НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТЕРБЕНБЕС ЖШС - ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1. "ТЕРБЕНБЕС" ЖШС ҰЖЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ 9
1.1 "Тербенбес" ЖШС- тің ұйымдастырылуының құрылымы 9
1.2 "Тербенбес" ЖШС ұжымының есеп саясаты 14
1.3 Темір жол жүйесінің негізгі даму бағыты 21
2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР "ТЕРБЕНБЕС" ЖШС – ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ 28
2.1 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 28
2.2 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және түгендеу 37
2.3 Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы 47
2.4 Негізгі құралдар есебін жүргізуде ХҚЕС – ын қолдану 55
3.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢДЫҢ АУДИТІ 63
3.1 Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен дамуы 63
3.2 Негізгі құралдардың аудиті 68
3.3 Негізгі құралдарды талдау 75
ҚОРЫТЫНДЫ 78
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

КІРІСПЕ

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы "Темір жол құрлым бөліміндегі негізгі
құралдардың есебі мен аудитінің ұйымдастырылу ерекшеліктері". Мұнда
негізінен негізгі құралдар жайында баяндалады. Негізгі құралдар –
материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт
бойына жұмыс істейтін материалдық активтер. Өтемді қызмет мерзімін бағалау,
қайта бағалау, түгендеу тәртібі мен әдістерін тағы басқа субъект есеп
саясатын әзірлеу кезінде дербес айқындайды. Салық салу мақсатында негізгі
құралдар құны 40 АЕК – тен асатын және қызмет мерзімі бір жылдан асатын
активтер. Субъектінің балансында есепте тұрған негізгі құралдардың әрбіреуі
бухгалтерлік және салық есебінде түрлі мөлшерлемелер бойынша
амортизацияланады, олар салық салынатын табысты есептеу кезінде тұрақты
айырма нәтижесін де береді. Менің дипломдық жұмысымда қарастырылған
кәсіпорын ЖШС "Тербенбес"-тің негізгі құралдарына тоқталатын болсақ
келесідей түрлерге бөлінеді: жер, ғимарат, құрал – жабдық, машина мен
құрылғылар, көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік инвентарь, шаруашылық
инвентары, қызмет етуші және өсімдік хайуанаттар, көп жылдық өсімдіктер,
басқа да негізгі құралдар, аяқталмаған құрлыстар.
Сонымен қатар бұл кәсіпорында негізгі құралдар есебі БЕС – на сәйкес
жүргізіледі, яғни №6 "Негізгі құралдар есебі" бөлімінде. ЖШС "Тербенбес" –
ке негізгі құралдар сатып алуға байланысты, құрлыс нәтижесінде, өтеусіз,
жарғылық капиталға салым ретінде және тағы басқа жағдайларға байланысты
келіп түседі. Негізгі құралдарды есептен шығару оларды тарату, өткізу,
ақысыз беру, жетіспеушіліктер, табиғи апаттар болғанда жүргізіледі.
Шаруашылық субектісі қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі
үйлерді, ғимараттарды, көлік құралдарын және инвентарларды басқа
субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға
немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субъектінің жарғысында өзгедей
көзделмесе, сондай – ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы.
Қазіргі нормативті актілер мен кәсіпорын есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар
мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды айқындау және оның дұрыс
сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады. №24
"Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын өзі белгілейді. Негізгі құралдарды
түгендеу жылына бір рет міндетті түрде жүргізіледі. Негізгі құралдарға
аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аудитор көрсеткіштерді және
коэфциенттерді есептеуге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен
пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек. ЖШС "Тербенбес"-те
сыртқы аудит жүргізіледі, яғни арнаулы түрде аудиторлар шақыртылып
кәсіпорынның қаржылық жағдайына аудитолық тексерулер жүргізіледі.
ЖШС "Тербенбес" – те негізгі құралдарды бағалаудың орташа құн әдісі
қолданылады. Негізгі құралдардың есебі активтік 121(2411) – 126(2416)
шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы
құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі.
Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 131(2421) – 134(2424)
шоттар арналған. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу бухгалтерлік
есепте тура жолмен анықталады. Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ
уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің
техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады
және жарамсыз күй кешеді. Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар
бойынша амортизация есептелмейді.
Дипломдық жұмысымның мәні - темір жол құрлым бөліміндегі негізгі
құралдардың есебі мен аудитінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін түсіндіру
болып табылады.
Мақсатына келер болсақ – негізгі құралдарға жалпы сипаттама беріп,
олардың келіп түсуі және есептен шығарылуын, амортизациялық есебін жүргізу
тәртібін, негізгі құралдар аудитін, оларға жүргізілетін талдау жолдарын
ашып көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысымның бірінші тарауында ЖШС "Тербенбес" ұжымының құрлымы
мен қызметі, құрылу тарихы, есеп саясаты, темір жол жүйесінің негізгі даму
бағыты қарастырылған. Мұнда осы ұжымның алғаш құрылған күнінен бастап
бүгінге дейінгі дамуы, негізгі құралдар, тауарлы – материалдық қорлар,
инвестициялар, капитал салымдары, ақша қаражаттары, материалдық емес
активтер, табыстар мен шығыстар бойынша есеп саясатының жүргізілу
мәліметтері және Қазақстан республикасының теміржол жүйесінің даму
бағыттары айқындалған.
Екінші тарауына келер болсақ, ол "Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру
және оның жалпы сипаттамасы" деп аталады. Мұнда негізгі құралдарды жіктеу
мен бағалау, негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және түгендеу жүргізу,
негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясы, негізгі құралдардың БЕС – нан
ҚЕХС – на көшуіндегі өзгешеліктер жайында баяндалады. Негізгі құралдардың
ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін маңызды шарт
болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік – техникалық мақсаты
бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен
техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар
енгізіледі. Негізгі қорларды бағалауда орташа әдіс қолданылады. Негізгі
құралдардың есебін ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың
қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен
бағалау олардың көлемін, құрлымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді
жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдар түрлі сыртқы жағдайларға
байланысты өзінің бастапқы жағдайынан айырылады, яғни тозып
амортизацияланады.
Неізгі критерилер бойынша ХҚЕС бойынша негізгі құралдардың
амортизациясы бөлігінде есепке қадамдар Қазақстандық бухгалтерлік есептің
стандарттарына онша көп ерекшеленбейді.
Үшінші тарауы "Негізгі қорлардың аудиті". Бұл тарауда Қазақстандағы
аудиттің қалыптасуы мен дамуы, негізгі құралдардың аудиті, негізгі
құралдарды талдау қарастырылған. 6

1. "ТЕРБЕНБЕС" ЖШС ҰЖЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.1 "Тербенбес" ЖШС- тің ұйымдастырылуының құрылымы

Оңтүстік – Батыс Қазақстан темір жолының құрылысы 1900 жылдың
сәуір айында басталды. Бұл жол салуға дейін бірталай талқылаулар өтеді.
Тарих қойнауына үңіліп, кейінге шегініс жасап көрсек, 1854 жылы генерал
губернатор А.В.Перовский орта Азия мен алыс шахарларға сауда қатынасын
өркендету үшін Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы керектігіне рапорт
жазады. Темір жолдың салынуына екі жоба берілді. Бірінші жоба Арал
теңізінің сол жақ жағалауы арқылы өтетін болса, екінші жоба Арал теңізінің
оң жақ жағалауы арқылы жүретін болды. II – ші Николай патша екі жобаны
қарап шығып, бірінші жобаға тоқталды.Ол жобаның авторларының бірі инженер
Мұхамеджан Тынышпаев еді. 1900 жылы Орынбордан Арысқа қарай Арал теңізінің
сол жақ жағалауы арқылы темір жол құрылысы басталып кетті.
Теміржол құрлысымен бірге станциялар мен шеберханалар салына
бастады. Қандыағаш, Шалқар, Қазалы станциялары осы жолды салу барысында
пайда болды. Ал 1905 жылы Құмсай қазіргі Сексеуіл шеберханасы салынып, 1911
жылы айналым депосы болды. 1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы
пайдалануға берілді. Осы жылы шеберхана Сексеуіл паровоздар жөндеу болып
қайта құрылды. 1911 жылы айналым депосы болғандықтан, локомотив
бригадаларына арналып демалыс үйі салынды. Сол мерзімдері депоны Сидиев,
Адищев, Петин, сияқты сырттан келген мамандар басқарды. 1959 жылы депо
тіркеуінде 6 паровоз, 12 маневрлік тепловоз болды. Паровоздар негізінен Тұз
комбинатынан тұз тиеп, Арал станциясына жеткізіп отырды. Бұл кездегі
бригадтар саны 30 – ға жеткен. 1964 жылы СО-2 сериялы паровоздар Сексеуіл
депосынан үлкен жөндеуден өтіп жүрді. Сонымен бірге ТЕМ-10, ТЕ-2, ТЕ-3
сериялы тепловоздар пайдаланыла бастады.
1989 жылы Сексеуіл депосында айына 2 тепловоз жоспарланып, үлкен
мерзімді жөндеулер ТР-2 жүргізіле бастады. Соңғы жылдары темір жолдағы
қайта құрылымдау және оңтайландыру процестері жүргізілуде. 2000 жылдың 5
қыркүйегінде 503-Ц бұйрығымен Сексеуіл локомотив депосы екіге бөлінді –
пайдалану локомотив депосына және локомотив жөндеу депосына. Сексеуіл
жөндеу депосының бас офисі болып Астана қаласындағы "Локмотивжөндеу " ЕМК
–ны болды. 2002 жылы 27 сәуірдегі №479 Қазақстан Республикасының Үкіметінің
Қаулысымен "Локомотивжөндеу" ЕМК "Локмотивжөндеу" ААҚ болып қайта құрылып,
Сексеуіл жөндеу депосы осы қоғамның филиалы болып қайта өзгерді. Қазіргі
уақытта Сексеуіл жөндеу депосы "Локомотивжөндеу" ААҚ
президенті
С.Т. Дүйсеновтың 2004 жылы 26 ақпандағы №77 бұйрығымен жабылуына
байланысты, жаңадан "Тербенбес" ЖШС болып құрылды.
Серіктестік осы уақыттағы 2ТЭ10М, 2ТЭ10У, ТЭМ-2 сериялы жолаушылар және
жүк таситын тепловоздарды жөндеуде алдыңғы қатардағы озық кәсіпорындардың
бірі.Цехтар күрделі жөндеулерден өткен. ТО-7, ТО-6, ТО-4, ТО-3 циклімен
тепловоздарға және ТО –6, ТО-4, ТО-3 циклімен маневрлік тепловоздарға
техникалық қызмет көрсету үшін цехтар қажетті жабдықтармен жабдықталған.
Депода 2 жөндеу цехы, 1 шаруашылық және 15 қосалқы цех жұмыс істейді.
Сонымен бірге жақын арада жұмысшылардың бос уақытында демалу үшін, екі
орындық сауна салынды. Демалыс бөлімдері мен шағын шайхана бөлмелері
жөнделіп, әзірленуде. Намаз оқу үшін арнайы бөлме пайдалануға берілген.
Алдағы уақытта да "Тербенбес" ЖШС ұжымы үлкен ауызбіршілікпен жұмыс істей
отырып Қазақстан теміржолының көркейіп өркендеуіне өзінің мол үлесін қоса
беретіндігіне, серіктестік басшылығы және оның ұжымы үлкен сенімде.
Заңды мәртебесі:
1. "Локомотив" акционерлік қоғамы "Акционерлік қоғамдар туралы
"Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешіміне
және " Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жабық акционерлік
қоғамы Президенттің 2003 жылғы 9 қазандағы бұйрығына сәйкес құрылған.
2. Қоғам Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік
тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесін алады.
3. Қоғамның дербес балансы, банктік, соның ішінде валюталық шоттары,
толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі
болады. Қоғамның құрылтай құжаттары – бұл Қоғам Жарғысы болып
табылады.Барлық мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысымен танысуға
құқылы.
Қоғам қызметінің мақсаттары:
1)тасымалдаушылардың магистральдық және маневрлік қозғалыста

жылжымалы тартым құрамы қызметіне
қажеттілігін қанағаттандыру;
2) магистральдық темір жол желісі операторының маневрлік қозғалыстағы
қажеттілігін қанағаттандыру.
3) поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) локомотивтерді айналым иіндерін оңтайландыру;
5) отын – энергетикалық ресурстарға және локомотивтерді күтіп ұстауға
шығыстарды азайту арқылы ағымдық операциялық шығыстарды оңтайландыру;
6) басқару жүйесін толық ақпараттандыруға және автоматтандыруға көшу;
7) кадрлар қажеттілігін қамтамасыз ету және барлық тартым түрлеріне кадрлар
даярлау.
8) материалдық – техникалық базаны жоспарлы және кешенді дамыту;
9) құрлыстарды құрылғылар мен техникалық құралдарды жарамды күйде ұстау;
10) жылжымалы тартым құрамының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, құпия
және қызметтік мәліметтерді жария болудан қорғау жөнінде кешенді шаралар
жүргізу;
11)пайда табу болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғам мынадай қызмет түрлерін
жүзеге асырады:
1) жылжымалы тартым құрамының қызметтерін көрсету;
2) поездық және маневрлік жұмыста қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) олардың жұмысының үздіксіз ұзақтығы нормаларының орындалуынын ескере
отырып, локомотив паркін және локомотив бригадаларын пайдалану
жөніндегі жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын ұйымдастыру;
4) локомотивтердің жабдықтауда және ТО-2 техникалық тексеріп қарауда тұру
нормаларын орындауын қамтамасыз ету, локомотивтерді қорлар мен
резервтердің барлық түрлерінде техникалық жарамды күйде күтіп – ұстау;
5) локомотивтердің жұмысын техникалық ұйымдастыру;
6) локомотивтерді күрделі жөндеуді жүргізетін және техникалық қызмет
көрсететін ұйымдармен Қазақстан Республикасы сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес шарттық қатынастар жасасу;
7) табиғат қорғау қызметі, жарақтандырудың алдын – алу, еңбек жағдайларын
жақсарту, жаңа қауіпсіз техника мен еңбек стандарттарын енгізу
жөніндегі іс – шаралар, санитарлық – сауықтыру іс – шараларын әзірлеу
және іске асыру;
8) жаңа тартым түрлерін, ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде
әзірленген оларды пайдалануға және жөндеуге арналған құрылғыларды
енгізу жөніндегі іс – шараларды әзірлеу және орындау;
9) локомотив паркін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу,
электрондық паспорт негізінде мүкәммалдық есепке алу;
10) маркетингтік қызмет;
11) ақпараттық қызметтер көрсету;
12) сыртқы экономикалық қызмет;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қызметтер.
Қоғамның құқықтары мен міндеттері:
- Қоғам ҚР заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және
міндеттерді атқарады.
- Қоғам өз Акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік
етеді және Акционердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауап
береді.
- Акционерлер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
қоғамның қызметіне байланысты шығындар қатеріне, ҚР заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиісті
акциялар құнының шегінде жауапты болады.
- Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол
сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
- Қоғам өз атынан мәмілелер жасай алады, мүліктік және жеке
мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерге иелік ете алады,
сотта қуынушы немесе жауапкер бола алады, сондай – ақ ҚР
заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс - әрекеттерді жүзеге
асыра алады.
- Қоғам күзет құжаттарын, технологияларды, "НОУ-ХАУ" және басқа
ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын сатып алуы және
ұсынуы мүмкін.
- Қоғам құнды қағаздарды шығара және оларды тарата алады,
мемлекеттік және эмиссиялық құнды қағаздарды шығара және тарата
алады, мемлекеттік және эмиссиялық құнды қағаздарды сатып ала
алады, сондай – ақ ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің
қаржылық қатерлерін қаржылық құралдар арқылы сақтандыра
алады.4
- Қоғам ҚР және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра
алады, ҚР заңнамасына сәйкес мүлікпен қамти алады және олардың
жеке балансында және Қоғамның жалпы балансында ескеріледі.
- Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің қоғам тағайындайтын
лауазымдар номенклатурасын, сондай – ақ жылдық еңбекақы қорының
мөлшерін бекітеді.Филиалдың басшысы қоғам берген сенімхаттар
негізінде әрекет жасайды.
- Қоғам өндірістік қызметті жоспарлаумен, қызметкерлердің еңбегіне
төлем жасаумен, материалдық – техникалық жабдықтаумен,
әлеуметтік дамытумен, кадрларды таңдаумен, орналастырумен,
даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен
байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді.
- Қоғам сондай – ақ ҚР заңнамасында және жарғыда көзделген басқа
да құқықтарды жүзеге асыра алады.
- Қоғам жүк және жолаушылар тасымалдарының жоспарларын әзірлеуге
және орындауға, сондай – ақ пайдалану жұмысының техникалық
нормативтеріне сәйкес маневрлік жұмыстар жүргізуге қатысады.
- Қоғам жолаушылар және жүк поездарының қозғалыс графигін
дайындауға және орындауын қамтамасыз етуге қатысады.
- Қоғам локомотив паркін тиімді пайдалану, локомотив пен локомотив
бригадаларын айналым учаскелерін ұйымдастыру жөніндегі шараларды
әзірлейді және жүзеге асырады.

1.2 "Тербенбес" ЖШС ұжымының есеп саясаты

ЖШС "Тербенбестің" есеп саясаты ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру" туралы №2732, 26.12.1995 жылғы заңының негізінде өңделген, мұнда
бухгалтерлік есеп стандарттары, ҚР нормотивтік құқықтық актілері және
бекітілген өкілетті органдардың бухгалтерлік есепті бақылауы қарастырылған.
ЖШС "Тербенбестің " бухгалтерлік есебі және қаржылық есеп беруді құруы
санау принціпі негізінде жүргізіледі, шығындар мен табыстар бухгалтерлік
есепте мойындалады және келіп түскенде немесе пайда болған жағдайда
қаржылық есепте көрсетіледі. ЖШС "Тербенбес" шектелмеген уақытқа құрылған.
Локомотив сервис ТЧ-28 жауапкершілігі шектеулі серіктестік осы
серіктестікті ұйымдастырушы болып табылады. ЖШС "Тербенбестің" жарғысы АҚ
"Ремлокомотив", №247-ші 2004 жылдың 17 тамызындағы бұйрығымен бекітілген.
ЖШС "Тербенбестің" жарғысы бойынша негізгі қызмет түрлері болып осы ұйымда
бар болып табылатын және модернизация бойынша орындалатын қызметтер
капиталды жөндеу, техникалық қызметтер, жылжымалы құрам қызметтері, өнім
шығару, негізгі және көмекші қызметтер табылады. Ал, қызметінің негізгі
түрі теміржолдағы жылжымалы құрамды жөндеу. ЖШС "Тербенбес" негізгі қызмет
түрлерімен бірге көмекші қызметтерден де табыс алады. Ұйымдағы бухгалтерлік
және қаржылық есептің ұйымдастырылып жүргізілуіне ЖШС "Тербенбестің"
директорларына тәуелді түрде бухгалтерлік есепті жүргізетін бас бухгалтер
жауапты тұлға болып табылады. ЖШС "Тербенбестің" бас бухгалтер ҚР
Бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) талаптарын сақтауға және басқа да
нормативтік, құқықтық актілер мен есеп саясатына жауапты. ЖШС "Тербенбес"
бухгалтерлік есепті БЕС сәйкес өңделген ішкі ведомоствалық есеп беру
формасымен және ҚР Қаржы Министрлігі бекіткен белгіленген көлем мен форма
бойынша жүзеге асырады. ЖШС "Тербенбестің" қаржылық есебі ҚР ақша
бірлігінен құрылады. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп жүргізу
операциясы тура әдісті қолдану арқылы құрылады. Алдағы кезеңдегі қаржылық
есепті ұйымдастыру кезеңіндегі жіберілген қателерді түзету сомасы есеп беру
кезеңінің табысында не шығысында көрсетіледі. ЖШС "Тербенбестің"
бухгалтерлік есепті жүргізуі жазбаша түрде немесе автоматтандырылған түрде
жүргізіледі. ЖШС "Тербенбес" операцияларды орындау кезінде субъектінің
қаржы – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есепті шоттар жоспары бойынша,
шаруашылық операцияларын типтік шоттар корреспонденциясы бойынша орындайды.
Бұл ҚР Қаржы Министрлігінің аудит және бухгалтерлік есеп методологиясының
Департаментінің №64 бұйрығы бойынша 1997 жылы 12 қарашада бекітілген.
Негізгі құралдардың есебі. Негізгі құралдар есебі БЕС №6 "Негізгі
құралдар есебі" бөліміне сәйкес жүргізіледі. ҚР талдау және статистикалық
мемлекеттік комитетінің №73-ші 16.11.1994 жылғы қаулысында бекітілген
алғашқы есеп құжаттарының типтік ведомствааралық бланкілерінде негізгі
құралды пайдалану орнына байланысты есебі жүргізіледі.
Ішкі ведмоствалық типтік формалар:
- №6 нысандағы "НҚ есебінің түгендеу карточкасы".
- №10 нысандағы "НҚ есебі бойынша инвентарлық карточкалардың описі".
- №12 нысандағы "НҚ қозғалысы есебінің карточкасы".
- №12а нысанындағы "Жалға алынған НҚ есебінің карточкасы".
- №13 нысанындағы "НҚ түгендеу тізімдемесі".
Негізгі құралдар қозғалысының есебі жүргізіледі:
- №1 нысанындағы "НҚ есептен шығару актісі".
- №2 нысандағы "Модернизацияланған, рекострукцияланған, жөнделген
объектілерді қабылдау - өткізу актісі".
- №3 нысанындағы "НҚ есептен шығару актісі".
- №4 нысандағы "Автокөліктік құралдарды есептен шығару актісі".
Негізгі құралдар әр шоттың бөлімшелерінде есептелінеді. №12 НҚ бөлімшесінің
1"Айналымсыз активтер" бөлімінде негізгі құралдардың әр түріне
синтетикалық шоттардан аналитикалық шоттар ашылады. НҚ кірістелген кезде
алғашқы құн бойынша бағаланады яғни БЕС №6 "НҚ есебінің 5,15,16
тармақтарында мазмұндалған, анықталған рет бойынша".
ЖШС "Тербенбесте" мақсатты бағыттауларына және қызметтеріне байланысты
НҚ келесі топтарға бөлінеді.
1) Жер.
2) Ғимарат.
3) Құрылыс.
4) Машина және құралдар.
5) Көлік құралдары.
6) Құрылғылар.
7) Өндірістік инвентарь.
8) Шаруашылық инвентарь.
9) Жұмыстық және өнімдік малдар.
10) Көпжылдық өсімдіктер.
11) Басқа да негігі құралдар.
12) Аяқталмаған капиталдық құрылыс.
Құрылымдық бөлімдер және филиалдар Директорлар кеңесінің келісімінсіз жер
учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды, құрылғыларды және басқа да
негізгі құралдарды уақытша пайдалануға, жалға беруге құқы жоқ.
Негізгі құралдардың алғашқы құнының есептелуі мынадай жағдайларда
ескеріледі:
- БЕС №6 "НҚ есебі" бөлімінде қарастырылған, есеп беру тәртібінде
көрсетілген шағын бизнесті қолдану, бәсекелестіктен қорғау, табиғи
монополияны басқару бойынша ҚР Агенттігі, ҚР коммуникация және көлік
министірлігінің келісімімен шығарылған қайта бағалау кезінде.
- Алғашқы бағалаудың нормалық көрсеткіштері, НҚ пайдалылық мерзімінің
ұзару және қысқару нәтижелері қосымша капитал салымдары әсерінен
өзгертіледі.
НҚ аналитикалық есебімен филиалдар мынандай жағдайда қамтамасыз етеді:
- НҚ қозғалысы және қолма – қолдығы.
- Өндірістік және өндірістік емес бағыттардағы негізгі құралдар
қозғалысы және қолма – қолдығы.
- НҚ амортизациясын есептеу және осы соманы шығындар шотына көшіру.
- НҚ тозу қозғалысы.
- НҚ жөндеу түрі бойынша шығындар.
НҚ шығарылуы келесі жағдайда көрсетіледі:
- НҚ тарату.
- НҚ өткізу.
- НҚ ақысыз беру.
- НҚ жетіспеушіліктері.
- Табиғи апаттар,сәтсіз жағдайлар.
ЖШС "Тербенбес " басқаруы бойынша НҚ түгелдеу жылына бір рет жүргізіледі.
Табиғи апаттар жағдайында, материалдық жауапты тұлға ауысқанда, қайта
ұйымдастыру жағдайында жылдық қаржылық есепті құру алдында есепті жылдың 1-
ші қарашасынан кешіктірмей жүргізіледі. НҚ түгендеу жүргізу шарты БЕС №24 "
Бухгалтерлік қызмет ұйымының" рекомендациялық, методологиялық бекітуі
бойынша бухгалтерлік есепті белгілеу тәртібінде көрсетілген түгендеу
нәтижесінде көрсетіледі.
НҚ амортизациясын есептеу (автокөліктерден басқасы) бухгалтерлік есепте
тура жолмен НҚ құнын олардың пайдалы мерзімі арасындағы шығындары бойынша
жүргізіледі. Автокөліктер үшін амортизация есептеудің өндірістік әдісі
қолданылады. НҚ тарату мақсаты амортизацияны есептеуде көрсетілмейді.
Объект жағдайы және басқа да факторлар, технологиялық өзгерістер, НҚ
жағдайының жақсаруы қарастырылған тәртіп бойынша шығындардың шығарылуы ЖШС
"Тербенбестің" негізгі құралдарының пайдалылық мерзімінде қажеттіліктер
туғызады. Мүлікті есептен шығару кезіндегі қажетті құжаттарды дайындау
үнемі әрекет етуші комиссияның бекітуі негізінде филиалдар мен құрылым
бөлімдерінде құрастырылады. ЖШС "Тербенбест"–тің капитал салымдары
модернизациялық және рекомендациялық, инвестициялық қаржы құралдарының
шегінде көрсетіледі.Капитал салымдарының көлемін есептеу шаруашылық және
мердігерлік тәсілдермен орындалады. Капитал салымдарының есебі 126
"Аяқталмаған өндіріс" шотында жүргізіледі. Бұл шотта көмекші шоттар яғни
құрылыста монтаждық есепке қажет шаруашылық және мердігерлік тәсілмен
орындалатын шоттар ашылады. Капитал салымдарының бухгалтерлік есебі әр бір
объект бойынша шығын элементтері және статиялар бойынша жүргізіледі.
Капиталды жөндеу және қызмет етуші объектіні техникалық жарақтандыру,
модернизациялау, реконструкциялау шығындары негізгі құралдар құнын
жоғарылату шығындарына кірістіріледі. Негізгі құралдардың алғашқы құнын
жоғарылату, капиталды жөндеу, техникалық жарақтандыру, модернизация,
реконструкция шығындары 126 "Аяқталмаған өндіріс" шоты және 122 "Ғимараттар
мен құрылыстар", 123 " Машина мен құрылғылар", 124 "Көлік
құралдары"шоттарымен жабылады. Бухгалтерлік жазбаларда НҚ құнын шығындар
бойынша қайта бағалау құнының сомасы көрсетіледі.
Негізгі құралдар №6 нысанда объект сипаттамасының өзгеруі көрсетіледі,
бұл құжатта негігі құралдар құнын жоғарлатуға негізделіп дайындалған
бухгалтерлік есептер көрсетіледі. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
бухгалтерлік баланста ағымдағы құн бойынша есептеледі. Қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялардың ағымдық құнының өзгеруінен алынған табыстар мен
шығындар сол есепті кезеңде мойындалады. Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар – бұл бір жылдан жоғарғы мерзімге қолданылатын инвестиция.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста сатып алу
құнымен есептеледі. Ұзақ мерзімді қаржылық инветицияларды қайта бағалау
жасалмайды. Қаржылық инвестициялардан дивидент түрінде алынған табыстар
негізгі емес қызметтен түскен табыстар болып табылады. Қаржылық
инвестицияның келіп түсуі немесе басқа катергорияларға ауыстырылуы БЕС №8
"Қаржылық инвистиция есебінің" 17, 18, 19 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Материалдық емес активтер – бұл ақша қаражаттарына жатпайтын активтер,
яғни физикалық маңызы жоқ, тауарларды өткізуде немесе өндірісте ұзақ мерзім
аралығында әкімшілік мақсаттарға және жалға беруге қолданылады. Бұл
активтердің есебі БЕС №28 "Материладық активтер есебі" бөліміне сәйкес
жүргізіледі. Амортизация бекітілген норма бойынша тура әдіспен есептен
шығарылады. ЖШС "Тербенбес"-те қолданылатын мерзім ішінде материалдық емес
активтердің әр түрі бойынша тозу нормасы есптелінеді. Материалдық емес
активтердің пайдалану мерзімі олардың түрлеріне байланысты анықталады.
Пайдалану мерзімі өзгерген жағдайда бұл ЖШС "Тербенбес"-те қайта
қарастырылады.
Материалдық емес активтердің есебі ведомость аралық типтік
бланкаларында көрсетіледі:
1) №1 нысанындағы "Материалдық емес активтерді қабылдау тапсыру актісі".
2) №2 нысанындағы "Материалдық емес активтер есбінің түгендеу карточкасы".
Материалдық емес активтерді түгендеу жылына бір рет жылдық қаржылық еспті
құру алдында есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірілмей заңды
тұлғалардың мүліктеріне түгелдеу жүргізу тәртібі бойынша БЕС №24
"Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бөліміне сәйкес жүргіліді.
Әлеуметтік саладағы шығындар есебін есептеуде 940 "Әлеуметті сала" шоты
қолданылады. Есеп субшот және шығындар салсы боынша жүргізіледі.
Өндірістегі ақаулы тауарларды есептеуде 940 "Өндірістегі ақау" бөлімі
қолданылады. Нормативтік әдісті есептегенде өзіндік құнның калькуляциясы
және тасымалдауда қарастырылған әдіс есебі қолданылады. Көмекші өндіріс
өнімдері өзіндік құн калькуляциясы және шығындар есебі әдісінде
көрсетіледі. Жолаушыларды және жүктерді тасымалдаудың өзіндік құнын
калькуляциялау тәртібі "темір жол тасымалының өзіндік құнының калькуляциясы
методикалық бұйрығында" анықталған.
Таурлы-материалдық қорлар болып мыны активтер табылады:
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар,
құрылымдар мен құрылғылар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, яғни
өндірісте қолдануға, қызметтерді атқаруға бағытталған.
2) қызметтер мен жұмыстарды орындауда аяқталмаған өндіріс.
3) ЖШС "Тербенбес"-тің қызметіне кіретін дайын тауарларды, өнімдерді
сату.
Тауарлық-материалдық аналитикалық есебін ТМҚ атауымен есеп беруші тұлға
жүргізеді. ТМҚ қозғалысы есептеу кезінде ведомость аралық нысандағы
бланкілер мамандандырылған ішкі ведомость нысанындағы бланкілер
қолданылады. ТМҚ өзіндік құнының төмен деңгейімен және өткізудің таза
құнымен бағаланады. Таза өткізу құны тауардың өзіндік құны қалпына
келтірілмеген жағдайда, яғни ТМҚ бұзылғанда, көнергенде, сату бағасы
төмендегенде қолданылады. ТМҚ орташа құны бойынша есептен шығарылады. ТМҚ
орташа құны әрбір бірліктердің орташа құны анықталғанда есептен шығарылады.
ТМҚ орташа құны айдың аяғында анықталады, өзіндік құнын бағалауда ФИФО,
идентификациялық әдістер қолданылады. ТМҚ өндірудегі үздіксіз өндіріс
материалды жауапты тұлғаның есеп беруіндегі өндірістің өзіндік құнын
есептеуде есептен шығарылады. ТМҚ шығару нормасы, өндірістік
қажеттіліктердің жеке құрлымдық бөлімдері бойынша лимиттік заборлы карта
болып табылады. ТМҚ есептен шығару өндірістік құнды қойылған талапқа сәйкес
лимиттік заборлы картаны немесе материалдық есепті беруші, өкілетті тұлға
жүргізеді. Материалдық қорларды есептен шығаруда қосымша активтерді құру
өндірістік құнда талап етілмейді. Белгіленген тұлғаға материалдық қорларды
қоймадан өндіріс қажеттіліктеріне алып беру құқығы филиал басшысының
бекітуімен жүргізіледі.5

1.3 Темір жол жүйесінің негізгі даму бағыты

Транзиттік тасымалдаудың жоғары эконмикалық тартымдылығын ескере отырып
экспорт – импорт тасымалдарының байланысындағы транзиттік потенциалды
жоғарлатудың маңызы айтарлықтай. Темір жол жүйесінің қазіргі кезеңдегі даму
этаптары бойынша ҚР темір жол жүйесі халықаралық трансконтиненттік
маршрутты құруда белсенді түрде сипатталады. ҚР өзінің темір жол
инфрақұрылымы арқылы бес бағытта халықаралық транспорттық коридор өткізу
мүмкіндігіне ие, олардың негізгісі болып Трансазияттық маршрут табылады. ҚР
оңтүстік және батыс аудандарында электр күшінің тапшылығы салдарынан дизель
отын құнының жоғарлауы жоғары вольтты электр жүйесіне қарағанда электрлік
тарту күшінің дамуына мүмкіндік береді. Электр энергиясын өндіруде үлкен
мүмкіндіктерге ие солтүстік Қазақстан аймағында электрлік тарту күшін
дамыту орынды. Бұл аймақтарда электр желісі бойынша жұмыс атқаратын жүйелер
Павлодар – Железорудный, сонымен бірге мемлекетіміздің солтүстік темір жол
коридорының құрамына кіретін Көкшетау – Петропавл.
Темір жол жүйесін пайдалану жағдайын жетілдірудегі негізгі бағыт,
Алматы – Астана бағытындағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жұмысын
аяқтау және оның басқа бағыттағы дамуын жетілдіру болып табылады. Жүк
тасымалының негізгі бөлігі мемлекет ішінде орналасқан, осыған байланысты
темір жол жүйесінің ішкі желісі өзімен бірге мемлекеттер мен салалардағы
мәселелердің шешімін табуды көрсетеді. 2004 жылы жаңа темір жол жүйесі
Хромтау – Алтынсарин құрылысы аяқталды.
Келешектегі темір жол жүйесінің даму жоспарлары:
- Шұбаркөл – Арқалық (Жезқазған өндірістік аймақтарындағы жүкті
экспортқа шығару және Шұбаркөл арқылы батыс аймағына шығудың қысқа
жолы) аралықтары 800-900 км қысқартылған.
- Жезқазған – Қызылорда немесе Жезқазған – Сексеуіл (Солтүстік және
Орталық Қазақстанның Батыс және Оңтүстік Қазақстан бөліктерімен
байланысы).
- Сексеуіл – Бейнеу (Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарына
Ақтау портынан жүк тасымалдау ұзақтығын 500-600 км қысқарту).
Бұл жүйелер транспорттық қамтамасыз ету дәрежесінің жалпы жоғарлауымен
қатар осы аймақтардың қоғамдық жағдайларына да әсер етеді (жаңа өндіріс
орындарының пайда болуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және т.б).
Инвестициялық тартымдылығы және шетел валютасының көлемі жағынан ҚР ТМД
мемлекеттері арасында бірінші орынға ие. Темір жол көлігінің ерекшелігі -
үлкен көлемдегі капитал салымдарын талап ету, пайда деңгейінің бақылануы,
инвестицияны қайтарудағы ұзақ мерзімдер және т.б инвестордың
қызығушылығының төмен дәрежесін көрсететіндігінде. Кең көлемдегі ҚР
территориясы әр түрлі табиғи жағдайларға ие, осыған байланысты түрлері мен
көлемдері жағынан әр түрлі жүктерді тасымалдау әр түрлі бағыттарда
жүргізіледі. Еліміздің экономикалық дамуындағы басты салалардың бірі мұнай
саласы. Қазақстан аймағындағы әлеуметтік – экономиканың дамуы белгілі бір
дәрежеде көлік құрылымының жағдайына тәуелді. Бұл Батыс аймақтағы ұтымды
ұлттық темір жол жүйесін құруда оның көлемін бағалауға көмектеседі.
Табылған ресустардың басым бөлігі, яғни Қазақстандағы мұнай және газ 2005-
2015 жылдар аралығында әлемдік нарыққа шығарылады, осыған байланысты жаңа
мұнай құбырының тасымалдау жүйесі Батыс Қазақстандағы Каспи теңізінде
орналастырылған. Газ, мұнай шығаратын кәсіпорындар экспорт жүйесінде
бақыланады. Батыс аймақтарындағы темір жол қиыншылықтары аймақ
ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан теміржолының жалпы мәселелеріне жақын.
Осыған байланысты батыс аймақтардағы талдау жүргізу мәселелері басқа
аймақтар үшін де қолайлы. Батыс аймақтың темір жол жүйесі табиғи қолайсыз
аймақта орналастырылған, бұл жерлерде жыл мезгілдеріне қарай температураның
күрт өзгерулері болады. Тұрақты жүк тасымалдау көлемінің жыл сайын ұлғаюына
байланысты батыс аймақта мынадай темір жол құрылымдарының дамуы талап
етіледі: Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан.
Батыс аймақтағы темір жол ұзындығы 3892 км құрайды. 1014 км ұзындықта
қос жолдан орнатылған, бір жолды аймақтар ұзындығы 2878 км (73%).
Теміржолдың жалпы ұзындығы 95% Қазақстан территориясында, 5%(199,5 км) –
Ресей территориясында орналасқан. Өзен – Шеңгелді темір жол аймағы Орта
Азиялық халықаралық транспорт коридорының құрамына кіреді, яғни бұл коридор
Европа мемлекеттері мен Орта Азия мемлекеттерінің байланысындағы негізгі
бағыты болып табылады және батыс Қазақстаннан Оңтүстік және Шығыс
аймақтарына ішкі мемлекеттік тасымалдау жүйесін қамтамасыз етеді. Ақсай –
Маңғыстау аймағы қазіргі кезде Ақтау теңіз порты арқылы халықаралық
тасымалдарды қамтамасыз етеді және Құрық, Буратино порттарына шығуға
мүмкіндік береді.
Алтынсарин – Хромтау темір жол жүйесін пайдалану, Құрық – Ералы темір
жол жүйесінің құрылуы тасымалдау көлемінің ұлғаюын және поездар
қозғалысының орта есеппен 9 есе жоғарылауын қамтамасыз етеді. Жезқазған –
Сексеуіл – Бейнеу темір жол жүйесін құру батыс аймақтардағы темір жол
жүйесіндегі тасымалдауда үлкен мүмкіндіктер туғызады. Бейнеу – Маңғышылақ
аймағының өткізу мүмкіндігінің жоғарылауы, яғни тасымалдау көлемінің
жоғарылауы қос жол салу қажеттілігін туғызады. Сексеуіл – Бейнеу жаңа темір
жол жүйесінің құрылуы аймақтардың дамуына, Ақтау теңіз порты арқылы азия
мемлекеттеріне батыс аймақтардан мұнай тасымалдайтын поездардың
маршрутынның қысқаруына әсер етеді. Жүк ағымының бөлінуі Қандағаш – Мақат –
Бейнеу темір жол аймақтарындағы жүк тасымалдау қиындықтарын жояды және бұл
аймақтардың өткізу мүмкіндігі тасымалдау көлеміне байланысты қосымша
көмекті қажет етпейді.Батыс аймақтардағы электірмен қамтамасыз ету көзі
болып 25 жыл ұзақтығында пайдаланылатын 93 дизель - генераторы табылады.
Отын энергетикасының жедел түрде дамуы стационарлы қорлардан электр
көздерін жеткізуді талап етеді. Бұл жағдай Қазақстанның басқа да жерлерінен
бақыланады. Мемлекет экономикасының дамуы, табыстың өсуі, АҚ "ҰК "ҚТЖ"- ның
несие рейтингі темір жол саласындағы инвестицияны жоғарылатуға толық
мүмкіндік береді.
Біріккен локомотив шаруашылығы 1997 жылы Қазақстандағы үш темір жол
жүйесінің қосылуы кезінде және басқарудың вертикалды – интеграциялық
жүйесіне өткенде құрылды. Локомотив шаруашылығы мүліктік актив көлемі
жағынан АҚ "ҰК "ҚТЖ" – ның локомотивтерді жеткізу бойынша қызмет көрсететін
ірі құрылымдық бөлімі болып саналады. Қайтадан құрылған АҚ "Локомотивке "
АҚ "ҰК "ҚТЖ" – ның барлық локомотив паркі берілді. АҚ "Локомотив" локомотив
тасымалдау құрамдарын қамтамасыз ету, станция вагондарын жөндеу үшін
моневрлік жұмыстар, жылжымалы құрамдарды жалға беру немесе лизинг
қызметтерін атқарады. Локомотив пайдалану депосы қайта құрылған АҚ
"Локомотив қызмет орталығы" – на берілді, мұнда АҚ "Локомотив"- тің
жылжымалы құрамдарына қызмет көрсету және жеке локомотив парктері бар
тасымалдаушылар мен операторлар қызметі жүзеге асырылады. Есептеу
нәтижелерінде 2014 жылы жеке локомотив паркін иемденушілер көмір, руда,
астық, мұнай өнімдерін тасымалдаудың айтарлықтай бөлімін иемденеді.
Локомотив шаруашылығында 27 негізгі локомотив депосы, 21 айналым
депосы, 11 локомотив бригадтарын ауыстыру пункттері бар. Локомотивтердің
инвентарлы паркі 1800 бірлікті құрайды, бұлардың ішінде 600-700 бірлік
шамасында электровоздар, 500 бірлік маневрлік тепловоздар, қалғаны
магистральдық тепловоздар. Ал, пайдалану парктері: магистральды тепловоздар
– 450 бірлік, электровоздар – 400 бірлік, маневрлік тепловоздар – 400
бірлікке жуық. Локомотив шаруашылығында 382 ғимарат, 89 беріліс құрылғылары
пайдаланылады.
Теміржолдағы локомотив шаруашылығы бірнеше қызмет түрлерін атқарады.
1. Локомотив бригадтарының локомотивтерді маневрлік жөндеу жұмыстары,
поезд қозғалысын ұйымдастырушылар талаптары. Бұл қызмет түрін
локомотивтерді орналастыру деп айтуға болады.
2. Локомотив депосының арнаулы цехтардағы локомотивтерді жөндеу
жағдайындағы техникалық байқау жұмыстары. Бұл қызметтерді
локомотивтерді сақтау деп қарастыруға болады.
3. Локомотивтерді құммен, дизель отынымен, май және басқа да
материалдармен қамтамасыз ету.
4. Локомотив депосының ірі цехтарда орындалатын локомотивті жөндеу
жұмысы. Бұл қызмет локомотивтерді депода жөндеуге қатысты.
Локомотив парктерін жаңарту келесі жолдармен жүргізіледі:
а) жаңа локомотивтерді пайдалану;
б) локомотив модернизациясы;
в) алғашқы ресурстарды қалпына келтіруде жұмыстың мерзімін ұзарту;
г) локомотивтерді қалпына келтіру.
Бұлардың әр қайсысы өз ерекшеліктеріне ие, осыған байланысты әр қайсысын
жеке қарастыруға болады.
Локомотивтерді пайдаланудың тәуелділік және алмасымдық жоспары:
- станция жолдар торабының аралығында бірдей локомотивтерді алмастыру;
- техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін локомотивтерді
деполарға қайтару;
- поездар қозғалысының жоғарылауы кезіндегі резервтерді пайдалану үшін
локомотивтерді кірістіру салдарынан артта қалушылықтың болуы.
Локомотивтерді пайдалануды поезд диспетчерлері басқарады. Олардың
қызмет ету аймағы – бұл аймақтың және сорттау станциясының шекаралары.
Теміржолдың пайдалану тораптарындағы локомотивтерді тораб диспечерлері
басқарады. Локомотивтерді тиімді пайдалануды ұйымдастыруды, жұмыс күштеріне
талдау жасауды локомотив диспечерлері орындайды.
Олардың негізгі мәселелері:
- локомотив парктерін пайдалануды бақылау;
- ТО-2, ТО-3 және ағымдық жөндеулерді бақылау;
- локомотив бригадтарының демалыс және жұмыс уақыттарын бақылауды
қамтамасыз ету ;
- локомотивтердің шынайы жұмыстарының есебі;
- қозғалыс кезінде локомотив бригадтарына техникалық көмек көрсету;
- аймақтар бойынша поездарды өткізу жағдайын локомотив бригадтарына
хабарлау.
Локомотив жұмысының бастауы болып екі жақта да белгіленген диспечер
станцияларында локомотивтерді қабылдау уақыты табылады.
Жұмыс қортындысына сәйкес 2003 жылы АҚ "ҰК "ҚТЖ" жүк тасымалының көлемі
180 млн. тоннадан жоғары, экспортта 70 млн. тоннадан және мемлекеттік ретте
110 млн. тонна болды. Жұмыс көрсеткіштеріндегі жетістіктер АҚ "ҰК "ҚТЖ" –
ның вагон шаруашылығындағы материал базасының ауқымды көлемін растайды. Жүк
вагондарының инвентарлы паркінің ағымдағы саны 75 мың, осының ішінде жабық
вагондар 13 мыңнан жоғары, платформалар 10 мыңнан астам, жартылай вагондар
30 мыңға жуық, цестерналар 10 мыңнан жоғары, басқа да вагондар 15 мың
шамасында.
ҚР 14 облысқа бөлінген. Облыс орталықтары Астана және өз араларында қысқа
темір жол ақпараттарын иемденуге міндетті. Жол байланыстарын жоғарлату үшін
келесі жол торабтары маңызды: Қандағаш – Астана, Хромтау – Астана,
Жезқазған – Сексеуіл, Қарағайлы – Ақтоғай, Айсары – Чкалова, Шалқар –
арқалық, Бейнеу – Сексеуіл.
Защита – Чарск темір жол жүйесінің салынуының басталуы Защита арқылы
тура Қазақстан теміржолына Ресей теміржолынсыз шығуға мүмкіндік береді.
Жақын арада АҚ "ҰК "ҚТЖ" перспективті және маңызды жоспарлар құру міндеті
тұр. Негізгі мақсаты – ҚР тұйық темір жол жүйесін құру, ҚР шегінде жүк
тасымалдауды жеделдету.29

2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР "ТЕРБЕНБЕС" ЖШС – ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы
күшіне енген қаулысына сәйкес №6 "Негізгі құралдар есебі" бухгалтерлік есеп
стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын
меншігіндегі немесе оның уақытша пайдаланылуындағы негізгі құралдар есебі
методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып
табылыды. №6 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралдар
есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштердің дұрыс анықтау болып
табылады:
- мойындау кезеңі;
- қызмет ету мерзімі;
- амортизация есептеу әдісі;
- кезеңдегі күрделі салым;
- бағалау әдісі.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал – жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар)және еңбек құралдары ( машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе
ағаштары,машиналар және құрал – жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар
және құрал – жабдық ), машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы,
басқа машиналар мен құрал – жабдық, көлік құралдары, құрал – сайман,
өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім
беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан
күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құрарлардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын
меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік
және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріс құралдарына
өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен
өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал – жабдық, құрал –
саймандар т.б) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет
материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал – жабдықтар, өткізгіш
қондырғылар).Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы
экономикалық көрсеткіш i – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі
құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай
түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал – жабдықтар – тұтынуға арналған құрал –
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени- тұрмыстық ( ғимараттар,тұрғын үй,
коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ
мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында
көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы "жалға
алынған негізгі құралдар" баланыстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады.Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал –
жабдықтар . Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал – жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
обектілер есептеледі. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және
мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни
санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар,
жабдықтар)жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су
ресурстары ) ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны
жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу,
жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б) жатады. Әр
субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне
қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар;
өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал – жабдықтар (соның ішінде автоматты
машиналар және құрал – жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал – жабдық; көлік құралдары, құрал – сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп
жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратсыз)шыққан күрделі шығын;
басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
● жер – субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып
саналады;
● үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-
құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып саналады;
● ғимараттар- еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді
орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік –
құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль
жолы).Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып
табылады;
● өткізгіш тетіктер (қондырғылар)- электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар).Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ПОРТРЕТ ҲӘМ ОНЫҢ ТҮРЛЕРИ
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу
Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
РПК Бектау ЖШС
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі, iшкi аудиті мен талдауы
Пәндер