Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Ақмола қаржы- экономикалық колледжі
Экономикалық құқық пәндерінің
Пәндік әдістемелік комиссиясы
Қорғауға жіберілсін ________
Жетекшісі: _________________
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
_______________________пәні бойынша
Тақырыбы: Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерістер есебі
Орындаған: 3ҚҚҚ-406 тобының студенті____________________
Жетекшісі: ________________________________
Астана-2008 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
1.1Еңбекақы бойынша есеп айырысуды
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ...9
1.3Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу ... ... 12
ІІ. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛЫНАТЫН ҰСТАЛЫМДАР МЕН ШЕГЕРІСТЕРДІҢ ЕСЕБІ
2.1Еңбекақыдан ұсталатын сомалар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2Еңбекақыдан шегерістердің сомалар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..25
2.3 Жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлі
есепшоттары бойынша жүргізілетін
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті
зейнетақы, жеке, табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге
жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылығымен
жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін
(артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар
болады.
Жеке табыс салығын ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес,
еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлемақылар, натуралды
төлем ақыны қоса есептегендегі қызметкерлер табыстары, материалдық,
әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы ұсталады. Жеке табыс салығын
есептеу, ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша, ай сайын өспелі жиынтықтан
жүргізіледі.
Салық - жыл аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан шығатын болса, оның
алған табыстарына сәйкес, нақтылы істеген мерзіміне қарай, қайта есептеу
коэффициентін пайдаланып жеке табыс салығы қайта есептеледі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді
атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне
қарай әділ еңбекақы төлеу, еңбек ақыдан ұсталымдар мен шегерімдерді әділ
ұстау қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне,
сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлермен
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу, еңбек ақыдағы ұсталымдар мен шегерімдер
тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.
Курыстық жұмыстың мақсаты - еңбек ақыға есеп жүргізу, есептің анықтығын
тексеру, заңдылыққа сәйкес еңбек ақыдан ұсталып қалынатын ұсталымдары
жүргізудің дұрыстығын сақтау және еңбек ақы бойынша шегерістің әдістемесі,
сонымен қатар жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде
бухгалтерлі есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар бойынша есептің
есебін жүргізу жатады.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
➢ Еңбекақыны экономикалық категория ретінде қарау;
➢ қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу
үлгілері мен түрлерімен танысу;
➢ еңбекақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;
➢ еңбекақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды,
еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
➢ еңбекақыдан ұсталатын сомалар есебімен танысу;
➢ еңбекақыдан шегерістердің сомалар есебімен танысу;
➢ еңбекақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды
әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару.
Жалпы осы курыстық жұмыста еңбек және еңбекақыны есептеу жолдарына
тереңірек тоқталып, енбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерімдердің
маңызын ашып көрсетемін.
Курыстық жұмысты дайындау барысында еңбек ақыдағы ұсталымдар мен
шегерімдер бойынша заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және
тәжірибелік құралдары қолданылды.
Курыстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, библиографиялық тізімнен
тұрады.
І. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
1.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
Еңбек пен еңбекақының есебі бухгалтер жұмысының көп еңбекті қажет ететін
және ең жауапты учаскелердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта еңбек
табыстары максималды мөлшермен шектелмейді, олардың көлемі тек жеке
тұлғалардан ұсталатын табыс салығымен ғана реттеледі.
Еңбекке ақы төлеу екі түрге бөлінеді: жұмыс көлемі бойынша (есептің
негізіне орындалған жұмыстың көлемі мен оның бірлігінің бағалауы арқылы
алынатын жағдай), уақыт бойынша (есептің негізіне жұмыстың 1 сағат
уақытының тарифтік мөлшерлемесі немесе атқарылған уақыт үшін еңбекақы
мөлшері (оклад) алынатын жағдай).
Жұмыс көлемі бойынша еңбек ақыны есептеу мысалы:
Жұмысшының бір сағаттық тарифтік мөлшерлемесі – 50 теңге. Өнімнің бір
бірлігін жасаудың уақыт нормасы – 30 минут. Өнім бірлігінің еңбекақы
мөлшері – 25 теңге (50х3060). Бір айда өнімнің 400 бірлігі жасалды. Жұмыс
көлемі бойынша еңбек ақы (25 теңге х 400) = 10000 теңгені құрайды.
Уақыт бойынша еңбекақыны есептеу мысалы:
1. Жұмысшы бір айда 80 теңге мөлшердегі сағаттық тарифтік мөлшерлеме
бойынша 120 сағат уақыт бойы еңбек етті. Оның уақыт бойынша еңбек ақысы
9600 теңгеге тең болады (80 теңге х 120).
2. Қызметкердің лауазымды мөлшерлі еңбекақысы 9200 теңгеге тең болады.
Ол 23 жұмыс күні орнына 16 жұмыс күндерінің уақытын атқарды. Одан соң
қызметкер демалысқа шығып кетді. Есепті айдың 1 күндік орташа еңбек ақы –
400 теңгеге тең болады (9200 : 23). Уақыт бойынша еңбек ақы (демалыстың
ақысысыз) 6400 теңгені (400 х 16) құрайы.
Сондай-ақ негізгі еңбек ақы (жұмсалған еңбек немесе атқарылған уақыт
үшін) және қосымша (заңдарға сәйкес төлеуге жататын атқарылған уақыт үшін).
Бұған демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша парақтар және т.б.
бойынша төлемдер, еңбек ақыға әр түрлі қосымшалар да жатады.
Кооператив, акционерлік қоғамдар мен басқа коммерциялық құрылымдардың
қызметкерлері олардың негізгі жұмыс орны бойынша қосымша еңбек ақы алуға
құқылы. Барлық жағдайларда атқарылған және атқарылмаған уақыт жұмыс уақыты
есебінің табелінде көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды төлеу шарттары мен нақты
мөлшерлері кәсіпорынның өзінде белгіленеді және еңбек ақы туралы ережелерде
немесе ұжымдық келісім шарттарда көрсетіледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда еңбекақы қоры қалыптастырылмайды.
Пайдадан қажетті төлемдер жасалғаннан соң тұтыну қоры ұйымдастырылады. Бұл
қордың есебінен негізгі және қосымша еңбек ақы төленуі, емдеу, демалысқа
жолдамалар мен қызметкерлерге ақысыз түрде көрсетілген қызметтердің құнын
төлеу және т.б. жасалуы мүмкін.
Есептеу-төлем ведомосты:
Қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы тағайындалған
адам жүргізеді. Әрбір жұмысқа қабылданған (тұрақты, уақытша, мауысымды
түрде) адамға жеке карточка толытырылады және оған өзінің табельді нөмірі
беріледі. Кәсіпорын басшысының бұйрықтары немесе ұйғарымдары негізінде
бухгалтер әрбір қызметкерге бет есеп ашады. Онда қызметкердің анықтама
мәліметтері көрсетіледі және есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы
барлық мағлұматтар жинақталады.
Жұмыс уақытының есебі белгіленген үлгідегі жұмыс уақытысын пайдалану
табельдерінде жүргізіледі. Есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы
мәліметтер бет есептен барлық қызметкерлер бойынша қосылатын белгіленген
үлгідегі есептеу-төлем ведомостарына көшіріледі.
Бұл ведомостың негізінде синтетикалық есепте №681 Еңбек ақы бойынша
персоналмен есеп айырысу шотында кредит бойынша – есептелген сомалар,
дебет бойынша – кассадан қолма-қол ақша беру,табыс салығын ұстау, еңбек
ақыны заттай түрде беру, басқа ұсталымдар және т.б. бейнеленеді.
Бұл ведомость бойынша басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары
қойылғаннан соң берілуге тиіс барлық сомада шығыс кассалық ордер
толтырылып, еңбек ақы беріледі. Бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғалар
еңбек ақы алу кезінде төл құжат немесе оның жеке басын куәландыратын басқа
құжат көрсетуі тиіс.
Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі:
Есептелген еңбекақыдан әр түрлі ұсталымдар мен шегерулер жасалады: табыс
салығы, алдын ала берілген ақшалар, кәсіпорын қызметкерінің келтірген
материалдық зиянының орнын толтыру, еңбекақы есебінен босатылған тауарлар
үшін және орындау қағаздары бойынша ұсталымдар мен т.б.
Табыс салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдер туралы 2001 жылғы 12 маусымындағы №209 – II
Кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан келетін өзгерістер мен
қосымшаларын қоса) ұсталады.
Егер ол бұрын айлық табыстардан есептелген болса, енді – бір жылда
алынған жиынтық табысына негізделіп есептеледі. Бухгалтер ай сайын табыс
салығын ұстап оны бюжетке аударады, ал келесі жылдың басында (1 сәуірден
кеш қалмай) барлық төлемдер туралы мәліметтерді кәсіпорынның орналасқан
жері бойынша салық инспекциясына тапсырады.
ҚР-ң жеке тұлғалардан табыс салығы туралы ережелерде (соңынан келетін
өзгерістер мен қосымшаларын қоса) Заңында бірқатар жеңілдіктер
қарастырылған. Атап айтқанда, штаттағы қызметкерлердің салық салынатын
мөлшерінен бір айлық есептеу көрсеткіші шегеріледі, ал оның асырауында 1,2
және одан көп балалары болса, онда соған сәйкес айлық есептеу
көрсеткіштердің саны қоса шегеріледі. Штаттан тыс қызметкерлер (мысалы,
ердігерлік келісімдері бойынша жұмыс істейтін) өздерінің негізгі емес жұмыс
орнында мұндай жеңілдіктерді қолданбайды.
Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша
жәрдемақылардан (уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылардан
басқа), зейнетақыдан, табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға байланысты
кәсіпорын тарапынан берілетін материалдық жәрдем сомаларынан, қызметтен
босарда алатын жәрдемнен, іс сапар шығыстарынан және төлемдердің кейбір
басқа түрлерінен табыс салығы ұсталмайды.
Еңбек демалысы уақытына ақша есептеу:
Жыл сайын штаттағы қызметкерлерге кезекті демалыс уақыты беріледі.
Біріншісі – жұмысының 11 айлық мерзімі өтуі бойынша, одан кейінгілері –
кәсіпорынның әкімшілігімен бекітілген және кәсіподақ комитетімен (егер
кәсіпорын кәсіподаққа кірген болса) келісілген график бойынша берілді.
Демалыстың минималды ұзақтығы 24 жұмыс күніне (1992 жылдың 1 қаңтарынан
бастап) тең болады.
Демалыс ақша сомаларын есептеу үшін кімге демалыс берілетіндігі, қай
күннен және уақыттың ұзақтығы қандай екендігі көрсетілген бұйрық негіз
болады. ҚР-ң Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет туралы Заңы негізінде
қызмет ететін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жыл
сайынғы демалысының төлемі демалысқа шығудан алдын (1-нен 1-ші күнге дейін)
екі соңғы айдағы еңбек ақыдан жасалады.
Демалысты орнын толтырумен ауыстыруға тиым салынады. Егер есепті кезеңде
немесе қызметкер демалысқа шыққан айда сала бойынша немесе кәсіпорында
тарифтік деңгей немесе еңбекақы мөлшері арттырылса, онда қызметкердің еңбек
ақысы арттыру коэффициентіне түзетіледі. Егер тарифтік мөлшерлеме немесе
еңбекақы мөлшері арттыру нақты бір қызметкерде болса, онда түзету
жасалмайды.
Қалай болған жағдайда есепті кезеңде жұмыс уақытын толық атқарған
қызметкердің демалысқа берілетін жалақысы ҚР-ң заңдарымен белгіленген
минималды еңбек ақыдан кем болмауы керек.
Демалыстың ұзақтығы күнтізбелік күндерде саналады, сондықтан 1 күндік
орташа еңбек ақыны есептеу кезінде есепті кезеңдегі еңбек ақшаның сомасы
сол кезеңдегі күнтізбелік күндердің ҚР-ң заңдарымен белгіленген мерекелік
күндерін шығарып тастаған санына бөлінеді. Одан соң 1 күндік орташа еңбек
ақы демалыстың күнтізбелік күндер санына көбейтіледі.
Егер қызметкер өзінің кезекті демалысын пайдаланбай тұрып жұмыстан
босаса немесе басқа кәсіпорынға ауысатын болса, онда оған демалыстың орнын
толтыру есептеледі. Ол үшін пайдаланбаған демалыстың күндер санын
есептейді: жұмыстың әр айы үшін, ең кемінде, 2 күннен (24:12) берілуі
тиіс. Егер, мысалы, демалыстан түскен соң 5 ай уақыт жұмыс атқарылса, онда
пайдаланбаған демалыс уақыты 10 күнге тең болады (5х2).
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдар кодексіне сәйкес штаттарды
қысқартумен байланысты кәсіпорыннан босатылатын қызметкерлерге екі орташа
айлық еңбек ақы мөлшерінде қызметтен босарда алатын жәрдемақы беріледі. Ол
жәрдемақының мөлшері жұмыстың соңғы екі айының орташа еңбекақысы есебінен
анықталады.
1.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық есебі
Депонирленген еңбекақының есебін ұйымдастыру Еңбекақы №681 Персоналмен
еңбекақы бойынша есеп айырысулар пассивті баланстық шотында есепке
алынады. Бұл шоттың кредиті бойынша есептелген еңбек ақы мен әр түрлі
жәрдемақылар, ал дебеті бойынша – ұсталымдар бейнеленеді. Кредиттік және
дебеттік жақтар арасындағы айырма кәсіпорын қызметкерлеріне берілуге тиіс
сомаға сәйкес келеді. Оны кассадан берген соң шот жабылады. Уақытында
алынбаған еңбекақы депонирленеді. Бұл процедура төмендегіше орындалады.
Еңбек ақы беру үшін белгіленген 3 күн өткен соң кассир есептеу-төлем
ведомосында ақша алу жөнінде қол таңбаларын тексеріп алынған еңбек ақыны
қосып шығады. Еңбек ақысын алмағандардың фамилияларының қарсысына Алыну
туралы қол таңба қою бағанасында таңба қойылады немесе қолмен
депонирленді деп жазылады. Бұл жағдайда есептеу-төлем ведомосты екі сома
- қолма-қол ақша берілді және депонирленді – бойынша жабылады.
Депонирленген еңбекақының аналитикалық есебі берілмеген еңбек ақының
реестрінде, берілмеген еңбек ақының арнайы кітабында немесе депоненттік
карточкаларда әрбір сұралмаған сома бойынша ұйымдастырылады.
№681 Еңбекақы бойынша персоналмен есеп айырысулар шотын жабу кезінде
депонирленген сомаға бұл шоттың дебеті бойынша және сол мақсаттар үшін
Депоненттер субшоты ашылған №687 Басқа кредиторлық қарыздар шотының
кредиті бойынша жазу жазылады. Ал ақшаның қалдығын біз есеп айырысу шотына
өткізуге тиістіміз, өйткені банкіден алынған қолма-қол ақша қатаң түрде
мақсатты тағайындалуымен жұмсалады.
Депонентті беру кезінде біз қайтадан есеп айырысу шотынан кассаға талап
етілетін соманы (Қассадағы қолма-қол ақша шотының дебеті және Басқа
кредиторлық қарыздар - Депоненттер субшотының кредиті бойынша) алып
айтылған депонентті жабамыз. Сұралмаған депонирленген еңбек ақыны кәсіпорын
үш жыл бойы сақтайды, одан соң оны бюджетке аударады.
Еңбекақы, өнім, жұмыстар мен қызметтер өзіндік құнның элементі болып
саналады. Бірақ ол өзіндік құнға алуан түрде енгізіледі. Тікелей өнім
өндіретін жұмысшылардың еңбек ақысы №902 Өндірістік жұмысшылардың еңбек
ақысы шотына жабылады. Әкімшілік-басқару және кіші қызметші персоналдың
еңбек ақысы №821 Жалпы және әкімшілік шығыстар шотына жабылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақымен
қамтамасыз ету қорлары есебінен жәрдемақыларды есептеу кезінде №681
Еңбекақы бойынша персоналмен есеп айырысулар шоты және кредиттеледі, ал
онда тиісті қорлар қалыптастырылған №687 Басқа кредиторлық қарыздар шоты
дебеттеледі.
Қазіргі уақытта кейбір кәсіпорындарда жұмысшыларға еңбек ақыны заттай,
яғни тауар, өнім және қызметпен төлеу әдісі кеңінен таралған. Бұл жағдайда
№681 шот дебеттеледі, ал №687 шот кредиттеледі. Бұған Заттай төлеу
субшотын ашу ұсынылады. Еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың жазылу сызбасы
№ 681 шот Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысулар
Дт Кт 451 Кассадағы қолма-қол, 687- Әлеуметтік сақтандыру
зейнетақымен қамтамассыз ету бойынша есеп айырысулар, Төленген еңбек ақы,
Әлеуметтік сақтандыру жәрдемақылар есебінен есептелген жәрдемақылар, 639-
Бюджеттен есеп айырысулар, Жалпы әкімшілік шығыстар, Табыс салығының
Кәсіпорынның ұсталуы әкімшілігіне есептелген еңбек ақы, 687- Басқа
кредиторлық қарыздар, Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы, Орындаушы
парақтар, Жұмысшыларға мен еңбек ақы есептелген еңбек ақы есебінен
босатылған тауарлар үшін ұсталымдар
Мердігерлік келісім шарты бойынша жұмысшылардың еңбек ақысын есептеудің
ерекшеліктері:
Мердігерлік келісім шарты жұмысшылардың қатаң түрінде белгіленген көлемі
бойынша есеп айырысулар үшін жасалады. Оқтын-оқтын қайталанатын жұмыстарға
еңбек келісімі жасалады.
Мердігерлік келісім шартын жасау кезінде төмендегілерді ескеру керек:
1. Қазіргі уақытта бұл сомалар бойынша әлеуметтік салықтың есептеулері
жүргізіледі.
2. Табыс салығы ҚР-ң Үкіметімен бекітілген нұсқауына сәйкес
мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
3. Негізгі қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек ақысына
шығыстардың нормаланған мөлшерін анықтау үшін негізгі қызметте жұмыс
істейтін жұмысшылардың тізім бойынша нақты орташа санын есептеу керек. Ол
мердігерлік келісім шарты мен басқа азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім
шарттары, сондай-ақ қосымша жұмыс істеу бойынша еңбектенгендердің есебін
қоса анықталады.
Келісім шарттары бойынша жұмыс істейтіндердің саны тізім бойынша нақты
орташа санының есептеуге тек келісім шарты бойынша төлем жасалған айда ғана
енгізілетінін ескеру керек.
Мысалы, тізім құрамы – 10 адам, мердігерлік келісім шарты бойынша 20
адам жұмыс істейді, келісім шарты 3 айға жасалып науырыз айында төлеуге
есептелген. Жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 30 адамға тең:
\10+10+(20х3+10)\:3.
Егер кәсіпорында табельді есеп жоқ болса және келісім шартында
атқарылатын уақыттың сағаттар саны көрсетілмесе, онда есепке атқарылған
сағаттардың нақты санынан тәуелсіз 1 күн алынады (бұл жұмысты орындау үшін
қажет болған жұмысшылардың санынан көбірек келісім шартты жасау жолымен
олардың санын көбейту үшін жиі қолданылады).
1.3Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен кызметкерлері.
2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын
ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметіне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға
бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы
басқалар жатады.
Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және
тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер,
менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары жатады. Бухгалтерлік
есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген
уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын
адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан
босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс
уақыты да есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі –
кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі)
жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттарды пайдаланады:
• жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
• басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
• демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі Т-6;
• жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен
қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары,
сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
кітапшасына төл құжатындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-
2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің
білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы
және жылы, мекен-жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа сенын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол
үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын
жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу
бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің
күнделікті сены қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің
деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен
қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің (календардың) әрбір
күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен
30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе
1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса
алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің (календарьлық) күніне бөлу
арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс
істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің
тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің
сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі
санына теңеліп алынады.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, сондай-ақ
маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы
орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі
(демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен
қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік (календарьлық)
күн санына бөлу арқылы алынады.
Мысалы: кәсірорын пайдалануға беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап
жұмыс істейтін болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны бұл
ұйымда мына төмендегідей:
23 қантар күні 403 адам
24 қантар күні сенбі (403 адам)
25 қантар күні жексенбі (403 адам)
26 қантар күні 404 адам
27 қантар күні 403 адам
28 қантар күні 406 адам
29 қантар күні 401 адам
30 қантар күні 402 адам
31 қантар күні сенбі (40 2 адам)
Сонымен қаңтар айында жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны бұл
кәсіпорын бойынша 3627 адам. Осы айдың күнтізбесінде (календарьлық) күн
саны 31 күн Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы
айдағы саны 362731=117 адам.
Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны
қаңтар айында 117 адам, ақпан айында 408 адам, наурыз айында 420 адам болды
делік. Осыдан бұл кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан
бойынша саны 315 адамға тең болады, яғни
(117+408+420)3=315
Ескерту: егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса, онда
ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойындағы орташа саны
140 адамға тең болады, яғни
4203=140
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны
осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-
ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса,
онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың
сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.
Ескерту: жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа
еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін
орташа еңбекақы және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға
қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық
тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына
(категорияларына) жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай
жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
➢ жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер,
сондай-ақ бала асырап алған әйелдер;
➢ заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер
(ер адамдар);
➢ оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе
сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары және
арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы
сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;
➢ әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа
кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен
қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай
үйлесімді (пропорционалды) түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс
істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген
адамкүні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс
істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан
кейін барлық жұмыс істегенсағатын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz