі жақсарады. Оңтүстік аудандарда арпа жылқы үшін бағалы жем болады. Арпаның дәндері сыра қайнату өнеркәсібі үшін шикізат болып табылады. Арпа еліміздің барлық жерінде дерлік егіледі. Арпа егісінің көлемі жағынан Украина бірінші орын алады. Арпа Қиыр Солтүстікте бірден-бір азық-түліктік дақыл есебінде егіледі.
Биологиялық ерекшеліктері. Дәнді дақылдардың ішінде арпаның вегетация дәуірі ең қысқа болады, сондықтан оны алыс солтүстікке де егуге болады. Арпа жылуды көп талғамайды. Оның тұқымы 1-2° жылылықта өнеді. Көктемгі суықтан арпаның өнімі зақымданбайды. Арпа ылғалды үнемдірек жұмсайды, осыған байланысты ол қуаңшылыққа төзімді келеді. Алайда көктемгі қуаңшылықты арпа, сұлыға қарағанда, нашар көтереді, бұл оның тамыр системасының нашар дамуынан болады. Арпа аңызаққа біркелкі шыдамды келеді. Қуаңшылыққа төзімділігі арқасында оңтүстік-шығыста арпа, жаздық бидай мен сұлыға қарағанда, түсімді молырақ береді.
Арпа топырақ талғағыш, бұл оның вегетация дәуірінің қысқалығына, тамыр системасының нашар дамуына және қоректік заттарды сіңіру қабілетінің кемдігіне байланысты болады. Дамуының алғашқы кезінде арпа топырақтан қоректік заттарды тез қабылдайды. Өніп шыққаннан бастап түптену аяқталғанға дейінгі мерзімнің ішінде, арпа топырақтан бүкіл вегетация дәуірінде тұтынатын фосфор қышқылының тең жартысын, калий тотығының төрттен үшін қабылдайды. Арпаның биологиялық бұл ерекшеліктері топырақта қоректік заттардың сіңірілетін түрде мол болуын қажет ететінін көрсетеді. Арпа үшін саздақ топырақ қолайлы келеді. Арпа ауыр топырақтарда да өсе береді, бұл - оның жаздық бидайдан айырмашылығы. Арпа үшін қышқыл және батпақты топырақтар жарамсыз болады, арпа өсіру үшін ондай топырақты алдын ала известеу керек.
Климат және топырақ жағдайлары арпа дәнінің химиялық құрамына үлкен әсер етеді. Ылғалды аудандардың бұлыңғыр ауа райы дәнде крахмалдың жиналуына; күншуақ, құрғақ ауа райы, мұның керісінше, белоктардың жиналуына қолайлы жағдай туғызады. Осыған байланысты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жылжыған сайын арпаның дәніндегі белоктардың мөлшері, ал мұнымен бірге оның азықтық сапасы арта түседі. Солтүстік-батыс аудандарда өсетін крахмалы көп арпа дәні сыра қайнату өнеркәсібі үшін бағалы шикізат болады.
Ботаникалық әртүрлілігі және сорттары. Арпа да бидай сияқты, ертеден-ақ өсіріле бастаған дақылдардың қатарына жатады.
Ботаникалық жағынан арпа өте алуан түрлі болады. Негізінде арпаның екі түрі егіледі. Олар: қос қатарлы және көп қатарлы арпалар деп аталады. Бұлардың арасындағы айырмашылық масақ өзегінің әрбір бунағында орналасқан, жетілген масақшалардың санына байланысты болады. Қос қатарлы арпада масақ өзегінің әрбір бунағына орналасқан масақшалардың тек ортадағысы ғана жетілген болады, ал бүйір жағындағы екеуі жетілмейді; көп қатарлы арпаның масақ өзегінің әрбір бунағына орналасқан масақшаның үшеуі де жетілген болады. Қөп қатарлы арпа төрт қырлы және алты қырлы болып бөлінеді.
Арпа түрінің тіршілік ету формалары көп, олар дәндерінің түсіне және қылтанақтарының тіс-тіс болып келуіне байланысты ажыратылады. Бұлардың ішінде төртеуінің маңызы зор, олар: көп қатарлы арпалардан Паллидум (дәнінің түсі сары, қылтанақтары тіс-тіс болып келеді), қос қатарлыдан Нутанс (дәнінің түсі сары, қылтанағы тіс-тіс), Медикум (дәнінің түсі сары, қылтанағы тегіс) және Персикум (дәнінің түсі қара, қылтанағы тегіс) .
Бұл аталғандардың бәрі де қауызды арпаға жатады. Бұлармен қатар Нудум түр тармағына жататын жалаңаш дәнді, қылтанақсыз арпалар да бар, бұларда қылтанақтың орнына фурка (қалақша) деп аталатын ерекше пішінді қосымшасы (21-сурет) болады. Бұлар фуркатты (қалақшалы) арпалар деп аталады.
Арпаны әртүрлі салада пайдалану белгілі дәрежеде оның масағының пішініне байланысты болады. Алты қырлы арпалар солод жасауға жұмсалады, төрт қырлылары көбінесе малға жем болады; ал қос қатарлылары сыра қайнатуға және азық-түлікке пайдаланылады. Жарма істеу үшін жалаңаш дәнді арпалар көбірек жарамды болады.
Арпа сорттары вегетациялық дәуірінің ұзақтығы, қуаңшылыққа төзімділігі, дәндерінің ірілігі мен бір тегістігі, қауыздылығы және басқа да қасиеттеріне байланысты алуантүрлі болады, Мемлекеттік сорт сынау комиссиясы СССР-де арпаның 78 сортын аудандастырды. Сорттарды іріктеп алған кезде ауданның топырақ-климат жағдайларын ғана ескеріп қоймай, сонымен қатар арпаның қандай мақсат үшін өсірілетінін де (азық-түліктік, техникалық, малазықтық) ескеру керек.
Ауыспалы егістегі орны. Арпа үшін Ауыспалы егістегі ең жақсы алғы егіс ретінде картоп, қант қызылшасы малазықтық тамыр жемістер, бақша және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар өсірілгені дұрыс болады. Тыңайтылған парға себілетін күздіктерден кейін де арпа өсіру жақсы нәтиже береді. Қара топырақты емес аймақта Малазықтық арпаны жоғарыда айтылған дақылдар өскен жерге егумен қатар көп жылдық шөптерден кейін егу де жақсы нәтижелі болады. Сыра қайнататын арпа дәнінде белоктар көбейіп кетпеу үшін, бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптерден кейін оларды екпеу керек.
Тыңайту. Тыңайтқышқа сезімталдығы жағынан, арпа жаздық бидайдан артық, сұлыдан кем қасиет көрсетеді. СССР-дің оңтүстік облыстарының қара
топырақты және қызыл қоңыр топырақты жерлерінде арпа фосфорлы тыңайтқыштарды аса тәуір көреді. Қара топырақты емес аймақта арпаның түсімін арттыруға фосфор тыңайтқыштарымен қатар азот тыңайтқыштары жақсы әсер етеді. Арпаны жеңіл топырақтар еккенде, сол сияқты топырақтан калийді көп алатын тамыр жемістілерден, күнбағыстан, картоптан және басқа дақылдардан кейін еккен кезде калийлі тыңайтқыштарды да шашу керек. Сыра қайнататын арпаны еккен кезде калийлі тыңайтқыштардың ролі әсіресе арта түседі. Қалийлі тыңайтқыштар дәндегі белоктардың мөлшерін кемітетіндігін көптеген тәжрибелер көрсетті.
Сыра қайнататын арпаны өсірген кезде тыңайтқыштан азотты мүлде шығарып тастаудың қажеті жоқ; тек оның біржақты көп болуынан қашу керек. Малазықтық және жарма жасайтын арпаларды. Өсіргенде азотты тыңайтқыштардың маңызы зор. Олар дәндегі белоктардың мөлшерін көбейтеді, сүйтіп дәннің қоректіліік сапасы мен імалазыіқтық бағасыя арттырады.
Арпаны құрғатылған торфты жерге еккен кезде мысы бар тыңайтқыштар - тотыяйын мен пириттің қағы - жақсы нәтиже береді. Тотыяйын гектарына 25 кг мөлшерінде, ал пириттің қағы 5 ц мөлшерінде шашылады. Арпаны сепкен кезде, тұқыммен бірге гектарына 10-12 кг пайдалы заттары бар түйірленген суперфосфат шашады.
Дәнді дақылдардың ішінде арпа ерекше рөлъ атқаратын солтүстік аудандарда оғап көң төгіледі. Көпшілік жағдайларда көңді оның алдында өсірілген дақылдарға төгеді. Егістікті ластайтын жас көңді, әлі шіріп жетпеген көңді төгуден аулақ болу керек. Арпа арам шөптерден, жаздық бидай сияқты, күшті зақымданады.
Тұқымды әзірлеу және себу. Арпаның тұқымын веялкаларда, сортировкалар мен триерлерде әбден тазартып, сорттау керек. Бір тегіс ірі тұқым тез өнеді, мұнан өскен жас өсімдіктер қуаттырақ болады, тіршілігінің алғашқы кезінде нашар дамитын арпа үшін мұның маңызы аса зор.
Арпа қаракүйеден күшті зақымданады, соңдықтан тұқымды міндетті түрде дәрілеу керек. Сымқұртпен күресу мақсатымен, дәрілегеннен кейін, арпаның тұқымының 1 центнеріне 1 килограмм есебінде 12 проценттік гексахлоран шашу қажет.
Тұқымды яровизациялау арпа түсіміне өте жақсы әсер етеді. Яровизацияланған тұқымды сепкен жағдайда дымқыл әдіспен дәрілеу яронвизациялау кезінде, ал құрғақ препаратпен дәрілеу яровизацияланғаннан кейін жүргізіледі. Яровизациялау 5-7° жылылық температурада, 12-14 күн бойы жүргізіледі.
Себуді кешеуілдетсе арпа, жаздық бидай сияқты, түсімін күрт кемітеді. Оңтүстікке қарай жылжыған сайын кешеуілдетіп себу арпаның түсіміне көбірек әсер етеді. Сондықтан арпаны жаздық бидаймен бір мезгілде себу керек. Швед шыбындары көп тараған аудандарда арпаның тұқымын ерте себудің маңызы ерекше зор, өйткені кеш себілген арпа шыбындардан күшті зақымданады. Тұқымды ерте себу дән сапасын едәуір жақсартады: оның абсолюттік салмағын арттырады, қауыздылығын азайтады және углевод мөлшерін кебейтеді; бұл сыра қайнататын арпа үшін өте маңызды нәрсе.
Арпаны қатарлы сеялкамен себеді. Тар қатарлап себу ең жақсы нәтиже береді. Тар қатарлап себудің сыра қайнататын арпа үшін маңызы ерекше зор, өйткені мұндай жағдайда дәні тегіс және жұқа қауызды болады.
Арпаны (басқа дақылдар сияқты) себу мөлшері жергілікті жағдайларға байланысты анықталады. СССР-дің табиғи зоналарына байланысты бұл мөлшер гектарына 1, 2 центнерден 1, 7 центнерге дейін болады. Сыра қайнататын арпа үшін себудің көбірек нормасын алу керек, өйткені тұқымды жиі сепкен кезде дәндегі крахмал мөлшері артады, белок мөлшері кемиді. Арпаның тұқымы жаздық бидай тұқымы егілгендей тереңдікке егіледі.
Егісті күту. Арпа үшін, әсіресе оның сыра қайнататын сорттары үшін арпаның бір мезгілде пісуін қамтамасыз ететін өнімінің қаулап шығуының маңызы зор. Ал сеялканың алдыңғы шүмектерінен түскен тұқымдар артқы шүмектерінен түскен тұқымдарға қарағанда тереңге сіңіріледі. Ал тұқымды біркелкі тереңдікке сіңіру үшін сеялканың артынан тырма жүргізу керек. Ауа райы құрғақ кезде, егісті жұмыр катокпен таптау керек.
Арпа үстеп қоректендіруді тәуір көреді. Жармалық және малазықтық арпа егістерін жаздық бидайды қоректендіргендегідей үстеп қоректендіреді. Сыра қайнататын арпаны үстеп қоректендіргенде азоттың аса көп берілмеуін ескеру керек.
Арпаны жинау. Жармалық және малазықтық арпаны қамырланып пісуінің ақырында, сыралық арпаны толық пісуінің бас кезінде жинауға кіріседі. Сыралық арпаны біршама кеш жинаудың себебі: жеткілікті дәрежеде піспеген арпадан дайындалған сыраның сапасы нашар болады. Арпаның, әсіресе көп қатарлы арпаның масақтары көп тұрып қалса, сынғыш келеді, бұл үлкен ысырапқа ұшыратады. Бұл ысырапты болдырмау үшін жаздық бидайдың төгілетін жұмсақ сорттарын жинағандай арпаныда қысқа мерзімнің ішінде жинап алу керек.
Еккен кезде агротехника жоғары дәрежеде болса және мезгілінде жиналса, арпа түсімді өте мол береді. Якут АССР-нің Вилюйск ауданындағы Сталин атындағы колхоз арпадан дүние жүзінде бұрын болып көрмеген түсім гектарынан 117 центнерден - алды. Көптеген алдыңғы қатарлы бригадалар гектарынан 50 - 60 центнер түсім алып келеді. Көптеген колхоздар мен совхоздар үлкен көлемді жердің гектарынан 30 - 40 центнерден өнім алып отыр. (Арпаның сыртқы көрінісі 1 суретте көрсетілген)
Сурет 1 Арпаның сыртқы көрінісі
Сурет 2 1-көп қатарлы арпа, 2-қос қатарлы арпа, 3-алты қырлы арпа
1. 2 Арпа систематикасы
Қазіргі уақытта барлық өңделетін арпалар Гордеум сативум түрін құрайды (Hordeum satirum Yessen) . Бұл түр дәндерінің жемісті қалыпты дамыған масақтардың сонымен, масақ сабағында бір шоқтарда ауыса орналасуына байланысты 3 тармаққа бөлінеді: біріншісі - көпқатарлы арпалар (Subsp. Wlgare L), екіншісі - екіқатарлы арпалар (Subsp. distichum L) және үшіншісі - гектермедиялық, аралық арпалар (Subsp. intermedium vav et Orl) .
Көп қатарлы арпаларда әрбір масақты сабақтың шығыңқыларында үш жемісті масақшасы болады. Екі қатарлы арпада әр масақта орташа жемісті (дән) масағы болады.
Интермедиялық, аралық арпаларда болса жемісті масақшалардың саны әртүрлі - бір, екі немесе үш. екі қатарлы арпалардың түрлі формалары өңделеді. Бұл екі түрлі арпаны тек масағымен ғана емес, сонымен қатар дәндерімен де ажыратуға болады: екі қатарлы арпалардың дәндері тек біртегіс, ірі, ұзындығы мен ені бірдей болады; ал көп қатарлы арпалардың дәндерінің формалары мен көлемдері әр түрлі болады, ал жерде масақтың орташа масақшаларынан алынған біртегіс дәндермен қатар шеткі масақшалардан алынған қисық дәндер де бар, олардың арақатынасы яғни қисықтың біртегіске екіден бірге өте жақын.
Қазақстандағы арпалардың түрлері
Гордеум сативум арпаларының барлық түрі ВО түрден аса тармақшалармен көрсетілген. Арпа тармақшаларын масақтың айқын байқалатын көрсеткіштері бойынша ажыратады, оларға мыналарды жатқызады: 1) жалаңаш немесе қабыршақты дән; 2) жалаңашдәнді арпалардағы дәннің түсі (болуы) ; 3) өстердің сипаттамасы: ұзын өстер, қысқа, өстердің жоқ болуы немесе оның орнына фуркалар; 4) тегіс немесе кетілген (зазубренные), қара немесе сары өстер; 5) масақтың түсі: сары, қара, қоңыр; 6) масақтағы қабыршақтардың тар немесе кең; 7) масақ тығыздығы: бос, борпылдақ, тығыз және өте тығыз.
Масақтың ұсақ белгілері: дәннің негізгі қылшығы - түкті немесе қылшықты, жүйкеленуі тегіс немесе кетілген және т. с. с. сонымен қатар өсімдіктің вегетативті органдарының белгілері - тез пісетін, кеш пісетін (кешжетілетін), ұзын, ергежейлі, жапырақтары ұзын немесе қысқа және т. с. с. бұл белгілердің барлығы тармақшалардың ұсақ систематикалық бірлігін ажыратуға қолданылады.
Қазақстан Жер өңдеу институты қазіргі уақытта еліміздің территориясында 13 түрлі арпаны анықтады.
Ол түрлер (тармақшалар) мыналар:
І. Көпқатарлы арпалар - H. Vulgare L.
А. Қабыршақты арпалар.
1. Паллидум
2. Рикатензе
3. Параллелюм
4. Пирамидатум
Б. . Ашық тұқымды арпалар .
5. Целестә
6. Гималанензе
7. Ревелетум
8. Анкоберензе
ІІ. Екіқатарлы арпалар - H. Distichum L.
А. Арпалар
9. Нутанс
10. Мядикум
11. Эректум
Б. Жалаңашдәнді арпалар
12. Нудум
ІІІ. Жабайы арпалардан Қазақстанда кездесетіні
13. Спинтанеум
Аталған 13 түрлі арпаның далалық егістікте ең көп тарағандары, көп қатарлыдан «Паллгидум», ал екі қатарлыдан «нутанс». Бұл екі түрлі арпалар колхоздармен совхоздағы егістіктердің барлығына жуығын құрап отыр. Қалған түрлер болса егістікте әр түрлі дәрежедегі қоспа ретінде ғана кездесіп отырады.
Жабайы арпалардың Қазақстанда бір түрі көрсетілген - «спатанеум», арпаның бұл формасы өз бетімен көбейеді, яғни пісіп жетілерден алдын дәннің масақтары жерге түседі; бұлар Оңтүстік Қазақстан облысында көбінесе Бостандық ауданында және анда - санда өте сирек көршілес аудандарда да кездеседі.
Қазақстанда ең басты болып яровые арпалар өңделеді, тек Оңтүстік Қазақстан облысында Бостандық ауданының өзінде тек бір паллидум түрінің өзимді арпалар егіледі. (Арпа сортары паллидум, нутанс сурет 2, 3, 4-те көрсетілген)
Сурет 2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы паллидум арпа сорты.
Сурет 3 Нутанс арпа сорты.
Сурет 4 нутанс арпа сортының дәні.
Арпа сорттарын анықтаудың белгілері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz