Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі қаржылық инвестиция есебі


Қазақстандағы инвестициялар және оның бухгалтериясы
Мазмұны
Кіріспе3
1. Тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі қаржылық инвестиция есебі14
1. 1. Инвестицияның жiктелуi және оның есебінің міндеті14
1. 2. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық субъектісіндегі инвестиция есебі22
1. 3. Қаржылық инвестициялардың есебі28
2. Тарау. Кәсіпорындағы инвестициялар аудиті44
2. 1. Инвестиция аудитінің міндеттері және ақпараттық қоры44
2. 2. Инвестиция аудиті46
2. 3. Инвестиция тиімділігі мен инвестициялау бойынша шешімдерді бағалау56
2. 4. Инвестицияланатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау64
Қорытынды73
Қолданылған әдебиеттер75
Кіріспе
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері қоғамның алға дамуының анықтаушы факторы болып есептелiнедi. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді белгілейді.
Бүгінгі күні, Республикада Мемлекеттік шектеулік саясаты нәтижесінде макроэкономикалық тепе-теңдікке жетеміз, - деп айтуға болады. Мемлекеттің экономикалық саясатының белгіленген деңгейіне жету барысында реформалардың келесі кезеңі ұсынылады. Бұл - экономикалық өсу және құрылымдық өзгерістер кезеңі. Осы кезең Қазақстан халқына жіберілген Мемлекет Президентінің жолдауында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ең маңызды мақсаты болып белгіленген, яғни “Экономикалық өсудің” іске асатын тұрақты және өсімді қарқындарына жету ретінде (Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан 2030) үлкен маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып, экономиканы жандандыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Бухгалтерлік есеп, нарықтық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде ерекше маңызды орынға ие. Ол “Бухгалтерлік есеп” пен “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалынған. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарында субъектілердің қаржы- шаруашылық қызметті бухгалтерлік есебінің Бас шоттар тізбегінде бекітілген, ортақ принциптер мен ережелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепке алу жөніндегі ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есепке алу жөніндегі шығарған нұсқаулары, ережелері мен ұсынымдары негізінде ұйымдастырылады. Оның үстіне Республикамызда қолданып жүрген бухгалтерлік есепке алу жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылған.
Елімізде бухгалтерлік есептің тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқығын анықтап отырған 1995-жылы 26-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар жарлығында көрсетіліп отыр. Бұл заң бухгалтерлік есепті бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі бухгалтерлік есепті бір жүйеге, келтіре отырып, даму жолы анықталынады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде - бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауді тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Сондықтан аудит жұмысының қажеттілігі, көптеген себептермен анықталынады. Біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін; екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін; үшіншіден, кәсіпкерлер өз-ара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.
Шаруашылық субектісіне қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеу үшін, нақты инвестициялар керек. Олар кәсіпорынды қаржыландыру үшін негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорлардың өсіміне салымдар ретінде табылады.
Осыған байланысты бұл диплом жұмысымның тақырыбы қаржылық инвестиция, яғни “Қаржылық инвестицияның есебі және ішкі аудиті” түрінде бекітіліп алынды. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын ең негізгі (актуалды) тақырыптың бірі болып отыр.
“Қаржылық инвестиция есебі” №8 Бухгалтерлік есеп стандартының негізінде ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Ол халықаралық тәжірибеге сәйкес нарық экономикасының негізгі қозғаушыларының бірі болып бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Оларды шығару, орналастыру, сонымен қатар, экономикаға жаңа инвестицияларды тартуға, бюджеттің дефицитін жабуға және басқадай қажетті мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бағалы қағаз нарығы халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға көмектеседі, өйткені, экономикаға жаңа инвестицияларды тарту тауарлар мен өнім өндіру көлемін ұлғайтады, ал бюджет дефицитін қосымша ақша эмиссиясымен емес, бағалы қағаздар шығару арқылы, жабу инфляцияның алдын алады. Сондай-ақ халықта дивидендтер мен пайыз түрінде қосымша табыстар алуға мүмкіндігін туғызады.
Әрбір кәсіпорын табыс алу үшін, қолданылатын активтерді сатып алу және қаржыландыруға ақша- қаражаттарды іздестіру қажет. Фирма басшылығы, оның иелерінің бірі болатын инвесторлардан қаражат алуға немесе оның кредиторлары болатын ссуда берушілерден алады; бұл меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелерде көрсетіледі. Берілген уақытта активтерді сатып алу және операцияларды қаржыландыру үшін, қолданылмайтын ақша қаражаттарды дивиденд немесе пайыз әкелетін бағалы қағаздар инвестициялануы мүмкін; қысқа мерзімді бағалы қағаздар және ұзақ мерзімді инвестициялар шоттарында көрсетіледі. Ақша қаражаттарының қажеттілігін жоспарлау, капиталды ұлғайту және инвестициялау, қарыз қаражаттарын тарту процесі, бизнестің қаржылық - инвестициялық циклін құрайды:
- артық ақша қаражаттарын инвестициялау;
-ақша қаражаттары ағымын болжауды дайындау;
- ақша қаражаттарғы сұраныстарды талдау (ақша қаражаттары ағымын түзетілген болжам) ;
-бағалы қағаздар немесе ақша қаражаттары белгілерің сату;
-тауарлар мен қызметтер өнімін өткізу (табыс алу циклы) ;
-ТМҚ және ҢҚ-ды сатып алу (сатып алулармен шығындар циклы) ;
-еңбек пен материалдардың дайын өнімге айналуы (өндірістік цикл) .
Бағалы қағаздарды шығарып және оны орналастыру, кәсіпорын белгіленген бағдармаларды орындау үшін жеткілікті мерзімге қажетті қаражаттарды алады, ал инвестор қор нарығында саудада қолдана алатын қаржылық құралды алады.
Қаржылық инвестор ретінде барлық материалдық - техникалық және қаржылық салымдардың барлық түрлері сондай-ақ, бағалы қағаздарды алу нысанындағы кәсіпкерлік және басқа да қызмет ету түрлерінің объектілеріне салынатын меншік құқықтары мен зиялылық құндылықтар, әлеуметік, экномикалық және ғылыми техниқалық табыс алу мақсатында жарғылық қорға инвестициялар немесе зайымдарды ұсынулар жатады. Қаржылық инвестициялар, мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына салынған инвестицияларға бөлінеді. Қаржылық инвестициялардың жүргізуін растайтын құжаттар қаржылық активтер болып табылады. Ол кәсіпорынның шығарған бір бөлігіне құқығын растайтын құжаттар.
Инвестициялар меншік иесінің жағдайын жоғарлату мақсатында жасалынады яғни инвестор, салымшының қазіргі кездегі сондай-ақ болашақтағы материалдық байлығын көбейту. Қаржылық инвестор әр түрді, бір бірінен күтілетін табыспен, шығындарді әр түрлі қорғанысымен, тәуекел дәрежесімен, айналымдылығымен, жеңілдіктерімен және тағы басқаларымен ерекшеленеді.
Қаржылық инвестициялық циклға жатқызылатын операциялар, кәсіпорынның келесі іс-әрекет қызметтері кезінде орындалады:
- ақша қаражаттар ағымын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлы болжауда;
- ақша қаражаттар ағымын болжау, қаржыландыру құралдары, өндірісті ұлғайту жоспары және басқа да ұзақ мерзімді жоспалар түрлеріне қаржылық қызметті жоспарлау;
- инвестициялық қызметкерлер өкілеттерімен, заңгерлермен және тәуелсіз аудиторлармен кездесу;
- басқарманың қарауына инвестициялық қызмет жоспарларын ұсыну;
- инвестицияларға акцияларды, облигацияларды және вексельдері өткізу;
- басқарманың дивиденттер көлемін жоспарлау;
- дивиденттер мен пайыздарды төлеу;
- ақша қаражаттарынның артығын талдау (болжаммен салыстырғанда) ;
- бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялау;
- артық ақша қаражаттарын инвестициялау бойынша, ұсыныстар;
- дивиденттер мен пайыздарды алу.
Жоғарыда аталған қызметтердің көбісін, атап өтейік.
Мен бұл тақырыбыма сәйкес, керекті мәліметтерді Ж. А. Қ. “Халықтық зейнетақы қорында” өндірістік іс-тәжірибе өткен кезінде қарастырдым, бұл қор:
- Ақша жинақтаушы зейнетақы қоры “Халықтық зейнетақы қоры” жабық акционерлік қоғамының құқылық - ұйым нысаны бар, өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының “Зейнетақы қамтамасыздығы туралы“ Заңына, мемлекеттік келісім - шарттарына және басқа да Қазақстан Республика заңына сәйкес, құрылтайшыларымен құрылған, бұдан былай “Қоғам” аталады.
- Қордың толық аттауы:
- қазақ тілінде: Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры “Халықтық зейнетақы қоры” Жабық акционерлік қоғамы;
“Халықтық зейнетақы қоры” 18 март 1998 жылы №73, мемлекеттік тіркеуден өтті.
Банктік деректемелері: Т. С. Н. 600700153564, БИК 190501601, ИИК 21467698 “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ Алматы қаласы.
- Қордың құрылтайшылары туралы мәліметтер:
а) заңды тұлғалар
Банк-кастодиан және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания туралы мәлiметтер
- Қоғамда 14 филиалдар бар: Ақмола, Алматы, Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы, Карағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы.
- Бұл қоғамның өзінің бөлек мүлкі, жеке балансы, банктегі есеп - шоттары, дөңгелек мөрі, бланкілері, тауарлар белгісі және басқа да өзінің атауымен керекті реквизиттері бар және өзінің керекті реквизиттері бар және өзінің негізгі көздеген жұмысы ретінде таза табысты тауып отыратын, белгілі тең номиналдық бағасы бар акциялар санына бөлінген, жарияланған жарғы капиталы бар Қазақстан Республика Заңына сәйкес Қоғам заңды тұлға (түрі бойынша - коммерциялық ұйым) болып табылады
“Зейнетақы қорында” жұмыс істейтін, құнды қағаздардың түрі:
- мемлекеттік қысқа мерзімді (1 жылға)
а) Меккам 3
б) Мека ВМ - 3, 6, 12, 9.
в) Меккам - 6, 12.
г) Ноты Нацбанка
д) Валютные ноты НБРК
- мемлекеттік орта және ұзақ мерзімді.
а) Меокам - 24, 120.
б) Евробонды - 04, 02.
в) АВ Мекам - 60
г) Меикам - 18
Ж. А. Қ. , , Зейнетақы қордың,, қаржылық-шаруашылық есебінің талдауы
2001
жыл
2002
жыл
АУЫТҚУЫ
(+, -)
Қор қайтымдылығы, мың.
тг.
Бұл қордың 2001-ші және 2002ж. жылдың бухгалтерлік балансын салыстыра отырып өзгерісін көре аламыз. Ж. А. Қ. , , Зейнетақы қорының,, айналымдағы активі бойынша материалдар 2098 мың теңгеге құрылды, ақша қаражаттар қалдығы 1985 мың теңге. өткен жылғы (2001 ж. ) зиян 24184 мың теңгеге құрылды. 2000 жылдың мамырынан 2001 жылдың қыркүйегіне дейін, қор өзінің келісім бойынша, филиалдың бизнес құқығымен жұмыс істейді. Шығының бәрі оның ішінде: салық төлеу, персоналды ұстау және басқа керекті төлемдер табыстан төленді. Есептік ағымдағы 56130 мың теңге табыс түсті. Қордың табысы бойынша, ”шығыны” көптігін, біз көріп тұрмыз.
“Зейнетақы қордың” жұмыс істейтін: инвестиция портфелін және т. б. ақша қаражаттар қозғалысын “Қосымшаларында” көруге болады
1. Тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі қаржылық инвестиция есебі
1. 1. Инвестицияның жiктелуi және оның есебінің міндеті
Инвестициялар, оларды жіктеу және бағалау. Инвестициялар ретінде, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына және экономиканың басқа салаларына капиталды салу нысанында жүзеге асатын шығындардың жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе пайыз (%) алу болып табылады.
Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған құн немесе, басқаша айтқанда, таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысынан (яғни өзін-өзі қаржыландару) және капиталдарды, нарығынан (тартылған қаражаттар) шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға инвестициялардың көзі амортизациялық аударымдар болып танылады.
Инвестициялар қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Қаржылық инвестицияларға - акционерлік кәсіпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқада бағалы қағаздар, банктік депозиттерге салымдар жатады.
Нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорлардың өсіміне салымдар.
Инвестициялардың технологиялық құрлымы негізгі капиталдың активті элементтердің (құрал жабдық, негізгі құралдар) шығындары оның пассивті элементеріне (ғимарат, құрылыстар) қатысумен анықталады.
Қаржылық инвестициялар мерзіміне байланысты келесі категорияларға жіктеледі:
- қысқа мерзімдi қаржылық инвестициялар - 1 (бір) жылға дейін иелену мерзімі.
- ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - 1 (бір) жылдан артық иелену мерзімі.
Қозғалмайтын мүлікке инвестицияларды иемденген субъктілер, бұл инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар ретінде есептейдi:
Қаржылық инвестицияларды сатып алғанда, брокерлік сыйақы және банктік қызметке сыйақы сияқты тікілей сатып алу құнымен бағаланады.
Алуға дейін есептелінген пайыздарды (%), дивидентерді құрылған құны бойынша қаржылық инвестицияларды алу, бухгалтерлік есепте сатып алушы сатушыға төленген пайыз (%) көлемін шегергендегі сатып алу құны бойынша бейнеленеді.
Сатып алу құны мен бағалы қағаздарға инвестицияларды өтеу құны арасындағы айырмасы (сатып алу кезінде пайда болатын жеңілдік немесе сыйақы) инвесторлармен оларды пайдалану ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: ағымдағы құны; сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есептелінеді.
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есепке алынса, баланстық құны жалпы жиынтық құны немесе инвестициялар түрлері бойынша немесе жекелеген инвестициялар негізінде анықталуы мүмкін.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнның өзгеруінен, алынған табыс немесе шығын, пайда болған есептік кезеніңде танылады.
ғзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - бухгалтерлік баланста: сатып алу құны; қайта бағалауды есепке алғандағы құны; портфель негізінде анықталатын; сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есепке алынады.
ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау сомасы меншіктік капиталды ұлғайтуға жатқызылады. Инвестициялық құны төменгідегі азаю сияқты, сол инвестициялардың қосып бағалау сомасы есебінен жүргізіледі. Сол инвестицияларының қосып бағалау сомасы болмаған (жетіспеген) кезде оның құнның төмендеуі, шығынға жатқызылады. Бұрын, құны төмендеген инвестицияның, қосып бағалау сомасы, сол инвестициялардан шығыны өттелгеннен кейін, ол меншіктік капиталдың ұлғаюына жатқызылады.
ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың құны, төмендеу кезінде осы инвестициялардың баланстық құны қайта қарастырылуы тиіс. Құнның осындай төмендеуі, әрбір инвестицияларының, әр қайсына бөлек анықталады және есептелінеді. Бұл кезде тәуекелдің түрі мен инвестордың инвестицияланатын субъектідегі көлемі ескеріледі.
Қаржылық инвестициялардың шығуы кезінде, сатудан алынған табыс пен баланстық құны арасындағы айырма, шығындарды (брокер немесе дилер қызметтері) шегергенде, табыс немесе шығын деп танылады. Егер инвестициялар бұрын, қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы, қабылданған “Есептік саясатқа” сәйкес, табысқа немесе бөлінбеген табысқа жатқызылады.
ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қысқа мерзімді категорияға ауыстыру келесідей жүргізіледі:
- Сатып алу мен баланстық құнының ең аз бағалануы бойынша, егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнынның ең ұзақ бағалануы бойынша есептелінсе. Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса. Онда ауыстыру кезіңде олардың қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс;
- Баланстық құны бойынша, егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құны бойынша есепке алынса;
Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ұзақ мерзімді категорияға ауыстуру келесідей жүргізіледі:
- сатып алу мен ағымдағы құнынның ең аз бағалануы бойынша;
- ағымдағы құн бойынша бейнеленедi.
Табысқа келесілер кіреді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша пайыздар (%), роялти, дивиденттер мен жал төлемдері түріндегі инвестициялардан табыс, қысқа мерзімді қаржылық инвсетициялардан шығын қалудан қаржылық нәтижелер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша өткізілген табыстар мен шығындар; сатып алу мен ағымдағы құнымен ең аз бағалануы бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды көрсету қажетті; ағымдағы құны мен құнның кері өзгеруіне дейінгі төмендеуi; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың құнының төмендеуінің қайтарымсыздығы.
Инвестициялардың тиімділігі әдетте белсеңді элементтердің үлесі өскенде артады.
Негізгі капиталдың заттай элементтердің (негізгі қор, тауарлы - материалдық қорлар) артуымен қатар, материалды емес өндірістің күштердің дамуына салымдар тез артуда, зиялылық өндірістің белсеңді элементі бола бастауда. Капиталданған интеллектуалды меншік кәсіпорынның, негізгі капиталына салым объектісі болуда.
Әлемде өндірістің халықаралық өзгерістер байқалуда, ол капитал экспортының (сыртқы инвестициялар) қажеттілігінен
туандаса, сыртқы инвестициялар тура және портфельді болып бөлінеді:
- Тура инвестициялар кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын береді;
- Портфельді- бұл құқықты бермейді.
Инвестициялар - экономика дамуының жоғары және тұрақты қарқынын қамтамасыз етудің, ғылыми - техникалық прогресстің жетістіктерін ендірудің, инфрақұрлымның дамуының маңызды факторы.
Даму мәселесінде маңызды орын алатын кәсіпорындарды қаржыландыру мен ұзақ мерзімді несиелендіру, маманданатын инвестициялық банктер және акционерлік қоғамдарды құру үрдісін, мемлекеттің акциялар пакетін иемденуді жүргізуге, кәсіпорындар акцияларын айырбастау және өткізуді жүргізу үшін құрылатын инвестициялық қорлар алады.
Ішкі, сондай - ақ сыртқы инвестицияларда инвесторлар үшін қаржы инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты болатынын есте сақтау керек. Бұл тәуекел, есеп пен бақылаудың нашар ұйымдастырылуы, валюта бағамдарының өзгеруі, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді тарту қиындығы және т. б. себепші болады. Сондай - ақ, саяси тәуекел мен стихиялық апат тәуекелділігін инвесторлар ескеруі керек.
Қаржы инвестициялар тек қана техникалық - экономикалық есептер негізінде, инвестірлеу объектісін зерттеу негізінде ғана жүргізілуі тиіс. Онымен нарықтық қатынастар жағдайларында тәуекел дәрежесін төмендетуді қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының заңдамасы экономика саласындағы инвестицияны қолдауға бағытталған. Республикада, инвестициялық өнімдерді тиімді жүзегі асыруға бағытталған, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz