Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорытынды есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi

Банк Iсi Академиясының колледжі

Есеп және Қаржы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Еңбек және оған ақы төлеудің есебі”

Орындаған: 2-курс, 213 топ студентi

Жакуов Данияр

Тексерген: оқытушы Айтанаева Ә. Қ.

Алматы 2005 жыл

Жоспар

Кiрiспе 3

I Бөлім. “ИВЕТА Со” ЖШС-тің экономикалық сипаттамасы 5

1. 1 Кәсiпорынның орналасқан жерi және мамандандыру саласы 5

1. 2. Кәсiпорынның активтерi мен құралу көздерiн талдау. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау 7

1. 3. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру және есеп саясаты 19

II Бөлiм. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорытынды есебі 26

2. 1 Қаржылық қорытынды есеп берудiң сипаттамасы және маңызы 26

2. 2 Қаржылық есеп берудi жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары 29

2. 3 Қаржылық есеп берудi жасау нысандары 33

2. 3. 1 Бухгалтерлiк баланс 41

2. 3. 2. Қаржылық-шаруашылық қызметтiң нәтижесi жөнiндегi қорытынды есеп 44

2. 3. 3 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөнiндегi қорытынды

есеп 47

2. 3. 4 Қаржылық есеп беруге жасалған түсiнiктеме жазба 51

Қорытынды 56

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 60

Қосымшалар61

Кiрiспе

Қазiргi нарықтық экономика жағдайында кез келген шаруашылық жүргiзушi субъект тұрақты өмiр сүруге және өзiнiң қызметiн дамытып жоғарылатуға тырысады. Сондықтан кәсiпорынның тиiмдiлiгiн бағалап, шаруашылық қызметiн талдау үшiн мерзiм сайын дайындалып тапсырылатын қаржылық қорытынды есеп жасалынады. Қаржылық есеп беру кәсiполрынның өткен кезеңдегi қаржылық-шаруашылық қызметiн кешендi түрде сипаттайтын барлық көрсеткiштер жүйесiн айтамыз. Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектiң ресурстарын, мiнеттемелерiн және ақша қаражаттарының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешiмдерге және инвестициялық шешiмдердi қабылдауға пайдалы ақпараттарды бередi.

Қаржылық қорытынды есептi дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық негiздерiне қаржылық қорытынды есептiң бухгалтерлiк есеп жүйесiн реттеудiң екiншi деңгейiн құрайтын және барлық шаруашылық жүргiзушi құрылымдар басшылыққа алуға мiндеттi нормативтiк-құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлiк есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетiлген.

Бұл берiлген курстық жұмыстың актуалдығы қаржылық қорытынды есеп әрбiр кәсiпорынның шаруашылық қызметiн жоспарлау үшiн негiзгi ақпарат көзi болып табылатындығымен түсiнiдiрiледi. Қаржылық қорытынды есеп белгiлi бiр кезеңде субъектiнiң шаруашылық қызметiнiң жағдайы мен нәтижелерi туралы жинақталған мәлiметтерден тұратын ағымдағы есептiң қысқаша мәлiмдемесi болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрi болып табылады. Оның мәлiметтерi бойынша кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызмет қорытындыланады және де талдау жасалынады.

Қаржылық есеп берудiң мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенiмдi, мәндi және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.

Осыған байланысты бұл курстық жұмыстың мақсаты қаржылық қорытынды есеп жөнiнде барлық теориялық сұрақтарды қарастыру және есеп туралы қызмет ететiн заңдарға сәйкес оны “ИВЕТА Со” ЖШС-тің мәлiметтерi негiзiнде iс -жүзiнде қолдану.

Зерттеу объектiсi “ИВЕТА Со” ЖШС-тің 2004 жылдағы қаржылық қорытынды есебi болып табылады.

I Бөлім. “ИВЕТА Со” ЖШС-тің экономикалық сипаттамасы

1. 1 Кәсiпорынның орналасқан жерi және мамандандыру саласы

ЖШС “ИВЕТА Со” 1999 жылы Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгiнде тiркелдi.

Кәсiпорынның жарғылық капиталы 13 000 000 теңге құрайды. Капитал ЖШС-тің үлес қосушыларымен толық ақшалай түрде төлендi.

Кәсiпорын мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылы, ЖШС”ИВЕТА Со ” базасы.

ЖШС”ИВЕТА Со ” заңды тұлға болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен, жарлықпен және құрылтай келiсiмшарттарымен реттеледi.

Серiктестiк орташа жылдық жұмысшылар саны 50-ден жоғары емес, активтердiң жалпы сомасы 6-дық айлық есеп көрсеткiштерiнен көп емес шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады. ЖШС-тің негiзгi қызмет түрi пластикалық заттарды (есiк, терезе) шығару, сатып өткiзу және металдарды балқыту, сатып өткiзу (экспорт) болып табылады.

”ИВЕТА Со ” ЖШС-тің жоғары басқару органы жалпы құрылтайшылар жиналысы болып табылады және олар өздерiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай келiсiмшарттарына сәйкес жүзеге асырады.

Жалпы Жалпы құрылтайшылар жиналысының атқаратын мiндетiне мыналар жатады:

-Серiктестiк жарғысының, соның iшiнде жарғылық қорының өзгеруi;

-серiктестiктiң атқару органдарын ұйымдастыру және керi шақыру;

-серiктестiктiң жылдық есебiн және бухгалтерлiк балансын бекiту және оның кiрiстерi мен шығыстарын бөлу;

-серiктестiктi қайта құру және ликвидациялау туралы шешiм қабылдау;

-серiктестiктiң ревизиялық комиссиясын сайлау;

Жалпы құрылтайшылар жиналысы бiр ғана құрылтайшының талабы бойынша жиналады.

Серiктестiктiң дирекциясы:

-Серiктестiктiң қызметi жөнiндегi барлық шешiмдердi қабылдайды:

-Басқа кәсiпорындар алдында серiктестiктi ұсынады және оның атынан сенiмсiз қызмет етедi.

-Серiктестiктiң мүлкiн бөледi және оның өндiрiстiк қызметiне жауапты болады.

-Өз бетiмен штаттық жұмыс кестесiн құрастырады және еңбекақы бойынша барлық сұрақтарды шешедi.

Құжаттардың дұрыс, уақытылы болуы және оларды сақтау бойынша жауапты болады.

Iшкi тәртiп ережелерiн, еңбекақы төлеу тәртiбiн және серiктестiкке зиян келтiргенi үшiн материалдық және моральдық жауаптылықты реттеудiң өзгертедi және бекiтедi.

Жұмысшыларды Қазақстан Республикасының қызмет ететiн заңдарына және жарғысына сәйкес, ал бас директор мен бас бухгалтердi құрылтайшылар келiсiмiне сәйкес қабылдау және шығару.

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің дирекциясының мүшелерi : бас директор, пластикалық заттарды шығару бойынша директор орынбасары, өндiрiс бойынша директор орынбасары, қаржылық және экономикалық қызметке жауапты директор орынбасары.

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің бас бухгалтердiң атқаратын қызметiне мыналар кiредi:

-Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп стандарттарына және оған әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес типтiк шот жоспары негiзiнде бухгалтерлiк есептi, серiктестiктiң қаржы-шаруашылық қызметiн жүргiзу және өз шоттарының жұмыс жоспарын жасау. Шоттардың жұмыс жоспары шаруашылық қызметi барысында қолданылған шоттар негiзiнде жасалынады. Керек болған жағдайда, негiзгi шоттарға субшоттар ашады.

-“ИВЕТА Со” ЖШС-тің салықтық есебiн жүргiзудi Қазақстан Республикасының салық кодексiне сәйкес жүзеге асыру;

-Құжаттардың дұрыстығы және оларды сақтау бойынша жауапты болады;

-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы органдарына, бюджеттен тыс фондтарға есептi өз уаытында құру және беру;

Кәсiпорынның қызметiн жүзеге асыру үшiн “ИВЕТА Со” ЖШС-тің келесi цехтары бар: Алғабас ауылында орналасқан пластикалық заттарды шығаруға арналған цех, түстi металдарды балқытуға арналған цех және Алматы қаласында транспорттық базасы, қоймасы бар. Сонымен қатар ЖШС Алматы қаласында офистi жалға алады.

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің негiзгi құралдарына машиналар мен жабдықтар, көлiк құралдары және басқа да негiзгi құралдар жатады, 14458174 теңге сомасына.

1. 2. Кәсiпорынның активтерi мен құралу көздерiн талдау. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің қаржылық ресурстарының қалыптастыру көздерi кәсiпорынның жарғылық қоры, сонымен қатар несие түрiнде тартылған қаржылар болып табылады. (2000 жылы 15 долларсомасында пластикалық заттарды өндiру бойынша цех сатып алу үшiн 2 жылға несие алынған болатын) . Келесi кезеңдерде қаржылық ресурстарды қалыптастырудың негiзгi табыс, амортизациялық есептеулерден, мүлiктi сатудан түскен пайдадан, жасалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерден болды.

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің 2004 жылғы қаржылық қорытындысы терiс әсерлi болды, өйткенi 2003 жылдың басында фирманы көшiру мақсатында өте көп жұмсалған. 2003 жылдың соңында пластикалық заттарды шығаруға арналған цех iске қосылғаннан кейiн, өнiмнiң нарықта өз орнын бекiту үшiн ең төменгi бағамен қойылған. Одан басқа фирма қазақстандық-қытай шекарасының жабылуынан зиян шектi, себебi кәсiпорын түстi металдарды сату бойынша операцияларды тек Қытаймен жүргiзген болатын. Сондықтан фирма 2004 жылдың iшiнде шығындардың жабылуын бөлiнбеген табыс негiзiнде жүргiздi.

Баланс активтерiнiң құрамы мен құрылымын тереңiрек қарастырайық. Активтердiң (кемуi) кәсiпорын қызметiнiң кеңейгенiнiң (тарылғанының) көрiнiсi.

Кесте 1. 2. 1

Кәсiпорын активтерiнiң құрамы мен құрылымы

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
01. 01. 04 жылға: 01. 01. 04 жылға
01. 01. 05 жылға: 01. 01. 05 жылға
Жыл бойындағы өзгерiстер: Жыл бойындағы өзгерiстер
Көрсеткiштер: сомасы
01. 01. 04 жылға: Үлес салмағы пайыз
01. 01. 05 жылға: сомасы
Жыл бойындағы өзгерiстер: Үлес салмағы пайыз
сомасы
Пайыз бойынша
Көрсеткiштер: Активтердiң құны, барлығы соның iшiнде
01. 01. 04 жылға: 97863161
01. 01. 05 жылға: 100
Жыл бойындағы өзгерiстер: 147323442
100
+49460281
+50, 5
Көрсеткiштер: 1. ұзақ мерзiмдi активтер
01. 01. 04 жылға: 15085149
01. 01. 05 жылға: 15, 41
Жыл бойындағы өзгерiстер: 14700451
10
-384698
-2, 6
Көрсеткiштер: 2. ағымдағы активтер
01. 01. 04 жылға: 82778012
01. 01. 05 жылға: 84, 59
Жыл бойындағы өзгерiстер: 132622991
90
+49844979
+60, 2
Көрсеткiштер: Кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының құны
01. 01. 04 жылға: 47316694
01. 01. 05 жылға: 48, 3
Жыл бойындағы өзгерiстер: 28845187
19, 6
-18471507
-39

Баланс активтерiнiң барлық құнының iшiнде өндiрiстiк потенциалының бөлiгi 01. 01. 04 жылға 48, 3 пайызын құрды, бұл өндiрiстiк мақсаттағы мүлiктiк коэффициентiнiң қалыпты болғаны, ал 01. 01. 06 жылға бұл коэффициенттiң мәнi азайды және 19, 6 пайызын құрды, осының негiзiнде келесi қорытынды жасауға болады. Кәсiпорын қызметiнiң қаржылық нәтижелерi активтердi меншiктi қаражат есебiнен толықтыруға мүмкiндiк бермейтiн болса, өндiрiстiк мақсаттағы мүлiктi арттыру үшiн ұзақ мерзiмдi қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Әрi қарай, келесi 2. 2. 2-аналитикалық кестенi құрастыра отырып, ағымдағы активтердiң құрамы мен құрылысын талдау қажет.

Кесте 1. 2. 2

Кәсiпорынның ағымдағы активтерiнiң құрамы мен құрылымы

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
01. 01. 04 жылға: 01. 01. 04 жылға
01. 01. 05 жылға: 01. 01. 05 жылға
Жыл бойындағы өзгерiстер: Жыл бойындағы өзгерiстер
Көрсеткiштер: Сомасы
01. 01. 04 жылға: Үлес салмағы пайыз
01. 01. 05 жылға: сомасы
Жыл бойындағы өзгерiстер: Үлес салмағы пайыз
Сомасы
Үлес салмағы пайыз
Көрсеткiштер: 1. Ағымдағы активтер, соның iшiнде
01. 01. 04 жылға: 82778012
01. 01. 05 жылға: 100
Жыл бойындағы өзгерiстер: 132622991
100
49844979
60, 2
Көрсеткiштер: 1. 1 тауарлы-материалдық құндылықтар
01. 01. 04 жылға: 32264095
01. 01. 05 жылға: 40
Жыл бойындағы өзгерiстер: 14178013
10, 7
-18086082
-56, 1
Көрсеткiштер: 1. 2 дебиторлық борыштар
01. 01. 04 жылға: 35020621
01. 01. 05 жылға: 42, 3
Жыл бойындағы өзгерiстер: 118441473
89, 3
83420852
238, 2
Көрсеткiштер: 1. 3 ақша қаражаттары және қысқа мерзiмдi инвестиция
01. 01. 04 жылға: 787413
01. 01. 05 жылға: 0, 95
Жыл бойындағы өзгерiстер: 3505
0, 003
-783908
-99, 6
Көрсеткiштер: 1. 4 басқа да ағымдағы активтер
01. 01. 04 жылға: 14705883
01. 01. 05 жылға: 17, 8
Жыл бойындағы өзгерiстер: -
-
-14705883
-1

Келтiрiлген мәлiметтер кәсiпорын активтерiнiң жалпы алғандағы жағымсыз динамиткасын көрсетедi. Ең мобилдi активтер-яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар бiр жылда 78 3908 теңгеге немесе 99, 6 пайызға азайған. Ең мобилi қаражаттардың жалпы сомасының азаюы кәсiпорынның төлеу қабiлетiнiң нашарлағанын сипаттайды.

Кәсiпорынның материалдық айналым қаражаттары есептi жылы 56, 1 пайызға кемидi және ол 01. 01. 05 жылға 14178013 теңге құрды. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы бар және де сол себептен өтiмдiлiгi жоғары болып отыр.

Есептi жылдың соңына “”ИВЕТА СО”” ЖШС-тің дебиторлық борыштары айтарлықтай өскен. Егер оның көлемi 01. 01. 04 жылға 35020621 теңге құраса, 01. 01. 05 жылға 118441473 теңгенi құрайды немесе 238, 2 пайызға өскен, өйткенi 2004 жылдың желтоқсанында Қытайға түстi металл жеткiзiлген және валюта бойынша есеп айырысу 180 күннiң iшiнде iске асырылады. Дебиторлық борыштардың, әсiресе оның күмәндi бөлiгiнiң өсуi айналым қаражаттарының айналымын баяулатады және кәсiпоынның қаржылық жағдайына трiс әсерiн тигiзедi.

Кәсiпорынның активтерiне талдау жасағаннан кейiн мiндеттi түрде оның құралу көздерiне талдау жасау керек. Оны төмендегi кестеден көруге болады.

КЕсте 1. 2. 3

Кәсiпорынның мiндеттемелерi мен меншiктi капиталын талдау

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
01. 01. 04 жылға: 01. 01. 04 жылға
01. 01. 05 жылға: 01. 01. 05 жылға
Жыл бойындағы өзгерiстер: Жыл бойындағы өзгерiстер
Көрсеткiштер: сомасы
01. 01. 04 жылға: Үлес салмағы пайыз
01. 01. 05 жылға: сомасы
Жыл бойындағы өзгерiстер: Үлес салмағы пайыз
сомасы
Үлес салмағы пайыз
Көрсеткiштер: 1. Меншiктi капитал
01. 01. 04 жылға: 31941650
01. 01. 05 жылға: 24, 6
Жыл бойындағы өзгерiстер: 26678855
15, 3
-52622795
-19, 7
Көрсеткiштер: 2. мiндеттемелер, барлығы соның iшiнде:
01. 01. 04 жылға: 97863161
01. 01. 05 жылға: 74, 4
Жыл бойындағы өзгерiстер: 147323442
84, 7
49460281
50, 5
Көрсеткiштер: 2. 1. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер
01. 01. 04 жылға: 22469200
01. 01. 05 жылға: 17, 31
Жыл бойындағы өзгерiстер: 19298595
11, 1
-3170604
-141
Көрсеткiштер: 2. 2. ағымдағы мiндеттемелер
01. 01. 04 жылға: 43452311
01. 01. 05 жылға: 33, 5
Жыл бойындағы өзгерiстер: 1013459991
58, 2
57893680
133, 2
Көрсеткiштер: Бланс валютасы
01. 01. 04 жылға: 129804811
01. 01. 05 жылға: 100
Жыл бойындағы өзгерiстер: 174002297
100
44197486
34

ЖШС “ИВЕТА Со” меншiктi капиталының талдауына, талдамалық кезең барысында оның құрамындағы болған елеулi өзгерiстердi анықтауға болады. Жыл басындағы көрсеткiштермен салыстыратын болсақ, кәсiпорында капиталдың жағымсыз мөлшерi қалыптасқан және ол 01. 01. 04 жылға 31941650 теңге болса, 01, 01, 05 жылға 01. 01. 05 жылға 26678855 теңге құрады және 19, 7 пайызға азайды. Кәсiпорынның өз қаражаттарының болуы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетедi.

Кестеден көрiп отырғанымыздай 01. 01. 04 жылға мiндеттемелер 97863161 теңге құрады, ал 01. 01. 05 жылға ол 147323442 теңге құрады және 50, 5 пайызға өскен. Бұл жағдай кәсiпорында қарыз қаражаттары аса маңызды орын алатынын көруге болады.

Кесте 1. 2. 4

2004-2005 жылдардағы “ИВЕТА Со” ЖШС-тің қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
2004 жыл: 2004 жыл
2005 жыл: 2005 жыл
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -)
Көрсеткiштер: Сомасы
2004 жыл: пайыз
Көрсеткiштер: 1. сатылған өнiмнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсiм
2004 жыл: 58276522
2005 жыл: 203267332
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): 144990810
+248, 8
Көрсеткiштер: 2. Сатылған өнiмнiң (қызметтiң, жұмыстың) өзiмдiк құны
2004 жыл: 53365654
2005 жыл: 188839603
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): 135473949
+253, 9
Көрсеткiштер: 3. Жалпы табыс
2004 жыл: 4910868
2005 жыл: 14427729
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): 9516861
+193, 8
Көрсеткiштер:

4. Кезең шығындарын-барлығы:

-жалпы және әкiмшiлiк шығындар

-сату бойынша шығындар

-пайыз бойынша шығындар

2004 жыл:

6160222

3593468

2566754

2005 жыл:

189964615

3498274

12774562

2691779

Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -):

183804393

-95194

10207808

2691779

+2983, 7

-2, 65

+397, 7

Көрсеткiштер: 5. Негiзгi ызметтен түсен табыс (шығын)
2004 жыл: -1249354
2005 жыл: -4536886
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -3287532
-263, 14
Көрсеткiштер: 6. Негiзгi емес қызметтен түскен табыс (шығын)
2004 жыл: 331094
2005 жыл: 725909
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): 394815
+119, 24
Көрсеткiштер: 7. салық салынғанға дейiнгi әдеттегi қызметiнен түскен табыс (шығын)
2004 жыл: -918260
2005 жыл: -5262795
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -4344535
-473, 12
Көрсеткiштер: 8. табыс салығы
2004 жыл:
2005 жыл:
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -):
Көрсеткiштер: 9. салық салынғаннан кейiнгi әдеттегi қызметiнен түскен табыс( шығын)
2004 жыл: -918260
2005 жыл: -5262795
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -4344535
-473, 12
Көрсеткiштер: 10. төтенше жағдайдан алынған табыс (зиян)
2004 жыл:
2005 жыл:
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -):
Көрсеткiштер: 11. таза табыс (зиян)
2004 жыл: -918260
2005 жыл: -5262795
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -4344535
-473, 12
Көрсеткiштер: 12. қор қайтарымдылығы
2004 жыл: 3, 9
2005 жыл: 13, 8
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -):
Көрсеткiштер: 13. материал қайтарымдылығы
2004 жыл: 6, 5
2005 жыл: 28, 13
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): 21, 63
+332, 77
Көрсеткiштер: 14. меншiктi капитал табысы
2004 жыл: -0, 029
2005 жыл: -0, 20
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -0, 171
-58965
Көрсеткiштер: 15. жалпы капитал табысы
2004 жыл: -0, 009
2005 жыл: -0, 036
Жыл бойындағы өзгерiстер (+; -): -0, 027
-300

Кәсiпорынның минималды қаржылық тұрақтылығы мiндеттемелер ағымдағы активтермен жабылған кезде жетедi, мұндай қаржылық тұрақтылықтың белгiсi келесi шарттарды орындағанда болады: ағымдағы және ұза мерзiмдi активтердiң қатынас коэффициентiнен қарыз капиталының меншiктi капитал қатынас коэффициентiнен артық болуы тиiс. Берiлген кәсiпорында ол келесiдей көрiнiс табады: 01. 01. 04 жылға ағымдағы активтер = 82778012, ұзақ мерзiмдi активтер=15085149 Кқ=5, 49 қарыз капиталы = 22469200, меншiктi капитал=31941650 Кқ=0, 7

5, 49>0, 7

01. 01. 05.

ағымдағы = активтер =132622991, ұзақ мерзiмдi активтер =14700451 Кқ=9, 02

қарыз кпиталы=19298596, меншiктi капитал=26678855 Кқ=0, 72

9, 02> 0, 72

Бұдан, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы минималды мөлшерiне жеткенiн және өткен кезеңмен салыстырғанда жоғарылағанын көруге болады.

Қор қайтарымдылығы негiзгi өндiрiстiк қолардың жалпы көрсеткiшi және ол есептi кезеңдегi сатудан түскен түсiмнiң негiзгi өндiрiстiк қорлардың орташа жылдық құнына бөлу арқылы анықталады және мынаған тең:

01. 01. 2004 =3, 9 (58876522/15085149=3, 9)

01. 01. 2005 жылға 13, 8 (203267332/14700451=13, 8)

Бұл көрсеткiш негiзгi өнiрiстiк қорлардың толық қолданғанын көрсетедi

Өнiмнiң матреиал қайтарымдылығы өнiмдi сатудан түскен табыстың шығындалған материалдық құнына қатынасымен анықталады:

01. 01. 2004 жылға =65 (58/876522/9055793=6, 5)

01. 01. 2005 жылға =28, 13 (203267332/7555459=28, 13)

Меншiктi капиталдың табысы таза табыстың меншiктi капиталға қатынасымен анықталады:

01. 01. 2004 жылға =-0, 029 (-918260/31941650=-0, 029)

01. 01. 2005 жылға =-0, 20 (-5262795/26678855=-0, 20)

Табыстың азаю себебi, жоғарыда атап өтiлгендей фирма өзiнiң зиянын жабу үшiн (жаңа цехты iске қосудан, минималды бағалардан және Байқоңыр қаласынан Алғабас ауылына фирманы көшiруден болған шығындар) бөлiнбеген табысты жұмсады.

Кесте -1. 2. 5 “ИВЕТА Со” ЖШС-тің 2004-2005 жылдардағы қаржылық жағдайын салыстырмалы бағалауды көрсетедi.

Кесте 1. 2. 5

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің 2004-2005 ж. ж қаржылық жағдайын бағалау.

Негiзгi көрсеткiштер: Негiзгi көрсеткiштер
2004 ж (пайыз): 2004 ж (пайыз)
2005 ж (пайыз): 2005 ж (пайыз)
Негiзгi көрсеткiштер: Негiзгi құралдардың тозу коэффициентi
2004 ж (пайыз): 15, 3
2005 ж (пайыз): 22, 0
Негiзгi көрсеткiштер:

Тәуелсiздiк коэффициентi

Қаржылық тұрақтылық коэффициентi

2004 ж (пайыз):

0, 33

0, 56

2005 ж (пайыз):

0, 18

0, 31

Негiзгi көрсеткiштер: Жұмсау коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 53
2005 ж (пайыз): 0, 45
Негiзгi көрсеткiштер: Қарыз және меншiктi капитал қатынасының коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 70
2005 ж (пайыз): 0, 72
Негiзгi көрсеткiштер: Өтiмдiлiк коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 83
2005 ж (пайыз): 1, 17
Негiзгi көрсеткiштер: Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 56
2005 ж (пайыз): 0, 59
Негiзгi көрсеткiштер: Аралық өтеу коэффициентi
2004 ж (пайыз): 1, 16
2005 ж (пайыз): 1, 17
Негiзгi көрсеткiштер: Жалпы өтеу коэффициентi
2004 ж (пайыз): 1, 91
2005 ж (пайыз): 1, 31
Негiзгi көрсеткiштер: Тауарлы-материалды қорлар мен шығындарды жабу коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 52
2005 ж (пайыз): 0, 85
Негiзгi көрсеткiштер: Ағымдағы активтердiң айналым коэффициентi
2004 ж (пайыз): 0, 86
2005 ж (пайыз): 1, 89
Негiзгi көрсеткiштер:
2004 ж (пайыз):
2005 ж (пайыз): 0, 85

Негiзгi құралдардың тозу коэффициентi (негiзгi құралдардың тозу сомасын олардың бастапқы құнына бөлу арқылы анықталады )

01. 01. 2004 жылға -15, 3 пайыз

((2680870/17524469) х100 = 15, 3 пайыз

01. 01. 2005 жылға -22 пайыз

((4080162/18538336) х100=22 пайыз)

Қаржылық жағдайды бағалау:

Меншiктi капитал және оның жалпы капиталдағы үлесi (тәуелсiздiк коэффициентi) меншiктi капиталдың барлық авансталған капиталға бөлу арқылы анықталады, мұндағы авансталған капитал, бұл -баланс валютасының жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы.

01. 01. 2004 жылға -0, 33 пайыз

(31941650/97863461) =0, 33

01. 01. 2005 жылға -0, 18 пайыз

(26678855/147323442) =0, 18

Меншiктi капиталдың авансталған капиталға қатынасын тәуелсiздiк коэффициентi деп аталады. Есептi жылда бұл коэффициенттiң азаюы жағымсыз көрсеткiш болып табылады. Және ол алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың көбеюiнiң белгiсi.

Кәсiпорынның тәуелсiздiк дәрежесiн сипаттайтын ең бiр маңызды көрсеткiштердiң бiрi қаржылық тұрақтылықтың коэффициентi болып табылады. Ол меншiктi және ұзақ мерзiмдi қарыз капиталының жалпы (авансталған ) капиталдағы үлесiн сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқ. т = меншiктi капитал-ұ. м. активтер

Авансталған капитал

01. 01. 2004 жылға Кқ. т =0, 56 пайыз ((31941650+22469200)

/97863161) =0, 56

01. 01. 2005 жылға Кқ. т=0, 31 пайыз ((26678855+19298596) /147323442) =0, 31

Меншiктi айналым қаражаттарының көлемiн анықтау үшiн меншiктi капитал сомасынан баланс активiнiң бiрiншi бөлiмiнiң жалпы сомасын алып тастау керек, және бұл шама:

01. 01. 2004 жылға-16856501-ге (31941650-15085149=16856501)

01. 01. 2005 жылға -11978404-ке (26678855-14700451=11978404) тең болды, яғни 4878097 теңгеге (16856501-11978404) немесе 29 пайызға төмендеген.

Жұмсау коэффициентi кәсiпорынның меншiктi қаражаттарының қандай бөлiгi Осы қаражаттарды еркiн жұмсауға болатын мобильдi нысанда екендiгiн көрсетедi.

Кж= меншiктi айналым капиталы

Меншiктi капитал

01. 01. 2004 жылға Кж=0, 53 (16856501/31941650=0, 53)

01. 01. 2005 жылға К ж= 0, 45 (11978404/26678855=0, 45)

Қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiнiң мұндай төмендеуi “ИВЕТА Со” ЖШС-тің 2004 жылдың басында Байқоңыр қаласынан барлық негiзгi құралдарын көшiрген, соның нәтижесiнде үлкен көлемде зиян шеккенiмен түсiндiруге болады.

Қарыз және меншiктi капитал қатынасының коэффициентi қатыстырылған капиталдың меншiктi капиталға қатынасымен анықталады.

01. 01. 2004 жылға -0, 7 пайызға (22469200/31941650=0, 7)

01. 01. 2005 жылға -0, 72 пайызға (19298596/26678855=0, 72)

Бұл коэффициент кәсiпорын активтерiне салынған меншiктi қаражаттың әрбiр теңгесiне қанша қаражатын тартқанын көрсетедi. Кәсiпорынның ең төменгi қаржылық тұрақтылығын сақтау үшiн бұл коэффициентiнiң мәнiмен шектелуi қажет, яғни 9, 02 ден аспауы қажет (132622991/14700451) .

“ИВЕТА Со” ЖШС-тің есеп беру кезеңiнiң басында активтерге салынған меншiк қаражаттарының әрбiр теңгесiне қарыз қаражатының 70 тиынын тартқанын дәлелдейдi. Есеп беру кезеңiнiң iшiнде қарыз қаражаттары меншiктiк салымдардың әрбiр теңгесiне 72 тиынға дейiн көбейген.

Өтiмдiлiк коэффициентi-бұл кәсiпорынның алдағы кезеңдегi төлем қабiлеттiлiгiн (немесе қабiлетсiздiгiн) көрсетедi. Ол үшiн активтегi өтiмдiлiк дәрежесi бойынша топталған қаражаттарды (ақша қаражаттары, бағалы қағаздар- қысқа мерзiмдi дебиторлық борыштар) пассивтегi мiндеттемелермен (кредиторлық қағаздар, қысқа мерзiмдi несиелер және қарыздар) яғни ағымдағы мiндеттемелермен салыстыру қажет. Берiлген коэффициенттiң оптимальды мәнi- >2

01. 01. 2004 жылға -0, 83 ((787413+35208302) /43452311=0, 83)

01. 01. 2005 жылға -1, 17 ((3505+118441473) /101345991) =1, 17)

Өтiмдiлiктiң жалпы көрсеткiшi келесi формуламен есептелiнедi:

Кжө= а1А1+а2А2+а3А3

А1П1+а2П2+а3П3, мұндағы

Көж-жалпы өтiмдiлiк коэффициентi

А1, а2, а3-салмақтық коэффициенттен, а1=1, а2=0, 5, а3=0, 3

А1=-ең өтiмдi активтер (ақша қаражаттары және бағалы қағаздар)

А2-тез өткiзiлетiн активтер (қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыздар)

А3-баяу өткiзiлетiн активтер (тауарлы -материалды босалқылар және не ұзақ мерзiмдi инвестициялар)

П1-неғұрлым тезiрек төленуге тиiстi мiндеттемелер (кредиторлық қарыздар және басқа да қысқа мерзiмдi мiндеттемелер)

П2-қысқа мерзiмдi мiндеттемелер (қысқа мерзiмдi несиелер және қарыздар)

П3-ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер (ұзақ мерзiмдi несиелер және қарыздар)

01. 01. 2004жылға-0, 56 ((1х787413+0, 5х35020621+0, 3х(9055793+23208302) ) /(1х43452311+0, 3х22469200) =0, 56

01. 01. 2005жылға-0, 59 ((1х3505+0, 5х118441473+0, 3х(7225459+6952554) ) /((1х101345991+0, 3х19298596) =0, 59

Баланс өтiмдiлгiнiң жалпы көрсеткiш кәсiпорынның барлық өтiмдi айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем мiндеттемелердiң сомасына қатынасын көрсетедi. Бұл теориялық мәнi 0, 9 дан төмен болмауға тиiстi көрсеткiш кәсiпорын мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабiлетiн көрсетедi. “ИВЕТА Со” ЖШС-тің бұл көрсеткiштiң деңгейi теориялық мәнiнен 34 пайызғ, а төмен, бұл кәсiпорынның жиi болатын төлем қабiлетсiздiгiн көрсетедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен шығысының теориясы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу
Дебиторлық берешектердің аудиті
Есеп және аудит
Шаруашылық жүргізуші субъектілері
Инвистиция есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz