Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 4
I. Бухгалтерлік баланстың түсінігі және маңыздылығы 6
1.1 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік 6
1.1 Бухгалтерлік баланстың түрлері 15
II. Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері 17
2.1 Кәсіпорынның шаруашылық операцияларын жүзеге асыру кезіндегі баланста
болатын өзгерістер 17
2.2 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 20
2.3 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау 23
2.4 Баланс өтімділігін талдау 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33

Кіріспе

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және
қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа
салалардан өзінің ерекшілігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан
пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-
экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып
табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано
Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары
онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес
және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-
бірі түсінбес еді − деген болса, оның әріптесі П.Самуэльсон Біздің
ғасырымыз –машина ғасыры, сондай- ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып
табылады, − дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки Есеп –бұл
барлық бизнестің тілі, яғни философиясы , −деп айтса, Л.Фон Мизес Есеп
–бұл бизнестің ар- ожданы, ұяты, −деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның
қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны
пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе
болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы
туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Ақпараттық мәліметтің негізгі
қайнар көзі болып − бухгалтерлік баланс табылады. Баланс дегеніміз қазақ
тілінде таразы немесе тепе- тең деген мағынаны білдіреді. Баланс деген
− ол сіздің фирмаңыздың жыл басындағы және есепті мерзімнің (тоқсанның,
жартыжылдықтың, үш тоқсанның және жылдың) аяғындағы қызметін сипаттайтын
құжат.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның
сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі
көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни
пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі
баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі
топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
Баланс бөлімдерінің өзара қарым- қатынасы, ал дәлірек айтқанда құрылымы
фирма қаржы- шаруашылық қызметінің бағытын көрсететіні табиғи нәрсе.
Мәселен, кәсіпкердің қолында әр алуан негізгі құралдар, материалдық қорлар,
аяқталмаған өндіріс деп есептеуге болады.
Егер айтарлық, тауарлық қорлар болса, онда шаруашылық жүргізуші
субъектінің саласы сауда болатыны анық. Ал егер қаражатының негізгі бөлігі
әр түрлі қаржы инвистициялық компания болғаны.
Алайда, баланс субъекті қызметі жөнінде жетерліктей кең мағлұмат
бергенімен, оны тереңірек зерттеуге қаржы есептілігіне енетін басқа
құжаттар қажет.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
бар өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және олардың жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Менің ойымша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымының динамикасын талдау;
• баланс өтімділігін талдау.

I. Бухгалтерлік баланстың түсінігі және маңыздылығы

1.1 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік

Кәсіпорынның іс- әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін
кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы,
сондай- ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет.
Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай
мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті
талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың,
ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алу үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы,
құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай- ақ олардың пайда болу көздері
туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай
көрсеткіштермен берілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. № 10-41143
хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің
түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен
кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және
пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол
жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі
мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында,
яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Бухгалтерлі есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде
кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктерді қарастырылады. Ұйым
осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл
мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың
пассиві –деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы
ақпаратты мәліметтер жазылады ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және
тартылған (сырттан немесе басқа жатқан алынған, қарастырылған) капитал деп
екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның
міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да
бір операциялар нәтижесінде сәйкес берешек борыштары болып табылады.
Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке
тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы
қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату
арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы
инвесторлардың мүдделігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың
кредитордан айырмашылығы –кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын
(тырысатын ) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға
ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды
қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен
кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік
баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады.
Ол мүліктердің міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу
көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда
болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің
көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік
балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар – бөлімдерге бірігеді.
Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады.
Баланс бөлімдері өз кезегінде 9 баптар тобына бөлінеді:
1) материалдық емес активтер;
2) негізгі құралдар;
3) инвестициялар;
4) тауарлық – материалдық қорлар;
5) дебиторлық берешек (ағымдағы актив құрамында)
6) ақша қаражаты;
7) меншікті капитал;
8) несиелер;
9) кредиторлық берешек.
Баптардың ерекшеліктері:
- активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және
пайдаланылуы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері
бойынша көрсетуге қызмет етеді;
- активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын,
берешектерді, ал пассивтік баптар – меншікті капиталды, кәсіпорынның
қарыздарын көрсетеді.
Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны
пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сай келеді.
Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім
бар.
АКТИВ:
Шаруашылық субъектісінің немесе кәсіпорынның өз іс-әрекетінің, қызметін
жүзеге асыру үшін, сонымен қатар болашақта табыс, пайда табу үшін
активтерді қолданылады. Шаруашылықта пайдалануына байланысты активтер екі
бөлімге бөлінеді:
I. Ұзақ мерзімді активтер
II. Қысқа мерзімді активтер
I. Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес
активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді инвестициялары, ұзақ мерзімді
дебиторлық борыштары жатқызылады.
Материалдық емес активтер − белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша
немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір
бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе
әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорында материалдық емес активтердің қатарына Бағдарламаны
қамтамасыз етуді, Лицензиялық келісімдерді, Потенттерді, Ұйымдастыру
шығындары, Гудвиллді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты
жатқызуға болады.
Негізгі құралдар − өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын
шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген
амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек
құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) жер;
ә) үйлер мен ғимараттар;
б) машиналар мен жабдықтар;
в) өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары;
г) жүктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;
ғ) жинақталған тозу;
д) аяқталмаған күрделі құрылыс.
Ұзақ мерзімді инвестициялар − шаруашылық субъектісі немесе кәсіпорын
басқа шаруашылық субъектісіне пайыз арқылы табыс табу мақсатында белгілі
бір мерзімге (бір жылдан артық уақыт) келісім шарт арқылы салатын қаржылай
салымдарын айтамыз.
Инвестициялар ақшалай, мүліктей және қолма қолсыз ақшалай түрінде
салынады.
Инвестиция шаруашылықта пайдалануына байланысты келесідей түрлерге
бөлінеді:
1. Кәсіпорындардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
инвесициялары;
2. Тәуелді ұйымдардың инвестициялары;
3. Жылжымайтын мүліктей салынатын инвестициялар.
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар − сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің ұзақ мерзімге (бір жылдан артық уақыт) келісім шарт арқылы
шаруашылық субъектілері мен кәсіпорындардың алдындағы көрсеткен қызметтері,
атқарған жұмыстары, өткізген өнімдері үшін берешектерін айтамыз.
Дебиторлық борыштар келесідей түрлерге жіктелінеді:
1. сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары;
2. жеке, заңды және жұмыскерлердің, қызметкерлердің борыштары;
3. еншілес ұйымдардың борыштары;
4. жал (аренда) бойынша берешектер;
5. өткізген өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін берілегн аванстар;
6. тауарлы- материалдың құндылықтар үшін берілген аванстар;
7. тәуелді ұйымдардың берешектері;
8. қосылған құн салық сомасы бойынша берешек;
9. сыйақылы.

II. Қысқа мерзімді активтер
Қысқа мерзімді активтердің қатарына тауарлы-материалдық құндылықтар,
ақша қаражаттары, қысқа мерзімді немесе ағымдағы дебиторлық борыштар, қысқа
мерзімді немесе ағымдағы инвестициялар.
Тауарлы- материалдық құндылықтар − өнім өндіру процесінде өзінің
өзіндік құнын бірден өндіретін өнімге беретін немесе өзіндік құнын бірден
жоятын кәсіпорын активін айтамыз.
Тауарлы- материалдық құндылықтар өндіріске қатысуына байланысты
келесідей түрлерге жіктелінеді:
1. материалдар мен шикізаттар;
2. жартылай фабрикаттар;
3. отындар;
4. ыдыс және ыдыстық заттар;
5. қосалқы бөлшектер;
6. басқа шаруашылық субъектілеріне өндіруге берілетін материалдар;
7. құрылыс материалдар;
8. басқа да материалдар.
Ақша қаражаттар − айырбас құрал, жеке және заңды тұлғалармен есеп
айырысу үшін баламалы эквивалент болып табылады.
Келесідей түрлерге жіктелінеді:
1. кассадағы ақша қаражаттары;
2. есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары
3. чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары;
4. аккредитив шотындағы ақша қаражаттары;
5. валюталық шотындағы ақша қаражаттары;
6. аударылған жолдағы ақша қаражаттары.
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар − бір жылдан аз берешектері.
Қысқа мерзімді инвестициялар − бір жылдан аз ақшалай, мүліктей
салымдары.

ПАССИВ:
Қорлану көздері немесе пассив шоттар шаруашылықта пайдалануына
байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:
I. меншікті капитал
II. міндеттемелер
I. Меншікті капитал − шаруашылық субъектісінде немесе кәсіпорында
өздерінің іс- әрекеттерінің, қызметтерін жүзеге асыру үшін, сонымен қатар
әрі қарай дамытып жетілдіру үшін құрылатын қор болып табылады.
Меншікті капитал шаруашылықта пайдалануына байланысты келесідей
түрлерге бөлінеді:
1. жарғылық капитал
2. резервтік капитал
3. төленбеген капитал
4. қайтарылып алынған капитал
5. төленген капитал
6. бөлінбеген табыс
7. негізгі құралдардан қайта бағалаудан алынған төленбеген капитал
8. жиынтық табыс
II. Міндеттемелер − шаруашылық субъектісінің немесе кәсіпорынның басқа
шаруашылық субъектісіне, жеке немесе заңды тұлғаларға көрсеткен қызметтері
өткізген өнімдері атқарған жұмыстары үшін берекшектерін айтамыз.
Міндеттермелер шаруашылықта пайдалануына байланысты екіге бөлінеді:
1. ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзіміді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде
өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуі тиіс:
а) қамтамасыз етілген несиелер;
ә) қамтамасыз етілмеген несиелер;
б) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;
в) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің, мерзімін
өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.
2. қысқа мерзімді немесе ағымдағы міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы
бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есебі күннен кейінгі бір жылдың
ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда,
мыналар ашылуы тиіс:
а) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;
ә) ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
б) салықтар бойынша берешек;
в) төленуге арналған дивидендтер;
г) еншілес серіктестіктерге берешек;
ғ) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;
д) өзге кредиторлық берешек.
Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыру
шешім қабылданса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі
ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары
мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.
Жоғарыда айтқандарымыз түсінірек болу үшін үлгі ретінде СӘТТІ
фирмасының 2007 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын
қарастырайық.

СӘТТІ фирмасының 2007 жылғы 1 қаңтарына
бухгалтерлік балансы (өлшем бірлігі мың теңге)

Активтері Сомасы Пассивтері Сомасы
1 2 3 4
Ұзақ мерзімді активтер: Меншікті капитал:
Материалдық емес 2000, Жарғылық қор 50000,0
активтер
Негізгі құралдар 27000,0 Резервтік қор 5500,0
Ұзақ мерзімді инвестиция3000,0 Бөлінбеген пайда немесе 3500,0
зиян
Ұзақ мерзімді дебиторлық4500,0 Жиыны 59000,0
борыш
Жиыны 36500,0
Ағымдағы активтер Ұзақ мерзімді
міндеттемелер:
Материалдық қор 3500,0 Ұзақ мерзімді несие 9000,0
Дайын өнім 7000 Ұзақ мерзімді қарыз 2000,0
Тауарлар 2500,0 Жиыны 11000,0
Аяқталмаған өндіріс 10000,0 Қысқа мерзімді
міндеттемелер:
Ағымдағы дебиторлық 6500,0 Бюджетпен есеп айырысу 2500,0
борыш
Ағымдағы инвестиция 5000,0 Бюджеттен тыс төлемдермен15000
есеп айырысу
Алдағы уақыт шығындары 1000,0 Жабдықтаушылармен есеп 7000,0
айырысу
Берілген аванс 1500,0 Жұмысшылармен еңбекақы 2000,0
бойынша есеп айырысу
Ақша қаражаттары 9500,0 Жиыны 13000,0
Жиыны 46500,0 Барлығы 93000,0
Барлығы 83000,0

Осы жоғарыда көрсетілген СӘТТІ фирмасының бухгалтерлік балансынан
көретініміз – бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең.
Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы – 59000,0 мың теңгені, ал
міндеттемелері – 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің
орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
83000,0 = 59000,0 + 24000,0
Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста
Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін
қарастырдық. Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың
орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.
Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің
басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен
құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер
баланстың сол жағында көрсетіліп, оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті
капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:
актив – міндеттеме = меншікті капитал
83000,0 – 24000,0 = 59000,0
Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге
негізделген. Жоғарыда мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын
болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

1.1 Бухгалтерлік баланстың түрлері

Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолдану
барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған
уақытында жасалған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе
баланста кәсіпорынның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы
көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни
құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу)
уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең
болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері атты
еңбегінде екі түрге бөлінеді және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты,
ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін қарастырылады деп
жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен
Х.Х. Эргашев өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты
еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорын
жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын
жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл
айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал
екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда
аты аталған авторлардың қай қайсысының да пікірлері дұрыс деуге болады.
Себебі, кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері
ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның
таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының
саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.

II. Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері

2.1 Кәсіпорынның шаруашылық операцияларын жүзеге асыру кезіндегі баланста
болатын өзгерістер

Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытта жасалып, қаражаттың жағдайы мен
олардың шығу көздерін бейнелейді. Шаруашылық іс- әрекет процесінде
қаражаттың тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамының, орналасуының және пайда
болу, қалыптасу көздерінің өзгеруі болып жатады. Субъектінің іс- әрекеті
барысында жабдықтау, өндіріс өткізу процесстерінің бөлігі болып табылатын
және қаражат құралы мен олардың шығу көздерінде тағы сондай өзгерістерді
туындататын шаруашылық операцияларын іске асырады. Олар баланста тиісті
баптардың ұлғаюы мен кішірейткен түрінде бейнеленеді, кей жағдайларда
баланста жаңа баптар пайда болады немесе жоғалып кетеді.
Баланстағы өзгеріс құрылымы бойынша шаруашылық операциялары 4 типке
бөлінеді:
1-тип кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана
баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы)
шоттан жалақы мен басқа шығындарды төлеу үшін 150 000 теңге мөлшерінде
ақшалай қаражат түсті.
451 Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша шот дебеті
441 Ағымдық шоттағы ақша шот кредиті 150 000.
Актив Сома, МКМ Сома,
теңге теңге
Кезең басындағы жиынтық сома300,0 Кезең басындағы жиынтық 300,0
Кассадағы қолма-қол ақша +150,0 сома
Ағымдық шоттағы ақша -150,0
Кезең соңындағы жиынтық сома300,0 Кезең соңындағы жиынтық 300,0
сома

А – А : баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ

2-тип тек қаражат көздері құрамында ғана өзгерістер туғызады. Мысалы, қысқа
мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200 000 теңгелік шоты төленді.
671 Төлемге арналған шоттар шот дебеті
601 Банктің қысқа мерзімдік қарызы шот кредиті
Актив Сома, МКМ Сома,
теңге теңге
Кезең басындағы жиынтық сома300,0 Кезең басындағы жиынтық сома 300,0
Қысқа мерзімдік қарыз +200,0
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар-200,0
Кезең соңындағы жиынтық сома300,0 Жиыны 300,0

П – П : баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ

3-тип шаруашылық құрамдарын және олардың шығу көздерін теңбе – тең сомаға
көбейтеді. Мысалы, жабдықтаушылармен есеп айырысу алынбаған 250 000 теңге
сомасына материалдар алынды.
201 Шикізат пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің типтік есептеры
Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Бухгалтерлік баланстың түрлері
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік баланс есебі
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Есептілік кезең қағидасы
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
Бухгалтерлік баланс туралы
Пәндер