Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

бет
: Кіріспе
бет: 5
:
бет:
: 1 Негізгі құралдардың теориялық түсінігі
бет: 8
: 1. 1 Кәсіпорынның негізгі құралдары туралы түсінік және олардың жіктелуі
бет: 8
: 1. 2 Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау
бет: 11
: 1. 3 Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу
бет: 15
: 1. 4 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу
бет: 17
: 1. 5 Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттағы негізгі құралдарының негізі
бет: 21
:
бет:
: 2 «Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі» негізгі құралдарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
бет: 27
: 2. 1 «Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі» жалпы сипаттама және есеп саясаты
бет: 27
: 2. 2 Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу
бет: 33
: 2. 3 Кәсіпорынның негізгі құралдардың жалға алу және беру есебі
бет: 41
:
бет:
: 3 «Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі» негізгі құралдарын қолдануына талдау
бет: 48
: 3. 1 Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуінің және тиімді қолданылуының талдауы
бет: 48
: 3. 2 «Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі» өндіріс күшінің қолданылуы және технологиялық жабдықтауды қолданудың талдауы
бет: 53
: 3. 3 Кәсіпорындағы негізгі құралардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
бет: 55
:
бет:
: Қорытынды
бет: 65
:
бет:
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
бет: 67
:
бет:
: Қосымшалар
бет: 68


КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Қазіргі кезде мемлекет, кәсіпорын және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы кәсіпорынілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өз өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстадың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар № 2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және бүгінгі күн талабына сай толықтырылып 2002 жылғы 24 маусымда ҚР-ның № 309-П «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы болып жаңартылды. Осы заңға сәйкес барлық ұйымдарда жүргізілуге тиіс бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлар - еңбек заттары, тауар-материалдық қорлар, ақша қаражаттары, инвестициялар, бір сөзбен айтқанда - кәсіпорынның негізгі қорлары. Оларды ғалымдар «кәсіпорын активтері немесе негізгі және айналым қорлары» деп те атайды. Негізгі қор дегеніміз ұзақмерзімді мақсатпен қозғалмайтын мүлікке, бағалы қағаздарға, пайдалы қазбалар қорына, біріккен кәсіпорындарға, материалды емес активтерге салынған қаржылар. Кәсіпорынның өндірістік нәтижелеріне және қаржылық жағдайына айналым қорлары (ақша қаражаттары, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) үлкен әсер етеді. Олар бойынша дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есеп ақпараттары есеп мәліметін пайдаланушылардың сүраныстарын толық қамтамасыз ете алады. Ал, оларды талдау арқылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын бағалай аламыз, негізгі қорларды пайдаланудың тиімді көздерін аша аламыз, салынған инвестициялардың қайтарылымдылық деңгейін анықтаймыз, қорлар айналымдылығын есептеу арқылы қолданыстағы басы артық қорларды болдырмау жолдарын іздестіреміз, дебиторлық борыштарды зерттеуде күмәнді борыштарының себебін біліп, оларды неғұрлым азайту жағдайларын қарастырамыз, ақша қаражаттарының қозғалысын бақылай отырып олардың жоспарлы түрде жүмсалып, көп пайда әкелетін көздерге салынуына шешімдер қабылдай аламыз. Мұндай атқарылатын істердің барлығы есеп қызметкерлеріне үлкен жауапкершілікті, терең білімділікті, қаржылық сауаттылықты жүктейді.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.

Негізгі құралдар кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін жүргізудегі ең негізгі актив болып табылады. Негізгі құралдардың бухгалтерік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының жүргізілуіне байланысты, сонымен қатар, негізгі құралдарды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне әсер етеді.

Бухгалтерлік есепке негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылғын өнімге, орындалғын жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отырытын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Осыған орай кәсіпорын негізгі құралдарының есебін жүргізу және оларды талдау әліге дейін өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - негізгі құралдардың бухгалтерлік есепбін ұйымдастыруды және талдаудауды тану.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:

1. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, түгенделуі және бағалануы;

2. Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу

3. Ұлттық стандарттағы негізгі құралдарының теориясы

4. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;

5. Негізгі құралдардың жағдайын, құрамын, динамикасын және оның қолданылуына талдау;

6. Кәсіпорындағы негізгі құралардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыста:

Бірінші бөлімде негізгі құралдар туралы түсінік беріп, олардың түрлерін білу. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болуы себепті бағалаудың түрлерінің: бастапқы құнының, баланстық құнының, ағымдағы құнының, қалдық (жойылу) құнының және келісілген құнының ара жігін көрсетіп, әрқайсысының қалыптасу жағдайларымен танысу. Негізгі құралдардың көсіпорынға келіп түсуінің, ішкі қозғалысының құжаттарымен танысып, толтыруларын үйрену және олардың есепке алыну тәртібін білу;

Екінші бөлімде негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу әдістерін көрсету, негізгі құралдарды жөндеу есебінің ерекшеліктерін, қайта бағалау және жал есебінің ережелерін білу, оларды түгендеу, есептен шығарылуының синтетикалық және аналитикалық есебінің ұйымдастырылуын және қаржылық есептіліктегі негізгі құралдар туралы ашылымдарды анықтау.

Үшінші бөлімді негізгі құралдардың жағдайын, құрамын және динамикасын талдау.

Диплом жұмысымды жазу барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы ҚР-ның № 309-П заңы, ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектің № 438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, № 16 « Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 17 «Жал» Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 6 «Негізгі құралдардың есебі » Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты, 29. 10. 2002. № 542 Қаржылық есеп дайындаудың және үсынудың түжырымдамалық негізі сияқты нормативтік құжаттармен қатар көптеген қазақстандық жөне шет елдік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.


1 Негізгі құралдардың теориялық түсінігі

1. 1 Кәсіпорынның негізгі құралдары туралы түсінік және олардың жіктелуі

Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс прцесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтау; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғалар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал -сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, кәсіпорынға жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс прцесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмысты (ғимараттар, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз - кәсіпорынға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа кәсіпорынға алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды «Жер», Үйлер мен ғимараттар, Меншік және құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар, Көлік құралдары, Басқада негізгі құралдар шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдыр, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысты тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық сипатына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшенуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б) жатады. Әрбір кәсіпорында негізгі құралдар пайдалану мақсатында және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсынының құрамына енетіндер:

жер - кәсіпорын меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті олып санадады;

үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті - құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғалары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, қүбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан транцформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .

жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал - жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;

өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшенуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай -ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;

басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арнамалы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік обектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал -мүйізді ірі қара мал; асыл түқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалары мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

көп жылдық өсімдіктер- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, дерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал -жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т. б. ), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.

1. 2 Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

  • жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы актіде көрсетілген сатып алу құны;
  • қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы;
  • сатып алу - сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі;
  • жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

- құрылыстарды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал - жабдықтар бойынша - сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал - жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар.

Машиналар мен құрал - жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегенде жөндеу құны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лекциялық кешені «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
Негізгі құралдарды түгендеудің жетілдіру жолдары
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы
Қаржылық жоспарлау - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде
Негізгі құралдардың талдауы
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Кәсіпорынның активтерді қалыптастыру көздерін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz