Негізгі құралдар объектілері шаруашылық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
Негізгі құралдар қозғалысын құжаттармен рәсімдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Негізгі құралдар түсуі мен шығуының синтетикалық және талдау есебі ... ..24
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен
есебі ... ... ... ... ..34
Негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47.
3. ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ұзақ мерзімді активтер аудитінің мақсаты және аудит бағдарламасын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Негізгі құралдар қозғалысының есебінің аудиттік бақылауы
... ... ... ... ... ... 69
Негізгі құралдар сапалы қолдану көрсеткіштерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ...75
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..88
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты Жолдауында былай делінген: Жоспарлау жүйесін жаңарту және
жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді
басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде жұмысты шұғыл түрде жеделдету
керек. [1.]
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми
- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды
тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған
әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық
салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық
стратегиясының басты міндеті болып табылады.
Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқарудың
маңызды құралы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде
негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң
бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы
жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі
құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар
негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, қатаң есеп пен
бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың экономика дамуының барлық кезеңдерінде
негізгі буын болып саналады. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық
қатынастарға көшу кезеңі шаруашылық субьектілері ретіндегі кәсіпорындардың
мәртебесін маңызды түрде нығайта түсуде, олардың алдынан көптеген
өндірістік және қаржылық мәселелерді дербес шешудің кең мүмкіндіктерін ашып
берді. Кәсіпкерлік қызметтерінің табысы басшылық деңгейіне, ақыр соңында
оңтайлы болуы тиіс, қабылданатын шешімдердің обьективтілігіне, нақтылығына,
жеделдігіне және ғылыми негізділігіне тікелей қатысты болады. Осындай
шешімдер қабылдау белгілі материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын
неғұрлым рационалды, тиімді пайдалануға, елдің ұзақ мерзімдік
басымдылықтарын-экономикалық өркендеуіне жүзеге асыруға бағытталған.
Өндіріс үрдісінің негізгі элементтеріне жұмыс күшімен қоса материалдық
факторлар немесе өндіріс құралдары - еңбек заттары мен құралдары. Негізгі
құралдардың құрамында ең маңызды рольді еңбек құралдары атқарды. Еңбек
үрдісінің олар белсенді элементі болып табылады.
Қазіргі кезде негізгі құралдар орасан зор мөлшерге жетті, ал олардың
тиімді пайдалануы ең маңызды мәселеге айналды.
Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалауда негізгі
құралдар аса маңызды көрсеткішке айналды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, есептің
халықаралық стандарттары мен нарықтық жағдайлар талаптарымен байланысты
өзгерістерді талап етті. Бухгалтерлік есептің қолданылатын стандарттарына
сәйкес кәсіпорындармен ұйымдардағы негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері
осы жұмыс тақырыбының өзектілігі болып саналады.
Кәсіпорын және оның негізгі құралдар есебінің қолданатын тәртібін
зерттеу осы жұмыстың мақсаты.
Алға қойған мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер айқындалды:
▪ бухгалтерлік есептегі негізгі құралдардың маңызын ашу;
▪ негізгі құралдардың жіктелуін сипаттау;
▪ кәсіпорын мен ұйымдардағы негізгі құралдар бойынша
қолданылатын есеп тәртібін зерттеу және оны дамыту жолдарын
қарастыру;
▪ негізгі құралдардың аудитін бақылау және сапалы қолдану
көрсеткіштерін талдау.
Алға қойған міндеттер АҚ Қарағанды электротехникалық жабдықтар
зауыты негізінде шешіледі. Оның қызметінің негізгі түрі -
электрожабдықтарға сервистік қызмет көрсету, ремонт және басқа да құрылыс
жұмыстарды жүзеге асыру; конструкторлық жұмыстар мен басқа да құрлыс
обьектілерін проектілеу; өндірістік өнімдерді өндіру және өткізу; тұрмысқа
қажетті тауарларды өндіру және өткізу; сауда – делдалдық қызмет және өнімді
өзіндік жолмен сату; шикізаттарды дайындау, қайта өңдеу және өткізу.
Негізгі құралдар есебінің жүйесі қазақстандық бухгалтерлік стандарттары
мен кәсіпорынның қабылданған есеп саясатына сәйкес келеді.
Жұмыстың жазылуының әдістемелік негізі болып оқу құралдары,
аналитикалық экономикалық мақалалар, статистикалық мәліметтер, нормативтік
құжаттар мен заңды актілер, сонымен қосатәжірибелік материал (АҚ
Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты ҚЭЖЗ) және басқа да
ақпарат көздері табылады.
1 ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ
1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
Негізгі құралдар әртүрлі кәсіпкерлік қызметтегі компаниялардың
активінің зор үлесін құрайды. Олар туралы ақпараттан кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметі туралы көрініс алуға болады. Бұл
жұмыста халықаралық және қазақстандық негізгі құралдар бойынша тәжірибелер
қарастырылған.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есептің маңызды бөлімдерінің бірі
болып табылады. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің
бекітілген 6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік стандартымен және 16
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және құрылғылар халықаралық стандартымен
реттеледі.
Халықаралық тәжірибеде негізгі құралдар түсінігі: fixed assests
(тұрақты активтер) рrорrtу, рlаnt аnd еquiрmеnt (мүліктер, ғимараттар және
құрылғылар), tangible assets (материалды активтер). [2, б.58]
Қазақстандық тәжірибеде бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп
өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт
пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын
шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген
амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек
құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
16 ХҚЕС-та орманды жайларға және басқада табиғатты пайдалану
обьектілеріне, минералды қорлар құқығына және қайтарылмайтын табиғи
ресурстарға, оларды іздеу мен өңдеуге таралмайды, бірақ 16 ХҚЕС бойынша осы
активтер көмегімен іске асырылатын өндірістік қызметін қолдануға болады.
[2, б.58]
Бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін ұйымның қаржы - шаруашылық қызмет
көрсететін еңбек құралдары мен басқада дүниесінің құны негізгі құралдардың
экономикалық түсінігі болып табылады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды - қымбаттылығына) қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның
қоймаларындағы дайын бұйымдары (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен
машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды,
орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі
пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-
монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың
есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер,
сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес саласында да еңбек құралы
ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатынасуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында
пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер,
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау
құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш
аспаптар және тағы басқалар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы басқа негізгі құралдар
жатады.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек
көрсету және тағы басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана
ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын)
болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол
кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Егер кәсіпорын балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа
салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы
бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін
халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Негізгі құралдар материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлық-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет
атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолдануды болжайды.
Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары
халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет
көрсету саласына жатады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты,
сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 2002
ж.18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің
бухгалтерлік есебі үлгі шоттар жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай
топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына
байланысты жіктелді. [3, б.113]
Негізгі құралдар ХҚЕС бойынша шоттар жоспарының Ұзақ мерзімді
активтер 2-бөлімінің 2410 Негізгі құралдар шотында еспке алынады. Ал,
негізгі құралдар амортизациясы 2420 Негізгі құралдар амортизациясы және
құнсыздануы шотында есепке алынады. Бұлар активті шот болғандықтан
дебеттінде негізгі құралдарының кірісі, ал кредитінде негізгі құралдардың
азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі.
Біздің ойымызша бұл жіктеу негізгі құралдар есебіне өте қолайлы жағдай
тудырды. Неге десек, онда бұрын және жаңа ХҚЕС-қа есеп шоттар жоспарында
негізгі құралдар жалпы түрде бір шотта есепке алынады, мысалы 2410 Негізгі
құралдар. Сондықтан кәсіпорын осы шотқа негізгі құралдар топтарын айқын
жеке есепке алу үшін шоттар ашуы керек. Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге
бөлуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады. Мысалы:
2410 Негізгі құралдар; 2411 Жер; 2412 Ғимараттар; 2413 Машиналық
құралдар; 2414 Автокөліктік құралдар; 2415 Жиһаз; 2416 Кеңсе жабдығы; 2420
Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы; 2421 Негізгі
құралдардың құнсыздануы. [4, б.113]
Актив ретінде бастапқы танылғаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық
жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған кейінгі жинақталған
шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта
бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынаңдай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның
ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен кұрал - жабдық; келік құралдары, құрал -сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп
жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын;
басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
1. Жер - субьектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген
архитиктуралық-құрылыс обьектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу обьектісі
болып саналады.
3. Ғимараттар - еңбекке керек жарақтардың емес (зат скважиналары,
көпірлер және т.б) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясына
атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-
құрылыстық обьектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік
обьектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен,
қоршаулармен, тірек-тұғырмен мүліктік обьект болып табылады. Негізгі
құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
▪ күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатын
өндіретін машина генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық,
яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер
(тракторлар және жеке өзі жүретін шассилер, бу двигательдері,
трубиналар, электр двигательдері және т.б)
▪ жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінен
керек-жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін
арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт,
бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар,
электрмоторлар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына
пайдаланатын машиналар және т.б);
▪ өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен
керек-жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік
процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен
керек-жарақтар (дозотарлар, амперметрлар, микроскоптар, су
өлшеуіштер және басқалары);
▪ есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға
арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар
(компьютерлер мен басқа есептегіш техника);
▪ басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және
басқа да (телефон станциялары, радио тораптарының жабдықтары, өрт
сөндіру машиналары,);
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы
(электр беру желесі, труба құбыры) қондырғылары;
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су,
әуе, автомобиль көлігі) тасымал құралдары;
7. Басқа да негізгі құралдар:
▪ аспап-қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-
рылмаған немесе металл, ағаш және тағы басқа өңдеуге арналған
машинаға бекітілген керек жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші,
тығыздап нығайтылған-электр қол бұрғышлар, бояу сыр пульттары,
вибраторлар, қысқыштар);
▪ өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік
операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған
заттар-жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының
ағаш шабатын, кесетін ұзынша үстелі);
▪ шаруашылық мүлікі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер,
шкафтар, кілемдер және т.б);
▪ жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы-аттар,өгіз,түйе және
тағы басқа да жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық
айғырлар және тұқымдық бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал,
ұрғашылыры мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қошқар.
Мүліктік обьект-әрбір үлкен мал.
▪ көпжылдық көшет егістері - қолдан егілген, жасына қарамайтын
көпжылдық егістері (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық
егістері, роза плантациялары, бұтадан (өсімдіктер) жасалған
қоршау, қаша, танапты қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден
толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар басының түйісіуі);
▪ жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар - ауыл
шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі
мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу,
алаңды егіндікке арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);
▪ басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық
мүлік, мұражай құндылықтары.
8. Бітпеген құрылыс. Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап
үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
▪ тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;
▪ қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, тоқтатылған, апат
жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор
құрайды; [5, б.38-42]
Жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс
сыртындағы Жалға алынған негізгі құралдар деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар:
а) жұмыс істейтін; ә) жұмыс істемейтін; б) сақтауда тұрған деп үш топқа
бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдірісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған,
белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, ягни алдыңғы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп
есептеледі:
а) негізгі құралдар; ә) тауарлық-материалдық құралдар; б) қаржылық
инвестициялар;
Негізгі қаражаттың обьектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі
белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу
болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың жіктелуін мына кесте бойынша көрсетуге де болады
[6, б.107]:
1 сызба.
Негізгі құралдар жіктеуі.
Негізгі құралдардың обьектісі актив ретінде мынадай жағдайларда танылуы
тиіс:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алатынына
сенімі болатын болса; ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса. [3, б.113-
115]
Сонымен, негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп №6 Негізгі құралдар есебі немесе №16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар
мен құрылғылар стандарттарына сәйкес іске асырылады.
2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалау
бірыңғай қажетті шарт болып табылады. Негізгі құралдардың есебін
ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады.
Халықаралық стандартқа сәйкес есеп беруді дайындаған кезде негізгі
құралдарды бағалау мен есеп мәселесі Қазақстан ұйымдарына маңызды болып
табылады. Актив құрамында негізгі құралдар үлесі көп болғандықтан, олардың
дұрыс бағалануынан баланстық есеп беру тәуелді.
16 ХҚЕС-қа сәйкес негізгі құралдар төмендегідей бағаланады:
▪ тарихи құн: негізгі құрал обьектісі, алғашқы актив
ретінде қабылданғаннан кейін, құнсыздауынан жиналған шығындар
және жиналған амортизацияны шегергеннен кейінгі оның алғашқы құны
бойынша есептеледі;
▪ қайта бағаланған құн (альтернативтік тәсіл). Егер компания
альтернативті тәсілді ұстанса, онда ол жыл сайын өткізілетін
негізгі құралдарды қайта бағалау үшін қосымша шығындалады және
кез-келген жағдайда осы тәсіл бойынша негізгі құралдар құнын
есептеу керек. Сондықтан бұл тәсіл көптеген қазақ компанияларына
қызықты емес.
Және де 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-қа сәйкес ХҚЕС-ті алғашқы
қолданған ұйым алты міндетті емес ерекшеліктерді қолдану мүмкіндігі бар.
Бұл ерекшелікке сәйкес негізгі құралдардың әділ құны және тарихи тәсілі
бойынша баланстық құнына жақын баланстық құнын беретін шынайы қайта
бағалауы бар кезінде, мұндай бағалау қайта бағалау мерзімінде қабылдануы
мүмкін, әрі қарай, мүмкін құнды бастапқы құн ретінде қабылдап, негізгі
құралдарды тарихи құн бойынша есепке алуға болады. Компания мұндай қайта
бағалауды ХҚЕС-қа ауысқан мерзіміне қоюы мүмкін.
Негізгі құралдарды қайта бағалауды ХҚЕС-қа ауысу мерзіміне қалдыру
қажетті емес, бірақ жоғарыда атап өткендей 1 ХҚЕС-та көрсетілген
ерекшелікті қолдану мақсатымен мүмкін. Бұл ерекшелік мүмкін құнды қолдану
қатынасына қарай жыл сайынғы негізгі құралдарды қайта бағалауға кететін
шығынды азайтуға және де өзінің таза активін көтере отырып, шынайы құнға
жақынырақ негізгі құралдарды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ерекшелік,
ескі бағаланбаған активтері бар немесе деректері жоқ немесе толық емес
компанияларға қолдану қолайлы.
Ерекшелікті қолданбаған компаниялар, ХҚЕС бойынша алғашқы есеп беру
үшін, ҚБЕС бойынша бастапқы құнды модификациялау керек. Мұндай
модификациялауды өткізу үшін ХҚЕС-қа және ҚБЕС-қа сәйкес бастапқы құн
құрамына сәйкес зерттеу керек.
ХҚЕС бойынша бастапқы құнға келесілер кіреді:
сатып алу бағасы, оның ішінде сауда шегерімдерін және артық төлемдерді
қайтарып алуларды шегеріп тастағандағы шетел баж салығы мен қайтарылмайтын
салық;
қолдану үшін, активті жұмыс қабілетіне келтіру және қызмет орнына жеткізу
мен байланысты кез-келген шығын;
(3) бұзылу, активті есептен шығару, өзі орналысқан өндірістік алаңды
орнына келтіру, қайта бағалануы.
Жоғарыда көрсетілген шығындар үлгісі: құрылыспен немесе негізгі
құрылысты обьектісін қабылдап алумен байланысты, кызметкерлерге кеткен
шығын; алаңды дайындауға кеткен шығындар; активті түсіру мен жеткізу
бойынша кеткен шығын; құру және монтажға кеткен шығындар; мамандық қызметке
кеткен шығын; [7, б.13-15]
ҚБЕС бойынша бастапқы құнға келесідей анықтама береді.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу
барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа
пайдалану үшін жұмыс жағдайларына келтірумен тікелей байланысты кез келген
шығындардың жиынтығынан тұрады (құрылады).
Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен
және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына
кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі
құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына: жерді сатып алу бағасы,
қозғалмайтын мүлік жөніндегі агентікке төленген комиссиялық сыйақылар,
сатып алу-сату жөнінде келісім шартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне
төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті
мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған
материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі
үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа)
енгізіледі.
ә) құрал - жабдықтардың бастапқы құнына: құрал - жабдықты сатып алу
бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп -түсіруге кеткен шығындар оның
ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал - жабдықтардың
пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы басқалар
енгізіледі.
Алайда, құрал - жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліңу
нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады егер
негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да
ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына
қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы
құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке
жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы
(проценттері), заңгерлерге архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты
салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалары мен басқа да кеткен
шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен
ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы
обьектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әр бір обект бойынша бөліп
көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектелу
және олар тозады, ал жердің пайдаланудың мерзімінде шек жоқ, яғни ол
амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда
жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын
болып келісілген болса, онда олардың құндары әр бір обьекті бойынша
жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған ғана болып
есептеледі, және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер
мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі
объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың
бағасын шегеру арқылы анықталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізі құралдардың бастапқы құны былайша
анықталады: үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық
қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылар мен
арадағы келісім бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни
жасап шығрағанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы
бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке
адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткзіу актісінің мәліметтері бойынша
немесе эксперттік (сараптау) жолымен.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдары немесе негізгі құралдардың жарым - жартылай жойылуы,
обьектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін. [8, б.13-15]
Негізгі құралдардың бастапқы құны сатып алынуға және құруға кеткен
нақты шығындарды өз құрамына кіргізеді. Олар:
▪ сатып алу кезінде төленген салықтар және жинақтар (мысалы сатып
алу шартын құрған кезіндегі төленетін мемлекеттік баж салығы және
т.б)
▪ тасымалдауға, дайындауға, монтаждауға кеткен шығындар;
▪ құрылыс мерзіміне берілген несие пайыздары (несиенің қолдануының
ұзақтылығына байланысты мұндай шығындар капиталданады);
▪ активті жұмыс қабілетіне дайындауға кеткен тағы басқа шығындар;
ХҚЕС-қа және ҚБЕС-қа назар аударсақ екі сандарта да бастапқы құнға
активті дайындау, тасымалдау және жұмыс қабілетіне жеткізу шығындары
кіреді. Бірақ Қазақстан стандартында анықтаулар азырақ. Мысалы, несиелер
бойынша; құрылысқа алынған несие пайыздары капитализациялануы керек бірақ
капитализациялаудың шектеулері мен ставкалары келтірілмеген.
Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою,
тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген,
баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға
қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
▪ жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану
құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын
мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу -
сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің
төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі
үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған
материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа)
жұмсалатын шығыстар;
▪ құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет
етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал - жабдықтар
бойынша – сатып алу кұны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау
кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал - жабдықтардың
пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін
сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал -
жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен
ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер
негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда
төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да
объектінің бастапқы құнына қосылады;
▪ үйлер мен ғимараттарды шаруашылық, әдіспен салу кезінде:
құрылыс материалдары, кұрал – жабдықтар, құрылыс машиналары
мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме
шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен
қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға
жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген
кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалатын шығыстар, жобалық - сметалық кұжаттардың құны,
т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да
бастапқы құнға қосылады;
▪ жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде
иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу
барысында бұл объектілердің бастапқы кұнын шектеу қажет,
өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі
әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген,
сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер
ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары
т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек кұнға
шектеулер колданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге
жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған
шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды
сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы
құны есептелінеді;
▪ мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар
бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың
келісілген құнына құрал - жабдықтарды сатып алуға жұмсалған
шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші
тарапынан теленген болса;
▪ құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі
құралдар - өздерінің келісілген бағасы бойынша;
▪ субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып
алынған негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған
шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған
объектілердің (алушының құрал -жабдықтарды орналастыруға
кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса
есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған
шығыстар;
▪ тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша –
құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал – жабдықтарды
жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса
есептегенде);
▪ айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің –
бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы кұны
бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген
ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген)
ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа
арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас
негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау
кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша
бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) сомасы ескеріледі;
▪ жас малдарды негізгі табынға аударған кезде – малдарды
өсірудің нақты өзіндік құны;
▪ негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар
бойынша – жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып
алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да
шыққан шығындар;
▪ жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен
пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту,
тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын
алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
▪ толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар бойынша – олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында
көрсетілген құны;
▪ жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша –
жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,

ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы құнымен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға
бойынша негізгі қаражаттың құны. Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл
кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі
құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті арасындағы
сома;
Жойылу құны - шыққан шығында тастап пайдаланынған мерзім соңында
субьект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың
қосалқы бөлшектердің көзделетін бағасы; Негізгі құралдардың қалдық (жойылу)
құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу,
жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын
тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан обьектінің есептен
шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды
алып тастау арқылы анықталады. Негізгі құралдардың келісілген құны -бұл кез
келген екі жақтың, яғни негізгі құралды сатушы мен алушының арасындағы
келісілген құн болып табылады.
Амортизациялық құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою
құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субьектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
– пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
– нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген
нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Баланыстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған
залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома.
Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны оның орнын толтыратын
құннан артқан сома. [9. б 21-24]
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен кәсіпорын мен
ұйымдар субьект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес
қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметтің 1997 ж.
24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі
агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі №03-1а-8 Негізгі құралдардың құнын арттыру
индекстері туралы қатынас хаты) обьектілерде қайта бағалау өткізілді, оның
нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша
көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың
2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей
бастапқы құнын арттырылады және қатар бір мезгілде 5420 Негізгі құралдарды
қайта бағалауға арналған резерв шоты бойынша көрсетіледі.
Алдағы уақытта, егер негізгі құралдарды қайта бағалау шығысқа 7420
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар, және осыдан кейін компания
келесі кезеңдерде негізгі құралдарды қайта бағалауды жүргізуге және құнын
өсіруге шешім қабылдайды, ал ол үшін кіріске 6240 Құнсызданудан залалды
қалпына келтіруден алынатын кірістер шотына жатқызады, ал одан кейін
қалған соманы 5420 Есеп саясатындағы өзгеріс нәтижесінде пайданы (залалды)
түзету шотына есепке алу жүргізіледі. [43. б 12]
Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай-ақ едәуір
тозу дәрежесі бар негізгі құрал обьектілерінің бастапқы индекстерін
белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті
кешендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша
тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы
индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан. 51 ден
64%-іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65тен 79%-ке дейінгі тозу
дәрежесі -4 графадан, 80 - нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан. [3. б. 115]
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары
тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі: негізгі құралдардың пайдалы қызмет
атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына
әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда
тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта
бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек обьекті бойынша бүтін сомада
жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы
құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген
уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ уақыт өткен
сайын негізгі құралды өндіруге салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол
үшін қолданылатын техниканың шығыны жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі
құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады.
Негізгі құралдарды оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен,
жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек пен анықталады. Осыған байланысты негізгі
құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни
бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі
құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда
негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғанынан бастап оларды баланста
қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып
жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау
жүргізіледі.
Қайта бағалау – бұл амортизациялық құнын және құнсызданған шығысты
қайта бағаланған күнгі әділ құнынан шегеруінен алынған сома болып табылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу
сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта
бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде
қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес
анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарылады. Қайта бағалаудан барлық
сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
16-ХБЕС-ның 32-тармағында былай делінген: Жер учаскілерінің және
үйлердің әділ құны, әдетте, бағалау жолымен нарықтық индикаторлардың
негізінде анықталады, оны көбінесе кәсіби бағалаушылар анықталады, оны
көбінесе кәсіби бағалаушылар жүргізеді. Машиналар мен жабдықтардың әділ
құны болып бағалау жолымен анықталатын нарықтық құны саналады. Туындайтын
сұрақ – кәсіпорын қайта бағалауды өзі жүргізе ала ма, өйткені 16-ХБЕС-да
машилалар мен жабдықтардың құнын бағалауды кімнің жүргізетіні тікелей
айтылмаған ғой? Теория жүзінде, бәлкім, мүмкін болар, бірақ іс жүзінде
болмайды. Оның себебі мынадай: материалдық активтерді бағалау әдістемесін
білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: материалдық активтерді бағалау
кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі – нарықтық, шығындық және табыстық
тәсілдері қолданылады.
Нарықтық (салыстырмалы) тәсіл кезінде объекті құнын есептеуге өзінің
тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын объектілермен жасалған мәмілелердің
бағасы негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика
жеткілікті болса, онда осы әдісті пайдалану қажет.
Шығындық тәсіл кезінде құн көрсеткіші ретінде объектінің тұтыныстық
қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни объектіні
бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу немесе сатып
алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық тәсіл бұрынғы
қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту келешектерін
айқындамайды. Бизнестің болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған
шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкін.
Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты
капиталдандыруды,сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының
ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын бизнестен
болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде
ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мүмкін.
Көріп тұрғанымыздай, үш тәсіл басқа олардың қандай жағдайларда
пайдаланылатынын білу керек. Сондықтан менің ойымша: мүлікті өз бетінше
бағаламау керек, ол үшін осы саладағы бағалаушы-мамандарды тарту керек.
[10, б. 11]
Көптеген салық төлеушілер (шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоса
алғанда, заңды тұлғалар) негізгі құралдардың бастапқы құнын қолданыстағы
нарықтық бағаларға сәйкестендіру мақсатында объектілерге қайта бағалау
жүргізген.
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдар, соның ішінде жер
учаскелері, аяқталмаған құрылыс есеп пен есептілікте ағымдағы құны бойынша
көрсетілді.
Қайта бағалаудан кейін баланстық құн ағымдағы құнға теңестірілді.
Қазіргі кезде бағаның өсуіне байланысты жер учаскесінің (немесе басқа
жылжымайтын мүліктің) баланстық құны оның бастапқы құны оның бастапқы
құнынан (сатып алу құнын) едәуір асып түседі.
2007 жылғы 1 қаңтарға дейін құн өсімінен түскен табыс (ҚТТ) мынадай
формула бойынша анықталды:
ҚТТ = ӨҚ – БҚ,
Мұнда ӨҚ - өткізу құны,
ал БҚ – баланстық құн, ол қайта бағалауды жүргізген жағдайда ағымдағы
құнға (АҚ) теңестірілуі мүмкін.
Яғни негізгі құралдарды қайта бағалау жағдайында формула мынадай түрде
болады: ҚТТ = ӨҚ – АҚ. [11, б. 4-5]
16-ХҚЕС-та ұйым қызметіне негізделген актив құны, әділ құны, құнсыздану
құн сияқты бағалаулары да бар.
Ұйым қызметіне негізделген актив құны – бұл ұйымның белгілі активті
қолданудан және оның падалы қызмет ету мерзімінде сатудан түсетін келешек
ақша құралдарын жоспарлаған ағымдық құны.
Әділ құны - бұл жалпы шарттарда орындалатын, толық хабардар екі жақтың
қалауы бойынша екеу ара мәміле барысында активке айырбас жасауға болатын
сома.
Құнсыздану – бұл активтің баланстық құнынан белгілі жағдайлардан
төмендеп кеткен құны.
Құнсызданудан шығындар – бұл активтің баланстық құнынан оның орын
толтыратын сумманың асып кету сомасы.
Құнсызданудан болатын залалдар деп активтің баланстық құны оның
өтелетін құнынан асып кеткен соманы түсіну керек. Баланстық құн бұл өз
кезегінде – жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған жинақталған
залалдардың сомаларын шегергеннен кейін, ло бойынша актив балансқа
қабылданатын сома. [25. б 12]
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен құрылғыларды 36 Активтердің
құнсыздауы ХБЕС-ке сәйкес кезең-кезең құнсыздануға тексеріп отыру керек.
36-ХБЕС-қа келісе ұйым активтардың баланстық құнын қайта қарап, активтердің
орын толтыру құнын анықтап және құнсызданудан болған шығындарды мойындап
немесе қайтарып отырады.
Орынтолтыру төлемін талап етуге немесе оны үшінші жақтын төлеуге сәйкес
жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен құрылғылар шығыны немесе құнсыздану құнын
немесе орнын баса тұратын активтер жинағын сатып алулар бөлек экономикалық
жағдайлар болып табылады және олар сәйкес бөлек есепке алынуы керек. Төрт
экономикалық жағдайлар келесі түрде бөлек есепке алынуы керек:
1. жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен құрылғылардың құнсыздануын 36
ХБЕС-қа сәйкес мойындау керек;
2. жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен құрылғылардың шығуын немесе
есептен шығуын 36 ХБЕС-қа сәйкес мойындауы тиіс;
3. құнсызданған, құртылған немесе тасталған жылжымайтын мүлік,
ғимараттар мен құрылғылардың үшінші жақпен өтемін табыстар мен
шығыстар туралы есеп беруге мойындалған кезде қосу керек;
4. қалпына келтірілген, сатып алынған және орнын басу мақсатымен
алынған активтердің бастапқы құны 16-ХБЕС-қа сәйкес анықталуы
және көрсетілуі тиіс.
Бизнес біріккеннен кейін иемденген 1-ші жылдық есеп беру кезеңі
біткенге дейін мойындалған құнсызданудан болған шығындарды 22 Бизнесті
біріктіру ХБЕС-қа сәйкес есепке алынады. [7, б. 31, 45-46]
2 ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттармен рәсімдеу
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz