Еңбек төлемінің нысаны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Нарық жағдайындағы еңбекақы бойынша есеп айырысу және оның жетілдіру жолдары

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына айрықша талаптар қоюда.

Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздерін жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ. Осы проблемалардың шешімі бухгалтерлік есептің теориялық қағидаларының бұдан былайғы дамуымен байланысты.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебін зерттеу және еңбекақыны ұйымдастырудың нысаны мен жүйесін талдау болып табылады.

Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында мен отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған теориялық материалдарды қолдандым. Бұл жұмысымда теориялық бөлігіне көп көңіл бөлдім: еңбектің және оның төлемақысының есебі; еңбеккерлердің құрамының есебі, және т. б.

Бұл тақырыпта таңдау себебім, болашақта жалақы мәселесін жақсы меңгеріп аламын деген мақсатпен таңдадым. Жалақы, негізінде еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал болып табылады. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Бұл экономикалық құрал өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Бұл дипломдық жұмыс нормативтік құжаттар, кезеңдік басылымдардағы әртүрлі авторлардың мақалалары және оқу құралдар негізінде жазылған.

«Алматыинтергаз» Ашық Акционерлік Қоғамының көрсеткіштері негізінде, дипломық жұмыс орындалды.

Зерттеу кезеңі 2004 жылдан бастап 2005 жылдар аралығын қамтиды.

1 бөлім. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

1. 1. Шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы

«Алматыинтергаз» Ашық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады.

Қоғамның толық атауы мемлекеттік тілде «Алматыинтергаз» Ашық акционерлік қоғамы, ал орыс тілінде Открытое акционерное общество «Алматыинтергаз». Қоғамның қысқартылған атауы мемлекеттік тілде «Алматыинтергаз», орыс тілінде ОАО «Алматыинтергаз».

«Алматыинтергаз» ААҚ-ы «Алматыгаз» АҚ Холдингтік компанияның еншілес компаниясы болып табылады, сонымен қатар нарықта Алматы қаласын газбен қамтамасыз етумен төмендегі компаниялар да айналысады (яғни холдинг мүшесіне кіреді) :

  • «Алматинские газовые сети» ЖАҚ;
  • «Абонентский расчетный центр «Алматыинтергаз» ЖАҚ;
  • «Алматыгазконтракт» ЖШС;
  • «АГС-сервис» ЖШС;
  • «ГазКонтрольПрибор» ЖШС.

Холдингтік компанияны құрудың ең негізгі мақсаттарының бірі - еншілес кәсіпорындарын басқару және қызметтің негізгі бағыттарын анықтайтын басқарушылық шешім қабылдау.

«Алматыинтергаз» ААҚ-ның орналасқан жері: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 63.

«Алматыинтергаз» ААҚ-ның жарғылық капиталында акция эмитентінің пайыздық қатынасы - 66, 7 пайызды құрайды.

Энергоресурстар нарығында табиғи газдың үлес салмағы Қазақстан Республикасында 40 пайызды құрайды, ал Алматы қаласы бойынша табиғи газдың үлесі 60 пайыздан тұрады (бұл көрсеткіш қаланың жалпы энергоресурстарын алғанда есептелген) . Табиғи газды орташа жылдық тұтыну - Қазақстан Республикасы бойынша 6 000 000 мың м. куб., ал Алматы қаласы бойынша - 800 000 мың м. куб.

Болашақтағы жоспар бойынша:

- 1 жыл ішінде табиғи газды сату: жылыту кәсіпорындары бойынша - 351 390, 8 мың м. куб. ; басқа өндірістік кәсіпорындар бойынша - 121 097, 9 мың м. куб. ; шағын коммуналды кәсіпорындар бойынша - 4 514, 6 мың м. куб. ; тұрғындар бойынша - 213 088, 5 мың м. куб.

- жыл бойынша газдың ресурстар көлемі 650-700 млн. м. куб. құрайды.

- жылдық тауар айналымы - 50, 0 млн. АҚШ доллары.

- болашақта газбен қамтамасыз ету қызметін ұлғайту, жаңа тұтынушыларды іздеу, газ инфрақұрылымын дамыту, жаңа объектілерді және аудандарды газбен қамтамасыз ету.

Табиғи газды сату көлемі, Алматы қаласы бойынша:

2003 жылы - 641 209 мың м. куб.

2004 жылы - 650 148 мың м. куб., ал 2005 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш - 489 452 мың м. куб. жетті. Сонда 2005 жылдың 9 ай бойы сатудың өсу қарқыны 5 пайызға өсті, ал 2004 жылы сату көлемі 20 пайызға өсті.

Табиғи газды тұтынушылар құрамы:

- тұрғындар - 42 пайыз;

- жылыту кәсіпорындары - 35 пайыз;

- өндірістік кәсіпорындар - 15 пайыз;

- шағын коммуналды кәсіпорындар - 1 пайыз;

- кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне - 7 пайыз.

Қоғам қызметі негізінен маусымдық болып табылады, яғни табыс көлемі жазғы кезеңге қарағанда, қыста табыс мөлшері неғұрлым жоғары болып табылады.

Қыста газды тұтыну - 70-90 млн. м. куб. құраса, ал жазда бұл көрсеткіш 16-20 млн. м. куб шамасында ауытқиды.

Сатудан түскен табыс қыста 840-1 080 млн. теңге аралығында болса, жазда бұл көрсеткіш 192-240 млн. теңге аралығында ауытқиды.

Қоғам экспорт түрімен мүлдем айналыспайды. Ал импорттың үлесі 100 пайызды құрайды, импортер мемлекет - Өзбекстан болып табылады.

Қоғамның басқару органдары:

  • Жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы;
  • Басқару органы - Директорлар кеңесі;
  • Атқарушы орган - Президент;
  • Бақылаушы орган - Тексеруші.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі 58437-1910-ОАО, 2003 жылдың қазанның 8-де Алматы қаласының юстиция Басқармасымен берілді.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады. Оның негізгі мақсаты - өз қызметін жүзеге асыру барысында пайда табу. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі оның Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органында мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап есептеледі және уақыт бойынша шектелмеген. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауландырылған мүлікке ие және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Акционер Қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзі енгізген салымдар шеңберінде Серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекеліне бас тігеді. Қоғам дербес теңгерімге үлгідегі банкілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін дербес рәмізге ие. Қоғам Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында және шетелдерде филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы. Филиалдар мен өкілдіктер Атқарушы орган бекітетін филиал немесе өкілдік туралы қағидаға, Қазақстан республикасының және филиал немесе өкілдік орналасқан елдің заңнамасына сәйкес әрекет етеді. Қоғам филиалдар мен өкілдіктерге өз мүлкі есебінен негізгі және айналымдық қаражат береді және олардың қызмет ету тәртібін анықтайды. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі жеке теңгерімде де, Қоғамның тұтас теңгерімінде де көрсетіледі.

Филиалдар мен өкілдіктерді басқаруды Қоғамның Директорлар кеңесімен кеңесе отырып, атқарушы органмен тағайындалатын адамдар жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары Қоғам берген сенімхат негізінде әрекет етеді.

Қоғам қызметінің мақсаты және түрлері.

Қоғам қызметінің мақсаты тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен кіріс алу болып табылады. Алдына қойған мақсатына жету үшін Қоғам заңнамада тыйым салынбаған барлық азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасайды, мүлікпен және құнды қағаздармен операциялар жүргізеді, сондай-ақ басқа да заңдық мәні бар әрекеттер жүргізеді. Қоғам Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде төмендегідей негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруды көздейді:

  • Алматы қаласының тұрғындарын, кәсіпорындарын, ұйымдары мен мекемелерін табиғи газбен қамтамасыз ету;
  • Жеткізушілерден табиғи газды қабылдап алуды ұйымдастыру және жасалған шарттарға сәйкес онымен қаланы үздіксіз қамтамасыз ету;
  • Арнайы автокөлікпен газ балондарын жеткізу;
  • Газды газ балондарымен сату;
  • Автокөлікке қозғалтқыш отыны ретінде сұйықталған газ құю;
  • Сұйытылған газды қозғалтқыш отыны ретінде пайдаланатын автокөліктің газ балондарын жөндеу, техникалық куәландыру және бояу;
  • Маңызды топтамалық сұйыққойма қондырғыларын жөндеу, техникалық куәландыру;
  • Сауда, сатып алу, коммерциялық қызмет;
  • Ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға, ғимараттарға, жерге және басқа жылжымайтын және қозғалмалы мүлікке инвестициялау, сондай-ақ оны жалға немесе қайтарымсыз пайдалануға беру;
  • Қазақсатан Республикасы экономикасының әр түрлі салаларына: өндіріске, ауыл шаруашылығына, білім беруге, тұрмыстық қызмет көрсетуге, байланысқа, көлікке және т. б. қаржы инвестициясын салу;
  • Аукциондарға, тендерлерге, конкурстарға қатысу;
  • Кепілдік беру және алу;
  • Басқа да Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған, қоғам мүддесіне жауап беретін қызмет.

Әрбір қызмет түрін жүзеге асыру үшін лицензия (патент, сертификат немесе басқа рұқсат) алу талап етілетін болса, Қоғам ондай қызмет түрін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен оны алғаннан кейін ғана жүзеге асырады.

Қоғамның құқықтары мен міндеттері.

Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, келісім шарттар) жасай алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер ала алады және сотта талапкер және жауапкер болу сондай-ақ құқығына ие, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Қоғам заңнамаға сәйкес күзет құжаттарын, технологияларды, «ноу-хау» және басқа ақпаратты иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады. Қоғам Қазақстандық та, шетелдік те заңды тұлғалардың ұлттық және шетел валютасында несиелерін пайдалану, сондай-ақ заңнама анықталған шарттарда облигациялық қарыздар шығару құқығына ие. Қоғам Қазақстан Республикасы аумағында және шетелде барлық меншік нысанындағы басқа заңды тұлғалармен және ұйымдармен бірлестікке ену, заңнамамен анықталған негіздерде Қазақстан Республикасы аумағындағы және шетелдегі басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы, қатысушысы болу құқығына ие.

Қоғам шетелде шаруашылық қызметті жүргізу, Қазақстан Республикасы аумағында және шетелде заңнамаға сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құруға және олардың қызметіне қатысу құқына ие.

Қоғам заңнамамен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады. Қоғам акционерлерді, кірістер мен келтірілген шығындар көлемі туралы деректерді қоса, өзінің өткен жылдағы шаруашылық қызметі мен оның қаржылық нәтижелері, төленген дивидендтер көлемі жайынан әр жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей хабардар етуге, сондай-ақ акционерлерді өзінің акциялары бойынша аралық төлемдер туралы шешімдері жайынан шұғыл хабардар етуге міндетті.

Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері.

Қоғам акционерлерінің құқықтары:

  1. Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;
  2. Қоғам қызметінен дивидендтер алуға;
  3. Қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде Қоғамның қаржылық есептемесімен Акционерлердің жалпы жиналысында көзделген тәртіппен танысуға;
  4. Тізім ұстаушыдан немесе номинал ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға деген меншік құқығын растайтын үзінді көшірме алуға;
  5. Сот тәртібімен Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді даулауға;
  6. Қоғам органдары заңнама мен осы Жарғы нормаларын бұзатын әрекеттерді жасаған жағдайда өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;
  7. Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге және одан Қоғамға сұрау келіп түскен күннен кейінгі отыз күн ішінде уәжді жауап алуға;
  8. Қоғамды таратудан қалған мүліктің бір бөлігіне ие болуға құқы бар.

Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына ие акционер сонымен қатар:

  1. қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шығаруға;
  2. Қоғам органдарына кандидатура ұсынуға;
  3. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы анықтаған тәртіпте Қоғам акционерлерінің тізімінің көшірмесін алуға құқылы.

Қоғам акционері:Қоғамның құрылтайшылық шартында көзделген тәртіппен акцияларды төлеуге;

  1. өздеріне тиесілі акцияларды сату бойынша ірі мәміле жасау ниеті туралы Қоғамға хабарлауға;
  2. он күн мерзім ішінде тізімдеме ұстаушыға немесе аталған акционерлерге тиесілі акцияларды номинал ұстаушыға Қоғам акцияларын ұстаушыларға тізімдеме жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгергендігі туралы хабарлауға;
  3. Қоғамның қызметі туралы коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгені құрайды. Қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері шығару үшін жарияланған барлық акциялардың жиынтық номинал құнына тең. Шығарылатын акциялардың мөлшері, шығаруға жарияланған акциялар мөлшерінің шегінде оларды шығару мерзімі мен шарттары Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша жарияланған жарғылық капитал көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы. Қоғамның жариланған жарғылық капиталының мөлшерін ұлғайтуға тек шығаруға жарияланған барлық акциялар орналастырылғаннан және төленгеннен кейін ғана Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, заңнамада басқа жай көзделмеген болса, жол беріледі. Қоғамның жарияланған жарғылық капиталын азайтуға жариланған және шығарылған капитал арасындағы айырым сомасында жол беріледі. Қоғамның жарияланған жарғылық капиталын азайту туралы шешім жарғылық капиталды ұлғайтудағы сияқты тәртіппен қабылданады. Жарияланған жарғылық капитал көлемін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген ең аз мөлшерден азайтуға жол берілмейді. Жарғылық капиталды азайтуға Қоғамның барлық несиелерін хабардар етіп, ол туралы баспасөз басылымында хабарландыру жібергеннен кейін 30 күннен ерте болмайтын мерзімде жол беріледі.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының мөлшері шығарылған акциялардың жиынтық атаулы құнына тең. Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы жаңа акциялар шығару немесе өтеуін төлеп алу және соңынан шығарылған акциялардың күшін жою жолымен өзгертілуі мүмкін. Бұл жағдайда шығарылған акциялардың жиынтық номинал бағасы заңнамаға сәйкес тиісті Қоғам типінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталы үшін белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауға тиіс. Екінші немесе кез келген келесі қаржылық жыл аяқталғаннан кейін Қоғамның таза активтерінің құны шығарылған (төленген) жарғылық капитал мөлшерінен кем болып шыққан жағдайда Қоғам заңнамада анықталған тәртіппен оны азайту туралы шешім қабылдауға міндетті.

Қоғамдағы есепке алу және есептеме. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептемесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Кесте 1 «Алматыинтергаз» ААҚ-ның 2004-2005 жылғы негізгі экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер
Өлшем бірлік
2004 жыл
2005 жыл
Өсу қарқыны
+ -
%
№: 1
Көрсеткіштер: Дайын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынған табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 72100
2005 жыл: 76239
Өсу қарқыны: 4139
105, 71
№: 2
Көрсеткіштер: Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 2
2005 жыл: 40198
Өсу қарқыны: 20198
200, 99
№: 3
Көрсеткіштер: Жалпы табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 70100
2005 жыл: 36041
Өсу қарқыны: - 34059
51, 41
№: 4
Көрсеткіштер: Кезең шығыстары
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 34300
2005 жыл: 38946
Өсу қарқыны: 4646
113, 54
№: 5
Көрсеткіштер: Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян)
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 35800
2005 жыл: -2905
Өсу қарқыны: - 38705
8, 11
№: 6
Көрсеткіштер: Негізгі емес қызметтен алынған табыс (зиян)
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: -5
2005 жыл: 36624
Өсу қарқыны: 36629
732480
№: 7
Көрсеткіштер:

Әдеттегі қызметтен алынған табыс (зиян)

Салық салынуға дейінгі

Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 35300
2005 жыл: 33719
Өсу қарқыны: - 1581
95, 52
№: 8
Көрсеткіштер: Салық салынғаннан кейінгі табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 16900
2005 жыл: 23007
Өсу қарқыны: 6107
136, 13
№: 9
Көрсеткіштер: Рентабельділік
Өлшем бірлік:
2004 жыл: 23, 43
2005 жыл: 30, 17
Өсу қарқыны: 6, 74
128, 76
№: 10
Көрсеткіштер: Жұмыскерлердің орташа саны
Өлшем бірлік: адам
2004 жыл: 20
2005 жыл: 37
Өсу қарқыны: 17
№: 11
Көрсеткіштер: Жылдық тозудың коэффициенті
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2004 жыл: 0
2005 жыл: 5, 71
Өсу қарқыны: 5, 71
0

«Алматыинтергаз» ААҚ-ның 2004-2005 жж. қаржылық қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдау.

2004 жылы сатудан түскен табыс 72100 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 5, 71 пайызға өсті және 76239 мың теңгені құрады.

Өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 2 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы 100, 99 пайызға өсті және 40198 мың теңгені құрады.

Жалпы табыс 2004 жылы 70100 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы 48, 59 пайызға кеміді және 36041 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар кезең шығыстары да өсті, егер 2004 жылы 34300 мың теңгені құраса, ал 2005 жылы 38946 мың теңгені құрады.

2004 жылы негізгі қызметтен алынған табыс 35800 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 91, 89 пайызға кеміді және 2905 мың теңгеге зиян шекті.

2004 жылы негізгі емес қызметтен алынған зиян 5 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 76239 мың теңгені құрады.

2004 жылы әдеттегі қызметтен алынған табыс 35300 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 4, 48 пайызға кеміді және 33719 мың теңгені құрады.

2004 жылы салық салынғаннан кейінгі табыс 16900 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 36, 13 пайызға өсті және 23007 мың теңгені құрады.

2004 жылы рентабельділік 23, 43 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 28, 76 пайызға өсті және 30, 17 мың теңгені құрады.

Қоғамның қызмет көрсету барысында соңғы 2 жыл көрсеткіштері бойынша табысы - 96 736 мың теңге.

Қоғамның қызмет көрсету барысында соңғы 2 жыл көрсеткіштері бойынша шығыны - 66 493 мың теңге.

Ағымдағы ликвидттік коэффициенті - 0, 96

Сатудан түскен табыс - 4 пайыз

Капитал табыстылығы - 6 пайыз

Активтердің табыстылығы - 3 пайыз

1. 2. Кәсіпорынның есеп саясаты

Қазақстан Республикасындағы соңғы уақыттарға дейін басқарудың орталықтандырылған жүйесі болғандықтан дербес есеп саясаты қалыптасқан болатын. Басқарудың әкімшілік-әміршіл жүйесі жабылған соң және нарықтық қатынастарға өтуге байланысты Қазақстанда дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде қолданылатын халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық салу жүйесіне бағдарланған ұлттық есеп саясатын қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасалуда.

Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның негізінде қаржылық, өнеркәсіптік есеп беруді жасауда қолданылатын әдістердің, принциптердің, дәстүрлердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.

Есеп саясаты негізінде есеп беру ақпаратын нақты пайдаланушылардың мүдделері жатыр.

Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі: әлемдік /жалпымемлекеттік/ және /шаруашылық жүргізуші субъектінің/ қалыптасты. Қазақстанда есеп саясатын белгілейтіндер мыналар:

  1. Мемлекет атынан Қаржы министрлігі және Ұлттық статистикалық агенттігі. Мемлекет есеп саясатын елімізде бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды реттейтін Салық кодексін, Ұлттық бугалтерлік стандарттарды, Бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегін және оны қолдану жөніндегі нұсқауларды, бухгалтерлік регистрлер мен құжаттардың үлгілік мекемеаралық және үлгілік арнайы нысандарын, басқа да негіздеуші ережелер мен нұсқауларды жасау және өмірге енгізу жолымен жүргізеді.
  2. Кәсіпқойлардың қоғамдық ұйымдары. Бұл Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы және Қазақстан Республикасының бухгалтерлерімен аудиторларының бірлестігі.

Бухгалтерлер мен аудиторлардың қоғамдық ұйымдары алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу және оны Қазақстан Республикасында енгізу мақсатымен басқа елдердегі бухгалтерлер мен аудиторлардың тиісті халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады.

Халықаралық ұйымдардың арасында ұлттық есеп саясатын жасауға қоғамдық ұйым болып табылатын Бухгалтерлердің халықаралық Федерациясы /БХФ/ белгілі деңгейде ықпал етеді. Федерация жанынан қызметін 13 ел мен 4 ұйымның өкілдері құрайтын және реттейтін Есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет /ЕХСК/ құрылған. ЕХСК есеп стандарттарын жасайды және оларды тарату жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. ЕХСК-ден басқа есеп саясатын қалыптастыруға ТМД елдерінің бухгалтерлік есеп жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің есеп мәселелері бойынша ұсынымдары мен келісімдері ықпал етеді. Бұл халықаралық ұйымның міндеттері ТМД елдерінде есеп халықаралық бухгалтерлік стандартқа және онда қабылданған бухгалтерлік есеп принциптеріне толығымен мәселелерді үйлестіріп, біртұтас есеп жасауға көмектесу.

  1. Министрліктер, республикалық ұлттық және акционерлік компаниялар, экономиканың салаларын және ішкі салаларын басқарудың басқа органдары жалпы мемлекеттік есеп саясатына сәйкес салалық /ішкі салалық/ ережелер, нұсқаулар, ұсынымдар жасап, оларда өндіріске жұмсалатын шығын есебінің ерекшеліктерін және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялануын бейнелейді, шикізат пен материалдардың, дайын өнімнің, негізгі құралдардың және басқа да активтер мен пассивтердің есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің өзіндік құнының есебі мен калькуляциялануы бойынша ұсынымдар жасаулары, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі ұлттық агенттігі бекітуіне ауыл үшін қажетті бастапқы құжаттардың арнайы үлгілерін дайындаулары керек.
  2. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің есеп саясатын ұлттық бухгалтерлік стандарттарға, есеп мәселелері, салық салу, қаржылық есеп-беру бойынша қолданылып жүрген заңдарға негіздеп жасайды.

Тиімді болуы үшін есеп саясатын бухгалтерлік есеп ағымды және болашақтағы міндеттерін жүзеге асыруға арналған есептік шешімдер жасауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей кесімді төлем ақысының жуйесі
Еңбек және оның төлемақысының есебі
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу
Жұмысшылардың еңбек төлемінің жылдық қорын жоспарлау
Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы
Еңбек ақы және оның төлемақысының есебі
Еңбек төлемінің жүйесі
Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz