Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер


Тақырыбы : Ағымдағы міндеттемелердің есебі
Жоспар:
Кіріспе . . .
- бөлім Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы . . . «Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының орналасқан жері«Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының мамандану саласы«Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
- бөлім Ағымдағы міндеттемелердің мәні мен мазмұны . . . Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік . . . Ағымдағы міндеттемелердің пайдаланылу жолдары . . .
3-бөлім Ағымдағы міндеттемелердің есебі . . .
3. 1 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер . . .
3. 2 Салықтар бойынша міндеттемелер . . .
3. 3 Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар . . .
3. 4 Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Менің «Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі»- атты курстық жұмысымда ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні мен мазмұнына, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерге, кейінге қалдырылған салықтар бойынша міндеттемелерге және де ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарға түсініктеме беремін.
Курстық жұмысты жазу барысында мен міндеттемелер есебін және қысқа мерзімді міндеттемелерді ашып көрсетіп, оларға толығымен сипаттама беруге тырысамын
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай- ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жұмысын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен мтаериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азйтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге ( ұлғайтуға ), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, қаржылық жағдайын және басқада ресурстарын тиімді жұмсауға яғни табысын көбейтуге мүдделі.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының дам у заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез елген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушылардың алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан активтер саласымен шектеліп қана қоймай, бұлар сыртқы көздерден :банктерден несие, басқалардан қарыз салалар мен сауда алуға толық құқылы. Сыртқы көздерден алынған қаражаттарды - қарастырылған қаржы көздері деп атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі үлкен екі топқа: ұзақ және ағымдағы яғни қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлінеді. Бірінші топқа ұйымдар меншігіндегі бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатылып алынып, жұмсалынатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер саласы көрсетіледі.
Кәсіпорындардағы ағымдағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің үшінші қысқа мерзімді деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Типтік шоттар кестесі бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер мынандай бөлімдерді қамтиды: қысқа мерзімді міндеттемелер, салықтар бойынша міндеттемелер, міндетті және өз бетінше төлемдер, қысқа мерзімді кредиторлық борыштар, қысқа мерзімді бағаланушы міндеттемелер, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: «Шолу жасап отырған кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы», «Міндеттемелер есебі» және «Ағымдағы міндеттемелердің мәні мен мазмұны».
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Қарастырып отырған «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының жалпы экономикалық сипаттамасына және есеп саясатының қалай жүргізілетіні туралы ашып көрсеттім. Осы берілген кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауына көп көңіл бөлдім.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде міндеттемелерге жалпы шолу, анықтама беріп одан қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні мен мазмұнын ашып көрсетіп жеке- жеке қарастырамын.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ағымдағы міндеттемелердің бөлімшелеріне толық мағұлмат беруге және олардың қаржылық есепкерлікте тиімді пайдалануын көрсетемін. Сонымен қатар курстық жұмысымның мәліметтерін ескі шоттар көрсеткіштері бойынша жазамын.
Жоғарыда айтылғандарды мақсат тұта отырып және олардың мәліметтеріне сүйене отырып, қысқа мерзімді міндеттемелердің қаржылық есеп үшін және экономикадағы шаруашылық субъектілері үшін міндеттемелердің тиімді пайдалануын анықтаймыз.
1-бөлім. «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының экономикалық сипаттамасы және орналасқан жері
1. 1 «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамы (әрі қарай - қоғам) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке балансы және банктік шоттары бар, өзінің атынан меншіктік және меншіктік емес құқықтарды иеленуі және қалыптастыруы мүмкін, міндеттемелерді алуы, сотта жауап беруші және арыз берушіьолуы мүмкін заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметті тәуелсіз шаруашылық негізінде жүзеге асырады. Қоғамда өзінің жеке қорытынды балансы, банкте валюталық, есептік және басқа шоттары, эмблемасы, қазақ және орыс тілінде аталуы берілген мөрі және өз қызметін жүзеге асыруға қажетті басқада реквизиттері бар.
Қоғамның орналасқан жері: 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы Қаласы, Жароков көшесі, 210 А.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы 259 млн теңгені құрайды.
Қоғам Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі Қазақстан Республикасының қарулы күштер геоақпаратпен қамтамасыз ету орталығына шаруашылық жүргізу құқығын Республиканың мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы № 1003 2004 30 қыркүйегінен ҚЗ үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды
Жоғарыда көрсетілген ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігіне берілді және негізгі қызмет ету бағыттары анықталады;
- топографо- геодезиялық және сандық картография мәліметтері негізінде геоақпараттық жүйені құру;
- Ақпарат жүйелерін құру;
- Телекоммуникациялық жүйені құру;
- Баспа және полиграфиялық қызмет.
Қоғам өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және жарғысына жүгінеді.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы заң актілерінде қарастырылған тәртіпке сәйкес, қоғам өзінің орнынан тыс, заңды тұлға болып табылмайтын қоғамның атынан және бұйрығымен қызмет жасайтын еншілес кәсіпорындарын құруға құқылы.
Қоғамның балансында құны көрсетілетін негізгі құралдар, айналым құралдары және құндылықтар қоғамның меншігін құрайды. Қоғаммен құрылған еншілес кәсіпорындарының және өкілдіктерінің ( ары қарай құрылымдық бөлімше) меншігі қоғам меншігі болып саналады. Меншік еншілес кәсіпорындарының және өкілдіктерінің балансында көрінуімен қатар, құрылымдық бөлімшелердің балансын консалидациялау жолымен Қоғамның балансында да көрінеді
. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Қоғамның бухгалтерлік есебі қаржылық есептілікті, синтетикалық және аналитикалық регистрлерді жүргізу үшін есеп ақпараттарын жазу автоматтандырылған тәсілмен ұйымдастырылған
Президент жыл сайын өнімдік тұлғаны қызметтен босату жағдайында ұйымдастыру - басқарушы және қаржы - есеп құжаттарында қол қою құқығы бар жұмысшылар тізімін анықтайды.
Құжат айналымын ұйымдастыру.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттау және құжаттарды басқарудың типтік тәртібі туралы» 29. 04. 2003 жылдан № 33 Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келісіміне сәйкес мәдениет министрлігінің архив және құжаттарды басқару комитетінің председателінің бұйрығына сәйкес есеп бухгалтерлік ақпараттарды сақтау және жою жүзеге асырылады.
Құжаттар қозғалысының тәртібі, орындацшылар тізімі, Бухгалтерияға түсу мерзімі, құжаттардың ішкі есеп аппаратынан өңдеу және өту, сонымен қоса есепті кезеңде бухгалтерлік балансты және есептілікті құрастыру жұмыстарының аяқталуы құжат айналымын көрсетеді. Оның орындалуы есептегі ғана емес, кәсіпорынның басқада жұмысшыларына міндетті. Олар құжат айналымы графигі бойынша олардың қызмет орталығына жататын құжаттарды толтырады және ұсынады.
Бұл үшін әрбір орындаушыға оның қызмет ету ортасына жататын алғашқы құжаттар тізімі және құжаттарды ұсыну мерзімі және орны көрсетілген графиктен көшірме беріледі.
Қоғамдағы шаруашылық операциялардың құжатталуының қабылданған жүйесі оның толық көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Құжат айналымы графигін сақтау, құжаттарды дер кезінде және сапалы толтыру, мәліметтердің сенімділігі, бухгалтерлік баланста мәліметтерді көрсету үшін құжаттарды дер кезінде өткізу жауапкершілігі құжаттарға қол қойған тұлғаларға жүктеледі.
Құжат айналымы графигін орындаушыларын басбухгалтер бақылайды. Бухгалтерлік құжаттарды және мәліметтерді толтыру және ұсыну тәртібі бойынша бас бухгалтердің талабы қоғамның барлық жұмысшыларына міндетті.
Алғашқы құжаттар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 19. 03. 2004 ж №128 бұйрығында белгіленген алғашқы құжаттардың типтік формасына сәйкес құрылады.
Бухгалтерлік есеп регистрлерінің және ішкі қаржылық есетіліктің мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарына рұқсатты тек қана Қоғам Президентінің рұқсаты бар адамдар алады. Сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік орган қызметтеріне беріледі. Қоғамда коммерциялық құпия мазмұны бар алғашқы құжаттар тізімі анықталған:
- Төлем тапсырмасы
- Банктерден көшірме
- Кіріс және шығыс касса ордерлері
- Есеп ведомосы.
- Кәсіпорынға кіретін және шығатын келісім шарттар.
1. 2. «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының есеп саясатының жалпы жағдайы
Қоғамның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу келесідей нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Қазақстан Республикасы Президентінің 26. 12. 1995 ж № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар жарлығы және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18 қыркүйек 2002, №438 бұйрығы бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары ( ҚР Қаржы Министрлігінің 21. 10. 2003 ж №372 бұйрығымен енгізілген зерттеулер) және есеп қолданудағы әдістемелік ұсынылымдар. Оны құру базалары болып Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есеп туралы 1996 ж13-15 қарашадағы №3 бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) және оған әдістемелік ұсынылымдар, сонымен қоса ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудегі басқада нормативті - құқықтық құжаттар болып табылады. Берілген есеп саясатымен есепті ұйымдастырудың негізгі тәртіптері және ішкі бақылау және сыртқы аудит талаптары анықталады.
Құрылу негізіне келесідей принциптер енгізілген есептеу, үздіксіз қызмет, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, бейтараптылық, сақтық, аяқтылық, сәйкестік, жүйелілік, шын және айқын болуы.
Салық есептемесі және төлемдері ҚР «Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер» Қазақстан Республикасының 2001 ж 12 маусым №210 -2 өзгертулермен толықтырылуларына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепте есептеу әдісі қолданылады. Есеп саясатын құру және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жауапкершілігі қоғам президентіне жүктеледі.
«Қазақстан ГИС Центр» АҚ есеп саясатының негізгі жағдайлары
Қоғамның бухгалтерлік балансы БЕС №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктегі негізгі алынымдар» талаптарына сәйкес.
Қоғам өзіндік капиталы 01. 12. 2005 ж жарғылық капиталынан құралған. Оның сомасы 29 теңге, яғни қоғам жарғысына сәйкес. Қазіргі уақытта Қоғамда ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ.
Қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есептілік БЕС №3 сәйкес. Есепті кезеңде танылған барлық табыстар мен шығындар есепті кезеңде таза табыс пен зиянды анықтауда қосылады.
Қоғамның есепті кезеңі болып күнтізбелік жыл есептеледі, . Алдыңғы кезеңдегі қаржы есептілігін құру кезінде жіберілген қателер сомасын дұрыстау есепті кезеңнің табыс және зияны (шығынға) енгізіледі. Алдынғы кезеңдегі мәнді қателер сомасын дұрыстау, есептілікте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы жүргізеді.
БЕС №3 «Қаржы шаруашылық қызметі нәтижелері туралыесеп» калькуляциялау үшін, және сонымен қатар жоспарлау, экономикалық талдау және бақылау үшін қажет. Бұл есептілік қоғамның ішкі пайдаланушылары үшін бағытталған, сондықтан ол сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және қоғамның коммерциялық құпиясы болып табылады.
Табыспен сәйкестендіру мақсатында, оған қоса «Қазақстан ГИС Центр» АҚ құрудағы мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, шығындар бөлімі шартты түрде негізгі және негізгі емес қызметіне бағытталған шығындар болып бөлінеді.
«Қазақстан ГИС Центр» АҚ негізгі қызметіне мыналар жатады:
- Сандық картография және топогрофо- годузиялық мәліметтер негізінде геоақпараттық жүйені құру
- Ақпараттық жүйені құру;
- Басылым және полиграфиялық қызмет;
Негізгі емес қызметтер шығындарына:
- негізгі құралдарды және ТМҚ сату
- жалға ғимараттарды, алаңдарды ұсыну және т. б.
- басқалары.
1. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кісіпорындардың тәелсіздікке ие болуымен, сондай- ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- Айналым капиталының көлемін, оның өсуін немесе кемуінжәне ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- Қаржы- есептік және несие ережесін сақтау;
- Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторарды есептеп шығару;
- Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: Жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- Баланс өтімділігін талдау;
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады
«Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының 2004 және 2005 жылға құрылған бухгалтерлік балансы бойынша ағымдағы міндеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау
Жыл басы
(2004)
Жыл аяғы
(2005)
Ауытқу
(+; -)
Ағымдағы міндеттемелердің барлығы
Оның ішінде:
Кестеде көріп отырғанымыздай ағымдағы міндеттемелердің құрылымын талдау барысында ек іжылдағы болып отырған өзгерістерін салыстыру әдісін қолдана отырып талдау жасадым. Бұл акционерлік қоғамның ағымдағы активтерін өткен жылмен салыстырғанда 58804 мың теңгеге өскені байқалады. Бұл өсудің себебін айтатын болсақ осы кәсіпорынның жасаған жұмыстарының нәтижелі қортындыға келуінен. Екі жылдық көрсеткіштерді, яғни төленуге тиісті векселдерді алатын болсақ үлкен жетістікке (+43470) мың теңгеге өскенін көріп отырмыз. Демек бұл қортындымыз «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының үлкен табысқа ие болуымен тең саналады. Алынған аванстврдың -0, 14- пунктке азаюы оның қаржылық жағдайының нашар субъектіге жататынын білдіреді. Кәсіпорынның менеджерлеріне бизнесті кеңейту және акционерлер санын көбейту арқылы инвесторлардың аудартуы керек. Бюджетпен есеп айрысу (+10475) мың теңгелік қортынды көрсеткіштерін көріп отырмыз. Өйткені осындай жетістіктерге жетуіміз туелді кредиторлық қарыздардың шығынға ұшырамауынан және аударылған басқада кредиторлық қарыздардың оң (+5760) нәтижеге жету барысында. Қорыта айтатын болсақ бұл кезең «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамы үшін өте жақсы кезең болып саналады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынандай факторларды атап көрсетуге болады:
-кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
-төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
-шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
-қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым- қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні мен мазмұн ы
2. 1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы түсінік
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тысмекемелерден, шет елден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі- міндеттемелер есебі.
Міндеттемелер - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайданы көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті: борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және таксалар, әйтпесе белгілі бір әрекетпен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге толық құқылы.
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мен ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме саласы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Міндеттеме үш себеп бойынша анықталады:
1. Міндеттемелердің пайда болуына себеп болған жағдайдың анық болуы.
2. Активтің немесе қызметтің өзге субъектілерге аудару арқылы міндеттеме реттелінеді.
3. Міндеттеме нақты болы қажет.
1. Келтірілген анықтамаға сәйкес міндеттеме танылған жағдайда, оны дереу бухгалтерлік кітапшаға кіргізу керек. Міндеттемелердің сомасы барлық болашақ ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді және олар сәйкес тәуелділіктің проценттық қойылымы бойынша дисконтталынады Міндеттеме өзіне негізгі соманы және проценттерді кіргізеді. Міндеттемелердің көбеюі кәсіпорын үшін қауіпті, өйткені міндеттеме бойынша проценттерді төлеу шығындардың үлес салмағы өседі. Қарыздық келісімдер іс-әрекеттерді және ұйымдардың қаржылық құрамын шектейді. Міндеттемелердің орындалмау тәуекелділігін азайту мақсатында шектеулер девиденттердің максималдық мөлшерін табыстық белгіленген деңгейін сақтау талабында және өтімділікті кіргізеді. Міндеттемелердің міндеті мен мақсаты-өндіріс тиімділігін жақсарту, кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Инвестордың позициясы ьойынша несиелендіру-бұл инвестицияларды орналастыруды ең үмітті тәсілі. Өйткені несие берушілер қарыздық төлемдердің заңды орындалудың ең жоғары қауіпсіздігін қолданады және егер де қарыз алушы ұйымы жойылса, активтерге құқықтарын алады. Міндеттемелердің пайда болуы ресурстардың кетуімен байланысты. Сондықтан осы міндеттемелердің орындалу мерзімі ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін өте маңызды. Сонымен қатар, кәсіпорын үшін міндеттемелерді реттеп отыру өте маңызды. Реттеу әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізіледі:
1. Ақшалай қаражаттарды төлеу арқылы
2. Өзге активтерді ауыстыру арқылы
3. Қызметтерді көрсету арқылы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz