Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

бет
:
бет:
: Кіріспе
бет: 5
:
бет:
: 1. Негізгі құралдардың теориялық негіздері
бет: 8
: 1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
бет: 8
: 1. 2 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу
бет: 14
: 1. 3 Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу
бет: 21
: 1. 4 Ұлттық стандарттағы негізгі құралдарының теориясы
бет: 26
:
бет:
: 2. «ТрансМисия LTD» ЖШС негізгі құралдардын есептеуді ұйымдастыру
бет: 32
: 2. 1 «ТрансМисия LTD» ЖШС-нің қызметінің қаржылық - экономикалық көрсеткіштерін талдау
бет: 32
: 2. 2 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
бет: 35
: 2. 3 Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі
бет: 39
:
бет:
: 3. «ТрансМисия LTD» ЖШС-нің негізгі құралдарының аудитік тексерісі
бет: 45
: 3. 1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексеру
бет: 45
: 3. 2. Негізгі құралдар жөндеу және амартизациясын есептеу аудиті
бет: 52
: 3. 3 Кәсіпорын қызметіндегі капиталды жетілдіру жолдары
бет: 58
:
бет:
: Қорытынды
бет: 68
:
бет:
: Пайдаланылған әдебиеттер
бет: 70
:
бет:
: Қосымшалар
бет: 71


КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Қазіргі кезде мемлекет, субъект және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өз өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстадың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он сегіз жылға таяу уақыт болып жатыр. Осы жылдардың аралығында бухгалтерлік есеп саласында, жалпы экономиканы басқаруда көптеген өзгерістер болды. Экономикамызды дамыту мақсатында тартылған шет елдік қаржылардың есебін жүргізу барысында бухгалтерлік есеп жұмысына өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар № 2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және бүгінгі күн талабына сай толықтырылып 2002 жылғы 24 маусымда ҚР-ның № 309-П «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы болып жаңартылды. Осы заңға сәйкес барлық ұйымдарда жүргізілуге тиіс бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлар - еңбек заттары, тауар-материалдық қорлар, ақша қаражаттары, инвестициялар, бір сөзбен айтқанда - кәсіпорынның негізгі қорлары. Оларды ғалымдар «кәсіпорын активтері немесе негізгі және айналым қорлары» деп те атайды. Негізгі қор дегеніміз ұзақмерзімді мақсатпен қозғалмайтын мүлікке, бағалы қағаздарға, пайдалы қазбалар қорына, біріккен кәсіпорындарға, материалды емес активтерге салынған қаржылар. Кәсіпорынның өндірістік нәтижелеріне және қаржылық жағдайына айналым қорлары (ақша қаражаттары, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) үлкен әсер етеді. Олар бойынша дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есеп ақпараттары есеп мәліметін пайдаланушылардың сүраныстарын толық қамтамасыз ете алады. Ал, оларды талдау арқылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын бағалай аламыз, негізгі қорларды пайдаланудың тиімді көздерін аша аламыз, салынған инвестициялардың қайтарылымдылық деңгейін анықтаймыз, қорлар айналымдылығын есептеу арқылы қолданыстағы басы артық қорларды болдырмау жолдарын іздестіреміз, дебиторлық борыштарды зерттеуде күмәнді борыштарының себебін біліп, оларды неғұрлым азайту жағдайларын қарастырамыз, ақша қаражаттарының қозғалысын бақылай отырып олардың жоспарлы түрде жүмсалып, көп пайда әкелетін көздерге салынуына шешімдер қабылдай аламыз. Мүндай атқарылатын істердің барлығы есеп қызметкерлеріне үлкен жауапкершілікті, терең білімділікті, қаржылық сауаттылықты жүктейді.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. Мұның өзі біздің елімізде есеп саласындағы жағымды жаңалықтарға батыл қадам жасалып жатқандығын білдіреді. Осыған орай кәсіпорын негізгі құралдарының есебін және оларды аудитті жаңа ережелер бойынша зерттеу үшін, алған теориялық білімімді дәлелдеу үшін диплом алды ғылыми жұмысымның тақырыбының мақсаты ретінде таңдап алдым.

Дипломдық жұмысының мақсаты - негізгі құралдарының есебін, аудитін ұйымдастыру тәртібін ашу болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін диплом жұмысында келесі міндеттері қарастырылған:

  1. негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы ;
  2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;
  3. Негізгі құралдардың қолданылуына аудитік тексерісі.

Бұл тараулардың міндеттері:

1) Негізгі құралдар туралы түсінік беріп, олардың түрлерін білу. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болуы себепті бағалаудың түрлерінің: бастапқы құнының, баланстық
құнының, ағымдағы құнының, қалдық (жойылу) құнының және келісілген
құнының ара жігін көрсетіп, әрқайсысының қалыптасу жағдайларымен
танысу. Негізгі құралдардың көсіпорынға келіп түсуінің, ішкі қозғалысының
қүжаттарымен танысып, толтыруларын үйрену және олардың есепке алыну
тәртібін білу;

2) Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу әдістерін көрсету, негізгі құралдарды кіріске және есептен шығару есебінің ерекшеліктерін, қайта бағалау ережелерін білу,
оларды түгендеу, есептен шығарылуының синтетикалық және аналитикалық
есебінің ұйымдастырылуын және қаржылық есептіліктегі негізгі құралдар
туралы ашылымдарды анықтау.

3) Негізгі құралдардың аудитік тексерісі, жөндеуын аудиті және негізгі капиталды жетілдіру жолдары көрсету.

Диплом жұмысымды жазу барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы ҚР-ның № 309-П заңы, ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектің № 438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, № 16 « Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 17 «Жал » Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты, № 6 «Негізгі құралдардың есебі » Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты, 29. 10. 2002. № 542 Қаржылық есеп дайындаудың және ұсынудың түжырымдамалық негізі сияқты нормативтік қүжаттармен қатар көптеген қазақстандық жөне шет елдік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.


1. Негізгі құралдардың теориялық түсінігі

1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы

Бугалтерлік есепке негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылғын өнімге, орындалғын жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отырытын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машианалар мен жабдықтар,

өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық

құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, өнім және жұмыс малдары,

көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарын жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдеріде жатпайды.

Барлық «негізгі құрладар» өздерінің өндіріске қатысуна қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негігі құралдар мен өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдры, әр түрлі станоктар, двигательдер, құралдар-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдиниет саларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының саларына қарай топтастырған кезде олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстармен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлағы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады,

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалары) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары) ; б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және тағы басқалары) ;

в) машианалар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монметрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер(прицеп), тракторлар және тағы басқалары) ;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және тағы да басқа негізгі құралдар) ;

д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы да басқалары ) ;

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын ;

к) басқа да негізгі құралдар(кітапхана қорлары және тағы басқалары) ;

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негігі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немнсе басқа да жағдайларға байланысты істен шыгатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлық-материалдық қорлар;

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байлынысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады) .

Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:

а) жер учаскесінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агентікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар

Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы: Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Бірінші топ
ғимараттар, өндірістік архитектуралар, құрылыс объектілері
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Екінші топ
құрылыстар және инженерлік құры лыс объектілері
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Үшінші топ
жіберу құралдары: тасымалдау желілері мен жүйелері
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Төртінші топ
машиналар мен құралдар: күш машиналары, өлшеу, реттеу приборлары
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Бесінші топ
тасымалдау құралдары, тасымалдаушы көліктер
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Алтыншы топ
құрал саймандар, өндіріс процесін жүзеге асырушы элементтер
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Жетінші топ
Өндірістік түгендеме: еңбек заттарын сақтауға қажетті құралдар
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы:
Сегізінші топ
Шаруашылық түгендеме: түсіру, тиеу аппараттары

Сурет 1 Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы

Жерді тиісті мақстақа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .

ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі) .

Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бұліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарғы жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайды.

Ескерту: салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз (процент) сомасы бұған жатпайды. Сатып алыған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.

Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде щек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
  • ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
  • негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша эксперттік (сараптамалау) жолымен.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құны болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейикенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

ә) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
Негізгі құралдар және олардың амортизациясы бойынша есебі
Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы
Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
Негізгі құраладардың есебі мен аудиті
Негізгі құралдардың жіктелуі
Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz