Материалдық шығындар есебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ БІРЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ . . . 5-19
1. 1 Өндірістік шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялау бірліктері . . . 5-9
1. 2 Өндірістік шығындар есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау . . . 10-19
2 КАЛЬКУЛЯЦИЯ БАПТАР БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ . . . 20-36
2. 1 Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі . . . 20-23
2. 2 Материалдық шығындар есебі . . . 24-27
2. 3 Үстеме шығындар есебі . . . 28-36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37-39 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40-41
КІРІСПЕ
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
- Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
- Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;
- Негізінде кесімді белгіленетін сипаттағы еңбекақының қайтарымдылыққа (өндірістік) және т. б. сай келеді.
Басқару есептің объектісі болып шығындар және оның бөлек құрылымдық бөлімшелері, шаруашылық қызметінің барлық субъектісінің нәтижесі, ішкі баға белгілеу қолдануға ұсынатын баға, бюджет, болжам жасау және ішкі жауапкершілік жатады. Ең негізгі функция басқару есебінде бұл- калькуляция, яғни экономикалық есеп жүйесінде өзіндік құн бірлігіндегі өндірістің түрлері (жұмыстары, қызметтері) .
Басқару есебінде ең негізгісі болып ол - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өндірістегі шығындар және оның ақшалай түрінде болуы.
Калькуляция дегеніміз - өнімнің өзіндік құнын есептеу, тауар өнімдерінің (жұмыстар, қызметтер) бірлігі. Кәсіпорын жұмысында калькуляцияның маңызы өте зор. Сонымен қатар ішкі резервтерді уақытында орындауға рұқсат береді және өнімнің өзіндік құнын төмендеп кетуін пайдаланады және бәсеке көтеріледі.
Менің курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті , себебі басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу және қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру, яғни өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.
Басқаруға қажетті ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
• басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты негізгі өндірістің шығындарын терең зерттеу, яғни шығындарды оны көтеруші бірліктерге, өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Жұмыстың міндеттері - өндірістің шығындарын терең зерттеу - басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жайында. Ал екінші бөлімде калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындар есебі туралы жазылған.
Жұмыстың қорындысында жалпы кез келген ұйымда, кәсіпорындар мен мекемелерде калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырыла отырып, нәтижесінде ұтымды да маңызды басқарушылық шешімді қабылдау мүмкіндігі уақытында және дұрыс жүргізілуі туралы жазылды.
1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ БІРЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
1. 1 Өндірістік шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялау бірліктері
Калъкуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізгі баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жүмыстарына және т. б. ) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикатық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды [1] .
Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады. Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді және де есепті кезең басында шығындардың агымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т. б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін колданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға карағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығыңдардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.
Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады [2] .
Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе стандарттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай (натуральды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т. б. ) сәйкес келеді.
Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балыктың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т. б. ) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.
Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100%-тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқы штар) .
Құндық бірліктер - көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады (1 нормасағат) .
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т. б. шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тоннакилометр, машинаауысым және т. б. ) [5] .
Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады.
Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.
Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі (өндірістік есеп), калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белігілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объекті тисті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік қүны калькуляциялануы мүмкін.
Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты - өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісішілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын.
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген.
Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
• басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес, тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады [3] .
1. 2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резевтері дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.
Калькуляцияда субьект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін :
- жоспарлы - еңбек шығынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
- есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорындағы тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, элетр энергиясына, жылуға, газға, суға және т. б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
- нормативті калькуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
- жобалық калькуляциялаулар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
- алдын ала жүргізілетін калькуляция - нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық (ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады[5] .
Калькуляция барысында шығын есебінің обьектісі және өнінің өзіндік құнын калькуляциялау обьектісін дұрыс анықтау қажет.
Шығын есебінің обьектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы обьект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің обьектісі мен калькуляциялау обьектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісіне шығын есебінің обьектісі мен калькуляциялау обьектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.
Калькуляциялау обьектісі - кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау обьектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің обьектісі - ірі қара мал, ал калькуляциялану обьектісі - сүт, төл, көң) .
Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өнімдері және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.
Шығынды шығарып тастау әдісі - мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынган шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс - негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэффициенттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.
Кезеңдер:
• кешенді шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;
• шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;
• шығынның қалдығы белгіленген коэффициенттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;
• тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.
Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.
Тапсырыстық әдіс - технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.
Барлық тікелей шығындар жекелеген тапсырыстар бойынша шығын номенклатурасында белгіленген разрядта ескеріледі. Барлық қалған шығындар пайда болған орны бойынша ескеріліп, бөлу базасымен белгіленгенге сәйкес тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.
Жеке тапсырыс шығын есебі мен калькуляциялаудың объектісі болып табылады. Тапсырыстар бір бұйымға жеке (дара), ал ұсақ сериялы өндірісте бірнеше бұймдарға келіп түседі (немесе ашылады) .
Есептің тапсырыстық әдісіне мына ерекшеліктер тән:
• тапсырыстар бойынша шығындарды қорытындылау (жалпылау) ;
• тапсырысты орындау барысында оны есептен шығару;
• тапсырыстар есебінің карточкасын жүргізу, сондай-ақ жанама шығынды жекелеген тапсырыстарға бөлу аса қажет [3] .
Бұл әдіс екі элементтен тұратын шартты түрде дайын болған, толық аяқталмай өнделген өнімді қайта санауға мүмкіндік тудырады: есептік кезенде және сол кезеңде аяқталмаған өндірістегі шығынды көрсететін элемент.
Шығындарды калькуляциялауды әдістермен жүзеге асыруға болады: ФИФО - өнім бірлігін өңдеу өңдеуге жаңа өнімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады; кезең барысында өнім бірлігінің орташалау - қоры есептік кезеңнің шегінде басталып аяқталды.
Шығынның жиынтық есебі шығын есебінің нұсқаларының біреуімен және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаумен жүзеге асырылады: • жартылай өңделген өнімсіз (бесполуфабрикатный) - оны бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне тапсыру кезінде өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны бухгалтерлік қайта есептеусіз жүргізіледі. Жартылай дайындалған өнімнің бақылау қозғалысы нақты мағынасында (в натуральном выражении) оперативті жүзеге асырылады. Дайындауға кететін шығын шығын баптарында ескеріледі. Үстемеленген шығындар әрбір қайта жасау бойынша көрініс табады, ал шикізат құны бірінші қайта жасаудың өзіндік құнына қосылады. Өнім бірлігін өндіруге кететін шығынның жиынтық есебі өндіріс процесіндегі олардың қатысу үлестерін ескеру арқылы қайта жасаулардың шығындарын жиынтықтаумен анықталады;
• жартылай өңделген өнімдік (полуфабрикатный) - бухгалтерлік есеп жүйесінде келесі қайта жасауға тапсыруда өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құнын қайта есептеумен жүргізіледі. Өндіріс шығынының жиынтық есебі өнімді әрбір қайта жасаумен шығару бойынша анықталады, сонымен бірге, келесі қайта жасауга тапсырылатын өнім тұтас ұйым бойынша және құрылымдық бөлімше бойынша бір мезгілде калькуляцияланады [6] .
Кесте-1 Жартылай дайындалған өнімдік нұсқада есептік жазбалар былайша жүргізіледі:
8020 «1-ші цехтың жартылай
өнделген өнімі»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz