Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдардың теориялық түсінігі

  1. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдары туралы түсінік және олардың жіктелуі
  2. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау
  3. Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу
  4. Ұлттық стандарттағы негізгі құралдарының теориясы

2. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

2. 1 Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінің Негізгі құралдардың қозғалысынң есебі

2. 2 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу

2. 3 Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінің негізгі құралдардың жалға алу және беру есебі

2. 4 Қызылқоға аудандық қаржы бөліміндегі бухгалтерлік есептің автоматтандырылу жүйесі

3. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдарын қолдануына талдау

3. 1 Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі құралдармен қамтамасыз етілуінің талдауы

3. 2 Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі негізгі қорының қарқынды және тиімді қолданылуының талдауы

3. 3 Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі өндіріс күшінің қолданылуы және технологиялық жабдықтауды қолданудың талдауы

3. 4 Қызылқоға аудандық қаржы бөліміндегі негізгі құралардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар


КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Қазіргі кезде мемлекет, кәсіпорын және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы кәсіпорынілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өз өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстадың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он сегіз жылға таяу уақыт болып жатыр. Осы жылдардың аралығында бухгалтерлік есеп саласында, жалпы экономиканы басқаруда көптеген өзгерістер болды. Экономикамызды дамыту мақсатында тартылған шет елдік қаржылардың есебін жүргізу барысында бухгалтерлік есеп жұмысына өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар № 2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және бүгінгі күн талабына сай толықтырылып 2002 жылғы 24 маусымда ҚР-ның № 309-П «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы болып жаңартылды. Осы заңға сәйкес барлық ұйымдарда жүргізілуге тиіс бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлар - еңбек заттары, тауар-материалдық қорлар, ақша қаражаттары, инвестициялар, бір сөзбен айтқанда - кәсіпорынның негізгі қорлары. Оларды ғалымдар «кәсіпорын активтері немесе негізгі және айналым қорлары» деп те атайды. Негізгі қор дегеніміз ұзақмерзімді мақсатпен қозғалмайтын мүлікке, бағалы қағаздарға, пайдалы қазбалар қорына, біріккен кәсіпорындарға, материалды емес активтерге салынған қаржылар. Кәсіпорынның өндірістік нәтижелеріне және қаржылық жағдайына айналым қорлары (ақша қаражаттары, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) үлкен әсер етеді. Олар бойынша дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есеп ақпараттары есеп мәліметін пайдаланушылардың сүраныстарын толық қамтамасыз ете алады. Ал, оларды талдау арқылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын бағалай аламыз, негізгі қорларды пайдаланудың тиімді көздерін аша аламыз, салынған инвестициялардың қайтарылымдылық деңгейін анықтаймыз, қорлар айналымдылығын есептеу арқылы қолданыстағы басы артық қорларды болдырмау жолдарын іздестіреміз, дебиторлық борыштарды зерттеуде күмәнді борыштарының себебін біліп, оларды неғүрлым азайту жағдайларын қарастырамыз, ақша қаражаттарының қозғалысын бақылай отырып олардың жоспарлы түрде жүмсалып, көп пайда әкелетін көздерге салынуына шешімдер қабылдай аламыз. Мүндай атқарылатын істердің барлығы есеп қызметкерлеріне үлкен жауапкершілікті, терең білімділікті, қаржылық сауаттылықты жүктейді.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. Мұның өзі біздің елімізде есеп саласындағы жағымды жаңалықтарға батыл қадам жасалып жатқандығын білдіреді. Осыған орай кәсіпорын негізгі құралдарының есебін және оларды талдауды жаңа ережелер бойынша зерттеу үшін, алған теориялық білімімді дәлелдеу үшін диплом алды ғылыми жұмысымның тақырыбының мақсаты ретінде таңдап алдым. Бұл мақсатқа жету үшін жұмысымды үш бағытта жоспарладым:

  1. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, түгенделуі және бағалануы;
  2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;
  3. Негізгі құралдардың қолданылуына талдау.

Бұл тараулардың міндеттері:

1) Негізгі құралдар туралы түсінік беріп, олардың түрлерін білу. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болуы себепті бағалаудың түрлерінің: бастапқы құнының, баланстық
құнының, ағымдағы құнының, қалдық (жойылу) құнының және келісілген
құнының ара жігін көрсетіп, әрқайсысының қалыптасу жағдайларымен
танысу. Негізгі құралдардың көсіпорынға келіп түсуінің, ішкі қозғалысының
қүжаттарымен танысып, толтыруларын үйрену және олардың есепке алыну
тәртібін білу;

2) Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу әдістерін көрсету, негізгі құралдарды жөндеу есебінің
ерекшеліктерін, қайта бағалау және жал есебінің ережелерін білу,
оларды түгендеу, есептен шығарылуының синтетикалық және аналитикалық
есебінің ұйымдастырылуын және қаржылық есептіліктегі негізгі құралдар
туралы ашылымдарды анықтау.

3) Негізгі құралдардың жағдайын, құрамын және динамикасын талдау.

Диплом жұмысымды жазу барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы ҚР-ның № 309-П заңы, ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектің № 438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, № 16 « Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 17 «Жал » Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 6 «Негізгі құралдардың есебі » Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты, 29. 10. 2002. № 542 Қаржылық есеп дайындаудың және үсынудың түжырымдамалық негізі сияқты нормативтік қүжаттармен қатар көптеген қазақстандық жөне шет елдік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.


1. ТОО «» негізгі құралдардың теориялық түсінігі.

1. 1 Кәсіпорынның негізгі құралдары туралы түсінік және олардың жіктелуі

Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының қүрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс прцесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған кәсіпорын үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтау; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғалар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал -сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, кәсіпорыніге жататын меншік қүқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс прцесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізі құрал - жабдықтар - түтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар үжымның мәдени - түрмысты (ғимараттар, түрғын - үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз - кәсіпорыніге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа кәсіпорыніге алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001 - ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай түрып, жалға алушы кеғлісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды «Жер», Үйлер мен ғимараттар, Меншікжәне құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар, Көлік құралдары, Басқада негізгі құралдар шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдыр, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысты тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық сипатына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшенуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жүмсау, т. б) жатады. Әрбір кәсіпорыніде негізгі құралдар пайдалану мақсатында және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсынының құрамына енетіндер:

жер - кәсіпорын меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік қүқығы бар болса, онда олар қүқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті олып санадады;

үйлер - халыққа еңбек етуге, түруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті - құрылыс объектілері. Әрбір түрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта үңғысы, мүнай мүнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғалары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, қүбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, эдектр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан траҰСрматор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар -күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .

жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал - жабдық (токарьлық бүранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;

өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшенуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай -ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;

басқадай машиналар мен жабдықтар -машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы қүрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сүйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арнамалы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік обектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал -мүйізді ірі қара мал; асыл түқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бүғылар, маралдар, еркек шошқалары мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

көп жылдық өсімдіктер- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер(жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жүмасалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, дерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал -жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т. б. ), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.

1. 2. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау,

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

  • жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану қүқығы актіде көрсетілген сатып алу құны;
  • қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы;
  • сатып алу- сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі;
  • жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
  • қүрастырады және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал - жабдықтар бойынша - сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал -жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар.

Мысалы: кәіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үймен қоса 5 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бүзылуға тиіс. Кәсіпорынның сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық соммасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікпен шарт жасауға қатысқан заңгердің төлемдерінің соммасы) . Үйді бұзуға кеткен шығын 4 (қырық мың ) теңге. Бүзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 2 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалу мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 56 (бес жүз алпыс мың) теңгені қүрайды (5+25+4-2+15000=56 теңге) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
Аналитикалық шот
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Бухгалтерлік есеп принциптері
Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат
Бухгалтерлік есептің шоттары
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухалтерлік есеп шоттар түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz