Табыстармен шығыстардың аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және есеп факультеті
Есеп және аудит кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Шығыстар мен табыстардің аудиті

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2007ж.

Жоспар

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
---1.Бөлім. Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері 1.1.Аудиттің мәні
және түрлері ----------------------------------- --------
1.2. Аудиттің әдістері мен принциптері------------------------ ------

2. Бөлім. Шығыстармен табыстардің экономикалық маңызы 2.1. Табыстар,
шығыстардың экономикалық мәні---------------
2.2. Табыстылық көрсеткіштерді (салыстырмалы, абсолютті)--

3.Бөлім. Шығыстармен табыстардің аудиті
3.1. Шығыстардың аудиті ----------------------------------- ------------
3.2. Табыстардың аудиті ----------------------------------- -------------

Қорытынды----------------------------------- -----------------------------

Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----

Қосымшалар ----------------------------------- -----------------------------

Кіріспе

Қазіргі нарықтық жағдайда қаржы, ұйымдарда маңызды орын алады.
Республикамыздағы қаржы жүйесі максималды түрде халықаралық қаржы
стандартқа жақын қарастырылған.
Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері
ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін
қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық
болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту
заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.
Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның қаржы жүйесі
заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз күрделі
экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты табыс және шығысты танып білу және алдағы
кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауларына сай толық
ашылады.
1-бөлім Аудиттің экономикалық сипаттамасы жазылады.
2- бөлім Табыс пен шығыстарға жалпы түсінік
3-бөлім Табыстармен шығыстардың аудиті
Осы бөлімдер бөлімшелерден тұрады. Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан
Республикасының Үкіметінің қаулылары және заң актілері білімді
экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылды.
Бұл жұмыста статистикалық экономика-математикалық және жеке ауқымды зерттеу
әдістерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беру мәліметтеріне
талдау жасалған.
Бірінші бөлімінде аудиттің экономикалық сипаттамасы жазылады
қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік
бағыттары және жұмыстары қолданылады. Сонымен қатар, қарастырып отырған
мекеменің экономикалық сипаттамасы қаралады.
Екінші бөлімінде Табыс пен шығыстарға жалпы түсінік, оның ішінде
өндірістік рентабельділік, табыс есептері қарастырылады.
Үшінші бөлімінде Тек табыстармен шығыстардың аудитін қарастырылады.
Қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан қаржы нәтижесі орныдалады.
Мұнда қаржы көрсеткіштерінгің деңгейін және өсіңкілігін талдау,
рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау жасалған.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді
оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен
ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық
жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру
және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға
және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге
асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа
да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың
қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсмыныстармен және шындыққа жанасымды
ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді.

1.Бөлім. Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері
1.1.Аудиттің мәні және түрлері
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы- бұл бүгінгі таңда да
жалғасы тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі
үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу
керек.
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің
мақсаты- кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты-
кемшіліктерді кеміту жәнә қастықты шектеу.
Аудит-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың серіктестіктердін
және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық
талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын
бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда
көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен
аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын
білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей,
керісінше толықтырады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту
мәселесін көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге
мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын оның
бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және
түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқауларын,
түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын,
тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының
принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу,
тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,
бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін,
әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне
әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау
механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың
мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің
технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды
әзірлеу.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз
байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық
және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің
ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша,
ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне
қызмет етеді.
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқауларын жіктеудің әр
түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілері бойынша аудит түрлерін
жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
1) Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен:
- растаушы
- жүйелі-бағдарлы
- тәуекелге негізделген
2) құқықтық негізде:
- міндетті
- бастамашыл (ерікті)
- кеісуші
- реттемеленген
- кеісімшарттық
3) қолданылу салаларымен:
- жалпы
- банктік
- сақтандырушы
- қаржылық
- өндірістік
- маркетингтік
4) толықтығы:
- кешенді
- тақырыптық
- функционалдық
- ұйымдастырушылық
- арнайы
5) әдістемелік тәсілдемемен:
-есепшіліктік
- тестілік
- объекті
- циклдік.

1.2. Аудиттің әдістері мен принциптері
Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу
керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай
білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық,
нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық
сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік
прициптерінің талаптарын сақтауы, талқылауда білдіретін пікірінің
объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылым саласындағы зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын
оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір
ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады.
Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік
айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық
тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап
әдіс – ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі –
ол, табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп
эерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты
өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан
да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми
методологиясының негізін құрайды.Аудит, экономика ғылым саласына қосылады,
оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән
ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы
методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке методологиясы диалектика принциптері мен жалпы ғылыми
теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы
экономика, ғылым саласының теориясының заңдылығын негізге ала отырып өз
ерекшеліктеріне тән әдістер тобынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан
құралады, олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау,
салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология
теориясы бөлімінде толық, жан – жақты қарастырылған.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы
көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына
байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының
жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін
анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасау әдісі.
Аналогия (ұқсастық) – ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде
объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі
жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасау.
Жүйелі талдау – объектілерін жүйеге келтіріп оны құрайтын бөлімдерін
топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау
объектісінің бөлімдерін жеке – жеке бағалап оларға әсер ететін факторларды
талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіру.
Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты
анықтайды.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні
жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына
сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін,
шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік
шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.
Аудит жаңа ғылым саласы ретінде бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау,
заң тағы басқа экономика ғылымдарының негіздерімен жан – жақты байланысты.
Сондықтан да аудиттің ғылым саласы ретінде өзіндік ерекшеліктеріне сай
(қамтитын) методикалық әдістері бар. Ол әдістер аудиттің мақсаты мен
атқаратын функцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістермен үйлестікпен
құралған. Олар әсіресе сыбайлас ғылымдар саласының методикалық әдістерімен
тығыз байланысты. Аудит жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым
салаларының методикалық әдістері аудитке тікелей қолданылады және де олар
аудит методикалық әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы,
аудит, ревизия бірдей методикалық әдістермен жұмыс істейді. Олар түгелдеу,
бақылау әдістері, бухгалтерлік есеп берудегі тіркеуді тексеру, аналитикалық
және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.
Қорыта келгенде, аудиттің методикалық әдістері үш топқа бөлінеді:
1) Аналитикалық анықтау; есептеу
2) құжаттау;
3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау – есептеу әдісі – ол негізінде экономикалық талдау
(топтау, салыстыру т.б), аналитикалық тексеру және статистикалық, әкономика
математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған методикалық әдісі –
ол шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық
есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен
салыстыру, ол көрсеткіштерді өткен жыл қорытындыларымен салыстыру, онда
анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін
есептеу.
Методикалық құжаттау әдісі - өз кезінде үш топқа бөлінеді: 1)
информациялық моделдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп
құжаттарын зерттеп, тексеру.
Ақпараттық моделдеу дегеніміз – аудит объектісінің ақпарат тасушыға бір
жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру.
Нормативтік – құқылық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже
нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының, ішкі ереже тәртібінің орындалуын
анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін
түгелдей жүргізудің ереже – нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылану қажет.
Нақты, мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру
ережелерінің дұрыс қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген
шаруашылық операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық
тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет.
Құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін, қарастыру болады:
формалдық, арифметикалық, заңдылық, логикалық тексеру немесе жаппай қарама
– қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру
әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы,
түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол
қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің дұрыс жасалғаны
анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген
операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама – қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру
әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру өте жиі қолданылады. Себебі,
бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, дүкенші тауар
сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса
есеп беруінде болады да, оның квитанциясы дүкеншінің есеп беруіне
тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама – қарсы
тексеру арқылы анықталады.
Түзету процесінің бірнеше түрі бар.
1) Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген
қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы,
тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қандай түзетіледі, оны түзеткен
адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
2) Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы
түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін
әдіс.
3) Үшінші қате түзету әдісі – қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі
жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын
алатын бақылау – тексеру әдісі. Нақты тексеру методологиясы ең сенімді,
күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. өз
кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау,
бақылау арқылы анықтау.
Түгелдеу – инвентаризация. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу
әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша
қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу операцияларының нақты бір кезеңде
түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма – сай дұрыс
екендігін анықтау.
Сараптау анықтау. Нақты тексеру процесінде сараптап анықтау әдісі
негізінде өндіріс процесін бақылау ретінде қолданылады.Оның ішінде өндіріс
технологиясының дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың,
материялдардың, өндірісі технолгиясының талабына лайықты екенін, жаңа өнім
сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың
қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау
жүргізіледі.
Бақылау – анықтау әдісі – бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның
негізгі мақсаты күнделікті шаруашылық процесін тексеру, бақылау жасау.
Мысалы, күнделікті өндіріс процесіне бақылау жасау, еңбек жұмысшылық
тәртібін бақылау, материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу процесін, олардың
қоймада сақталу тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында методикалық тексеру әдістері үлкен
орын алады.
Аудиттік бағдарламаға және аудит жоспарына сәйкес жүргізілген әртүрлі
бақылау объектісін аудиттік тексеру бухгалтерлік есеп берулер
көрсеткіштерінің шынайлығын бағалау үшін сапалы аудиторлық дәлелдемелердің
жеткілікті санын жинауға мүмкіндік береді. Бұл жерде есеп беру формаларын
толтыру бойынша нұсқаулықтарға көрсеткіштердің мазмұнын және алу
технологияның адекваттылығын, сондай – ақ Ұйымдардың бухгалтерлік есеп
беруі бухгалтерлік есеп беру бойынша ережелерге сәйкес оған қойылған жалпы
талаптардың және бухгалтерлік есеп берулердің құрамын сақтауды қосымша
тексеру қажет.
Аудиторлық тексеруге экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есеп
берулерін құрайтын барлық формалар жатқызылады:
- ұйымдық балансы (бухгалтерлік теңгерімі) (нысан – 1)
- кірістер мен шығыстар туралы есеп беру (нысан – 2)
- ақша қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 3)
- меншікті капитал қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 4 )
Жылдық есеп беруге түсініктеме қағаз. Есеп берулерді тексерген кезде
аудит есеп беру формаларын толтыру бойынша жоғарыда келтірілген нормативтік
құжаттарды, тексеру жүргізілетін экономикалық субъектілердің есебін
ұйымдастыру форма және түгендеу мәліметтерін басшылыққа алады. Есеп беру
жылдың аяғында баланстың әрбір бабы мұқият жүргізілген түгендеудің
нәтижелерімен расталуы тиіс. Түгендеу және аудит жүргізу барысында
айқындалған барлық қателер және бұзушылықтар, сондай – ақ бухгалтерлік есеп
мәліметтеріндегі барлық айырмашылықтар түзетіліп және жылдық есеп беру
тапсырудан бұрын тиісті есеп регистрлеуде аталуы тиіс.
Баланс баптарын бағалаудың дұрыстығын, сондай – ақ қаржылық нәтижесін
есептеуді, ақша қаражаттардың қозғалысын және ұйым балансының мәліметтеріне
қосымша мәліметтерді қайтадан тексеру қажет. Осыдан кейін аудитор
бухгалтерлік есеп ьарлық шоттары бойынша аналитикалық және синтетикалық
есеп мәліметтерінің сәйкестігін және олардың өзара байланысын және
бухгалтерлік есептердің тиісті формаларының мәліметімен сәйкестігін
тексеруді

2. Бөлім. Шығыстармен табыстардің экономикалық маңызы
2.1. Табыстар, шығыстардың экономикалық мәні
Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты
табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші- бұл табыспен
пайданың жиынтығы. Шет елдерде "табыс" ұғымы келесі мағынада анықталады:
Табыс-бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің
ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан
капиталдың өсуі.
Қазақстан Республикасының " Бухгалтерлік есеп туралы" заңды күші бар
жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама.Табыстар- бұл есеп беру
кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі. Ереже бойынша
сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысты алу мүмкін емес. Ал, табыс
болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті
шешуі мүмкін емес.
Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты
көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:
- Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс;
- Жалпы табыс;
- Қаржыландырудан түскен кірістер;
- өзге кірістер;
- негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
- салық салынғанға дейінгі табыс;
- салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
- төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
- кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза
табыс.
Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының
өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны
экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы
тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер
дұрыс.
Қазіргі нарықтық заманға сай табыстың маңызы өте зор. Табыс: не
өндіреміз, кімге және қалай өндіреміз деген үш түбірлі бір бірімен тығыз
байланысты мәселелерді шешуді анықтайды.
Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі
көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып
табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына,
өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр кәсіпорын ағымдағы және
қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша
жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие
бойынша қамтамасыз етеді.
Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да
кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс,
өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіштері болып
есептеледі.
Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы
анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды:
- мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер
- кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері
функцияларын.
Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі
шарттардың орындалуы қажет.
Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек
өнімділігін жоғарылауын және өзіндік құнынның төмендеуін ескеру қажет.
Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми
негізделген болуы керек.
Табысты бөлу механизмі белсенді орныды алуы тиіс және өндірістің
дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады.
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық жүйесінде ғана
(амортизациялық аударымдар жарнасы, қаржылық жазалау шаралары, салық салу
акциздер, жол ақысы, дивиденттер, өсім ақы, салымдар, пай жарнасы, қаржы
салымдары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздардың құндылығы, тағы
басқа).
Нақты табыс көлемі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің (кіріс және
шығыс туралы есеп беру) тиімділігі емес, экономикалық тиімділік
көрсеткішіне жатады.
Бес жүз мың теңгелік табыс қызмет масштабының және кәсіпорынның салған
қаржы мөлшерінің табысы болуы мүмкін. Осыған орай салыстырмалы сомасы
бірдей болмайды. Сол себептен, алынатын табысты нақты бағалау үшін
салыстырмалы табыс, көрсеткішін қолданады, оған әр түрлі пайдалылық
көрсеткіштер қатысты. Табыс деңгейін және кісіпорын қызметінің тиімділігін
сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткіштерінің дамуына шаруашылық
субъектісі сияқты мемлекет те көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты
және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.
Табыс көрсеткіштерін талдау міндеттеріне:
- нақты табыс көрсеткіштерін жоспар бойынша орындау бағасы;
- таза табыстың пайда болуының құрамдық элементтерін оқып – білу;
- табысқа әсер ететін сандық өлшем факторлары;
- табысты бөлу үшін бағыттары пропорцияларды, даму бағытын оқып білу;
- табыстың өсуінің резервтердің пайда болуы;
- кәсіпорынның келешекте дамуы үшін табысты тиімді пайдалану
негізінде сипаттама жасау;
- табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және оған әсер ететін
факторларды зерттеу.
Ш.Иманғожин өз еңбегінде өндірістік қызмет нәтижелерін талдау кезінде
келесі пайда көрсеткіштерінің қолданылатындығын айтады:
- баланстық пайда, яғни, тауарларды сатудан нәтижелер ғана емес,
сонымен бірге оның көлемін нақты және салыстырмалы көрсеткіштер. Қайта
өндеу өнеркәсіптік өнімдерді сатқандағы нәтижелер, қосалқы өндіріс және
жұмысты орындау, өндірістік қызмет көрсету, шетелдерге шығару
операцияларындағы табыстар мен шығыстар, оған қоса сатудан тыс табыстар мен
шығындар. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның баланстық пайдасы – есеп
беру мерзіміндегі әр түрлі шаруашылық қызметтерінің табыстар мен шығындар
қалдығынан құралады.
- тауарларды сатудан түскен пайда, талдау жасалатын ұйымдар есеп беру
мерзіміндегі пайданың бастапқы мерзімі мен немесе басқа шаруашылық ұйымдар
сол мерзіміндегі өзгерістерін салыстыру арқылы жеке факторлардың қызметін
анықтау осы талдаудың маңызы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы нәтижелері сипаттамасы пайда жиынтығының
көрсеткіштерімен шектеліп қана қоюға болмайды, себебі нақты пайда көлемін
– қандай шаруашылықта, қай салада қорлар тиімді қолданылатындығын түсіну
қиынға соғады. Пайда көлемінің өсуі, ақшаның құнсыздануына әкеліп соғатын
өнімнің өзіндік құнының өсуі себебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең
сенімді өндірістік тиімділік көрсеткіші – пайдалылылық рентебельдік болып
табылады, ол, баланстық пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына
қатынасын білдіреді.
Г.В.Савицкая келесі пайда көрсеткіштерін атайды:
1. баланстық пайда ол қаржылық нәтижелерде, жұмыс пен қызмет, басқа да
өткізулер, өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар мен шығындардан
тұрады.
Жұмыс, қызметтің қаржы нәтижелері:
- өнімді сатудын көлемі, дайын өнімнің ауыспалы қалдықтарынан,
дайын өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Әкімшілік шығыстар есебі
Табыстардың есебі және аудиті
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Жұмыстар мен қызметтер
Пәндер