Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
“Экономика және бизнес ” факультеті
“_________________________” кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
_____________________
Тақырыбы: “Өндірістік есепті ұйымдастыру
Тексерген:____________________
Орындаған:.___________________
Астана-2007 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
1.1 Өндірістік есепті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Өнім өндіру есебі және оның
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принциптері.
2.1.Өндірістік есептің әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..12
2.2.Өндірістің ұйымдастырушылық құрылымының басқару есебі жүйесін құруға
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
2.3.Өндірістегі басқару есебінің құрамдас бөліктері мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
2.4. Ұйымдастырылған өндірістік есептің технологиясы ... ... ..27
3.Шығындар есебінің түсінігі
3.1.Өндірістік шығындар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..34
Кіріспе:
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған
ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын.Осы тақырыпты таңдағаным
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында өндірістік есепті
ұйымдастырудың ролі мен мәнін арттыру. Басқару мен нарықтық экономиканың
дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен
қабылдауға субъектінің нарықтағы қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні
айқындауға , сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі
туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты
мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің
бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды, ол шаруашылық
жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік
есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті
сипатталып, оның табысы немесе шығыны алынады, қаржылық жағдайы ашып
көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға
және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық
түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің
күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Өндірісті ұйымдастыру үшін , өндіріс болу үшін, ең алдымен, соған
қатысты қажетті өндіретін өнімнің негізі болуы керек. Ұрықсыз жерден өнім
алынбайды. Бұл дегенің өнімсіз өнім өндірілмейді деген сөз. Олай болса
шаруашылық өнімдерін өндіру үшін, ұрық, өнеркәсіп өндірісінің шикізаты,
минералдық және органикалық тыңайтқыштар, мұнай өнімдері және басқа да
отындар, құрылыс материалдары, босалқы бөлшектер, дайын өнім, товар да
басқа өндіріс қажеттерін қанағаттандыратын материалдық заттар болап тұруы
шарт. Өндірістік процестерінің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз ету
мақсатында, үнемі заттардың белгілі мөлшерде қорлары болып тұруы шарт.
Өндірістік маңызына және экономикалық сипаттарына қарай өндіріс қорларын
бірнеше топтарға бөледі және ол топтардағы қаражаттың есебін алдын ала
ұйымдастырып жоспарлау қажет.
Ұйымдастыру есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды
меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды,
шығындарды және олардың тиімділігін алдын ала ұйымдастыру қажет.
Жалпы осы курыстық жұмыста өндірістік есепті ұйымдастыру жолдарына
тереңірек тоқталып, өндірістік есепті ұйымдастырудың маңызын ашып
көрсетемін.
1.1 Өндірістік есепті ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылық - есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі.
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін өндірістік есепті ұйымдастырға
үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев
кәсіпкерлерге үндеуінде өндірістік есепті ұйымдастырып, есеп беруді
жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол
өзінің бұл үндеуінде қаржылық есепті ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді,
есеп жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі
экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.
Қайта құру жылдарында көптеген фирмалар әр қилы меншік түрлерін
тудырды, олардың көбі соңғы он жылда бәсекелестікте төтеп бере алмады.
Нарықтық және экономикалық факторларға қарсы тұра алатын бірқатар аса
ірі өндірістік кәсіпорындар бар. Тірақ тек аса ірі өнеркісіптер,
кәсіпорындар, компаниялар ғана нарыққа елеулі ықпал ете алады, алайда
мұндай өнеркісіптер мен кәсіпорындардың ,компаниялардың саны аз.
Негізінде бұларда (өнеркісіптер, кәсіпорындар, компаниялар) мұндай
мүмкіндік жоқ және аса үлкен де емес. Сондықтан олардың негізгі міндеті-
нарық проблемаларымен сыйысу болып отыр.
Бәсекелестер мен нарық жағдайының өзгеруіне қарсы тұра алмаудан және
басшылықтың жетіспеушілігінен, өндірістік есепті алдын - ала
ұйымдастырмағаннан кәсіпорындар күйреуге ұшырайды. Басқа субъектімен өзара
әрекет тудыру мақсатында өндірістік кәсіпорынға ықпал ететін, өндірістік
есепті алдын - ала ұйымдастыратын менеджмент (басшылық) маңызды рөл
ойнайды. Оның міндеті – өндірістік кәсіпорын жұмысына қолайлы мүмкіндік
іздестіру (тудыру), сондай-ақ оны (кәсіпорын жұмысын) тиімді тәсілмен
ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
Осыған байланысты қаржы қызметі және қаржы менеджменті сияқты аса
маңызды да өзекті мәселелерге, сондай-ақ қаржылық және басқарушылық есепке
үлкен мән беріледі, өйткені бұл жалпылай және оперативтік басшылық үшін
менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді. Оның ішінде атқарымдық
менеджмент шығындарды басқару, әлуетті мүмкіндіктерді даму және оны
субъектінің пайдаға асыруы, шығын калькуляциясы, қаржылық өндірушілікті
қадағалау, басқарушылық шешімді қабылдаудың негізі ретіндегі экономикалық
талдау, стратегиялық есеп (әрекет ету нұсқаларын баламалы ( альтернатива)
таңдау үшін) және басқарушылық бақылау мәселелелерін қарастыру қажет. Бұлар
одан әрі өңдеуді ( жетілдіруді) талап ететін негізгі мәселелер болып
табылады.
Өндірісті жүргізу жағдайында субъект басшысының ұйымдастырушылық
қабілеті - шешім қабылдауда жауапкершілігі артады. Өндірістік кәсіпорынды
тиімді әрі оперативті ұйымдастыру үшін қаржылық есеп беруде келтірілген
ақпарат жеткіліксіз. Сатуға жататын өнімді жоспарлау сомасындағы
басқарушылық шешімді қабылдауға, баға қалыптастыруға, шектеу факторлары
қоса ескерілетін өнім құрылымын анықтауға, бизнеспен күрделі қаржы
жұмсалымдарының құрылымын өзгерту туралы шешуге және басқарушылық есеп
шешуге басқа мәселелерге қажетті әлдеқайда барабар ақпаратты алу
қажеттілігі туады.
Өндірістік есепті ұйымдастыру процесін есепті процеспен
байланыстырады. Сондықтан өндірістік есепті ұйымдастырушы басшылар
ақпараттық қажеттіліктерін анықтап, барып жоспарлау қажет.
Бұл есеп екі аспектіде субъектінің ақпараттық жүйесінің бөлігі
ретінде және басқарушылық шешімді қабылдау, қызметті жоспарлау, оперативтік
басқару мен бақылауға көмектесу, субъект қызметкерлерін межеленген
шараларға ынталандыру, жекелеген бөлімшелерді , басқару апаратын және
жекелеген қызметкерлерді қызметпен қамтамасыз етуді бағалау және талдау
үшін басшылар мен менеджерлерді ақпараттар мен қамтамасыз ету мақсатындағы
қызмет ретінде қарастырылуы керек.
Өндірістік есепті ұйымдастыру мына принциптерге сәйкес
ұйымдастырылады: субъекті үздіксіз қызмет етеді; жоспарлауда және есепте
өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект пен құрылымдық
бөлімшелер қызметінің нәтижелерін және шығынды бағалау әрі талдау; бастапқы
және аралық деректерді жинау, өңдеу және тапсыру процесінде оларды жиі
пайдаланудағы сабақтастық; субъект ішінде коммуникация жүйесін ұйымдастыру;
ақпараттың жеткілікті де талдамалылығы; өндірістік және коммерциялық циклды
аңғартатын кезеңдігі; шығындар мен нәтижелерді сметалық жоспарлау.
Өндірістік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсаттарының әлдеқайда
маңыздысы жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау.
Жоспарлауға субъект қызметінің негізгі мақсаттары бойынша шешім
қабылдау, нәтижелерді болжау және бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әртүрлі
баламалы әдістерді пайдалану кіреді. Бұған қоса есептік кезеңнің
қорытындысын шығару және оны жалпылап талдау жасау. Осыған байланысты
бухгалтер-менеджер өндірістік бюджетті әзірлеу барысында оперативтік
бухгалтерлік есептің қаржылық талдаудың және қаржылық жоспарлаудың
әдістерімен қарулануы керек.
Бақылау талдаушы-бухгалтердің тікелей қатысуымен болады. Есептік
кезеңнің соңында ол әрбір жауапты орталықтардың бюджетті орындау туралы
есеп беруін жасайды және мөлшерден ауытқуды әрі келешекте қайталанбас үшін
оның себебін анықтайды. Бұл есеп берулер бөлімше бастықтарының қызметін
объективті бағалауға мүмкіндік тудырады және компания басшылары мен
менеджерлеріне жоспарлы көрсеткіштен нақты көрсеткіштің барлық алшақтығын
әрі бұл алшақтаудың себебін хабарлау бүгінгі таңдағы басқарушылық шешім
түйсіктік (интуициялық) сипатта қабылданады. Субъекті өзінің өндірістік
және ұйымдастырушылық тәжірибесіне жиі жүгінеді. Шешім қабылдау процессі
субъектінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.
Бұған бастапқы басқарушылық ақпараттарды іріктеу мен таңдаулы шешім
алгоритмі байланысты болады.
Шешім қабылдау баламалы нұсқалардың салыстырмалы бағасын және субъект
шаруашылық қызметінің мақсатында әлдеқайда жоғары деңгейде жауап беретін
оңтайлысын таңдап алуды ұйғарады. Бұл үшін барлық, оның ішінде алдағы
кезеңдегі баламалық нұсқалар бойынша шығындар туралы ақпарат болуы керек.
Есепке кәсіпорын жіберіп алған пайда да кіруі мүмкін. Яғни, кәсіпорынға
пайдасы тиетін нұсқа назарға ілінбей қалуы мүмкін.
Ұйымдастырушылық ақпараттар базасында оперативтік міндеттер
(тапсырмалар) (залалсыздық нүктесінің есебі (расчет, точки, безубы-
точности) , өнімдер ассортиментін оның құрылымын (өнім түрлерін) жос-
парлау, қосымша тапсырмалардан бас тарту немесе алу (тарту), баға белгілеу)
, сондай-ақ ұзақ
мерзімді стратегиялық маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер
(тапсырмалар) (күрделі қаржы жұмсалымы (капиталовложения) туралы , бизнесті
қайта құрылымдау (реструктуризация) туралы, өнімнің жаңа түрлерін игерудің
мақсатқа лайықтылығы туралы) шешіледі. Өндірістік есепті ұйымдастыру әдісі
мен тәсілін қолданып, осыған ұқсас мәселелерді шешуде дұрыс ұсыныс табуға
болады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы
жүргізіледі. Есептің халықаралық жүйесіне көшу қолға алынады, осыған орай
Қазақстандық өндірістік кәсіпорындардың тәжірибесіне қаржылық және
ұйымдастырушылық есепті енгізу үшін нормативті құжаттар әзірленді.
Қазіргі уақытта қаржылық есепті нормативтік реттеудің бес деңгейлі
жүйесі пайда болды:
• заңды деңгей (Азаматтық кодекс, Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы Заң және т.б.);
• бухгалтерлік есеп стандарттары;
• стандарттарға әдістемелік ұсыныс;
• шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты;
• субъектінің алғашқы (жұмыс) құжаттары.
1.2 Өнім өндіру есебі және оның жүйелері.
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың , операцияның өндіріп
шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақы есептеу үшін және
жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне
бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді
еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар
мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызмекерлерге де сандық және
сапалық көрсеткіштердің артығы мен орындалуына қарай жекелеген сыйақы
төленеді. Жекелеген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына
қосымша өнім өндіру негізіне мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы
алады.
Өнім өндіру есебі әрбір өнеркәсіп өндірісінің субъектісінде жұмысшы
қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептелініп төленетін
еңбекақы түріне байланысты. Шаруашылық субъектісіндегі еңбекті ұйымдастыру
көбіне ғылыми техникалық даму деңгейі мен оларды тиімді пайдалануға және
т.б байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау,
механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына септігін
тигізеді. Ғылыми техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін
пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс
автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп
азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техникамен технология өз әсерін
тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы яғни қолданылуы өнім өндіру есебін
ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.
Шаруашылық субъектісінде өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмысты
орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер мен ақпараттар болуы
қажет:
Орындалған жұмыстың аталуына оның қабылданған уақыты яғни күні, айы,
жылы өндірілген өнімнің саны мен көлемі, өнімді өндіру мен жасап шығаруға
кеткен уақыт, орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері
немесе бригада номерлері, цех бөлімшесінің цифрлары және оларға есептелген
еңбекақы түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы-қызметкерлермен есеп
айырысу және өндіріліп шығарылатын өнімдермен істелінетін жұмыстарға
есептелінген төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Халық шаруашылық саласының әртүрлі орындарында яғни шаруашылық
субъектілерінде өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің
есесбін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері
қолданылады.
Оладың ішінде:
1. Жұмысшылар мен қызметкерелерге әрбір операция бойынша істелінген
жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке-жеке
еңбекақы есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша – керекті
мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлерді істеген жұмысына
байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға
болады.
2. Өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстың көлемін ең соңғы операция
немесе ең соңғы өндірілген өнім бойынша есептеу жүйесі. Бұл жүйе
бойынша – бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшы қызметкерлерге бір
жолды және жинақтаушы құжаттарды қолданады.
3. Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе
– инвентарлық жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшы
қызметкерлердің жеке-жеке өндірген өнімнің, істеген жұмысының
көлемінің санын анықтау үшін әр операцияларында кейінгі өндірілмей,
аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің
өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін шаруашылық
субъектісінің техникалық бақылау бөлімі қабылдап санап алғаннан кейін, ол
туралы ақпараттар мәліметтер мен алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл
жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі кесімді жұмыс
наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай яғни басталмай тұрып
толтырылады және жұмысшы қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан
кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны,
көлемі жазылып жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін шаруашылық
субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады.
Шаруашылық субъектісі бойынша өндірілген өнімге, істелінген жұмысқа
күнделікті наряд жазу жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын
қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы
мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған
жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді.
Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді
жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының
орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы
құжаттың санын азайтуға болады. Шаруашылық субъектілерінде өнім өндіру
жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы ғана жазылып қоймай
сонымен қатар өндірілген өнімнің яғни олардың қозғалысын бір операциядан
келесі операцияға ауысуын бақылау және олар үшін толтырылатын құжаттың
санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде
кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина
жасау зауыттарының цехтары мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл
маршруттық карталарда (карточкада) біртектес материалдан дайындалатын
детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық процесстерден өтіп қоймаға
тапсырылған ға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Шаруашылық субъектісінің бақылау бөлімі өндірісте өндірілген,
жасалынып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар
болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді
өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен
бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбәр топтарына бөлек маршруттық карта
жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімнің
саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы
картаға топты яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе
кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының
табелінің номерін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшелерден немесе цехтан екінші
бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны қоса жіберіп
отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық
карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндіріліген
өнімдерге кездесетін ақаулардың қай жұмысшы қызметкерлердің кінәсінен
болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс
жазылуындағы бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналаған. Маршруттық карталар
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуге өз алдына дербес карта
ретінде пайдаланылады.
Ғылыми-техниканың жетілуі мен алға дамуына байланысты өндірісті
саласында жеке және қолмен жасалынатын жұмыстар қысқартылып отырады.
Шаруашылық субъектісінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс
істейтін конвейрлі линияларды енгізу өндіріс процесін ортақтасып орындайтын
жұмысшы қызметкерлердің бүтін топтарын ұйымдастыру қажет етеді. Осыған
байланысты еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады.
Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру ұжымдық еңбекақы есептеу мен
оны төлеу әр операция немесе әрбір жұмыс орны бойынша әр жұмысшы ,
қызметкердің өндірген өнімін есептеу жұмысына қажет болатын көп күш пен
еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты толтырылатын
құжаттардың саны да азаяды. Әрбір жұмысшы мен қызметкерді істеген еңбегң
мен өндірген өнімдерінің саны мен сапасына қарай оларға еңбек ақы есептеу
үшін жұмыскерлер тобының цехтың яғни шаруашылық субъектісіндегі бригадада
өндіріліп шығарылған өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің
есебін алу жеткілікті болады.Өндірілген өнімнің, істелінген жұмыстың ең
соңғы нәтижесі бойынша шаруашылық субъектілердегі жұмысшы-қызметкерлерге
еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімі ең соңғы тексеру операциясынан
өтіп, қоймаға тапсырылған және басы жаққа қоймаға аланбай таратылып
жіберілген яғни басқаларға берілген, сатылған теліп жіберілген дайын
өнімнің, істелінген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептелінеді.
2.1.Өндірістік есептің әдістері мен тәсілдері.
Өндірістік есепті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін үш топқа
бөлуге болатын көп объектілері бар:
1.Өндірістік ресурстар. Ол субъектінің шаруашылық қызметі
процесінде адамдарды мақсатқа сай еңбекпен қамтамасыз етеді. Оған
жататындар:
• негізгі құрал-еңбектің құнын елемейтін, пайдалы қолданылу мерзімі
жылдан асатын еңбек құралы, оның жағдайы және пайдаланылуы;
• материалдық емес активтер- ұзақ мерзімді жұмсалым объектісі, оның жағдайы
және пайдаланылуы;
• материалдық активтер- еңбек құралының көмегімен өндіріс процесінде
өңдеуге арналған еңбек пәні.
2. Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері жиынтығында
субъектінің өндірістік қызметін құрайды. Бұлар:
• дайындау процесі- алу, сақтау, өндірістің шикізатпен, материалдармен,
отынмен, өндірістік жарақтармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз
етілуі, маркетингтік қызмет;
• өндіріс процесі- өнім (жұмыс,қызмет) өндірудің техноло-гиясымен
шарттасылған. Ол шығарылған өнімдерді жетілдіру және жаңаларын әзірлеу
бойынша негізгі және қосалқы операциялардан тұрады;
• қаржылық-өткізушілік қызмет- бұл өнімді өткізу, буып-түю, тасымалдау,
жарнамалау, сапасын арттыру, тұтынушылармен тікелей байланыс орнату
бойынша нарықты қалыптастыратын маркетингтік қызметтер.
Ұйымдастырушылық топ – субъектіні заңды тұлға ретінде , оның
құрылымын, бөлімдерін, қызметін, учаскесін жасау; жоспарлау, бақылау,
жоспардың орындалуын бақылау, ынталандыру, субъектінің мақсатына жетуді
көздеген орындаушылардың әрекеттерін іштей үйлестіру қызметтеріне сәйкес
құрылымдық бөлімшелердің арасында ақпараттық жүйені ұйымдастыру.
Басқарушылық есеп пәніне субъектінің ақпарат жүйесіндегі
басқарушылық есеп объектілерінде көрініс табатын әдістер мен тәсілдер
жиынтығы жатады.
Басқарушылық есептің негізгі әдістері:
• құжаттау- алғашқы құжаттар және басқарушылық есепке
субъектінің өндірістік қызметін толық бейнелеуге кепілдеме
беретін машиналық ақпарат құрылғысы;
• түгендеу- объектінің нақты жағдайын, сондай-ақ есептік
құндардан ауытқуды, ескерілмеген құндылықтардың дерегін,
шығын, кем шығуды, талан-таражды анықтау тәсілі. Ол
құндылықтардың сақталуына ықпал етеді, олардың пайдаланылуын
бақылайды, есептік ақпараттың толықтығы мен шынайылығын
қамтамасыз етеді;
• бағалау, топтау және қорытындылау, бақылау шоттарын пайдалану-
объект туралы мына белгілер бойынша ақпараттарды жинастырады
және жүйелейді:
-өндірістің өзіндік ерекшелігі;
- басқарудың технологиялық және ұйымдастырушылық құрылымы, басқару
жүйесінің мақсатты қызметі.
Топтастырылған ақпарат оперативтік және стратегиялық шешім қабылдауға
керекті қызмет нәтижесін бағалауда пайдаланылады.
Бақылау шоты – бұл есептік кезең операцияларының қорытынды сомасы
бойынша қорытынды шот. Бұл қаржылық және басқарушылық есептердің
байланыстыру буыны (журнал-ордердегі жазумен, материалдық атауы мен
бақылау шоты бойынша жинақтаушы тізімімен хронологиясы сәйкес келуге тиісті
материалдардың қоймалық есеп карточкалары);
• жоспарлау – субъектінің мүмкіндігін нарық жағдайымен
сәйкестендіруге бағытталған үздіксіз циклдік процесс. Ол
болашақтағы проблемаларды шешумен тікелей байланысты;
• мөлшерлеу- барлық ресурс түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз
етуге бағытталған оңтайлы мөлшерлік пен нормативтердің ғылыми
негізделген есебі және шығынды өнімге айналдырудың әлдеқайда
өнімді (ұтымды) жолын іздестіру;
• лимиттеу (шектеу) –қор мен шығын мөлшерлік жүйесіне негізделген
материалдық шығындарды бақылау. Лимит- бұл технологиялық
құжатпен белгіленген және өнім шығарылымының ассортиментіне
қарай әрбір өндірістік бөлімшелерге жоспарланған өнім бірлігіне
кететін ресурстардың шығын нормасы;
• талдау- барлық қалған элементтермен өзара әрекеттеседі, талдау
процесінде жоспарлы тапсырманы орындау бойынша, тиісті
басқарушылық шешімді қабылдауға керекті өндірістік нәтижеде
өзгерістер тудыратын ауытқулар мен себептер бойынша
бөлімшелердің арасындағы өзара тәуелділік пен өзара байланысты
анықтайды;
• бақылау – белгіленген тапсырманы орындауға бағытталған
жоспарлау мен талдаудың аяқтаушы кезең (этап), пайда болған
ауытқуларды ашуға және жоюға мүмкіндік береді.

ықпалы.
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және
басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын
көрсетілгендей , отандық бухгалтерлік теория мен практикада Басқару есебі
ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек
ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз
байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы,
бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау
сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне
байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік
ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге
болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің
жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам
еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды
біріктіреді:
• негізгі құралдар – еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар,
өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы мен пайдалану;
• материалдық емес ресурстар – мерзімінен бұрын қаржы бөлінген
объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар,
тауарлық белгілер және т.б.);
• материалдық ресурстар- еңбек құралдарының көмегімен өндіріс
процесінде өңдеуге арналған еңбек керек жарақтары;
• еңбек ресурстары- кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін
көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек
ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда,
кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды.
Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
• қамтамасыз ету- дайындау;
• өндірістік;
• қаржылық-өткізушілік;
• ұйымдастырушылық.
Бухгалтерлік басқару есебі-есеп процесі мен кәсіпорынды басқару
арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп
аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері бухгалтерлік басқару есебінің ісі
болып шығады.
Жауапкершілік орталығы- шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің
осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер
басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін
анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық
бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегменттері болуы мүмкін), алайда міндетті
түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап
көрсетіледі:
• шығын орталығы;
• кіріс орталығы;
• пайда орталығы;
• инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық
бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
Әрбір шығын орталығы- жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның
басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға
көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл
осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті
сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары
ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған
сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
-берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
-берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз
бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы-жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу
үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымының көтерме
сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті
алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің
міндеті- жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді
кесімді белгілеу.
Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір
уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап
береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz