ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Туризм ИНДУСТРИЯСЫныҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Туризм және халықаралық сауда . . . 5

1. 2 Туристік бизнесті мемлекеттік реттеу жүйесі . . . 12

1. 3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 22

2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ Туристік индустриядағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру анализі

2. 1 Алматы облыстық туристік индустриясының мінездемесі . . . 25

2. 2 Туристік өндіріс шығындарының және өнімді өткізу есебінін анализі . . . 33

2. 3 Туризмдегі қаржылық, валюталық операциялардың есебі және салық салу ерекшеліктері . . . 40

3 ҚАЗАҚСТАН Республикасындағы туристік индустрияның даму перспективасы

3. 1 Туристік бизнестің негізгі даму бағыттары . . . 48

3. 2 Туризм индустриясының шетелдік тәжірибелік даму жолдары . . . 54

Қорытынды . . . 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тІЗІМІ . . . 61

Кіріспе

Қазақстан экономикасы нарықтық шаруашылыққа халықаралық нарықта туризмге қатысты маңызды өзгерістер орын алған кезде көшкен болатын. Туристік индустрия бүкіл әлемде аса маңызды экономикалық салалардың біріне, ал кейбір мемлекеттер үшін - өмір сүру негізіне айналды (Монако, Тайланд, Кипр, Малайзия және т. б. ) . Пайдалылығы бойынша туризм машина жасау және мұнай өндірісінен кейінгі үшінші орындағы сала болып табылады. Туристік индустрияда 350 млн. -нан астам адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар жұмыспен қамту деңгейі басқа қызмет көрсету салаларына қарағанда екі есе тез өсуде.

Туризм француз тілінен аударғанда( tourism-жүріп өту, саяхаттау) деген мағына береді. Қазіргі таңда туризмді жандандыру халықаралық деңгейде дамыған. Бүгінде туризм дүние жүзі бойынша мұнай мен автомобиль шығарудан кейінгі ең тиімді пайда табудың қайнар көзі болып отыр. Туризм ең жақсы дамыған елдер Испания, Италия, Франция болып саналады. Бұл елдерде туризмнен түсетін табыс, бюджетке түскен кірістің 55 пайызын құрайды.

1962 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік Туристік ұйым құрылған болатын, бұл ұйымның бас штаб пәтері Мадрид қаласында орналасқан. Қазақстан бұл ұйымға 2001 жылы мүше болды. 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін Берлин, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Ут-рехт қалаларында өткізілетін ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етіліп келеді [1] .

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғайып, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды. ДТҰ Іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген KITF - Қазақстан Халықаралық туристік жәрмеңкесі Алматы қаласында, «Белуха» халықаралық туристік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2008 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200 ден астам компания қатысты, ал 2009 жылы экспоненттері 30 елден 450 компания болды.

Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың дамушы саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері-қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру- тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.

«Туризмдегі менеджмент» - экономикалық мамандықтарды дайындауда өте қажет және маңызды пәндердің бірі болып табылады. Аталған курсты оқып игеру арқылы студенттер қазіргі туризмге қажетті дағдыларды бойына сіңіріп, елімізде осы айтылған бағытты дамытуға үлес қоса алады.

Мемлекеттік бағдарлама Республикада казіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік беделін, рекреациялық шаруашылық мамандынуы бар аймақтарды қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

ҚР-ң теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия -туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне кіруінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылатынына көз жеткізіп отырмыз.

Осы мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік негіздер жағынан келесідей отандық және шетел экономист-ғалымдарының еңбектері үлкен маңызға ие: Котлер Ф., Сапрунова В., Гуляев Б. Г., Дюсембаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиевой Ж. Г., Әбдіманапова Ә., Герасимовой А., Радостовца В. К., Бейсенбаева А. К., Султанова Б. Б., Квартальнов В. А., Федорченко В. К., Александрова А. Ю., Назарова В. Л., Айгистова О. В., Забаев Ю. В., Сеселкин А. И., Станев П., Атанасова Е., Мусин К. Н., Легорнев С. Ф., Наследышев А. В., Гезгал Я. Р., Браймер Р. А. және т. б.

Туристік индустрия жалпы алғанда қазіргі басты назардағы «өндіруші - пайда - тұтынушы» экономикалық принципінің жүзеге асуын қамтамасыз ете алады. Туристік қызмет көрсетулердің негізгі мәні - бұл туристік өнімнің өндірілуін толық қамтамасыз ету, олардың тиімділігін арттыру және Қазақстан халқының қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру. Сондықтан бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеудің теориялық базасы кәсіпорындардың қызметін реттеу үшін қолданылатын заңдық құжаттар, отандық және шетел экономистерінің туристік индустрияны ұйымдастыру, маркетинг, экономика, менеджмент, сауда бойынша жазылған еңбектері болып табылады. Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР статистика және талдау Ұлттық Агенттігінің және Алматы облысы бойынша мәліметтер, шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты есептері, өз бетімен жүргізілген зерттеулер материалдары, интернет және т. б. құрады. Зерттеу пәні болып туризм және еркін нарық жағдайында турөнімдерді басқару мәселесі бойынша кәсіпорындар мен жергілікті халық арасында туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы табылады. Зерттеу объектісі Алматы облысының туристік индустриясы және оның тиімділігін арттыру үшін оны жетілдіру жолдары болып табылады.

Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 61 беттен тұрады, соның ішінде 1 диаграмма, 9 кесте, 1 сурет, 2 сызба бар.

1 Туризм ИНДУСТРИЯСЫныҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Туризм және халықаралық сауда

Нарықтық экономикаға көшу барлық іс-әрекет салаларының мамандарына қойылатын шарттар мен талаптарды түбегейлі өзгертті. Қатаң бәсеке жағдайында біз барлық салаларды барынша күш салып дамытудамыз. Ел экономикасына ерекше пайда әкелетін туризм саласын дамыту, оған жаңа серпін беру, әлемдегі озық елдердің қатарына жеткізу, сонымен қатар пайданың жаңа көздерін ашуда туризм саласы өте маңызды болып табылады. Қазақстанда туризмді дамытуға алғышарттар жетерлік болып табылады. Табиғаты көркем жерлер, тарихи көрнекті орындар туристер үшін тартымды болып табылады, алайда оларды тарту үшін алдымен дұрыс жарнамалай білу, іс-әрекетті оңды ұйымдастыра білу керек.

Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты [2] .

Туристік бизнес-әлем шаруашылығындағы тез дамитын салалардың бірі.

Қазіргі заманғы бухгалтер тек бухгалтерлік есеп саласында ғана емес, сонымен қатар салық салу, басқару есебі және экономикалық талдау саласында да білімнің кең денгейін қамтуы қажет.

Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрияның экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді. ҚР Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі-Қазақстанды Орталық Азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

«Туризмдегі менеджмент» ХХ ғасырда феноменге айналған - туризмнің - туристік кешеннің, туристік қозғалыстың, туристік іс-әрекет пен туристік нарықты басқару негіздері жайында негізгі ережелерді, түсініктерді, жалпы туризм сипатын, даму үрдістері мен қағидаларын жүйелі түрде береді.

Халықаралық туризм-мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейін, үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мәні үнемі артуда, бұл жеке ел экономикасындағы туризм ықпалының өсуімен де байланысты.

Туристік индустрия - бұл қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа сипаттағы объектілердің, туроператорлық және турагенттік қызмет атқаратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық және гид-аудармашы қызметін көрсететін ұйымдар жиынтығы [3] .

ҚР туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ауқат деңгейінің өсуінің нәтижесі болып табылады. Туристік қызметтерге қол жетерлік, олардың сапасы және әр түрлілігі демалыс нысанын таңдауда да маңызды фактор болып табылады. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты:

  • шағын бастапқы инвестициялар;
  • туристік қызметтерге өсетін сұраныс;
  • жоғары деңгейлі пайдалылық;
  • шығындар ақталымының ең қысқа мерзімі.

Қазіргі кезде Қазақстанда демалысты жайлылық пен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін туристік қызметтерді көрсеттеін туристік компаниялар желісі дамыған.

ҚР экономикасының салаларының бірі ретінде қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру негіздері «ҚР Туристік қызмет туралы» Заңында анықталған. Осы заңға сәйкес туристік қызмет - турагенттік және туроператорлық болып бөлінеді.

Туроператорлық қызмет - өзінің туристік өнімдерін қалыптастыру, дамыту және туристік агенттермен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды тұлғалардың қызметі.

Турагенттік қызмет - туроператормен қалыптастырылған туристік өнімді дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі.

Олардың арасындағы айырмашылық - туроператорлардың туристік өнімді дамытумен сату қызметінен басқа, осы өнімді қалыптастыруда болып табылады.

Туристік өнімді қалыптастыру - шет елдік әріптестерді табу, қонақ үйлерді экскурсияларды таңдау, авикомпаниялармен келіссөздер, көрмелердегі жұмыстар, қонақ үйлермен авиарейстерде сақтап қою орындарының нақты санын есептеу, каталогтарды шығару, агенттіктерді іздестіру және таңдау.

Туроператор әр түрлі қызметтермен - визаларды рәсімдеу, ұшу, трансферт, қонақ үй, сақтандыру, экскурсиялар ұйымдастырумен айналысып, тур өнімді «жинайды», оны нарыққа шығарады және тұтынушыларға немесе турагенттерге тікелей өткізеді. Ал турагент - тураоператор мен тұтынушы арасындағы делдал болып табылады.

Тур өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілетін туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және осымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа да ( орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушысының, гидтің, гид-аударушылардың қызметтері ) қызметтер жиынтығын білдіереді.

Туристтердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ҚР-да туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушының көрсететін қызметтері лицензияланады.

Туроперлаторлар мен турагенттердің қызметі міндетті түрде сертификатталынады. Сертификаттарды рәсімдемеген жағдайда жауапкершілік лицензияның берген мезеттен жеті ай өткеннен кейін басталады.

Туристік фирмаларда бухгалтерлік есептің ерекшеліктері туризмнің ұйымдастыру нысандарынан -халықаралық, ішкі және туристік қызметтерінің құрылымынан туындайды.

Халықаралық туризм төмендегілерге бөлінеді:

- келу туризмі -ҚР аумағында тұрақты тұрмайтын тұлғалардың ҚР-сы аумағында саяхат жасауы;

- кету туризмі -ҚР аумағында тұрақты тұратын тұлғалар мен азаматтардың басқа елге саяхаты ;

- ішкі туризм - ҚР аумағында тұрақты тұратын тұлғалар мен азаматтардың ҚР аумағындағы саяхаты.

ҚР аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызметтерді көрсету туристтік қызметтердің экспорты болып табылады. Ал басқа елге кетумен байланысты туристтік қызметтерді көрсету импорт болып саналады.

Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынандай анықтама берілген; бұл - материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстардың пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сала өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

Туризм индустриясы 3 айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді, біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам, екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік, үшіншіден, туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.

:
:

1 сурет - Туристік ұсынысты құраушылар

Дерек көздері [4, 187б]

Экономиканың саласы ретінде, туризімнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, ол солар арқылы халық шаруашылығының басқада салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни, туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және қолданылады. Екінші ерекшелігі - оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризімнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты - турист алған өнімдерді «өзімен алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күй жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.

Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын 3 топқа бөледі:

  1. Демалыс орындары мен бағыттардағы туристтік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері(турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер; саяхат және экскурсиялық бюролары; арнайы көлік, туристтік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристтік орталықтары, туристтерді сауықтыру орындарымен, сувенирлер және басқа да туристтік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер) .
  2. Демалыс орындарындағы туристтерге, жергілікті халыққа тұрмысттық, мәдени-танымдық, сауда қызметтер көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, кинотеаторлар, клубтар) .
  3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат,

инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм саласына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.

Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек.

Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесідей анықталады:

1. Туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтермен тауарларды ұсынуы;

2. Туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады.

3. Туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері, халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтауда пайда болған;

4. Туристік қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.

Туризмде ұсынылған қызметтер аумақ бойынша бөлінеді. Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде көрсетіледі (ақпараттық қызмет) . Басқарылатын турист саяхат кезінде (ақпараттық, көліктік қызметтер) алады. Үшіншісін, туристер туристік орталықтарынан (орналасу, тамақтану, емдеу, көңіл көтеру, іскерлік кездесу) алады.

Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай бөлуге болады: 1. Қызмет пен тауарларға тарту;

2. Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру;

3. Ұсынылған тауар мен қызметтерді пайдалануға қызығушылықтарын тудыру;

4. Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектесу.

Туристік индустрия дегеніміз - туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді, олар адамдардың рекреациялық қажеттілігінің арқасында құрылады.

Қандай фирма болмасын, оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдердің тартымды болуына, бағасына, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуына байланысты. Өнімнің экономикалық дәреже ретінде терең мазмұны бар, бірақ, осы уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. АҚШ-тың Солтүстік -Батыс университетінің маркетинг профессоры, Американың маркетинг ассоциасының белсенді мүшесі Ф. Котлер мынадай анықтама береді: өнім - өзіне тарту, алу, пайдалану және қолдану мақсатымен нарыққа ұсынылатын және адамның ынтасы мен өтей алатын қандайда болмасын зат. Өнім физикалық объектілер, көрсететін қызметтер, ой-пікір және басқалар бола алады.

Туризмде өнім болатынын көрсететін кешенді қызмет, яғни, бір пакетте туристерге сатылатын қызметтер жиынтығы. Өндірушілерге қарғанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғынады. Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары іс-сапарларға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж емес, олар жаңа сезімге, қызық оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.

Атақты ағылшын туризмологы В. Мидлтонның анықтамасы бойынша, кешенді туристік өнім дегеніміз «сезінетін және сезінбейтін компонентті пакеттер, оның құрамы туристік орталықтағы адамдардың іс-әрекеттерімен анықталады. Алған әсерлерінің бағасы ретінде пакетті туристер қабылдайды ».

Туристік өнім құрамы жағынан 3 бөлімге бөлінеді: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар.

Тур дегеніміз - тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператорлардың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.

Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет 2) осы бағытта көрсетілетін қызметтер кешені.

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және бағытта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

- Туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу;

- Трансфер;

- Орналастыру және тамақтандыру;

- Міндетті түрдегі экскурсиялық мәдени бағдар.

Туристік өнімнің, туристік пакеттен айырмашылығы - нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқада қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.

Туроператор туризмде маңызды рөл атқарады. Өйткені, әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т. б. ) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады, оны турагент арқылы таратады. Турагент - туроператорлардың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы.

Туроператорлардың турагенттен айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты емес [5] .

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы-туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.

Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады: тур - 50 пайыз; қосымша туристік - экскурсиялық қызметтер - 30 пайыз; тауарлар - 20 пайыз.

Қосымша туристік - экскурсиялық қызметтер дегеніміз - жолдамада көрсетілмеген, бірақ туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т. б. Қосымша қызметтерді туристер бөлек өз ақшасына алуы керек.

Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ тұрғылықты елдегі тапшы тауарлар және т. б.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім 2 әдіспен бағалануы мүмкін:

1. Барлық өндірістің шығынының жинағы есебінде;

2. Туристердің барлық шығынының жинағы немесе туризмнен түскен кіріс есебінде. Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі - туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т. б. ) ; бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т. б. ) . Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне, жайлылығына қарай жіктеледі. Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып, туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату саласын құрайды.

Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүние жүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе туристік қызметтердің бағасына туристердің көлік шығыны да кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы міне, осында.

Туристік қызметтер құрылымында негізгілер мен қосымша қызметттерге бөлінеді. Негізгілерге жататындар: тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, орналастыру, туристерді тамақтандыру, ал қосымшаларға жататындар: экскурсияларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, гидтердің, гид аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырылған тасымалдаулар және т. б. Бухгалтерлік есептің маңызды элементі туристік фирмалардың қызметтерді жеткізушілер және тұтынушылармен өзара қарым-қатынынастары құжаттық рәсімдеу болып табылады:

1. Тапсырыс үшін құжаттар (тапсырыс, сақтап қою парағы, сақтап қоюды растау) .

2. Тұтынушылардың құжаттары ( келісім шарт, жолдама, ваучер, сақтандыру полисі, көлікке билет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсетудің ерекшелігі
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге туризмнің әсері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қазақстандағы туризм туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАЛДАНУЫ
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Халықаралық туризм туралы
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz