Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны, оның ұйымдастыру қағидалары
1. Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Бухгалтерлік баланс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Шоттар мен қосарлы жоба және оларды жіктеу ... ... ... ... .10
2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары
1. Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары және
тұжырымдамалық негізі ... ... ... ... ... ... ...15
2. Бухгалтерлік есептің қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3. Бухгалтерлердің кәсіби этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса,
оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын
өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып
табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін
иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген
конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер
айтылмағандығын атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – бухгалтерлік есеп принциптері
(қағидалары) тақырыбы алынды.
Зерттелу нысаны: Зерттеуге бухгалтерлік есеп принциптерінің (қағидалары)
жалпы мәселелері алынды.
Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне байланысты талдау, жинақтау
әдістері қолданылды.
Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау,
бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері,
капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы
ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның
табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық
нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық
(сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп
кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын
жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі
пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім
қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса
жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және
тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті
түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі
әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері қарастырылып отырған курстық жұмыстың
тақырыбын толық ашып, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Қарастырылып отырған мәселенің бірінші бөлімінде, яғни бухгалтерлік
есептің мәні мен мазмұны, оның ұйымдастыру қағидаларының теориялық
негіздеріне көңіл бөлінген. Атап айтатын болсақ, бухгалтерлік есептің мәні,
түрлері және тәсілі, бухгалтерлік баланс, шоттар мен қосарлы жоба және
оларды жіктеу қарастырылып отыр.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары
мен қағидалары, соның ішінде бухгалтерлік есептің қазақстандық және
халықаралық стандарттары және тұжырымдамалық негізі, бухгалтерлік есептің
қағидалары, Бухгалтерлердің кәсіби этикасын талдадым.
Курстық жұмыста топтау, талдау және тағы басқа әдістер пайдаланылды.
Курстық жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттерден тұрады.

1. Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Бухгалтерлiк есеп кәсiпорынның қызметiн бейнелейдi. Субъектiнiң меншігі,
шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндеіг көздерінің қозғалысы
бухгалтерлiк есептiң мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөлiктерi
бухгалтерлiк есептiң объектiлерi деп аталады. Бухгалтерлiк есептiң
объектiлерiне мына процестер жатады:
□ қамтамасыз ету (дайындау), кәсiпорын алған шикiзат, материалдар,
отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатаp мұндайда
жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-
қатынастар бухгалтерлiк есептiң объектiлерi болып саналады;
□ өндiрiстiк, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндiрiс
құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлiк есеп объектiлерi
болады. Объектiлер бухгалтерлiк есепте жалақы, амортизация есептеу,
еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзiндiк құнын анықтау
жолдарымен бейнеленуi;
□ өткiзу, мұнда сатуға арнаған өндiрiс өнiмдерi; өткiзу жөнiндегi
шығындар (буып-тую, орау, ipiктey, тасымалдау); субъектiнiң
сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшiн aлғaн
ақшалай түсімі есептелiнедi.
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс
ұйымдастыру жiктеу қажеттiлiгiне байланысты болады.
Кәсiпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлерi), орналасуы, пайда
болу көзi мен көзделген мақсаты бойынша жiктеледi.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Өндiрiсте бар, айналымдағы және өндiрiстiк емес саладағы құралдар былайша
бөлiнедi:
Негiзгi құралдар - өндiрiс процестерiн жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар
жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы
түpi мен формасын сақтап, өндiрiс барысына (бiр жылдан астам) қатысады.
Өндiрiс барысында олар бiрте бiрте тозады, жөндеудi немесе толығымен
ауыстыруды талап етедi. Сондықтан негiзгі құpaлдap құнының бөлiгiн дайын
өнiмнiң өзiндiк құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесiне қарай құнын бiрте-
бiрте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер - бұлар әкiмшiлiк мақсатпен және басқа
субъектiлерге жалға берiлуге, өндiрiсте ұзақ уақыт бойы (бiр жылдан астам)
қолдануға немесе тауарларды өткiзуге (жұмыc, қызмет) арналған, заттың мәні
жоқ ақшалай емес активтер.
Салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында есепке алынатын және жиынтық
жылдық табысты алу үшiн қолданылатын негiзгi құалдар салық заңнамасында
тұрақты, белгiленген активтер белгiленген.
Ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар - субъектiнiң басқа субъектiлердің жарғы
капиталына сол субъектiлерге үлестiк қатысудан алатын кipicтep және
дивиденд немесе процент түрiнде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен
қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттын бiр ғана айналымына қатысады және өзінің
құнын өндiрiлген өнімге бiрден және толығымен қосады. Олар айналымдық
өндiрiс құралдары мен айналған қаржыдан тұpaды.
Айналымдық өндiрiстiк құралдарға өндiрiс процесiне тiкелей қатысатын
(шикiзат, материалдар, отын, жартылай өнiмдер, бiтпеген өндiрiс) жатады.
Айналатын процеске қызмет eтетін құралдap айналу құралдары (банктегi
шоттағы, субъектiнiң кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлi
дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш субъектiнiң басқа субъектiлерде уақытша тұрған немесе
белгiлi бiр мерзiм өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады.
Дебиторлық борыш ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан астам) және қысқа мерзiмдiк (бiр
жылға дейiн) болады.
Пайда болу көздерi мен мақcaтты көздерi бойынша шаруашылық құралдарын
топтастыру негiзiне оларды сол кәсiпорынға бекiту белгiсi ретiнде салынған.
Меншiктi капитал кәсiпорын қызмет еткен ұзақ yaқыт бойы пайдаланатыны
(жарғы капиталы , резервтiк капитал, бөлiнбеген табыс).
Жарғалақ капитал - құрылтайшылардың (қатысушьшардың) шаруашылық жүргiзушi
субъектiге оны ұйымдaстыpған кезде белген сомасы және жарғыда көрсетiледi.
Оның мөлшерi тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюi немесе
азаюы тек қана құрылтайшы құжaттapғa тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн
құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша жүзеге асады.[1]
Резервтiк капитал - пайдадан ақша аудару есебiнен пайда болатын меншiктi
қаражат бөлiгi, шаруашылық ic-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы
капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектiнiң басқа шығындарын өтеу үшiн
қолданылады.
Бөлiнбеген табыс (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық
төленгеннен кейiнгi шығарылатын кipiстік, қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттiлiктi, соның iшiнде
шикiзаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды
жабады. Олар кәсiпорынға уақытша пайдалануға берiледi және белгiлi бiр
мерзiмнен соң қайтаруға тиiстi.
Шаруашылық есептiң қамтитын объектiлерi сандық көрсеткiштер арқылы
өлшенедi. Оларды алу үшiн есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуiштер
қолданылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделiктi болып отыратын барлық
операцияларды, шаруашылық үдерiстерi мен шаруашылык, құралдарының
қозғалысын олардың өнім өндiруге қатысуы мен оның нәтижесiн есептеу үшiн үш
түрлi өлшем қолданылады.
1) Заттай (натуралдық) өлшем.
2) Еңбек өлшемi.
3) Ақшалай өлшем.
Заттай (натуралдық) өлшем кәсiпорынның кipiскe алынyға, есептен шығарyға
және сонымен қатар түгендеуге тиiстi өнiмдерi мен заттарын, материалдары
мен негiзгi құралдарын өлшеу, санау, көлемiн анықтау үшiн қолданылады. Бұл
заттай (натуралдық) өлшемнiң өзi өлшенeтiн шаруашылық құралдарының тypiнe
қарай әр түрлi болып келедi.
Мысалы: ағашты өлшеу үшiн - текше метр (кубм),
жердi өлшеу үшiн - гектар, астықты өлшеу үшiн центнер және тағы да басқа
өлшемдер қолданылады.
Мұндай заттай (натуралдық,) өлшемдi қолдану сандық, өлшем арқылы есеп
жұмысын жүргiзу барысында қажет.
Алайда өндiрiлген өнiмдердi затгай (натуралдық) өлшемдi пайдалану арқылы
өлшеумен қатар олардың сапасына және түpiнe қарай есеп жүргiзудiң маңызы
зор. Затгай (натуралдық) өлшеммен қоса өнiмнің: сапасын сипаттайтын
сапалықөелшемдердi пайдалану арқьлы өндiрiлген өнімнің төмeнri және жоғарғы
дәрежедегi сапасын анықтayғa болады. Бiрақ та тек қана затгай (натуралдық)
өлшем арқылы жүргiзiлген есеп мәлiметтерi негiзiнде ұйымның жұмысына толық
және жан - жақты талдау жүргiзудi жүзеге асыруға болмайды. .
Мысалы: тоннамен есептелiнген 100 (бiр жүз) тонна отынға (көмipre) текше
метрмен есептелiнген 150 (бiр жүз елу) текше метр отынды (мұнайды) қоса
салып, 250 (eкi жүз елу) тонна немесе 250 (eкi жүз елу) текше метр отын деп
есептеу мүмкiн емес.
Еңбек өлшемі өнiм өндiруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс
уақытының санын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемi бiр
дана өнiмдi өндiруге қажетгi yaқытrы анықтауға немесе белгiлi бiр уақыт
(мезгiл) аралығында өндiрiлiп шығарылатын өнiм
санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемi жұмыс күнінің саны, caғaты және
минуты сияқты уақыт өлшемдерiн қолдану арқьлы жүргiзiледi. Жұмыс уақытының
көрсеткiштерi кәсiпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесiлi еңбекақы
сомаларын және еңбек нормаларын оның өнiмдiлiгiн есептеу үшiн қажет. Алайда
еңбек өлшемi жұмсалынған еңбек күшiнiң нақты санын анықтауға немесе өлшеуге
толық түрде нәтиже бере бермейдi. Олар көп жағдайларда затгай (натуралдық)
өлшеммен бiрге қосылып қолданылады.
Мысалы: жұмысшының өнiмдi өндiруге, жасап шығаруға кеткен уақыты
(адам күнi, сағаты) мен сол yaқытraғы өндiрiлген өнімнің санын анықтау
арқылы еңбек өнімдiлiгi көрсеткiшiн есептеуге болады. Мұндағы өндiрiлген
өнiм саны затгай (натуралдық) өлшемге, ал оны өндiруге кеткен уақыт
(aдaмcaғaт) еңбек өлшемiне жатқызылады.
Еңбектiң ой еңбегi мен қол еңбегi болып бөлiнyiне және еңбектi атқаратын
адамдардың жұмысының түpiнe байланысты оларга жұмсалған барлық еңбектi
ақшалай өлшемге айналдыруға тура келедi.
Ақшалай өлшем кәсiпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты,
өндiрiлген өнiмдер мен тағы да басқалардың есебiн жүргiзу үшiн қажет.
Бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу барысында ақшалай өлшем көбiне затгай
(натуралдық) өлшем және еңбек өлшемiмен бiрiгiп барлық мәлiметгердi
жинақтап қорытындылау үшiн қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшiн, сонымен
қатар өндiрiлген өнiмдердi, сатылып алынған тауарды сату, бағалау және тағы
басқалары үшiн ақшалай өлшем көп қолданылады.[2]
Бухгалтерлік есеп тәсiлi деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсiндiрiледi,
олардың көмeгiмен байқау, есепке алынатын мәлiметтердi жете бiлy мен
зерттеу жүргiзiледi:
Бухгалтерлiк есеп тәсiлiнiң элементтерi:
□ құжаттама
□ түгендеу
□ бағалау
□ калькуляция
□ шоттар
□ қосарлы жазба
□ баланс
□ есеп беру
Шаруашылық есептiң бiртұтас жүйесiне оперативтi, статистикалық және
бухгалтерлiк есептер кiредi.
Oпepaтuвтi есеп – кәсiпорынның iс-әрекетiн күнделiктi бақылауға мүмкiндiк
бередi, белгiлi бiр шаруашылық операциялардың жекелеген деректерiн сол
болған сәтiнде, тiкелей орнында өндiрiс барысы (қысқa шығу, шықпау есебi,
автокөлiк, оның жүру есебi) туралы жүйелi ақпарат aлу мақcaтымен тipкey
жүйесi болып табылады. Оперативтi есептiң негiзгi талабы – мәлiметтердi
алудың шапшаңдығы. Есептi бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы
басқа қызметкерлер жүргiзедi.
Статuстuкалық есеп - экономиканың әртүрлi салаларында жалпылама-көпшiлiк
сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық
жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейдi. Статистика
оперативтiк және бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiн пайдаланады.
Бухгалтерлiк есеп – кәсiпорынның шаруашылық қызметiн үздiксiз құжаттық
байқау мен оны бақылау жүйесi болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлiк есеп
стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен (Бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есеп беру туралы заңның 6-бабы) реттелетiн кәсiпкерлер,
ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тipкey және жинақтап қорыту
жүйесi. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнай рәсімделген құжат негізінде
ғана жүргізіледі, бұл бухгелтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның
күмәнсіз сенімділігін, шындылығын және тағы басқаларын артырады.
Салықтық есеп – бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес
түзетілген мәліметтерін пайдаланылады.[3]
2. Бухгалтерлік баланс
Бухгалтерлiк есептің негiзгi атқаратын қызметiнің функциясыньң бiрi -
пайдаланушыларға кәсiпорынньң мүлкi және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық
мәлiметтердi уақтылы жеткiзiп берiп отыру. Осындай ақпараттық мәлiметтiң
негiзгi қайнар көзi – бухгалтерлiк баланс. "БАЛАНС" сөзi француз тiлiнен
алынған. Бұл сөз қазақ тiлiнен аударылғанда "таразы" немесе "тепе-тең"
деген мағынаны бiлдiредi. Сырт көзбен қарағанда кәсiпорынның бухгалтерлiк
балансы актив және пассив деп аталатын eкi бөлiмдi кесте болып табылады.
Оның сол жағында, яғни активiнде кәсiпорынның қаржылары, заттай жене
ақшалай шығындары көрсетiлсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни
пассив бөлiмiнде қорлану көздерi қарастырылады. Бухгалтерлiк есеп
стандартына сәйкес бухгалтерлiк баланстың актив бөлiмiнде кәсiпорынның
өзiне тиесiлi, яғни қолда бар мүлiктерi қарастырылады. Ұйым осыларды
пайдалану арқылы ғaнa алдаrғы уақытта табыс таба алатындықтан бұл
мүлiктердi кәсiпорынның әлуеттi табыстары peтiндe таниды. Ал баланстың
пассивi деп аталатын бөлiмiнде кәсiпорынның қорлану көздерi туралы
ақпаратты мәлiмет жазылады. Ұйымның қорлану көздерi меншiктi капитал және
тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп
eкiгe бөлiнедi. Мұндагы тартыллган капитал дегенiмiз кәсiпорынның
мiндеттемелерi, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар
қатарына занды немесе жеке тұлғаларды жатқызyға болады. Егер кәсiпорын өз
кредиторларының алдындaғы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар
ұйымнан активтерiн сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады.
Кәсiпорынның меншiктi капиталы инвесторлардың мудделiлiгiн танытады және ол
активтiң жиынтық, сомасынан мiндеттемелердi шегерiп тастағандағы қалдық,
сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу
үшiн жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің
жиынтық, сомасынан мiндеттемелердi шегерiп тастағандағы қалдық, сомаға,
яғни меншiктi капиталға ие және де касiпорынның қожайыны болып табылады.
Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық, активтерi инвесторлар
мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғарyға болады. Сондықтан
бухгалтерлiк баланстағы мына теңдіктің ардайым тең болатындығы сөзсiз.
актив = меншiктi капитал + мiндеттеме
Бұл тендiктi кейбiр шет елдерде келесi түрде көрсетедi:
актив - мiндеттме = меншiктi капитал
Әдетте кәсiпорынның бухгалтсрлiк балансы есеп беретін уақытқа қарай
негiзделiп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив
бөлiмi ұзақ мерзiмдi активтер және агымдағы активтер деп аталатын екі
тараудан тұрады. Ұзақ мерзiмдi активтердiң қатарына кәсiпорынның
материалдық емес активтерi, негiзгi құралдары, узақ мсрзiмдi қаржы салымы
(инвестициялары), узақ мерзiмдi дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық кұндылықтары, тауарлары,
дайын өнiмдерi, аяқталмаган өндiрiсi, қысқа мерзiмдi дебиторлық борыштары,
қысқа мерзiмдi қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да
ағымдағы активтерi қарастырылады. Бухгалтерлiк баланстың пассив бөлiмi үш
тараудан тұрады. Оньң бiрi меншiктi капитал деп аталып, онда кәсiпорынның
жарғылық қоры, резервтiк қоры, бөлiнбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны
көрсетiледi. Пассив бөлiмiнiң екiншi және үшiншi тараулары тиiсiнше ұзақ
мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мiндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзiмдi
мiндеттемелер қатарына кәсiпорынның ұзақ уақытқа алған несиелерi мен
қарыздары жатқызылса қысқа мерзiмдi мiндеттемелер тарауында ұйымның алдағы
кезендерiнiң табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы,
жабдықтаушы - мердiгерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқада кредиторлық
борыштары көрсетiледi. Жоғарыда айтқандарымыз түciнiктiрек болу үшiн үлгi
ретiнде "ККК" фирмасының 2002 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлiк
балансын қарастырайық.
Осы жоғарыда келтiрiлген ККК фирмасының бухгалтерлiк балансынан
көретiнiмiз - бұл ұйымның активтерi мен пассивтерi 83000,0 мың теңгеге тең.
Мұндағы кәсiпорынның меншiктi капиталы 59000,0 мың теңгенi, ал
мiндеттемелерi 24000,0 мың теңгенi құрайды. Жоғарда берiлген тендiктiң
орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.
актив = меншiктi капитал + мiндeтreмe 83000000,0 = 59000000,0 + 24000000,0
Бiз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берiлген бухгалтерлiк баланста Қазақстан
Республикасының зандарына сай жасалrан баланстың үлгiciн қарастырдық.
Кейбiр батыс елдерiнде баланстағы тараулардың, баптардың қорындары ауысып
та келтiрiледi.
Мысалы, кейбiр елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлiмiнің басында
орналастырылатын болса, оның баптары өтiмдiлiктерiне қарай кезекпен
құрастырылады. Сонымен қатар кейбiр баланста активтер мен мiндеттемелер
баланстьщ сол жаrында керсетiлiп (орналастырылып), оң жағында тек қана
кәсiпорынның меншiктi капиталы көрсетiледi. Баланстың мұндай түpiнe мына
тендiк негiзделген:
актив - мiндетгеме = Meнmiк.тi капитал 83000000,0 - 24000000,0 =
59000000,0
Бұл тендiк бухгалтерлiк баланста ұйым иесiнiң меншiгiн көрсетуге
негiзделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түpiн құрастыратын
болсақ, баланс кестесiнің eкi жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.
Өзiнiң жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлiк баланс әр
түрлi болып келедi. Кәсiпорынның жаңадан құрылған уақьггында жасалған
бухгалтерлiк баланс деп аталады. Кiрiспе баланста ұйымның қызметiн бастар
алдындағы жарғылық капиталы көрсетiледi. Бұл баланстағы негiзгi
көрсеткiштер кәсiпорын иелерiің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерiнiң
осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай
салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кiрiспе баланста кәсiпорынның
меншiктi капиталы мен активтерi тең болуы ықтимал.
актив = меншiктi капитал
Бұл тендiк егер кәсiпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе занды
тұлғалардьщ алдында мiндеттi, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледi.
Ұйымньың бухгалтерлiк балансы iлгерiде айтылғандай белгiлi бiр уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Ocыған сәйкес
кәсiпорынның өз қызметi барысында әрбiр белгiленген есеп беретiн уақыттағы
(айдяң, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлiк баланс болып есептеледi.
Кәсiпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметiн тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзi әр түрге
бөлiнедi.
Кәсiпорынның iс-әрекетiн оперативтi басқаруды қамтамасыз ету үшiн
кәсiпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы,
сондай-ақ, олардың пайда болу, қалыптасу, көздерi жайлы мәлiметтер қажет.
Белгiлi бiр тәртiппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай
мәлiметтердi баланстың көмегімен алады.[4]
3. Шоттар мен қосарлы жоба және оларды жіктеу
Кәсiпорынды оперативтi басқару үшiн белгiлi бiр кездегi шаруашылық
ресурстары туралы бухгалтерлiк баланс беретiн мәлiметтер жеткiлiксiз.
Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшiн
шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу
көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердiң және т.б. нәтижелерiн
күнделiктi бiлу қажет. Шоттардың көмегімен есептiң бiр тeктi объектiлерiн,
сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады.
Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргiзiледi. Әрбiр жекелеген шотта есепке
алынған объектiнiң бастапқы жағдайы, кейiннен оның өзгеруi (шаруашылық
операциясы туғызған ұлғайту мен азайту) тiркелдi. Бұл экономикалық бiртектi
құралдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет
процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға
мүмкiндiк бередi.
Шоттар баланспен байланысты. Aктивтің немесе MKМ-нiң әрбiр бабына сол
атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерлiк есептiң шоттары баланстың және операциялық болып бөлiнедi.
Операциялықтар қаражат айналымның кейбiр фазаларына байланысты жекелеген
немесе бiртектi шаруашылық процестерiн есепке алады.
Өзгерiстердi (қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы) бейнелеп көрсету үшiн шот
eкi бөлiкке бөлiнедi.
Дебет Шот Кредит
атауы
Бухгалтерлiк есептiң барлық шоттары активтiк және МКМ (пассивтiк) болып
бөлiнедi.
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негiзiнде ашылады. Шот ашу
қалдықты (сальдоны ай басына жазу деген сөз. Aктивті шоттарда сальдо дебет
бойынша, ал nассивте - кредит бойынша жазылады.
Шоттарда ағымдағы ай iшiнде жазылатын сома айналымдық деп аталады.
Дебеттiк бөлімде жазылатын сома дебеттiк айналымдар, ал кредиттегi -
кредиттiк деп аталады.
Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсiлi ретiнде eкi жақты жазба
өндiрiсте болатын барлық шаруашылық процестерiн есептеу үшiн қолданылады.
Eкі жақты жазба ақшалай батасы бар шаруашылық операциялар бухгалтерлiк
есебi шотында бейнелеп көрсету тәсiлiн бiлдiредi, олар шаруашылық
құралдарында, олардың шығу кездерiнде және шаруашылық-құқықтық қатынастарда
өзара байланысқан өзгерiстер туғызады. Шоттар арасындағы байланыс шоттар
корресnонденцuясы, ал -өзара шаруашылық операциялармен байланысқан шоттар -
корресnонденттелетiн деп аталады. Шоттарға енгiзiлерден бұрын операциялар
есептiк формалар жасалады, олар жазбалар қандай шотта жүргiзiленiн
көрсетедi. Дебеттелетiн, кредиттелетiн шоттарды және шаруашылық
операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлiк проводка деп аталады, олар
құжaттap негiзiнде жасалады. Корреспонденттелетiн шоттарға байланысты
күрделi және жай бухгалтерлiк проводколар болады. Бiр дебеттелетiн және бiр
кредиттелетiн шоттардан тұратын жай nроводка деп аталады. Бiр дебеттелетiн
және бiрнеше кредиттелiнетiн, керiсiнше, бiрнеше дебеттелетiн және бiр
кредиттелiнетiн шоттардан тұратын күрделi nроводка деп аталады.
Бухгалтерлік есепте шоттардың eкi: синтетикалық және аналитикалық түрлерi
егжей-тегжей тәптiштелу, жинақталып қорытылу дәрежесi әp түрлi ақпарат пен
көрсеткiштердi алу үшiн қолданылады.
Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы
жинақтап қорытылған көрсеткiштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде
көрсетіледі.
Аналитикалық шоттар есептiң тиiстi объектiлерiне түгел, толық сипаттама
бередi, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық
құндылықтарды бейнелеп көpceтeтiн аналитикалық шоттар тек қана ақшалай
емес, заттай түрде де жүргiзiледi. Синтетикалық және аналитикалық есеп
шоттарындағы жазбалар сол бiр құжаттар негізінде жасалады.
Синтетикалық шоттың дебетi мен кредитi бойынша айналымдар аналитикалық
шоттарды бiрiктiретiн айналымының жалпы сомасына тиiсiнше тең болуға тиiс.
Мысалы, Қызметкерлердiң және басқа адамдардың берешегi 1250(333) шоты
синтетикалық шот болып табылады, оған қызметкерлердiң аты-жөнi бойынша
аналитикалық шоттар ашуға болады, мысалы аналитикалық шот - Иванов және
т.б.
Іc жүзiнде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа iшкi шоттар
(субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық
буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот iшiндегi жекелеген
объектiлер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот
мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.
Шоттарды жiктеу бухгалтерлiк есеп тәсiлiнiң маңызды элементi ретiнде
шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерiн жүзеге асыру
үшiн оларды дұрыс қолдануға мүмкiндiк бередi. Бухгалтерлiк есепте
қолданылатын шоттар оларда есепке алынатын объектiлердiң экономикалық мәні
жағынан, мiндетi, құрылымдық ерекшелiктерi және тағы басқа белгiлерi
бойынша бiрдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық бiртектi топтарға
бөлiп жiктеу, топтастыру талап етiледi, бұл шоттардың әрбiр жекелеген
топтарына тән ерекшелiктердi анықтауға, олардың мазмұны мен есепте
қолданылу тәсiлдерiн түciнуге мүмкiндiк бередi.
Шоттарды eкi белгiсi бойынша жiктейдi:
- Экономикалық мәні жағынан. Қаражат пен шығу көздерiн жiктеу негiзге
алынған. Бұл жiктеу сол немесе басқадай шоттарда не есепке алынатынын
анықтауға, нәтижесiнде, есеп объектiлерi туралы жүйелi экономикалық ақпарат
алуға мүмкiндiк бередi;
- мiндетi мен құрылымы жағынан. Назардағы объектi туралы сондай немесе
басқадай экономикалық көрсеткiштердi алу үшiн қандай шоттар қолданылуға
тиiстi екендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Eкі жiктеу де өзара тығыз
байланысты және өзара шарттасылған. Шоттарды құру, оның құрылымы
айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды.
Шоттарды құру тек экономикалық мәні жағынан емес, оның мiндетiне де
байланысты. Кейбiр шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын
көрсету үшiн, басқалары - өнім өндiруге жұмасалатын шығынды есептеу үшін,
үшіншілері – кірістерді анықтау үшін қолданылады.[5]

тұжырымдамалық негізі
Стандарттар – қажылық есеп беруді дайындау ережелері.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz