Бухгалтерлік баланстың құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
І.Бухгалтерлік баланс шаруашылық операциялар негізінде. 4
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері және түрлері. 4
1.2 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.
10
ІІ.Бухгалтерлік баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны. 13
2.1.Бухгалтерлік баланстың құрылымы. 13
2.2 Баланс баптарының мазмұны 16
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 24

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде
алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және
кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім кабылдаудың
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы
принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға
сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек
коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс
калдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын
кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті
көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның
маңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның
ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау,
ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс
басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін,
бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан
бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас
мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік
қабілеттерін қалыптастыруда. Осы менің Бухгалтерлік баланс және оның
құрылымы атты курстық жұмысымда бухгалтерлік баланс құрылымына өте кең
түрде нысандар тереңдетіліп берілген. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның
бухгалтерлік балансы актив пен пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып
табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорнның қаржылары, заттай
және ақшалай шыгындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде
қорлану көздері қарастырылады. Ал, баланстың пассив деп аталатын бөлігінде
кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Мұндағы
тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор
берешек борыштары болып табылады.
Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды
болмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады.
Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал
ағымдағы өзгерістер бухгалтерлік есептің шоттарында ескеріледі.

І.Бухгалтерлік баланс шаруашылық операциялар негізінде.

1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері және түрлері.

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын
қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі
және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни
уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар
көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. “БАЛАНС” сөзі француз тілінен
алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда “таразы” немесе “тепе – тең”
деген мағынаны білдіреді. Баланс - сөзі латың тілінен аударылғанда
теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы
қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив
және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол
жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі
мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында,
яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде
кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым
осыларда пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл
мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың
пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы
ақпаратты мәліметтер жазылады.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы - шаруашылық қызметті
талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың,
ұйымдардың нарық экономикасында
бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы,
құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері
туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай
көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорының мүлкін ақшалай бағамен
белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша жэне
олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. №10-41143
хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің
түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен
кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның
сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс
активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері,
яғни баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі
баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі
топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі. Баланстық бап
бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің,
міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес
келеді.
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін,
міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жол)
бухгалтерлік баланс бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде
бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық
мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:
-актив баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдалануы
бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге
қызмет етеді;
-активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын,
берешектерді, ал пассивтік баптар - меншікті капиталды, кәсіпорынның
қарыздарын көрсетеді.
Баланс - брутто және баланс - нетто деген бар. Қазіргі кезде
халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген
баланс нысаны пайдаланылады, мүның өзі баланс- неттоға сәйкес келеді.
Баланс - брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс - неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш
бөлім бар.
АКТИВ:
I. Қысқа мерзімді активтер.
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер.
ПАССИВ:
I. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
ІІІ. Капитал мен резервтер.
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп
аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті
бап болады.
Баланс - неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы,
Материалдық емес активтер, Негізгі құралдар баптары бойынша бастапқы
құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі
құралдардың қалдық құндар ғана енгізіледі.
Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік
жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал–ордерлер,
сондай–ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.
Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы
көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір
баптары кодталады. Пассив пен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны
есептеледі. Активтер пассивпен тең болуы тиіс.
Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып
салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі эконмикалық ресурстардың бар-
жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың
қайсыбір сәтінде ғана (заңнамаға сәйкес - есепті жылдың 31 желтоқсанында)
анықтауға болады.
Бухгалтерлік баланстың түрлеріне келетін болсақ ол өзінің жасалу
уақытына және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның
жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс
деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық
капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын
иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру
уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең
болуы мүмкін.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансының еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері атты
еңбегінде екі түрге бөледі жәрне оның бірі ұйымның жабылуына байланысты,
ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп
жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л,А. Крятова мен Х.Х. Эргашев
өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты еңбегінде жойылу
балансы үш кезкңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы
алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын
тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды
талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп
қарауға болмйды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың
қай қайсысының да пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу
балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның тартылуына кететін
уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның тартылуы, яғни жабылуы ұзақ
уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және
қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.

1.2 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

Кез-келген кәсіпорынның мақсаты – пайда табу десек қателеспейміз.
Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып
отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын
қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік
балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы
әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске
ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстыңактив және пассив баптарының
теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған
операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін
емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардың
орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның
бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді.
Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін
жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның
бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай
(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік
есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне
қарай төрт түрге бөледі.

Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары
бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда
актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура
сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы

сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешөандай өзгермейді.
Мысалы,кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынын жұмысшы-қызметкерлерге
еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.Бұл жағдайда есп
айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп
аталатын баптың сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі
мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді. Екінші түріне жатқызылатын
шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне
әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив
бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай
сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай
өзгеріске ұшырамайды. Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің
алдындағы 700 (жеті жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие
арқылы қайтарды делік. Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы
жабдықтаушы – мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700
(жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті
жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік
өзгермейді. Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі
түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві
бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив
бөліміндегі бір баптар сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі
баптың да сомасы осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы – мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың
теңгенің гргрнд материалдары келіп түсті. Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік
балансындағы жабдыұтаушы – мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын
бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200
(екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына
сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың
теңгеге баланстың сомасы да өседі. Баланс баптарының сомасына әсер ететін
шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын
операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және
пассив жағындағы баптары бірдей уақытта бірдей сомаға өзгереді.
Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар барысында баланстың жиынтық
сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе (артса),
төртінші түрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Бухгалтерлік баланс туралы мағлұмат
Бухгалтерлік баланс пен шоттар және олардың байланысы
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ
Бухгалтерлік баланс аудиті
Ұзақ мерзімді қаржылық активтер
Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
Бухгалтерлік баланс туралы
Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Бухгалтерлік баланс элементтерін тану
Пәндер