Аяқталмаған өндіріс шығындары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

I ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ3

1. 1 Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнінде түсінік, олардың жіктелуі мен бағалануы3

1. 2. Тауарлық-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есептері, үздіксіз және кезеңдік есеп жүйелері9

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘСЕРІ14

2. 1 Тауарлық-материалдық қорлар қозғалысының құжатталуы, қоймадағы және бухгалтериядағы материалдар есептерінің ұйымдастырылуы15

2. 2. Тауарлық-материалдық қорлар есебінің кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесіне әсер ету мәселелері21

ҚОРЫТЫНДЫ24

Пайдаланылған әдебиеттер25

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалкы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - әрбір ұйымның шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебін қажетті талаптар көлемінде ұйымдастыру. Ұйымдардың өнімдер өндірудегі (қызметтерді атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектілері - шаруашылық қорлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негізгі құралдар, материалды емсс активтер, тауарлық-материалдық игіліктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың ішіндегі ең бір көлемдісі болып табылады, себебі, бұл игіліктер өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрастырады, өндірілетін шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнының басым бөлігі ретінде олардың бағасын анықтауға негіз болады.

Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықаралық сауда қатынастарының жоғарғы деңгейде дамуына байлаиысты елімізге импортталынатын тауарлық-материалдық игіліктердің түрлері көбейе түсті. Өндірілетін өнімнің санына ғана емес, енді бірінші кезекте сапасына көбірек көңіл бөлінеді. Мұның барлығы бүгінгі күні бухгалтерлік есеп жүйесінен тауарлық-материалдық құндылықтар есебін ұйымдастыруда ерекше мұқияттылықты талап етеді.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуі бірнеше кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылатын болса да биылғы жылдың өзінде бірінші кезекте халықаралық стандарттарға көшуге тиісті шаруашылық субъектілері үшін кезек күттірмес мәселелер өте көп. Яғни, есеп жүйесінің маңызды бір бөлігі ретінде тауарлық-материалдық қорлар есебін халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу қажеттігі туындайды.

Жоғарыда аталған жағдайлардан тауарлық-материалдық құндылықтардың ұйымдарға негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қорлар болатыны көрінеді. Яғни, тауарлық-материалдық игіліктердің бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды қолданылуы мәселелері тереңірек зерттеуді талаи ететін өзекті тақырыптардың бірі болады.

«Тауарлы-материалдық қорларының есебі» тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым тауарлық-материалдық құндылықтардың

қолданылуының есебін ұйымдастыру мәселелерінің теориялық және практикалық негіздерін зерттеу болып табылады.

Зерттеу жүргізу мақсатында төмендегідей міндеттер койдым:

  • тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді реттеуші нормативтік-құқықтық негіздерге сәйкес тауарлық-материалдық қорлардың экономикалық мәні мен маңызын ашу;
  • тауарлық-материалдық игіліктердің жіктелуі мен бағалануының ерекшеліктерін қарастыру;
  • ұйымдардың тауарлық-материалдық игіліктермен қамтамасыз етілуін және олардың тиімді пайдаланылуын зерттеу;
  • материалдық қорлармен қамтамасыз ету мен ұтымды жұмсалуын талдау;
  • дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс есептерін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру;
  • халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына көшуге байланысты тауарлық-материалдық құндылықтар есебінің ерекшеліктерін зерттеу.

Бұл мақсаттарға кол жеткізу үшін негізгі нормативтік-құқықтық актілермен қатар отандық және шет елдік авторлар еңбектерін пайдаланбақпын, мысалға, В. В. Радостовец, Әбдіманапов Ә., В. Ф. Палий, Б. Нидлз, Ч. Т. Хорнгрен және т. б.

Тауарлық-материалдық игіліктер есебінің практикалық мәселелерін қарастыру үшін жұмысты жазу барысында «Нур-ер» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің нақты деректерін пайдаланбақшымын.

«Нур-ер» жауапкершілігі шектелген серіктестік Алматы облыстық заң мекемесінде қайта тіркеудін өткен, заңды тұлға ретінде тіркелгендігі жөнінде 6420-1909 куәлігі берілген. Ұйымдық-меншіктік нысаны бойынша жеке меншіктегі серіктестік болып табылады. Негізгі қызмет түрі - контейнерлер мен әртүрлі ыдыс-сиымдылықтарын бектіту-пломбалау мақсатында қолданылатын құрылғыларды өндіру.

I ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнінде түсінік, олардың жіктелуі мен бағалануы

Өндіріс процесінің басты объектілері еңбек құралдары мен еңбек заттары болып табылады. Еңбек заттарының еңбек құралдарынан айырмашылығы, олар өндіріс процесінде технологиялық өңдеуден өткізіледі, яғни өндіріске бір рет ғана қатысып, өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайды және де олардың өзіндік құнына қосылады. Сол себепті оларды айналымдағы активтер ретінде есепке алады. Материалдық шығындардың сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнынындағы үлес салмағы өте үлкен. Кейбір өндіріс салаларында олар жалпы шығындардың 90%-ін құрайды.

Материалдық қорлардың сатылып алынуы, сақталуы мен пайдаланылуының есебі ұйымдардың жалиы бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды бөлшегі болады. Өндірілетін өнім түрлерінің жылдам өзгертілуі, материалдық қорларды жеткізіп берушілердің тез алмасуы, экономикадағы тауарлық-материалдық қорлардың бағасының жиі құбылмалылығы олардың есебін ұйымдастыру маңызын арттыра түседі.

Отандық есеп жүйесінде тауарлық-материалдық игіліктер есебі 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Тауарлық-материалдық қорлар дегеніміз - біріншіден, шикізат қорлары, материалдар, сатылып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы белшектер, өндірісте пайдалануға, немесе қызмет көрсету мен жұмыстарды орындауда пайдалануға арналған басқа да материалдар түріндегі; екіншіден, аяқталмаған өндіріс түріндегі; үшіншіден, сатуға бағытталған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.

Тауарлық-материалдық қорлар есебін ұйымдастырудың негізгі міндеттері төмендегідей: қорлардың толық және уақтылы кіріске алынуы мен сақтау орындарындағы сақталуын бақылау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық оперцияларды уақтылы және толық құжаттарға тіркеу; дайындау-тасымалдау шығындары мен дайындалған қорлардың нақты өзіндік құнының уақтылы және дұрыс анықталуы; дайындау-тасымалдау шығындарының өндіріс немесе айналыс шығындары құрамына дұрыс және бірқалыпты қосылуын бақылау; қоймадағы қорлардың жағдайын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында ұйымдарға қажет емес материалдық қорларды анықтау және сату; олардың қалдығы жөніндегі және олардың сақталу орындарындағы қозғалыстары бойынша нақты мәліметтерді алу.

Тауарлық-материалдық құндылықтардың есебінің тиімді ұйымдастырылуының басты шарттары олардың дұрыс жіктелуі мен бағалануы. Өндіріс процесіндегі функционалдық ролі мен бағытталуына қарай барлық қорлар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгі материалдар өндірілетін өнімге заттай кіріп, оның материалдық негізін құрайды. Көмекші материалдар өндірілетін өнімдер құрамына кіретін, бірақ негізгі материалдармен салыстырғанда олардың материалдық негізін құрамайтын, керісінше, материалдарға қосымша бөлшектер ретінде өнімге тән сапалық сипат беруші материалдық қорлар больга табылады.

Тауарлық-материалдық қорлардың физикалық қасиеттері мен экономикалық мақсатына байланысты, түрлері мен өлшемдеріне байланысты эртүрлі топтарға, топшаларға біріктіруге болады. Олардың ұтымды топтастырылуы Типтік шоттар жоспарында жеке шоттар бойынша көрсетілген. Тауарлық-материалдық қорлардың Типтік шоттар жоспарының 2-ші «Тауарлық-материалдық қорлар» бөліміні» 20-шы «Материалдар», 21 «Аяқталмаған өндіріс» және 22 «Тауарлар» бөлімшелерінде төмендегідей құндылықтар түрлері есепке алынады:

1) 20-шы «Материалдар» бөлімшесі бойынша:

1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында өндірілетін өнімнің негізін құрастыруға қажетті шикізаттар мен материалдар, сонымен қатар, өнімге сапалық сипаттама беруші көмекші материалдар есепке алынады.

1311 «Сатылып алъшатын жартылай өнімдер мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер» шоты өндірілетін өнімдерді толық құрастыру максатында сатылып алынатын құрастыру бөлшектері мен жартылай дайын өнімдер есебін жүргізеді.

1312 «Отын» шотында мұнай өнімдерінің, қатты және басқа да отын түрлерінің есебі ұйымдастырылады.

1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шоты барлық түрдегі ыдыстар есебін жүргізуге арналғанымен мұнда шаруашылық мүліктері болып табылатын (цистерналар, флягтар) жабдықтар және ыдыстарды дайындау мен жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектер есепке алынбайды.

1314 «Қосалқы бөлшектер» пюты машиналар мен жабдықтарды», көлік құралдарының және басқа техника түрлерінің тозған бөлшектерін алмастыруға және оларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер есебіне арналған.

1315 «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау, негізгі құралдарды бұзып-бөлшектеуден алған материалдар есептеледі.

1316 «Өңдеуге берілген материалдар» шоты сырт жаққа өңдеуге жіберілген материалдар есебін жүргізеді.

1317 «Құрылыс материалдары» шотында тікелей құрылыс және орнату процестерінде пайдаланылатын, немесе құрылыстық бөлшектерді дайындауға қажетті құрылыс материалдары есепке алынады. Бұл шотты негізінен құрылыс салумен айналысушы ұйымдар қолданады, және де осы шот бойынша субшоттарда олар құрылыс мақсатында қажетті, мысалға, қопарғыш заттар түріндегі басқа да құндылықтарды да есепке алады.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің қаржылық және басқару бухгалтериясы болып екіге бөлінуімен байланысты өндірістік шығындар есебін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару бухгалтериясы есепті кезеңдегі өндірістік шығындарды және өндіріске қызмет көрсету шығындарын есепке алумен, өнімдердің өзіндік құнын анықтау және жалпы жұмсалынған шығындардың дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс ретінде есепке алынуымен, сонымен қатар, өндірісті, жалпы шаруашылықты басқару шешімдерін қабылдаумен айналысады. Есепті кезең соңында өндірілген дайын өнімдер және аяқталмаған өндіріс жөніндегі мәліметтер өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріліп, кәсіпорын балансында көрсетіледі. Аяқталмаған өндіріс шығындары Типтік шоттар жоспарының 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінде есепке алынады.

2) 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесі бойынша:

1340 «Негізгі өндіріс» шотында кәсіпорынның негізгі өндірісінің дайын өнім
ретінде аяқталмаған шығындарының қалдығы есепке алынады;

1341 «Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер» - шотында кәсіпорындағы негізгі өндіріске қосымша жартылай өнімдер өндірісінің аяқталмаған шығындарынын калдығы көрсетіледі;

1342 «Көмекші өндіріс» - бұл шотта негізгі өндіріске қызмет көрсетуші көмекші цехтардың аяқталмаған шығындарының қалдықтары есепке алынады.

Тауарлар дегеніміз - сатуға арналған дайын өнімдер. Дайын өнімдер негізгі және көмекші өндірістердің сатуға арналған өнімдері. Олар өндіріліп аяқталған, жинақталған, техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес, техникалық бақылау қызметтерімен қабылданған, сапасын сипаттайтын паспорты, сертификаты бар, қоймаға, немесе тапсырыс берушіге өткізілген, қабылдау актісімен құжатталған болуы қажет.

3) 22 «Тауарлар» бөлімшесі бойынша:

1320 «Дайын өнімдер» шотында негізгі және көмекші өндірістердің аяқталған дайын өнімдері есепке алынады;

1330 «Сатып алынған тауарлар» шоты сату мақсатында сатылып алынған тауарлардың есебін жүргізеді;

1331 «Басқа тауарлар» шотында сату мақсатындағы басқа да шоттар есептеледі.

Жоғарыда келтірілген тауарлық-материалдық құндылықтар өз ішінде олардың түрлері, сорты, маркілері, көлемдеріне байланысты жіктеледі. Олардың әрқайсысының атауына, сорты, өлшеміне қарай номенклатуралық реттік сан беріледі және бұл реттік сандарды «номенклатуралық баға көрсеткіш» деп аталатын арнайы реестрге жазады. Бұл реестрде олардың тұрақты есепті бағасы мен өлшем бірлігі де көрсетіледі. Есеп жүйесінде электронды есептеу машинасы пайдаланылған жағдайда бұл реестрде көрсетілетін мәліметтерді қосымша көрсеткіштермен толықтыруға болады, мысалы, олардың нормасын, жинақтамалы және талдамалы есеп шоттарын және басқа тұрақты көрсеткіштер келтіруге болады.

Тауарлық-материалдық қорлар есебіндегі ерекше маңызды мәселе олардың бағалануы. Бухгалтерлік есепте материалдық қорлар нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Сатылып алынған материалдық қорлардың нақты өзіндік құны дегеніміз қосылған құн салығы мен басқа да өтелетін салықтарды есепке алмағандағы оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындар сомасы болып табылады. Кәсіпорынның өзінде өндірілетін материалдық қорлардың нақты өзіндік құны сол материалдарды өндіруге жұмсалған нақты шығындар сомасын құрайды. Үлес қосушылардың кәсіпорынның жарғылық қорға қосқан үлесі ретінде келген материалдық қорлар үлес қосушылардың шешімдеріне сәйкес келісілген құны бойынша бағаланады. Кәсіпорынға тегін, сый ретінде келген тауарлық-матреиалдық қорлар оларды кіріске алу мерзіміндегі бекітілген нарықтық бағасы бойынша, ал басқа материалдар түріне ауыстырылған игіліктер айырбасталған материалдың құнына қатысты бағаланады.

Тауарлық-материалдық қорлар өзіндік құны мен таза сату құны арасындағы ең төменгі мәні бойынша бағаланады. Олардың өзіндік құны төмендегідей шығыыдардан тұрады: тауарлық-материалдық қорлады сатып алу шығындары - сатып алу құны, өтелмейтін кедендік баж және басқа да өтелмейтін салықтар сомасы, дайындау шығындары; өңдеу шығындары -дайын өнімдерді өндірумен байланысты шығындар, мұнда шикізаттарды дайын өнім ретінде өңдеумен айналысушы жұмысшылардың еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыру шығындары, өңдеу барысында орын алған тұрақты және айнымалы үстеме шығындардың жүйелі түрде бөлінуі кіреді; тауарлық-материалдық қорларды тасымалдап жеткізу мен оларды қажетті қалыпқа келтірумен байланысты шығындар.

Тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құнына төмендегідей шығындар түрлері кірмейді: материалдар мен жұмысшы күшінің нормадан артық жұмсалған мөлшері және басқа жоспарланбаған өндіріс шығындары; технологиялық процесте көрсетілмеген материалдық қорларды өндіріс кезеңдері арасындағы сактаумен байланысты шығындар; әкімшілік-басқару щығындары; сатумен байланысты шығындар.

Кәсiпорынның қоймасында материалдар әртүрлi уақытта жеткiзiлген партиялардан тұрады. Халықаралық стандарттар бойынша материалдар мынадай әдiстермен есепке алынады:

Орташа алынған құн - бұл ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендердің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі;

FIFO - бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мұндай қағида қолданады: «Бірінші топтама-кіріске, бірінші болып-шығыста», яғни материалдық құндылықтардың шығынын құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдардың шығындарын есептеп шығарады, одан кейін - екіншісін, содан кейін - үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады. Бағалау тәртібі материалдардың жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес ;

LIFO - бұл материалдық құндылықтарды «Соңғы топтама - кіріске, біріншісі - шығысқа» қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі. Материалдық құндылықтардың есебі соңғы сатып алудың құны бойынша, одан кейінгісі - алдыңғысы бойынша бағаланады және т, б ;

Ерекше идентификациялық әдiс - бұл әдіс материалдық құндылықтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайларда ғана қолданылады. Егер ай соңындағы қалдықта үшінші, бірінші немесе басқа топтың материалдық құндылықтарының белгілі бір саны болса, онда материалдық құндылықтардың шығысын да, қалдығын да анықтауға болады.

  1. Орташа алынған құн әдiсi(average-cost method)

1. 12. -2006жыл 150деталь*30теңге=4500 теңге

5. 12 . -2006жыл 200деталь*42 теңге =8400 теңге

10. 12. -2006жыл 180деталь*50 теңге =9000 теңге

20. 12. -2006жыл 80деталь*25 теңге = 2000 теңге

24. 12. -2006жыл 120деталь*20 теңге =2400 теңге

150+200+180+80+120=730

4500+8400+9000+2000+2400=26300

26300/730=36

360 қоймадағы деталь

Біздің өндіріс процесінде 500 деталь қажет 500*36=18000

1. 12. -2006жыл 26300-18000 =8300теңге

2. FIFO (first-in, first-out method - ҒІҒО)

100деталь*30теңге=3000 теңге

200деталь*42теңге=8400 теңге

150деталь*50теңге=7500 теңге

50деталь*25теңге=1250 теңге

100+200+150+50=500 деталь

3000+8400+7500+1250=20150 теңге

26300-20150=6150 теңге

3 . LIFO (last-in, first-out method - LIҒО)

100деталь*20теңге=2000 теңге

50деталь*25теңге=1250 теңге

150деталь*50теңге=7500 теңге

200деталь*42теңге=8400 теңге

100+50+150+200=500 деталь

2000+1250+7500+8400=19150 теңге

26300-19150=7150 теңге

  1. Идентификациялау( specific identification method)

100деталь*30теңге=3000 теңге

150деталь*42теңге=6300 теңге

100деталь*50теңге=5000 теңге

50деталь*25теңге=1250 теңге

100деталь*20теңге=2000 теңге

100+150+100+50+100=500деталь

3000+6300+5000+1250+2000=17550 теңге

26300-17550=8750теңге

Тауарлық-материалдық қорлардың ең төменгі мәні бойынша бағалануын анықтаудың бірнеше әдістері бар:

• әрбір атаулары (баптары) бойынша аныктаған жағдайда

тауарлардың әрқайсысының өзіндік құны мен сату бағасы өзара

салыстырылады;

  • негізгі тауарлық топтар бойынша бағалау әдісін пайдаланған жағдайда әр тауар тобының жалпы құны мен жалпы сату бағасы салыстырылып, ең төменгі мәні бойынша бағаланады;
  • қорлардың жалпы деңгейі бойынша бағалануы әдісіне сәйкес барлық тауарлар өзіндік құны бойынша және нарықтық сату бағалары бойынша бағаланады деп есептеледі, және де олардың ең төменгі мәні тауарлық қорларды бағалауға пайдаланылады.

Бухгалтерлік есепте дайын өнімдер төмендегіде бағалары бойынша бағаланады:

1) өндірістік (жоспарлы, нақты) өзіндік құны бойынша бағасына дайын өнімді өндіруге жұмсалған барлық шығындар кіреді;

2) толық өзіндік құны бойынша бағасы өндірістік өзіндік қ ұны мен коммерциялық шығындарды қамтиды;

3) кәсіпорынның келісім бағасы бойынша;

4) босату (көтерме, бөлшек сауда) бағалары.

Тауарлық-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы маңызды мәселелердің екінші кезеңі олардың синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарында көрсетілуі мен олардың есебін ұйымдастыру жүйелерін қарастыруды қажет етеді.

1. 2. Тауарлық-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есептері, үздіксіз және кезеңдік есеп жүйелері

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүзеге асырудың бірнеше жүйелері бар. Әсіресе бухгалтерлік есептің синтетикалық және аналитикалық есеп жүйелеріне бөлінуінің маңызы зор. Синтетикалық есеп кәсіпорындардың активтерін, капиталын, міндеттемелерін, шығындары меи табыстарын жалпылама ақшалай өлшем бірлігінде топтастыру жүйесі. Синтетикалық есеп мәліметтері қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі жөніндегі қорытынды есепті құрастырудың негізгі ақпараттық көзі болады. Бухгалтерлік есептің 20-шы «Материалдар» бөлімшесінің шоттары активті болғандықтан олардың дебетінде тауарлық-материалдық құндылықтардың есепті кезең басы мен соңындағы қалдығы, есепті кезең бойында келіп түсуі, ал кредитінде олардың босатылуы көрсетіледі. Бөлімшенің синтетикалық шоттары бойынша бірнеше корреспонденцияларға мысал келтірейік:

Дт 1310-1315, 1317 Кт 4110 - жабдықтаушылардан келіп түскен тауарлық материалдық игіліктердің кіріске алынуы;

Дт 1250, Кт 4110 - жабдықтаушылардың салықтық счет-фактурасында көрсетілген қосылған құн салығы сомасына;

Дт 1310-1315, 1317 Кт 1251 - материалдардың есеп беруге тиісті адамдар есебінен сатылып алынуы;

Дт 1315, Кт 6110 - негізгі құралдарды бұзу-бөлшектеуге байланысты жарамды материалдардың кіріске алынуы;

Дт 1316, Кт 1310-1315, 1317 - өңдеуге жіберілген материалдар құнына;

Дт 8011, 8021, 8031, 8041, Кт 1310-1315, 1317 - негізгі, көмекші және жартылай өнімдер өндірісіне, бұл өндірістерге қызмет көрсетуші цехтар қажеттілігіне босатылған материалдар құнына;

Дт 7110, Кт 1313 - тауарларды сату операцияларына ыдыс пен ыдыстық материалдардың босатылуы;

Дт 7440, Кт 1310-1315, 1317 - әкімшілік және жалпы басқару мақсатындағы қажеттіліктерге босатылған материалдар құнына;

Сонымен қатар, бұл бөлімше шоттары аналитикалық есеп жүргізуді қажет ететін күрделі шоттар болып табылады. Аналитикалық есеп синтетикалық шоттар көлеміндегі мәліметтерді толық, жан-жақты, ақшалай өлшем бірлігімен қосымша натуралды және еңбектік өлшем бірліктерін де пайдалана отырып топтастыру жүйесі болып табылады. Аналитикалық есептің қажеттіліғі тауарлық-материалдық игіліктердің түрлерінің, сорттарының, өлшемдерінің көп болуына, олардың бағаларының да әртүрлі болуына байланысты түсіндіріледі. Мысалы, 1312 «Отын» шоты бойынша тек отын түрлері ғана емес отынды сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы талондар бойынша да бөлек есеп жүргізу қажет. Яғни, бүл шотқа «Қоймадағы мұнай өнімдері» және «Талондар бойынша мұнай өнімдері» деп аталатын аналитикалық есеп шоттарын ашуға болады.

Есел шоттарының балансқа қатысты баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Типтік шоттар жоспарының 10-шы «Баланс сыртындағы шоттар» бөлімінің шоттарында, мысалға 002 «Жауапты сақтауға алынған тауарлық-материалдық құндылықтар», 003 «Өңдеуге қабылданған материалдар», 004 «Консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлар», кәсіпорын балансында көрсетілмейтін, бірақ сол кәсіпорьш шегінде орналасқан тауарлық-материалдық құндылықтар есебі жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған өндірістің бағалануы және есебі
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі
Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру
Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі
Аяқталмаған өндірістің мәні және есебі
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Өндірістік есепті ұйымдастыру
Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама
Өндірістік шығындар есебінің теориялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz