Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты


Жоспар
Кіріспе
1. Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1. 1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
1. 2. Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
1. 3. «Транс-Сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты
2. Шаруашылық субъектісінің негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2. 1. Негізгі құралдар, оларды кіріске алу және шығару есебі
2. 2. Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
2. 3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Шаруашылық субъектіде аудитті ұйымдастыру
3. 1. Аудитті ұйымдастыру, оның мақсаты мен мәні
3. 2Қаржылық және дебиторлық берешек аудитін ұйымдастыру
3. 3Ақша қаражаттары қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есептерден тұрады.
Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі - басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т. с. с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларына қарағанда (техникасы жағынан) ең қарапайым түрі.
Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртүрлі өлшеуіштердің - натуралды, ақшалай және еңбек өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т. б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп ушін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.
Жедел-техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеітілігіне қарай туындайды.
Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т. б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономиканың жағдайы, оның дамуының үрдістері. Жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика -бухгалтерлік есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті, өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорынның берешектерін және т. с. с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады.
Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың, қорлардың, несиелердің және т. б. қозғалысы туралы кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді қадағалауды және құжаттарда жазуды талап етеді.
Әрбір шаруашылық фактісі құжатпен немесе бастапқы қағаз құжатпен немесе құқықтық негізі бар ақпараттық машиналық тасығыштармен рәсімделеді, яғни соған сәйкес орындалатын шаруашылық операциясы үшін жауапкершілік белгіленеді, демек құжат заңды күшке ие болады.
Бухгалтерлік есептің аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел-техникалық және статистикалық түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ, есептің барлық үш түрінің ақпараттарын, яғни шаруашылық есепті бүтін жүйе ретінде пайдалану, кәсіпорындарға шаруашылық қызметін неғұрлым тиімді басқаруға, өнімді тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға. Жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалауға мүмкіндік бермек. Есептің әрбір түрі бірін-бірі толықтырып
отырады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға, кәсіпорынның нарықтағы тәртібін анықтауға және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын айқындауға және т. с. с. қажетті, кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат қалыптастыру бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - бұл ең алдымен бақылау мақсатында шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу.
Алайда шаруашылық қызметі өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық тіпті оны сан жағынан көрсету және бақылау үшін әртүрлі өлшеуіштер қажет.
1. Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1. 1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
Бухгалтерлік есеп - бұл шаруашылық субъектісін және ақпарат қолданушыларды сенімді, нақты, сол уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету көзі болып табылады.
Экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта тусетінін білдіреді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп терден тұрады.
Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі - басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т. с. с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларына қарағанда (техникасы жағынан) ең қарапайым түрі.
Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртурлі өлшем бірліктедің - натуралды, ақшалай және еңбек бірліктерінің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т. б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.
Жедел-техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеітілігіне қарай туындайды.
Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған.
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т. б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономиканың жағдайы, оның дамуының үрдістері, жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика -бухгалтерлік есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондайақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті, өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорынның берешектерін және т. с. с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады.
Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың, қорлардың, несиелердің және т. б. қозғалысы туралы кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді қадағалауды және құжаттарда жазуды талап етеді.
Әрбір шаруашылық фактісі бастапқы қағаз құжатпен немесе құқықтық негізі бар ақпараттық машиналық тасығыштармен рәсімделеді, яғни соған сәйкес орындалатын шаруашылық операциясы үшін жауапкершілік белгіленеді, демек құжат заңдық күшке ие болады. Бухгалтерлік есептің аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел-техникалық және статистикалық түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ, есептің барлық үш түрінің ақпараттарын, яғни шаруашылық есепті бүтін жүйе ретінде пайдалану кәсіпорындарға шаруашылық қызметін неғұрлым тиімді басқаруға, өнімді тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалауға мүмкіндік бермек. Есептің әрбір түрі бірін-бірі толықтырып отырады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға, кәсіпорынның нарықтағы тәртібін анықтауға және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын айқындауға және т. с. с. қажетті, кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат қалыптастыру шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Шаруашылық есеп - бұл ең алдымен бақылау мақсатында шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу.
Алайда шаруашылық қызметі өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық, тіпті оны сан жағынан көрсету және бақылау үшін әртүрлі өлшеуіштер қажет. Ол үшін өлшем бірліктердің үш түрі: натуралды, еңбектік, ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Натуралды елшеуіштер есепте бір тектес обьектілерді керсету үшін пайдаланылады. Олар санымен (дана), салмағымен (кг, тн), ұзындығымен (м, см), көлемімен (л, м) және т. б. белгіленеді, өлшем бірлігін таңдау ескеріпетін заттардың қасиетіне тәуелді.
Натуралды өлшеуіштер материалдық құндылық (шикізаттар мен материалдар, негізгі құралдар, дайын өнімдер) обьектілерінің қозғалысын, сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарын шаршы және текше метрлермен, автокөлікпен (т. км) есепке алу үшін қажет. Бұл өлшемдерді, материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар бойынша есепке алу қолдану осы құндылықтардың сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттарын бір мезгілде алуға мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшемдерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.
Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін пайдаланады. Бұл әдетте жұмыс уақытының бірлігі (жұмыс қүні, сағат, мөнет) . Бірақ көптеген жағдайларда еңбек өлшемдерін, өндірім нормаларын, еңбек өнімділігін есепке алу үшін натуралды өлшемдермен ұштастыра қолданды. Жалақыны - дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы зор болмақ.
Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай қүндық бағада (ақшалай өлшемде - теңгемен немесе басқа валютамен) көрсетуге және жинақтауға қызмет етеді.
Ол әртектес шаруашылық құралдарын жинақтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік құқықтарының көлемі, бұрын натуралды және еңбек өлшеуішімен белгіленген шығындары анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі жасалады.
Өлшеуіштерді әртүрлі үйлесімдермен де алады: натуралды өлшеуіштерді құндылықпен (санды-сомалық есеп), ақшалай еңбекпен біріктіру және т. с. с.
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің ісі деп санайды.
Бухгалгерлік есеп оның алдына койған міндеттерді орындай алатындай ұйымдастырылуы керек.
ҚР Министрлер Кабинетінің 22. 12. 99 ж. № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережеге сәйкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілердің, сатып алушылардың, кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ол мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға бақылауды жүзеге асыруға және т. б. ушін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік ақпаратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгіленген керсеткіштердің есеп деректерімен байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің орындалуына мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсеге жарамды өнімдерін өңдіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, біріші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттемелер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал -жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жургізілуде.
Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп жылдан жылға дамып жетілуде. 2002 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» жаңа өзгертулермен заң қабылданды, шоттардың бас шоттар жоспары бекітілді. Қазіргі кезде біздің елімізде есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуде, бірақ бұл осы уақытқа дейінгі қолданылған бухгалтерлік есеп стандарттары өз күшін жойды дегенді білдірмейді. Кәсіпорындар бухгалтерлік есепті Қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргізеді және өз кезегінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сүйенеді. Ешқандай ол толық стандартқа көше алмайтыны анық, ол әлеуметтік ортаның әсерімен, экономикалық дамудың кезеңімен, кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерімен, мемлекеттік экономикалық қатынастарға, саясат жүйесіне білім беру жүйесіне, шетел инвестицияларының деңгейіне байланысты. Дегенмен, есепті біріктірудің пайдалы жақтары да кездеседі.
Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта тусетінін білдіреді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысгы үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есептерден тұрады. Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі - басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, ендірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т. с. с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларына қарағанда (техникасы жағынан) ең қарапайым түрі.
Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртурлі елшеуіштердің - натуралды, ақшалай және еңбектік өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т. б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп ушін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі. Жедел-техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеітілігіне қарай туындайды. Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процесгерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған. /15/, /10/
1. 2. Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты.
«Есеп саясаты» деген ұғым біздің пайдалануымызға халықаралық стандарттардың терминологиясын ерікті түрде аудару нәтижесінде еніп отыр.
Бухгалтерлік есептің 1 «Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі» деп аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты деп - бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.
Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының басты міндеті - оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді, пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.
Есеп варианттарын таңдауға төмендегі факторлар әсерін тигізеді:
- Кәсіпорынның құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық статусы - меншік түрі (жеке меншік, мемлекеттік меншік), ұйымдық-құқықтық нысан (акционерлік қоғам, серіктестіктер және т. б. ), шаруашылық қызметтің түрі, саласы (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және т. б. ), көлемі (шаруашылық қызметтің масштабы, сатып өткізу мөлшері, жұмыскерлердің саны және т. б. ) ;
- Кәсіпкерліктің ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаты (қосымша қаржылық ресурстарды тарту, рынокта бәсекелестік позицияны күшейтү, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру және т. б. ) ;
- Шаруашылық қызметтің ерекшеліктері - өндірістік (технологиялық құрылым, пайдаланылатын ресурстар), коммерциялық (жабдықтауды және сатып-өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі және нысандары, сатып алушылармен қарым-қатынас), қаржылық (банк мекемелерімен, салық жүйесімен қарым-қатынас), басқару (кәсіпорынның құрылымы, меншік иелерінен тәүелсіздігі, олардың алдында есеп беру, техникалық жағынан қамтамасыз етү деңгейі, оның ішінде тек компьютерлік техникамен жабдықтау) ;
- Кадрлармен қамтамасыз ету - қызметкерлердің квалификациялық деңгейі (тәжірибесі, іскерлігі және т. б. ) ;
- Шаруашылық ситуациялары - шаруашылық, салық төлеу, бухгалтерлік есеп заңдарының жағдайы, нарық инфраструктурасының даму деңгейі және т. б.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығына және бухгалтерлік есептің №1 Қазақстандық стандартына сәйкес субъектілердегі есеп саясаты мынандай принциптерге негізделуге тиіс:
1. Есептеу;
2. Үздіксіз қызмет ету;
3. Түсініктілік;
4. Маңыздылық;
5. Мәнділік;
6. Дұрыстық;
7. Бейтараптық;
8. Сақтық;
9. Аяқталғандық;
10. Салыстырмалылық;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz