Астанателеком ҚТО Бухгалтерлік есеп және есептілік


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«ЕСЕП, АУДИТ ЖӘНЕ ТАЛДАУ» КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: 050508 - «Есеп және аудит»
АСТАНА - 2009 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«ЕСЕП, АУДИТ ЖӘНЕ ТАЛДАУ» КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді
«Есеп, аудит және талдау» кафедрасының меңгерушісі
Э. ғ. д., профессор
«» 200 г.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті»
Мамандық: 050508 - «Есеп және аудит»
Орындаған
Ғылыми жетекшісі:
АСТАНА - 2009ж.
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Негізгі құралдар есебі мен аудитінің теориялық - әдістемелік негіздері 8
1. 1 «Қазақтелеком» АҚ-ң шаруашылық әрекетінің сипаттамасы және оны жалпы бағалау 8
1. 2 «Қазақтелеком» АҚ-ң есебін ұйымдастыру негіздері 27 1. 3 Негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері 37
2 Негізгі құралдар есебінің қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары 51
2. 1 Негізгі құралдарды бастапқы тану және оның құжаттық рәсімделуі: синтетикалық және аналитикалық есеп 51
2. 2 Тозуды есептеу әдістері және олардың SAP Easy Access 6. 0 бағдарламасының көмегімен есепте көрініс табуы 63
2. 3 Негізгі құралдардың тануды тоқтату және мәліметтердің жиынтық есепте көрініс табуы 70
2. 4 «Қазақтелеком» АҚ-да ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар есебін және есептілікті жетілдіру 75
3 Негізгі құралдардың аудиторлық тексерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері 81
3. 1 Негізгі құралдардың ішкі және сыртқы аудитінің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері 81
3. 2 Негізгі құралдар аудитінде аналитикалық процедураларды қолдану 95
3. 3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары 106
Қорытынды 112
Қолданылған әдебиеттер тізімі 119
Қосымшалар
Кіріспе
Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық әрекеті тек қана материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың есебінен ғана қамтамасыз етілмейді, маңызды роль негізгі құралдар үлесіне де тиеді. Олар - еңбек құралдары және еңбек үрдісінің материалды шарттары, оларға байланысты өндіріс үрдісі (кәсіпорын шаруашылығы) жүзеге асырылады.
Негізгі құралдар кәсіпкерлік салаларындағы компаниялардың активтерінің басты бөлігін құрайды. Компанияның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайын сипаттау үшін негізгі құралдар туралы ақпараттың үлкен маңызы бар.
Негізгі құралдар үнемі жетілдірілуі және жаңаруы керек. Кәсіпорынның шығындар құрылымында негізгі құралдардың амортизациясына кететін шығындар едәуір орын алады, сондықтан шығындарды төмендетудің басты жолдары негізгі құралдардың амортизациясын үнемдеумен, ғимаратты, жабдықтарды тұтыну мен ағымдық жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Бүгінгі күні бұл тақырып көкейкесті болып табылады. Ешбір кәсіпорын өзінің шаруашылығын негізгі құралдарсыз дамыта алмайды. Олардың ролі шығындар мен қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырғанда маңызды болып келеді. Сондықтан, негізгі құралдардың есебі мен аудиті, олардың тиімділігін арттыру сұрақтары бірінші орында болады. Осы тұрғыда құралдардың есебі мен аудитінің әдістері, оның жағдайын бағалаудың жетілдіру жолдарының сұрақтарының мәні де арта түспек, себебі олар кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруда басты орындардың бірін алады.
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті тақырыбына В. К. Родостовец, В. В. Родословец, О. Н. Шмит, И. Хегай, Е. В. Михалева, Л. И. Хорина, Г. К. Тулешова, Л. А. Богдановская, А. А. Савин, Г. Г. Виноградов, Н. А. Русаков, Е. Е. Ермолович, Г. В. Савицкая, К. Ф. Снитко, В. В. Сушкевич, Н. П. Маренков, Н. А. Оманов, В. И. Подольский, О. В. Голосов және т. б. сияқты жетекші ғалым-экономистердің еңбектері арналған.
Бұл ғалымдар негізгі құралдардың есебі мен аудиті тақырыбындағы теориялық методологиялық мәселесіне үлкен үлесін қосты. Бірақ, арнайы әдебиеттерді зерттеу мен кәсіпорындағы есеп пен аудитті ұйымдастырудың тәжірибесі бұл саладағы барлық мәселелер толығымен шешілмегенін көрсетеді. Оның ішінде негізгі құралдарды қайта бағалау, амортизация мен тозуды есептеу, қорқайтарымдылығына әсер ететін факторларды іріктеуі, олардың аудит әдістемесі, аудитті өткізу жүйелілігі және т. б. жөніндегі сұрақтар толық ашылмаған.
Демек, жоғарыда аталған барлық факторлар дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығын және көкейкестілігін негіздейді.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастырудың ерекшіліктерін зерттеу, ХҚЕС-на сәйкес есепті жетілдіру бойынша шараларды ұсыну табылады. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу көзделген:
- негізгі құралдардың экономикалық мәнін қарастыру;
- мүліктер құрылымындағы орны мен ролін анықтау;
- негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу және оны бағалау;
- негізгі құралдардың ішкі және сыртқы аудитінің ұйымдастырылуын зерттеу;
- аудиторлық процедураларды өткізу және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін анықтау;
- негізгі құралдардың есебін жетілдірудің жолдарын айқындау.
Дипломдық жұмысты жазудың методологиялық негізі болып негізгі құралдардың есебі мен аудиті саласындағы жетекші мамандардың ғылыми еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 28. 02. 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептіліктің Ұлттық стандарттары (ҚЕҰС), Халықаралық Қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС), Қазақстан Республикасының 20. 02. 2009 жылғы «Аудиторлық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) табылады.
Зерттеу объектісі болып «Қазақтелеком» АҚ таңдалды, дипломдық жұмыста оның 2007 - 2008 жж. қаржылық есептілігінің мәліметтері, негізгі құралдардың алғашқы есебінің құжаттары, ішкі және сыртқы аудитінің нәтижелері, тәуелсіз аудиторлардың қорытындысы және т. б. қолданылды.
Зерттеу пәні болып негізгі құралдардың есебі мен аудитін анықтайтын факторлар, тенденциялар және заңдылықтар табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай әдістер қолданылды: статистикалық - экономикалық, монографиялық және есептік - конструктивтік.
1 Негізгі құралдар есебі мен аудитінің теориялық - әдістемелік негіздері
1. 1 «Қазақтелеком» АҚ-ң шаруашылық әрекетінің сипаттамасы және оны жалпы бағалау
Дипломдық жұмысымның тақырыбына сай зерттеу объектісі болып «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы («Астанателеком» Қалалық Телекоммуникациялар Орталығы, Астана қаласындағы филиалы) табылады, ол - Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация компанияларының бірі болып саналатындықтан, бұл қоғамның қызмет ету саласы мен жалпы сипаттамасына тоқталып өткім келеді.
Оның 51% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан мемлекетке жатады. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобының құрылымына: «Алтел» АҚ (100%), «Мабайл-Телеком Сервис» ЖШС (51%), «GSM Казахстан» ЖШС - «Қазақтелеком» ААҚ (49%), «Нұрсат» АҚ (95, 68%), «Сигнум» ЖШК (100%), «ШығысТелеком» ЖШС (100%), «Кептер телеком» АҚ (100%), «Radio Tell» ЖШС (100%) жатады.
Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы инфрокоммуникациялық қызметті тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды.
Компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Қазақтелеком» АҚ еліміздің әр облысында аймақтық бөлімшесі бар және еліміздің бүкіл аумағы бойынша байланыс қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Жедел деректер бойынша 2009 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдайына компания 3, 333 млн. бекітілген байланыс абонентіне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефон тығыздығы орташа есеппен 100 адамға шаққанда 21, 3 бекітілген желіні құрайды. «Қазақтелеком» АҚ алыс және жақын шетелдердің 40 астам операторларымен ынтымақтастықпен жұмыс істейді және өзара әрекет етеді.
«Қазақтелеком» АҚ ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырумен, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландырумен, жаңа технологияны енгізумен және ауылды телефондандырумен, сонымен қатар Интернетке кең жолақты қосылу қызметін дамытумен айналысады.
Ол ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі тарапына 2004 жылдың 28 мамырында берілген АБА №1 бас лицензиясы негізінде жұмыс істейді, әрекет аумағы - Қазақстан Республикасы.
Лицензияға сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін, деректерді беру және телеграфтық байланыс, жылжымалы радиотелефондық байланыс, теледидар мен дыбыстық бағдарламаларды трансляциялау қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызмет атқарады.
Компанияның басты мақсаты - телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді компания құру.
«Қазақтелеком» АҚ заңды тұлға болып табылады, оның мәртебесі Қоғамның 2008 жылғы 15 тамыздағы № 37-хаттамамен бекітілген жарғымен анықталады. Бұл жарғы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамын ұйымдастыру мен іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін белгілейді және 10 тарау, 51 баптан тұрады.
«Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы - Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы. Оның білімі: Свердловск суворовшылар әскери училищесі, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Лозаннедегі Швейцария Федеральды Технология Институтының электронды басқару бойынша Шебер дәрежесі бар (Ecole Polytechnique Federale de Lausanne - EPFL) .
«Жарық» ЖШС директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарды. ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап Төраға орынбасарының, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында Төраға міндеттерін атқарды. 2005 жылдың мамырынан бастап, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарының лауазымын атқарды, 2006 жылдың 27 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
2006 жылдың 11 қазанынан бастап, «Қазақтелеком» АҚ Президенті болып сайланды. "Қазақтелеком" АҚ-ның бекітілген жаңа Жарғысына (2007 жылдың 20 маусымы күнгі) сәйкес, акционерлік қоғам Президентінің лауазымы «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының Төрағасы лауазымы деп өзгертілді.
«Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшелері:
- Әбділдәбеков Марат Мұхтарұлы - ақпараттық технологиялар бойынша бас директор.
- Жаманбеков Алмаз Мэлсұлы - мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі бас директор.
- Есіркегенов Асқар Әлібекұлы - коммерциялық бас директор.
- Лезговко Александр Владимирович - бас техникалық директор.
- Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы - бас қаржы директоры.
- Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы - бизнесті дамыту жөніндегі бас директор [1] .
Кәсіпорынның Директорлар кеңесінің құрылымы 1. 1 кестеде көрсетілген. Ал «Қазақтелеком» АҚ-ң ұйымдық құрылымы 1. 1 суретте берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz