Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе2

І Негізгі бөлім4

1. 1Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі4

1. 2 Фактураланбаған жабдықтар есебі11

1. 3 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуда жүргізілетін проценттік және процентсіз вексель20

1. 4 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы21

Қорытынды24

Пайдаланылған әдебиеттер26

Кіріспе

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау эканомикалық және әлеументтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасалады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен шартқа отырады.

Жабдықтаушы мердігер - бұл жеткізіп беруші, жеткізіп тұрушы қамтамасыздандырушы. Белгілі бір бұйымды, тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т. б. босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу, жай жөндеу және т. б. ) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы-мердігерді кәсіп орынның төмен қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. Жабдықтаушы ұйымдар өз өнімдерімен тауарларын жөнелте отырып, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер, т. б үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу-не тауарлы материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т. б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, сенкассо, аккредетивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады . Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

І Негізгі бөлім

1. 1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі

Ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысудың есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысудың» деп аталатын 671 шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттардың кредитіне тиісті материалдық қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитіне (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп нөмірі 6-журнал-ордерде жабдықтаушы мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал ордерде жабдықтаушы -мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі м-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар көлік құжаттары (наклоднойлары), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесіне алынған деректер негізінде келіп түскен күннен жазып қояды. Журналдың деректерін 671 шоттың деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады

Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді (журналтөменде келтіріліп отыр)

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот фактура және басқак есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазылулары жазылады. Бұл ретте тіреу нөмірі мен төлем тапсырмаларының (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезең журналға қоймадан бухгалтеряға түскен кіріс құжаттаты (кіріс ордерлері, тауарлы -көліктік құжаттары), материалдар қабылдау туралы актілері негізінде жазылады Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-матеиалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекеленген шоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылждау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының к»нәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталмаса, актінің негізінде талап сомасын 671(3310) шоттың кредитінен

334 шоттың дебетіне есептеп шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцепті азайтады.

“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым

2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы

“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы:

Тіркеу

Номері

Күні
Жабдықтау-шы
Көлік құжаттары
Тауар құжаты (тауарлы-көлік шығындары)
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: күні
номері
күні
номері

Жүк-тің

түрі

Сомасы

тг

“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: 1
2. 02.
“Мұнай” А
2. 02
741
2. 01.
23
Мұнай өнімдері
12700
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: 2
6. 02.
“энергия өткізу” АҚ
4. 01.
54
Энер-гия үшін
13400
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: 3
20. 02.
“Машина жөндеу” АҚ
20. 02.
523
16. 01.
173
Мате-риал
18200
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: 4
23. 02.

“орман өнер-

кәсіп өткізу” АҚ

23. 02.
342
20. 01.
113
ағаш
24000
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы:

Құжатты алғаны жөніндегі сенімхат

Кіріс ордері немесе жүкті қабылдау туралы актісі
Жүкті іздестіру туралы сұрауы
Ескертпе
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: күні
номері
күні
номері
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: Қырғызбаев Сәрсен
5. 02.
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: Дәулетбаева Айгүл
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: Орынбасаров Айбек
22. 02
2
“Цемент” ААҚ кәспорын, ұйым2002 жылдың ақпанында келіп түскен жүктердің есеп журналы: Амиркулов Даният

Сондай - ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі құрал жабдықтарды жөндеу, жүктерді тасымалдау, су, электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметі көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Бұл орайда шоттың қай күні төленгені және төлемінің қай шоттан жасалғаны (431, 441, 451, 452) көрсетіледі. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтар шығарылады. Журналдың қорытындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет ретімен көрініс табады.

Тір-кеу

Номері

Есеп айырысу құжаты
Жабдықтаушы

Кіріс құжаты

(не үшін)

Есептік бағасы бойынша материалдардың құны
201-208
222-223
201
Тір-кеуНомері: 1
Есеп айырысу құжаты: 23
Жабдықтаушы: “Мұнай” АҚ
Кіріс құжаты(не үшін):
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны: 12000
10583
Тір-кеуНомері: 2
Есеп айырысу құжаты: 54
Жабдықтаушы: “Энергия өткізу” АҚ
Кіріс құжаты(не үшін): электр
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны:
Тір-кеуНомері: 3
Есеп айырысу құжаты: 173
Жабдықтаушы: “Машина өңдеу” АҚ
Кіріс құжаты(не үшін):
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны: 9600
7300
8160
Тір-кеуНомері: 4
Есеп айырысу құжаты: 113
Жабдықтаушы: “Орман өнеркәсіп өткізу” АҚ
Кіріс құжаты(не үшін):
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны:
Тір-кеуНомері: 5
Есеп айырысу құжаты: Жиынтығы
Жабдықтаушы: 21600
Кіріс құжаты(не үшін): 7300
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны: 18743
Тір-кеуНомері: 6
Есеп айырысу құжаты: Жолдағы материалдар
Жабдықтаушы:
Кіріс құжаты(не үшін):
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны: 24000
Тір-кеуНомері: 7
Есеп айырысу құжаты: Барлығы
Жабдықтаушы: 21600
Кіріс құжаты(не үшін): 7300
Есептік бағасы бойынша материалдардың құны: 42743
Жабдықтау-шы
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы)
Акцептелген сомасы, тг
Төленгені жөнінде соғылған белгісі
күні
441(1030)
Жабдықтау-шы: “Мұнай” АҚ
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы):
Акцептелген сомасы, тг: 12700
Төленгені жөнінде соғылған белгісі: 3. 01.
12700
Жабдықтау-шы: “Энергия өткізу” АҚ
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы):
Акцептелген сомасы, тг: 13400
Төленгені жөнінде соғылған белгісі: 7. 01.
13400
Жабдықтау-шы: “Машина жөндеу” АҚ
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы):
Акцептелген сомасы, тг: 17472
Төленгені жөнінде соғылған белгісі:
Жабдықтау-шы: “Орман өнеркәсіп өнімдерін өткізу” АҚ
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы): 24000
Акцептелген сомасы, тг: 24000
Төленгені жөнінде соғылған белгісі: 25. 01.
24000
Жабдықтау-шы: Жиынтығы
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы): 24000
Акцептелген сомасы, тг: 67572
Төленгені жөнінде соғылған белгісі:
50100
Жабдықтау-шы: Жолдағы материал
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы):
Акцептелген сомасы, тг:
Төленгені жөнінде соғылған белгісі:
Жабдықтау-шы: Барлығы
Келіп түспенген жүктер(жолдағы, не жабдықтаушының қоймасындағы):
Акцептелген сомасы, тг: 67572
Төленгені жөнінде соғылған белгісі:
50100

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырылысулар есебі бойынша шоттардың корреспанденциясын қарастырайық:

- Тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаны үшін (ҚҚС есебңнен) акцептелген шот фактурасына: 201-208, 222-223 (1310; 1330) шоттары дебеттеледі, сондай-ақ осымен бірге шот фактурасына енгізілген ҚҚС сомасына 331(1420) шоты дебеттеліп, 671(3310) шоты кредиттелінеді

- Төленбеген шот-фактура бойынша қосылған құнға салынған салықтың сомасы есепке алынады, ол кезде 633 шоты дебеттеліп, 331(1420) шоты кредиттелінеді.

- Жабдықтаушылардың орындалған жұмыстар мен қызметтері үшін акцептелген шот-фактурасына, сондай-ақ 671(3310) шоттың кредиті бойынша жүргізілген басқа да жазулар мына төмендегі шоттардың дебеті бойынша көрініс табады:

126(2930) “Аяқталмаған құрылыс” шоты өздерінің күрделі құрылыстары үшін жабдықтаушылар мен мердігерлер орындаған жұмыстардың және қызметтердің құнына: негізгі табындарды қалыптастыру үшін, сатып алынған жас малдар мен ірі малдардың құнына;

301(1230) “Дебиторлық басқа да қарыздар” шоты жабдықтаушыларға және мердігерлерге қойылған талаптардың сомасына;

351(1610) “Тауарлы- матариалдық құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар” шоты;

352(1610) “Орындалатын жұмыстармен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар” шоты бұрын төленген аванстардың есепке қосылған сомасына;

811(7110) “Тауарды (жұмыстарды, қызметерді) сату бойынша шығындары”;

821 “Жалпы және әкімшілік шығындары”;

901, 921, 931, 934, 936, 941, 944, 945, 948, 951 “Материалдар” және басқа шоттары бойынша кәсіпорынның қабылданған жұмыстары қызметтерінің сомасына.

Мына төмендегі шоттардың кредитінен 671(3310) шотының дебетіне жазылған жазулар 301(1230) “Алынуы тиіс шоттар”, 422(1070) “Аккредиттегі ақша құжаттары”, 422(1070) “Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары”, 423(1070) “Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол ақша”, 431(1050) “Ел ішіндегі валюта шотындағы қолма-қол ақша”, 432(1060) “Шетелдердегі валюта шотындағы қолма-қол ақша”, 441(1040) “Есеп айырысу шотындағы қолма -қол ақша”, 451(1010) “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттары бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттарының тиісті шоттардан төмендігін көрсетеді.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 671(3310) - шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұматтар алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысу құжаттары байынша жабдықтаушылардан. Талдамалық деректер вексельдер бойынша берешектерді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлеу мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар (соның ішінде жүк айналымының нормативтен тыс мерзімі)

1. 2 Фактураланбаған жабдықтар есебі

Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтар (шот фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланбаған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрдегі М-7 “Материалдарды қабылдау туралы актілер” қолданылады, олар шот-фактурасымен ресімделмеген материалдар, сондай-ақ қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп, нөмері 6-журнал ордерге шот-фактурадағы мәләметтер жазылады. Төлем жасалған бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің “жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін” деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазылады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады.

Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдық аяғына тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылармен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі(қызыл жазумен жазылады)

Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырылысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында “Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу” деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • Құны төленбеген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалғанжұмыс бойынша есеп айырысудан;
  • Фактураланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
  • Мерзімінде төленбеген есеп айырысудан;

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспенденциясы беріледі:

Д-т: “Материалдар” немесе ”Тауарлар” деп аталатын шоттардың тиістісі.

К-т: “Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу” деп аталатын шот.

Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:

Д-т: “Қосылған құнға салынған салық” деп аталатын шоты

К-т: “Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу” деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

Жабдықтаушылардың шот-фактурасының қай шоттан төленбегеніне қарай:

Д-т: “Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу” деп аталатын шоты.

К-т: “Ақшалар” деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Шот-фактура бойынша кәсіпорының жабдықтаушыларға тауарды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салатын салықтың сомасы ұйымның тауарларды сату барысында есептелінген бюджетке төлетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегергенде:

Д-т: “Қосылған құнға салынатын салық” деп аталатын шот;

К-т: “Орны толтырылатын қосылған құнға салынатын салық” деп аталатын шот түріндегі жазу жазылады.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар мазмұны
Дебеттелген шот
Кредиттел+ген шот
№: 1.
Операциялар мазмұны:

Келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот-фактурасы акцептелді:

-сатып алу қорына

-сатып алынған тауарларға есептерген (жұмыс, қызмет) ҚҚС сомасына

Дебеттелген шот:

201-208,

(1310)

331 (1420)

Кредиттел+ген шот:

671(3310)

671(3310)

№: 2.
Операциялар мазмұны:

Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары акцептелді:

-материалдарды жеткізу және өңдеу қызметерінің құныа;

-қосылған құн салығының құнына

Дебеттелген шот:

201-208,

(1310), 223

331 (1420)

Кредиттел+ген шот:

671(3310)

671(3310)

№: 3.
Операциялар мазмұны:

Орындалған құрылым- мантаж жұмыстары үшін мрдігерлердің талап еткен шоттарына:

-жұмыстың құнына

-ҚҚС санасына

Дебеттелген шот:

126(2930)

331(1420)

Кредиттел+ген шот:

671(3310)

671(3310)

№: 4.
Операциялар мазмұны:

Тасымалдау ұйымдарының өнім сату бойынша көрсеткен қызметі үшін талап еткен шоты (егер тасымалдауға байланысты көрсетілген қызмет, келісім шартта өнім берушінің есебінен болған жағдайда)

-көрсетілген қызмет құнына

-ҚҚС сомасына

Дебеттелген шот:

811 (7110)

331 (1420)

Кредиттел+ген шот:

671(3310)

671(3310)

№: 5.
Операциялар мазмұны:

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке, оның ішінде, негізі және қосалқы өндіріс цехтары, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық қажеттіліктері үшін берілген электро энергиялары, булары, газдары, сулары жіне байланыс қызметтері үшін талап еткен шарттары:

-жұмыстың және қызметінің құнына;

-ҚҚС сомасына

Дебеттелген шот:

901, 911, 921, 934, 821 т. б.

331 (1420)

Кредиттел+ген шот:

671(3310)

671(3310)

№: 6.
Операциялар мазмұны: Жабдықтаушы-мердігерлерден материалды қабылдаған кезде кем шыққан (бүлінген) және бағасының сәйкес келмеуіне, арифметикалық жіберген қатесі жіне т. б. (ҚҚС қоса) үшін қойылған шағым талап сомасына
Дебеттелген шот: 334
Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 7.
Операциялар мазмұны: Бухгалтерлік есепте шот-фактурасыз келіп түскен материалдарды көрсету (шартта көрсетілген баға бойынша)
Дебеттелген шот: 201-208 (1310)
Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 8.
Операциялар мазмұны: Жабдықтаушылардан келген шот-фактураға сәйкес бұрынғы шот фактурасыз кіріске алынған материалдардың құны сторно етіледі (қызыл сиямен)
Дебеттелген шот: 201-208 (1310)
Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 9.
Операциялар мазмұны: Құны төленген бірақ айдың аяғында жолда қалған материалдардың немесе қоюшылардың қоймасынан жетілмеген материалдардың құнына (бұл материалдарды қоймаға кіріске алмай-ақ)
Дебеттелген шот: 201-208 (1310)
Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 10.
Операциялар мазмұны: Келесі айдың басында бұл салалар қызыл жазумен жазылып шығарылып тасталады (сторно етіледі)
Дебеттелген шот: 201-208 (1310)
Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 11.
Операциялар мазмұны:

Мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізілген негізгі құралдардың

-жөндеу құнына

-ҚҚС сомасына

Дебеттелген шот:

934 (8040)

331(1420)

Кредиттел+ген шот: 671(3310)
№: 12.
Операциялар мазмұны: Жабдықтаушы-мердігерлерге алдын - ала берілген аванс сомасы есептеледі
Дебеттелген шот: 671 (3310)
Кредиттел+ген шот: 351, 352 (1610)
№: 13.
Операциялар мазмұны: Жабдықтаушы мердігерлердің шоттары төленгенде
Дебеттелген шот: 671 (3310)
Кредиттел+ген шот: 441 (1040)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алынған тауарлардын есебі мен бағалануы
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аудиті
Тауарды жеткізу шарты
«Оралоблгаз» Ақ-да есеп-қаржы жұмыстарының ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы және ұйымдастырылуы
Міндеттемелер аудиті
КРЕДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды жетілдіру
Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитті ұйымдастырудың әдістемесі және оларды жетілдіру жолдары
Міндеттемелердің есебі және қарыз бойынша шығын
ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz