Ағаш бұтақтарын дұрыс кесу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ӘСЕМДІК ҮШІН АШЫҚ АЛАҢДАРДА, САЯБАҚТАРДА, ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ӨСІМДІКТЕР
1. 1 Үй іргесіне, көшелерге егілетін сәндік ағаштарға және бұталарға жалпы сипаттама және олардың классификациясы . . . 6
1. 2 Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын қылқан жапырақты ағаштар. .
1. 3 Сәндік үшін өсірілетін ағаштар . . .
1. 4 Үй іргесіне, көшелерге егілетін сәндік ағаштардың және бұталардың агротехникасы . . . 11
1. 5 Аулада өсірілетін гүлдерге жалпы сипаттама . . . 17
1. 6 Аулада өсірілетін гүлдердің агротехникасы . . . 28
2 БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІ
2. 1 Бөлмеде өсірілетін өсімдіктерге жалпы сипаттама . . . 40
2. 2 Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы . . . 46
2. 3 Бөлме гүлдерінің зиянкестері мен аурулары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71
ҚОСЫМША . . . 72
КІРІСПЕ
Тақырыптың актуальдылығы
Өсімдік - табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол- тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал азықтық, дәрілік қасиеттері бар сан алуан өсімдіктердің өзі табиғи ресурстардың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да олар өндірісте, тамақ өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады. Ауыл мен қалаларды көгалдандыруға тигізетін пайдасы қаншама?!
Өсімдік - өмір өзегі деп бекер айтылмаған, олардың саялы көлеңкесі мен ауаны тазартатын қасиетінен басқа адамзат тіршілігі үшін пайдасы ұшан-теңіз. Адамдар мен жануарлардың тыныс алуына оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алуы үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауа қабатына оттегін бөліп шығарады. Мұндай заттар әсіресе қарағайлардан бөлінеді.
Өсімдіктер айналадағы ауаны жақсартады: ауа райын салқандатып, қатты желге тосқауыл болады, аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.
Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Тыным бақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады. Сондай-ақ, өсімдіктер айналадағы шуды бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар немесе әсемдік бұталар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады.
Жасыл өсімдіктер суды буландыру арқылы ауаны ылғалдандырады, желге тосқауыл болады. Сондықтан адамдар оларды елді мекендерді көгалдандыруға пайдаланады. Қалалар мен ауылдардың ауасын оттегімен байыту үшін, аулалар мен көшелерді, демалыс орындарын көгалдандырудың маңызы өте зор.
Адам саны тығыз және өндіріс орындарынан, машиналардан шыққан түтіндер мен зиянды газдардан ауа ластанатындықтан, қалаларда алуан түрлы ағаштар, бұталар отырғызу жұмыстарына мән беріледі [1] .
Мақсаты:
- сәндік мақсаттағы өсімдіктерді көбейтіп, жасыл желекке айналдыру:
- қоршаған ортаны ластанудан (жел, эрозия, шаң-тозаң) қорғау, ауаны зиянды заттардан тазарту.
Міндеті:
-отырғызылатын өсімдіктердің орнын дұрыс таңдап, анықтай білу;
- ол өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері мен сол ортаға төзімділігін анықтау.
Білуі керек:
- агро техникалық шараларды;
- әрбір өсімдіктің көбеюі мен отырғызылу ерекшелігін және маңызын.
1 ӘСЕМДІК ҮШІН АШЫҚ АЛАҢДАРДА, САЯБАҚТАРДА, ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ӨСІМДІКТЕР
1. 1 Үй іргесіне, көшелерге егілетін сәндік ағаштарға жалпы сипаттама және олардың классификациясы
Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасы мен әсері, сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық ерекшеліктерімен қатар сол ортаға төзімділігі ескеріледі.
Мысалы, тал, терек, қайың, жөке, шаған, үйеңкі, мойыл, шетен - ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Ал балқарағай, қарағай, үйеңкі, тал, шаған, жиде, шегіршін, алма ағашы, долана, сары өрік, емен, сүйелді қайың, қарағаш, мойыл тұт ағашының қай-қайсысы болмасын жарық аз түсетін жерде гүл ашып, жеміс беруі қиын.
Олардың қатарына шырғанақ, жыңғыл, сирень, тобылғы т. б бұталарды да жатқызуға болады.
Жөке, аткаштан, татар үйеңкісі, ырғай, шетен, грек жаңғағы табиғи бейімделген ортасына орай көлеңкелі жерде өседі.
Жіңішке жапырақты жиде, Беггер итмұрыны, қарақат, сары қараған, жыңғыл сортаң топырақты жерлердің үйреншікті өсімдіктері.
Үй іргесіне, көшелерге, парктерге егілетін ағаштар мен бұталар ауаны оттегімен байытады. 1 гектар жердің ағашы сағатына 8 кг көмір қышқылын сіңіріп, 8 кг оттегін бөліп шығарады екен. Соның арқасында ауаны зиянды газдар мен түтіннен, шаңнан тазартады. Отын жанғанда бөлініп шығатын түтіннің құрамындағы күкіртті газ ауада тотығып, күкірт қышқылына айналады. Ал күкірт қышқылы өте зиянды, ол тыныс органдарының кілегей қабығын қабындырады. Әсіресе, қалалы жердегі шаң-тозаң, зиянды түтін, улы газдармен күресудің бірден-бір тиімді жолы ағаштар мен бұталарды көп отырғызу.
Ағаштар мен бұталардың шаң ұстауы (тұтуы) мен улы газдарды сіңіруі бірдей емес. Жапырақ тақтасы неғұрлым жабысқақ, жылтыр, сәл кедір- бұдырлы болса соғұрлым шаңды жақсы ұстайды. Мұндай ағаштарға жататындар: қарағаш, шегіршін, емен, қайың, бальзам терегі, европа жөкесі, сары өрік. Кейбір ағаштар ластанған ауаға төзе алмайды, мысалы, сибирь шыршасы, канада шыршасы, аткаштан, шетен, кәдімгі қарағай, кәдімгі шаған.
Ағаштар мен бұталардың кейбір түрлері ауаға зиянды микробтарды өлтіретін улы зат пен эфир майын бөледі. Мұндай өсімдіктерге емен, кәдімгі қарағай, шырша, сарыағаш, грек жаңғағы жатады.
Бір гектар жердегі қылқанды жапырақты орман тәулігіне атмосфераға 4 кг фитонцидті қасиеті бар органикалық зат бөліп шығарса, жалпақ жапырақты орман 2 кг органикалық зат бөледі.
Жасыл желектердің тағы бір ерекше қасиеті тікелей түсетін күн сәулесінен қорғауы. Жаз айларында 40 0 -қа жететін ыстықта өсімдіктер көлеңкесі температураны реттейді. Ағаш көлеңкесінің тұтасып түсуі олардың бөрік басына және жапырақтарының жиі немесе сирек орналасуына байланысты. Аптап ыстықта ағаштардың саясында отырған адам салқындықты сезінеді. Бұл өсімдік жапырақтарының суды буландыруының нәтижесі. Бір жылда бір гектар жердің ағашы 1-3, 5 миллион килограмға дейін су буландырады екен [1] .
Қоршаған ортадағы сәндік үшін өсірілетін көпжылдық және маусымдық өсімдіктер: ағаштар, бұталар, жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер болып бөлінеді.
Ағаш - ерекше көзге түсетін жуан дің-сабағы және одан жуанды-жіңішкелі бұтақтар шыққан кронасы бар өсімдіктер.
Ағаштың негізгі дің-сабағының биіктігі 7 м-ден (арша) 150 м-ге дейін (эвкалипт пен секвоия) барады. Ағаштың 60-70 пайызы дің-сабағын, 20 пайызы бұтағын, 5-20 пайызы тамырын құрайды. Ағаштар 50 жылдан 15000 жылға дейін жасайды.
Бұта - бір тұқымнан өсіп шыққан өсімдік сабағы тамырдың мойын түбінен бастап-ақ тармақтанып, түптеніп, топ-топ болып өседі. Бұлардың әрбір жеке сабақтары ұзын-қысалығы, жуан-жіңішкелігі жағынан біркелкі болады. Оларда ерекше көзге түсерліктей негізгі жуан дің-сабақтары болмайды (тобылғы, жыңғыл, боз қараған, итмұрын т. б. ) . қазақстан территориясында мұның барлық түрі де өседі. Бірақ оның бір жерінде өскен түрі екінші түрде өспеуі мүмкін.
Жартылай бұта . Жартылай бұта сабағының түп жағы сүректеніп, ұшы шөптесін күйінде қала беретін өсімдіктердің бір тобы. Жартылай бұтаға әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің көп түрлері жатады. Мысалы: қара жусан, дәрмене, ақ қаңбақ т. б жатады.
Шөптесін өсімдіктер - жер бетіндегі сабағы онша сүректенбейтін және вегетациялық жәуірінің соңында жемісінен (тұқымынан) басқа органдары қурап қалатын өсімдіктер.
Өсімдік айналасындағы әр түрлі жағдайлардың әсерінен болатын шуды бәсеңдетеді. Шу адамның жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Жалпақ жапырақты ағаштардың бөрік басы (кронасы) 26 процентке дейін шуды басатыны анықталған. Неғұрлым аласарақ болса, соғұрлым дыбысты жақсы бәсеңдетеді. [7]
Осыншама маңызы зор ағаштар мен бұталардың тұрмыста көбірек кездесетін кейбір түрлерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Терек (Populus-Тополь) - қала мен дала сәні. Қосжарнақтылар класына жатады. Терек туысының 110-ға тарта түрі бар, олар: Сібір немесе бальзам терегі, бермен терегі, ақ терек, Канада, қара, симан немесе қытай терегі т. б. Бұлар бір-бірінен биіктігі, бөрік басының пішіні, дің қабықтарының түсі, жапырақ пішіндеріне қарай ажыратылады. Теректер екі үйлі өсімдік, олай делінетін себебі, аталық гүлдері бір өсімдікте болса, аналық гүлдері екінші өсімдікте, яғни бір түп теректе тек аталық гүлдер шығады, ал екінші түпте аналық гүлдер шығады. Бірнеше аталықтан тұрады, олардың түп жағын қиғаш воронкаға ұқсас-бокал тәрізді орган - диск қоршап тұрады. Аналығы біреу болады. Теректің биіктігі 15-20 метр, жарық және ылғал сүйгіш, әсіресе өзен жағаларында жақсы өседі. Тамыр жүйесі өте жақсы дамыған, кіндік тамыры 3-6 м тереңге кетеді, жанама тамырларының аумағы 12-15 метр жерге дейін тарамдалып жайылады. Теректер жапырақ жармай тұрып гүлдейді. Желмен тозаңданады.
Аналық сырға гүл шоғырының ұзындығы 3-5 см, қою жасыл түсті, аталық сырға гүл шоғырының ұзындығы 10-12 см, қызғылт сары түсті. Терек өте биік өсетін ағаш, 1 жылда 1, 5 метрге дейін, 6 жылда 4 қабатты үйдің биіктігіне дейін ұзарады. Ауадағы көмір қышқылын сіңіруде чемпион атанған ағаштардың бірі. Оған қоса, теректің жапырақтары мен бүршіктерінде ауадағы зиянды микробтарды өлтіретін фитонцидтер болады. Терек өскен жердің айналасындағы ауа өте таза болады. Сондықтан көшелерге, парктерге, үй іргесіне егіледі. Желден қорғау мақсатында егістіктің айналасына да егеді.
Қайың (Betula-Береза) - қосжарнақтылар класына жататын, ақ түсті қабығымен ерекшеленетін, көпжылдық, әдемі ағаш. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекше. Табиғатта қайыңның 40-60 түрі таралған. Елімізде қайыңның негізінен 3 түрі өсіріледі. Олар: иілгіш, майда жапырақты және түкті қайың. Гүлшоғыры сырға тәрізді, дара жынысты. Қайыңның биіктігі 12-25 метрге дейін жетеді, жарық сүйгіш өсімдік. Ал көгалдандыруда қайыңның 1, 5-3 м аспайтын бұтақты, қызыл жапырақты, бұтағы құлап өсетін секілді сұрыптары қолданыста. Қайың табиғаттағы әдемі ағаштардың бірі. Оны орман ханшасы деп атайды. Олай атауының себебі - қайыңның қабығы ақ түсті, өте нәзік үлбіреген жұқа, нәзіктік пен әсемдік символы ретінде әйгілі. Сондықтан да оның жәй түрлерінің өзі ерекше болып саналады. Бұтағы мен діңі берік, шымыр ағаш. Ал жас қайыңдарда діңнің қабығы жылтыр, тегіс, нәзік, тез сылынғыш болады. Бүршіктерінің сырты жабысқақ шырышты. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады.
1. 2 Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын қылқан жапырақты ағаштар
Қарағай (Pinus-Сосна ) - қылқанжапырақтылар класына жататын мәңгі жасыл ағаш. Ол мәңгіліктің, ұзақ ғұмырдың, шексіздіктің символы. Қылқан жапырақты ағаштардың ішіндегі ең ежелгі тұқымдастарға жатады. Барлық түрлері бір үйлі - қарама-қарсы жынысты бүрлер ағашта дами береді. Көгалдандыруда қарағайлардың алатын орны зор.
Қарағайдың бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады.
Көгалдандыруда қарағайдың “Mors” деген түрі жиі қолданылады. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Пішіні шар тәрізді. “Mini mors” қарағайы 0, 5 метр биіктікке бойлайды, пішіні жастық секілді. Жалпы қарағайдың тағы бір ерекшелігі - жоғарыға емес көбінесе жан-жағына қарай көлемдеп өсетіндігінде. “Grom” - қарағайдың бұтақты түрі. Биіктігі 2 метр болады. Көлемі ара тәрізді, қылқанды қою жасыл түсті. Бұтақтарындағы қылқандары 5-7 см, 1 см-лік қылқанды түрлері де кездеседі. Қарағайдың осы түрі қырқуға төзімді, яғни оны пішіндеп, биіктігін реттеп отыруға болады.
Қарағай өскіндері екі түрлі - ұзын және қысқа, қылқандары мәңгі жасыл, екі-екіден шоқтана орналасады, үстіңгі беті дөңестеу, қою-жасыл түсті, астыңғы жағы ойыстау, ұзындығы 4-7 метр. Олар ұзын, өте жіңішке, ұшы үшкір, сондықтан оларды “ине” деп те атайды. Қылқандар екі-үш жыл өмір сүреді. Бір ағашқа жекелей орныққан гүлдері дара жынысты, тығыз гүл шоғырына жиналған. Екі аталықты, тозаңы гүлдері ұзын өркендердің бас жағына көптеген масақтарға топтасқан. Аналық гүл шоғыры сопақ, тік тұратын бүршіктер, түсу кезеңі екі жылға созылады. Пісіп-жетілген кезде сұрғылт-қоңыр түсті, барынша үлкен, ұзындығы 1, 5-2 см болады. Қарағай мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-тамызда жеміс салады. Мамыр-маусым айларында сары түсті аталық масақша, қызыл түсті аналық бүрі жетіледі. Аналық гүл бүрі ұзынша жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 3-7 см, ені 2-3 см, тыңғыз орналасқан қабыршақтары бар. Тұқымы қанатты, көктемде тозаңданады, тозаңы өте жеңіл болады. Жетілген бүршіктер тек бір жылдан соң түседі, сондықтан жас кезінде бір ағаштан осы жылғы ұсақ та жасыл бүршіктерді, сонымен қатар піскен тегіс, қоңыр түсті өткен жылғы бүршіктерді және сұрғылт, тұқымы шашылып кеткен, желмен тарлып үлгерген үш жылдық бүршіктерді көруге болады.
Еліміздің табиғатында қарағайдың жай қарағай және балқарағай деген екі түрі бар.
Балқарағай туысының 20-ға жуық түрлері бар, солардың ішінде Қазақстанда көп тарағаны сибирь балқарағайы.
Бұл өте ірі ағаш, биіктігі 40 метрге жетеді. Жас кезінде бөрік басы жіңішке конус тәрізді қысыңқы болса, жыл өткен сайын бұтықтары жайылып бөрік басы кеңиді.
Балқарағай қылқанжапырақтылардың ішіндегі қыс мезгілінде жапырақ түсіретін өсімдік. Діңінің қабығы қалың, қызғылт-қоңыр түсті, қылқандары жұмсақ, ақшыл түсті таныс саңылаулары қылқан жапырақтарының астыңғы жағында қатар түзе орналасады. Балқарағайдың қарағай мен шыршадан айырмашылығы қылқан жапырақтары ұзарған өркендерінде кезектесіп, қысқарған өркендерінде 20-40-тан топтасып орналсады. Мамыр айында гүлдейді. Бір үйлі өсімдік. Бүрлері майда (ұзындығы 1-10 см) цилиндр тәрізді, қысқарған өркеннің ұшына бекініп тұрады. Жас бүрлері жасыл немесе қызғылттау, пісіп-жетілгені қоңыр. Бүрлері бір жылдың ішінде дамып жетіліп, тұқымдары қыркүйекте босап шашылғанымен бүрлер бұтақ басына ілініп бірнеше жыл тұра береді. Тұқымдары өте майда, ұзындығы 3-6 мм, сарғыш-қоңыр түсті, қанатшасы арқылы желмен ұшып таралады, шығымдылығын тез жоғалтады. Жалпақ жапырақтыларға еліктеуші делінетін себебі басқа қылқан жапырақты ағаштар қыста да мәңгі жасыл қылқандарын түсірмей тұрса, балқарағай жалпақ жапырақты ағаштар сияқты жыл сайын қылқандарын түгел түсіріп отырады, күзде сарғыш түске енеді. 400-500 жыл жасайды, тез өседі, 9 жылда 4-5 метрге жетеді, жыл сайын 20 см өсіп отырады. Жарық сүйгіш, суыққа төзімді, күй талғамайды, кез-келген топырақта өсе береді.
Шырша - туысының 50-ге тарта түрі бар. Тянь-Шань шыршасы биіктігі 40-45 м, ені 2 метрге дейін жететін биік, өте әсем ағаш. Сыртқы көрінісі қысыңқы пирамида тәрізді, көлеңкеге өте төзімді. Жас ағаштың қабығы тегіс, сұр түсті, ал ересек ағаш діңдері қоңыр түсті, қыртыстары қабыршақтанып сылынып тез түскіш келеді. Қылқандары 4 қырлы қарағайдікінен қысқа, қою жасыл, өркенге жеке-жекеден (бір-бірден) кезектесіп орналасады, 7 жылға дейін түспейді. Дегенмен жыл сайын шырша қылқандарының 7/1 түсіп, орнына жаңалары шығып толықтырылатындықтан мәңгі жасыл болып көрінеді, 250-500 жыл жасайды. Шырша өте баяу өседі, алғагқы 2-3 жылдан соң негізгі тамыры өсуін баяулатып, жанама тамырлары қаулап өсіп, топыраққа терең кетпей жан-жағына жайылып кең таралады, сондықтан да қатты дауылға төтеп бере алмайды.
Сүрегі ақ, сарғыш, ақшыл қоңыр, ақшыл қызыл түсті, жұмсақ, жеңіл болады. Қарағайға қарағанда шыршаның сүрегінде шайыр аз болады, сондықтан тез шірігіш келеді. Шыршының қабығында илік зат бар, сүрегінен түрлі құрылыс материалдары, музыкалық аспаптар жасалады.
Шыршалар да қарағайлар сияқты өзінің айналасына микробтарды өлтіретін фитонцидтер бөледі, ластанған ауаға төзімсіз, сондықтан бұларды демалыс орындарына, парктерге егеді, суыққа төзімді.
Бұл ағаш басқаларға қарағанда өте тік өседі, әсем, әдемі, алайда өте баяу өседі, оны қырқып құртуға болмайды, үй іргесіне, өндіріс орындарынан алшақтау жерлерге отырғызып, қорғау керек. Қазіргі кезде парктерді көгалдандыру үшін шыршалардың күміс түсті және көгілдір түсті түрлері да көптеп өсірілуде, олардың биіктігі 40 метрге жетеді, шыққан отаны - Солтүстік америка.
1. 3 Сәндік үшін өсіретін бұталар
Бөртегүл (Syringa-Сирень) - зәйтүндер тұқымдасына жататын, көпжылдық, бұтақты өсімдік. Биіктігі 2-4 метр. Бөртегүл гүлдегенде әдемі исі бақты алып кетеді. Сондықтан да оны ауласына өсірмейтін немесе білмейтін адам кемде-кем. Аулаларда көбіне бөртегүлдің жай түрлері, сондай-ақ венгер бөртегүлі және амур бөртегүлі өсіріледі. Таралған аймағы Оңтүстік Шығыс еуропа, Шығыс еуропа, Шығыс және Орталық Азия, Иран, Карпат маңы. Кәдімгі бөртегүлдің жапырағы жүрек пішіндес, тегіс жиекті, өркен бойына қарама-қарсы орналасады. Күз түсерде сарғаймайды. Бөртегүлдің сорттары бір-бірінен жапырақ пішіндері, гүл шоғырлары, гүлдерінің реңдері арқылы ажыратылады.
Табиғатта 30 дан астам түрлері бар. Сәндік үлгіде қолданылатын түрлері-монстроза - ақ гүлді, Паллида сия көк гүлді, Розеа күлгін және сия көк түсті. Көгалдандыруда топталған түрлерін қоршау жасауға қолданады. Бөртегүл отырғызғаннан кейін 5-7 жылдан соң гүлдейді. Жапырақтарының сағағы ұзын, мықты болғандықтан ұзақ уақыт түспей бұтақта бекініп тұрады. Гүлдерінің реңіне байланысты бөртегүлдерді төрт топқа бөледі: ақ, көгілдір, қызғылттау, сия көк түсті. Жабайы өсетіндерінің реңі тек қана сия көк түсті болады. Мамыр айында гүлдейді. Гүлдеу уақыты 3 аптағы созылады. Гүлпарлы немесе жай күлтелі түрлері бір мезгілде гүлдейді. Хош иісті бөртегүл жай бөртегүлдерден 2 апта кеш және 20-25 күн ұзағырақ гүлдейді. Бұл түрдің гүлдері ұсақ, иісі жоқ деуге болады.
Венгер бөртегүлі кәдімгі бөртегүлден биіктеу, одан 8-10 күн кейін гүлдейді, гүлдеу ұзақтығы 15-20 күнге созылады. Жапыратары жылтыр, қою жасыл түсті, сопақ пішіндес. Кей жылдары апырақтарының үстіңгі беті сия көк, астыңғы жағы сары түсті болады. Бөртегүлдердің гүлдері хош иісті әр түрлі реңді болғандықтан үй ауласында, парктерде басқа өсімдіктермен араластырмай, жеке саяжол жасап егеді [1, 7] .
1. 4 Үй іргесіне, көшелерге егілетін сәндік ағаштардың және бұталардың агротехникасы
Ағаштар мен бұталарды күту жолдары . Жалпы өсімдіктердің ішінде бұтақтылар мен ағаштар ерекше күтімді қажет етпейтін топтың қатарына жатады. Жыл сайын оларға топырақ дайындап, отырғызып, ретімен суарып, қоректендірсе болғаны. Алайда бұтақты өсімдіктердің күтімі мұнымен шектелмейді. Ағаштар мен бұталардың өсу биіктігі, гүлдеу мерзімдерін, арақашықтықтарын сақтауды меңгеруде оның күтімін білу маңызды.
Қопсыту. Қопсытудың ең негізгі қажеттілігі - арамшөптерді өрістетпеу. Әсіресе, тамыры ұзын, жайылып өсетін ағаштар мен бұтақты өсімдіктердің жақсы өсуіне кедерге келтіреді. Қопсыту бұтақты өсімдіктер мен ағаштар үшін бірқалыпты жүргізіліп отырғаны жөн. 3 см-ден терең қопсытуға болмайды, себебі енді отырғызылған өсімдіктің тамырына тиіп, кетіп, зақымдануы мүмкін.
Түптеу. Қажеттілігі:
- Жаздың ыстық күндерінде топырақ өз бойындағы ылғалдылықты сақтап тұрады;
- Арамшөптердің өсуі тез тоқтайды;
- Топырақтың құнарлылығы артады, құрамы жақсарады;
-Кейбір түптеуге пайдаланылатын қоспаның құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті минералды заттар болады;
- Қыс мезгілінде өсімдіктің жер астында қалған тамырын сақтауға әсерін тигізеді.
Суару. Ағаштар мен бұталы өсімдіктердің ерекшелігі - өз бойларында ылғалдылықты көпке дейін сақтай алатындығында. Алайда оларды суарусыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, жаңадан отырғызылған көшеттерді молынан суарып отырған дұрыс. Әрбір кішкене бұтаға - 5л, ал үлкендеріне - 20л-ден артық су құю керек. Бұтақты өсімдіктерді суарудың ең тиімді жолы - шлангімен суару. Оларды суарғанда, өсімдікке қатты жақын су құйып, тамырына зақым келтіріп алмауды қадағалау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz