Жалға берілген негізгі құралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы - материалдық құндылықтардың есебі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе бөлім3

1. 1 Баланстан тыс шоттардағы операциялардың есебі3

1. 2 Жалға берілген негізгі құралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі4

1. 3 Өңдеуге қабылданған материалдардың және консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлардың есебі6

2. Негізгі бөлім12

2. 1 Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтардың есебі12

2. 2 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі. Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға шығару есебі14

2. 3 Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға шығару есебі. 15

3. Қорытынды бөлім. 18

3. 1 Төлем және міндеттеменің қамтамасыз етілуін есептеу18

3. 2 Тұрғын-үй қорларының, сыртқы ауласы жақсы жабдықталған объектілердің және басқа да осыған ұқсас объектілердің тозу сомасын есептеу21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі24

Кіріспе бөлім

1. 1 Баланстан тыс шоттардағы операциялардың есебі

Әрекет етіп тұрған заң ережелері бойынша баланстық шоттарда есепке алу мүмкіндігі жоқ кейбір объекттерді, сондай-ақ субъекттің уақытша сақтауында тұрған және оған жатпайтын құндылықтарды (жалға берілген негізгі құралдар, жауапты сақтауға және өңдеуге алынған материалдар), қосымша есеп пен бақылауды талап ететін активтерді (қатаң есеп беру бланкілері, төлем қабылеттілігі жоқ дебиторлық қарыздарды кәсіпорынның зиянына жатқызу немесе есептен шығару) есепке алу үшін баланстан тыс шоттар арналған.

Баланстан тыс шоттарда есеп есеп жүргізушіліктің жай жүйесі бойынша жүреді, онда жазба бір жақты көрсетіледі, келісім-шартта, шот-фактурада (инвойста), актіде көрсетілген баға бойынша бағаланады және де ол баға есепке қабылдау үшін негіз болып табылады. Баланстан тыс есепке алынған активтер мен міндетгемелер меншікті активтері, міндетгемелері, табыстары және шығыстары үшін белгіленген мерзіммен бірдей тәртіпте түгендеуге жатады.

Осы тарауда келтірілген баланстан тыс шоттарының кодтары шартты болып келеді, сондықтан олар мысал ретінде ғана келтірілген. Шаруашылық жүргізуші субъекттер өздерінің жұмысшы шоттарының жоспарын әзірлеген кезде, сонымен бірге баланстан тыс шоттарды да белгілеп бекітеді. Енді біз мүмкін болатын баланстан тыс шоттардың есебін қарастырып көрейік.

1. 2 Жалға берілген негізгі құралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі

Жалгаға берілген негізгі құралдардың (ағымдағы немесе оперативтік жалга) есебі . Субъект негізгі құралдарды келісім-шарттың негізінде ағымдағы жалға беруге құқылы. Жалға алушы жалға берілген негізгі құралдардың қозғалысы мен қолда барын 001 "Жалдағы негізгі құралдар" деп аталатын баланстан тыс шотта жүргізеді. Егер де жал шарты бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы қаржыландырылатын жал шартына сәйкес келсе, онда жалмен байланысты операция баланстық шоттардың 12 - "Негізгі құралдар" бөлімшесіндегі (121-125 шоттарында), "Ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар" деген 2-ші субшотында жүреді.

001 шоты бойынша әрбір жалға берілген негізгі құралдардың объекті келісім-шартта анықталған бағада жалға берушінің берген инвентарлық нөмірі бойынша жүреді. Егер де жалға берілген негізгі құралдар шетелде болса, онда оның есебі 001 шотының жекеленген түрінде жүреді. Біз төменде ағымдағы жал бойынша шаруашылық операцияларын келтіреміз (жалға алған кәсіпорында) .

Субъект келесі жағдайларда тауарлы-материалдық запастарды жауапты сақтауға қабыддап алуына болады: жабдықтаушылардан алынған запастар, егер де олар занды негізде төлеуден бас тартса; жабдықтаушылардан төленбеген құндылықтар алынған, келісім-шартқа сәйкес толық төленгенше жұмсалуына тыйым салынғандар; басқа да себептер бойынша жауапты сақтауға қабылданған құндылықтар. Ерекшелік ретінде субъект сатып алушының төлеген, әрі қолхатымен сақтауға рәсімделген запастарды жауапты сақтауға қабылдай алады, егер де сатып алушыларға байланыссыз себептері болса. Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық запастардың есебі төлем-есеп айырысу құжаттарындағы қарастырылған бағада жүреді және бұл операциялар 002 - "Жауапты сақтауға қабылданған, тауарлы-материалдық құндылықтар" шотында есепке алынады.

Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық запастарды есептеу үшін екі аналитикалық есеп журналын пайдаланады.

1. 3 Өңдеуге қабылданған материалдардың және консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлардың есебі

Өңдеуге қабылданған тауарлы-материалдық запастардың есебі, баланстан тыс 003 - "Өндеуге қабылданған тауарлы-материалдық запастар" деп аталатын шотта жүреді. Бұл шоттан тапсырыс берушілерден өңдеуге қабылданған материалдар мен шикізаттардың қозғалысы мен қолда бары туралы ақпараттарды алуға болады. Олар үшін әзірлеп шығарған субъекттер төлемейді, сондықтан ол тапсырыс беруші кәсіпорынның балансында есепке алудың жалғасы болып табылады (207 - "Өндеуге берілген материалдар" шотында) .

Тапсырыс беруші - әзірлеушіде материалдар мен шикізаттардың өңдеу (қайта жұмыс істеу) шығыстары, өндіріс шығындарын есептейтін шоттарында есепке алынады: 900 - "Негізгі өндіріс; 920 - Көмекші өндіріс".

Өңдеуге қабылданған материалдар мен шикізаттарды толлингтіқ операцияларын қоса есептеп, тапсырыс берушілер бойынша 003 баланстан тыс шотта есепке алады, онда олардың түрі, шикізаттар мен материалдардың сорттары және олардың тұрған орны ескеріледі.

003 - "Өңдеуге қабылданған материалдар" шоты бойынша жасалатын шаруашылық операцияларын біз төменде келтіреміз.

Консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлардың есебі баланстан тыс 004-"Консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлар" деген шотта жүреді. Бұл шот консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлардың келісім-шартына сәйкес алып-тапсыру құжаттарында керсетілген бағада олардың қозғалысы және қолда бары туралы ақпараттарды шолуға арналған. 004 - шотын субъект-консигнатор пайдаланады. Бұл шот бойынша аналитикалық есеп консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлар түрі және субъекті (тұлға) - комитент бойынша жүреді.

Егер де субъект-комиссионер (консигнатор) тауарлы-материалдық запастарды толық немесе ішінара сатып алмаса, онда тауардың сатылмаған бөлігі субъект-комитентке қайтарылады. Консигнацияға (комиссияға) берілген тауарлар бойынша шаруашылық операциялары төменде келтірілген.

Субъект-консигнатор (комиссионер) толық немесе ішінара сатылмаған тауарлы-материалдық құндылықтарын субъект-консигнаторға (комитентке) қайтарып, баланстан тыс есебінен шығарады (004 баланстан тыс шоты кредиттеледі) .

Субъект-консигнаторлары (комиссионерлері) сата алмаған тауарлы-материалдық запастарын (толық немесе ішінара) субъект-консигнаторға (комитентіне) қайтарып берген, тауарлы-материалдық запастарын аналитикалық есепте шығарып, тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша тиісті шоттар есебіне жатқызған.

Бұл кезде 201-206, 208 немесе 221-223 шоттары дебеттеліп, осы шоттардың тиісті "Консигнацияға (комиссияға) берілген тауарлы-материалдық құндылықтары" деп аталатын аналитикалық шоттары кредиттеледі.

004 - "Консигнацияға (комиссияға) берілген тауарлар" шоты бойынша аналитикалық есеп журналы төменде келтірілген.

2. Негізгі бөлім

2. 1 Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтардың есебі

Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтардың есебін жүргізуге баланстан тыс 005 - "Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтар" шоты арналған. Құрылыс мердігерлік ұйымдарында монтаждау үшін тапсырыс берушіден алынған құрал-жабдықтардың барлық түрлерінің қозғалысын есептеу үшін қолданады. Есеп әрбір объектілер немесе тапсырыс беруші-субъектілерінің журналындағы аналитикалық есеп бойынша тапсырыс берушінің алып-өткізу құжаттарында көрсетілген баға бойынша жүреді. Монтаждау біткен соң, қондырғылар түгелдей орнатылғаннан кейін, олар баланстан тыс шоттан есептен шығарылады. Баланстан тыс 005 - "Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтар" шоты бойынша шаруашылық операцияларын қарастырамыз.

2. 2 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі. Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға шығару есебі

Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі баланстан тыс 006 - "Қатаң есеп беру бланкілері" шотында жүреді, ол материалды жауапты есеп беретін тұлғалар мен қоймадағы тұрғандардың қозғалысы мен қолда бары туралы ақпараттарды шолу үшін арналған (акциздік маркісі, куәліктің бланкісі, дипломдар, әртүрлі абономенттер, тамақтануға берілген талондар, билеттер, тауарлы-транспорттық ілеспе құжаттары т. б. ) . Бұл аталған құжаттардың сақталу тәртібі әрбір қатаң есеп беру бланкілері бойынша белгіленеді.

006 - "Қатаң есеп беру бланкілері" бойынша жасалатын шаруашылық операцияларын қарастырамыз.

Моральдық тұрғыда ескірген, пайдаланбаған, бұзылған қатаң есеп беру бланкісі баланстан тыс шоттан есептен шығарылады. Кем шыққан қатаң есеп беру бланкісі материалды жауапты тұлғалардан өз құны бойынша талап етіледі. Қатаң есеп беру бланкісінің аналитикалық есебін жүргізетін журнал төменде келтірілген.

2. 3 Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға шығару есебі.

Мұндай қарыздың есебі тек әрекет етіп тұрған заңға сәйкес күмәнді болып және іздестіру мерзімі өтіп кеткен жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін. Мұндай қарыздың есебі баланстан тыс 007 - "Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға есептен шығару" шотында жүреді, онда әрбір қарызданушы бойынша арнайы журналда кімнің қарызы есептен зиянға жатқызылғандығы туралы мәліметтер көрсетіледі. Жылдық түгендеу басталмастан бұрын қарызданушылардың мүліктерінің жағдайы туралы жыл сайынғы ақпараттар болуы тиіс. Қажет кезде бұл процедураға сот орындаушыларын тартуға болады. Баланстан тыс 007 - "Төлем қабылеттілігі жоқ дебиторлардың қарызын зиянға есептен шығару" шоты бойынша шоттар корреспонденциясын қарастырамыз.

Төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлық қарыздардың зиянға шығарылатындарын есептеу үшін жоғарыда 540 б. келтірілген журналды пайдалану ұсынылады.

3. Қорытынды бөлім.

3. 1 Төлем және міндеттеменің қамтамасыз етілуін есептеу

Әртүрлі мәмілені жасаған кезде кепілдік алудың және берудің қажеттілігі пайда болады. Кепілдік міндеттеме кредиторға кепілдік ретінде беріледі, ал ол қарызданушыдан тиесілі соманы талап етуіне және оның дер кезінде төленуін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Кепілдік міндеттемені банктер, кәсіпорындар және басқа да ұйымдар бере алады. Егер де кепілдік міндеттемеде (кепілдікте) сомасы көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есепте оны келісім-шартта көрсетілген жағдай бойынша анықтайды. Кепілдік міндеттеменің әрекет етуі кепілдік хатында көрсетілген соманы толық өтегенге дейін күшін жоймайды, әдетте, оған пайызы да кіреді. Субъект өзіне кепілдік берген кәсіпорыннан кепілдігін ала отырып, олардың есебін баланстан тыс 008 - "Төлем тапсырмалары мен міндеттемелерді қамтамасыз ету" шотында есепке алуын ұйымдастыруы тиіс; осы шоттың кредиті бойынша кепілдіктің сомасы жазылады, яғни қарыздың өтелу барысы. Осы шот бойынша есеп әрбір алынған кепілдік міндеттемелері бойынша арнайы журналда жүреді (ол төменде келтірілген) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛАНСТАН ТЫС ШОТТАРДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Баланстан тыс шоттардагы операциялардың есебі
Қаржылық есеп
Түгендеу- бухгалтерлік есептің негізгі әдісі ретінде
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
ЖШС «КАНТ - ЭЙР»-дің шаруашылық субьектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz