Негізгі құралдардың бастапқы бағасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .3
1 тарау. Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
1. Негізгі құралдардың ұғымы мен
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Салықтық және бухгалтерлік есептегі негізгі құралдардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
2 тарау. Ақ бидай ЖШС-де негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
2.1 ЖШС қызметінің негізгі көрсеткіштері және оның есептік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21
2.2 Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша құжаттарды
рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...36
2.3 Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..41
2.4 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі ... ... ... ... 50
3 тарау. Негізгі құралдардың аудиті
3.1. Негізгі құралдардың аудитінің бағдарламасы ... .. ... ...59
3.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83
3.3 Негізгі құралдың есебі мен аудитін жетілдіру бойынша
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 86
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 92
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 96
Кіріспе
Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын
құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске
асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс
істейтін материалдық-заттық құндылықтар. Негізгі құралдарға жылжымайтын
мүліктер(жер участкелері,ғимараттар,үйлер,көп жылдық өсімдіктер және жермен
байланысты барлық объектілер), көлік құралдары,құрал-жабдықтар,өндірісті к
және шаруашылық мүлік,жұмысқа жарамды ірі өнімді мал,арнайы құралдар және
т.б. жатады.
Негізгі құралдарды есепке алу шаруашылық өмірдің фактілерін
ашу емес, ол ұйымдарың шаруашылық субъектілерімен, жұмысшылар,
акционерлермен, бюджет қызметкерлерімен қарым – қатынастарының факторы
деп қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың 1 – тарауында негізгі құралдардың бастапқы
бағасын анықтау; негізгі құралдарды қайта бағалау, амортизациясын
есептеу, негізгі құралдардың қозғалысын бақылау; негізгі құралдарды
шығысқа алу сұрақтары қарастырылады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте кіріске бастапқы
бағасымен алынады, оның құрамына қабылдап алуға және оны шығаруға
кеткен барлық шығындар кіреді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын анықтау мақсатында
негізгі құралдар қайта бағаланады, нәтижесінде негізгі құралдар
есепке алынып, олардың ағымдық құны есептелінеді.
Амортизация ( латынның “ өтеу” деген сөзінен шыққан ) -
активтің жұмыс атқару мерзімі бойынша оның тозуының құнын
амортизацияның көмегімен өндірілетін өнімге аударылатын объективті
процесс.
Екінші тарауда негізгі құралдарға салынған қаржылық салымдар,
олардың кәсіпорындағы бухгалтерлік есебі туралы айтылады. Негізгі
құралдардың объектісіне пайдалану уақытына орай қаржылық салым
және ағымдық шығындар туралы баяндалады.
“ Негізгі құралдарды есепке алу” № 6 бухгалтерлік есептің
стандартына сәйкес және әдістемелік нұсқауларға сәйкес қаржылық
салым нәтижесінде негізгі құралдардың бастапқы бағасы көбейеді.
Үшінші тарауда - “Негізгі құралдардың аудиті”. “ Негізгі құралдарды
есепке алу” және “ Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” – дың № 6
бухгалтерлік стандарты мен әдістемелік нұсқауларына сәйкес негізгі
құралдардың қолда барын тексеру және оларды сақтау мақсаты
жарияланған.
Дипломдық жұмыстың объектісі – Ақ маржан жауапкершілігі шектелген
серіктестігі. Бұл кәсіпорын 1997 жылы жабық акционерлік қоғам блып
қалыптасқан да, 2003 жылы акционерлік қоғамдар жайлы заң қабылдануына
сәйкес, жауапкершілігі шектелген серіктестік болып қайта тіркелген.
Кәсіпорынның жалпы қызметі:
- редакциялы-баспа іс-әрекеті;
- жарнамалы-баспа іс-әрекеті;
- сауда-сатып алу іс-әрекеті. Кәсіпорынның негізгі емес іс-әрекет
түрлері:
- коммерция-делдалдық іс-әрекет;
- аудармашылық іс-әрекет;
- акпаратгы-делдалдық немесе басқада Қазақстан республикасыньщ заңымен
тыйым салынбайтын тіршіліктер жасайды.
Жұмыс жазу барысында кәсіпорынның 2000-2004 жылдар аралығындағы есептік
көрсеткіштері қолданылды.

1.1. Негізгі құралдардың ұғымы мен бағалануы
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес
өндірістік салаларда еңбек күралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары)
қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер. Негізгі
құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың
негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды
рөл атқарады. Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін
материалдық-заттық құндылықтар. Негізгі құралдарға жылжымайтын мүліктер
(жер участкелері,ғимараттар, үйлер,көп жылдық өсімдіктер және жермен

т.б. жатады. Негізгі құралдарды есепке алудағы ең маңызды сұрақтар:
бастапқы бағасын анықтау,қолдану уақыты,амортизациясын есептеу,негізгі
құралдардың шығысының нәтижесі болып табылады.
Негізгі құралдарды есепке алудың міндеті:
- қолдану орнына байланысты негізгі құралдарды есепке алуды дұрыс жолға
қою және олардың сақталуын қадағалау;
- құжаттарды дұрыс толтырып,негізгі құралдардың келіп
түскенін,кеткенін,ішкі қозғалысын,шығысын және жойылуын есепте
бейнелеу;
- негізгі құралдардың амортизациясын уақытында есептеу және оны
тіркеп,өндіріс айналымы мен шығысына енгізу;
Негізгі құралдарды есепке алу ХҚЕС-ның 16 ”Негізгі құралдар“ және №6
бухгалтерлік есеп стандартының “Негізгі құралдарды есепке алу” Ұлттық
Комиссия бекіткен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы 1996
жылғы 13-қарашасындағы (2003 жылдың 28-қаңтарынан №27 өзгерістерімен
бірге) заңына сәйкес іске асырылады.
Негізгі құралдардың келуі негізгі құралдардың келіп түскендігі жайлы
Актіге тіркеледі, оны мүлік иесі растайды.
Негізгі құралдар-бұл ұзақ уақыт (1 жыл ішінде) жұмыс істейтін материалдық-
заттақ құндылықтар.
Бастапқы баға- сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты
шығындардан және сатып алу барысында төленген олардың жұмыс істеу жағдайына
жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн – ол активтердің белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы
бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн- бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы бастапқы немесе
ағымды құн.
Сатылу (өткізілу) құны- бірін-бірі жақсы білетін,мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың активтерді өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін
өткізу сату құны болып табылады.
Жойылу құны- тиімді қызмет ету мерзімі біткен активтерді жою кезінде пайда
болатын материалдардың болжамды құны.
Амортизациялық құн- бастапқы немесе ағымдық құннан жою бағасын шегергенге
тең.
Тозу- негізгі құралдардың физикалық және моральдық сипаттарын жоғалту
процесі.
Амортизация- активтердің жұмыс атқару мерзімі бойынша оның тозуының құнын
амортизацияның көмегімен өндірілетін өнімге аударылатын объективті процесс.
Амортизациялық норма- амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының
негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасы
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танығанда оларды бірыңғай
бағалау керек.
Негізгі құралдарды бухгалтерлік есепте есепке бастапқы бағасы бойынша
кіріске алады.Оның құрамына барлық шығындар : негізгі құралдарды сатып
алуға, салуға, салықтар ( қосылған құн салығы, акциз және т. б.),
тасымалдауға, жөндеуге кеткен шығындар, несие пайызы және т.б шығындар.
Өте қажет деген шығындар (мысалы жойылуға, тасымалдауға кеткен шығындар),
бастапқы бағаға қосылмайтын, бірақ ағымдағы шығын боп есептелетін
шығындар.*
Негізгі құралдардың бастапқы бағасына қосылатын шығындардың мысалын
талдасақ:
жер участкесінің бастапқы бағасына шотта көрсетілген сатып алу
бағасы, жылжымайтын мүлікті сату агенттерінің сыйақысы, сатып алу – сату
келісімі, келісімді толтырған заңгер ақысы, салықтар, жерді егін егуге
даярлау, тастан тазарту, тыңайтқыштар себу секілді шығындар;
Бастапқы бағаға сонымен қатар алынған құрал – жабдықтардың алу
бағасы, тасымалдауға кеткен шығын, тасымал кезіндегі сақтандыру,
құрастыру, пайдалану үшін шыдамдылығын тексеруге кеткен шығындар және т.б.
шығындар ; Бірақ, құрастыру кезіндегі шығындар ағымдық шығындарға
қосылады; Егер негізгі құралдар несиеге алынса, оның пайызы ағымдық
шығындардарға қосылып, объектінің бастапқы бағасына қосылмайды ( егер
объектіні салу үшін алынған несие болса онда ерекше жағдай);
Ал алынған жылдық ғимараттар мен құрылыстың сатып алу құны,
заңгерлермен есеп айырысу( мүлік сатып алу барысындағы келісім шарт үшін),
сатып алушыға төленген сома;
құрылыс пен ғимараттарды өз күшімен салу кезінде бастапқы
бағасына құрылысқа байланысты барлық шығындар, материалдар, жұмысшылар
жалақысы, материалдарды тасымалдағандағы берілетін құжаттар шығыны,
архитектормен есеп айырысу, құрылыс мерзіміндегі сақтандырулар, несие
пайыздары, құрылыс жүргізу үшін рұқсат алуға кеткен шығындары кіреді.
Жер, ғимарат алған кезде олардың бастапқы бағасын кіріске шектеп
алу керек, өйткені олар қолдану мерзімі бар және олар тозады. Жерді
пайдалану шектелмейді, сондықтан жер амортизацияланбайтын материалдық
актив. Егер пайдалануға тек жер участкесі беріліп, ондағы ғимарат немесе
үй бұзылуға белгіленген болса, онда құны шектелмей, алынған объект
ретінде жерді есептейді. Бұзуға кеткен шығын, объектінің сату құнына
енгізілген жеке – жеке немесе толық негізгі құралдардың бастапқы
бағасының құнына қосылады
Негізгі құралдар объектілерінің бастапқы бағасы:
- құрушылар арасындағы келісілген баға бойынша жарғылық капитал салу
арқылы;
- шығындар құрамынан негізгі құралдарды сатып алу немесе өздері
дайындау;
- алыс – беріс актісі бойынша немесе қайтарымсыз жолмен заңды
немесе физикалық тұлғалардың объект алмасуы нәтижесінде анықталады.
Айырбастау кезінде алынған объектілер алынған активтердің ағымдағы
бағасымен есептелінеді. Ол өзгерістерімен берілген соманың алынған
қаражаттың ағымдық құнымен өлшенеді.
Айырбасқа бірыңғай іске жұмсалатын ұқсас активтер және әр түрлі
мақсатқа қолданылатын активтер тән.
Ұқсас тауарларды айырбастағанда, мысалы, жер участкесіне
арналған автомашина, қосылған ақша қаражаттарының сату бағасымен
есептеледі.
Бастапқы бағадағы өзгеріс тек қосымша ақшалай салым немесе
жекелей жок және объектіні қайта құрастыру, олар негізгі құралдардың
күйіне, яғни, оның пайдалану уақытын ұзартуға немесе қысқартуға әсер
ететін жағдайларда ғана болады.
Негізгі құралдарды қайта бағалау
Негізгі құралдар қайта бағалау нәтижесінде ағымдық бағамен
есепке алынады. Негізгі құралдардың тозуы, қайта бағалау өткізген
күнге есептелген, негізгі құралдардың бағасының өзгертілуімен
түзетіледі. Негізгі құралдардың қайта бағалау сомасы бухгалтерлік
баланстың “Өз капиталы” бөлімінде бейнеленген. Қайта бағалау сомасы
активтердің пайдалану уақытына орай бөлінбеген табысқа объектінің
себепсіз істен шығарылуында ғана ауыстырылады.

объектілердің белгілі бір күні қайта бағалау өткізіледі, оның
нәтижесінде негізгі құралдарды есепте және есеп беруде ағымдық
бағамен есптелінеді.
Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы, әдетте негізгі
құралдардың бастапқы бағасын арттырады, ол баланстық шоттың 12
бөлімінің 1 бөлімшесі “ Негізгі құралдар” және 541 баланстық шот “
Негізгі құралдарды қайта бағалау кезіндегі қосымша төленбеген
капитал ” 5 бөлімнің 54 бөлімшесінде көрсетіледі. Тозу, қайта бағалау
кезіндегі тозу негізгі құралдардың бағасының өзгеруіне мен
жазылады. Активтерді пайдалану уақытына орай қайта бағалау сомасы
бөлінбеген табысқа тозығын есептеу әдісіне сәйкес ауыстырылады.
Барлық сома активтер істен шыққанда ғана ауыстырылады.
Мысалы: 1993 жылы қаңтардағы алынған ғимараттың бастапқы
бағасы 150 000 теңге деп есептейік, пайдалану уақыты – 10 жыл .
Тозығын бірқалыпты әдіспен есептегенде тозық жиынтығы 1993 –
1994 жылдар үшін 30 000 теңгені құрайды. 1995 жылдың 1 –
қаңтарындағы қайта бағалау нәтижесінде ағымдағы бағасы 210 000
теңге, тозық сомасы - 42 000 теңге. Бухгалтерлік есепте
активтердің құнының өсуі, қайта бағалау нәтижесінде қосымша
төленбеген капитал сомасын да көбейтеді. Бұл мысалда өскен сома
48 000 теңге ( ( 21 000 – 150 000) – ( 42 000 – 30 000 ) ). Қолдану
уақытына қарай ғимараттың 8 жыл ішіндегі қайта бағалау сомасы,
қосымша төленбеген капитал сомасының құрамындағы, әр жылы
бөлінбеген табыстың құрамына 8 000 теңгеден аударылып тұрады. ( 48
000, 8 жыл ) 5 жыл ішінде бөлінбеген табыс көлемі 30 000 теңге
болады ( 6 000 теңге * 5 жыл ) 5 жылдан соң қайта бағалаудан соң
ғимаратты сату туралы шешім қабылданды. Бұл жағдайда активті
сату кезінде қалған сома 18 000 ( 48 000 – 30 000 ) толығымен
бөлінбеген табысқа аударылады.
Сату кұны — бұл жан-жақты хабардар, келісім жасауға дайын тәуелсіз
тараптарының арасында мүліктің айырбастауға ықтимал сомасы. Жалгерлік
төлемнің дисконтталған құнын есептеген кезде дисконттау коэффициенті
жалдау кезінде қаралған пайыздық қойылымы болып табылады. Жалдау кезінде
қаралған пайыздық (төлем ақы) қойылым жалдаған активті ағымдағы құны
бойынша төменгі жалгерлік төлемді және жалдаудың басындағы кепілдіксіз
қалдық құнын анықтау үшін жалдаудың басында мүліктің дисконтталған құнын
анықтайтын дисконттық қойылым. Кепілдіксіз қалдық құн - жалға берілген
мүліктің (жалдаудың басында аныкталған), жалға беруші сатуға кепілдік
бермеген немесе сатуды тек қана жалға беруші жағы кепілдік беруге
байланысты қалдық құнның бөлігі. Егер дисконтталған құнын анықтау мүмкін
болмағанның өзінде, жалдаушының заемдық капиталына үстемелі өсімді
пайыздық қойылым қойылады. Капиталына үстемеленген өсімдегі пайыздық
қойылым - жалдаушы төлеуге тиісті немесе активті сатып алу үшін осындай
уақытқа пайыздалған несиелік (заемы- қарызы) жалға алушының жалдаудың
басында қабылданған қойылымы.

шектелуі
Бағытымен орындайтын функцияларына орай,сонымен қоса бухгалтерлік есептің
типтік шоттар жоспарына сәйкес,оны Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің №438 18 қыркүйек 2002жылғы бұйрығымен бекітілген, негізгі
құралдар төмендегі топтарға жіктелінеді:
1. 121 шот “Жер”-Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 9 пунктінің 43
статьясына сәйкес “Жер участкесімен жеке мүлікке құқық беретін
Актісі,” “Жерді қолдануға құқық беретін Акті,” “ Уақытша тегін
пайдалану құқығының актісі” ұзақ немесе қысқа мерзімді жалға беру
“Қайтарымсыз жерді пайдалану құқығы туралы актісімен” жеке меншік
туралы құқығымен жердің бағасы мен көлемі .Мүлік дегеніміз ол жер
участкесі.
2. 122 шот “Ғимараттар”-архитектуралық құрылыс объектілері, олар халыққа
еңбек етуге,тұрмысқа,әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуге және
материалдық қорды сақтауға бағытталған.Мүлікке әр жеке тұрған
ғимаратты жатқызуға болады.
3. 122 шот”Құрылыс”-инженерлік – құрылыс объектілері, әр түрлі
функцияларды орындау арқылы өндіріске бағытталған, бірақ олар еңбек
құралдарының өзгеруіне әсер етпейді(шахталар,мұнай және газ
қазбалары,көпірлер және т.б.).Мүліктік объектісі кез келген құрылыс
объектісі болып табылады.
4.123 шот “Машиналар мен құрал - жабдықтар”-мүліктік объектісіне кез
келген келесі мүліктің құрамына кіретін құрал-жабдық, керек
–жарақ,қоршау, іргетас жатады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топтан
тұрады:
-Машиналар мен жабдықтар, күш беруші қондырғылар-генератор-
машиналар,электр қуаты мен жылу өндіретін, әр түрлі энергияны механикалық
және қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (трактор-
самоходтар, бу двигательдері,трубиналар,жарық двигательдері).
-Жұмыс машиналарымен құрал-жабдықтар - еңбек өнімдерін өндіру
процесіндегі механикалық, термикалық, химиялық әсер етуге арналған
машиналар,аппараттар мен құрал – жабдықтар (насостар, электромоторлар,
эксваторлар,грейдерлер,ағаш тілетін станоктар).
-Зертхана құрал-жабдықтары мен реттеуіш және өлшеуіш аспаптары –өндіріс
процесін реттеуге, қадағалауға, өлшеуге арналған аспаптармен құрал-
жабдықтар (амперметрлер,микроскоптар,су өлшеуіштері және т.б.)
-Есептеуіш техникалар- процесті жеделдетуге қатысатын аспаптар, құрал-
жабдықтар, машиналар, компьютерлер және есептеуіш техникалары.
-Басқа да машиналар мен құрал – жабдықтар - машиналар мен аппараттар
және басқа да құрал – жабдықтар (телефон желісінің аппараттары, радио
желісі және өрт сөндіргіш машиналар).
5 123 шот” Тасымалдау аспаптары” – электр, механикалық және жылу
энергияларын тасымалдау аспаптары(электр тасымалдау желілері, жылу
құбырлары)
6 124 шот “Көлік құралдары” – қозғалыс құралдары, жүк және адамдарды
тасымалдауға арналған ( темір жол, су, әуе, автомобиль транспорты, көлік
– арба транспорты) транспорт жатады. Мүлік объектісі барлық көлік құрал –
жабдықтарымен қоса әр жеке объект болып табылады.
7 125 шот “Басқа да негізгі құралдар”-мүліктік объектісі басқа да
мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар жатады оларға:
аспаптар – қол еңбегінің механикаландырылған және
механикаландырылмаған, машинаға бекітілген және бекітілмеген, металл
өңдеуге арналған т.c.c. заттар (кесуге, ұруға, жаншуға арналған еңбек
құралдары – электродрельдер, бояуыш пульттері, вибраторлар, қысқыштар).
өндірістік мүлік және құрал – жабдықтар - өндірістік операцияларды
жеңілдету үшін бағытталған өндірістік заттар( жұмыс столы, шкафтар,
верстактар).
шаруашылық мүлік –кеңсе шаруашылық мүліктері (стол, сейф , шкаф,
кілем) жатады.
жұмысқа жарамды өнімді ірі мал – жұмысқа жарамды мал: жылқы, есек, түйе,
өгіз және т.б. малдар, өнімді мал айғыр, бие және т.б. жатады. Мүлік
объектісі әр жеке ірі мал .
көпжылдық өсімдіктер – жасына байланысты жасанды көпжылдық өсімдіктер
( жеміс - жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық гүлдер, раушангүлдер
плантациясы және т.б.) жатады.
жердің сапасын жақсартуға жұмсалған шығындар – ауылшаруашылық
жерлерінің сапасын жақсартуға кететін мүліктік шығындар егістікті тастан
тазарту, егін егуге даярлау
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорттық мүліктер,
мұражай құндылықтары.
126 шот “Аяқталмаған құрылыс” – ғимарат пен құрылыс объектілерінің
қабылдаған және тапсырыс беруші төлеген құрамды элементтері, сонымен қоса
жөндеуде жатқан немесе жөнделген техникалық құрал - жабдықтардың, жөндеу
жұмыстарының, аяқталмаған, таңдалып алынған жобалардың бағасы .
Аяқталмаған құрылыс тапсырыс берушінің балансында тіркеледі.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәттен бастап қолданылмауы
мүмкін сондықтан олар:
тоқтатылған ( іс - әрекетсіз) – уақытша қолданыста жоқ;
қоймадағы (қордағы) – іс - әрекеттегі негізгі құралдарды жойылған,
бұзылған, жөндеуге берілген жағдайда оларды ауыстыру үшін сақталынады;
жалға алынған немесе берілген – келісілген мерзім ішінде басқа
ұйымға жалға берілген немесе алынған негізгі құралдар;
Аудитор негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын
тексерген кезде кейбір мәселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті:
- негізгі құралдарды кіріске алу есеп акт ісіне тіркелетін техникалық
құжаттарының сақталғандығына, олардың сақталу тәртібіне және кімдердің
жауап беретіндігіне;
- негізгі құралдар нысандарының толық мінездемесі жазылған
мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;
- негізгі құралдар нысандары сәйкес белгілеріне қарай кіріске алынып,
техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтаудың
жүзеге асырылғандығына.
Аудитордың басты мақсаты - негізгі құралдар нысандарының пайдалану
мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық
құрамдарыма қарай дұрыс топталып сыныпталғандығын анықтау болып табылады.
Егер бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:
1. Өндіріске пайдалану мақсаты бойынша негізгі құралдар екі топқа
бөлінеді:
а) өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар;
б) өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар.
Өз кезеңінде өндірістік мақсаттағы негізгі кұралдар пайдалану
бағыттарына қарай шаруашылықтың салаларына бөлінеді.
2. Заттық нысанына қарай негізгі құралдар бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік жоспарында көрсетілген тәртіп бойынша топталады.
3. Меншіктік қатынасына қарай меншіктегі және жалдағы болып
болінеді.
4. Пайдалану сипатына карай да пайдаланудағы, пайдалануда жоқ (нақты
қолда бар, пайдаланылмай доғаруға қойылған негізгі құралдар) және
резервтегі негізгі құралдар болып үш топқа бөлінеді.
5. Болмыстық құрамдарына қарай негізгі құралдар мүліктік және
мүліктік емес болып екі топқа бөлінеді.
Болмыстық күйінде ұстап, көзбен көріп, санауға болатын негізгі
құралдарды мүліктік топқа жатқызады (үйлер, ғимараттар, машиналар т.с.с.).
Ал заттық нысаны жоқ санауға келмейтін күрделі шығындарды мүліктік емес
топқа жатқызады (жерді тегістеу, алқаптарды түбіртектерден, тастардан
тазалау, эрозияға қарсы жерді гипстеу, әктеу т.с.с. шығындар).
Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне
сәйкестігімен танысқаннан кейін, олардың бағалану тәртібіне назар аударуы
тиіс. Аудитор негізгі құралдардың бағалануын тексеруді жүзеге асырып,
табысты аяқтау үшін мына мәселеге мұқият назар аударып анықтап алуга тиіс:
- негізгі құралдар нысандарының кіріске алынған сәтінде келіп түсу көзде-
ріне қарай дұрыс бағаланғандығын;
- жеке тұлғалардан сатып алынған құралдардың құны көрсетіліп, екі
жақты шарт жасалғандығын;
- құрылтайшыларының шаруашылыктың жарғылық капиталына қосқан үлестері,
кіріске алынып, келісім бағасына жасалған хаттамасын және сараптау жолымен
бағалау жүргізу тәртібінің сақталғандығын;
- негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға (сатып алу құқығы
берілген) алған кезде, жалға беруге және алуға жасалган шартта нысанның
құны көрсетілгендігін. Негізгі құралдар нысандарының бастапқы (ағымдағы)
құнына, жәй күйіне әсер ететіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара
жою немесе қайта құрастырудың салдарынан нысанның пайдалы қызмет ету
мерзімінің ұзартылғандығын немесе қысқарғандығын;
- негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы
мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы жазылған
құжаттарын;
- негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы ұйымдардағы
тауардың бағасы туралы және баға туралы арнайы басылымдарда
жарияланған анықтама материалдарының бар екендігін.
Материалдық активтерді сатып алған кезде, есепке алғанда, олардың
пайдалану мақсатын анықтаудың маңызы зор. Өйткені олардың пайдалану
мақсатына қарай кіріске алған кезде олар негізгі құралдар, тауар
материалдық қорлар немесе қаржы инвестициялар құрамында көрсетілуі ықтимал.
Мысалы: Шаруашылықтьң қызметіндегі қажеттігі бойынша пайдалану
мақсатында сатып алынған комбайн негізгі құралдар құрамында көрсетілсе,
ал егер оны әрі қарай сатып табыс табу көзделген жағдайда комбайнды
тауарлардың құрамында көрсетеді. Шаруашылықтың өзі пайдалану үшін емес,
үзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында сатып алған жер учаскілері мен
ғимараттар қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі. Сондықтан
негізгі құралдарды кіріске есепке алған кезде, олардың пайдалану мақсатына
қарай бағалаудың маңызы зор.Шаруашылықтың балансында көрсетілген негізгі
құралдар кіріске есепке алынған сәтінен бастап, олардың тұрақты пайдалануда
болғанын көрсетпейді. Өйткені негізгі құралдар резерв ретінде қоймада
белгілі тәртіппен сақтаулы тұруы немесе жалға берілуі мүмкін. Бухгалтерлік
есепте негізгі құралдар бастапқы қүны бойынша, есепке алу сәтінде
көрсетіліп, оған негізгі құралдарды салу немесе сатып алуға кеткен барлық
қажетті шығындар, оның ішінде сатып алған кезде төленген қайтарылмайтын
салықтар мен алымдар (үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алған кезде
төленген ҚҚС, сатып алуға арналған шартты жасау кезінде төленген
мемлекеттік баж және т.б.), жеткізу, құрастыру, құру, пайдалануға қосу
жөніндегі шығындар, құрылыс кезінде берілген несие үшін пайыздар және
активті мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей
байланысты кез келген басқа да шығындар жатады. Негізгі құралдар-ды
тасымалдау, құрастыру, орнату кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен
шығындар бастапқы құнға енбей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке
алынады. Аудитор негізгі құралдардың бастапқы құнының анықталу тәртібімен
танысқаннан кейін, олардың қалыптасу көздеріне қарай бастапқы құнының
құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде анықталғандығына назар аударуға
тиісті.
Негізгі қүралдар нысандарының бастапқы қүны:
- құрылтайшылар жарғылық капиталға өз салымдары есебіне
құрылтайшылар арасында келісілген кұны бойынша негізгі құралдарды
енгізгенде;
- шаруашылықтағы негізгі құралдарды өзі дайындаған немесе нақты шығын
сомасы бойынша ақы төлеп сатып алған кезде;
- басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған нысандар сараптау
жолымен немесе қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша сатып алынған
сәтінде анықталғандығына.
Айырбастау операциялары нәтижесінде алынған нысандардың құны
алынган активтердің ағымдағы құны бойынша есепке алынып, қосымша алынган
(төленген) акша қаражаттар сомасына түзетіліп, ағымдағы құнға
теңестіріледі.
Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол
мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі
мақсаттағы ағымдагы құны әр түрлі активтер де жатады.
Ұқсас емес активтерді мысалы автокөлікті, үйге айырбастаған кезде
алынған актив берілген активтің өткізілу құны бойынша ақша қаражаты түрінде
алынған немесе берілген сома есепке алына отырып көрсетіледі.
Аудитор бастапқы құнға өзгеріс енгізуге қандай жағдайларда ғана
рұқсат етілетіндігіне және оның сақталғандығын анықтауы тиіс:
- қосымша күрделі салымдар жасау немесе негізгі құралдардың жәй-күйіне
әсер ететіндей ішінара кеңейту, жоюдың немесе қайта құрастырудың
нәтижесінде нысанның пайдалы қызмет ету мерзімін өзгерткен (ұзартса немесе
қысқартса) жағдайда;
- үкіметтің қабылдаған шешімдері бойынша негізгі құралдарға қайта
бағалау жүргізіліп, ағымдағы құнының белгілі бір мезгілге (күнге)
қолданылып жүрген негізгі нарықтық баға бойынша анықталғандығын;
- негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнының бастапқы немесе ағымдағы
құнынан жинақталған амортизациялану сомасы шегеріліп көрсетілгендігін;
- өткізу (сату) құнының жақсы хабарлар мәміле жасауға әзір тәуелсіз
тараптардың арасындағы негізгі құрал-жабдықтарды айырбастауға болатын
келісілген құны ретінде алынғандығын;
- жойылу құнының - нысанды есептен шығару кезінде күтіліп отырған
шығындарды шегеріп тастағанда пайдалы қызмет мерзімінің аяқ шенінде
негізгі құрал-жабдықтарды жою кезінде кіріске алынатын қосалқы
бөлшектердің, отындардың және басқа да қалдық материалдардың, темір
сынықтарының болжамды құны ретінде алынғандығын;
- тозу құнының - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының
арасындағы айырмасы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың ескіріп,
амортизациялану құны есептеліп өндіріске немесе айналымға жатқызылған
шығындары ретінде анықталғандығын;
- негізгі құралдардың қалдық құнының - өндірілген өнімге, орындалған
жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құнын есептеген кезде
негізгі кұралдардың бастапқы құнынан, нысанының пайдалану мерзімі
ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу сомасының
шегерілгендігін.
Уақыт өткен сайын негізгі құралдардың бастапқы құнына үкімет
органдарының шешімімен қайта бағалау жүргізудің нәтижесінде реттеулер
енгізіліп, олардың ағымдағы құны анықталып отырылады. Қайта бағалаудьң
мақсаты негізгі құралдардың бастапқы бағасын сол кездегі қолданылып жүрген
бірыңғай нарықтық бағаға сәйкес келтіру болып табылады.
Қайта бағалауға байланысты атқарылған іс-шаралардың талапқа сай
жүзеге асырылғандығына көз жеткізу үшін аудитор мына меселелерге назар
аударуы тиіс:
- қайта бағаланған негізгі құралдар нысандарының тізіміне;
- қайта бағалауга байланысты Үкіметтің қаулысына (нұсқауына) және
статистикалық агенттіктің анықтап белгіленген есептеу коэффициентіне.Қайта
бағалау нәтижесінде кездескен өзгерістердің дер кезінде дұрыс және орынды
бухгалтерлік есеп шоттарында және есеп регистрларында көрсетілгендігіне;
- қайта бағалаудың нәтижесінде есептелген тозу сомасына реттеулердің
енгізілгендігіне;
- нысанның қайта бағалаудың кейінгі пайдалы қызмет ету мерзіміне қарай
бірдей бөлікте бөлінбеген табысқа жаткызылатын сомасының анықталып, жыл
сайын аударылып отырылғандығын, шығысқа шығарылу себептеріне қарай қалған
сомасының түгелдей аударылғандығына.
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдар бухгалтерлік және
қаржылық есепте ағымдағы құны (бағасы) бойынша көрсетіледі. Қайта бағалау
субъектінің өз меншігіндегі негізгі құралдарға жүргізіліп қана қоймай,
сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға алынган негізгі құрал-жабдықтарға, әлі
орнатылмаған қоймадағы құрал-жабдықтарға және біткен күрделі құрылыс
нысандарына жүргізілгендігі аудитордың назарынан тыс қалмауы тиіс.
Аудитор, сондай-ақ бухгалтерлік есепте қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі
құралдар нысандарының бастапқы сомасы бір мезгілде шоттар жоспарының I
Айналымнан тыс активтер тарауының 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің
сәйкес шоттарының дебетінде, V Меншіктік капитал тарауының 54
бөлімшесініңң 541 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша
төленбегсн капитал шотының кредитінде көрсетілгендігін анықтайды.
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың құнының өзгеруіне
сәйкес бұрынғы есептелген тозу сомасына тұзетулер енгізіліп, пайда болған
тозудың үстеме сомасын 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің сәйкес шоттарының
дебетінде, 13 Негізгі құралдардың тозуы бөлімшесінің сәйкес шоттарының
кредиті арқылы көрсетілгендігін анықтап, аудитордың негізгі құралдардың
ағымдағы құнының өсуі, оның тозу сомасының өсуіне тікелей әсер ететінін
ескергені абзал. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың нөтижесінде, артқан
сомасына және тозу сомасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып есептеп
шығару әдістерін білудің маңызы зор. Қайта бағалау барысында анықталған
соманы нысанның кейінгі пайдалы қызмет ету мерзіміне теңдей етіп бөліп,
жылдық бөлігін 561 Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
шотының кредитіне 541 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша
төленбеген капитал шотының дебетінен аударылып отырылғандығын, егер нысан
қайта бағалаудан кейін қызмет ету мерзімінен бұрын есептен шығарылса, онда
сол шығарылған сәтінде қалған сомасы түгелдей бөлінген табысқа
жатқызылғандығына назар аудару керек.

2.1. ЖШС қызметінің негізгі көрсеткіштері және оның есептік
саясаты
Ақ бидай ЖШС 1997 жылы құрылған.
Кәсіпорын табысқа жету үшін келесідей негізгі іс-әрекет түрлерін
жүзеге асырады:

Ақ бидай ЖШС басқару органы:
- - атқарушы орган - жеке меншік (Президент);
- бақылау органы - Ревизиялық комиссия.
Ақ бидай ЖШС Астана қаласында 1998 жылы мүлікке ие жекеленген
бөлімшесі ретінде филиал құрылған. Оның негізгі мақсаты болып бас
кәсіпорынның функцияларын жүзеге асырылуы табылады.
Ақ бидай ЖШС нарыққа енгеніне жеті жыл болды. Осы уақыт аралығында
фирма бүкіл Қазақстан территориясына таралған, республиканың барлық
аймақтарын қамтитын баспа өнімін өткізетін дилерлік торабын дамытты.
Республиканың оңтүстік астанасынан, Алматы қаласынан баспа өнімі бүкіл
Оңтүстік Қазақстанға (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан
облыстарына) таратады.
1998 жылдан бастап Астана қаласында жүмыс істейтін Ақ жайық ЖШС
филиалы бүгінгі күнге үлкен жеті облыстарды қамтиды. Олар: Қарағанда,
Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстары. Қазіргі
уақытта Астана каласында орналасқан филиал фирманың барлық тауар
айналымының 40% қамтамасыз етеді, ол жұмыс істей бастаған уақытымен
салыстырсақ 4 есе көбірек.
Кәсіпорынның негізгі іс-әрекеті баспа өнімін көтерме өткізу
болғандықтан, жұмыстын бір бағыты Қазақстан бойынша үлкен дилерлік торабын
қүру болып табылады.
Сөйтіп, Астана қаласында аумақ бойынша клиенттердін саны 2002 ж. 36
адамнан, 2003 ж. - 21 адамға дейін қысқарылды, ол аумақтағы орта деңгейлі
дилерлерді біріктіру себебінен болады.
Ақ бидай ЖШС 2000-2003 жж. Тауар айналымының географиялық
бағытталуы
Сурет 1.
Осындай ірілендіру процессі Алматы қаласында да байқалады, мұнда 2002ж.
18 клиенттен кәзіргі куні 8 ірі дилерлер ғана қалды. Клиенттердін табиғи
қысқарылуы, дилерлік торабты құру барысында, дебиторлық қарыздан бақылауын
жақсартуға көмектеседі.
2002-2003жж. Ақ жайық ЖШС дилерлік торабы
2002ж.
Сурет 2
2003 ж.
Есепті кезенде Ақ бидай ЖШС іс-әрекеті табысты болды. Ол туралы 1
кестеде келтірілген қаржы-шаруашылық іс-әрекеттерінің негізгі
көрсеткіштердін динамикасы куәландырады.
Кесте 1
2003-2004жж. Ақ бидай ЖШС-ң негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері 31
№ Көрсеткіштер Өлшем 2003ж. 2004ж. Ауытқу Өсу
бірлігі (+,-) қаркыны
%
1 2 3 4 5 6 7
Табыстың бағалануы
1 Өнімді (қызметті, Мың тг. 32924,6 45730,8 12806,2 138,9
жұмысты) өткізуден
алынатын табыс
2 Өнімнің (қызметтің, Мың тг. 25864,4 37148,6 11284,2 143,6
жұмыстың) өзіндік
құны
3 Жалпы табыс Мың тг. 7060,2 8582,2 1522,0 121,6
4 Кезеңнің шығындары Мың тг. 5185,9 5612,1 426,2 108,2
5 Салық салынғанға Мың тг. 1874,3 2970,1 1095,8 158,5
дейінгі табыс
6 Рентабельділік % 5,7 6,5 0,8 1,14
7 Жұмысшылардың орташаАдам 27 29 2 107,5
сан тізімі
8 Еңбек өнімділігі Мың тг. 1219,43 1576,92 3,575 129,3
Есептелген коффициенттердін талдауы арқылы келесідей қортындылар
келтіруге болады:
- жалпы ликвидтік коэффициент көрсеткіші 2004 ж. 1,44 ал 2003ж. 1,41
болды, оның жоғарлауы ликвидті ағымдағы активтердін барлык сомалардын
жоғарлауын және барлық төлем міндеттемелер сомаларының төмендеуін
көрсетеді, ол болса, оның маңызының 0,9 коэффициентін оң мінездейді;
- абсолютгы-ликвидті коэффициент көрсеткішінің 2003ж. 0,11 -ден 2004ж.
0,22-ге өсуі балансты құру күніне қарызын өтеуіне қабілетті ағымдағы
берешек бөлігінің өсуін көрсетеді. Егер 2003 жыл көрсеткіші оптималды
0.2 - .05 көрсеткішіне сәйкес болса, 2004ж. жағдай жақсарылды;
- аралык ликвидті коэффициент көрсеткіші 2003ж. 1,31-ден 2004ж. 1,65-ке
дейін өсуі ағымдағы міндеттемелер бөлігінің өсуін білдіреді, ол тек
ақшалай қорлар есебінен ғана төлене алмайды, сонымен қатар,
жіберілген өнімнен алынатын
- түсімдерденде төленеді. Осы коэффициенттін оптималды мәні бірден
жоғаруы болуы тиіс;
- өзіндік айналым коэффициент мәнінің 2003 жылы 0,29-дан, 2004жылы-0,31-
ге дейін өсуі, кәсіпорынның каржылық түрақтылығына қажетті, оның жеке
меншік айналым қорларының өсуін көрсетеді және де бұл көрсеткіш
оптималды мәніне сәйкес, яғни ол бірден жоғары болуы тиіс;
- өзіндік капитал айналым коэффициент көрсеткішінің 2003ж. 21,4-тен,
2004ж. 10,9-ге дейін төмендеуі кәсіпорын акционерлердін қорларын
колдану тиімділігіиің төмендеуін көрсетеді;
- ағымдағы активтер айналым коэффициент көрсеткіштерінің 2003ж. 6,3-тен
2004ж. 4,7-ге дейін төмендеуі, ұйымның қосымша өнім өндіруге қажетті
корларды босату қабілетін жоғалтканың көрсетеді. Бұған ағымдағы
активтердін айналым күндерінің жоғарлауында көрсетеді: 2003ж. 57,6
күннен, 2004ж. 77,5 күнге дейін;
- дебиторлақ берешек коэффициент көрсеткішінің 2003ж. - 8,5-тен, 2004ж.
- 4,7-ге дейін төмендеуі сатып алушылардың өнімді өткізу табысымен
салыстырғанда, дебиторлық берешек өсуінің алда болуын көрсетеді, оны
дебиторлық берешектін 2,4 есеге жоғарлауы куәландырылады. Коэффициент
көрсеткішінің төмендеуі сатып алушыларға берілетін несие көлемінің
жоғарлауын көрсетеді. Дебиторлық берешектін айналым күндері 2003ж. 42,3
күннен 2004ж. 71,8 күнге дейін көбейді, яғни клиентке төлемге жазылған
шоттарды төлеуге қажетті уакыты жоғарлады, бұл теріс мінезделінеді;
- кредиторлық берешек айналым коэффициент көрсеткішінің 2003ж. 8,8-ден,
2004ж. 6,7-ге дейін төмендеуі өнімді өткізуден алынатын табыс пен
салыстырғанда, үйымның кредиторлық берешек өсуінің көбірек болуын
көрсетеді, бүл үйымның кредиторлык берешегінің 83,1 % мөлшеріне
жоғарлауымен байланысты. Сонымен, кәсіпорын несиеге сатуда жоғарлатады,
бүл теріс тенденция. Бұны кредиторлық берешектін айналым күндерінің
2003ж. 40,7 күннен, 2004ж. 53,7 күнге дейін жоғарлауы көрсетеді. -
Сонымен, Ақ бидай ЖШС-ң ликвидтік және төлем қабілет көрсеткіштері
2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жақсарды, бүл кәсіпорынның өндірістік-
өткізу іс-әрекетінің тиімділігімен байланысты. Бірақта өзіндік капитал,
ағымдағы активтердін, дебиторлык және кредиторлық берешектін айналым
коэффициенті кәсіпорынның 2004 жылы іскерлік белсенділігінің төмендеуін
мінездейді.
Кесте 2
Баланстың құрастыру уақытына активтердің ликвидтілігі мен
төлеу қабілетін бағалау
1 Ағымдағы активтер Мың тг. 5266,7 9838,0 +4571,3 186,8
2 Ағымдағы Мың тг. 3724,9 6819,4 +3094,5 183,1
міндеттемелер
3 Ақша қорлары Мың тг. 405,7 1490,7 +1085,0 367,4
4 Дебиторлық берешек Мың тг. 3871,2 9117,8 +5246,6 235,5
5 Басқадай активтер Мың тг. 586,4 610,3 +23,9 104,1
6 Озіндік айналым Мың тг. 1541,8 30 18,6 +1476,8 195,8
Басқадай
активтеркапитал
7 Кредиторлық берешек Мың тг. 3724,9 68 19,4 +30 94,5 183,1
8 Жалпы 1,41 1,44 +0,03 102,1
өтілу коэффициент
(ағымдағы)
9 Абсолюдты 0,11 0,22 +0,11 200
өтілу коэффициент
(опсративті)
10 Аралық 1,31 1,65 +0,34 126,0
өтіле коэффициент
(сын)
Есеп саясаты - оның принциптері мен негізіне сәйкес қаржы есептемені
ашу және есепті жүргізу әдістер жиынтығы.
Ақ бидай ЖШС-н есеп саясаты негізгі ережелермен, кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп ережелерін және ұйымдастырушылығын ашатын ережелерден
тұрады және төменде келтірілген негізінде зерттеліп дайындалған:
1. Қазақстан Республикасының 1995 ж. 26 желтоқсанында шыққан №2732
(24.06.02ж. өзгерістермен) “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептеме туралы”
заңына сәйкес;
2. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес;
3. 18.09.2002ж. №438 Қазақстан Республикасының қаржы министірлігінің
бұйрығы мен бекітілген бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарына сәйкес
4. Есепті жүргізу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес Ақ бидай
ЖШС бухгалтерлік есеп мәселелері келесі ережелерден құрады:
- оперативті басқару үшін, сонымен қатар несие берушілер,
жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық және басқа да қаржы ұйымдар
мүдделі үйымдар мен түлғалар қолдану үшін, қажетті іс-әрекет нәтижелері
және шаруашылық процестері туралы толық және дұрыс ақпаратты
қалыптастыру:
- бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес қаржы, еңбек,
материалды қорларын рационалды қолданылуың, мүліктік козғалысының және
бар болуының бақылауын қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық іс-әрекетәнде негативті қүбылыстарын алдын-ала
анықтау, ішкі резервтерін бақылау.
Ұйымның шарушылык іс-әрекеті туралы өз уақытында және дұрыс ақпаратты
алу мақсатында Ақ бидай ЖШС-ң бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы есеп
процесінің және орындаушылардын жүмысын ұйымдастырылуын кұрастыратын
элементтер мен шоттар жүйесі.
Ақ бидай ЖШС-ң бухгалтерлік есебі 1-С бухгалтерия програмасын
қолданумен автоматтандырылған. Аналитикалық есеп 431, 432, 451, 441, 333,
121-125 шоттар бойынша ай сайын карточкаларда басып шығарылады, ал калган
мәліметтер дискеталарда сақталады.
Бухгалтерлік есеп ақпаратын сақтауы және жоюы, 30.06.1992ж. Қазақстан
Республикасының Министрлі Кабинетінің бүйрығына сәйкес сақталады жөне
жойылады. Ақпарат пен құжаттарды бухгалтерияға өткізу және толтыру ережесі
бойынша бас бухгалтердін талаптары кәсіпорынның барлық жұмысшылары үшін
бір.
Алғашқы құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетімен
бекітілген (бұйрық № 73, 16.11.1994ж. қабылданған, 01.01.1995ж. күшіне
енген) алғашқы есеп күжаттардың ведомстволары аралық түрлер альбомына
сәйкес күрастырылады.
Компанияда мазмүны коммерциялық қүпияны қүрайтын келесідей алғашқы
кұжаттар тізімі анықталынған:
- төлемдік міндеттемелер;
- банктін көшірмесі;
- шығын және түсім кассалық ордерлері;
- жабдықтау келісім шарты.
Президент осы ақпаратты көре алатын түлғалар тізімін анықтайды.
Ақ жайық ЖШС-ң жалпы есеп саясат тәртібін қарастырайық. Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржы есептеме туралы
26.12.1996ж. №2732 заңына сәйкес жүзеге асырылады. Оның қалыптасу базасы
болып, бухгалтерлік есеп стандарттары олардын методикалык, үсыныстары,
сонымен қатар басқа да Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі
реттейтін нормативті-қүқылы құжаттар табылады. Осы есеп саясатымен есепті
үйымдастырудын негізгі ережелер, сонымен қатар ішкі бақылаумен және сыртқы
аудит талаптар анықтайды. Қалыптастыру негізіне келесідей принциптер
салынған: есептеу, үзіліссіз іс-әрекет, түсініктілік, мақыздылық,
дұрыстылық, нейтральдік, сақтық, аяқтаушылық, салыстыру, жүйелілік, шындық
көрсету.
Салықтық есептемелер мен төлемдер 2001ж. 12 шілдесінде күшіне енген
Қазақстан Республикасының Заңы №209-11 салык кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепте есептеме әдісі қолданылады. Есеп саясатын калыптастыру
үшін жауапкершілікті Ақ бидай ЖШС-ң президенті атқарады.
Ақ бидай ЖШС есеп саясатының негізгі ережелер келесі бөлімдерден
күрады:
- Ақ бидай ЖШС бухгалтерлік балансы Қаржылық есептемені ұсыну №30
БЕС-ң барлық талаптарына сәйкес келеді;
- Ақ бидай ЖШС үшін есепті кезеңі болып календарлы жыл саналады.
Оперативті ақпаратқа ие болу үшін, каржы-шаруашылық іс-әрекеттін
нәтижелері ай сайын жасалады. Алғашқы кезеңдерде каржылық есептемені
қүрастырған кезде жіберілген қателіктердін түзету сомаларын есепті
кезеңнің шығынына немесе табысқа еңгізіледі. Алғашқы кезеңдерге
жататын үлкен қателік сомасын түзету есептемеде
алғашқы бөлінбеген табыс сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі;
- №30 БЕС сәйкес Ақ бидай ЖШС Алматы Сауда-Қаржы банкінде есептік
шотына ие. Ақшалай қорлардын ұлттық және шетел валютасында қозғалыстары
келесі шоттарда көрсетіледі: 441 Есеп шотындағы ақшалар, 431
Мемлекет ішіндегі валюта шотындағы ақшалар, 432 Шетелдегі валюта
шотындағы ақшалар, 451 Ұлттық валютада кассадағы ақша. Оперативті іс-
әрекеттен ақшалай қорлар қозғалысы тікелей әдіспен ашылады. Ақ жайық
ЖШС шет елде валюта шотында ақшасы жок. Касса қалдығын
инвентаризациялауы ай сайын жоспарлы тексеріс, яғни айдын бірінші күні
жүргізіледі, және жоспарланбаған - кәсіпорын басшысыньщ бүйрығы бойынша
жүргізіледі. Барлык кассалық тәртіптін тексерістері актілерде
көрсетіледі;
- табыстарды бағалау және тану бөлігіндегі есеп саясаты Табыс №5 БЕС
сәйкес жүргізіледі. Есептеу принципіне сәйкес бухгалтерлік есепте
табыстар танылады және қаржылық есептемеде тек табыс кірген кезде
танылады, ал шыгындар - шығынға үшыраған кезде. Бір келісім бойынша
табыстар мен шығындар бір уақытта танылады. Негізгі және негізгі емес
іс-әрекеттен табылған табыс, жиынтық табысты қүрайды. Табыс келесі
шоттарда танылады:
1) табыс сомасы үлкен дүрыстық деңгейімен бағаланады;
2) келісіммен экономикалық пайда табу ықтималы бар;
3) сатушыдан сатып алушыға жеке меншік күқығының өтуі орын
табады;
4) келісім бойынша нақты және күтілген шығындардын бағалануы
үлкен дүрыстық деңгеймен жүзеге асырылады.
Келісім бойынша контрактілер және олардын есептемелері бас бухгалтермен
міндетті түрде визаланады. Тауарларды өткізуден түскен табыс есебін жүргізу
үшін 702 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс шоты қолданады. Табыс, тауар
жіберілген есепті кезеңде танылады, бірақта тауар өзіндік күнынан төмен
жіберілуі мүмкін. Бұл оның тез құртылуымен (актуалдылығын жоғалтуымен)
байланысты. Өткізілген тауардын өзіндік күны Сату үшін сатып алынған
өткізілген тауардын өзіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz