Донордың жатырынан эмбриондарды жуып алу
Қой тұқымдарының аса бағалы генотиптерiн тез арада эмбриондарды тасымалдау
арқылы көбейту
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
II бөлiм. Әдебиетке шолу. 5
II бөлiм. 2. Қолданған әдiстемелер мен материалдар. 20
2.1. Донор мен реципиенттi таңдау. 21
2.2. Суперовуляция және донорларды ұрықтандыру. 22
2.3. Донордың жатырынан эмбриондарды жуып алу. 25
2.4. Эмбриондарды бағалау. 28
2.5. Донордың жыныс циклiне реципиенттiң жыныс циклiн
синхронизациялау. 31
III. БӨЛIМ. 3. Зерттеу нәтижелерi. 33
Қорытынды. 44
IV - бөлiм. Еңбек қорғау. 45
Пайдаланылған әдебиеттер. 49
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қой тұқымдарының аса бағалы генотиптерiн
тез арада эмбриондарды тасымалдау арқылы көбейту.
Жұмыс компьютермен терiлген, жалпы көлемi -бет, 12 - кесте,
суреттен тұрады. Пайдаланған әдебиеттер саны - 22. Өзiндiк зерттеу
жұмысымда дегерес қойлары, қазақтың биязы жүндi және қылшық жүндi
қойларының эмбриондарын трансплантациялаудағы тәжiрибе нәтижелерi
есептелiнген.
Зерттеу объектiсi: Донор ретiнде элита класты дегерес, қазақтың биязы
және қылшық жүндi саулықтары пайдаланылды, реципиент ретiнде екiншi класты
қазақтың биязы жүндi қойлары пайдаланылды.
Жұмыс орны: Жануарлар селекциясы және биотехнология кафедрасы
жанындағы лаборатория, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылындағы
Мади жеке шаруа қожалығы.
КIРIСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маңызды тапсырмасының бiрi - халықты
сапалы етпен және сүтпен қамтамасыз ету. Осыған байланысты мал шаруашылығы
жоғары өнiм беретiн малдарды көбейтуде тиiмдi әдiстердi қолдануды қажет
етедi. Бұл үшiн малды биологиялық ерекшелiктерiне сүйене отырып сұрыптап,
олардың тұқымдық қасиеттерiн үнемi жетiлдiрiп отыру қажет. Сондай аса қажет
ғылымдар саласының бiрi – биотехнология болса, оның iшiнде қазiргi өмiрге
қажеттiсi – эмбриондарды трансплантациялау (ұрпақтарды көшеттеу) тәсiлi.
Эмбриондарды тасымалдау мал басын өз төлiнен өсiрудi қарқындатудың бiрден-
бiр тиiмдi биотехнологиялық әдiсi. Бұл әдiстiң мәнi жаңадан буаз болған
малдың (донордың) жатырындағы эмбриондарды шығарып алып, басқа бiр күйлеген
малдың (реципиенттiң) жатырына апарып салу.
Бұл тәсiл малдың өсiп-өнуi кезiндегi құпияларды ашуға зор көмегiн
тигiзедi, әсiресе тұқым қуалаушылық пен тiрi организмдердiң алғашқы даму
сатысындағы заңдылықтарды бiлуге көп пайдасын тигiзiп қана қоймай, ол
эмбриональдық клондар, химерлер және трансгендi малдарды тездетiп алуға
септiгiн тигiзедi. Яғни, мал ұрпақтарының алғашқы даму кезеңiнде (зигота),
олардың ядросына түрлi гендер егiп, молекула тұрғысынан қайта құруға, мал
тұқымын шапшаң өзгертiп, өнiмдiлiгiн реттеуде көптеген қызмет көрсетуi
мүмкiн.
Қолдан ұрықтандыру жұмысы негiзiнен аталық малды тиiмдi павйдалануды
көздейдi. Ал эмбриондарды трансплантациялау жұмысы жоғары өнiм беретiн, аса
құнды аналық малдан неғұрлым көбiрек төл алуды мақсат етiп қояды.
Ғалымдардың айтуынша бiр сиырдан 500-ге жуық бұзау алуға болады екен.
Ал кәдiмгi қолдан ұрықтандыру, немесе табиғи қашыру әдiсiмен 8-10 бұзаудан
артық ала алмас едiк.
Эмбриондарды трансплантациялау буаздықтың физиологиясын және
патологиясын терең зерттеуге мүмкiндiк бередi. Сол арқылы аналық малдың
жатырында неше төл өсiп-дами алатынын болжауға болады, iштегi төлдiң
организмiндегi физиологиялық процестердiң ауытқуларын бiлiп отыруға
мүмкiндiк бередi.
Мұз болып қатырылған эмбриондарды алыс елдерден тасымалдау арқылы
дүниежүзiлiк генефонды мейлiнше толығынан пайдалануға болады, одан алынған
төлдi сол жердiң жағдайына бейiмдеп акклиматизациядан өткiзiп әуре болудың
қажетi жоқ. Эмбриондарды крио-консервациялау арқылы жер бетiнен мүлдем
құрып бара жатқан жануарлардың тұқымын сақтап қалуға, тiптi көбейтуге
болады.
II бөлiм. Әдебиетке шолу.
Эмбриондарды тарнсплантациялау әдiсi көп уақыттан белгiлi. Бұл әдiс
туралы көптеген ғалымдар зерттеу жүргiзiп, өз еңбектерiн жариялады.
Ауыл шаруашылық малдарында эмбриондардың имплантация алдындағы кезеңi
айтарлықтай ұзақ және ол: iрi қарада 13-16 күн (К.Б. Свечин, 1976ж;
К.У.Betteridge, 1977?.: И.И. Соколовская, В.К. Милованов, 1981ж.), қойларды
11-13 күн және Groff (1984ж.) мәлiметтерi бойынша суферольк қой тұқымында
зиготаның жатыр денесiне бекiнуi овуляциядан кейiн 17-20 күнде ал биелерде
бiр айдан кейiн ( Coor, Hunter, 1978ж.) өткен.
Алғашқы рет ұрықтанған клетканы трансплантациялау әдiсiн ағылшын
ғалымы Вальтер Хипп 1890 жылы қояндарға жүргiздi. Ол өзi тұқымдас қоянмен
ұрықтанған ангор қоянның жұмыртқа түтiкшесiнен 4-шi клеткалық бөлiну
сатысындағы екi ұрықтанған жұмыртқа клетканы алып, оны өз тұқымдасымен
шағылысқан бельгия қоянының жұмыртқа түтiкшесiне орналастырды. Осы
эксперименттiң нәтижесiнде 4 бельгия және 2 ангор тұқымдас, барлығы алты
трансплантат-қоян алынды. 1897 жылы Вальтер Хипп өзiнiң экспериментiн
қояндарда ұрықтанған жұмыртқа клетканы тұқым аралық тасымалдау арқылы
қайталады. Осы сәттен бастап тасымалдау жұмысы негiзiнен танып-бiлу
мақсатында лабораториялық жануарларда ғана жүргiзiле бастады. 1930 ЖЫЛЫ J.
Pincus ерте эмбриондарды реципиенттердiң жұмыртқа түтiкшесiне үш рет
тасымалдау жүргiзiп, нәтижесiнде бiр қоян алды. Nicolas (1933ж.) 2-шi және
4-шi клеткалық бөлiну сатысындағы ала атжалманнан алынған жұмыртқаны буаз
ақ атжалманның жатырына орналастырып, нәтижесiнде тасымалданған жұмыртқа
клеткажатырға имплантацияланды. Автор өз тәжiрибесiнде реципиент
жұмыртқасына қарағанда тасымалданған жұмыртқа дамудың ерте сатысында болған
жағдайдағы буаздылық мерзiмiнiң ұзақтығын бақылады. Олардың жасындағы
айырмашылық 48 сағатқа дейiн болған жағдайда, буаздылық екi күнге ұзарғаны
анықталды. Тасымалданған жұмыртқа реципиент жұмыртқасынан үлкен болған
жағдайда жұмыртқа жатырға имплантацияланады, бiрақ мал түсiк тастайды. Ол
тасымалданған 20 жұмыртқанаң екуi ғана қалыпты дамыды. Донорлар
реципиенттерге қарағанда кешiрек ұрықтанған жағдайда және
трансплантацияланған эмбриондар реципиент эмбрионына қарағанда дамудың ерте
сатысында болса, 20 эмбрионның 16өсы тiршiлiкке қабiлеттi болған.
Қояндардың ұрықтанған жұмыртқа клеткасын трвнсплантациялауға дейiн совет
ғалымдарының iшiнде бiрiншi болып А.Бернштейн, Р.Левина, А.Смирнова
(1935ж.) тәжiрибелер жүргiздi. Жүргiзген эксперименттiң нәтижесi бойынша
авторлар трансплантациялануға 5 тәулiктiк жұмыртқалардың қолайлы екендiгiн
атап көрсеттi. 1936 жылы О.В. Красновская қоянның жұмыртқа клеткасын
реципиент - қоянның жатырына және фаллопиева түтiкшесiне
трансплантациялады. 2-шi бластомер сатысындағы жұмыртқаны фаллопиева
түтiкшесiне трансплантацияланғанда жетi тәжiрибенiң бiреуi ғана сәттi
аяқталып, бiр трансплантант - қоян алды.
1938 жылы А.Д. Бернштеин қояндардың ұрықтанған жұмыртқаларын
тарсплантациялаудың кезектi тәжiрибесiнде мына сұрақтарға жауап iздедi:
Овуляция кезiнде бiр мезгiлде жатырда бiрнеше ұрпақ дамуын қалай қамтамасыз
етедi. 40-шы жылдардың аяғы мен 50өшi жылдардың басында ТМД елдерiнiң
ғалымдарымен жүргiзiлген тәжiрибелер лабораториялық және ауыл шаруашылық
малдарының эмбриондарын трансплантациялау әдiсiн зерттеуге және дамытуға
зор үлес қосты.
С.М. Саркисян (1947ж.) бiрiншi болып зиготаларды трансплантациялау
кезiнде эмбриональдық кезеңнiң ұрпаққа әсерi туралы еңбегiн жариялады. Оның
бiрiншi жұмысының зерттеу объектiсi болып трансплантант- қояндардың екi
тобы алынды. Олардың бiреуiнде -екi, екiншiсiнде - үш қоян болды. Бақылау
тобы ретiнде донарлармен шамамен бiр мезгiлде туылған қояндарды алды.
Оларды 5 айға дейiн ай сайын дене салмағын бақылау нәтижесiнде
трансплантант - қояндардың дене салмағы бақылау тобындағыларға қарағанда
жоғары болатынын және трансплантацияның өсу қарқынының да жоғары болатынын
көрдi. Қоян мен шошқалардың зиготаларын трансплантациялауды А.В. Квасницкий
мен оның әрiптестерiнiң (1949 ж.) еңбектерi үлкен роль атқарды.
А.В. Квасницкий (1931ж.), А.В. Квасницкий, М.Н. Мартыненко (1949ж.)
14 ұрықтанған жұмыртқаны трансплантациялады. Олар үш фландр тұқымдас және 3
ақ алып тұқымының қояндарын пайдаланып, 3 трансплантант қоян алды.
Келесiде ол фландр тұқымдас қоян мен ангор тұқымы қоянын өзара
трансплантациялады: ангор тұқымы қоянына 2 фландр тұқымы қоянының
зиготасын, ал фландр тұқымына 4 ангор тұқымы қоянның жұмыртқасын
тасымалдады. Осы тәжiрибе нәтижесiнде фландр тұқымы қояннан 5 өзiнiң және 3
ангор тұқымы қояны алынды. Ал, ангор тұқымы қоянынан 2 өз қояны алынды,
бiрақ, фландр тұқымы қоянынан салынған зигота дамымады. 1952 жылы А.В.
Квасницкий қойларды тұқым аралық зиготаларды тасымалдау әдiсiн жүргiздi. Ол
биязы жүндi аскани қойларын құйрықты қаракульдердiң (чунтук, чуссар)
зиготаларын бiр-бiрiне айырбастау арқылы тасымалдады. Тәжiрибеде
пайдаланған қойлардыңбарлығы өзi тұқымдас қошқарлармен шағылыстырылып 36-48
сағаттан кейiн хирургиялық операция жасалынды. Трансплантацияның
салыстырмалы бағасын анықтау үшiн бақылау тобына басқа зиготалар
тасымалданбаған саулықтың қозылары алынды. Автор 4- айға дейiн тәжiрибе
жасалған қозылардың өсуi мен дамуын бақылады. Трансплантант қозылардың тiрi
салмағының мәлiметтерiн қорытындылай отырып ол үлкенiрек қозылардың аскани
биязы жүндi қойдың зиготаларын чунчук саулықтарына тасымалданғанда алғанын
байқады. Олар топта орташа 35,6 кг немессе бақылау салмағының 125% -iн
құрады.
З.Ф. Исаченко (1952,1953 жж.) таза тұқымды рекс қояндарына, орыстың
тау қояндарына, фланды және вендiк көгiлдiр қояндарға тәжiрибе жасап, 122
трансплантант қоян алды. Ол 43 тәжiрибелiк және 143 бақылау тобындағы
қояндармен жұмыс жасап, оларға 5 айға дейiн бақылау жүргiздi. Бақылау
нәтижесiнде барлық трансплантант қояндар бақылау тобындағы қояндардан жақсы
дамыды, салмақтары да жоғары болды.
Қойлардың эмбриондарын трансплантациялауды алғашқы болып американ
ғалымдары (Warwick, Berry, Horlachen, 1937ж.; Warwick, Berry 1949ж.)
жүргiздi. Американ ғалымдарының қойлар мен ешкiлердiң зиготаларын түраралық
трансплантациялауға жасаған жұмыстары жүзеге аспады, бiрақ олар
эмбриондарды имплантациялау мүмкiн екендiгiн ашты. Барлығы 62 тасымалдау
жүргiзiлдi, мысалға, реципиент ешкiнiң жұмыртқа түтiкшесiне тасымалданған
15 қой эмбрионының бесеуi имплантацияланды. Буаздықтың 30-50 тәулiгiнде
реципиент ешкiнiң жатыр мүйiзiнен екi қалыпты және бос эмбрион табылды.
Бұрынғы Советтер Одағында қойлардың эмбриондарын тұқым аралық
тасымалдауға А.И. Лапырин, Н.В. Логинова және П.Л. Карпов (1950, 1951,1952
жж.) эксперимент жасады. Бастапқы кезде олар тәжiрибенi 6-7 жастағы10
меринос қойына трансплантациялаудың екi әдiсiн қолданып жасады: олар 7
қойдың зиготасын,3 қойдың ұрықтанбаған клеткаларын трансплантациялады.
Эмбриондардың имплантациялануы бiрiншi жағдайда 2 (екi) қойда екiншi
жағдайда 1 (бiр) қойда табылды. Трансплантациялау кезiнде олар 4-6 сағаттың
фолликулаларды овуляцияға дейiн фолликулярлық сұйықтықпен бiрге бөлiп алып,
оны ұрықтанған қойдың жұмыртқа түтiкшесiне тасымалдады. Авторлардың
тәжiрибесiнiң мақсаты басқа тұқым қойының организмiнде дамыған
трансплантант қозылардың экстерьерiндегi өзгерiстi анықтау болды. Осы
мақсатта чунтук каракульдерi мен меринос қойларының 90 эмбрионы
трансплантацияланды.
А.И. Лапырин, Н.В. Логинова және П.Л. Карповтардың трансплантант
қозылардың өсуi мен дамуына жасаған бақылаулары олардың өмiрге бейiмдiлiгi
мен тез өсуге қабiлеттi екендiгiн көрсеттi. Жалқы қозылардың туылғандағы
дене салмағы 5,45 кг., ал егiздерде 4,45 кг. құрады. Бақылаудағы жалқы
қозылардың туылғандағы салмағы 5,25 кг.-нан, ал егiздерде 4,15 кг.-нан
аспады. Олардың 2 айлық жастағы орташа тәулiктiк салмақ қосуы 247 г., ал
тәжiрибедегi жануарларда ол 320 г.-ға дейiн жеттi. Ең көп салмақта чунтук
қойы өсiрген меринос қозысы болды. Ол 114 күндiк жасына 43 кг. Салмаққа
жетiп, өзiмен жасты бақылаудағы меринос қозыларынан 38% озды.
Л.И. Лопырин және оның әрiптестерi эмбриондарды түраралық
трансплантациялау эксперименттерiнде тұқым қүалаушылықтың бұзылатынын және
жоғары сапалы жануар алуға болатынын көрдi.
50 жылдарда үй жануарларынын ерте эмбриондарын трансплантациялауды
дамыған капиталистiк елдердiң ғалымдары жүргiздi. Эмбриондарды
трансплантациялаудың методикалық аспектiлерiн зерттеуге И. Хемменттiң
басқаруындағыКембридж университетiнiң ғалымдары зор үлес қосты. J. Hammond
(1949ж.) және E.Z. Willet бiрнеше трансплантант бұзау алды. Алғашқы құлын
хирургиялық трансплантация әдiсiмен 1972 жылы Англияда (Allen, Rowson)
алынды.
Хирургиялық әдiспен сиырлардың эмбриондарын тасымалдауға жасалған
бiрнеше әрекеттер сәтсiз аяқталды. (D.F. Dowling,1949; P.Z. Dzuir 1958; L.
Z. Willet, 1953).
1964 жылы американ ғалымдары Муттер, Гарден және Оддс жерси тұқымы
сиырының эмбрионын швиц тұқымының реципиент - сиырларына трансплантациялау
арқылы бұзау алды. Хирургиялық емес әдiстiң хирургиялық әдiске қарағанда
артықшылығы бiр донордан эмбриондарды бiрнеше рет жуып алуға болады. Осы
әдiстi пайдаланып ағылшын ғалымы Митчел өз әрiптестерiмен бiрге биеден бес
эстральдық циклде бес эмбрион жуып алды (Allen, 1976ж.).
Бүгiнгi күнде ғалымдардың зерттеулерi хирургиялық емес әдiс арқылы
эмбриондарды жуып алу, тасымалдауға арналған. Бұл әдiстiң экономикалық
тиiмдiлiгiмен қатар, селекциялық та артықшылығы бар. Алғашқы рет
эмбриондарды хирургиялық емес әдiспен алу жұмысын ағылшын зерттеушiлерi
Ровсон мен Доулинг (1949 ж.) сиырларда қолданды. Бұл ғалымдардың
эмбриондарды хирургиялық емес әдiспен жуып алуға ұсынған тәсiлiнiң негiзi
мынада: дамып - жетiлген эмбриондар овуляциядан 5-6 күннен кейiн жұмыртқа
түтiкшесiнен жатырға түседi, осы кезде цервикальды канал арқылы жатыр
мүйiзiне енгiзiлген катетр арқылы жуып алуға болады. Осы әдiс жақсы
зерттелген және iрi ауылшаруашылық малдарында жиi қолданылады. Ровсен мен
Доулингтiң хирургиялық емес әдiсiн пайдалана отырып Огури мен Тсутсули
Хоккайдоө пони тұқымының биелерiне 60 рет тәжiрибе жасап, 22 эмбрион жуып
алды. Олардың жұмысы 45% нәтиже бердi (Огури, Тсутсули 1972 ж.).
Хирургиялық емес әдiспен эмбриондарды қойлар мен ешкiден жуып алу олардың
жатыр мойнының өте иректiлiгiне байланысты жарамсыз болып келдi. (N.W.
Moore, 1977ж.). Қазiргi уақытта ғалымдар трансплантациялаудың хирургиялық
әдiсi арқылы қойлар мен ешкiлерден даму мен тасымалдау орнына байланысты
тiршiлiкке қабiлеттiлiгi 35-65% - ке дейiн болатын эмбриондар алуда (Groff
1983ж., Quirke Hanranan).
80 жылдардың басында морула және бластоцистаның жай сатысында
лапараскоптың көмегiмен эмбриондарды тасымалдаудың сәттi аяқталғаны туралы
жарияланды (Schiewe et al,1984ж.). Тәжiрибенiң нәтижесiнде 6 тасымалдаудан
3 қозы алынған. Осы қойлардың бiреуiнен лапараскопты пайдалану арқылы үш
рет эмбрион алынды.
1957 жылы Робсон, Адам суффольк тұқымы қойларына тәжiрибе жүргiздi.
Олар донорлар мен реципиенттердiң жыныс циклдарының синхронизациясын
прогестерон енгiзу арқылы реттедi. Аналық - донорлардың суперовуляциясын
пробник - қошқарлар арқылы күйлеудiң 13 -шi күннен кейiн 900 М.Е.
мөлшерiнде ББКСГ салып шақырды. Лапаратомияны ұрықтанғаннан 60 сағаттан
кейiн жасады. Олар ұрық түтiкшесiнен бес эмбрион алып, олардың екеуiн бiр
реципиентке тасымалдады, ал қалған үш эмбрионның жылтыр қабығы
зақымданғандықтан жарамсыз болды. Операциядан 10 күннен кейiн аналық
-донорға 1000 М.Е. мөлшерде тағы да ББКСГ енгiзiп, 14 эмбрион алды. Олардың
он үшiн 6 аналық - реципиентке тасымалдады. Аналық - донор екi операциядан
сауыққаннан кейiн табиғи жолмен шағылысып, бiр қозы көтердi. Осылай, бiр
қойдан бiр төлдеу кезеңiнен 11 қозы алынды.
Шетел ғалымдарының жүргiзген жұмыстарының қортындысы. Оларды аналық
- реципиенттердiң олардан алынған ұрпақтың көрсеткiштерiне (дене салмағына,
жүн түсiмiне) тигiзетiн әсерiне қызығушылықтарын көрсетедi.
1970 жылы қойлардың эмбриондарын тасымалдау жұмыстарын Ф.М.
Мухамедгалиевтiң басқарумен жүргiзiп, реципиент малдардың ұрпаққа тигiзетiн
әсерi зерттелдi.
Р.Б. Абильдинов қазақтың биязы жүндi қойларының трансплантант
қозыларына реципиент - аналықтардың әсерiн зерттедi. Тәжiрибеде 5
трансплантант қозы алынып, олар жете зерттелдi. Реципиент ретiнде дегерес,
едiлбай қой тұқымдарының саулықтары пайдаланылды. Трансплантант қозылардың
және төрт бақылау тобындағы қозылардың туғаннан бастап бiр жасқа дейiнгi
салмағын жүйелi өлшей отырып, автор трансплантант қозылардың iрi болып
туылғанын және сүт ему кезеңiнде олардың тез жетiлгенiн атап көрсеттi.
Трансплантант қозылардың тәулiктiк қосқан салмағы - 241,4 ( 2,04г., ал
бақылау тобындағыларда 234,75 ( 16,0 г. Бiрақ, автор, бұл
айырмашылықтардың статистикалық тұрақты және маңызды еместiгiн атап
көрсеттi.
К.Ж. Жанабеков (1975 ж.) өзiнiң “Суперовуляция и межпородная
пересадка эмбрионов у овецң диссертациясында трансплантант қозылар мен
табиғи жолмен туылған қозыларды салыстыра зерттедi. Алғашқы рет аскани
тұқымының донор - саулықтарынан ББКСГ және хорион гонадотропиннiн қолдану
арқылы көп ұрпақ алынды. Зиготаларды трансплантациялаудың осы әдiсi арқылы
бiр аскани тұқымды қойдан 3 қозы алынды. Барлығы 3 донордан 19 эмбрион
алынып, олардың 14-i тасымалданып, 6 қозы алынды. Автор, бақылау тобы
ретiнде өзi тұқымдас қошқармен шағылысқан аналық саулықтың екi ұрғашы және
бiр еркек қозысын алды. Төрт тәжiрибеде реципиент ретiнде қарғалы тұқымының
саүлықтары, ал екi тәжiрибеде едiлбай тұқымының саулықтары пайдаланылды.
Суперовуляциялау арқылы дегерес тұқымының аналық - донорынан 2-6 бластомер
сатысындағы 9 эмбрион алынып, оларды қазақтың биязы жүндi аналық
реципиенттерiне тасымалдау арқылы 3 қозы алды. Зерттеу нәтижесiнде аскани
тұқымы қойларынан алынған эмбриондардың тiршiлiкке қабiлеттiлiгi 50%, ал
дегерес тұқымынан алынғандарда 62,5% болатындығы және 2-4 бластомер
сатысында болатын эмбриондардың тiршiлiкке қабiлеттi болатыны анықталды.
Н.И. Сергеев 1982 жылы қара-ала тұқымды сиырларда суперовуляция шақыру
арқылы 60 трансплантант бұзау алды. Бұзаулардың эмбриональдық даму кезеңi
iрi қара малдың эмбриональдық дамуына сәйкесiнше 266-289 күнге созылды.
Алынған трансплантант бұзаулардың салмағының жас кезеңiне байланысты
динамикасын анықтау үшiн 18 айға дейiн ай сайын өлшеп, дене салмағының
абсолюттi және салыстырмалы өсуi, тәулiктiк салмақ қосуы зерттелдi.
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын тарнсплантациялаудың негiзгi
тапсырмасы - жоғары өнiмдi малдан көп ұрпақ алу. Оған ББКСГ (буаз биенiң
қан сарысуы гонодотропинi) қолданып көптеген овуляция (суперовуляция) жасау
арқылы жетуге болады. Осыған байланысты А.В. немилов (1936 ж.) мынадай
мысалдар келтiредi: 3 айлық бұзаудың жұмыртқа безiнде 75 ооо “жұмыртқа
клеткаң болады, ал үш жастағы сиырда олардың саны 21000, 10 жастағы сиырда
барлығы 2500 ғана; ал 10 тәулiктiк торайдың жұмыртқа безiнде 60 000
“жұмыртқа клеткаң, ал ересек мегежiнде 16 000; 6 айлық ешкiде 24 000, 3
жастағы ешкiде 12 000. Ал, П.Н. Кудрявцев (1948 ж.) жабайы шошқаның
жұмыртқа безiнде 148 000, үй шошқасында 11 000 “жұмыртқа клеткаң болатынын
анықтады. Cahill (1981 ж.) мәлiметтерiнде қойдың жұмыртқа безiнде 12000 -
86 000 ұсақ және 100-400 - ден астам iрi фолликульдер бар екендiгi
көрсетiлген.
ББКСГ өнiң гормональдық қасиетiн 1930 жылы H.H. Cole, G.H.Hart ашты.
ББКС гонадотропинi буаздылықтың 60-90 күндерiндегi буаз биенiң қанынан
табылған.
Зиготаларды трансплантациялауда суперовуляцияны ең алғаш 1949 жылы
М.С. Чанг қояндарда пайдаланды. Ол гормональды өңдеу арқылы екi донор
қояннан 88 зигота алып, оларды жетi реципиент қояндарға тасымалдады.
Тәжiрибе нәтижесiнде ол 71 трансплантант қоян алды.
Н.И. Сергеев !1983 ж.) көп овуляция жасау мақсатында финдiк ландрас
тұқымы қойларына эстральды циклдың 12өшi күнi 1200 И.Е. мөлшерiнде ББКСГ
мен 12,5 мг. Простагландин
2 -альфаны қосып қолданды. Тәжiрибеге 9-10 айлық тоқтылар пайдаланылды.
Эмбриондарды күйлеудiң 6-шы күнi хирургиялық әдiспен, енгiзiп
ұрықтандырды. Суперовуляция тоғыз қойдың жетеуiне (77,7 %) әсер еттi. Осы
7 донор – саулықтардан 66 эмбрион алынды, олардың 59 қалыпты, тасымалдауға
жарамды болды.
50-60 жылдары аналық- донорлар мен аналық - рецпиенттердiң жыныс
циклын синхронизациялау үшiн прогестеронды инъекциялау қолданылды ( Z.E.
Rowson, R.M. Moor, 1966 ж.) Ф2 альфа простогландиндi қойлардың жыныс циклын
синхронизациялау үшiн қолдануды Fitgerald өз әрiптестерiмен ( 1985 ж.)
тиiмдi пайдаланды. Немiс ғалымдары W. Rommelvon, Richter, Kutreh E. (1985
ж.) Ф2 альфа простагландиннiң аналогi – эстрофанды пайдаланды. Тәжiрибе
тобындағы саулықтарға эстрофан 125 мг. Дозада бұлшық ет астына, тоғыз
күндiк интервалмен егiледi.
Трансплантация алдындағы эмбриондарды морфологиялық бағалау
трансплантацияланған эмбрионның нәтижесiн алдын ала анықтауға мүмкiндiк
бередi. Мұнда негiзiнен, мөлдiр қабықтың бүтiндiгiне, эмбриондардың дұрыс
шар тәрiздi пiшiнiне, периветильдi кеңiстiктiң мөлдiрлiгiне,
бластомерлердiң көлемiне үлкен мән берiледi. B. Shea (1981ж.) пiкiрi
бойынша, эмбриондарды морфологиялық бағалаудың маңыздысы олардың жасына
байланысты даму сатысы. Оның еңбегiнiң арқасында, гонадотропинмен өңделген
сиырды овуляция күйлеуден кейiн шамамен 24 сағаттан кейiн, ал 48 сағаттан
кейiн бөлiну басталатынын бiлуге болады. Күйлеуден 72 сағаттан кейiн
эмбриондар 8 клеткалы сатыда болады. Осыған байланысты эмбриондарды жуып
алуды күйлеуден жетi күннен кейiн жүргiзген қолайлы. Эмбриондар өзiнiң
сфералық формасын 12 күнге дейiн сақтайды да, онан соң ұзара бастайды.
Қатырылған және ерiтiлiп алынған эмбриондарды бағалаудың ең тиiмдi әдiсi
оларды қысқа мерзiмде қолдан өсiру.
Эмбриондарды трансплантациялау әдiсiн Қазақстанда қой шаруашылығында
академик Ф.М. Мұхамедқалиев пен оның шәкiрттерi (Р.Б. Әбдiлдинов, 1970ж.,
К.Ж. Жанабеков 1976ж., М.М. Тойшыбеков 1986ж., А.Ш. Омарбаев т.б. 1989ж.,
А.М. Мұрзамадиев және басқалар 1992 ж.) ойдағыдай өрiстеттi.
Қазақтың қой шаруашылық технологиясы ғылыми зерттеу институты
ғалымдары бұл салада көптеген еңбектер атқарды (Ж.Өтесiнов, Қ.Т. Қасымов,
Н.И. Малмақов). Олар 1986-1992 жылдары көптеген трансплантант қозылар алып,
асылдандыру, селекция жұмыстарында кеңiнен пайдалануда.
Осы әдебиетке шолуда айтылған зерттеулерге қарай отырып, ауыл
шаруашылық малдарында, соның iшiнде қойдың эмбриондарын трансплантациялау
жақсы дамып келедi деп айтуға болады. Бағалы генотиптердi тез арада
эмбриондарды трансплантациялау арқылы көбейту әдiстерiнiң проблемаларын
шешу алға қойылған.
II бөлiм. 2. Қолданған әдiстемелер мен материалдар.
Трансплантацияның негiзгi мағыналы бағыты генетикалық жағынан жоғары
өнiм беретiн малдарды табиғи гормондармен егу арқылы суперовуляция, күйге
келгенде қолдан ұрықтандыру, олардың жыныс ағзаларынан эмбриондарды жуып
алу, алынған ұрықтардың морфологиялық құндысын реципиенттiң жыныс ағзасына
көшеттеу, төл алу әдiстерiн жетiлдiру, сол арқылы асылдандыру жұмыстарын
шапшаңдату.
Қазiргi уақытта практика жүзiнде трансплантацияның үш тәсiлiн
пайдаланады.
1. Доноларды сойып эмбриондарын алу арқылы (лабораториялық
кемiрушiлер және ет бағытындағы iрi қара малдарда);
2. Хирургиялық (ауыл шаруашылық ұсақ малдары үшiн);
3. Хирургиялық емес тәсiл (ауылшаруашылық iрi малдары).
Трансплантация техникасын таңдау үшiн, зерттеушiнiң өз iсi. Дегенмен,
қазiр көп зерттеулер тәсiлдердi жетiлдiру бағытында жүргiзiледi, әсiресе
хирургиялық емес трансплантация әдiсiн ауыл шаруашылық майда малдарына
пайдалану үшiн.
Бұл трансплантациялау тәсiлдерiнiң өзiнiң оң және терiс жақтары бар.
Хирургиялық тәсiлдi қолданғанда донорды пайдалану уақытын қысқартады, ал
хирургиялық операциясыз тәсiл жатыр мойны және эндометридiң механикалық
структурасына зияны көп тиедi. Хирургиялық тәсiлдiң дұрыс жағы эмбриондарды
көптеп жуып алуға және ешбiр қатесiз керек жатыр мүйiзiне көшеттеуге
мүмкiндiк бередi. Ал хирургиялық операциясыз трансплантация әдiсi
қарапайымдығы мен донорлардың шаруашылық қызмет уақытының қысқаруына
әкелмейдi.
Трансплантациялау жұмысының орындалу ретi:
1) Донор мен реципиент малды таңдау.
2) Донордың ұрық безiнде суперовуляция туғызу, донорды
ұрықтандыру.
3) Донордың жатырынан эмбриондарды жуып алу.
4) Эмбриондардың сапасын бағалау, эмбриондарды сақтау.
5) Донордың жыныс циклiне реципиенттiң жыныс циклiн
синхронизациялау.
6) Эмбрионды реципиенттiң жатырына тасымалдау.
2.1. Донор мен реципиенттi таңдау.
Донорды таңдау аса жауапты жұмыс, өйткенi кез келген мал сапалы,
өмiршең эмбрион бере бермейдi. Донорға қойылатын талаптардың ең бастысы ол
асыл тұқымды, жоғары өнiмдi (экстерьерi, дене салмағы, жүнiнiң сапасы,
сүттiлiгi) болуы керек.
Донордың жасы 2-3 қоздаған саулық, соңғы төлдеуi ешқандай қиындықсыз
өтiп, жыныстық циклы өз уақытында, белгiлi ырғақпен өтiп жатқан мал болғаны
дұрыс.
Алғашқы кезде донордың саны 2-3 есе көп болады, кейiннен гормональдi
препараттарды қолданғанда, суперовуляцияға бейiмi бар саулықтар ғана
iрiктеп қалдырылады.
Реципиенттер үшiн оның асыл тұқымды, құнды мал болуы шарт емес, тек
қондырған еэмбрионды өсiрiп - жетiлдiре алса болғаны. Ол үшiн реципиенттiң
ауруы жоқ, денсаулығы таза, әсiресе жыныс органдары аман, жыныстық
циклыбелгiлi бiр ырғақпенөте жоғары денгейдеөтiп жүрген мал болғаны жөн.
Бiр донорға шамамен 6-8 реципиент дайындайды. Донордың да, реципиенттiң де
бағып - күтiмi жақсы болуы керек.
2.2. Суперовуляция және донорларды ұрықтандыру.
Жыныс безiнде қосымша фолликульдер өсiп-жетiлуiн және дамуын
стимуляциялау үшiн, ұрғашы малдар организмiне арнаулы бiр физиологиялық
мезетте экзогормондар егу арқылы iске асырады, бұны суперовуляция деп
атайды. Суперовуляция мөлшерiне, дәрежесiне және сапасына эндогендi және
экзогендi факторлар өз әсерiн тигiзедi. Суперовуляция нәтижесi жоғары болу
үшiн, жыныс бездерiнде көптеген үлкен диаметрлi және гормондарға өте
сезiмтал фолликульдер болуы қажет.
Қазiргi кездегi суперовуляция жасаушы схемалардың бәрi дерлiк
экзогормондық препаратты жыныс циклiнiң лютеальды фазасында қолдануға
арналған, сондықтан көп овуляция алу және жұмыртқа клеткасының
ұрықтанылуыжыныс безiнiң сары денешiктен тазалануына көп тәуелдi. Сондықтан
препарат дозасын дұрыс сақтау аса қажеттi нәрсе. Егер, доза өте аз болса,
онда суперовуляция болмайды, өйткенi сары денешiктен жыныс безi толық
тазаланбайды. Егер де препарат егу дозасы өте көп мөлшерде болса,
ұрықтанылмаған жұмыртқа клеткалар үлесi дегенерацияланған ұрпақтар саны
көбейедi., яғни құнды эмбриондардың жалпы саны азаяды. Сонымен қатар, осы
донорларды екiншi, үшiншi рет экзогормондармен өңдегенде, олардың
организмiнде гонадотропинге қарсы антидене қалыптасады, нәтижесiнде
овуляция мөлшерi төмендейдi. Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытындыға
келуге болады: көп овуляцияға арналған егу схемаларында суперовуляция
нәтижелерi әртүрлi болады. Суперовуляцияның пайдалы жағы, бұл тәсiл арқылы
генетикалық жоғары өнiмдi малдардан максимальды жарамды және құнды
эмбриондар алуға мүмкiншiлiк беретiндiгiнде. Ал, зиянды жағы кейде осындай
тәсiл қолданылған малдардың өсiп-өнуiнде физиологиялық ауытқулар болады.
Қойдың көбейу ерекшелiгi белгiлi бiр мезгiлмен жүретiнi анық,
сондықтан эмбриондарды трансплантациялау жұмыстарын осы мезгiлде
жоспарлайды. Гормональдық суперовуляция үшiн саулықтарды табиғи эстральдық
циклiнде алады. Малдарды гонадотропин мен жыныс циклiне сары денешiк
әсерiнiң соңғы фазасында, яғни циклдiң 12-13 -шi күндерiнде ББКСГ дозасы 1
кг тiрi салмағына 30ХБ қолданады (ол шамамен бiр саулыққа 700-1000 ХБ
егiледi). Осы әдiстi қолданғанда овуляция саны 1 донорға есептегенде 10-15
-ке жетедi.
Көп жылдық зерттеулер көрсеткендей, саулық жыныс безiнiң реакция
айырмашылығы, жұмыртқа клеткаларының ұрықтанылуымен, тiршiлiк мүмкiншiлiгi
мол ұрпақ шығымымен ерекшклкнедi. Бұл малдардың индивидуальды және тұқымдық
ерекшелiктерiне тәуелдi.
Соңғы кезде көп овуляция алу үшiн ФСГ препаратын көп қолдану кеңiнен
таралуда. Ол үшiн ФСГ дозасын 5 күндiк схемамен жүргiзедi. Инъекцияны жыныс
циклiнiң 10 күнiнен бастайды. Жалпы дозасы - 25 мл. Пергонал препаратын да
5 күндiк схемамен қолдануды ұсынады, жалпы дозасы 500 ХБ. Бұдан басқа,
овуляцияны индукция жасау үшiн қынап iшiне пессарий қоюды да пайдаланады
(этанол ерiтiндiсiндегi прогестагендер) 500 мг прогестерон, не 30 мг
пролозан сiңiрiлген пессарий қынап iшiнде 16 күнге қалдырылады.
Мал шаруашылығында, не ғылыми зерттеу жұмыстарында ұрықтандырудың екi
түрi қолданылады: табиғи және қолдан ұрықтандыру. Табиғи ұрықтандырудың
түпкi мақсаты аталық малды iрiктеп, таңдап донормен шағылыстыру, ал қолдан
ұрықтандыру үшiн донор не ұрғашы малдың жыныс ағзасына шәуеттi арнаулы
приборлармен жiберудi айтады. Қолдан ұрықтандырудың мәнiсi мынаған
негiзделген: бiр эякуляттағы спермшiлер саны аналық малдардың бiрнешеуiн
ұрықтандыруға жетедi. Себебi, бiр малдың жыныс циклы кезiнде бөлiнетiн
жұмыртқа клеткаға соншалықты көп спермшiлер санының қажетi жоқ. Оны өте көп
зерттеулер анықтаған. Сондықтан аталық малдан алынған ұрықтың бiр эякулятын
бiрнеше малға бөлiп пайдалануға болатыны арнаулы тәжiрибемен дәлелденген.
Қолдан ұрықтандыру тәсiлiн, ауыл шаруашылық малдарында қолдануға аса
тиiмдiлiгi үшiн, дүние жүзi малдар өсiру практикасында кеңiнен қолданады.
Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz