Алдағы кезең шығыстарын есепке алудың негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.

Фирмамен келісімге қол қою жағдайымен бухгалтер бақылауында болатын болашақ мүмкін пайда бекітіледі. Тек бухгалтер ғана жағдайдың, фирма актив ретінде көрінісінде, толық немесе толық емес маңызы барын анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық операцияның біткенін білдіреді.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты - кәсiпорынның алдағы кезең шығындарының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

мазмұны

кіріспе . . . 3

1 нарықтық экономика жағдайындағы Алдағы кезең шығыстарын есепке алудың негіздері

1. 1 Алдағы кезеңдердің шығыстары есебінің ұғымы, маңызы . . . 5

1. 2 Дебиторлық қарыздардың есебі . . . 9

2 кәсіпорындағы Алдағы кезеңдердің шығыстарын есепке алуды ұйымдастыру (««Омега Люкс» ЖШС мысалында)

2. 1 «Омега Люкс» ЖШС операцияларының синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 12

2. 2 «Омега Люкс» ЖШС алдағы кезеңдердің шығыстарын есепке алуды ұйымдастыруы . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

кіріспе

Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993 жылы бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есепті дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды. Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарын зерттеудің жолдарын таңдау жөнінде, ұлттық заңдылықтың өтпелі экономикасынының және еспті жүргізудің қалыптасқан тәжірибесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып ұлттық стандарттар жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін дайындау процесі 2 жылдан астам уақытты алды. Ал 1995 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Қаулыға [1] қол қойды. Ол есеп жүйесін, Қазақстанның резиденттері болып табылатын, сонымен қатар филиалдардың және Қазақстан Республикасында тіркелген бейрезиденттердің өкілеттіліктерінің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны құрусыз жүргізетін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ішкі бақылау және сыртқы аудит талаптарын анықтап берді.

Бухгалтерлік есеп реформасының мақсаттарының бірі мемлекеттің активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды басқарудың қайсібір тәсілдерін меншік иесіне (басқарушыға) беру [3] . Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін іске қосу Қазақстан экономикасын шетелдік және отандық инвестициялар үшін ашық етеді. Жаңалықтармен бірге бухгалтерлік қызметтің жаңа бағыттары да пайда болды. Бухгалтер бұрындары кәсіпорында жалданып жұмыс істейтін жұмысшы болды, ол бухгалтерлік есептің әр түрлі сұрақтары бойынша кеңес беретін, салық салу және аудиторлық тексерулерді жүргізу бойынша тәуелсіз бухгалтерлік қызметпен айналыса отырып өз қызметін ұсынды. Осының бәрі есепшінің кәсібін маңызды етеді, сонымен қатар нарық жағдайындағы есептің ролін арттырады.

Есепке алу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нық, жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес.

Бухгалтерлік есеп мәліметтерінің ұлттық стандарттарына сәйкес жасалуы нәтижесінде пайдаланушыларға сенімді баланспен басқа да қаржылық есеп беру үлгілерін беретін «қаржы бухгалтериясы» деп алатын, бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру мәселесі біршама қамтылған.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек ұжымдары шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

Қазіргі кезде кәсіпорынның алдағы кезең шығындарының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның алдағы кезең шығындарының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Сондықтан менiң курстық жұмысымның мақсаты - кәсiпорынның алдағы кезең шығындарының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

1 нарықтық экономика жағдайындағы Алдағы кезеңдердің шығыстарын есепке алудың негіздері

1. 1 Алдағы кезеңдердің шығыстары есебінің ұғымы, маңызы

Борышкер, дебитор (латын «debitum» сөзінен -борыш, міндеттеме дегенді білдіреді) екі немесе одан да көп тұлғалардың арасындағы мүліктік байланыстың азаматтық-құқықтық міндетемесінің бір жағы.

Дебиторлық қарыз - басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың кәсіпорынға арналған қарыз сомасы. Нақты емес есеп беру жүйесінде дебиторлық қарыздың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық іскерлігінің объективті процесін көрсетеді.

Дебиторлық қарыздың құрылу сипаты бойынша жақсы және анықталмаған болып бөлінеді. Кәсіпорынның жақсы қарызы, не кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын орындау жолымен, сонымен қатар, есеп берудің әрекет етуші формаларымен негізделгендер жатады. Анықталмаған дебиторлық қарызға есеп беруді жүргізу кезінде жетіспеушіліктері бар болуы, есеп беруші қаржы тәртібін бұзылуы, материалдық құқықтарды шығаруда бақылаудың әлсіреуі, жетіспеушіліктер мен тонаушылықтардың пайда болуы нәтижесінде пайда болғандар жатады.

Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.

Фирмамен келісімге қол қою жағдайымен бухгалтер бақылауында болатын болашақ мүмкін пайда бекітіледі. Тек бухгалтер ғана жағдайдың, фирма актив ретінде көрінісінде, толық немесе толық емес маңызы барын анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық операцияның біткенін білдіреді. Егер бір жыл ішінде сома алынбаса, ағымдағы активтерге дебиторлық қарыз толық қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді активтар құрамында 1 жылдан аса саналатын дебиторлық қарыз «дебиторлық қарыз» мақаласына қосылуы мүмкін.

Шаруашылықтың жоспарлы-әкімшілік жүйесінде, сонымен қатар 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасында әрекет еткен бухгалтерлік есеп жүйесінде активі кәсіпорынға ие барлық шаруашылық құралдар деп қарастырады. Қазақстанның қазіргі есебіне сәйкес өзінділігі-активтер болашақта табысқа айналатын, шығындардың белгілі мөлшері болып табылады. Бұдан активке салынған шығындар қалай анықталатыны, сонымен қатар дебиторлық қарызды қарастыру қажеттігі туындалады. Осымен байланысты бухгалтерлік есепте ақша төлемеу, керісінше осы төлемдерге құқықтық пайда болуы табыс болып саналады. Сонымен бірге, берілген есеп беру кезеңіндегі табыстар шығындармен сәйкес болу керек.

Қазіргі кезде дебиторлық қарыздың халықаралық есеп жүйесіне өтумен байланысы келесі түрлерін бөледі: сатып алушы және тапсырыс беруші дебиторлық борыш, тәуелді бірлестік, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар, басқа да дебиторлық қарыз, болашақ кезеңдердің шығындары, берілген аванс бойынша дебиторлық қарыз.

Шаруашылық қызметінің барыснда кәсіпорындарда келесі есептік кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша, жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарда құрау және жана кәсіпоырндарды игеру бойынша (іске қосу шығындары) ; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының есебінен жасалатын жалға берліген негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізген кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.

Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды. Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан - синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды. Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»,

2-бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»,

3-бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,

4-бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,

5-бөлім - «Капитал мен резервтер»,

6-бөлім - «Кірістер»,

7-бөлім - «Шығыстар»,

8-бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары».

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы, еңбек заттары өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысады және олардың құнын өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның өзіндік құнына кіреді

Алдағы кезеңдердің шығыстарын есепке алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 2007 жылы бекітілген «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына» сәйкес 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотында жүргізіледі.

Халықаралық стандарттар бойынша есепке алдағы кезең шығыстары қысқа мерзімді 1600 - «Өзге қысқа мерзімді активтер» бөлімінің (1620 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары») және ұзақ мерзімді 2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімінің (2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары») шотында жүргізіледі.

1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

1620 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т. б. ) есепке алынады;

2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады

Алдағы уақыттың есебіне жатанын шығындарының аналитикалық (талдамалық) есебі шығынның әр түрі (тобы) бойынша келешек кезең шығындарын есепке алу трізімдемесінде немесе тиісті машинаграммада жүргізіледі.

1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» және 2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары» кестеде келтірілген шоттармен корреспонденцияланады

Шаруашылық есеп айырысу іскерлігінің прцесінде әрбір кәсіпорында өндіріс шығындарына қосылатын шығындар туындайды. Бұларға келесі шығындар жатады:

-өнеркәсіптің мерзімдік салаларында жұмысты жұмысты жасуға дайындықтар бойынша;

-жаңа өндіріс; цех, агрегаттар мен кәсіпорындарды игеру бойынша ;

-өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеру;

-дайындық жұмыстары бойынша ;

-арендаға алынған негізгі құралдарды жөндеу бойынша ; техникалық әдебиет, газет; т. б.

Кесте 1- 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» және 2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары» кестеде келтірілген шоттармен корреспонденциясы

2420 - «Негізгі құралдардың амортизациясы»1310 - «Шикізат және материалдар»1350 - «Өзге қорлар»1350 - «Өзге қорлар»1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты»1040 - «Карт-шоттардағы ақша қаражаты»1010 - «Кассадағы ақша қаражаты»3140 - «Акциздер»3350 - «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»3390 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»3540 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»4430 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер»8300 «Көмекші өндірістер»:

2420 - «Негізгі құралдардың амортизациясы»

1310 - «Шикізат және материалдар»

1350 - «Өзге қорлар»

1350 - «Өзге қорлар»

1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты»

1040 - «Карт-шоттардағы ақша қаражаты»

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты»

3140 - «Акциздер»

3350 - «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»

4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»

3390 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

3540 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»

4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»

4430 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер»

8300 «Көмекші өндірістер»

2410 - «Негізгі құралдар»7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»7200 «Әкімшілік шығыстар»7440 - «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар»8100 - «Негізгі өндіріс»;8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;8300 - «Көмекші өндірістер»;8400 - «Жүкқұжат шығыстары».:

2410 - «Негізгі құралдар»

7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»

7200 «Әкімшілік шығыстар»

7440 - «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар»

8100 - «Негізгі өндіріс»;

8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;

8300 - «Көмекші өндірістер»;

8400 - «Жүкқұжат шығыстары».

№ 10 журнал-ордер өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірісіне шығындарды, кезең шығыстарын есепке алуға арналған. Журнал-ордерге жазбалар үшін негіздеме № 10 журнал-ордерге ведомостің деректері болып табылады.

Журнал-ордер үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Есептік кезеңнің шығындары» бөлімі 2740 «Өзге де материалдық емес активтердің амортизациясы», 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы», 1300 "Қорлар", 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв», 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 3310 «Берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», 4110 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4170 «Өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттары топтарының кредиті бойынша болатын операцияларды есепке алуға және басқа да есептік кезең шығындары есебінің шоттарымен өзара байланысына арналған.

В-8 нысаны бойынша ведомость V «Капитал және резервтер» бөлімі шоттарының топтарында және 1280 «Өзгелей қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар», 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері», 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер», 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар», 3390 «Өзгелей қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3350 «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді берешек» қоспағанда), 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» шоттарының топтарында ескерілетін операцияларды есепке алуға арналған.

Шоттардың бірнеше бухгалтерлік топтарында ескерілетін операцияларды көрсету үшін ведомостің бір бланкісін пайдаланған кезде олардың әрқайсысына ведомосте қажетті жол саны енгізіледі және «Негіздеме» деген бағанда шоттар топтарының саны және оның атауы жазылады.

Активті және пассивті шот топтарына бөлуді ескере отырып, ведомость ашқан кезде пассив шоттар бойынша есепті кезеңнің басындағы қалдықтың кредиттелуі, ал активті шоттар бойынша дебеттелуі қажеттігін ескеру қажет.

Есепті кезеңнің соңында ведомосте есепті кезеңнің соңындағы сальдо шығарылады, ол содан кейін В-13 нысанындағы жиынтық ведомоске (жеке кәсіпкерлер үшін) және В-14 нысанына (басқа субъектілер үшін) және келесі есепті кезеңде ашылатын ведомоске көшіріледі.

1. 2 Дебиторлық қарыздардың есебі

Дебиторлық қарыз - айналым капиталының маңызды компаненті. Егерде бір кәсіпорын келесі кәсіпорынға товар сатса, онда сатылған тауардың құны бірден төмендейді. Дебиторлық қарыз иемденуге құқы барзаңды құқықтармен байланысты кәсіпорын активтері болып табылады.

Жалпы активті мүлік, құндық бағасы бар, мүлікшілік және субъект құқығы деп түсінеміз. Активке айналған болашақ экономикалық пайдалылық -субъектінің ақшалай қорлар ағымына потенциалды, тікелей және жанама салымдар болып табылады. Сонымен бірге, дебиторлық қарыз - бұл активке айналған және иемденуге құқы бар, заңды құқықтармен байланысты болашақ экономикалық пайда.

Дебиторлық қарыз активінің негізгі 3 сипаттамасы бар:

- ақшалай құралдардың өсімін тікелей және жанама құруға қабілеттілікті қамтамассыз ететін, болашақ пайданы туындатады.

-активтер шаруашылық субъект басқаратын ресурстар болып табылады. Сонымен бірге, пайда немесе потенциалды қызмет көрсетулер заңды немесе оны алу мүмкіндіктеріне заңды дәлел қажет. Активті сату фактісінің көрінісінде сатушыда дебиторлық қарыз құрылады. Сату-сатып алу келісімі болашақ мүмкін пайданы анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ та, егер сатып алушы дебиторлық қарызды жабуға белгілі бір сома салса, онда сатушы ресурстарға, яғни потенциалды түсімдерге бақылауын жоғалтады, осының нәтижесінде актив болудан қалады;

- активтерге болашақта алынатын, бірақ қазір кәсіпорынның бақылауында болмайтын пайда жатпайды. Сонымен бірге, сол немесе басқа шаруашылық операция болатын жөнінде бухгалтердің шешімі кілтті кезең болып табылады.

Дебиторлық қарыздардың есебі 1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» және 2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шоттарында жүргізіледі.

1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1610 - «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;

1620 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т. б. ) есепке алынады;

2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2910 - «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;

2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;

2930 - «Аяқталмаған құрылыс», онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:

негізгі құралдарды салуға байланысты;

келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;

2940 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.

Дебиторлық қарызға байланысты келесі бухгалтерлік жазбалар беріледі:

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» құрғанда:

дебет 7200 «Әкімшілік шығыстар»

кредит 1290 - «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша.

7200 - «Әкімшілік шығыстар», онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі

1290 - «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

Күмәнді талаптар бойынша құрылған резерв есебінен дебиторлық қарызды есептен шығарғанда келесі бухгалтерлік жазбалар беріледі:

дебет 1290 - «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша.

кредит 1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек және 2180 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек».

Алынған вексель, заем немесе несие бойынша сыйақы сомасын белгілеген кезде келесі бухгалтерлік жазбалар беріледі:

дебет 1270 - «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар» және 2170 - «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар»

кредит 6120 - «Дивидендтер бойынша кірістер» және 6110- «Сыйақылар бойынша кірістер»,

1270 - «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар: акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

2170 - «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезең шығындарының есебі
Әкімшілік шығыстар есебі
Аудит даму кезеңдері
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері туралы
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Дебиторлық және кредиторлық қарыздарыдың аудитін ұйымдастырылуының ерекшеліктеріндегі проблемаларды айқындау
Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Дебиторлық қарыздар бойынша берiлген аванс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz