Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер


ЖОСПАР
1. Несиелік операциялардың теориялық негіздері1
1. 1 Несиенің мәні, түрлері және оның қажеттілігі1
1. 2 Несиелік операциялардың мәні және оны ұйымдастыру14
1. 3 Шетел тәжірибесіндегі несиелік операциялардың есебі29
2. Несиелік операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру34
2. 1 “Банк ЦентрКредит” несиелік операцияларының синтетикалық және аналитикалық есептері34
2. 2 “Банк ЦентрКредит” несиелік операцияларын талдау42
3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік операцияларынның есебін жетілдіру жолдары50
3. 1 Ипотекалық несиелеу жүйесін талдау50
3. 2 Тұтыну несиелері55
3. 3 Қаржылық лизинг және нақты экономика секторын несиелеу61
Қорытынды67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі70
1. Несиелік операциялардың теориялық негіздері
1. 1 Несиенің мәні, түрлері және оның қажеттілігі
Несие - нарықтық экономика тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындарда аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ оларды жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. 1
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Зерттеу сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
-қайта бөлу;
-айналыс шығындарын үнемдеу;
-айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
-капиталдың шоғырлануын жеделдету;
-ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Бұл қызметті іске асыру процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ұйымдардың кызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс істеуі қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиеліек экономикалық қатынастардың бір тұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін оның мәнді анықтығын білдіретін анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құралы қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған несиелік қатынастар танымыньвд сатысы ретінде көрінеді. несиеде тұрақты, өзгеріссіз калады. Құрылымдық тал тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрі: бұрьш оның субъектілері болып табылатын элементтер, тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері беруші жэне карыз ялушы болады. Кредитор мен қарі алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналым негізінде жүреді.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағүрлым қатаң катынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ Шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы си-паттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік катынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушы, ал қарыз алушы кредиторға айналады. 2
Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие экономикалык категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта кандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығыы білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар кұрылымының, олардың әр турлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. 3
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік . Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаральқ, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады. Коммерциялык иесие - бұл жеткізушінің сатып алуға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төле кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісітінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялнесиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіп капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізу жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестенпіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауаряарын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды кажет етіп құрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажетгілігі туындайды. коммерциялық несиенің қүрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құкық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден , ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- Қаржылық институттарға берілетін несиелер. мақсатты қорларға, банктерге; қаржы-несие мекемелеріне;
- Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:өнеркәсіп салаларына; ауыл шаруашылығына; саудаға; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге;
- Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
- Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын;
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен;
2. Сақтандырылған:
3. Қамтамасыз етілмеген:
- сенім несиесі;
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
- Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;
- Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер;
VI. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі - клиенттің шотына қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
7. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
8. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
12. Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері. 4
Кәсіпорындар мен тұрғындардың несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейлі орналастырылған қаражаттары 2004 жылы әрбір банктеріне әртүрлі несиеге шамамен 72% болды. Сондықтан табыстың 85% ұсынылған қарыздарды төлеу түрінен алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алынғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымы 80% жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды. Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
- Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған бюджеттік, банктік, банктік емес, қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы.
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке, бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер:
экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға;
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру) ;
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілген, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырыдған;
- қамтамасыз етілмеген: сенімді.
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютамен, теңгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциялды, дебедтті сальдоны жабу несиесі, лизингті, ломбардты, тұтыну несиесі, маусымдық несие, факторинг.
8. Несиелеудің обьектісі бойынша: менщікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толтыру; материалдық қорлардың жиынтығы; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекеттің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардың кепілдік -несиелік операциялары.
Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы сауда акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады. Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгіленген пруденциялық нормативтерге байланысты. 5 Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шеткі көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын оның мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болады. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
- Топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- Несиенің мақсаттылығы;
- Несиенің дифференциалдығы;
- Топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- Несиенің мерзімділігі;
- Несиенің қайтарымдылығы;
- Несиенің төлемділігі;
- Несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциалануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады. 6
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіке сай қайтарылуға тиістілігімен қортындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы - оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық тұсында несие үшін сыйақы мөлшермесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы иөлшерлемесін белгілеуде ескерктін басты факторларына мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша - елгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы - мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
- несиеге деген сұраныс;
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы;
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу мынадай түрде беріледі:
I = I + p +n
360+100
мұндағы:
i- сыйақы мөлшері;
P-қарыз қалдығы;
n-сыйақы есептелген кезеңдегі күндегі саны;
I- несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай:
I = P+[(1+ i ) n - 1]
1200
мұндағы:
i- сыйақы мөлшерлемесі;
P- несиенің бастапқы сомасы;
I- несиеің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;
n- аймен берілген несиенің ұзақтығы;
.
Несиелердің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқтала кетсек. Кепілге берілетін несие - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады. Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.
Кепілхат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді. Кепілхат - күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді. Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда. 7
1. 2 Несиелік операциялардың мәні және оны ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорны деп айтады. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналыстырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналыстырлған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80% -ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды. 8
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz