Комиссиондық бастамада тауар сату операцияларының есебі және құжат айналымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

Кіріспе . . . 31 саудадағы басқа да тауарлы операцияларының жалпы сипаттамасы

1. 1 Саудадағы сатып алынған тауарларды өткізудің жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 2 Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау . . . 15

2 Саудадағы басқа да тауарлы операциялардың есебі

2. 1 Бартерлі операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі және құжат айналымы . . . 24

2. 2 Комиссиондық бастамада тауар сату операцияларының есебі және құжат айналымы . . . 25

2. 3 Консигнацияға берілетін тауарларды сатудың синтетикалық және аналитикалық есебі және құжат айналымы . . . 27

3 саудадағы басқа да тауарлы операцияларының есебін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында кәсіпорындардың капиталы маңызды экономикалық категория ретінде қарастырылып, бухгалтерлік есептің салыстырмалы түрде алғандағы жаңа объектілерінің бірі болып отыр. Кәсіпорынның меншікті капиталының негізін оның құрылтай құжаттарында тіркелген жарғылық капиталы құрайды. Жарғылық капитал кез келген заңды тұлғаның өз қызметін жүзеге асыруындағы қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда шет елдік компаниялармен бірлесіп өз қызметін жүзеге асыратын отандақ кәсіпорындардың басшылары мен басқарушылары өз есептемелерінің халықаралық стандарттарға сай құрылуына деген қажеттілікті мойындап отыр. Бухгалтерлік есеп пен есептемелердің стандарттарын жасау және оны енгізу жұмыстары экономикасы дамыған өркениетті мемлекеттердің барлығында жүзеге асырылуда. Стандартты енгізу көптеген факторлардың әсеріне тәуелді болып, бірқатар проблемалар туындатуда. Ұлттық стандарттарды жасау мен оны отандық тәжірибеде қолданудың негізгі үйлестірушісі Халықаралық Бухгалтерлік Стандарттарын енгізумен айналысатын Комитет болып табылады (ҚЕХСК) .

Ұлттық стандарттарды жасау мен оны отандық тәжірибеде қолданудың маңыздылығы күн сайын артып, шешімін табуды талап ететін өзекті мәселеге айналып отыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін меншікті капиталдың құрамында маңызды рөл атқаратын қосымша капитал мен резервтік капитал, кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы және басқа да резервтердің болуы қажет. Капиталдың осы аталған құрылымдық бөліктері кәсіпорын активтерінің меншікті қаржы көздерінің өсімінің әсерінен қаншалықты ұлғайғанын көрсетіп отырады. Осы орайда кәсіпорынның жарғылық, резервтік, қосымша капиталдарын есепке алу мәселелері де өзекті болып табылады.

Экономиканық барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты - сауда кәсіпорынның өнімді өткізумен байланысты шығындарының бухгалтерлік есебін кәсіпорын тұрғысынан зерттеу және оның тиімді жолдарын қарастырып, тиімді ұсыныстар жасау.

Зерттеу барысында берілген мақсаттарға жету үшін келесілерді қарастыру қажет:

- өндіріс және сату бойынша шығындардың бухгалтерлік есебін реттейтін бастапқы нормативтерге талдау жасау;

- өнімді өткізумен байланысты шығындардың құрамын карастыру;

  • ондағы бухгалтерлік есептік реттілігі мен өнімнің өзіндік құрамын талдау;
  • өнімді өндірумен және өткізумен байланысты операцияларға талдау жасау;
  • зерттелетін кәсіпорынға қысқаша сипаттама беріледі және саудаоперацияларының аудиті жүргізіледі.

1 саудадағы сатып алынған тауарларды өткізудің есебі мен бағалануын ұйымдастыру

1. 1 Саудадағы сатып алынған тауарларды өткізудің жалпы сипаттамасы

Өнiм өндiрушi кәсiпорындардың өндiрiлген өнiмдердi сату жөнiндегi операциялар жиынтығы әткізу процесi болып табылады. Өндiрiлген өнiм басқа кәсiпорындарға сатылады, ал сатып алушы кәсiпорын өндiрушi кәсiпорынға тиiстi баға бойынша ақшасын төлейдi. Нарық экономикасына байланысты бағаның көптеген түрлерi қолданылады. Сондықтан да сатып берушi мен сатып алушылар арасында екi жаққа да ұтымды келiсiм-шарт жасалынып, осы шарттағы шаралар бойынша сату процесi iске асырылады. Келiсiм-шарттың баптарында сатылған өнiмнiң көлемi, мерзiмi, бағасы, есеп айырысудың түрi, шарт бұзушыларға қолданылатын шара, т. с. с. көрсеткiштер болады.

Дайын өнiмдер арнайы жоспарға және мерзiм бойынша келiсiм-шартпен қамтамасыз етiлген шараларға сай сатылады. Сату процесiнiң бастапқы кезеңi дайын өнiмдердi сатып алушыға қарай жөнелтiп, тиеп жiберген уақыттан басталады. Дайын өнiмдердi сатуға жiберiлген мерзiмнен, бұл өнiмдер үшiн төленетiн қаражаттарының уақыты бiрдей кезеңге сай келмейдi. Сондықтан сатушы кәсiпорынға сатып алушы кәсiпорындық ақша қаражаты келiп түскенге дейiн жөнелтiлген өнiмдердi өндiрушi кәсiпорындардың меншiгi ретiнде есепте тұрады. Ол үшiн бухгалтерлiк есеп шотында «Жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар мен қызметтер» деп аталатын арнайы шот берiлген.

Сатып алушыларға жөнелтiлген өнiмдер үшiн кәсiпорынның есеп айырысу шотында ақша қаражаты келiп түссе, бұл өнiмдердi сатылған өнiмдер деп атайды. Өнiм қоюшы және сатып алушы кәсiпорындар арасындағы келiсiм-шартқа және жоспарлы төлемдердiң орындалуына сай дайын өнiмдер жөнелтiлген өнiмдердiң құнын сатылған өнiмдердiң жалпы көлемiне қосуға болмайды. Сондай-ақ, ақшасы төленiп, кәсiпорынның жауапкершiлiгiнде сақтауға қалдырылған өнiмдер де сатылған өнiмдер құрамына кiрмейдi.

Кәсiпорындардың дайындау процесiнде басталған қаржы айналымының айналысы дайын өнiмдердi сатқан кезде аяқталады. Сату процесiнiң мерзiмi мен шапшаңдығы айналым қорларының айналысына тiкелей әсер етедi. Сондықтан өнiм өндiрушi әрбiр кәсiпорын өз өнiмдерiн тез арада жөнелтiп, сату үшiн шаралар белгiленуi қажет. Өнiмдердiң дер кезiнде сатылуының нәтижесiнде қор айналысы шапшаңдап, кәспорынның қаржы жағдайын жақсартады. Өнiмдердi тез арада жөнелту, сатылатын орындарды белгiлеу, есеп айырысудың тиiмдi жолдарын қолдану, таза пайда табудың тиiмдi әдiстерiн пайдалану әрбiр өнiм өндiрушi кәсiпорындардың мақсаты болып табылады. Өз уақытында өнiм өндiрiп, бұлардың сапасы бұзылмай тұрғанда саудалап-сату арқылы аяқталмаған өндiрiстi iске асырады, тұтыну заттарының ассортиментi жақсарады, қоймалардағы қажеттi заттарға өз мәнiнде шек қойылады. Тауар өткiзу немесе сауда-саттық iсi тауар өндiрумен шаруашылық жарыса жүретiн байырғы кәсiп түрлерiне жатады. Алып-сату процесi еңбек бөлiсi заңдылығына қарай бейiмделiп, дербес әрекет етедi. Тауар өткiзу өндiрiс процесiнiң нәтижесiн жүзеге асыратын кәсiп ретiнде көрiнедi. Дәлiрек айтқанда, ол тауарды тұтынушы ортаға жеткiзу iсiнде шешушi роль атқару арқылы өндiрiс кәсiбiнiң тағдырына тiкелей қатысты болады. Тауар саудасы өндiрiс процесiнiң даму қарқыны мен деңгейiне және көлемiне, сонымен қатар, сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпына, яғни нарықтық конъюктураның тауармен толықтырылу деңгейiне байланысты көлем мен сапа жағынан ғана емес, өзiнiң маңыздылығы жағынан үнемi өзгерiп отырады. Осылайша сұраныстың ұсыныстан басым түсуi - тауар жетпеуi және тауарлық игiлiктердi жоспар арқылы бөлу оның атқаратын қызметi тек тауар қозғалысы мен оны жеткiзудi қадағалау ауқымында ғана қалады.

Тауар өткiзу жүйесi тауар молшылығы немесе нарықтық экономиканың әдбен орныққан, тауар таңдап алу үшiн кең мүмкiндiк жасалынған кезде, тауар сатушының тұтынушының өз жағына тарту жолында өз бәсекелестерiмен күреске түскен немесе әзiр тұрған жағдайында күшiне енедi.

Бәсекенiң тауар өндiру және оны сату барысында пайда болатыны белгiлi. Ал, бәсеке жағдайында жетекшi орын тауар өткiзу процесiне тән болады. Бәсеке барысында тауар түрлерiнiң сәттi таңдалып алынғаны сол тауарды сатқан кезде ғана дәлелденетiн болады. Тiптi, таңдаулы тауар өндiрiлген күннiң өзiнде де, бұл тауар сауда бәсекесi жағдайында нарық конъюктурасының немесе бағаның өзгеруiне байланысты өтпей қалып, өндiрiс көздеген мақсатына қол жеткiзе алмауы мүмкiн. Демек, өндiрiстiң табыстылығы қашанда өз тауарының өтiмдiлiгiне байланысты. Ал, тауар өткiзу iсiнiң нәтижелiк деңгейi өндiрiстiң нарықты тереңдей сегменттеуге негiзделуiне тәуелдi болады.

Қоғам тауар алмаспай тұра алмайды. Өйткенi адам бар жерде бiрдеңеге қажеттiлiк те бар. Ешбiр өндiрiлмейтiн жағдай қалыптасқанның өзiнде, әлдененi сатып алмай немесе сатуға ұсынбай өмiр сүру қиын. Олай болса, материалдық тауар жоқ жерде - адам еңбегi оның бойындағы қабiлет-дарын тауарға айналады немесе сол қажеттiлiк мұқтаждыққа алмастырылады. Мiне, тап осы жағдайда сауда-саттық тауар өндiрiсiнiң ырқынан шығып, адам игiлiгi үшiн өз бетiмен қызмет ете бастайды, яғни тәуелсiздiк нышанын танытады.

Өндiрiс тауар алмасуынсыз өз маңызын жояды дей тұра, екi арадағы табиғи байланыстың мәнiн кемiтуге болмайды. Ол шешушi межеге тауар ұсынысы сұраныс қарқынынан басым түскен кезде ғана қол жеткiзе алады. Сұраныстың өсуi көп ретте табиғи ситуацияға, ал технологияның дамуы ғылыми-техникалық жетiстiктерге байланысты болады. Демек, бұл өзара салыстыруға келмейтiн уақиғалардың өрбуi себептi көп жерде олардың арасында сәйкестiктiң болмауы - объективтiк заңдылық. Осылайша тауар өндiрiсiнiң тұтынудан басым түсуi тенденциясының барған сайын арта түсуi тауар өткiзу проблемасын күрделендiре бередi. Мұның ақыры қажеттi мөлшерден артық өндiрiлген тауарлардың дағдарысын жақындата түсiрерi сөзсiз. Бiрақ, бұл проблеманы шешудiң соңғы кезеңi емес. Өйткенi жинақталған тәжiрибе мен қолда бар озат технологияның дамуы үстiнде тауар артықшылығы дағдарысы не ұзаққа созылады немесе бұл жағдай жиi-жиi қайталанып, технологияның даму қарқынын iркiп отырады.

Тауар өткiзу немесе коммерциялық әрекеттер, бiр жағынан, халық қажеттiлiгiн өтеудiң негiзi бола отырып, екiншi жағынан, ол қоғам дамуындағы барған сайын шиеленiсiп келе жатқан проблемаға айналуы себептi маркетингтiк зерттеулер мен шешiмдерге зәрулiк танытуда.

Тауарды дер кезiнде, алдын ала белгiленген көлем мен сапа бойынша өзiне тиесiлi орынға жалғастыра бiлу - бiр жолғы немесе бiр жақты шешiле қоятын мәселе емес. Тауар табыстылығы өндiрiс процестерiнiң барысында алдын ала анықталатын болуы керек. Ал, оның келесi кезеңдерiнiң нәтижелiлiгi: нарықта қалыптасқан бәсеке мен баға деңгейiнде, тұтынушылардың мүмкiндiктерiне, яғни сигмент сенiмдiлiгiне, тауар өткiзудi ынталандыру шараларының дұрыстығына делдал фирмалардың iскерлiгiне, т. б. байланысты. Сол себептi тауар өткiзу проблемасы тап осы аталған мәселелердi кешендi түрде талап ететiн аса жауапты жұмыс болып табылады.

Тауар сату проблемаларының маңыздылығын жете түсiнетiн елдерде бұл саланың қызметкерлерiне айрықша көңiл бөлiнедi. Олардың заттарын тауар өткiзу бойынша жүргiзiлетiн коммерциялық жұмыстарға творчестволық тұрғыдан қарайтын потенциалдық тауар алушыларды iздестiру iсiнде тәжiрибесi мол, сондай-ақ, сатылатын тауар ассортименттерi жөнiнде жан-жақты техникалық бiлiмi бар жоғары дәрежелi мамандармен толықтырылып отыруын басты назарда ұстайды.

Тауар өткiзу - сауда-саттыққа қатысты қызмет көрсетудiң, өндiрiс пен тұтыну өрiстерi арасындағы мүдделi мақсаттары ерiктi қатынастар негiзiнде жүзеге асырудың кеңейтiлген жүйесi болып есептелiнедi. Тауар өндiрушiлер мен тауар пайдаланушылар арасында олардың кәсiби ерекшелiктерiне сәйкес iзгi ниеттiлiкпен бiрге, сәйкессiздiктер де орын алады. Бұлар: бiрiншi жақтың өндiрген тауарының көлемi мен сапасының- екiншi жақтың тұтыну талаптарынан айырмашылықтары, тауар өндiру және оны сатып алудағы мүдде алшақтықтары, т. б. Ал, осыларды өзара үйлестiре отырып, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынастарды жалғастыру тауар өткiзу жүйесiне тән еңбектiң жемiсi болып табылады. Сондықтан тауар өткiзу қызметi кез келген өнiмнiң дайын қалпында нарыққа түсуi кезiнен бастап, оны тұтынушы сатып алуынан - соңғы қызмет көрсету процесi бiткенге дейiнгi уақытта iстелген әрекеттiң жиынтығы деп аталады. Тауар өткiзу қызметi тауардың айналымға түсетiн жалпы тұтынатын түрiне немесе оның өндiрiс процесiнде қолданылатынына немесе ауыл шаруашылық өнiмдерi екенiне қарамастан, көп ретте қажеттi аралық кезең болып есептеледi. Тауар өткiзу саясатының басты мiндетi - ұтымды тауар қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл мiндеттердiң құрамына: өндiрiлген өнiмдердi өткiзу мекемелерiн ұйымдастыру, көтерме және бөлшек сауда дүкендерiн ашып, тауар сақтау қоймаларын, техникалық қызмет көрсету пункттерiн салу, тауарды тасымалдау бағыттарын белгiлеу және оны ұйымдастыру, т. б. кiредi. Тауар өткiзу жүйесiне: сауда-саттық келiсiмдерiн дайындау және жүргiзу, келiсiм-шарттар жасау мен оның орындалуын бақылап отыратын коммерциялық жұмыстар да жатады.

Сауда-экономиканың сезiмтал элементi. әр түрлi нарықтық қарым-қатынастар, конъюктуралық тербелiстер баға саясатындағы өзгерiстер сауда жүйесi арқылы өндiрiстен тұтыну процестерiне жеткiзiлiп, оларға әсерiн тигiзедi.

Сауда - өндiрiс пен тұтынуды уақыт талабына орай үйлестiруге күш салатын күрделi жүйе. Тауарлардың айналым көлемдерiне және тауар қозғалысындағы маңыздылығына қарай бөлшек және көтерме сауда түолерi бөлiнiп шығады.

Бөлшек сауда тауардың қай жерде, қашан және қандай әдiспен сатылғанына қарамастан, оны тiкелей тұтынушыға жеткiзу жүйесi болып табылады. Бұдан басқа ешбiр мекеме ондай дәрежеде тауар алушылардың мән-мұқтажына етене жақын тұрмайды. Бөлшек сауда күнделiктi және болашақтағы тауар тұтынуға қатысты тенденцияларды да тереңiрек түсiнуге көмегiн тигiзедi. Сауда саласында қандай да бiр өзгерiс болсын, ол алғашқыда бөлшек саудаға әрбiр соқпай өтпейдi. Сондықтан бөлшек сауда жүйесi мұндай өзгерiстерге алдын ала әзiрлiк танытып, соған байланысты туындайтын проблемаларды шешудiң әдiс-тәсiлдерi мен стратегиясын қарастыруды кешiктiрмейқолға алады. Өйтсе де стратегияны өзгерту жөнiнде шешiм қабылдау барысында өз тұтынушыларының санасына сiңiп қалған бөлшек сауданың қоғамдық бейнесiн бiр жола ұмыттыруға оңай түспейдi . . .

Бөлшек сауда жүйесiнде көптеген шағын, орташа және iрi сауда орындары болуы мүмкiн. Тұтынушылар, әсiресе, кiшiгiрiм дүкендердiң қызметiн бағалауға келгенде айрықша белсендiлiк көрсетедi. Өйткенi мұндай сауда орындары қашанда сиректеу кездесiп, жаңа үлгiлерге жылдам көшуге бейiм келедi, ең бастысы - тауар алушылардың оларға деген сенiмдiлiгi айқын көзге түседi.

Қазiргi таңда тұтынушының өзiне-өзi қызмет көрсетуiне бейiмделген дүкендер саны көбейiп келедi. Өйткенi мұндай дүкендердегi тауар түрлерiнiң бағасы бiршама төмен әрi тұтынушының таңдаған бұйымын өз бетiмен iздестiруге мүмкiндiгi бар [3, стр. 85] .

Бөлшек сауданың жұртшылық арасында кеңiнен тараған тұтынушы тауарды еркiн, өз бетiмен таңдап барып, тек қажет жағдайда ғана оны сатып алу жөнiнде сатушымен ақылдасады. Мұндай дүкеннiң сатушылары бiршама көп болғандықтан, өзiне-өзi қызмет ететiн дүкендерге қарағанда қосымша шығындары жоғарылау болады. Бiрақ, басқа сауда орындарымен салыстырғанда, шығынның төмендiгiден олардың ұсынатын тауарларын неғәрлым тартымды етуге, тұтынушыларымен көбiрек қарым-қатынас жасауына мүмкiндiгi мол.

Сауда орындарының бөлшек саудаға қатысты түрлерiне: санаулы және көптеген тауарлардың түр-түрiн сатуға мамандандырылған әмбебап дүкендер, төмендетiлген бағамен тауар сататын дүкендер, көшпелi сауда, сауда автоматтары, тұтыну коооперативтерi, почта және телефон байланыстары арқылы тауар сату және т. б. жатады.

Тауар сатуда қолданылатын әдiс-тәсiлдер - тауар түрлерiне, осы тасымалдау мен жергiлiктi ерекшелiктерге, тұтынушылардың жеке сұраныс құрамы мен көлемiне, т. б. жағдайларға, сонымен бiрге, тауар жеткiзу немесе сатудың қай тәсiлiн немесе нұсқасын пайдалану тиiмдi екенiне көз жеткiзгеннен кейiн жүзеге асырылады. Бiр жерде бiр түрлi тауарлар тобының өзiн әр түрлi әдiспен сатуға болады. Бұған қоса тауар сату тәсiлдерi немесе оған қатысты шаралар жергiлiктi потенциалдық тұтынушылардың ойынан шығуы тиiс. Мамандандырылған дүкендердiң өз тауарларын түр-түрiне қарай белгiлi бiр кәсiпкер сатып алушылардың немесе тұтынушылардың қажеттiлiгiне сәйкес бiрден көзге түсерлiк етiп орналастырғаны әлде қайда ұтымды келедi. Мұндай дүкендер тауар түрлерiне қарай да iшiнара бөлiнуi мүмкiн.

Бөлшек сауда жүргiзетiн дүкен - қоймалар үлкен көлемде әрi төмен бағамен тауар сатуға арналған, әйтсе де қолайлылық жағынан айтарлықтай артықшылықтары жоқ. Олардың қатарына сауда кешендерi мен төмен бағалы азық-түлiк дүкендерiн және өтпеген тауар түрлерiн өз қоймаларынан тiкелей сататын жиһаз (мебель) дүкенлерiн жатқызуға болады.

Бөлшек сауда тауар қатынасы саласында кеңiнен таралған жүйеге жатады. Мұндағы басты бағыт тауарды қалайда мол сату, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсету және сол арқылы жаңа немесе қосымша сұраныстарды iздестiру болып табылады.

Тауар өндiруден бастап тауардың тұтыну процесiне енгенге дейiн жүрiп өтетiн жолды - қызмет көрсету деп атаймыз.

Қызмет көрсету - материалдық өндiрiске жатпайтын, бiрақ адам еңбегi мен қарым-қабiлетiн тауар кейпiнде пайдалану процесi, онда көзбен көрiп, қолмен ұстайтын жаңа материалдық құн болмауы мүмкiн. Қызмет көрсету бұрыннан бар және пайдаланып келе жатқан материалдық, заттық игiлiктер мен байлықтарды неғұрлым орынды, ұқыпты пайдалана бiлуге көмегiн тигiзедi. Негiзiнен ол адамның рухани мұқтажына қызмет етуге бейiмделедi.

Қызмет көрсету - оны орындаушысымен бiрлесе атқаруды талап ететiн еңбек процесi.

Қызмет көрсетушi қажеттi аспаптар немесе басқа да құрал-саймандардың жәрдемiмен бiрнеше жұмыс түрлерiн атқара отырып, күптеген клиенттердi қамтуы мүмкiн. Бұл салада елеулi табысқа қол жеткiзуi үшiн қызмет көрсетушiнiң өз кәсiбiне қатысты жаңалықтардан үнемi хабардар болумен бiрге, клиенттердi қызықтыратын проблемалар бойынша олардың үлкен топтарымен консультация өткiзiп, пiкiр алмасып отыруының маңызы зор.

Алдағы қатарлы елдердiң көпшiлiгi көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң сапасына сәйкес ақы төлеудi басшылыққа алады.

Қызмет көрсету саласында тауарды «өндiрушi» мен «сатушы» бiрыңғай билiкте болғандықтан, тауардың, еңбектiң сапасы, көлемi, бағасы және оны дайындауды ұйымдастыру шаралары, онымен «сата бiлу» проблемалары бiр қолдан шығып, жұмыстың нәтижесiнде мүдде бiрлiгi байқалады.

Бұл саладағы еңбек тауар кейпiнде көргенiмен, оның ақысы (бағасы) қолдану нәтижесiне қарай төленетiнiне байланысты фирманың жалпы шаруашылық нәтижесiне сәйкес еңбек бағасының өсуi (төмендеуi) мүмкiн. Мүдде ортақтығының ыңғайлығы жағы - әрбiр қызметкердi өз еңбегiнiң табысты болуына ынталандыруға жол ашуы. Көрсетiлген қызметке төлемақы да соған сәйкес анықталады. Жеке кiсi қызмет ақысын өзi төлесе, iскерлiк мұқтажға көрсетiлген қызмет түрлерi тиiстi мекемелермен келiсiм-шарт жасау арқылы жүзеге асырылатындықтан, ақысы бiр орталықтан төленуге тиiс. Кез келген кәсiпорын өзiнiң өндiрiстiк қызметiн дамыту барысында шикiзат пен материалдар, отын, энергия, еңбекақы, әлеуметтiк және зейнетақылық, сақтандыру сияқты шығындар, сонымен қатар, амортизация және басқа да шығындары жұмсалады. Бұл шығындар кәсiпорынның айналым процесiнде келешекте пайда ретiнде көрiнедi.

«Қызыл» қалдық келіп түскен материалдарды толық немесе уақытылы кіріске алмағанын, өндіріске жіберілген нақты материалдардың санынан көп материалдарды есептен шығарылуын және т. б. дәлелдейді. Қоймадағы материалдар есебін жауапты тұлға қойма меңгерушісі жүргізеді. Қойма меңгерушісін жұмысқа кәсіпорынның бас бухгалтерінің келісімімен қабылдайды.

Бухгалтер қоймашының толық жеке материалды жауаптылығы туралы бекітілген жазбаша келісімдердің барын; олардың іс - әрекеті жағдайын бақылау, қойма жұмысының режимін бақылауын анықтап алу керек. Қоймадағы материалдық қорлардың сақталу ережесін бақылау мен қойма есебін жүргізуді талдауге бухгалтер көп көңіл бөлу керек. Бекітілген ережелерге сәйкес материалдық қорлар қоймада бөлімдер бойынша орналастырылады, ал оның ішінде топтары бойынша орналатырылады. Қоймашы әр материалдардың номенклатуралық нөміріне материалды жазба қағазын толтырып, материалдардың сақталу орнына жабыстырады.

Материалдар қозғалысымен қалдықтарының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмерге жеке карточка ашылады. Карточкада: қойма нөмері, материалдардың аты, маркасы, сорты, көлемі, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмері, бағасы және лимит көрсетіледі. Бұдан кейін карточкалар қоймаға беріледі. Қоймашы кіріс, шығыс бағаналарын толтырады және материалдардың қалдығын анықтайды. Карточкалардағы жазуды қоймашы алғашқы құжаттар негізінде жазады, әр жазу бойынша материалдардың қалдығын шығарады. Егерде қалдық бекілілген нормадан жоғары немесе төмен болса, қоймашы жабдықтау бөліміне айту керек. Алғашқы құжаттар олардың мәліметтері карточкаға жазылғаннан кейін бухгалтерияға беріледі. Құжаттардың аты және тапсырылатын құжаттардың нөмері көрсетілген реестр арқылы қабылдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк маркетингі
Тауарлардың есебі және оның бухгалтерлік есебінің принциптері
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Тауардың, дайын өнімнің есебі.
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
ІI-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру
Тауардың, дайын өнімнің есебі және оларды сатумен байланысты шығыстар
Коммерциялық банктегі кірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz