Тауарлы - материалдық босалқыларды бастапқы құжаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ТЫНЫШПАЕВ атындағы ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

"Қаржы, есеп және аудит" кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өндірістік босалқылардың есебі

Орындаған: Бухгалтерлік есеп және
аудит мамандығының 3 курс студенті
Санғылбаева Айгерім Рәтқызы
Тексерген: аға оқытушы Шаймерденова
Меруерт Амандыққызы

АЛМАТЫ 2003 ж.
Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Өндірістік босалқылар түсінігі, жіктелуі, оларды бастапқы құжаттау
4
1.1. Тауарлы-материалдық босалқылардың түсінігі және олардың жіктелуі 4
1.2. Тауарлы-материалдық босалқыларды бастапқы құжаттау 7
ІІ Бөлім. Өндірістік босалқыларды бағалау әдістері 12
2.1. Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістері 12
ІІІ Бөлім. Өндірістік босалқылардың есебі 17
3.1. Тауарлы-материалдық босалқылардың қоймадағы есебі 17
3.2. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі 21
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 28
Қосымшалар 30

Кіріспе

Кез-келген өндіріс саласында, қызмет көрсету, жұмыс орындау
салаларында болмасын тауарлы-материалдық босалқылардың айналым қаражаттары
ретіндегі маңызы зор болып табылады. Себебі экономиканың негізгі заңдылығы
бойынша өндіріс үшін алдымен айналымнан тыс активтермен қатар айналым
қаражаттары да керек. Айналым қаражаттары өндіріс процесіне бір рет
қатынасып, өзінің құнын өндірілетін, өнімге толығымен аударатын материалдық
қаражаттар болып табылады. Негізінен өндірістік босалқылар кәсіпорында тек
қажетті мөлшерде ғана болуы тиіс, олардың жетіспеушілігі ең алдымен
өндірістің тұрып қалуына себеп болса, олардың мөлшерден тыс болуы
кәсіпорынның қаржыларының жатып қалуына әкеліп соғады.
Сондықтан тек бухгалтерлік есептің нақты әрі шынайы мәліметтері ғана
тауарлы-материалдық босалқылардың қажетті мөлшерде кәсіпорында болуын
қамтамасыз етеді. Яғни басқару аппараты бухгалтерлік есеп ақапараттары
негізінде тауарлы-материалдық босалқылар көлемін болжап, оны жұмсау жөнінде
басқару шешімдерін қабылдайды.
Бухгалтерияда тауарлы-материалдық босалқылардың есебін ұймдастыруда ең
маңызды мәселе кәсіпорынның тауарлы-материалдық босалқылар есебін жүргізуде
ұстанатын есеп саясатына байланысты. Яғни тауарлы-материалдық босалқылардың
қатарына жататын құндылықтарды анықтап алу қажет, оларды бағалау әдістерін
таңдап алу қажет, олар бойынша басқару аппаратына берілетін қорытынды
есептің жиілігін бекітіп алу қажет.

І Бөлім. Өндірістік босалқылар түсінігі, жіктелуі, оларды бастапқы құжаттау

1.1. Тауарлы-материалдық босалқылардың түсінігі және олардың жіктелуі

Тауарлы-материалдық босалқылар дегеніміз – бұл:
- өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді атқаруға арналған
шикізат қоры, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және
құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі активтер;
- аяқталмаған өндіріс түріндегі активтер;
- субъектінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын
өнім және тауарлар түріндегі активтер.
Шикізат деп әдетте ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар өнімін
(астық, көмір, кен т.с.с.) атайды, ал материалдар өңдеуші өнеркәсіптердің
(мата, қант, ұн т.с.с.) өнімі болып табылады.
Материалдар деп - өндірістік немесе басқа шаруашылық процесінде еңбек
заттары ретінде пайдаланылатын, әрбір циклда бүтіндей тұтынылатын және
өздерінің құнын өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін
қызметтің құнына толығымен қосатын субъектінің материалдық-өндірістік
босалқыларының бір бөлігін атайды.
Сатып алынған шала фабрикаттар, құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен
бөлшектер деп - кәсіпорынның өндірістік циклында тұтынылатын және
өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайтын одан арғы өңдеу немесе
жинақтау шығындарын қажет ететін сырт кәсіпорындардың өнімдерін атайды.
Мысалға сатып алынған шала фабрикаттарға құрылыс конструкцияларын жатқызуға
болады.
Отын - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістегі технологиялық
қажеттіліктерге, энергия өндіруге және ғимараттарды жылытуға арналады.
Отынның бірнеше түрлері болады: мұнай өнімдері (мұнай, дизельдік отын,
керосин, бензин), сүйекті отын (көмір, сексеуіл, ағаш), газ түріндегі отын.
Ыдыс және ыдыстық материалдар деп - әр түрлі материалдарды және
өнімдерді орау, тасымалдау, сақтау үшін пайдаланылатын заттарды (қаптар,
жәшіктер және қораптар), сонымен қатар ыдыстарды дайындауға және оны
жөндеуге кететін материалдар мен детальдарды (жәшік жасауға кететін
бұйымдар, бөшкенің қалақ бөлшегі, дөңгелек темір және басқалар) атайды.
Қосалқы бөлшектер машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының
тозған бөлігін жөндеу және ауыстыру үшін пайдаланылады. Қосалқы бөлшектерге
басы артық және айналымда жүрген автомобиль дөңгелектері де жатады.
Басқа да материалдар деп ақаулары жөнделмейтін материалдарды, сонымен
қатар осы кәсіпорында материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер құрамында
пайдаланылмайтын негізгі құралдарды есептен шығарудан алынған материалдық
құндылықтарды (металл қалдығы, ескі шикізаттар, тозған доңғалақ) атайды.
Өндірістің қайтарымды қалдықтары деп өнімді өндіру процесінде пайда
болған бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе жарым-жартылай
жоғалтқан шикізат пен материалдардың қалдықтарын (үгінділер және басқалар)
атайды.
Өндіріс процесінде пайдаланылу мақсатына қарай барлық босалқылар
негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық (заттай) негізін
құрайды және оларды дайындаудағы қажетті құрамды бөліктер (компоненттер)
болып табылады.
Көмекші материалдар өндірілетін өнімнің құрамына кіреді, бірақ оның
негізгі материалдардан айырмашылығы, өндірілетін өнімнің заттай негізін
құрамайды. Көмекші материалдар өнімге белгілі бір тұтынушылық қасиет беру
мақсатында шикізаттар мен негізгі материалдарға әрекет ету үшін (тағамдық
бояғыштар, дәмдік қоспалар, кондитер өнеркәсібіндегі татымдылықтар т.б.),
еңбек құралдарын қарап, күту үшін (жағармайлар және т.б.) пайдаланылады.
Материалдарды негізгі және көмекші материалдарға бөлу шартты түрдегі
сипатқа ие, өйткені ол өнімдердің кейбір түрлерін өндіру кезінде тек
пайдаланылған материалдардың санына ғана байланысты болады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары материалдардың құрамында тұқымды,
көшеттер мен мал азығын, минералды тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылығы
дақылдарының ауруларымен және зиянкестермен күреске пайдаланылатын улы
химикаттарды және ауыл шаруашылық малдарының ауруларымен күреске
пайдаланылатын биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар және басқаларды
есептейді.
Барлық өңдеу кезеңдерін өтпеген және техникалық бақылау бөлімі
қабылдап алмаған өнімді, сонымен қатар тапсырыс берушілер қабылдап алмаған
аяқталмаған жұмыстарды аяқталмаған өндіріс деп атайды.
Дайын өнім деп - толық өңделген, техникалық және сапалық
сипаттамалары келісімнің шарттарына немесе заңда көрсетілген жағдайларда
басқа да құжаттардың талаптарына сай келетін, өндірістік процесстің соңғы
нәтижесі болып табылатын субъектілірдің сатуға арналған материалдық-
өндірістік босалқыларының бір бөлігін атайды.
Тауарлар дегеніміз - басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алынып,
қосымша өңдеусіз қайта сатуға арналған субъектілердің материалдық-
өндірістік босалқыларының бір бөлігі.

1.2. Тауарлы-материалдық босалқыларды бастапқы құжаттау

Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттау келесі
бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады:
Сенім хат (№ М-2 нысан);
Сенім хат (№ М-2а нысан);
Кіріс ордері (№ М-4 нысан);
Материалдарды қабылдау актісі (№ М-7 нысан);
Лимиттік-жинақтаушы карта (№ М-8 нысан);
Талап-накладнойы (№ М-11 нысан);
Материалдарды сыртқа жіберу жөніндегі накладной (№ М-15 нысан);
Материалдарды есепке алу карточкасы (№ М-17 нысан);
Үйлер мен ғимараттарды бұзу және бөлшектеу кезінде алынған материлдарды
кіріске алу актісі (№ М-35 нысан).
Құндылықтарды сатып алушыға жөнелткенде, жабдықтаушы тауарлы-көліктік
(тауарлық) құжаттар толтырады. Егер жүк темір жол көлігі арқылы жөнелтілсе
темір жол накладнойы немесе әмбебап контейнерде жүк тасу накладнойы
толтырылады. Егер жүк автокөлік арқылы жөнелтілсе тауарлы-көліктік
накладной толтырылады. Ал егер құндылықтар сатып алушыға жабықтаушының
қоймасынан берілетін болса, материалдарды сыртқа босату накладнойы
толтырылады (№ М-15 нысан). Толтырылатын накладнойлардың саны тауарды
жіберу орнына, тауарды тасымалдау әдісіне, жабдықтаушы кәсіпорынның түріне
және басқа жағдайға байланысты болады.
Аталған құжаттар жабдықтаушы және сатып алушы кәсіпорынның аты мен
реквизиттерінен тұрады, сонымен қатар онда тауар мен оның ыдысы туралы
мәліметтер болады: артикул, тауардың аты және қысқаша түсініктемесі, орын
саны, брутто салмағы, нетто салмағы, бағасы, төленуге тиісті жалпы сомасы
(қосылған құн салығы сомасы жеке көрсетіледі), орама түрі. Накладнойда
сатып алушыға материалдық құндылықтарды жіберу жөнінде жабдықтаушы
кәсіпорынға жауапты тұлғаның қолы болады. Жабдықтаушы есебінде накладной
құндылықтардың босатылуы жөніндегі операцияны растайтын құжат болып
табылады. Сатып алушы, оның атына толтырылған накладнойды алады және
құндылықтар иесіне (тасымалдаушы ұйымға, жабдықтаушы қоймасына) көрсету
арқылы босалқыларды қабылдап алу құқығына ие болады. Сондықтан, бұл
құжаттар сатып алушыларға жүкті алу бойынша келісімдегі өз шарттарын
орындаумен байланыстырылып ұсынылады. Сатып алушы накладнойды алғаннан
кейін, бірінші кезекте ондағы мәліметтердің келісім шарттарына сәйкестігін
тексереді. Содан соң сатып алушы құндылықтардың нақты барының накладнойдағы
мәліметтерге сәйкестігін тексеру арқылы оларды қабылдап алады.
Құндылықтарды қабылдау біткен соң накладнойға сатып алушы “жүк алынды”,
“қабылданды” және құндылықтарды босатушы тұлға “босатылды”, “тапсырылды”
деп қол қояды. Сөйтіп, накладнойлар сатып алушының құндылықтарды
қабылдағанын растайтын құжат күшіне ие болады.
Тауарлық және тауарлы-көліктік құжаттарға мынадай жолдама құжаттар
тіркеледі: техникалық паспорттар, чертеждар, құру бойынша инструкциялар,
тауардың сапасы бойынша сертификат және шот-фактура. Шот-фактура сатып
алушы бюджетпен есеп айырысу кезінде, сатып алынған және жабдықтаушыға
төленген құндылықтардың құнының құрамына кіретін қосылған құн салығы
сомасын есепке алуға құқық беретін құжат болып табылады.
Егер материалдар есеп беруге тиісті адамдар арқылы алынатын болса,
онда тауарлық шот (чек) немесе акт (анықтама) сатып алынуды растайтын құжат
болып табылады. Бұл құжаттарда операцияның мазмұны, мерзімі, сатып алу
орны, материалдардың атауы мен саны, олардың құны көрсетіледі.
Құндылықтарды автокөлік арқылы жеткізгенде тауарлы-көліктік накладной
толтырылады. Ол екі бөлімнен тұрады: тауарлық және көліктік.
Тауарлы-көліктік накладнойдың тауарлық бөлімін жабдықтаушы толтырады
және онда жабдықтаушы мен төлеуші туралы мәліметтер (атауы, мекен жайы,
банктік реквизиттері); тауар және оның ыдысы туралы мәліметтер көрсетіледі
және жауапты тұлғалардың қолы қойылады.
Тауарлы-көліктік накладнойдың көліктік бөлімі тауардың жеткізілуі
жөніндегі мәліметтерден тұрады: мерзімі, автокөліктің және жолдама
қағазының номері, тауарға тапсырыс берушінің (төлеушінің), жүк жіберушінің
және жүкті қабылдап алушының аты-жөні және мекен-жайы; жүкті тиеу, түсіру
пункті (қажет болған жағдайда); жүк туралы мәліметтер. Сонымен қатар онда
жүктің жолдама құжаттары, орама түрі, орын саны көрсетіледі.
Тауарлы-көліктік накладной төрт дана етіп толтырылады, оның біреуі
материалдарды кіріске алуға негіз ретінде сатып алушыға беріледі (кіріс
ордерінің баламасы); екі данасының біреуі жабдықтаушыға және біреуі
тасымалдаушы ұйымға беріледі. Сатып алушы және жүргізуші экспедитор
растаған накладной, қабылдап алушының құндылықтарды алғанын куәландыратын
құжат болып табылады. Сатып алушы субъектінің мекен жайынан тыс орындардағы
(жабдықтаушының қоймасындағы, темір жол бекетіндегі, кемежайдағы,
әуежайдағы) материалдарды экспедитор қабылдайды.
Экспедитор – материалдық-жауапты тұлға болып табылатын және оның
атына жазылған, құндылықтарды алуға арналған сенім хаты бар кәсіпорын
қызметкері.
Сенімхат (№ М-2 нысан) бухгалтерияда бір дана етіп толтырылады.
Сенімхат тек алушының қолхаты арқылы беріледі. Ол жабдықтаушыға тауарлы-
көліктік (тауарлық) құжаттарды және құндылықтарды экспедиторға беруге негіз
болады. Сенімхатта көрсетілетіндер:
- тауарды тұтынушының толық атауы және мекен жайы;
- төлеушінің атауы және мекен жайы;
- есеп айырысу шотының реквизиттері, төлеушіге қызмет көрсетуші банкінің
атауы және мекен жайы;
- экспедитордың паспорттағы мәліметтері;
- құндылықтарды беруге негіз болатын құжаттың атауы, мерзімі және номері.
Сенімхаттың артқы бетінде берілетін тауарлы-материалдық құндылықтардың
толық тізімі көрсетіледі.
Сенімхатта оның берілген күні және күшін сақтау мерзімі көрсетіледі.
Сенімхаттың түбіршегі (корешок) болады, онда сатып алушы субъектінің
бухгалтериясында берілген сенімхаттардың есебін жүргізу үшін негізгі
реквизиттер көрсетіледі.
№ М-2а нысандағы сенімхатты, материалдық құндылықтардың алдын ала
номері белгіленіп, баулықтанған журналда тіркеу жасайтын субъектілер
қолданады.
Егер құндылықтарды қабылдау кезінде накладной мәліметтері мен келіп
түскен құндылықтардың санының, сапасының, ассортиментінің арасында
ауытқушылықтар анықталатын болса, онда құндылықтарды қабылдап алу үшін
құрылған комиссия екі дана етіп “Материалдарды қабылдау актісін” (№ М-7
нысан) толтырады. Материалдарды қабылдау актісі тек ауытқулар анықталған
құндылықтарға ғана толтырылады. Сонымен қатар, материалдарды қабылдау
актісі фактураланбаған жабдықтаулар болған жағдайда да толтырылады.
Материалдарды қабылдау актісінде жолдама көліктік құжаттарға сәйкес
құндылықтардың нақты бары, тапсырылатын бекетіне (кемежай, порт) келетін
мерзімі және уақыты, көлік мекемесінің жүкті беру немесе алушының қоймасына
жеткізу мерзімі және уақыты, алушының қоймасында өнімді сақтау жағдайлары,
құндылықтарды қарап қабылдау кезінде оның ыдысының және орамасының жағдайы,
құндылықтардың нақты бары, ақауы және қирауы, жетіспеушіліктері, артық
шыққандары және басқа да мәліметтер көрсетіледі. Материалдарды қабылдау
актісіне комиссияның мүшелері қол қояды және оны алушы субъектінің басшысы
бекітеді. Актінің мазмұнымен келіспейтін тұлға онда өз пікірін білдіріп,
жазып қол қояды.
Құндылықтарды қабылдап болған соң, актінің бір данасы жабдықтаушының
есеп айырысу құжаттары тіркеліп, материалдық құндылықтарды кіріске алуға
негіз ретінде бухгалтерияға беріледі. Актінің екінші данасы жабдықтау
бөлімшесіне беріледі және ол шағым хатымен бірге жабдықтаушыға (жіберушіге)
бағытталады. Акт шағым жасауға негіз болатын құжат болып табылады.
Материалдардың түскенін бақылау келіп түскен жүк есебінің журналы
көмегімен жүзеге асырылады, ол жабдықтау бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл
құжатта тіркеу номері; жазба жасалған мерзім; жабдықтаушының атауы;
көліктік жолдама құжатының мерзімі және номері; шоттың номері, мерзімі және
сомасы; жүктің түрі; кіріс ордерінің (қабылдау актісінің, жүкті іздестіру
жөніндегі сұрау) номері және мерзімі тіркеледі
Ескертуде шотты төленгені туралы немесе акцептен бас тартқаны жөнінде
белгі қойылады.

ІІ Бөлім. Өндірістік босалқыларды бағалау әдістері

2.1. Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістері

Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнын бағалау мына
әдістердің бірімен жүргізіледі:
- ерекшеліктеріне қарай теңестіру
- орташа құн
- ФИФО
- ЛИФО
Егер кезеңнің аяғында материалдық босалқылар құрамындағы өнімдер белгілі
бір операциялардың нәтижесінде сатып алынғаны анық көрсетілетін болса, онда
ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісін қолдануға болады.
Мысалы, 31 тамыздағы материалдық босалқылардың 180 данасы 1 тамыздағы
нақты барынан, 50 данасы - 8 тамыздағы сатып алынған босалқылардың
құрамынан, ал 200 данасы - 27 тамызда сатып алынған босалқылардың құрамынан
тұрады делік. Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі бойынша
босалқылардың құны 69000 теңге болады.
Ол былай анықталды:
31 тамыздағы тауарлы-материалдық босалқылар – ерекшеліктеріне қарай
теңестіру (ұқсастыру) әдісі
180 дана 150-00 теңгеден 27000 теңге
50 дана 160-00 теңгеден 8000 теңге
200 дана 170-00 теңгеден 34000 теңге
430 дана өзіндік құны 69000 теңге
Босалқылардың өзіндік құны – 179200 теңге
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар - 69000 теңге
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны - 110200 теңге
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі әдетте бірін-бірі
алмастырмайтын тауарлы-материалдық босалқылар бірлігінің және арнаулы
жобалар мен тапсырыстар үшін жасалған және соларға арналған тауарлардың не
болмаса қызметтердің өзіндік құнын есептеуді көздейді.
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісін автомобиль,
зергерлік бұйымдар сияқты құны едәуір өнімдер бірлігін сатуға және сатып
алуға пайдалануға болады.
Бұл әдіс келесі кемшіліктеріне байланысты кең таралмай отыр:
- көп жағдайларда нақты тауар бірліктерінің сатып алынуын және сатылуын
бақылап отыру қиын және қолайсыз;
- егер фирма біртекті тауарларды сатып алумен және сатумен айналысатын
болса, онда қай тауарлардың сатылғанын немесе сатылмағанын тек шартты
түрде ғана анықтауға болады.
Тауарлы-материалдық босалқылардың орташа құн әдісі есепті кезеңнің
басында болған және осы кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген
бірліктің орташа құнын анықтау арқылы есептеледі. Бұл әдіс бойынша
материалдық босалқылар бірлігінің орташа өзіндік құны 158,58 (179200 :
1130) теңге екенін, ал олардың жалпы өзіндік құны 68189 теңгеге тең екенін
анықтаймыз:

Ақырғы босалқылар: 430 дана х 158,58 теңге = 68189 теңге.
Босалқылардың өзіндік құны 179200 теңге.
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар 68189 теңге.
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны - 111011 теңге.

Есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық босалқылардың бір түрі әр түрлі
жабдықтаушылардан әр түрлі бағамен сатып алынуы мүмкін. Орташа құн әдісі
арқылы анықталған кезең аяғындағы материалдық босалқылардың құны есепті
кезең ішінде алынған тауарлардың барлық бағаларын есепке алып отырады,
сөйтіп бағаның өсуін және төмендеуін бәсеңдетеді. Сонымен, бұл әдіс есепті
кезеңнің аяғында, әр түрлі бағамен сатып алынған тауарлы-материалдық
босалқылардың құнын мейлінше нақтылай көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тауарлы-материалдық босалқылар номенклатурасы өте көп
кәсіпорындарда бұл әдісті қолдану олардың ағымдағы есебін жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
Тауарлы-материалдық босалқыларды ФИФО әдісімен бағалау кезінде бірінші
болып сатып алынған немесе өндірілген босалқылардың құнын бірінші кезекте
есептен шығару көзделеді. Яғни, кезең аяғында нақты бар тауарлардың өзіндік
құны соңғы сатып алынған деп, ал сатылған тауарлардың өзіндік құны ертерек
сатып алынған деп есептеледі. ФИФО әдісін тауарлардың іс жүзіндегі
қозғалысына тәуелсіз түрде кез-келген кәсіпорында қолдануға болады, өйткені
тауарлардың қозғалысы емес, олардың құнының қозғалысы есепке алынады.
Біздің мысалымызда, ФИФО әдісін қолдану арқылы, 31 тамыздағы материалдық
босалқылар 72450 теңге болып бағаланды.

300 дана 170-00 теңге 27 тамыздағы 51000 теңге
босалқылардың
құрамынан
130 дана 165-00 22 тамыздағы 21450 теңге
босалқылардың
құрамынан
430 дана өзіндік құны 72450 теңге

Босалқылардың өзіндік құны 179200 теңге.
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар 72450 теңге.
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны - 106750 теңге.
ФИФО әдісін қолданудың тиімділігі мынада: есепті кезеңнің аяғындағы
материалдық босалқылар соңғы сатып алынғандардың бағасымен бағаланады, ал
сатылған өнімнің өзіндік құнына алғашқы сатып алынған тауарлардың бағасы
пайдаланылады. Бағалардың әрдайым өсуі кезінде ФИФО әдісі таза табыстың
жоғары деңгейін көрсетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық босалқылардың есебі
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
Кәсіпорын бухгалтериясында ТМҚ-ды есепке алу
Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау
Қорлардың есебі
Қорлардың бугхалтериядағы есебі
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
Пәндер