Қырғауылдың жұмыртқадан шыққан аналық жыныс безінің құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 3
2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ 9
3. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 11
3.1 Аналық жыныс безінің жасына қарай морфологиялық өзгерістері 11
3.2 Қырғауылдың жұмыртқадан шыққан аналық жыныс безінің құрылысы 12
3.3 Алты айлық қырғауылдың аналық жыныс безінің кесіндісі 20
3.4 Бір жарым жастағы қырғауылдың аналық жыныс безінің кесіндісі 25
3.5 Аналық жыныс безінің құрылыс-функционалды цитохимиясы. 28
4. Алынған нәтижелерді талқылау 31
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер 34
ТҮЙІН 36

Реферат
Бітіру жұмысы 41 беттен, 2 кесте, 4 сызбадан 12 суреттен тұрады.
Жұмыста 25-отан және шет әдебиеттері қолданған.
Түйінді және қысқартылған сөздер: фолликулдар, тека, аналық және
фолликулярлы клеткалар, ядро, цитоплазма, белоктар, углеводтар. Жұмысымызда
қырғауылдың аналық жыныс бездері жасына қарай зерттелген. Фолликулярлы
апарат пен бірге аналық жыныс клеткалардың өсіп жетілуі ерешеліктер
анықталған. Аналық жыныс безінің құрылысы қазіргі жаңа Шифф және Мэзия
реакцияларымен толтырылып анықталған. Жұмыста препараттар МБИ-3және МБИ-15
микроскоптармен зерттелген.

Кіріспе

Қазіргі заманда жануарлардың көбеюі биологияда үлкен теоретикалық және
өндірістік манызы бар. Жануарлардың көбеюі жөнінде көптеген жұмыстар
кездеседі, әсіресе, сонғы 20-30 жылдардың ішінде. Бірақта көптеген
зерттеулер көбінесе анатомиялық және морфологиялық маныздарда болып келеді.
Қырғауылдың жер бетінде тарауы, көбеюі экологиялық жағдайларға
байланысты. Халықтардың негізгі қоректену жолы бұл құстардың етін және
жұмыртқаларын пайдалану. Осы мәселелер біздің елімізде әрі дұрыс өндіріс
жолына қойылмаған. Себебі даму биологиясы және көбею мәселері әлі толық
шешілген емес.
Қырғауылдың биологиясыда толық ашылмаған. Біздегі мәліметі көп емес.
Құс өндірістегі бізге аз мерзімде көп жоғарғы қуаты бар және өнімі бар
заттарды береді.
Қырғауылдан көп өнім алу үшін нақтылы гистологиялық және гистохимиялық
зерттеулер қажет, сонын ішінде аналық жыныс безінің клеткаларының белоктар
және углеводтар синтезін білу бары белгілі. Морфология мәселелер, шет
жағынан Н.А. Мазуниннің, М. В. Краснованың зерттеулерін көруге болады.
Бірақта олардың жұмыстары көбінесе микроанатомиялық болып табылады,
биохимиялық заттар аналық жыныс клеткаларында зерттелмеген. Аналық жыныс
клеткаларының әр түрлі пісу дәрежелері сүтқоректілерде, зерттеулердің
ішінде А.С. Исембаевтың жұмыстарын көруге болады. Осы себепте бұл
зерттеулерді методикалық және практикасын манызы бар деп санаймыз.
Қырғауылдың аналық жыныс безінің зерттеулері оның жасына қарай өзгеруі
әлі анықталмаған. Осы құстардың аналық жыныс клеткаларының өсіп – жетілуі
зерттелмеген. Әсіресе экология жағынан Балхаш өнірінде болатын құстың
түрлері (Phasіanus cholchіcus). Сол себептен біз аналық жыныс безін жасына
қарай алып қараймыз. Демек, жұмыртқадан шыққан кезінен бастап (жұмыртқадан
шыққан күні, 6.0 айлығында және 1.5 жасында). Біздің мақсатымыз бойынша
аналық жыныс клеткаларының өсуіне қарай, бездің гистоморфологиясың жалпы
белогін және углеводтты заттардың ерекше өзгеруі қаралады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қырғауыл-тауық тәрізділер отрядына жатады. Сонын ішінде –Phasіanus
cholchіcus- (кәдімгі қырғауыл)-кіші және ұзын басты, ірі құс, ұзын
құйрықты, 18-қысқа қозғалтқыш қауырсыны бар. Құстын қауырсынның өзгеруі
географиялық орындарына байланысты, аталықтың құйрығыны ұзындығы 80-90 см,
аналықтың құйрығы шамамен 60 см болады.
Кәдімгі қырғауыл-бұл онтүстік құсы, ал оның ареалының солтүстік
шекарасында жалпы түр жағынан сәйкес келеді. Бұл құстар жақын жерде суы бар
және өсімдік қалын өскен жерге қоныстанады. Бұл жер оларға ұя және тамақпен
қамтамасыз етеді. Тағы бір қоныстанатың орны кепкен ағаштар арасы, сазды
жерлер және шөбі биік жерлер. Қырғауылдар өмірінің көп кезі жерде өткізеді,
ал ағаштардың бұталарында өте сирек шығады. Ол жерлерде корегін іздейді.
Қырғауылдың қоректерін шартты түрде 4-топқа бөледі:
1. Тұқым, бүлдіргендер корегі.
2. Жануарлар корегі –омыртқасыз және омыртқалы жануарлар.
3. Жасыл шөптер қорегі жапырақ, сабақ, гүлдер.
4. Жер асты қорегі – тамырлар, пиязшықтар.
Негізгі қорегі тұқымнан және өсімдіктін жасыл бөліктерінен тұрады, ал
бунақденелердең әртүрлі қоныздарды, құмырсқаларды, шылаушындарды, ұлуларды
аулайды. Қыст кезенінең кейін қырғауылдың ұя салған жері, қары аз жерге,
ағаш-бұталардың арасында немесе шөп араларында мекендейді. Негізінен
бидайықтын тұқымы, соя-тұқымдасымен тағы басқа өсімдіктермен қоректенеді.
Вегетация кезінде қырғауылдың тамағы жасыл жапырақ, жұмсақ шөп, кейде
насикомдар личинкасымен коректенеді. Құстар шөптін 20-30 см өскенің
қалайды, өйткені, тығылғанға және тамағын жинағанға қолайлы.
Қырғауылдың жауы көп, үлкендерінде түлкі, шибөрі, иттер тағы басқа
жануарлар олар шабуыл жасайды, ал жұмыртқасына, балапанына қарға және
сауысқандар тағы басқалары жеуге тырысады. Осы құстар жер аустырғанда
кейбір белгілеріне өзгеруі мүмкін. (1)
Мәлімет бойынша қырғауылдың ұясының өлшемі: диаметрі 20 см, терендігі 5-
7 см, қырғауыл орташа шамамен 10-14 жұмыртқа салады. жұмыртқасының көлемі
45-36 мм, орташа массасы 30-35 г. Географиялық орналасқан жерге байланысты
көбінесе сәуір – мамыр айларында салады. Аналығы жұмыртқаны 21-23 күн
басады, қолайсыз жағдайда 27 күнге дейін созылады. Сол кезде аналығы
арықтап өзінің 40% массасын жоғалтады. Жұмыртқаның көлемі де өмір сүретін
ортаға да байланысты.
Қырғауыл орташа шамамен 9-10 балапан шығарады. Балапан сырты эмбриондық
мамықпен жабылады. Балапандарының аналығы мен аталығы жөнді ажыратылмайды.
Күзге дейін бірігіп олар жүреді, қырқүйек - қазан айларында жас балапан
өсіп, содан кейін дара жынысы ажыратылады. Қырғауылдың 8-12 аптада салмағы
орташа шамамен 650 г, ал қоразында 890 г болады. Демек жұмыртқаның салмағы
да белгілі бір жағдайда бірдей емес.(2)
Аналық жыныс безі жөнінде бұрынғы және қазіргі әдебиеттерде көбінесе
микроанатомиялық жұмыстар көрсетілген. Көптеген әдебиеттерде аз мөлшерде
құстардың аналық жыныс безіне, сыртқы ортаның аналық жыныс безіне әсер ету
механизмі және құстардың табиғаты көбеюі көрсетілген. Көптеген ғалымдардың
зерттеуі бойынша, жоғарғы температура аналық жыныс безге әсер еткенде
сонғысы белгілер бір дәрежеде ұлғаяды (3). Сонымен қатар төменгі
температура сперматогенез процесін тоқтатпайды. Осы факторлардан басқа,
жарық мөлшері көбейген жағдайда аналық және аталық жыныс бездері өзінің
жұмысын ұлғайтады.(4,5). Бұның көрсеткіші құстар жылдам жұмыртқалайды.
Белгілі бір жағдайда аталық және аналық жыныс бездері әсіресе жабайы
құстарда үй құстарына қарағанда толық жетілмейді. (6). Бұл жағдайда
комплексті эколого – сексуальды әсерлерге байланысты.
Қырғауылдың жасы 221 күнінде аналық безі жетіледі, жасы 250-300 күнінде
көбеюге кіріседі (7).
А.А. Войткевич (8), Светозарова, Г. Штрайх (9) зерттеулері бойынша
жарық жыныс бездеріне белгілі бір бағытпен әсер етеді: жарық -көз – жүйке
– гипофиз - жыныс бездері. Экспериментальды жұмыстары арқылы жыныс безінің
қозу циклі ортаның жарықтығына байланысты. Тропикалық жерлерде қолайлы
жағдайларда құстар жыл бойы көбейіп отырады. Демек жыныс бездері ұзақ
бойы активтілігін сақтайды. Басқа жерлерде құстарда жыныс бездері тек қана
белгілі бір мезгілде активтігін көрсетеді. (10)
Көбею мерзімін есептегенде жануарлар 2 типке бөлінеді. Біріншілеріне
циклдар арқылы көбейетің жануарлар жатады. Екіншілеріне құстар, олардың
аналық, аталық жыныс бездері тұрақты активті болып келеді. Циклдар арқылы
көбейетің құстарда көбею кезені ұзақа созылған (11).Е.Светазаров және
Г.Штрайхтың (12) айтуы бойынша, цикл арқылы көбейетін жануарлар 2 топқа
бөлінеді. Біреулері моноциклді, екіншілері полициклді болып келеді.
Көптеген әдебиеттерде, жасына және мезгіліне қарай аналық жыныс
безінің структуралық өзгерістері көрсетілмеген. Бездердің салыстырмалы
морфологиясының шолуына қарағанда омыртқалы организмде аналық жыныс безінің
құрылысында мынадай ерешеліктерің көрсетуге болады: ұрық эпителиі, стромасы
және аналық жыныс клеткалары және фолликулярлы аппарат. Сонғы құрылыс,
оның ерешелігі оогенез процесіне байланысты. Аналық жыныс клеткалары өзінің
өмірінде, өсіп жетілуі фолликулярлық және дәнекер тканьінің клеткаларына
байланысты. Дәнекер тканінің текасы қоректену және тірек қызметін
атқарады.
Әдебиеттерге қарағанда аналық жыныс бездерінің салыстырмалы
анатомиясын еске алғанда көбінесе үлкен жыныс жолдарының эвалюциясы
көрсетілген. (13,14,15). Е.К.Суворовтын (16) мәлеметі бойынша ересек
жануарларда фоликулярлы эпителий екі қабат болып бөлінеді. Ол сыртынан
талшықты дәнекер тканмен қапталады.
Домалақ ауыздыларда, балықтарда, амфибийлерде және бауырмен
жорғалаушыларда аналық жыныс безінің ерекше құрылыстары көрсетіледі
(17,18,19) Осы жануарларға қарағанда құстардың аналық жыныс безі көбінесе
бауырмен жорғалағыш жануарларға ұқсап келеді. Құстардың ұрық эпителиі бір
қабатты куб немесе цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады. Фолликулярлы апарат
әр түрлі даму дәрежеде болады, оның ішінде аналық жыныс клеткалары
орналасқан. Демченканың мәлеметі бойынша ұсақ фоликулдарда аналық жыныс
клеткасы бір қабатты фликулярлы эпителиден тұрады. Аналық клетка өсіп
жетілген сайын фоликулярлы эпителиі 4-5 қабат клеткаларға айналады. Сонымен
бірге тека жуандалады. Бірақта Вальдейер, Ретциус және Штивтің мәлеметі
бойынша құстарда аналық жыныс клеткасы өскен сайын фоликулярлы эпителий
өмір бойы бір қабатты болып қала береді.
Жоғарғы сатыдағы омыртқалы организмдерде аналық жыныс безі құрылысы
жағынан күрделеніп келеді. Осы процесс строманың өте жақсы дамуына
байланысты. Сол себептен жыныс бездері тығыз не болмаса компакты болып
келеді. Безде қуыстар болмайды. Екінші жағынан фолликуляр дамығанда қуыс
пайда болады. Сонымен, бірге қан тамырлар зонасында лимфатикалық қуыс пайда
болады.
Көптеген бауырмен жорғалаушы және құстарда аналық жыныс безінің
стромасы фоликулярлы және қан тамырлар зоналарына бөлінеді. Бауырмен
жорғалаушы және құстардың аналық жыныс клеткалары мөлшерімен 300-350 мкм
болып келеді. Былай айтқанда құстарда аналық жыныс безінің қалындығы 2-3 см
болса фоликулярлы зонасы оншақалын емес. Бұған қарағанда сүтқоректілерде
фоликулярлы зонасы 23 мөлшерін алып жатады. (20) Строманың өсуі аналық
жыныс безінің көптеген қасиетіне байланысты.
Омыртқалы жануарларда фоликулярлы апараты аналық жыныс клеткасының өсуі
мен бірге фоликулярлық клеткаларында көбейеді. Сүтқоректілерде фоликулярлы
апараттың кейбір жағдайда диаметрі 100-150 мкм болса құстарда 35 мкм болып
өлшенеді. Сонымен қатар фоликулярлы эпителий 10-12 қабатқа дейін ұлғайяды.
Омыртқалы жануарларда аналық бездерінің фоликулярлық апаратында трофикалық
қызмет атқарады. Құстардың аналық безінде, стромасы фоликулярлы аппарат,
қан тамырлары трофикалық элементтерден тұрады. Бруктың (21) мәлеметі
бойынша эмбрионалды қырғауылда аналық безі ұзынша келген таспа тәрізді
келеді. Туар алдында эмбриондарда аналық безі қатпарланып келеді, сай-сай
тәрізді адамның миына ұқсас. Бұл қатпарлар аналық безінде қыртыс қабатында
көбірек болады. Кохтың мәлеметі бойынша аналық жыныс клеткалар қыртыс
қабатында, радиал тәрізді орналасқан. Жасы жетілген құстарда аналық безінің
стромасы қыртыс және қан тамырлар ауданына болып бөлінеді. (22) Ұрық
эпителиі строманың ішіне енеді. Аналық безінің қыртыс қабатында эпитилиалды
қатпарлардың ішінде, көптеген оогониялар орналасқан. Эпитилиялды қатпарлар
бір-бірімен дәнекер тканмен бөлінген. Қан тамырлар ауданында қан
түтікшелері жатады. Аналық безі жетілгенде алдында фоликулярлы апараттар
бездің сыртынан жемісті жүзіміне ұқсайды.
Техвер Ю.Т. (23) мәлеметі бойынша жана жыныс клеткалар ересек тартқан
организмдерде (сиырларда,қойларда және иттерде) ұрық эпителиясынан пайда
болады.
Демченконың А.Н. (24) көз қарасы бойынша иттер мен қояндарда жыныс
клеткалар ұрықты эпителийден шығады. Құстарда аналық жыныс клеткалар қай
жерден шығатыны әлі дәлелденбеген. Осы жануарларда стромасының дамуы әлі
шешілмеген. Бруктың мәлеметі бойынша аналық жыныс бездің стромасында
жінішке уызды қыртысы, ұсақ және ірі фоликулярлы болатыны әйгілі. Айтылған,
стромада дән тәрізді клеткалар пайда болады немесе оларды итерицияльды
клеткалар дейді. (25) Осы клеткалардың пішіні сопақтау, ірі, ашық клеткалар
болып саналады. Бұл клеткалар көбінесе қан тамырлар төңірегінде жатады. Осы
клеткалар секреторлы гормон шығаратын клеткалар болып саналады.
Фоликулдардың дамуы атрезия процесі мен бірге жүреді. Атретикалық
фоликулдар аналық жыныс клеткалар фоликуладан шыққан мерзімінде пайда
болады. Осындай фоликулдар овуляциядан кейін сары денешіктерге ауысады.
Көп ғалымдар атретикалық сары денешіктерді нақтылы немесе жалған түрлерімен
шатастырады. Фоликулдардың дамуында барлық түрлері атрезия процесіне
ұшырауы мүмкім. Осы процес аналық жыныс безінде әртүрлі жастарда орын
алады.
Фолликулдарда айтылған процес теканың гипертрофиясынан пайда болады.
Фоликулярлы эпителий гиалинді процесіне ұшырайды. Дәнекер элементтері
фоликулдардың деградация кейін, фоликудардың ішіне кіреді. Осы денешіктің
қуысына липойдтық заттар толады. Капелидің көз қарасы бойынша стромада
трофикалық процестің өзгеруіне байланысты.
Кларктың айтуы бойынша сары денешік дәнекер тканнан пайда
болады.Фоликулдар лютенизация процесіне ұшырайды. Фоликулдардың жыртылар
алдында ол қанға және лютейнді клеткаларға толады. Сары денешіктер
лютейінді клеткалардан тұрады. Сары денешік бұзылғанда орнына фиброзды
құрылыстар пайда болады. Толығымен сары денешіктің гистологиялық құрылысын
Хватов мәлементтерінен көруге болады. Осы құрылысты үй жануарларынан көруге
болады. Жануарлардың екі қабат кезінде сары денешіктің екі түрі болады:
эпитилиалды (қояндарда, мысықтарда) және эпителиалды-текалы (шошқа, сиыр,
қойларда). Осы ерекшеліктер стромасының ерекше құрылыстарына байланысты.
Әдебиет шолуына қарағанда аналық жыныс безінің оның өсіп-жетілуі,
жануарлардың жасына, өмір сүру әдісіне байланысты болады. Дегенмен, аналық
жыныс безінде көптеген ерекше морфологиялық өзгерістер кездеседі. Жас
мезгілдеріне қарай аналық жыныс безі әлі толық зерттеледі. Көптеген морфо-
физиологиялық өзгерістер сыртқы ортаға да байланысты. Ал кейбір филогенез
кезендері толық шешілмеген. Біздің болашақ зерттеулерімізде, мақсатымыз
бойынша, эпителиалды және дәнекер ткандарының элементтері және трофикалық
структуралары, кейінгі онтогенезде мерзімдері зерттеледі. Бездің
стромасында фоликулярлық апаратпен дәнекер тканьнің өсуін көруге болады.
Стромада қан тамырлары эпителиальды тканьда дифузды болып келеді. Көп
жастарда жануарларда біртіндеп примордиальды фолликулдардың саны азайса,
жасы өскен сайын аналық жыныс клеткалары фолликулдардың ішіне өседі.
Сонымен бірге негізгі биохимиялық заттарда өзгеруі мүмкін.

2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Біздің зерттеулерімізде өзі басып шығарылатың құстың (қырғауыл) аналық
жыныс безі алынған. Барлығы 15 жануарлардын, аналық жыныс безі зерттелген.

Қырғауыл (Phasіanus cholhіcus) –15 дана.
Құстардың жастары жұмыртқадан шыққан кезі мен айлар, мерзімімен
есептелінген. Демек, жұмыртқадан шыққан кезі, 6,0 ай және 1,5 жастағылар.
Осы құстар жастарына қарай, жаз айларында алынған. Қосымша құстардың жасы
аналық жыныс безінің және жұмыртқа жолдарының ерешеліктеріне қарай
анықталған.
Аналық жыныс безі 10%-формалин ерітіңдісінде сақталған. Одан кейін
аналық жыныс бездерінен 10-15 мкм-дік кесінділер жасалынған. Осы кесінділер
Гематоксилин-эозин, Мэзия және Шабадаш әдістерімен зерттелген. Сонғы екі
әдіс белоктардың және глюкогенің мөлшерін көрсетеді.
Белоктарды бромфенол көгі әдісімен анықталған.
Экспериментальды әдістің тәртібі:

1) Жұмыстың мақсаты бойынша қолдан жасалынған кесінділер пайдалану.
2) Кесінділерді парафиндерден босатып, суға дейін жеткізу
Препараттарды сумен шайқау.
3) Кесінділерді 20 мин. Бромофенол көгінде ұстау.
4) Кесінділерді 0,5% сірке қышқылында 15 мин. ұстау.
5) Дистелденген суға 20 мин ұстау.
6) Кесінділерді рН 6,5 фосфатты буферде ұстау.
7) Айтылғанды буфермен жуу.
8) Филтрленген қағазбен кептіру.
9) Жылдам абсолютті ацетонмен өткізу және бальзаммен жабу. Нәтижесі:
жалпы белоктар мөлшеріне қарай ақшыл көктен-қара көк түсіне дейін боялады.
Полисахаридтерді, гликогенді Шабадаш реакциясымен анықтау.
1)Күкіртті суды дайындау: 200 мл дистелденген суға 10 см3 10%-тік натрий
бисульфитің және 10 см3 1Н НСl қосу. Осы ерітіндіні тек қана реакция
кезінде жасау керек.
2)Калий немесе натрий периодатын жасау дайындау: 0,01М КІО4-ке суды қосу.
230 мг КІО4-ке 100 мл суды қосу.
3) Шифф реактивін дайындау: 200 мл екі рет қайнатылған суға 1г НСІ-ды қосу.
Жасалған ерітіндіні 24 сағат бойы қара сауытты ұстау. Жасалған ерітінді
жарау үшін сарғыш түсті болады.
Реакция жүргізу тәртібі:
1) аналық безден 4-5 мкм кесінділерді алу.
2) Парафиннен босатып суға жеткізу.
3) Қаранғыда калий периодатына 15-25 мин ұстау.
4) Кесінділерді екі дүркін 3-4 мин. бойы дистелденген сумен жуу.
5) Шифф ерітіндісінде 25-40 мин. салып ұстау.
6) Үш дүркін 3-4 мин. күкіртті судан өткізу(күкіртті суды жасау 200мл
дистилденген суға 10 мл 1Н НСІ және 10мл 10% натрий бисулфитті қосу).
7) 10 мин. бойы 2-3 қайтара дистелденген сумен жуу.
8) Клеткаларды” ядросын Карачи бояумен бояу.
9) Дистелденген сумен жуу.
10) Кесінділерді спирт, ксилол арқылы судан босату және бальзаммен жабу.
Нәтижесі: гликоген және мукойдты заттар қызыл күре” түспен боялады.
Алынған препараттар МБИ-3 және МБИ-6 микроскоптар арқылы зерттелген.
Онда пайдаланған обективтер 10х және 20х күлгін түсті микро
фотографиялардың үлкендігі 153х және 300х Қосымша жасалған препараттар,
аналық жыныс бездері бинокулярлы микроскоп арқылы (4x75) зерттелген. МБИ-3
микроскоп арқылы аналық жыныс безі ұзындығы және ені өлшенген. Сонымен
бірге фоликулдар саны, құстардын жасына қарай анықталған. (Мазунин Н.А.)
Жасалған препараттардан аналық жыныс безінің стромасы, фоликулярлы
компоненттері және дәнекер элементтері анықталған. Фоликулярдың дамуындағы
трофикалық компонентер зерттелген. Структуралардың өлшемдері 50 рет жинақты
анықталған. Алынған цифрлардан кестелер және гистограмалар қаралған.
Сонымен жұмысымызда жыл бойы бір рет көбейетін қырғауылдың аналық
жыныс безі зерттеледі.

3. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Аналық жыныс безінің жасына қарай морфологиялық өзгерістері

Қырғауылдың аналық жыныс безі іш қуысының жоғарғы сол жағында
орналасқан, бүйректің жанында. Арқаға аналық жыныс безі серозды құрылыстар
арқылы бекітілген. Аналық жыныс безінің стромасының ұзындығынан 2,3 см-ге
дейін жетеді. Көлденен 1,5 см-ге дейін болады. Жұмыртқа жүретін түтіктің
ұзындығына қарағанда, аналық жыныс безі үш есе қысқа. Аналық жыныс
безіменен жұмыртқа жүру түтікшесіменен бірге жалпы ұзындығы 5,3 см-ге
дейін жетеді.
Өсіп жетіліп келе жатқан қырғауылдардың аналық жыныс безінің ерекше
структураларын көруге болады. Жұмыртқадан шыққан қырғауылдарда аналық жыныс
безінің беті дәнекер тканьнімен жабылған, оның астында аласа призматикалық
эпителий орналасқан. Жалпы без созылған мүйізді қатпар тәрізді болады.
Жұмыртқадан шыққан қырғауылдардың аналық жыныс безінде белок, қыртыс және
мишық қабаттарын көруге болады. Мишық қабатыменен үлкен болады. Бездің
стромасы бос және қуысты. Қыртыс қабатында нәзіктеу келген әр бағытта
жататың дәнекер тканьі жатады. Солардың ішінде әр түрлі жетіліп келе жатқан
фоликулдар орналасқан (сурет 1 ). Аналық жыныс безінін сыртынан қарағанда
20-30 жетіліп келе жатқан жас фоликулдарды көруге болады. Сол
фоликулдардың ішінде аналық жыныс клеткаларының дамуы көрінеді.Осы жастағы
қырғауылдарда аналық жыныс безінің қыртыс қабаты толық жетілген деп айтуға
болады (көлемін қарағанда). Аналық жыныс безінде оогенез процесі жылдым
жүреді, сонымен бірге безде көптеген структуралық өзгерістер көрінеді.
Стромалық

3.2 Қырғауылдың жұмыртқадан шыққан аналық жыныс безінің құрылысы

Мэзия әдісімен белоктарға боялған. Жетіліп келе жатқан фолликулалар.
Үлкейтілуі 135х.
Сурет1.
Қырғауылдың жұмыртқадан шыққан кезіндегі аналық жыныс безінің кесіндісі

Полисахаридтерге Шабадаш әдісімен боялған. Ұяшықтарда оогониялар
орналасады. Үлкейтілуі 135х.
Сурет 1а.
құрылымдары (талшықтары және клеткалары) тығыз емес. Қан тамырлар ауданы
үлкен, макрофактарыкөп. Сол салдарынан аналық жыныс безінің сыртынан
қарағанда әр бағыттағы терең сайларын көруге болады. Бездің бетінде
фоликулярлы төмпешіктері орналасқан. Жалпы бездің стромасында фоликулдардың
бес түрлерін көруге болады. (кесте 1, сурет1б. 1в)ұрық эпителиінің астында
әр жерлерде бөлшектенген оогониялар орналасқан. Оогониялар диаметрі 13 мкм,
ал ядросының үлкендігі 4,5 мкм-ге дейін жетеді Оогониялар ортасында
нәзіктеу келген дәнекер талшықтары орналасқан. Оогония топтары ұяжықтарға
орналасады (сурет 1а). Біріншілері өте ұсақ аналық жыныс клеткасы 26 мкм
және көпшіл, ұрық эпителиінің астында. Екінші типтері кіші 105 мкм жуық
қыртыс қабатының бетінде ортасында орналасқан ақшыл түсті, сәл сопақтау
аналық жыныс клеткалары, 3-ші типтері салыстырмалы ірілеу мөлшермен 210
мкм. Төртінші типтері ірі 282 мкм. Бесінші типтері жетілген формалары 526
мкм. Осы өзгерістерге қарай жұмыртқа түтігі де біртіндеп жуандайды.
Фолликулдар бір-бірінен стромалы жуан дәнекер тканьдарымен бөлінген.
Бездің буын араларында үлкен қан тамырлар орналасқан. Осы себептерге
байланысты фоликулярлы апаратының өсуіне қарай қан тамырлар ауданының
құрылыстары дифузды болып келеді.
Дәнекер тканьнің элементтері, клеткалары пішіні жағынан көп бұрышты
және ұршық тәрізді келеді. Осы жасты, безде ұршық тәрізді клеткалар
фолликулдар сыртында орналасқан. Бездің стромасының әр жерлерінде, көбінесе
қыртыс қабатына жақын топталған эпителиялды клеткалар болады. Пфлюггер
кабықшасы дәнекер тканьді стромалар араларында артериалды және венозды

Кесте 1.
Қырғауыл жыныс безінің аналық жыныс клеткаларының өсу дәрежелері
(мкм).
№ қырғғауылзерттелжасы Өсіп жетілген фолликулалар (мкм)
-ген
саны
Бірінші Екінші дәрежедегі ооциттер (мкм)
дәреже-д
егі
ооцит
(мкм)


қан тамырлары орналасады. Артериалды қан тамырларының сыртқы қабырғасы
жуан, ал венозды қабырғалары жінішке болады. Осындай жерлерге атрезияға
ұшыраған фолликулдар орналасады.
Бездің бір кесіндісінде әр түрлі жерлерінде 100-ден астам примордиалды
фолликулалар орналасқан. Олардың диаметрі 340 мкм-ге дейін жетеді. Соның
ішінде аналық жыныс клеткаларының диаметрі 105 мкм болады. Аналық жыныс
клеткалар бір-екі қабатты куб тәрізді фоликулярлы клеткамен қапталған. Оның
сыртында бір қабатты дәнекер элементтері жатады.
Алты айлық құстарда, жыныс безінде препараттың бір кесіндісінде,
примордиалды фолликулдардан кейін ары қарай өсіп келе жатқан фоликулдарды
көруге болады (сурет 1г,1д). Олардың диаметрі 340 мкм-ден 1700 мкм-ге
дейін өседі. Аналық жыныс клеткалар сыртынан екі қабаты эпителиймен
қапталған, эпителийдің биіктіге 20 мкм-ден 75 мкм дейін өзгеріп отырады.
Фолликулдардың өсуіне байланысты дәнекер текасының қалындығы 30 мкм-ден 85
мкм дейін жетеді(кесте 2). Тека екі-үш қабатты болып келеді, ішкі қабаты
жінішке, сыртқы қабаты жуандау . Пісіп жетіліп қалған аналық жыныс
клеткаларының фоликулдарының диаметрі 1700 мкм дейін жетеді. Брақта
олардың саны біркесіндісінде 3-4-тен аспайды. Аналық жыныс клеткасының
цитоплазмасында углеводтық, белоктық және майлы заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек құрттың дене ұзындығы
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Құстардың көбеюі
Құрсақаяқты моллюскаларды қолдан өсіру
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Онтогенез және филогенез
Сүтқоректілердің дамуы
Жыныс клеткаларының көбеюі
Сұр қарлығаштың тіршілі
Пәндер