Эквайер - банк банктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда бұл электрондық жүйе өте тез дамуда. Өйткені Қазақстан дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін мемлекет электрондық жүйе жағынан немесе басқада технологиялар жағынан дамуы керек. Соның ішінде электрондық ақша айналысын қарастырайық.

Карточка жүйесі Қазақстанға ең алғаш рет 1992 жылы қараша айында «Әлем Банк Қазақстан» игерді. Содан кейін коммерциялық банктер игере бастады, (Халық банкі, Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк) бұл аталған банктер қазіргі таңда өз кредиттік карточкаларымен халықаралық деңгейде жұмыс жасауда.

Пластикалық карточка өте тиімді және қолайлы. Кез - келген соманы керек кезінде көшеде тұрған немесе жұмыс орнында тұрған банкомат арқылы есеп айрысуға болады.

Қолма - қолсыз есеп айрысуда банкке барудың қажеті жоқ. Өйткені тек қана пластикалық карточкамен ғана емес және интернет арқылы, ұялы телефон арқылы қолма - қолсыз есеп айрысу операциясын жүргізе асыруға болады. Қазіргі таңда қолма - қол есеп айрысудан көрі қолма - қолсыз есеп айрысу операциясы кең қолданылады. Өйткені кез - келген жерде, дүкенге барғанда клиент өзіне керек затты алып пластикалық карточкасымен есеп айрыса алады.

Қолма- қолсыз есеп айырысудың міндеті - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айрысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал, есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қолма - қолсыз есеп айырысулардың синтетикалық және аналитикалық есебінің жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету қойылған міндеттер:

  • қолма - қолсыз есеп айырысулардың синтетикалық және аналитикалық есебінің теориялық негіздерін қарастыру;

- қолма - қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Республикасында ұйымдастыру жағдайы («Құлас-құрылыс» ЖШС-ның мысалында) қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін талдау;

- «Құлас-құрылыс» ЖШС-ның қаржылық-шарушылық жағдаын талдау;

- қолма - қолсыз есеп айырысулар жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау.

Қолма - қолсыз есеп айрысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады. Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып ЖШС «Құлас-құрылыс. » болып табылады

Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қолма - қолсыз есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебінің теориялық негіздері

1. 1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәні, шығу тарихы

Қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады. Қазақстанда Мастеркард және Виза үлгілерімен жасалған әлемдік несие карточкаларын шығаруды 1992 жылы қараша айында алғашқы болып «Әлем Банк Қазақстан» игерді, 1994 жылы бұл банк жергілікті дебеттік карточка - ӘЛЕМКАРДты шығарды. Қазіргі кезде осы үлгілердегі әлемдік несие карточкаларымен өз клиенттеріне ТұранӘлемБанк, Казкоммерцбанк, Халықтық банк және т. б. қызмет көрсетуде. Пластикалық карточка қолма - қол ақша мен чектің орнына жүретін, сондай - ақ несиені банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шоттында қажетті ақша мөлшері болмай қалса, онда белгілі бір лимитке (шектеу) дейін оған қысқа мерзімді несие беруі мүмкін. Пластикалық карточка (дебеттік) негізінен бөлшек сауда айналымы мен қызмет көрсету аясында қолданылады.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде белгілі бір үлгімен (образец) жасалған оннан аса несие карточкаларының түрлері бар. Олар: сапар шегуге арналған, саудалық, бензин сатып алуға арналған, туризм мен көңіл көтеретін қызметтерді төлеуге арналған, халықаралық есеп айрысуға арналған (Виза, Мастеркард және Еврокард т. б. ) .

Бірыңғай ақша қолма - қол емес есеп айырысулар да және қолма - қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады. КСРО тұсында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды. Ақша айналысы тек қолма - қол ақшаның қозғаласын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма - қол ақша қозғалысы да, қолма - қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма - қол ақша қозғалысын және қолма - қол емес айналымды бір - бірінен ажырату мүмкін болмай қалды.

Бұл қолма - қол ақша қозғалысы мен қолма - қол емес айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.

Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары бір - бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы - бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма - қол ақша және қолма - қол емес формаларындағы ақша қозғалысы болып табылыды.

Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма - қол ақша айналысы және қолма - қол емес ақшасыз айналыс. Қолма - қол емес ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма - қол ақша айналысының қома - қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма - қол ақшаның тоналу қаупін де есептен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма - қол ақша формасынан қолма - қол есеп айрысу формасына немесе осыған керісінше қолма - қол ақшасыз формадан қолма - қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай кедергілер болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективі негізі болып табылады [1, 2] .

Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.

Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма - қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма - қол емес ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол байналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

Қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ - та халықтың барлық төлемдерінің тек төрттен бір бөлігі (1/4) ғана қолма - қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкаларымен және тағы сол сияқты жүргізіледі. Қолма - қол ақшасыз есептеуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма - қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор. Қолма - қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшелікткрі әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 жылы Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия жирошотты, ТМД - ға мүше - мемлекеттер есеп айрысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма - қол емес есеп айрысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірбиеде дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Банктердің есептеу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив бөлып негізгі үш топқа бөлінеді. Осы үш есептеу бөліміне толық мазмұндама берсек.

Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және тағыда басқа құжаттар қабылданады.

1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша үйлестірілген (унифицированный) бірыңғай Ереже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельді, чектерді, инкассалық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.

Инкассалық операцияның екі түрі бар. Жай инкассо - клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойғантөлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылады. Құжатты (документальное) инкассо - үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операциясы клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.

Аккредитив (латын сөзі - «сенемін») - бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-банкке берген тапсырма жазылған.

Құжатты аккредитив - келісім, ол бойынша эмитент-банк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.

Төлем жүргізу процедурасындағы өзгерістер тенденцияларын жеке түсіну үшін алдымен алғашқы екі бөлімге сараптама жасау керек.

Көбіне шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер немесе дәулетті азаматтар операцияларды негізінен төлем жүйесі арқылы жүзеге асырады. Банкілер өз бизнесін ұлғайту үшін бірнеше минуттың ішінде қолма - қол есеп айрысуды жүзеге асырады. Жалпы олардың көңілінен шықпайтын мәселелердің бірі - төлем жүргізуде банк арқылы төлем жүйелерінің жылдам жүзеге асырылмауы, олардың ауқымды деңгейде таралмауы, банкілік шоттардағы қаражаттарға қашықтықтан қол жеткізудің мүмкін болмауы, төлем жүйесінің күрделі еместігі. Егер төлем жүйелері ортақ мәмілелер бойынша қолма - қол есеп айырысумен нақты бәсекеге түскісі келсе, онда олар қолма - қол есеп айрысу сияқты төлем жүргізу уақытын азайтуы керек.

Төлем жүргізу уақытын бірнеше минутқа қысқартудың принципін түсіну үшін, алдыңғы бөлімдерде қарастырылған төлем жүргізу процедурасына талдау жасау керек. Банкаралық көтерме жүйелерге қатысушылар ретінде олардың өздерінде төлеушінің банкі, есеп айрысу банкі және алушының банкі болады. Төлем жүргізу процесінде банк қатысушылардың төлем құжатын дайындау мен өңдеу бойынша 18 әрекет жасайды және де төлеуші мен алушының банкінде клиенттік шот бойынша төлем жүргізу екі әдіспен жүргізіледі. Әрбір 20 процедураға он шақты секунд керек, ал жалпы барлық төлемге небәрі 10-20 минут кетеді.

Карточкалық төлем жүйесімен төлем жүргізу өте күрделі процедура-ны қамтиды, себебі төлем процедурасына дейін авторландыру мен процессингті жүргізу керек. Бірнеше процессингілік компаниялар карточ-калық жүйенің қатысушылары болып табылады. Негізгі мүмкіншілік туралы хабарлама тез тараған күннің өзінде, төлемді жүзеге асыру бірнеше күнге созылады [3] .

Төлем жүйесін дәстүрлі ұйымдастыру мен төлем құжатын дайындау процедурасын толық автоматтандырған кезде, төлем жүргізу мерзіміндегі жеке тұлғалардың қатысуымен болатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу күрделеніп кетеді. Төлем жүйесін жылдамдату үшін ондағы процедураларды қысқартып, төлемді әр түрлі бағдарламалармен қамтамасыз ету керек.

Төлем жүргізудің әр түрлі құрылымы мен төлем жүйесінің қорытынды сипаттамасы комбинациясына көп көңіл бөлінген. Сондай - ақ төлем жүргізудің уақытына, банкаралық негізгі тарифтер мен карточкалық төлем жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалып, жүйенің түрлері бойынша артықшылықтарды біріктіру мүмкіншілігі қарастырылған.

Сонымен мұндай қорытынды алғашқы кезде шындыққа сәйкес келмесе де, көтерме банкаралық жүйелердің кішігірім комиссиялары мен қорытынды есеп айырысулардың ерекшеліктері, сонмен қатар төлемді авторландыру бойынша карточкалық жүйе ерекшелігі мен жалпы қолдану тәжірибесін біріктіру мүмкіншілігі туралы тұжырымдарды қалыптастыра бастады. Егер осы екі түрлі жүйенің ерекшелігін біріктірсек, онда қолма- қол төлем шығынын бірнеше минутқа, банк - клиент қатынасының шығынын бірнеше есеге азайтуға болады. Орта төлемдер шығыны қолма- қол есеп айырысу шығынынан аспайтын тиімді төлемдер жүйесіне қызмет етеді.

Дәстүрлі төлем жүйесі мен төлем жүргізу процедурасына талдау жасаған кезде отандық тәжірибені негізге ала отырып төлем жүргізу уақытын бірнеше минутқа қысқартудың мүмкін еместігіне көз жеткізуге болады. Сонмен қатар алдыңғы тарауларда қолма- қол есеп айырысудың дәстүрлі емес және жергілікті төлем жүйесін жылдам жүзеге асырудың тиімділігі дәлелденген. Егер төлеуші мен алушыға бір банкінің бөлімше-сінде қызмет көрсетілсе, онда көп жағдай ресейлік ірі коммерциялық банкілер төлем жүргізуді бірнеше минутта жүзеге асыврады. Мұндай жағдайда төлем жүргізуде көрсетілетін барлық қызметтер акцепт пен төлем құжаты мазмұнының дұрыстығын бір ретті тексеруден өткізіп, төлемді қарапайым бір ретті жазбамен ( проводка) жүзеге асырады.

Электронды технологияны енгізу жағынан дамыған, өздерінің бірегей ақпараттық кеңістігі бар бірнеше банкілер өздерінің барлық оқшауланған бөлімшелері арасында төлем жүргізуді бірнеше минутта жүзеге асырады.

Тіпті бірнеше секунд ішінде жалпы карточкалық есеп айырысуды жүзеге асырудың өзі өте тиімді жүргізіледі. Қазақстандық «Ай Мар» супермаркеттер желісі өзінің біріккен дисконттық төлем бағдарламасын МДМ банкінің « Visa Electron» карточкасы негізінде жүргізеді.

Мұндай тиімді карточкалық есеп айрысу Казкоммерцбанкінде «Алтын корона» атты карточкамен жүзеге асырылған. карточкалық бағдарламаның тиімділігі сол, « Алтын корона» атты карточка көмегімен дүкендердегі тауарларға төлем жүргізуге болады. Және жеңілдетілген бағамен сатып алуға өте ыңғайлы.

Осылайша кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы беру банк карточкалары бойынша жүзеге асырылады. Банкаралық операцияларды өзінің операциялық жүйесі шеңберінде жүзеге асырады және де ешқандай сыртқы комиссияларды төлемейді.

Төлем жүргізудің қысқартылған процедурасы интернет желісіндеэлектрондық есеп айрысу жүйесінде жүзеге асырылады. Жүздеген ақшаны сақтау, депозиттеу немесе есеп айрысу аяқталғаннан кейін оны кері қайтарып алу уақытын есептемегенде, екі клиент арасындағы төлем жүйесі бірнеше минутты қамтиды.

Көрсетілген мысалдардағы сияқты тез арада төлем төлеу алушы мен төлеушінің бір банкінде немесе банкінің бөлімшесінде ғана жүзеге асады. Сондықтан төлем құжатын берудің бір ғана жолы - акцептің дұрыстығы мен төлемдер реквизитін бір рет тексеріп, содан кейін төлемді тек бір ғана қарапайым жазумен жүзеге асыру керек. Сонда төлем жүйесі процедурасына қатысушылардың саны төрт есеге дейін төмендейді.

Төлем процедурасын қысқартуға Халық банкі негіз болады. Жалпы есеп айрысу жүйесін енгізудің бірінші кезеңінде Халық банкі аудандық МАЕКО деңгейінде коммерциялық банкілердің корреспонденттік шоттарын орталықтандырады. Бұл ішкі аймақтық төлемдерді жүргізу процедурасын қысқартуға өз әсерін тигізеді. Сондықтан банкаралық төлемдер төлемші - банкінің дебеттік шотынан алушы - банкінің кредиттік шотына аударумен жүзеге асырылады.

Бірақ, коммерциялық банк деңгейінде төлемдерді алғашқы қайта өңдеу бойынша шығындар мен Халық банкінің есеп айырысуы бөлімшесінің жол шығындары есепке алынбайды. Сонымен қатар көптеген коммерциялық банкілердің операциялық жүйесінің әр түрлілігіне байланысты шығындардың мөлшері белгісіз болып қалады. Сондықтан банкаралық есеп айырысуды тез арада жүзеге асыруға мүмкіншілік жоқ [4-6] .

Ал күрделі шешімдер ММВБ - ға интернет - трейтинг жүйесінде жүзеге асырылған. Осы негізде банкілер өз клиенттеріне ММВБ - ның есеп айрысу жүйесінде шот ашуға делдалдық қызмет көрсетеді. Банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуді бекітіп, оларға бұл жүйемен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді, нарық туралы ақпараттар береді.

Биржаның интернет - сайтындағы инструкция және мәмілелерді жүзеге асырумен есеп айырысу негізінде, ол соңғы клиенттер мен делдал - банкілері туралы мәлімет береді.

Сонымен қатар ұялы байланыс қызметінде де клиенттермен өзара іс- әрекет ұйымдастырылған. Мұнда телефон иесі ұялы байланыс операторына бармаса да болады. Телефонды сатып алу, келісімшарт бекіту, сөйлесу ақысын байланыс салонында да жүзеге асыруға болады. Байланыс салондары клиент үшін байланыс операторымен алдын ала іс- әрекеттер процедурасын жүргізеді. Егер клиент тікелей оператор арқылы қосылса, онда олардың бұл пройеске еш қатысы жоқ.

Қысқарған жүйе процедураына қатысты жүргізілген салыстырмалы талдаулар, бір қатысушымен жүргізілетін төлем процедурасының санын бірнеше есеге азайту мен төлем жүргізу уақытын жылдамдату негізінде қабылданған шешімнің дұрыстығы мен тиімділігін көрсетті.

Коммерциялық банкілер бәсекелестік нарықта қызмет етеді, бірақ көшбасшы болып табылмайды. Жекелеген банкілер өз акционерлерінің мүдделері үшін қызмет етеді. Коммерциялық банкілердің шоттарындағы қаражаттар кредиттік тәуекелі бар міндеттемелер болып табылады. Сондықтан төлемдерді жүргізудің қысқарған процедурасы шеңберінде бірегей есеп айырысу институты функциясына Халық банкі атқару керек.

Батыстық төлем жүйесін ұйымдастыру тәжірибесінде көрсетілген клиенттер шотын Орталық банкінің операциялық бөлімшесінде орталықтандыру туралы ұсыныс өте оңтайлы шешімін тапты. Клиент-тер шотын осы сияқты орталықтандыруды ұйымдастыруын Орталық банкінің Халық банкімен банкаралық есеп айырысу жүргізуінен көруге болады.

Осы сияқты бағдарламаларды, банкілік жүйе мен қолма - қол есеп айырысу жүйесін ұйымдастырған кезде кеңестік тәжірибеге көп көңіл бөлу керек. 2000 жылдардың ортасына дейін Мемлекеттік банкіден бес арнайы мамандандырылған банкілер бөлініп шықты. Ал қазіргі күні кеңестік мемлекеттік банкілік модельді көшірудің еш қажеті жоқ. Содан бері экономика мен төлем жүйесінің технологиясында көптеген институттық өзгерістер болды. Бірақ бұл шешімнің негізгі мүмкінші-лікті көрсетудегі бағдарламасы орынды болады.

Сонымен процедураны күрделі қысқарту қажеттілігн ескере келе, барлық клиенттердің есеп айырысу шотын Бас банктің орталық есеп айырысуы кассасына аударып, аймақтық клиенттердің шотын коммерциялық банкілер арқылы орталықтандыру керек. Бұл жағдайда оларды қашықтықтан бақылау кажет. Бұл төлеушінің дебеттік шотына ешбір қосымша банкаралық коммуникацияларсыз және төлем құжатын аралық өңдеусізтөлем жүргізуге негіз бола алады.

Банкіге келіп тұру қажеттілігі банкілік шот ашу, қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысына қол жеткізу, шиеленіскен жағдайларды шешу, күрделі есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін туындайды. Қашықтықтан қызмет көрсетьудің электрондықатынасы дегеніміз - банкіге төлем инструкцияларын көрсету мен банкіден көшірме алу болып табылады.

Ал төмендегі ағымдық дәстүрлік жеке қатынасты карточкалық бизнестен көруге болады. Клиент жылына бір рет банкіге шот ашу мен карта алу үшін бару керек. Кейін, егер клиент ешбір қарсылық көрсетпесе, онда барлық төлемдер мен көшірмелер банкілік карточкаға автоматты түрде аударылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластикалық карточкалар ұғымы мен оларды қолдану принциптері
Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкалары
Пластикалық карточкалардың нарықта пайда болу көріністері
Шетел валютасымен операциялар
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Ақша айналымы және оның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz