Қолма қол ақшаларды кассадан беру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Ақша қаражаттар есебi және iшкi аудитi

Мазмұны

Кiрiспе3

I БӨЛIМ. АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI5

1. 1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты5

1. 2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебi6

1. 3 Валюталық шот операцияларының есебi11

1. 4 Касса операцияларының есебi16

1. 5 Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi20

1. 6 Төлем карточкаларының есебi26

1. 7 Ақша қаражаттар қозғалысының есебi29

II. Ақша қаражаттар есебiнiң iшкi аудитi33

2. 1 Аудиттiң әдiстемелiк тәсiлi33

2. 2 Касса есебiнiң аудитi37

2. 3 Есеп айырысу шотының аудитi44

2. 4 Банктегi арнайы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражаттар есебiнiң аудитi52

Қорытынды57

Пайдаланған нормативтi - құқықтық актiлер және арнайы әдебиеттер60

Кiрiспе

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен көштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең өзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сөз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.

Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сөйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай - ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi өзектi болып есептелiнедi.

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рөлi зор.

Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететiнiн, олармен қандай қарым - қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын көрiп бiлуге болады.

Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе - банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда өз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн көруге болады.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бөлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, бiтiру жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.

Бiтiру жұмысын жазудағы менiң басты мақсатым ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру. Жоғарыда көрсетiлген мақсатқа жету үшiн, бiтiру жұмысымның жазылу жоспарын құрдым. Жоспарда қарастырылған басты - басты мәселелер келтiрiлген.

Тәжiрибелiк мәселелердi тiкелей өндiрiстiк iс - тәжiрибе өткен кәсiпорында қарастырдым. Кәсiпорынның атауы «Big Idea Group» ЖШС. Серiктестiк Қазақстан Республикасының 22 сәуiр 1998 - жылғы «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктер туралы» Заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiнде құрылған заңды тұлға болып табылады.

Серiктестiктiң атауы жазылған мөрi, дербес балансы, банктерде есепшоттары бар. Серiктестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте тiркелетiн өзiнiң тауар белгiсi мен символикасы бар.

Серiктестiк қызметiнiң мақсаты қатысушының мүддесiне шаруашылық қызметтi жүзеге асыру жолымен табыс алу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн Серiктестiк келесi қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

  • жарнама бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызмет;
  • жарнама компанияларын жоспарлау және өңдеу саласындағы қызмет;
  • имидждер мен бейнелердi өңдеу саласындағы қызмет;
  • жарнама өнiмдерiн өндiру;
  • теледидар және радиобағдарламаларды өндiру, көшiрмелерiн жасау, дыбыстандыру, тарату және т. б.

Серiктестiктiң бухгалтерлiк есебi «1С Бухгалтерия» компьютерлiк бағдарламасы бойынша жүзеге асады. Iшкi аудит жүйесi бар.

I БӨЛIМ. АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI

1. 1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы өзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде өндiрiлген өнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi төлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта өндiрiлген өнiмiн сатып немесе қызмет көрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол өнiмдердi өндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:

1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;

2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;

5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде есептеу.

2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.

3) Есеп айырысу, төлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:

1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.

2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде көрсету.

3) Бөлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.

4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.

5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

6) Есеп айырысу - төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

1. 2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебi

Барлық шаруашылық субъектiлер ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мөлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек. 1 Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде банктiк шоттарды ашады. Банктiк шот депозит қабылдаумен, келiсiм - шартта қарастырылған клиентке банктiк қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келiсiм - шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктiк шоттар теңге мен шетел валютасында жургiзiлуi мүмкiн және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттiк шоттар болып бөлiнедi.

Корреспонденттiк шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктiк операциялардың жеке бiр түрлерiн ғана жүзеге асыратын банктiк шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлiмшелерiне (филиалдар мен - өкiлдiктер) ашылатын банктiк шоттар. 2

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негiзiнде ашылады:

  1. шотты ашу жөнiндегi өтiнiш;
  2. қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгiсi бар карточка;
  3. субъектiнiң салықтық есепке қойылу фактiсiн растайтын салық органының анықтамасы;
  4. мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
  5. жарғы мен құрылтай шартының көшiрмесi (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) .

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектiсi оның иесi болып табылады. Ол өзiне берiлген құқықтардың шегiнде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелiк жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, берудi және аударуды банк мынадай құжаттардың негiзiнде орындайды:

  1. Қолма- қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгiзген кезде қолма-қол ақша салымының мәлiмдемесi ресiмделедi. Қолма - қол ақша салымының мәлiмдемесi түскен түсiмдi, депоненттелген еңбек ақыны және қолма - қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесiнiң банкке деген бұйрығы. Мәлiмдеменi сиямен бiр данада толтырады; қабылданған ақшаға банк квинтация бередi, ол шығыс касса ордерiне тiркеледi.
  2. Әртүрлi мақсаттар үшiн кассаға алынғанда-чек ресiмделедi. Чек ресiмделуi - чек берушiнiң чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнiң жүзеге асуын бiлдiредi. 3
  3. Басқа субъектiлермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма - қызмет көрсететiн банкке өз ақшасын тапсырмада көрсетiлген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнiнде төлеушiнiң тапсырмасы.
  4. Субъект босатылған өнiмдердiң, орындалған жұмыстар мен қызметтердiң құнын сатып алушыдан өндiрiп алуға тиiс болғанда - төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап -тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, көрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар үшiн дәлелдеушi құжаттар негiзiнде ақша аударушыға төлем ақыны жүргiзу туралы талабы.
  5. Шаруашылық iстерi жөнiндегi комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектiнiң шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуiне қарай күнтiзбелiк кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабiлетсiз деп жариялаған мiндеттемелер бойынша төлемдердiң кезектiлiгiн банк мекемесiнiң басшылығы белгiлейдi. Банктер мезгiл- мезгiл немесе күн сайын шоттардың иелерiне жүргiзiлген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негiз болған құжаттарды оған қоса берiп, оларға есеп айырысу шотынан көшiрме жолымен құлақтандыру жасайды. Көшiрмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгiленген көрсеткiштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшiрменi тексередi, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептiк тiркелiмдерге жазу үшiн талдау есебi баптарының кодын қояды.

Банктiң көшiрмесi есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептiң тiркелiмiн өздiгiнен алмастырады және сонымен бiрге бухгалтерлiк жазулар үшiн негiздеме қызметiн атқарады. Кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шоты кредиторлық берешектi көрсететiн пассивтiк шот болып табылады. Көшiрмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуi, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетедi. Шаруашылық жүргiзушi субьектiнiң бухгалтериясында керiсiнше, есеп айырысу шоты активтiк болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуi дебет бойынша, ал кемуi (есептен шығару) кредит бойынша көрiнiс табады. Банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебi 441 - шотта жүргiзiледi.

441 - шот бойынша төмендегiдей шаруашылық операциялары жүргiзiледi:

  1. Өнiмдер, жұмыстар мен қызметтер және сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған төлем сомасына Д- т 441 К-т 301
  2. Төлеу мерзiмi басталғанда вексель берушiнiң вексельдi өтеуi Д-т 411 К-т 302
  3. Еншiлес заңды тұлғалар берешектi өтеген Д-т 441 К- т 321, 323
  4. Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 441 К-т 332
  5. Дебиторлық берешек өтеген кезде Д-т 441 К-т 333, 334
  6. Аккредитивтердiң, лимиттелген чек кiтапшаларының пайдаланылмаған сомалары есеп айырысу шотына есептелдi

Д-т 441 К-т 421, 422

  1. Ақшаны кассадан есеп айырысу шотына өткiзгенде Д-т 441 К-т 451
  2. Жарғылық капиталға салым ретiнде құрылтайшылардан қолма-қолсыз ақша қаражаттары келiп түстi Д-т 441 К-т 511
  3. Алынған несиелер мен займдардың сомасы есеп айырысу шотына келiп түскен кезде Д-т 441 К-т 601-603
  4. Аванс алынды Д-т 411 К-т 661, 662
  5. Алдағы кезеңдер есебiне алынған ақы Д-т 441 К-т 611
  6. Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Д-т 141-144, 401-403 К-т 441
  7. Болашақ кезеңдер үшiн жалдық ақыны төлеу Д-т 342 К-т 441
  8. Аванс берiлген кезде (алдын ала төлем) Д-т 351 352, К-т 441
  9. Аккредетивтерге қаражаттар есептелдi, чек кiтапшасы ашылды Д-т 421, 422 К-т 441
  10. Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма қол ақшалар алынды Д-т 451 К-т 441
  11. Займдар мен несиелердi қайтару (өтеу) Д-т 601-603 К-т 441
  12. Акциялар бойынша дивиденттердi төлеу Д-т 621-622 К-т 441
  13. Бюджетке салықтар аударылды Д-т 631, 633, 634 К-т 441
  14. Еншiлес, тәуелдi, бiрлесiп бақыланатын тұлғаларға, жеткiзушiлер мен басқа кредиторларға берешек өтелдi Д-т 641-643, 671, 678 К-т 441
  15. Несиелер, қарыздар жалдау шарттары бойынша % төлендi Д-т 684 К-т 441
  16. Айыппұлдарды, өсiмақыларды, тұрақсыздық айыптарын төлеу Д-т 821 К-т 441

441- шотта көрсетiлген операцияларды есепке алу үшiн №2 журнал ордер мен №2 ведомость қолданылады. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшiрмесiнiң және соларға қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Құжаттар алдымен әрбiр күн үшiн жиынтықтарды сомалау арқылы бiртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кiрiстiк және шығыстық құжаттар бөлек-бөлек), содан кейiн №2 журнал-ордерге (441- шоттың кредитi бойынша) және 441-шоттың дебетi бойынша №2 ведомоске жиынтық бiр сомамен жазылады.

№2 ведомостьке бiртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо (қалдық) көрсетiледi де, ай iшiнде есептелген дебеттiк және кредиттiк айналымдар ескерiлiп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кiтапқа 441-шот бойынша көшiрiледi.

Есеп айырысу шотын жабу оның иесiнiң өтiнiшi бойынша:

- есеп айырысу шотын ашу үшiн тiптi болмағанда бiр ғана бөлiгiнiң болмауына (дербес баланстың бар болуы және т. б. ) әкеп соқтырған субъект қызметi сипатының өзгерiсi кезiнде;

- субъектiнi құрған органның шешiмi бойынша;

- 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргiзiледi.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектiнiң атауы өзгерген кезде шоттың иесi чек кiтапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмiрiн көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға мiндеттi.

Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысулар.

Төлем тапсырмалар тауарлы материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн есеп айырысу кезiнде және тауарлар мен қызметтердiң алдын ала төлемiн, келiсiм шартта немесе заңмен қарастырылған аванстық төлем жағдайларында қолданылады.

Төлеушi белгiленген нысан бланкiлерiнде тапсырманы банкке ұсынады. Тапсырмадан басқа банк талабы бойынша төлеушi келiсiм-шарттарды, шот фактураларды, төлемнiң мақсаттылығын дәлелдейтiн басқа да құжаттарды көрсетуi тиiс. Төлем тапсырмалар онда көрсетiлген күннен бастап 10 күн iшiнде банк-алушымен қабылданады. Олар төлеушiнiң шотында қажеттi қаражаттар болған жағдайда ғана iске асады. Төлем құжаттары электронды да, қағаз бетiнде де болуы мүмкiн. Негiзiнен төлем тапсырмалар екi данада болу толтырылады: бiрiншiсi - банкте қалады, екiншiсi - ақша төлеушiге қабылданғаны жөнiнде банктiң мөр таңбасымен қайтарылады.

Төлем тапсырманы толтырған кезде келесi реквизиттерi көрсетiледi:

  • төлем тапсырма номерi;
  • төлем тапсырма күнi;
  • жеке идентификациялық код (ИИК) - аударушы мен бенефициардың банктiк шотының номерi;
  • ақша аударушы коды (КОд) және бенефициар коды (Кбе) - ол екi символдан тұрады, бiрiншiсi - резиденттiк белгiсi, екiншiсi экономика секторы;
  • бенефициар - ақша қаражаттарды алушы;
  • ақша аудару жөнiнде клиенттен тапсырма алатын банк аударушының атауы
  • банк бенефициар - ақша қаражаттарды келiсiм-шарт негiзiнде

қабылдаушы банк;

  • аударушының банктiк идентификациялық коды (БИК)
  • филиалдар арасындағы айналымдар коды (МФО)
  • төлем мақсатының коды - ҚРҰБ нормативтi - құқықтық актiлерiмен белгiленген үш символдан тұратын, жүзеге асатын төлемдердiң кодтық белгiсi;
  • бюджеттiк сыныптау коды - салықтардың (төлемдердiң) қайтарылуы жүзеге асатын коды;
  • валюталау күнi - бенефициар банктiк шотына ақша қаражаттардың кiрiске алыну күнi, оны төлемдi жүргiзушi субъект белгiлейдi.

Төлем құжатында еш бiр түзетулерге жол берiлмейдi. Егер олар болатын болса, онда банк бұл тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн iшiнде құжатты клиентке қайтарады.

1. 3 Валюталық шот операцияларының есебi

Резиденттер арасындағы операциялар бойынша нормативтi актiлермен қарастырылған жағдайлардан басқа барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асу керек. Қазақстан Республикасында резидент және резидент еместердiң жүргiзетiн валюталық операциялары өкiлеттi банк пен банктiк емес қаржылық мекемелерi арқылы жүзеге асады. Валюталық операцияларды жүргiзудiң негiзi №115 2001ж. 20 сәуiрде Ұлттық Банк қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» № 54-1 1996ж. 24 желтоқсандағы Заңы және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргiзу ережелерi» болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкiлеттi банктерде заңды тұлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргiзiлуi және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерiнiң банктiк шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртiптерi туралы» Нұсқаулықта көрсетiлген тәртiпте жүзеге асады. Заңды тұлға - резиденттерiнiң тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшiн түсетiн валюталық сомасы экспорт күнiнен бастап 120 күн iшiнде мiндеттi түрде банк шоттарына кiрiске алынуы керек. Заңды тұлғалар - резиденттер резидент емес тұлғаға төлем ақы жүргiзген кезде өкiлеттi банкке дұрыс ресiмделген құжаттарды (келiсiм-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т. б. ) ұсынуы тиiс. Өкiлеттi банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан валюталық операцияға тиiстi қажеттi қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы. Ағымдағы валюталық операциялар өкiлеттi банктер арқылы шектеусiз жүргiзiледi. 2001ж. 31 наурызда №884 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасымен бекiтiлген 1996ж. 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңға және «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тiркеу ережелерiне» сәйкес капиталдың резидент еместен резидентке қозғалысымен байланысты операцияларды жүргiзу мен есебiн ұйымдастырудың тәртiптерi бекiтiлген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта шотындағы қолма-қол ақша есебі
Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті
Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі
Клиент - заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу
Ақша қаражаты
БАНК КАССАСЫНАН ҚОЛМА - ҚОЛ АҚІПАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БЕРУ ЕСЕБІ
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі
Кассалық операциялар есебі
Кассадағы операциялар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz