Кесімді қызметкердің толық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы экономика және статистика Академиясы

«Есеп және аудит» кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Еңбектің және оның төлемінің есебін ұйымдастыру», («Жұма» ЖШС-гі негізінде)

Ғылыми жетекші:

«Желдорформация»

ЖШС нің бас бухгалтері

Бекетова. Б. С.

Қорғауға жіберіледі

кафедра меңгерушісі

Астана-2010 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі . . . 8

1. 2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысандары. Жалақыдан ұсталатын

ұсталымдар . . . 13

1. 3 Орташа жалақыны есептеу тәртібі . . . 34

ІІ ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІМЕН АУДИТІ («ЖҰМА» ЖШС НЕГІЗІНДЕ) . . . 51

2. 1 Кәсіпорын қызметіне сипаттама . . . 51

2. 2 Кәсіпорынның жалақы қорының аудиті . . . 54

2. 3 Қызметкерлерге еңбек ақыны төлеу бойынша есеп айырысу есебі . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 75

ҚОСЫМШАЛАР

Алматы экономика және статистика академиясының студенті

Оспанова Арман Гарифуллақызының қызының диплом жұмысына

Пікір

Тақырыбы: «Еңбектің және оның төлемінің есебін ұйымдастыру»

Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісімі шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Жалақы қорының аудитінің негізгі мақсаты: шаруашылық субъектілердегі жалақы есебі мен салық салудың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес екендігін анықтау болып табылыды.

Дипломдық жұмыстың мазмұны мен тақырыбы 050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша мамандарды дайындау бейініне сәйкес келеді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.

Дипломдық жұмыстың 1 - ші тарауында еңбектің және оның төлемақысын ұйымдастырудың жалпы теориялық аспектілері қарастырылған.

Екінші тарауда, кәсіпорын қызметкерлерінің төлем көзінен салық салынатын табысын есептеу тәртібі толық ашылып көрсетілген.

Қорытындысында, автор талдауға алған тақырыбы бойынша өз тұжырымы мен ұсынысын келтірген.

Жалпы, дипломдық жұмыс жоғары теориялық және іс - тәжірибі деңгейінде жеткілікті орындалған. Дипломдық жұмыс біртұтас, аяқталған сипатта және зерттеу тақырыбына сәйкес келеді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы дипломдық жұмыстың жоғары оқу орнындарындағы дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарға сай екені туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс мемлекеттік комиссия алдында қорғауға жіберілуге ұсынылады.

Ғылыми жетекші: «Желдорформация» ЖШС - нің бас бухгалтері Бекетова Б. С.

Алматы экономика және статистика академиясының студенті

Оспанова Арман Гарифуллақызының қызының диплом жұмысына

Сын - пікір

Тақырыбы: «Еңбектің және оның төлемінің есебін ұйымдастыру »

1. Дипломдық жұмыстың маңыздылығы.

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасау үстінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап отырады. Жұмыс беруші жұмысшыларды жұмысқа қабылданған кезде еңбек келісім шартын жасайды. Жұмысшыға осы шарт бойынша кесімді немесе мерзімді жалақы төленді.

Жалақы - бұл ақшамен берілген жеке тұтынушыларға берілетін қажетті өнімнің бір бөлігі болып табылады.

Жалақы қорының аудитінің негізгі мақсаты: шаруашылық субъектілердегі жалақы есебі мен салық салудың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес екендігін анықтау болып табылады.

  1. Дипломдық жұмыстың құрылымымен зерттеу нысаны.

Дипломдық жұмыстың мазмұны мен тақырыбы 050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша мамандарды дайындау бейініне сәйкес келеді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.

Дипломдық жұмыстың 1 - ші тарауында еңбектің және оның төлемақысын ұйымдастырудың жалпы теориялық аспектілері қарастырылған.

Екінші тарауда, кәсіпорын қызметкерлерінің төлем көзінен салық салынатын табысын есептеу тәртібі толық ашылып көрсетілген.

Қорытындысында, автор талдауға алған тақырыбы бойынша өз тұжырымы мен ұсынысын келтірген.

3. Дипломдық жұмыс бойынша жалпы тұжырымдама.

Жалпы, дипломдық жұмыс жоғары теориялық және іс - тәжірибе деңгейінде жеткілікті орындалған.

Дипломдық жұмыс біртұтас, аяқталған сипатта және зерттеу тақырыбына сәйкес келеді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы дипломдық жұмыстың жоғары оқу орнындарындағы дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарға сай екені туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс «жақсы» деп бағаланады және мемлекеттік комиссия алдында ашық қорғауға жіберілуге ұсынылады.

Рецензент

Кіріспе

Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Шаруашылық жүргізуші субъекті өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандырын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларын бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажетті шешімдер жасайды.

Субъектінің құрылымдылық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыру кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызмет болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандарылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бас бухгалтерлік қызметтен босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен жасалатын шаруашылық операцияның қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек.

  • есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
  • қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есеп есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте есепте толығымен көрініс табуы;
  • тиісті есептік кезеңнің шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
  • әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,

аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.

Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты кәсіпорындардағы қызметкерлерге еңбек ақыны төлеу бойынша есеп айырысу есебі, аудиті және талдауын қарастыру болып табылады. Осы мақсаты орындау бағытында төмендегідей :

  • кәсіпорындарда еңбек ақы есебін ұйымдастыру;
  • кәсіпорынның еңбек ресурстары мен жалақы қорының есебі мен

аудитін жүргізуді ұйымдастыру;

  • кәсіпорынның жалақы қорына салық салу.

І ТАРАУ КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс - түйістер болып тұрады.

Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгерту себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылданған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім - шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісімшарты - жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.

Жеке еңбек келісім - шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенменде, келісім-шартында «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егер де ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.

Жеке еңбек келісім - шартында мыналар қарастырылады:

  • белгісіз мерзімге;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.

Заңды келісім - шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім - шарттында мерзімі айтылмаса; онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.

Жеке еңбек келісім - шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек кітапшасын; жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік қолдын, зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім - шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығару тиіс.

Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен»құжаттайды; кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасы қажетті жағдайларда келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылым бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер үлгінің сырт жағына соғылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол қойған бұйрық қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдап туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білім бар мамандарға және училищелерге, кәсіптік- техникалық білім беретін мектептерді т. б. бітірген жас жұмысшыларға да «Жеке карточка» толтырылады.

Жұмысқа қабылдану, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.

Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы мүмкін.

Жеке еңбек келісім - шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілеті жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық » қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

Жеке еңбек келісім - шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен азаматтық - құқықтық келісім - шарт жасауына болады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық-құқықтық қатынасты қызметкер белгілі бір тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды. Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім - шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 04. 07. 92 ж. №1514 - ХІІ шыққан ҚР«Ұжымдық келісімшарт туралы» заңымен анықталады. Бұл келісімшарт, жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген минималды еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа,

Ұжымдық келісім - шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстың және басқа да.

Олардың қатарына:

  • тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
  • еңбеккерлер үшін қосымша жеңгілдік және компенсация құқын беретін

жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;

  • жұмыс уақытының жиынтық есебіне жүргізетін өндірістер, цехта

учаскерлердің тізімі;

Қызметкерді бір цехтан екіншесіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы» жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды.

Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілерін соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы орны бойынша жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүлікті - материалдық және басқадай бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық» қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркіме шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін cақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы; мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен, немесе тек ауытқуларын тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толықтырылған табель бланкілері компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін.

Мұндай реквизитерге жататындар: кәсіпорындардың құрылымдылық бөлімшелері, цех, қызметкерлер тегі, әкесінің аты, кәсібі, табельдік нөмірі т. б.

Мұндайда табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады.

№:
Шартты белгілер: Шартты белгілер
Коды: Коды
№: Әріптік
Шартты белгілер: Сандық
№: 1.
Шартты белгілер: Жұмыс сағаттар, күндері
Коды: Я
01
№: 2.
Шартты белгілер: Түнгі жұмыс сағаттары
Коды: Н
02
№: 3.
Шартты белгілер: Кешкі сағаттары
Коды: ВЧ
03
№: 4.
Шартты белгілер: Мерзімінен тыс жұмыс сағаттары:
Коды:
№:
Шартты белгілер: - кесімді қызметкерлер үшін
Коды: С
05
№:
Шартты белгілер: мерзімді қызметкер үшін
Коды: СП
06
№: 5.
Шартты белгілер:

Кесімді қызметкердің толық

сменалық мерзімді жұмысы

Коды: Ц
07
№: 6.
Шартты белгілер: Қызмет бабындағы іссапарлары
Коды: К
10
№: 7.
Шартты белгілер: Жыл сайынғы демалыстар
Коды: ОТ
14
№: 8.
Шартты белгілер: Жұмысқа жарамсыздығы
Коды: Б
17
№: 9.
Шартты белгілер:

Екіқабат болуға және бала табуға

байланысты берілетін демалыстар

Коды: Р
18

1. 2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны. Жалақыдан ұсталатын

ұсталымдар

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісімі шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім - шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақыны деңгейінен төмен болмауы керек.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады - келісімді (өнім санынан қарай ақы төлеу) және мерзімді ( істеген күніне қарай төлеу) .

Мерзімді еңбек ақы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелінетін жалақының нысанын айтады.

Мерзімді еңбек ақының нысаны жай - мерзімділік және сыйақылы -мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минимальды деңгейін және біріңғай тарих сеткасын пайдаланады.

Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициент белгіленеді.

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінше разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін біріңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады.

Бірыңғай тарифтік - мамандырылған анықтама бойынша еңбеккерлердің трификациясын жасайды.

Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық - мамандырылған топтарындағы қызмет иесінің айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып біріңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік - мамандырылған коэффициент бойынша анықтайды.

Тариф сеткасыныңбіріңғайразряды:

Тариф сеткасының

біріңғай

разряды

Тарифтік коэффициент(1 разрядқақатынасы):

Тарифтік коэффициент

(1 разрядқа

қатынасы)

Тариф сеткасыныңбіріңғайразряды:

Тариф сеткасының

біріңғай

разряды

Тарифтік коэффициент(1 разрядқақатынасы):

Тарифтік коэффициент

(1 разрядқа

қатынасы)

Тариф сеткасыныңбіріңғайразряды:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Тарифтік коэффициент(1 разрядқақатынасы):

1, 0

1, 07

1, 15

1, 24

1, 33

1, 43

1, 54

1, 66

1, 78

1, 91

2, 05

Тариф сеткасыныңбіріңғайразряды:

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

Тарифтік коэффициент(1 разрядқақатынасы):

2, 20

2, 37

2, 55

2, 74

2, 95

3, 17

3, 41

3, 67

3, 94

4, 24

Тарифтік - мамандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.

Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.

Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық келісім - шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Ал тарифтік -мамандырылған анықтама қажет болған кезде ғана пайдаланады.

Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын - ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленіп өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді. Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

Кесімді - сыйлық - бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткіш орындаған кезде ғана пайдаланады;

Кесімді - прогрессивті еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем - ақысына шаққандағы процентімен анықталады;

Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайда. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері жайлы
Еңбекақы
Тікелей кесімді жүйе
Еңбекақы формалары
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тарифтік жүйені қолдану
Еңбекақының экономикалық мәні
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және мотивация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz