Дебиторлық борыштарының есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫЅ БІЛІМ ЖӘНЕ ЄЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ

"Қаржы, есеп және аудит" кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Дебиторлық борыштарының есебі

Орындаған: Ажғалиева Э. А.

Тексерген: Исабаева Б. З.

Алматы 2005


Жоспар

Кіріспе3

І Бөлім. Сатып алушылардың дебиторлық борыштарының есебі5

1. 1. Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы5

1. 2. Күмәнді дебиторлық борыштардың есебі. 6

ІІ Бөлім. Жұмыскерлердің дебиторлық борыштарының және басқадай дебиторлық борыштарының есебі11

2. 1. Жұмыскерлердің дебиторлық борыштарының есебі11

2. 2. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі20

2. 3. Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы24

Қорытынды27

Қолданылған әдебиеттер28


Кіріспе

Өнеркәсіп-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іссапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп - айрысу жолымен төлеу мүмкін емес. Шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруге тиісті.

Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.

Қызмет бабымен іссапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиеселі сомманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен (ү№286) расталады.

Кассадан аванс бұрынғы берілген аванс бойынша толық есеп айырысқаннан кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың шығындалмаған қалдығын өткізбеген және есеп бермеген тұлғалар тәртіп жөніндегі жазаға, ал қажет болған жағдайларда қылмыстық жауап кершілікке тартылады.

Субъект қызметкердің дер кезінде төлемеген аванс қалдығын, егер ол ұстап қалудың негізін және көлемін жоққа шығармаған болса, қызметшінің еңбек ақысына төленетін сомадан ұстап қалуға құқылы.

Аванс есебі бойынша артық жұмсалған шығындар қызметшіге кассадан баріледі. Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Аванс есебіне тіркелген құжаттар мөр таңба арқылы немесе күні (жылы, айы, күні) көрсетіліп, "Төленді" немесе "Өтелді" деген қолдан жазған жазбалар арқылы өшіріледі.

Басқа да дебиторлық қарыздардың талдамалық есебі есеп айрысу шотының тізімдемесінде немесе осыған сәйкес нысанға ие машинаграмада жүргізіледі.

І Бөлім. Сатып алушылардың дебиторлық борыштарының есебі

1. 1. Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы

Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.

Дебиторлық борыштардың құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

  • алынуға тиісті борыштар;
  • алынған вексельдер;
  • кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борыштары;
  • ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық

төлемдер;

  • негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;
  • басқадай дебиторлық борыштар.

Алынуға тиісті шоттар - кәсіпорынның сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштары.

Бухгалтерлік баланста көрсетілген "Алынуға тиісті борыштар" бабы шот-фактуралармен , ал "Алынған вексельдер" бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.

Сауда дебиторлық борышы - бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып алған тауарлар, қабылдаған қызметтер және жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып танылады.

Әдетте, төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып есептелінеді.

Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді.

Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға (дебиторлық борыштың айналымы) шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.

1. 2. Күмәнді дебиторлық борыштардың есебі

Сатып-алушылардың келісім-шартта белгіленген мерзімде төленбеген шоттары күмәнді борыштар деп аталады.

Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 ”Табыс” деп аталатын қазақстандық стандартымен және оған әдістемелік нұсқаулармен [11] реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.

Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:

  • қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын-ала қарастыратынрезервтеу әдісі;
  • нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатынтікелей есептен шығару әдісі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді емес, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде қайтарылмайтын қарыздарға жатқызылса, сол есепті мерзімде ол шығынға апрарылуы тиіс деп есептелінеді.

Алайда Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне [13] сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер салық есептеулерінде тек тікелей есептен шығару әдісін пайдалануға тиісті.

Күмәнді борыштар есебін жүргізгенде бухгалтерлік есептің сәйкестік принципі басшылыққа алынуы қажет.

Күмәнді борыштар бойынша резервтеу әдісі - борыш бойынша кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайтуды және ағымдағы мерзімде күтілетін мұндай шығындарды бөліп көрсетуді қамтамасыз етеді.

Басқару аппаратының шешімі бойынша субъект дебиторлық борыштарға алдын-ала түгелдеу жүргізіп, есепті мерзімге күмәнді борыштар бойынша резервтің сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануына болады:

  • өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу көлемінен есептелінетін проценттік әдіс;
  • төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі.

Бұл әдістерді төмендегі мысал арқылы ашып көрсетуге болады.

Мысалы: “ Сәулет жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз тәжірибесінде сатып-өткізілу көлемінен проценттер арқылы күмәнді қарыздар бойынша резерв құру әдісін пайдаланады делік. Яғни, бұл әдісте соңғы екі-үш жылдың әр жылында пайда болған дебиторлық борыштардың ішіндегі төленбеген борыштардың көлемін анықтап, талдау жасалынған жылдардағы барлық дебиторлық борыштардың ішіндегі жалпы төленбеген борыштардың үлесін анықтау арқылы есепті жылға резерв құруға негізделген. Аталмыш кәсіпорын бойынша 2001 жылы 845000 теңгенің өтелмеген борышы анықталды. Осы дебиторлық борыштың көлемі бойынша құрылатын резервтің сомасын анықтау үшін төмендегі көмекші кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

Реттік номері:

Реттік номері

Жыл: Жыл
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге)
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге):

Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы

(мың теңге)

Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100):

Төленбеген борыш көлемі,

%-пен

(4б. /3б*100)

Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .:

Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,

(%-пен) .

Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ):

Резерв сомасы (мың теңге)

(3б., 5қ. *

6б., 5қ. )

Реттік номері: 1
Жыл: 2
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 3
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): 4
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): 5
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: 6
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): 7
Реттік номері: 1
Жыл: 1998
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 345
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): 25
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): 7
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: -
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): -
Реттік номері: 2
Жыл: 1999
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 400
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): 53
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): 13
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: -
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): -
Реттік номері: 3
Жыл: 2000
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 570
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): 30
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): 5
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: -
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): -
Реттік номері: 4
Жыл: Жиын-тығы
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 1315
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): 108
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): -
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: 8
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): -
Реттік номері: 5
Жыл: 2001
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге): 845
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы(мың теңге): -
Төленбеген борыш көлемі,%-пен(4б. /3б*100): -
Төленбе-ген борыш- тың орташа проценті,(%-пен) .: 8
Резерв сомасы (мың теңге)(3б., 5қ. *6б., 5қ. ): 67, 6

Сонымен, Сәулет жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2001 жылдың 1 желтоқсанында 67600 теңге көлемінде резерв құрды. Бухгалтерлік есепте ол операция төмендегі жазу арқылы көрсетіледі:

ДТ КТ

821 “Жалпы және әкімшілік шығыстары” 67600

311 “Күмәнді борыштар бойынша резервтер” 67600

Анықталған үмітсіз борыш жоғарыда құрылған резервтің есебінен жабылғанда:

ДТ КТ

311 “Күмәнді борыштар бойынша резервтер” 67600

301 “Алынуға тиісті борыштар” 67600

Баланстан есептен шығарылған дебиторлық борыш баланстан тыс шотқа апарылады және есептік құжаттар архивке өткізілгенге дейін ол борыш баланстан тыс шотта есепте тұрады.

Қайтарылмайтын борыш деп танылып, есептен шығарылған дебиторлық борыш 15 желтоқсан 2001 жылы өтелген жағдайда (яғни төлем есептен шығарылу мерзімі ішінде келіп түссе) екі бухгалтерлік жазу орындалады:

ДТ КТ

1. 301 “Алынуға тиісті борыштар” 67600

311 “Күмәнді борыштар бойынша резервтер” 67600

ДТ КТ

2. 441 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақша” 67600

301 “Алынуға тиісті борыштар” 67600

Ал егер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден келіп түскен төлем қайтарылмайтын қарыз деп есептен шығарылған мерзімнен кейінгі есепті мерзімдерде төленген болса, онда:

ДТ КТ

441 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақша” 67600

727 “Қосалқы қызметтен алынатын басқадай табыс” 67600


ІІ Бөлім. Жұмыскерлердің дебиторлық борыштарының және басқадай дебиторлық борыштарының есебі

2. 1. Жұмыскерлердің дебиторлық борыштарының есебі

Шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін шаруашылық мүддесімен іссапарға жібереді, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттарда (кеңсе тауарлырын, басқадай материалдық және материалдық емес активтерін нақты ақшаға сатып алу) ақша қаражаттарын жұмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес, сондықтан кәсіпорын қызметкерлеріне нақты ақша беру арқылы, аталмыш шығындар бойынша төлем жасайды. Берілетін ақшаның көлемін басшы бекітеді, тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі. Кассадан қызметкерге нақты ақша берілген сәттен бастап, ол кәсіпорынға есеп беруге тиісті тұлға ретінде танылады. Төлем жасалғаннан кейін есеп беруге тиісті тұлға кәсіпорын алдында нақты ақшаның іс жүзінде жұмсалғандығын растайтын құжаттар арқылы есеп беріп, өзінің міндеттемесін өтейді.

Жұмыскерлердің және басқадай тұлғалардың дебиторлық борыштарының есебі Бас шоттар тізбегіне сәйкес 333 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары" активті шотында жүргізіледі. Бұл шотта келесі дебиторлық борыштарды” есебі жүргізіледі: есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп-айырысу, жұмыскерлерге берілген қарыздардың есебі, жұмыскерлердің кәсіпорынға тигізген материалдық зиянының есебі және т. б. есебі. Осы қарыздар түрлері бойынша, кәсіпорынның қажеттілігіне қарай, тиісінше аралық шоттар ашылады.

Іссапарға жіберілетін адамға тиесілі сома оның бару және қайту жолын төлеу, тәуліктік шығындардың және іссапар мерзімінде үй-жай жалдауға шығарылатын шығындардың көлемінде кассадан беріледі. Есеп берілетін сома тиісті құжаттарымен айғақталып, белгіленген мерзімде, бухгалтерияға өткізілетін есеп беруге тиісті тұлғаның Аванстық есебімен расталады. Құжат төменде келтірілді.

Аванс бұрынғы алынған сома бойынша толық есеп айырысқаннан кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың жұмсалмаған қалдығын өткізбеген және тіпті есеп бермеген тұлғалар тәртіп бұзушылық бойынша жазаға, ал қажет болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аванстық есепті бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды кәсіпорынның басшысына бекітуге жібереді. Дұрыс рәсімделмеген аванстық есептер және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамға қайтарылады. Аванс есебіне тіркелген құжаттар мөр арқылы немесе күні көрсетіліп, "Төленді" немесе "Өтелді" деген қолдан жазған жазулар арқылы өңдеуден өткізіледі. Аванстық есеп бойынша артық жұмсалған шығындар қызметкерге кассадан қайтарылады.

Кәсіпорын, қызметкер өз уақытында төлемеген аванс сомасының қалдығын, егер ол қарсы болмаса, қызметкерді” еңбек ақысынан ұстап қалуға құқылы.

Іссапарда болған уақыт үшін, демалыс және мейрам күндерін, сондай-ақ жолда болған күндерін, соның ішінде жолда шарасыздықтан аялдаған уақытты қоса алғанда іссапарда болған әрбір күн үшін белгіленген көлемде тәуліктік шығын төленеді.

Қызметкердің іссапар орнында нақтылы болған уақыты іссапар куәлігіне қойылған белгілер бойынша анықталады. Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жай жалдауға шығарған шығыны тиісті құжаттар негізінде, бірақ Қазақстан Республика-

Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М:

Кәсіпорын "Тұлпар" акционерлік қоғамы

Бөлім лауазымы Менеджер

Тегі, аты-жөні. Б. С. Көлбаев

АВАНСТЫҚ ЕСЕП №15

мерзімі 12сәуір 2001 ж.

Аванстың берілуі: материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындары СОМАСЫ

алдыңғы берліген аванстың Қалдығы

Артық

жұмсалуы

Алынды (кімнен) :

1. кассадан 34000-00

2.

Есеп тексерілді,

бекітілсін: сомасы 32000 тг.

Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:

Қалғаны 2000 тг. қолы Талгатов М

Типтік үлгі №286№8 Проводка12. 04. 01 ж.ДЕБЕТ:

Типтік үлгі №286

№8 Проводка

12. 04. 01 ж.

ДЕБЕТ

Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М: Шот
Типтік үлгі №286№8 Проводка12. 04. 01 ж.ДЕБЕТ: Кар-точка
Сома
Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М: 201
Типтік үлгі №286№8 Проводка12. 04. 01 ж.ДЕБЕТ: 10
23276
Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М:

821 5 4310

331 2 4414

КРЕДИТ

Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М: 333
Типтік үлгі №286№8 Проводка12. 04. 01 ж.ДЕБЕТ: 15
32000-00
Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М:

Бухгалтер:

Талгатов М

қолы

Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М:
Кәсіпорын"Тұлпар" акционерлік қоғамыБөлім лауазымыМенеджерТегі, аты-жөні.Б. С. КөлбаевАВАНСТЫҚ ЕСЕП №15мерзімі12сәуір 2001 ж.Аванстың берілуі:материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша іссапар шығындарыСОМАСЫалдыңғы берліген аванстың ҚалдығыАртықжұмсалуыАлынды (кімнен) :1. кассадан 34000-002.Есеп тексерілді,бекітілсін: сомасы 32000 тг.Жұмсалды 32000 тг. 32000 Бухгалтер:Қалғаны 2000 тг.қолы Талгатов М:

Қосымша 3 құжат 12 сәуір 2001 ж.

Есепті мына сомада бекітемін: Отыз екі мың теңге

Қолы Талғатов Марат

12 сәуір 2001 жыл.

Сыртқы жағы Н. №286: Сыртқы жағы Н. №286
Сыртқы жағы Н. №286: Күні
Құжат-тың №
Кімге, не үшін және қандай құжат бойынша төленді

Сома-сы

теңге

Дебет
Сыртқы жағы Н. №286: Шот
Кар-точка
Сыртқы жағы Н. №286: 10. 04.
1
Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жол билеті
2155
821
5
Сыртқы жағы Н. №286: ҚҚС, 16%
345
331
2
Сыртқы жағы Н. №286: 11. 04.
2
“Арман“ ЖШС-гі берген 11. 04. 02. №245 шот-фактурасы
23276
201
10
Сыртқы жағы Н. №286: ҚҚС, 16%
3724
331
2
Сыртқы жағы Н. №286: 12. 04.
3
Талдықорғаннан Алматыға жол билеті
2155
821
5
Сыртқы жағы Н. №286: ҚҚС, 16%
345
331
2
Сыртқы жағы Н. №286:
Сыртқы жағы Н. №286:
Сыртқы жағы Н. №286:
Сыртқы жағы Н. №286:
Барлығы
32000
Сыртқы жағы Н. №286:
(Соның ішінде ҚҚС)
4414
Сыртқы жағы Н. №286: Есеп беруші тұлғаның қолы: Көлбаев Б. С.

сының заңдарында бекітілген мөлшерден артық емес көлемде өтелініп беріледі. Їй-жай жалдауға шыққан шығын бойынша құжаттар ұсынылмаған жағдайда, шығарылған шығын қызмет бабымен іссапарға баруға берілетін тәуліктік шығын мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, жол жүргені жөніндегі құжаттардың негізінде төленеді. Іссапар орнына бару және негізгі жұмыс орнына қайтудың жол құжаттары болмаған жағдайда, шыққан шығынды өтеп беру мәселесін әрбір нақты жағдайда кәсіпорын басшысы белгіленген тәртіптің негізінде шешеді.

Егер кәсіпорын қызметкері шетелге іссапарға баратын болса, шыққан күні және келген күні тәуліктік шығынды есептеу кезінде бір күн болып саналады.

Мысалы: "Тұлпар" акционерлік қоғамының менеджері Б. С. Көлбаевқа 2001 жыл 10 сәуірде кассадан іссапар шығындарына арналып 34000 теңге ақша берілді. 2001 жылы 12 сәуірде Б. С. Көлбаев бухгалтерияға аванстық есебін тапсырды. Акционерлік қоғамның басшысы аванстық есепті оған тіркелген тиісті айғақтаушы құжаттардың негізінде 32000 теңгеге бекітті. Аванстың пайдаланылмаған қалдығы-2000 теңге кассаға өткізілді.

Бұл операциялар бухгалтерлік есепте төмендегі жазулар арқылы тіркеледі:

1) кассадан берілген аванстың сомасына:

ДТ КТ

333 "Жұмыскерлердің және басқа

тұлғалардың борыштары" 34000

451 “Кассадағы ұлттық валюта

түріндегі нақты ақша” 34000

2) Менеджер Б. С. Көлбаев сатып алған шикізаттардың құнына:

ДТ КТ

201 "Шикізаттар мен материалдар" 23276

333 "Жұмыскерлердің және басқа

тұлғалардың борыштары" 23276

ҚҚС сомасына:

ДТ КТ

331 "Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы" 3724

333 "Жұмыскерлердің және басқа

тұлғалардың борыштары" 3724

3) тиісті құжаттармен расталған жол ақы шығындарының сомасына:

ДТ КТ

821 "Жалпы және әкімшілік шығыстары" 4310

333 "Жұмыскерлердің және басқа

тұлғалардың борыштары" 4310

ҚҚС сомасына:

ДТ КТ

331 "Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы" 690

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Алынуға тиісті борыштар шоты
Басқадай дебиторлық борыштар
Дебиторлық борыштар есебіне жалпы сипаттамасы
Дебиторлық борыштардың есебі
Дебиторлық берешектің аудиті
Алынуға тиісті шоттар
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz