Үстеме шығыстардың есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ4

1. 1 Кәсіпорындағы өндірістік ақауларды есепке алу4

1. 2 Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы13

ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ16

2. 1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі16

2. 2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі21

ІІІ Әлеуметтік сфераны ұстау мен үстеме шығыстар есебінің ұйымдастырылуы24

3. 1 Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі24

3. 2 Үстеме шығыстардың есебі26

Қорытынды30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі31

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Менің бұл курстық жұмысты таңдау себебім өндірістік шығындар кәсіпорын және мекемелерде болып жатқан өзгерістерді толығымен қарастыру дұрыс деп шештім. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды дұрыс есептеу кәсіпорынның әрі қарай өркендеуіне жалпы экономиканың өркендеуіне көп ықпал етеді. Сонымен қатар өндіріске жұмсалатын шығындардың дұрыс ұйымдастырылуы өнімдердің өзіндік құнын нақты есептелуіне және оны төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан аталған тақырып аса өзектілікке ие болды. Курстық жұмыстың мақсаты болып: кәсіпорындағы өндірістік шығындардың құрылымын бухгалтерлік есепте шығындарды есепке алынудың теориясы мен тәжірибесін зерттеу және өндірістік бухгалтерияның өзара байланысын қарастыру болып табылады. Осы қойылған мақсаттардың орындалуы келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • өндірістік шығындардың құрамын қарастыру
  • өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыруды қарастыру
  • өндірістегі ақаулардың есебін қарастыру
  • қарым-қатынастарын зерттеу.

Курстық жұмыстың обьектісі болып кәсіпорынның негізгі және көмекші өндіріс шығындары табылады. Осы курстық жұмысты орындау барысында: заңдар оқып жұмыста қолдандым.

І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1 Кәсіпорындағы өндірістік ақауларды есепке алу

Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т. б. ) .

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.

Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған) .

Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.

Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі) . Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бакылауды көздейді.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

- шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы - шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т. б. ) ; тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы) ;

- шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша) ; экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы) ; басқа да шығыстар кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:

- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады) ;

- коммерциялық (сатумен байланысты) ;

- әкімшілік (басқару процесімен байланысты) .

Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады:

1 сызбасы. Өндірістің өзіндік құны

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т. б. ) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, еткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 - "Негізгі өндіріс", 8030 - "Көмекші өндіріс", 8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:

"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8010, 8030, 8040 және 95 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8010, 8030, 8040 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

- "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату) " кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (8011 - "Материалдар" бөлімшесі шоттарының кредиті) ; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (4230 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті) ; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (3140 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті) ;

- "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (2420 - "Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті) ;

- "Материалдық емес активтер амортизациясының есебін" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (2410 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті) ;

- "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (8030 - "Көмекші өндірістер" және 3150 -"Әлеуметтік сала" шоттарының кредиті) .

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.

Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары, бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

2 сызбасы. Өндірістік шығындарды есептейді ұйымдастыру

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнін өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептін бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.

Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.

Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",

8020 - "Көмекші өндіріс", 13 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 8010-8030 шоттары дебеттеліп, 8010, 8020, 8030 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010, 8020, 8030 шоттары дебеттеліп, 8010-8030 шоттары кредиттеледі) .

Сонымен, 8010-8030 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.

3 сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының өзара қарым-қатынастары

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

- шығындарға кеткен тікелей материалдар;

- шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;

- үстеме шығыстар.

Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.

Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т. б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.

Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.

Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және баска да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т. б. жатады.

Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (555 б. ) .

- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т. б. өндірістері бойынша) .

- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

- "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.

Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнін сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.

Сапасы жағынан белгіленген стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар (шалафабрикаттар, бөлшектер, жұмыстар) өнім ақауы болып есептелінеді. Ақау былайша жіктеледі:

- ақау байқалған орны бойынша - ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушы анықталған) ақау;

- анықталған ақаулардың сипаты бойынша - түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;

- пайда болу себептері бойынша - өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т. б.

Өндірістегі ақау 950 - "Өндірістегі ақау" деп аталатын шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар "Цехтар бойынша шығындар" ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар "Өндірістегі шығынды есепке алу" ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.

Ақаудың есебін жүргізу үшін 95 шоттар бөлімшесі арналған.

95 бөлімшенің құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:

8031 - "Материалдар", 8040 - "Үстеме шығыстары".

Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.

Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан, осы өнімді сатып алуға байланысты сатып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйьшдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.

Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінөсінен болса онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнынан шегеріліп тасталады.

Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.

Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.

Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ "Ақау туралы актісі" жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған "Ақауды қайта жасау" деген мөртаңбасы (штампы) қойылады Ақау туралы акт төменде келтірілген.

Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.

Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.

Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімінің өзіндік құнына енгізіледі.

Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезенде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.

Анықталған ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жаткызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеме шығындар есебі
Үстеме шығындар
Үстеме шығындар есебі және құрамы
Кірістер мен шығыстар
Дебет 8410 Үстеме шығыстар
Абзорпшен-костинг
Өндірістік және үстеме шығындар есебі
Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау
Функционалдық калькуляция есебі
Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz