Тратта акцептімен аккредитив



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
1 Халықаралық есеп айырысу. 3
1.1Есеп айырысу нысандарының мақсаты, түрлері, маңызы 3
1.2 Есеп айырысу нысандары: құжаттамалық аккредитив, инкассо, банктік
аударымдар 13
ІІ. Шетел валютасындағы операциялар 20
2.1 Инкассалық операцияларды жүзеге асыру, инкассо есебі 20
2.2 Банктік аударымдар және олардың есептегі көрінісі 22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Мен осы халықаралық есеп айырысу тақырыбын таңдап жазғандағы себебім,
ол осы экспорт-импорт операциялары арқылы халықаралық есеп айырысу, мысалы
біздің ел басқа шетелден белгілі бір заттарды алып отырады, ол кезде есеп
айырысу яғни белгілі операция жүреді. Осы операциялар белгілі бір нысан
арқылы жүреді. Осы тақырыпқа байланысты, мен жалпы кең түрде халықаралық
есеп айырысу, яғни экспорт-импорт операциялары қалай жүзеге асырылатыны
жайлы кең көлемде қамтыдым.
Курстық жұмысымның І-ші бөлімінде мен экспорт-импорт операцияларының
бір нысаны ретінде аккредитив есебіне жалпы түсінік беріп, түрлеріне
тоқталдым. Сонымен бұл аккредитив есебі қалай жүреді, есебін жүргізген
уақытта қандай шоттар пайдалану керектігі жайында айтып кеттім.
Ал ІІ-ші бөлімнің тақырыбына тоқталсақ ол шетел валютасындағы
операция, яғни құжаттамалық инкассо және белгілі банктердегі аударымдарды
толық атап, есебі мен ол операциялардың қалай жүзеге асырылатындығы мен
маңызын толық түрде қамтыдым.
Халықаралық есеп айырысу, яғни экспорт-импорт операцияларын жүзеге
асыру кезінде, банктегі есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:
- Құжаттамалық аккредитив;
- Құжаттамалық инкассо;
- Банктік аударым.

1 Халықаралық есеп айырысу.

1.1Есеп айырысу нысандарының мақсаты, түрлері, маңызы

Экспорт – импорт операцияларын жүзеге асыру кезінде халықаралық
банктік есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:
- құжаттамалық аккредитив;
- құжаттамалық инкассо;
- банктік аударым.
Құжаттамалық аккредитив – экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына
төлемді жүргізу туралы клиент – импортшы тапсырысы бойынша берілетін
банктің шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген
анықталған сомада және бекітілген мерзімге басқа банктің төлемді (траттаны
акцепті) жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Құжатты аккредитив ол кезегінде банктің бенефициярға өзінің тапсырыс
берушісінің есебінен егер бенефицияр аккредитивке көрсетілген құжаттарды
белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы
төлеуге беруі.
Банк сатып алушы мен сатушының арасында делдал қызмет атқарады. Олар арқылы
бірқатар операциялардың кейін төлем жүзеге асырылады: сәйкес аккредитивті
құжаттарды ұсынуға қарсы бенефициар акцептелген вексельді төлеу немесе
төлемді жүргізу міндеттемесі нысанындағы келісімге байланысты аккредитивте
көрсетілген соманы банктен алады. Құжаттамалық аккредитив арқасында
бенефицияр сатып алушының төлем қабілетіне және оның төлеуге дайын болуына
байланыссыз және тауарды түсіргеннен кейін бірден өтімді қаражаттар алуы
мүмкін.
Төлемді қамтамасыз етудің құралы ретінде аккредитив әсіресе сатып
алушылар мен сатушылардың ойларының қақтығысуын бәсеңдету үшін қажет:
• Сатушы өзара шартта көрсетілген тауарды жеткізілімі үшін оған
төленетін сома валютада берілетініне сенімді болғысы келеді;
• Сатып алушы тауар жеткізілінбейінше ақша төлегісі келмейді.
Құжаттамалық аккредитив өзінің ерекше артықшылығына ие:
• Әлемде барлық елдермен операция жүргізу кезінде қамтамасыз ету құралы
ретінде қолданылуы.
• Сатушыға тиесілі соманы игілікпен билеу.
• Төлем жағдайы қатынасындағы икемділік.
• Қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаты ретінде қолданылуы.
• Сатушыға женілдікті қамтамасыз ету жағдайлары анықталған кезде
мүмкіндік беретін төлемді тез және кедергісіз жүзеге асыруы.
• Ерекше халықаралық құқыққа сенімділік.
Жоғарыда айтылғандай, аккредитив төлемді қамтамасыз ету қызметімен
қатар несие қызметін де орындайды. Сатып алушы банктің төлемді жүзеге асыру
міндеті сатушының өз банкінен несие алуын жеңілдетеді. Белгілі жағдайларда
аккредитив импортшы банкке несие үшін негіз бола алады, яғни ьанк
аккредитивті операцияларды жүзеге асыру кезінде тауарға деген меншікті
растайтын құжаттарды басқаруы мүмкін, себебі тауар жөнелтпе құжаттары
жөнелтілген жүкті беру талаптарын куәландырады. Құжаттарды беру жолы арқылы
тауарды иемдену құқығы да беріледі. Клиенттерге аккредитив аккредитивті
ұсыну немесе аккредитивке өтініш негізінде ашылады. Аккредитивтермен есеп
айырысуды жүзеге асыру кезінде, ашуға тапсырмада аккредитив түрінің
көрсетілуін тексеру керек, себебі егер сәйкес белгілері болмаса, онда
бұндай аккредитив қайтарып алынбайды.
Аккредитивтің түрлері қамтамасыз ету көлемі туралы дағдаластықпен және
өзіне тәуекелді алу кезінде анықталады.

Аккредитивті қайтарып алу

Кез келген уақытта эмитент–банк өзгертуі немесе жоюы мүмкін, көп
жағдайда бенефициярды алдын-ала ескертпей аккредитивтің бұйрық берушісінің
айтуй бойынша жасалынады. Сондықтан бұндай аккредитив банктің ешқандай
құқықты төлем міндеттемесін тудырмайды. Тек эмитент банк немесе оның
корреспондент–банк құжат бойынша төлемді жүзеге асырған кезде аккредитивтің
қайтарып алу заңды күшін жояды.
Сонымен қайтарымды аккредитив бенефициарға жеткілікті қамтамасыз етуді
ұсынбайды. Оны корреспондент-банк ешқашан да растамайды және өзара сенім
орнаған бір-біріне танымал әріптестер арасында іскерлік қатынастарда ғана
қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда қайтарымды аккредитив сирек қолданылады.
Бенефициарға жоғары деңгейлі сенімділік береді, егер ол аккредитив
шартын орындаған болса оның жеткізілімдері мен қызметтеріне төлем
жүргізіледі. Қайтарып алынбайтын аккредитив эмитент–банк төлемінің қатаң
міндеттемесін құрайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив кезінде аккредитивті
өзгерту немесе жою бенефициардың және де жауапты банктердің келісімдерін
талап етеді. Егер сатушы аккредитив шартын өзгерткісі немесе жойғысы келсе,
онда ол сатып алушыдан эмитент–банкке сәйкес тапсырмаларды беруін талап
етуі керек.
Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға корреспондент-
банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталуы және расталмауы
мүмкін. Қайтарып алынбайтын расталмаған аккредитив кезінде корреспондент-
банк бенефициарға аккредитивтің ашылуы туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда ол
төлемнің ешқандай меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде
бенефициар ұсынған құжаттар бойынша оны жүргізуге міндетті емес. Себебі,
бенефициар шетелдегі эмитент–банкке сенеді, қайтарып алынбайтын расталмаған
аккредитив тек саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі маңызды емес
болған жағдайда ғана жалпылама болып табылады. Егер корреспондент-банк
аккредитив ашқан банктермен бірге жақсы қатынаста болса, сондай-ақ тұрақты
саяси және экономикалық жағдайға сүйенетін болса, онда ол құжат бойынша
төлемдерді клиент мүддесіне сәйкес операцияларды тез жүргізу мақсатында
жүзеге асырады.
Егер корреспондент-банк бенефициарға аккредитивті бекітсе, онда ол
аккредитивке сәйкес және берілген уақытта құжаттар бойынша төлем жүргізуге
міндетті болып табылады. Бұл жағдайда бенефициар аккредитивті ашқан банктің
міндеттемесімен бірге заңды тең құнды және корреспондент-банктің дербес
міндетіне төлем жүргізеді. Сондықтан ол үшін қамтамасыз ету деңгейі мәнді
жоғарылайды. Себебі көп жағдайларда бұндай аккредитивке экспортшы еліндегі
банктер ұшырайды, бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі
ерекше болып табылады.
Экспортшыға Үй банкімен расталған, яғни экспортшы еліндегі банктерге
аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу мерзімін (кезеңің)
анықтау мүмкін болса онда маңызды валюталық тәуекел валюталық мерзімді
өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең басынан төлем мерзімі
анықталмаған болса да, валюталық операцияларға қатысушы банктер көп
жағдайларда тиімді шешімдерді ұсыну мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай аккредитивтің нысандары бенефициар үшін
қамтамасыз ету деңгейімен ерекшеленеді. Аккредитив түрлері мен
конструкциялығы оларды пайдалануға байланысты болады.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:
• ұсыну бойынша төлемдер;
• төлемді ұзарту бойынша;
• бенефициардың траттаны акцептілеуін қарастыру;
• бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;
• қызыл ескертпе;
• жаңартпалы;
• стенд бай (резервтік аккредитив);
• аудармалы.
Төлемді ұсыну бойынша аккредитив. Аккредитивтің кең қолданылатын түрі
болып табылады. Бенефициармен есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған
кезде қажетті құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асады. Банктер құжаттарды
алғаннан кейін жеті банктік күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уақытқа
құжаттарды тексеруге құқығы бар. Экспортшының шотына қаражаттарды есептеу
кезінде валюталау күні аккредитив валютасына байланысты болады.
Төлемді ұзарту бойынша аккредитив. Бенефициар төлемді құжатты берген
кезде емес, аккредитивте көрсетілген біршама кеш мерзімде алады.
Аккредитивтерге сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін, бенефициар өкілетті
банктен төлем мерзімі келген күні төлемді жүзеге асырады, келісімін алады.
Сондықтан импортшы құжаттарды иемденуге, оларды сатылу және сату бағасы
бойынша дебеттегенге дейін ие болады. Экономикалық жоспарда төлемді ұзарту
бойынша аккредитив тратта акцептің қарастыратын аккредитивке сәйкес келеді,
тек төлемді ұзарту бойынша аккредитив вексель сияқты дисконтталмайды,
себебі бұнда бухгалтерлік талап қана қолданылады. Анықталған жағдайларда
төлемді ұзарту бойынша талапты банк авансылауы мүмкін. Бұл тек эмитент-банк
немесе банк бекітушісі үшін ғана мүмкін. Вексельді есептеу кезінде көптеген
мүмкіндіктер болады.
Тратта акцептімен аккредитив. Бенефициар сатып алушыға ұсынған тратта
аккредитив бойынша шарттарды орындағаннан кейін аккредитивті ашқан
эмитент—банк немесе акцептен қамтамасыз етілген корреспондент-банктін оған
қайтаруын талап ете алады. Төлем орнына тратта акцепті жасалады.
Акцептелген траттаны ол өз банкіне беруі немесе мерзімі келген күні төлеу
үшін қолдануы мүмкін. Акцепті қарастыратын аккредитив бойынша тратта 60
күннен 180 күнге дейін қызмет етеді. Тратта акцептін қарастыратын
аккредитив импортшыға төлем мерзімін кепілдеу үшін қызмет етеді: төлем
мерзімі басталғанға дейін, ол тауарды одан әрі сата алады және түсім
есебінен акцепті төлеуі мүмкін. Осыған келіп, импортшы мәмілеге сәйкес
несие алмайды.
Траттаны сатып алу аккредитиві. Негоциация түсінігінде бенефициардың
траттаны ұсынуына қарсы, негоциацияға өкілетті банктердің қаражаттарды
төлеуі жатыр. Қаражат төленбеген құжаттарды тексеру негоциация болып
табылмайды. Бенефициар дұрыс құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент-банк
вексельді немесе құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент-банк вексельді немесе
құжатты төлеуді кепілдендіреді. Коммерциялық аккредитивтің көп қолданылатын
нұсқасы – тратта негоциациясымен байланысты аккредитив. Кейбір жағдайларда
белгілі банктерде таңдау шектелген. Коммерциялық аккредитив бойынша
комиссияны төлеу бенефициар есебінен жүзеге асады.
Авансты аккредитив. Қызыл ескертпе аккредитивін қолданған кезде
сатушы корреспондент-банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы,
негізінде аккредитив бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті
қаржыландыру үшін арналған. Аванс түбіртек (квитанция) бойынша төленеді
және бенефициардың жазбаша міндеттемесін жөнелтім құжаттарына мерзімінде
ұсыну керек. Аванс төлеу аккредитивті ашқан банктің жауапкершілігі
негізінде корреспондент-банк есебінен жүзеге асады. Егер сатушы уақытында
қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе авансты өтемесе, онда корреспондент-банк
аванс сомасына пайызды дебеттейді. Сондықтан бұл аккредитивке бұйрық
берушіден ұстап қалады. Бұрын аванс төлеу құзыретін корреспондент-банк
қызыл сиямен белгілеген, содан қызыл ескерпе аккредитиві деген атаққа ие.

Жаңартпалы аккредитив. Егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі
бір бөліктерін белгілі уақыт аралықтарында жеткізуге бұйрық берсе
(жеткізілім топтамасы туралы келісім шарт), онда төлем ішінара жеткізілім
құнымен сәйкес өтелетін жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін.
Жаңартпалы аккредитив кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: 100 000 USD
аккредитив сомасы 1 200 000 USD жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бір
рет жаңартып отырады. Алғаш 100 000 американдық долларды пайдаланғаннан
кейін, бірден келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион
американдық доллар сомасына дейін қайталанады. Көбінесе жаңартпалы
ескертпеде бөлек транштардың пайдаланумерзімі тіркеледі. Жаңартпалы
аккредитивтер жиынтық және жиынтық емес болуы мүмкін. Жиынтық яғни
пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған үлес сомасы қатысты үлеске
қосылуы мүмкін. Жиынтық емес жағдайда, керісінше, уақытында талап етілмеген
ішінара сомалардың пайдалану мерзімі өтеді.
Резервті аккредитив. Стенд бай аккредитивтері ең алдымен Құрама
Штаттарында қолданылады және АҚШ федералды штаттарының заңдық үкіміне
сәйкес банктер бере алмайтын бізде қабылданған кепілдерді ауыстырады.
Алайда Еуропада да аккредитивтің осы түрі қолданылады. Стенд бай
аккредитивтері кепіл құралы болып табылады.
Резервті аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы
кепілдендіріледі:
• ұсыну бойынша төлемге жататын вексельдер бойынша төлем;
• банктік несиелерді өтеу;
• тауар жеткізімдерін төлеу;
• келісімшарт бойынша тауарды жеткізу;
• жұмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау.
Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушунуң өз міндеттемесін
орындамағаны туралы өтініш пен бірге аккредитивке сәйкес барлық құжаттарды
(жөнелтім құжаттарының көшірмесі) ұсына отырып, оның орындауын талап етеді.
Банктер несиелерге байланысты бағалы қағаздар бойынша өздерінің жеке
міндеттемелерін орындау кепілі ретінде өз есебінен резервті аккредитивтер
ашады. Одан әрі банктер аккредитивтің осы түрі арқылы жеткізілген тауарлар
үшін жабдықтаушыларды кепілдейді.
Аудармалы аккредитив. Халықаралық сауда қажеттілігіне негізделеді. Ол
сауда делдалына клиенттің аккредитивтік қаражаттың қандай да бір
жабдықтаушыға беруі мүмкін және сол арқылы меншікті қаражаттарды шекті
пайдалану мәмілесін рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сауда
делдалына оның сатып алушысы қайтарып алынбайтын аккредитивті шығарады.
Соңғысы трансферабель ретінде нақты көрсетілуі керек. Сауда делдалы банктен
өз пайдасына аккредитив ашу туралы хабарлама алған кезде, ол соңғысына
аккредитивті екінші бенефициар деп аталатын өз жабдықтаушысына аударуды
тапсырады. Бірақ, банк аккредитивті өзі келісімі берген шекте және тәртіпте
ғана аударуға міндетті. Аудару бойынша шығындар сауда делдалы есебінен
жүреді, сондықтан да аударушы банк оған алдын-ала дебеттеуге құқылы.
Жабдықтаушы тауарды тиеп және құжатты ұсынғаннан кейін, ол авизолаушы
немесе растайтын банктен шартты төлемді алады. Құжаттар аударушы банкке
түседі де, сауда делдалына дебеттеледі. Соңғысы аударушы банкке сатып
алушыға шығарған өзінің фактура-шотын береді және оның орнына өзінің
жабдықтаушы шотын алады. Жабдықтаушы шотындағы сомадан сауда маржасынан
жоғары болатын делдал шотындағы сома сауда делдалының кредитіне жазылады.
Аудармалы аккредитивке мынадай қасиеттер тән: аудармалы аккредитив
құжаттары арқылы негізгі аккредитив бойынша есеп айырысу жүргізілуі мүмкін.
Бірақ төмендегідей сәйкессіздіктер болуы мүмкін:
• аккредитив сомасы және тауар бірлігінің бағасы төмендетілуі
мүмкін;
• қызмет ету мерзімі қысқартылуы мүмкін;
• құжатты ұсыну үшін соңғы мерзім қысқаруы мүмкін;
• егер негізгі аккредитивте тауарды жіберу күні белгіленбесе, онда
жіберу мерзімі қысқаруы мүмкін;
• сақтандыру өтеуінің пайыздық мөлшерлемесі негізгі аккредитив
ұйғарымының орнын толтыру мөлшерлемесін жоғарлату үшін жоғары
болуы мүмкін;
• сауда делдалы одан қалған қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
Сонымен бірге сауда делдалына сауда маржасына көбейтілген
жабдықтаушының берілген фактура-шотын өзінің жеке шотына ауыстыруға құқылы.
Осыдан келіп ақырғы сатып алушы сауда делдалының пайдалы маржасы туралы
ешқандай мәлімет алмайды. Шынында фактураны айырбастау кезінде банк сауда
делдалының жедел ынтымақтастығы мүмкіндігіне сенім артуы керек: егер ол
алғашқы талап бойынша жаңа шот бермесе, банк екінші бенефициар фактурасын
аккредитив ашқан банкке жіберуі мүмкін. Белгілі жағдайларда негізгі
аккредитив бойынша төлемді дұрыс жүргізгісі келсе оны пайдалануға мәжбүр.
Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін банк көп жағдайларда сауда делдалдарынан
аккредитивті аудару тапсырысымен бірге фактура-шотын ұсынуды талап ету
мүмкін.
Негігі аккредитивтің қызмет ету мерзімі аудармалы аккредитивтің қызмет
ету мерзіміне сәйкес келеді. Бұл жабдықтаушының аудару туралы хабар еткен
банкке негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзіміне дейін құжаттарды беруін
білдіреді. Негізгі және аудармалы аккредитив бір құжат арқылы төленеді.
Егер, сауда делдалы сатып алушы мен жабдықтаушы бірін-бірі білмесін десе,
ол жабдықтаушыдан оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік бермейтін бейтарап
құжаттарды талап етеді. Сонымен бірге ол негізгі аккредитивте ақырғы сатып
алушының атауы болмауын қадағалауы керек.
Аудармалы аккредитивті тек бір рет қана аударады. Екінші бенефициар
негізгі аккредитив шотында екі рет аудармалы деп көрсетілген болса да оны
аудара алмайды.
Алайда екінші бенефициардың бірінші бенефициарға кері аударуды
жүргізуі аккредитивті екінші рет деп табылмайды. Және сол уақытта бірінші
бенефициар негізгі аккредитивті егер ішінара жеткізу рұқсат етілген болса,
бірнеше жабдықтаушыларға үлестіруі мүмкін. Осындай үлестірме аударымдар бір
аударымдар ретінде танылады.
Аккредитивті аудару және тапсыру алдында бірінші бенефициар аударушы
банкі аккредитивтегі өзгерістер туралы екінші бенефициар хабардар етуі
керек. Бұл шешімнің үлкен маңызы бар. Егер аккредитив бірнеше бенефициарға
аударылған болса, онда оның әрқайсысы өзгерісті алып тастауға құқылы.
Кей кезде сауда делдал аккредитив бойынша өз талабын қандайда бір
жабдықтаушыға аударғысы келеді, бірақ аккредитив жағдайы аударуды
жібермейді. Бұл кезде оның иелігінде екі мүмкіндік болады:
• бэк ту бэк аккредитиві (өте мақылық);
• Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия).
Бэк ту бэк аккредитиві. Коммерсант-делдалдың банкі жабдықтаушы
пайдасына қарама-қарсы аккредитив ашады. Бірақ ол бұған осы кезде пайда
болатын қосымша тәуекелдерді сақтандыру мүмкін боған кезде ғана дайын
болады. Осыдан банк жаңа аккредитив бойынша төлем орны ретінде болады. Кері
жағдайда егер корреспондент банк пен өздерінің арасында құжаттар жоғалса,
аккредитив сомасы жоғалады. Ол сонымен қатар, фактура-шотты кедергісіз
аудару кепілдендіруін талап етуі мүмкін. Себебі, коммерсант пайдасына
ашылған негізгі аккредитив қарсы аккредитивтегі жабдықтаушы шотына
пайдалануы мүмкін емес.

1.2 Есеп айырысу нысандары: құжаттамалық аккредитив, инкассо, банктік
аударымдар

Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия). Бенефициар аккредитив
бойынша түсімді толығымен немесе ішінара субжабдықтаушының пайдасына қайта
табыс табуы мүмкін (цессия - өзінің құқын басқа тұлғаға беру). Осыған
байланысты мыналар жазылған: аккредитивте аудармалы екені көрсетілмесе,
цессия құқығына тиісті емес: бенефициардың аккредитив бойынша тапсырмасын
борышқор банктен өтініш алады, онда соңғысы оған иелігіне аккредитив
бойынша түскен соманың белгілі бір бөлігін төлеуі туралы уәде береді. Бұл
мүмкіндікті әдетте өндіріс кәсіпорындары қолданады.
Құжаттарды тапсыру, аудармалы аккредитивке қарағанда бенефициардың ісі
болып қалады. Осылайша цессия шартты қамтамасыз етуді ғана ұсынады: Төлеу
тек аккредитив бойынша төлемді жүргізгеннен кейін ғана болады, ал
бенефициардың аккредитив жағдайына сәйкес құжаттарды мерзіміде ұсынуы
бойынша цессионер ешқандай кепіл алмайды. Сондықтан борышқор арасындағы
сенімділік қатынасты білдіреді. Егер импортшы сатып алу сату шартын қол
қойғаннан кейін келісілген жағдаға сәйкес экспортшының ұсынысын қабылдаған
болса, онда оған сатып алушының пайдасына аккредитив ашуына иемденеді.
Аккредитив ашуға тапсырманы импортшы банктен оның жабдықтаушысына төлем
туралы міндеттемесін беруге талап етеді. Банк бұл талапты тек оны қайтадан
аккредитивті қарастыратын болған жағдайда ғана орындайды. Себебі, ол
тауарды тек жалғыз кепіл ретінде қарастыра алмайды, әсіресе ол үшін қызмет
етуші нарық болмаса.
Аккредитив ашу үшін ол белгіленген нысандағы банктік бланкіде үш
данадағы өтініші толтырылуы керек. Өтініш басшының қолымен және мөрімен
рәсімделуі керек. Клиенттен аккредитив ашуға өтініш операционды бөліммен
соңғысының ағымдағы валюталық шотында белгіленген бағаға сәйкес тартылатын
аккредитив ашуға комиссия есебінен қажетті ақша қаражаттарының сомасы
болғанда ғана алынады. Әрбір экспорт импортты мәмілесіне мәміле куәлігі
рәсімделеді.
Аккредитив ашуға өтініште импортшы келесідей негізгі деректеме ұсынуға
міндетті:
• аккредитив түрі (қайтарып алынатын, қайтарып алынбайтын,
трансферабельді, басқа банк растаған немесе растамаған
аккредитив);
• импортшының атауы мен орналасқан жері;
• бенефициардың атауы және толық мекен-жайы;
• аккредитивті өтеу мерзімінің орны, күні, айы;
• бенефициар банктің (авизолаушы банктің) атауы және мекен-жайы;
• аккредитив сомасы және валютасы;
• тауарды сипаттау, тиеу мерзімі (CIF, FOB және т.б.) тауар
жеткізілетін ел;
• ішінара тиеу және жеткізу мүмкіндігі;
• тауарды жеткізу мерзімі;
• жабдықтаушылардың төлеуге ұсынатын құжаттар тізімі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАРЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
Валюталық операциялар түрлері туралы
Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы
Есеп айырысу түрлері
Банктегі есеп және есеп беру негіздері
Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
Кәсіптік тәжірибе есебі
Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау
Жай вексельдің айналысы
Пәндер