Материалдық қорлардың қоймадағы есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Тауарлық-материалдық қорлар сипаттамасы 5
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың олардың түрлері, бағалануы 5
1.2. Тауарлы-материалдық құжатпен рәсімдеу 9
1.3. Материалдық қорлардың қоймадағы есебі 17
ІІ тарау. Тауарлық материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру 19
2.1. Тауарлық материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі 19
2.2. Кейбір тауарлық-материалдық қорлардың есепке алу ерекшеліктері 20
2.3. Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және есепкерлікте ашып көрсету
25
2.4 Аяқталмаған өндірістің есебі 28
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 31

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі нарықтық уақытта экономикалық мәселелер
төңірегінде жүргізіліп жатқан зерттеулер өздерінің қоғам мен экономиканың
дамуындағы өзекті проблемаларды көтеруімен ерекшеленеді. Соның бір ғана
бөлігі біздің курстық тақырыбы ретінде зерттеуге алынып отырған - тауарлы-
материалдық қорлар. Тауарлы-материалдық қорлар экономиканың бухгалтерлік
есеп жөніндегі ғылыми әдебиеттерде қарастырылып жүр. Бірақ бұл мәселе өз
алдына бөлек қарастыруды қажет ететіндігі даусыз. Оның негізгі бір себебі
ТМҚ-дың жалпы ғылыми жүйеде өз жауабын таппаған. Сондай-ақ, ТМҚ-дың
құжаттық рәсімделуі мәселесі де жүйелеп, бір ізге түсіруді қажет ететін
өзекті іс. Біз өз жұмысымызда ТМҚ жалпы сипаттамасын жасап, методологиялық
базасын өз деңгейімізде жеке күрделі мәселе ретінде айқындауға тырыстық.
Жұмыстың өзектілігі осыған орай анықталады.
Зерттелу нысаны. Зерттеуге ТМҚ-дың жалпы мәселелері алынды.
Зерттеудің әдістері. Тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау,
статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің қүрамына кіріп
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері — мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде
"Материалдар" есебі мына шоттарда жүргізіледі.
* шикізат пен материалдар;
* сатылып алынған жартылай фабрикаттар;
* отындар;
* ыдыс және ыдыстық материалдар;
* қосалқы бөлшектер;
* басқадай материалдар;
* өндеуге берілген материалдар;
* құрылыс материалдары.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын
материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мелшері тағы да
басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық
тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен
өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір
материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан
номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен
қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым
бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем
бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін
уақыты көрсетіледі.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде
бағаланады:
1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
ЛИФО әдісі

І тарау. Тауарлық-материалдық қорлар сипаттамасы

1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың олардың түрлері, бағалануы

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі — оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда
атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
шикізат;
негізгі материал;
көмекші материал;
жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері — мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері — ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатарына құрылыс ұйымдарында — бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда —
шойын мен болатты жатқызуға болады.
"Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын
немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
"Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар
және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар
және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
"Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады. "Ыдыс және ыдыс материалдары" ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
"Запас бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.)
арналған запас бөлшектер есепке алынады.
"Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау
бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б
есепке алынады.
"Өңдеуге берілген материалдар" шотында сыртқа өндеуге берілген
материалдардың және өндеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
"Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар
бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы)
шоттар аша алады.
Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс
шоттарды есепке алады (002, 003).
Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дүрыс
бағалау болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік
құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық
қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толыктай ескіруі немесе
олардың бағасынын төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының
деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату
(өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы
бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің
нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар
синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп
бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық кұндылықтарды келісімді бағасымен есепке
алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына
теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері
аркылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді;
жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан
материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-
сапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек
ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал
мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей
байланысты басқа шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған
шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық запастардың таза
сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында
сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға
тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда
тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланады:
осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;
олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
олардың сату құны төмендеген.
Мысал. "Шығыс" ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін
жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім
шарт жасасқаннан соң, "Шығыс" ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп
түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 құраған, ал оның
сомасы 3 200 004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800 000 теңге және түсіру
шығыны (түсірушілердің жалақысы — 300 000 және әлеуметтік - 56 700 (300 000
-300 000 х 10%х21%) 356 700 теңге құраган. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау
шығыны 630 000 теңге құраған. "Шығыс" ААҚ теріні өндеудің тәсілін
жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңге дейін түсірген,
нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе
1дм2-ты 127,84 теңге құраған:
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке
кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске
босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша
босатылуы мүмкін. Тап осындай онімді басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның
бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан "Шығыс" ААҚ-на да сол бағада сатуына
тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.
РетШаруашылық операцияларыныңСома Шоттардың
№ мазмұны мың корреспонденц
теңге иясы
дебеткредит
1 2 3 4 5
1. ТМЗ жеткізіп беру үшін 3 200 351 441
жабдықтаушыға 004
Аванс берілген
2. Жабдықтаушыдан сары тері 2 758 201 671
алынды: 624 331 671
- материалдардың құнына 441380
- ҚҚС-ның сомасына
3. Тасымалдау шығыстары 800 687 441
өтелді 000 687 441
Сақтау шығыстары төленді 630
000
4. Сары теріні алумен 800 201 687
байланысты 000 201 681,
шығыстары материалдық 356 201 634
құнына қосылды: 700 "Әлеуме
- тасымалдау шыгысы 630 т-
- артып-түсіруі бойынша 000 тік
кеткен салық"
шығыстары 687
- сақгау шыгыстары
5. Жабдықгаушыныңқарызын 3 200 671 351
өтеугс 004
бұрындары берілгсн авансы
зачст жасалды
6. Таза сатылған құнына дейін458177845 201
материалдардың құны
есегтген шығарылды.
Өзіндік құны 4545324 тсңге
болған.
Таза сатылған құны 2300447
(35555,6 х 64,7)
теңгс құраған (ҚҚС
қоспағанда).
Материалдардың өзіндік
құны оларды
алумсн байланысты
шыгыстарын
қоспағанда 2758624 теңгс
құраған.
Таза сатылған құны мен
материалдардың
өзіндік құнының арасындағы
айырмасы
458177 теңге құраған
(2758624 - 2300447)

Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары озінің өзіндік
құнынан төмен есептен шығарылмайды (сатылатын таза құнына дейін), егер де
шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары
бағаға сатылады деп күтілетін болса.
Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына
немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін.
Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы
бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:
баптық әдісі — әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының
ең кіші мәні алынады;
иегізгі материалдар тобының әдісі — ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын
таза құнының ең кіші мәні алынады;
жалпы запастар деңгейінің әдісі — барлық ТМҚ-дың баланстық және
сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында
әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС
қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай)
идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу
бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО"); қорларды соңғы сатып алу багалары
бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО").
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың
құны — ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын
қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:
"ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау
әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны
жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген —
бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдыққұны ең кейінгі сатып алынғанның
құнына негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде "ФИФО" әдісі бойынша соңғы
қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:
Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс запастардың
партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.
Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, ТМЗ бағалаудың
дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысына да, тұтас табысына да,
қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды тандағанда
салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер
алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына
жағдайларды да сақтау керек:
шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
дер кезінде ТМЗ қалдықтарына да және өткен жылдардың таратылмаған табысына
да түзетулерді енгізу.
Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы
құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей
алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық ТМҚтиімді пайдалануын
және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын
жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен
есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің
номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында
барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері —
номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-
дыңбары мен қозғалысы бойыншаберілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық
нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша
берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін
материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп
аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны
кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау,
бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.

1.2. Тауарлы-материалдық құжатпен рәсімдеу

ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының
қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды
жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде
алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар
пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты
тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын
қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны,
алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркеледі. № М-2а
нысаны төменде келтірілген.
Берілген сенімхатты Есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге
жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай
келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген
сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді.
Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол
сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында
жазылады.
Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір
тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.
Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек
болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ
онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір
ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған
әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.
Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық
құндылықтарды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары
бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ
ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы
құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек, олардың сол
құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.
Егер де ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады,
ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.
Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім
білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны
"Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне
"пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру
кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.
Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқан кезде, әрбір жіберілген
бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың немірі, күні
көрсетіледі. Оның біріншісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде
қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды бақылау жасау үшін
пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең
соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады.
ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:
сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе
өшірілген болса;
көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
сенімхаттың мерзімі біткен болса;
субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық
өзгерістер жасаса).
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды
жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма
меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және
брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен
салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН)
үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса,
онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, ТМҚ қабылданды деп
жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал
егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі
дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды.
Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі ТМҚ қабылдаған жауапты тұл
да қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акті жабдықтаушыға талап-
тілек қоюға негіз бола алады. Жоғары аталғандардан басқа ТМҚ халықтан да
сатылып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған ТМҚ-
ға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу
нөмірі), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі (актінің нысаны
төменде келтірілді). Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет
ететін мерзімі, қызметтүрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір
жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын
бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.
ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты
сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ
атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;
тауарлы-транспорттық накладной;
тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен
құжатгары, атап айтқанда:
Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе өңдеуден түскен запастарды
есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты
тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Кіріс ордері
төменде келтірілді.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе
құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар
босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен
материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде
материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе
мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды.
Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік
жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық
қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі —
жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың
бухгалтериясына жіберіледі.
Айдың аяғында материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы
тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша сомалық түрдегі
деректер материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен
салыстырылады. Бұл деректер сәйкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы
(карточкалардағы, соңынан соң материал қалдықтарының кітабындағы) және
бухгалтериядағы (материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы
тізімдемесіндегі) жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.
Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинаушы тізімдемесінің
негізінде (сальдо әдісі қолданылғанда) немесе материалдық жағынан жауапты
адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп
берулерінде (егер сальдо әдісі қолданылмаса) "Материалдардың ақша түріндегі
қозғалысы" деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық
қүндылықтардың қоймадағы немесе материалдық жауапты адамдар арасындағы
қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір
айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері
шығарылады. Олардың негізінде материалдардың сомалық және пайыздық
ауытқулары анықталады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдық
құндылықтардың нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады.
Тізімдеменің бірінші бөлімі төменде келтірілген. Тізімдеменің бірінші
бөлімінде кәсіпорынға түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік
бағасының арасындағы ауытқулары анықталады.
Тізімдеменің екінші бөлімі "Материалдардың синтетикалық есебінің
жинақтаушы ведомосы" немесе "Материалдық қүндылықтардың қозғалысы мен
қалдығы туралы есеп беруі" мәліметтерінің негізінде жасалады. Бүл бөлімнің
деректері 20 "Материалдар" мен 22 " Тауарлар" бөлімдердің шоттары жөніндегі
мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады. Тізімдеменің екінші бөлімі төменде
келтірілген.
Көліктік — дайындау шығыстары (КДШ) немесе жұмсалған материалдық
құндылықтардың 901, 921, 931, 951, шоттардың дебетіне жатқызылған есептік
багалар бойынша құнынан ауытқу (+, —) сомасын 901-ші шоттың дебетіне
көшіріп жазамыз (117775). Бұл өндірістік шоттар арқылы осы шоттардың тобына
есептеп шығаруға жататын КДШ немесе ауытқулар (+,-) ең соңында 90-шы бөлім
шоттарының дебетіне есептеп шығарылуымен байланысты. Осылайша 92,93 және 95-
ші бөлім шоттарының дебетіне КДШ немесе ауытқулар (+,-) есептеп
шығарылмайды, ал құндылықтардың шығыстары есептік бағалар бойынша
бейнеленеді.
Бір материалды екіншісімен ауыстырғанда нормадан ауытқуларын құжатпен
рәсімдейді, сондай-ақ материалдардың нормадан тыс босатылғандарын да
"Материалды ауыстыруға (қосымша босатуға) арналған талап—актісімен"
рәсімдейді.
Ашып-санаған материалдардың әрбір партиясы бойынша ауытқуларын анықтау
үшін партиялар бойынша ашып-санап өлшеп көру әдісі пайдаланылады. Бұл
есепті өндірістегі бөлуші-шеберлер, жоспарлау-диспетчерлік бюросы, яғни
ашып-санап көруге құқысы бар адамдар материалдардың әрбір партиясына арнайы
ашылатын есептік (ашып-санап-өлшеп көру) карталарында жүргізіледі. Есептік
партияларда ашып-санап-олшеп көрудіц технологиилық карталарына сүйене
отырып, осы партияны ашып-санап-өлшеп көру нәтижесінде қандай көлемде және
қайда дайындалғанын, сондай-ақ қалдық санын (нормалар бойынша) анықтап,
қаншасы алынуға тиіс екені, сондай-ай, қалдықтары (нормалары бойынша)
көрсетіледі. Бұған қоса, карточкаларға жұмыс орнына берілген материалдардың
саны, осы партияның нақты жасалған, дайындалған (бөлшектер) саны, сондай-ақ
қалдықтардың нақты саны да енгізіледі.
Ашып-санап-өлшеп көрудің көмегімен нақты дайындалған материалдың санын
нормативтік санымен салыстыру арқылы нәтижесі анықталады. Нормалар бойынша
материал шығысы өндірілген өнімнің санын шығыс үшін қолданылып жүрген
нормасына көбейту жолымен анықталады. Үнемделген немесе артық жұмсалған
материалдардың сандары өнімнің нақтылы шығарылуына кететін нормативтік
шығысымен салыстыру арқылы анықталады. Қалдықтарға қатысты да осындай
бақылау жүргізіледі. Есептік картада ауытқулардың себебі мен материалды
ашып-санап-өлшеп көрген жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі.
Партиялар бойынша есептеуді қолдану мүмкін болмағанда немесе орынсыз
болғанда ауытқулар мерзімді түгелдеудің көмегімен материалдардың әрбір
түріне қарай әрбір орындаушы, бригада, бөлімше немесе бүтіндей цех бойынша
(ауысым, тәулік, бескүндік, онкүндік немесе ай бойынша) анықталады,
Ағымдаға есеп деректерінің негізінде цехтар (учаскілер) бухгалтерияра"
материалдардың өндірісте пайдаланғаны туралы және үнемделген немесе артық
жұмсалған материалдардың себептерін көрсетіп, содан соң нормадам ауытқулары
туралы рапорттарын береді.
Материалдардың қозгалысын есепке алу жөніндегі шоттардыц
корреспондепциясын қарастырайық:
1. Мынадай материалдық құндылықтар қоймаларға келіп түсіп, кіріске
алынады:
20-ши "Материалдар" бөлімшесінің шоттары (201-208) дебеттейеді де —
номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен
бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық
сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек.
Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы
операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын,
қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы
материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы
жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия
қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық
карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға
материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде
жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі
түрі М-18А "Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына" тіркеледі. Материалдарға
жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның
дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға
қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың
керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның
басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың
дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамың есеп карточкасын
дұрыс жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс
және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта тіркелімдермен бірге
бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде
орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп
материадцардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін (ведомосын) тапсыруы керек.
Тізімдеме құрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша
жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі.
Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы
(жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір
данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.
Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен
жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20
қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма
меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері
бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын
осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте
қаралған номенклатуралары бойынша аралық шотгарға (субшоттарға) жөне
синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда
материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай
аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын
материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған
адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға
болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана ашылып, ай соңында
бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп
карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады.
Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық
карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы
жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл
есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың
барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс
етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу)
негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған
материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың
бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған)
материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.
Материалдык, құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған
кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары
айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру
процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың
сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан
өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады.
Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі Актіге тіркеледі. Екі данасы
толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы
бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі - бөлімшеде қалады.
Табиғи шығын формаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі.
Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын
нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін
оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акты жасалады. Қорларды
қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет
атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға
өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар ол сол
адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның екінші данасы
қоймада қалады.
Материалдардың (тауарлардың) бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі.
Кәсіпорында бөлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және
қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп
жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші
болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші
данасы бөлімшеде қалады.
Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжат Кәсіпорынның
қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық
қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға
босатқан кезде пайдаланылады.
ТМК, цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп
санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс
шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
лимиттік-жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға (қосымша
босатуға) арналған талап-актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын
ауыстыруға) арналған талап накладнойы.
Лимиттік-жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын
құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды
босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және
қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз
бола алатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе
жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық нөмірлердің) бір түріне
(атауына) 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа
(учаскеге) — қорды пайдаланушыға, 2-шісі — қоймаға немесе цехтың
(учаскенің) қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех
өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады.
Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң,
лимитте қалған қалдығы шығарылады. ЛЖК-сы келтірілді.
Қоймашының лимиттік-жинақтама картасын цех (учаскі) өкілі, ал цехтың
(учаскенің) лимиттік-жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Бастапқы
құжаттардың санын мүмкіндігінше азайту мақсатында материалдарды босатудың
материалдық есеп картотекасында көрсеткен дұрыс. Бұл жағдайда қорларды
босатудың шығын құжаттары жасалмайды, лимиттік-жинақтама картасы
жүргізіледі. Лимиттік босатуды карточканың өзінде көрсетуге болады. Цех
өкілі қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол
қояды, ал қоймашы лимиттік жинақтама картаға қол қояды.
Лимиттік-жинақтама (алынбалы) картасы бойынша өндірісте пайдаланбаған
(қайтарылған) қорлардың есебі де жүреді. Бұл кезде ешқандай қосымша
құжаттар жасалмайды. Лимиттен тыс босатулар немесе қорлардың бір түрін
екіншісімен алмастыру тек субъект басшысының немесе осыған өкілетті
адамдардың рұқсат етуімен ғана жүзеге асырылады.
Өндіріске лимиттен артық жіберу және қорларды ауыстыру арнайы талап-
актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуді тек сондай құқық берілген тұлғалар
ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лимиттік-жинақтама
картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау
қартасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір
номенклатуралық нөмір бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит
пайдаланылып болған соң, лимиттік-жинақтама карточкасын қоймашы
бухгалтерияға өткізеді. Ішінара толтырылған реквизиттері мен лимиттік-
жинақтама картасының мәліметтері компьютерлік техниканың көмегімен де
өнделеді.
Материалды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап-актісі. Бұл
құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың
ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ қоймадан қорларды
шығаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы қорлардың есебі
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Қоймадағы материалдық қор есебі
Материалдарды қабылдау туралы акті
Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
Материалдардың номенклатурасы
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Қорларды жіктеу және бағалау
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Пәндер