ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРБИЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛАТЫН
ОРНЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму
тәжірбиесі
2. Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерліктің даму барысын қолдау
шаралары
3. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қажет ететін мәселелерді талдау

2. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТӘЖІРБИЕСІ

1. Шағын бизнесте есеп жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері
2. Шағын бизнесте жеңілдетілген жүйе бойынша есеп жүргізуді
ұйымдастыру
2.3 Өндірістік кооперативтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Біздің мемлекетіміздің қазіргі кезде Қазақстан Республикасы
экономикасының дамуы негізінде өзінің ұлттық стратегиясын қалыптастырады.
Нарықтық экономикаға көшу арылу және бәсекені дамытуға бағытталу өндіріс
құрылымын қайта өзгертуді қажет етеді. Әлемдік тәжірбиеде дәлелдегендей бұл
жағдайды меншіктің әр түріне негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз шешу
мүмкін емес. Нарықтық қатыныстар жағдайындағы қоғамның өмір сүруі
экономиканы тұрақтандырудан, мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысын
теңестіретін қаржы жүйесін, ұлғайтудан, халықты тұтыну тауарларымен
қамтамасыз етуден басталады. Бүгінгі күнде өндірістің, нарықтың жалпы
қоғамның дамуын жүзеге асыратын кәсіпкерлік екендігін көпшілік түсіне
бастады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты шағын бизнес субъектілерінде есеп жүргізуді
ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру және олардың экономиканы көтеруге
қосатын үлесін айқындау болып табылады. Осы ғылыми жұмыста негізгі зерттеу
объектісі - шағын кәсіпорын ЖШС “Д.А.Н.” болып табылады. Бұл зерттеліп
отырған жұмыста кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға
байланысты жасалатын талдауда қарастырылатын негізгі мәселелер:
- ең алдымен макроэкономикалық тұрғыдан алғандағы шағын
кәсіпкерліктің маңызын атап айтқанда: жиынтық ішкі өнімді және
ұлттық табысты ұлғайтудағы, жұмысбастылық мәселені шешудегі, әр
түрлі деңгейдегі халықтардың материалдық тұрмыс жағдайын көтерудегі,
жалпы ұлттық экономикадағы ролін айқындап көрсету;
- экономикалық категория ретінде: кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет,
кәсіпкер деген сияқты ұғымдарға түсініктеме бере отырып, кіші
кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен есеп жүргізу
тәртібін анықтау.
- шағын бизнес кәсіпорындары үшін есепті ұйымдастыру ерекшеліктерін
қарастыру.
Зерттеудің негізгі көзі бухгалтерлік есептің формалары және
кәсіпорын шеңберінде жүргізілген есептік талдау болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазудың әдіснамалық негізін жазуда Қазақстан
Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп жөніндегі” заң күші бар
жарлығы, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңы, бухгалтерлік есеп жөніндегі және
басқа экономикалық әдебиеттері қолданылады.

1. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛАТЫН
ОРНЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму
тәжірбиесі

Қазақстанда жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау
процессінің негізгі мақсаты - түбегейлі экономикалық өзгерістердің
талаптарына сай бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін жасау.
Елімізде меншіктің әр түрлі нысандарына негізделген экономикалық
қалыптасуын және кез-келген мемлекетте экономиканы көтеру меншіктің
құралуына байланысты екендігін, сондай-ақ субъектілердің әлемдік нарыққа
шығу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жеке
кәсіпкерлік қолдау жөніндегі міндеттерді қойды. Осы міндеттерді жүзеге
асыру мақсатында республикада 1997 жылдың 19 маусымындағы “Шағын
кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы” және “Жеке кәсіпкерлік
туралы” Заңдар қабылданды. Бұл құжаттарда шағын кәсіпкерлік субъектілері
қызметінің салық салу жүйесін ықшамдауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген
нысан бойынша есеп берудің және Қаржылық қорытынды есеп дайындаудың
көптеген аспектілері айқындалған. Алайда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
бухгалтерлік есебін ұйымдастыру әдістемесін жасау жаңадан қолға алына
бастағандықтан, оны жүзеге асыру тәжірбиесі әлі де болса толық қалыптаса
бастаған жоқ.
Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға кіші кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдау туралы мемлекеттік бағдарламаны 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілді. Бағдарламаның
мақсаты – кәсіпкерліктің дамытуындағы тұрақтылықты экономикалық маңызды
салаларындағы олардың үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын қалыптастыру,
бәсекелік ортаны дамыту, меншік иелерінің қоғамдағы орнының жоғарғы
дәрежеде болуын қамтамасыз ету.
Бағдарламада мемлекеттік саясатпен кіші кәсіпкерліктің арасындағы тығыз
байланысты экономикадағы “Қазақсатн 2030” даму стратегиясын жүзеге асыру
мақсатында қарастырады. Бағдарламадағы негізгі шараларды іске асыру
мақсатында кіші кәсіпкерлік субъектілерінің еліміздің жиынтық ішкі
өніміндегі үлесінің артуын айқындайды. Қарастырылып отырған бағдарламада
нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, кіші кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
аясында нормативті құқықтық актілердің іске асуы “шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау туралы” заңның бабына сәйкес осы салада кадрларды
даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру,
кәсіпкерлікті кең көлемдегі ақпарат көздерімен қамтамасыз ету қажет.
Қазақстандағы нарықтық экономика негізі көптеген ұсақ фирмаларды
қалыптастыру мен анықталады. Экономиканы реформалау жолында жаңа шаруашылық
жүйесін қалыптастыруда кіші кәсіпорындар өздеріне ең басты рольді алып
отыр. Бүгінгі күнде жеке сектор кіші бизнес аясында туындады және кіші
кәсіпкерліктер санының өсу қарқыны төмендегі кестеде көрсетілген. (кесте
1).

Кесте 1

Кіші кәсіпкерліктің өсу қарқыны

Жылдар 1998
2 000,0 мың теңгеге дейін қоса Табыс сомасының 3 проценті
алғанда
2 000,0 мың теңгеден жоғары – 3 60,0 мың теңге + 2 000,0 мың
000,0 мың таңгені қоса алғанда теңгеден асатын табыс сомасынан 5
процент
3 000,0 мың теңгеден жоғары 110,0 мың теңге + 3 000,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан 7
процент

1. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Кесте 3

Тоқсандық табысы Ставкасы
2 000,0 мың теңгеге дейін қоса Табыс сомасының 4 проценті
алғанда
2 000,0 мың теңгеден жоғары – 4 80,0 мың теңге + 2 000,0 мың
500,0 мың таңгені қоса алғанда теңгеден асатын табыс сомасынан 5
процент
4 500,0 мың теңгеден жоғары – 6 205,0 мың теңге + 4 500,0 мың
500,0 мың теңгені қоса алғанда теңгеден асатын табыс сомасынан 7
процент
6 500,0 мың теңгеден жоғары 345,0 мың теңге + 6 500,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан 9
процент

4.Егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің
орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген
ең төменгі айлық жалақының кемінде жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген,
заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенгсн мөлшеріндей болса, онда осы баптың
2 немесе 3 - тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы,
қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әpбip қызметкер
үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай
түзетілуге тиіс.
5. Табыстың шекті мөлшері осы Кодестің 376 – бабының 2 – тармағында
белгіленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шекті
сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке –жеке жүргізіледі№
Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4- тармағында
көзелген түзетусіз бюджетке төлемеуге тиіс.
Осы беттің 4- тармағында көзделген түзетуде табыстың шекті сомасынан
есептелген салық сомасы ғана жатады.
6. Шекті орташа тізімдік сан осы Кодекстің 376- бабының 2-ші тармағында
белгіленгеннен асып кеткен жағдайда осы баптың 4 тармағында көзделген
түзету осы Кодекстің 376- бабының 2-тармаында белгіленген шекті орташа
тізімдік санға ғана жүргізіледі.
7. Оңайлатылған деклорация тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі
айдың 10-ынан кешіктірілмей, салық органына табыс етіледі.
8. Оңайлатылған деклорация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу
жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлес
пен есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмейтін мерзімде
жүргізіледі.
9. Оңайлатылған деклорацияны табыс ету және салықтарды төлеу
оңайлатылған деклорацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған
деклорация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш берген жері
бойынша салық органында жүргізіледі.
Кәсіткерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық
режимі.
Осы тарауда қолданатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) билярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз
билярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын бизнесі - құмар ойындарды ұйымдастырып, өткізуге және (немесе)
табыс табу мақсатымен бәс тігуге байланысты кәсіпкерлік қызмет;
3) ойын мекемесі - құмар ойындар өткізілетін және (немесе) бәс тігуге
ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекерлік кеңсе,
ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары залы және өзге де ойын үйлері
(орындары);
4) ойын жолы- боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (тегельбан);
1) ойын үстелі – ойын мекемесіндегі кез келген ұтыс түрі бар құмар
ойындар өткізуге арналған арнаулы жабдық, ойын мекемесі ол ойындарға
өз өкілдері арқылы тарап ретінде немесе ұйымдастырушы және (немесе)
байқаушы ретінде қатысады.
2) ойын автоматы – ойындар соның ішінде құмар ойындар өткізу үшін
пайдалынатын арнаулы жабдық ( механикалық, электрлі және өзгеде
техникалық жабдық);
3) карт – қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа
жоқ, жұмыс көлемі 250 текше см және ең жоғары жылдамдығы сағатына
150 км дейін жететін 2 тактілі двигательді, көлемі шағын жарыс
автомобилі;
4) касса – ойын мекемесіндегі (тотализатордағы немесе букмекерлік
кеңседегі) ставкалардың жалпы сомасы есепке алынатын және төленуге
тиісті ұтыс сомасы белгіленетін арнайы жабдықталған орын;
5) лото – фишкалармен жабылатын нөмірлері (суреттері немесе басқа да
белгілері) бар ерекше карталардағы ойын;
6) бәс тігу – тәуекелге негізделген және екі немесе бірнеше жеке,
сондай – ақ заңды тұлғалар арасында жасалған, нәтижесі болуы немесе
болмауы белгісіз мән – жайға байланысты болатын ұтыс туралы келісім;
7) салық салу объектілері есепке алынатын тіркеу карточкасы – салық
органдарындағы нысанын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін салық
салу объектілерінің тіркелгенін куәландыратын құжат;
8) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны
ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет
көрсетумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.
Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлік қызметтің юекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық
режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі):
1) ойын бизнес саласында;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына
3) боулинг (кегельбан) бойынша;
4) картинг бойынша;
5) билярд бойынша;
6) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке
кәсіпкерлердің заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының,
өкілдіктерінің және өзгеде оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің
қызметіне қолданылады.
2. Арнаулы салық режимі осы баптың бір тармағында анықталған тұлғалар
(бұдан әрі - салық төлеушілер) үшін:
1) тіркелген жиынтық салық түрінде корпорациялық немесе жеке табыс
салығын және қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің
2) Осы тармақтың 1) тармақшасында аталған салық және акциз бойынша
біріңғай оңайлатылған декларация түрінде салық декларациясы
тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Бұл тәртіп төлем көзінің ұсталатын жеке табыс салығы мен мүліктік табыс
жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынбайтын басқада
табыстар бойынша салық есептілігін есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге
қолданылмайды.
3. Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тіркелген жиынтық салық
мөлшерінің 30 процентін, қосылған құн салығы – тіркелген жиынтық салық
мөлшерінің 70 процентін құрайды.
4. Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салықты төлеумен бірге акциз
төлейді, оның сомасы осы Кодекстің 255-278 баптарында белгіленген тәртіппен
анықталады.
5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған өзгеде кәсіпкерлік қызмет түрлерін
жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер мұндай қызмет түрлері бойынша кіріс
пен шығыстың бөлек есебін жүргізуге және корпорациялық немес жеке табыс
салығын қосылған құн салығын және акцизді есептеумен төлеуді жалпы
белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.
6. Осы баптың 2-4- тармақтарында аталмаған салықпен басқада міндетті
төлемдер бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және оны табыс ету осы
Кодексті белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
7. Ойын мекемесінде (тұрақты орында) пайдаланылатын, осы Кодекстің 393
бабында аталған салық салу объектілерінің әр бір түрінің жалпы саны,
объектілердің жалпы санының өзгерісі осы Кодекстің 397-бабында белгіленген
тәртіппен салық органдарында міндеттті тіркелуге (қайта тіркелуге) тиіс.
Мыналар тіркелген жиынтық салық салу объектісі болып табылады:
1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер
үшін:
ойын мекемесі тарап ретінде өз өкілдері арқылы қатысатын құмар
ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі;
ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы
ретінде қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі;
ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
тотализатор кассасы;
букмеккерлік кеңсе кассасы;
2) Ұтыс ақшасын ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілері
үшін:
ұтыс ақшасыз ойын автоматы;
3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
ойын жолы;
4) картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
карт ;
5) бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
бильярд үстелі;
6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушілер үшін :
лото ұйымдастырушы.
Бір салық салу объектісімен алынатын тіркелген жиынтық салық
ставкаларының мөлшерін салық органдары берген деректер негізінде жергілікті
өкілді органдар белгілейді және ол бір әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында
орналасқан салық төлеушілер үшін біріңғай болып табылады.
Тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен бөлу тәртібі:
1. Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық әр
бір салық салу объектісіне тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы
анықталады. Осы есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық
жыл бойынша есептелген соманы 12-ге бөлу жолымсен анықталады.
2. Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі
айдың 20-нан кешіктірілмей ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан
жері бойынша бюджетке төленуі тиіс.
3. Салық төлеушінің облыстық (қалада) бірнеше ойын мекемелері (тұрақты
нүктелері) болған кезде тіркелген жиынтық салық және акциз бір аудан ( қала
ауданы) шегінде орналасқан салық салу объектілері бойынша бөлек есептеледі.
4. Салық салу объектілерін салық кезеңінің 15-іне дейін пайдалануға
енгізу кезінде тіркелген жиынтық салық толық салық кезеңі үшін деп
есептеледі де, 15-нен кейінгісі кезеңнің жартысы үшін деп есептеледі.
5. Салық салу объектілері салық кезеңінің 15-іне дейін шығып кеткен
кезде тіркелген жиынтық салық - салық кезеңінің жартысы үшін деп, ал 15-нен
кейінгісі толық кезең үшін деп есептелінеді.

2.2 Шағын бизнесте жеңілдетілген жүйе бойынша есеп жүргізуді
ұйымдастыру

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы, кез-келген объектінің жұмысы
секілді, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуынсыз мүмкін емес.

Бухгалтерлік есеп ұйымдастыруда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
көмек ретін Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік есеп
әдіснамасы және аудит департаменті 23 – “Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
есеп беруі және есебі” бухгалтерлік есеп стандартын әзірлеп, оны 1997 жылы
29 желтоқсандағы № 451 бұйрығымен бекітті.
“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңының 3 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері
заңды тұлға құрмайтын жеке адам және кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын,
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің
жалпы құны бір жылда орта есеппен 60 мың есептік көрсеткіштен аспайтын
заңды тұлғалар болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріні
қызметкерлерінің жылдық орташа саны барлық қызметкерлерді, соның ішінде
контракт және мердігерлік шарты бойынша, қосымша жұмыс істейтіндерді,
филиалдардың, өкілдіктердің және сол субъектінің оқшауланған бөлімшелерінің
қызметкерлерін ескере анықталады.
Схемада мұны былайша көрсетуге болады:
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің түрлері

Схема 1

Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлік келесі схемада көрсетілгендей
екі топқа бөлуге болады:
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер;
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер;

Схема 2

Еңбекақы жөніндегі есеп айырысу ведомостісі
Еңбекақы жөніндегі есеп айырысу ведомостісін жалданған жұмыскерлер
еңбегін пайдаланатын жеке-дара кәсіпкерлер, сондай –ақ шаруашылық
операцияларын есепке алу кітабының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізетін
заңды тұлғалар қолданады.
ТОО “Д.А.Н.” жеке дара кәсіпкер бола отырып, еңбекақы жөніндегі есеп
айырысу ведомостісін қолданылады. Есеп айырысу ведомості жұмыскерлер мен
еңбекақы жөніндегі есеп айырысуды есепке алу.
Сонымен қатар ТОО “Д.А.Н.” есеп айырысу ведомостінде нақты түрде табыс
салығы мен міндетті зейнет ақы қорына еңбекақы сомасынан ұстап қалу
көрсетілген. (Қосымша 1)

Ақша қаражаттарын есепке алу ведомостісі.
Бухгалтерлік есеп шотында көрсетілген операцияларды есепке алу үшін ТОО
“Д.А.Н.” 451-ші кассадағы қолма-қол ақша және 441 есеп айырысу шотындағы
қолма-қол ақша шоттарын қолданылады.
Ведомостіде кассадағы қолма-қол ақшаны есепке алу жөніндегі жазбалар
кассалық операциялар туралы есеп беру негізінде жүргізіледі.
Ақшаларды қабылдау және беру, кіріс және шығыс құжаттарын ресімдеу,
кассалық кітапты жүргізу және кассалық операциялар туралы есеп беруді
жасақтау жалпы тағайындалған тәртіппен атқарылады.
Ведомостіде есеп айырысу есепшоты және басқа есепшоттар бойынша
ақшаларды есепке алу жөніндегі жазбалар банктің шығысылы қағаздарының және
оларға қосарланған құжаттар негізінде жүргізіледі.
Есеп беру мезгілінің соңында ведомостіде есеп беру мезгіілінің
соңындағы сальдо көрініс табады, содан кейін ол жиынтық ведомостіге және
келесі есеп беру мезгіліне ашылатын ведомостіге көшіріледі.
(2 қосымшада көрсетілген)

Жабдықтаушылармен есеп айырысуларды есепке алу ведомостісі.
671-ші “Жабдықталушылармен есеп айырысулар” есеп шотында ескерілетін
жеткізілімшілермен есеп айырысуларды есепке алу үшін арналады.
Ведомості субъект берешегінің қалдықтарын жабдықталушылар
есепшоттарының қимасында бұрнағы есеп беру мезіліндегі ведомостісінен
көшіру жолымен ашылады. 671 –ші “Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп
айырысу” есеп (шотын) шоттың жабдықтаушылардың орындаған жұмыстары мен
қызметтеріне және салынған тауарлық – материалдық запастар үшін есепшоттар
мәліметтерінің негізінде жүргізіледі. 671-ші шоттың дебеті бойынша
жабдықтаушыларға төленген операциялар көрсетіледі, ол кредиті бойынша 441-
ші “Есеп айырысу есепшотындағы қолма-қол ақша”; 33-ші “Берілген аванстар”
бөлімшелеріндегі есепшоттарында ескерілетін салаларды жатқызу жайындағы
операциялар көрсетіледі. Есеп беру мерзімінің аяғында төленбей қалған
сомалар әр бір жабдықтаушылардың есеп шоты бойынша жеке саналады. (Қосымша
3)
Есеп беретін тұлғалар мен есеп айырылысуды есепке алу ведомостісі
Бұл ведомості жұмыскерлер мен басқа тұлғалардың берешегі жөніндегі
операцияларды есепке алу үшін арналады.
333-ші “Жұмыскерлер мен басқа тұлғалардың берешегі “ есепшотында
көрсетіледі. Ведомості жұмыскерлер мен басқа тұлғалардың берешек
қалдықтарының туындаған күнін көрсете отырып, өткен мерзім есеп беру
ведомостісінен көшіру арқылы ашылады.
333-ші шоттың дебеті бойынша алымдағы есеп беру мерзімінде берілген
аванстар, асқан шығынды толтыру сомалары, жұмыскерлерге табыс етілген
толтыру сомалары, жұмыскерлерге табыс етілген несиелер, 44-ші “Есеп айырысу
(есепшоттарының) (несиелі) есепшотындағы қолма-қол ақша” 45-ші кассадағы
қолма-қол ақша есепшоттарының несиелі корреспонденциясында көрсетіледі.
333-ші шоттық кредиті бойынша пайдалынбаған аванстар берілген несиелер
мен жұмсалған есептегі сомаларды қайтару сомаларының операциялары несие
бойынша тиісті есепшоттары бар корреспонденцияда көрсетіледі.
Есеп беру мезгілі соңында несиелік қалдықты алған кездерде түзілген
берешек сомасын басқа несиегерлік берешек пен есептелмегендер бөлімшесінің
687-ші “Басқалар” есепшотына көшіріледі. (Қосымша 4)
Тауарлық-материалдық запастарды есепке алу ведомостісі
Ведомості тауарлық –материалдық запастардың қозғалысын талдамалы және
жинақтамалы есепке алуға арналады.
Ведомость есеп беру мезгіліне ашылады. Материалдар мен тауарлардың құны
жеткізімшілердің есеп айырысу құжаттарында көрсетілген алуға кеткен
шығындарға, көлік шығындарына, үстемелеріне қарап анықталынады және
ведомостіде көрсетіледі.
“Тауарлық - материалдық запастар” бөлімі есепшоттарының дебеті бойынша
ведомостіде материалдар мен тауарлардың түсуі корреспенденцияланған
есепшоттардың қимасында олардың саны мен құны көрсетіле көрініс табады. (67-
ші “Жеткізімшілермен және мердігерлермен есеп айырысулар” 68-ші “Басқа
несиегерлік берешек пен есептелгендер” 687-ші “Басқалар” есепшотының ақша
құжаттарын есепке алу).
Есепшоттың несие бойынша материалдар мен тауарларды өндіріс пен сатуға
олардың саны мен құнын корреспонденцияланған есепшоттардың (900-ші “Негізгі
өндіріс”, 801-ші “Сату үшін алынып өткізілген тауарлардың өзіндік құны”,
811-ші “Тауарларды” (жұмыстар, қызмет көрсетіледі) өткізу жөніндегі
шығындар және басқа қимасында көрсете отырып жіберу туралы мәліметтер
жазылады.
Есеп беру мезгілінің аяғында ведомостіде есеп беру мезгілінің соңындағы
сальдо көрініс табады, содан кейін ол жиынтық ведомостіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнес субьектілері
Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар
Ветеринарлық клиникада ветеринарлық қызметті ұйымдастыру
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру
Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi
Коммерциялық ұйымдардағы шығындар есебі мен аудиті
Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық сұрақтарын және нақтылығын жоғарылатуға ұсыныстар беру
Ұйымда бухгалтерлік қызметті жақсы және жедел жүргізу үшін қолданылатын шаралар
Пәндер