Мерзімді және кесімді еңбекақы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары) 6
2 Қосымша еңбекақы есебі 11
3 Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі 18
4 Еңбекақы жүйелері 20
5 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар 22
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер 30

Кіріспе

Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді,
өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін
жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы
көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы,негізінде жеке
және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі
өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін
тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек
нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен қамтамасыз ету әрбір
елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды
үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ
бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда,
республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі
мақсаты осындай.
Жұмыс атқарудың бағалығы. Қызметті атқару бағасы - бұл қызметтің іс-
әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметінің
ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады.
Қызметті атқарудың, бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың
ішінде:
- қызметті атқаруды жақсарту;
-шешім қабылдау үшін ақпарат жинау;
- стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу;
- сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу;
- қорытынды субьектілігін барынша азайту үшін деректер жинау;
-оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау;
- қызметті атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер
жинау;
-стандартты бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы
топтарды ынталандыру;
- моральдық факторларды кеңейту;
Атқаруды бағалаудың әдістері мыналар табылады:
- саралау ;
- балдық бағалау (бес балдық, орташадан төмен, жоғарыдан төмен, өте
жақсы);
- әңгімелесу, бағынышты қызметтер бағалану кезінде өзінің жетістіктері
мен кемшіліктерін айтады.
Әрбір кәсіпорын еңбекақы бойынша есеп айырысу кезінде, белгілі заңға сәйкес
орындауы керек. Осы жұмыста пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық
шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде
туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынас.
Зиянды еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсер
етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның
ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек
жағдайлары.
Қауіпті еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсер
етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының
кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына
әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Біліктілік разряды - қызметкердің өзі орындайтын жұмыстардың
күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.
Іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс
орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу.
Өтемақылар – жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған
кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты
ақшалай төлемдер.
Жұмыс беруші- қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе
жеке тұлға.
Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек шартымен
байланысты міндеттеме.
Еңбек стажы - қызметкердің заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік және
өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретінде еңбек
міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған күнтізбемен есептелген уақыты.
Еңбек дауы – еңбек туралы заңдарының қолдануы мәселелері бойынша
бұрын қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық
шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы келіспеушілік.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары
саласында өз өкілеттілігін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау
жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды қоса атқару мүмкіндігі мен тәртібі,
техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік–тұрмыстық жағдайлар, сондай-
ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттар тараптарының келісімі бойынша өзге
де жағдайлар.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге дұрыс жалақының есептелінуі, сол
кәсіпорынның жақсы деңгейде тұрғаның көрсетеді. Өйткені қызметкерлер жұмыс
жасаған күніне тиісті жалақы алмаса, онда кез келген кәсіпорынның деңгейі
төмен екені анықталады.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды
жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа).
Шаруашылық субьектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі
субьект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен
анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен
бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына
және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек
өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің
өмір деңгейінің жақсаруына себепші болды. Сонымен қатар еңбек және еңбекақы
есебін ұйымдастырудың одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
1. Еңбек өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестік құрылымын қолдану.
3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін кеңінен
қолдану.
4. Еңбек және еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру,
жеңілдету.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек
жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің
құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі
және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның
өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін,
қызмет органдарын, мамандықтарын, біліктілігін және жұмыс стажын, білімін
және басқа белгілерін есепке алады.
Тақырыптың актуальдығы. Бұл жұмыстың актуальдығы жұмысшылардың
жалақысының деңгейі, мөлшері олардың өмір сүру кезеңіне байланысты.
Еңбекақы біздің еліміздің өмір сүруі үшін ең маңызды көзі десе болады.
Сондықтан да қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақыға байланысты
сұрақтар неғұрлым актуальді болып табылады.
Мақсаты. Еңбек және еңбекақы, жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп
айырысу есебі туралы дәлелді, орынды мағлұмат беру.
Жұмыстың негізгі тапсырмасы болып мыналар табылады: Еңбек есебі және
нормативтік реттеу, жұмыскерлардың құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану
есебі, еңбекақы жүйелері және өнім өндіру жүйесі.
Еңбекақы есебі, еңбекақының түрлері мен нысандары, қосымша еңбекақы
есебі, орташа еңбекақыны есептеу тәртібі, еңбекақыдан ұсталынатын және
шегерілетін сомалар есебі, еңбекақының аналитикалық (талдамалық) және
синтетикалық (топтамалық) есебі.

1 Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары)

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері
оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен
белгілі мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін
толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы,
лауазымды тұлғалардың қолы мұқият тексеріледі. Одан кейін жұмысшылар мен
қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі. ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес
жұмысқа ақы төлеу тәртібіне мыналар жатады:
- Егер мердігерлік шартта орындалған жұмысқа немесе оның
жекелеген кезеңдеріне алдын-ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердігерге
жұмыс тиісті түрде және келісілген мерзімде, не тапсырысшының келісімімен-
мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесін түпкілікті
тапсырғаннан кейін келісілген бағаны төлеуге міндетті.
- Мердігер заң актілерінде немесе шартта көрсетілген жағдайлар мен
мөлшерде ғана аванс не кепілпұл төлеуді талап етуге құқылы.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және
қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді[1].
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста
болған уақытына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына
төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
4. Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, жұмыс атқармаған уақытына
төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төлемдер.
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
(Жас сәбилі адамдарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына
төленетін төлемдер.
(Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында мамандығын көтеру курсына
жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін
төлемдер.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген уақытына,
сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе
өндірілмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жасайтын жұмысшылар мен
қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің
қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының келесі түрлері бар:
1. Жай мерзімді
2. Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы жұмыс
істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша
төленеді. Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың
тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысы қосымша олардың
өндірген өнімдерінің көлемдеріне, санына, сапасына және тағы да басқа
көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады. Кесімді еңбекақы
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге
кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы
есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен
қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімдерінің немесе санын
тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген
кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді бағаға белгіленген жұмыс
уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп
белгіленген. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет
болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккордтық;
- жанама кесімді;
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеудің тікелей кесімді
жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің,
істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбекақы есептелінеді.Бұл жүйе
бойынша еңбекақы мөлшері бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын
сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына
көбейту арқылы табады. Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге
кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі ексімді жүйесі бойынша төлем- өнім
өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін
қосымша сыйақы ретінде төленеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі -
ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады.
Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және
орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды
қажет етеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша - жұмысшылар мен
қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді
жүйесі болады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы шаруашылықтың негізгі - жұмысшылар
мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өдірістің
жұмысшыларына төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу.
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта
істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам
күніне төленетін төлемдер, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер,
тағы басқа төлемдер жатады. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы
ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған
табельдің негізінде ай бойғы қызмет атқарған уақытқа есептеледі. Егер ай
сайын тұрақты мөлшере еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті
айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келмей қалған болса, онда оларға
төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкерлердің толық ай
жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына
бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын
сол айдағы жұмысшының немесе қызметкерлердің жұмыс істеген күндерінің
санына көбейту арқылы табылады. Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар,
айына 11000 теңге тұрақты еңбекақы күн алады, сол айдағы 15 күн жұмыс
істеп, 4 күн ауырып қалған және 3күн қоғамдық жұмыс атқарған делік.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен
төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық
жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау
үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы
айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (1100022). Содан кейін
алынған нәтижені (500 теңге) жұмыс істеген қоғамдық жұмыс атқарған күндері
сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғрыдағы мысалымызда
көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000
теңге болады. (500×(15+3))= 9000теңге.
Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы
жұмыс атқарған күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда олардың
бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген
күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадац қосымша еңбекақы төленуге тиісті
күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады. Еңбектердің
мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және
мерзімдік сыйақы. Қызметкерлердің еңбекақының мерзімдік жүйесінде уақыттың
бір бөлігінде анықталуы мүмкін. ЕАмс =М*Т, мұнда
М- жұмысшылардың тиісті разрядтың сағаттық (күндік) тарифтік мөлшерлемесі;
Т- өндірісте нақты орындаған жұмыстардың уақтысы (күндік).
Қызметкерлердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақы жүйесінде мына
формула арқылы анықталуы мүмкін.
ЕАмс =М*Т(1+М+К+П100), мұнда
М- белгіленген көрсеткіштердің тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы шартына
сай орындалған сыйлық мөлшері.
К- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы
шартына сай проценттік сыйлық мөлшері(%).
П- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны, сыйақы шартының
проценті.
Еңбекті нормалау ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің 2000ж 22-ші маусымындағы №152-10 Бұйрығымен бекітілген
“Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынысқа” сәйкес
жүзеге асырылады[2]. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету
нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін
техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен
деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды, қайта
құруды жұмыс беруші жүргізеді.
Уақыт нормасында қарастырылған бір жолғы сипаттағы жұмысқа нормалар
бойынша есептелген К=1,1 еңбек сыйымдылығы қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану
принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн. Осы жүйеге
негізделген “күнкөрістің ең төмен деңгейі, ең төмен жалақы” - тұтыну
игілігі қабылданған заңмен анықталады және есептелініп отырады. Ең төмен
жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен
барлық кәсіпорындары еңбекақы бағасы болып есептелінеді. Бұдан шығатын
қорытынды, кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі
жалақыдан кем болмауы керек. Қазіргі уақытта ең аз шамадағы еңбекақы үш
негізгі функцияны атқарады:
- ең аз шамадағы мемлекеттік еңбекақы болып табылады;
-халықты әлеуметтік қорғауға арналған көптеген әлеуметтік жәрдемақы
мен басқа төлемдердің көлемін анықтау критериясына қызмет етеді;
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап “2004 жылғы арналған республикалық
бюджет туралы ” ҚР Заңына сәйкес еңбекақының ең аз шамадағы мөлшері айына
6600теңге сомасында белгіленді.

Кесімді еңбекақыны есептеу

Кәсіпорындарда кесімді еңбекақыны төлеу жүйесі бойынша -
қызметкерлер мен жұмысшылар төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді
мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылғн
алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген
өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған
детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі,
олардың бір данасын жасап шығаруға өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір
айында өндірген өнімі мен істеген жұмысы тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге
60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының
еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына
сәйкеc былайша есептеліп шығарылады[3].

№ Жұмысшылар мен Маман-д Жұмыс ТарифтіТариф Қос-ымша
қызметкерлердің ық істеген к бойынша табыс Жұмысшы-л
аты-жөні дәреже-сағаттарынкоэффи-есептел гекоэффициеарға
сі ың циенті н нті есептелге
саны(сағат еңбекақы н
) сомасы еңбекақы
(теңге) сомалары
(теңге)
1 2 3 4(2×3) 5(64) 6(4×5)
1 Алибаев. К. 1 175 1.76 308 26.1 8838.8
2 Амантаев. Б. 2 160 2.06 329.6 26.1 8602.06
3 Әбілов. Ж. 3 165 2.35 187.75 26.1 10120.3
4 Бақтыбаев. С. 4 154 2.64 406.56 26.1 10611.2
5 Жұмашев. М. 5 150 2.93 439.5 26.1 11471.0
6 Тілесов.Ж. 6 164 3.23 529.72 26.1 13825.7
Жиыны: 968 2401.13 62669.6

Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 теңге 10 тиынға тең
болып тұр (яғни 6 бағана4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401
теңге 13 тиын=26 теңге 10 тиын).
Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны,
жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны,
тағы басқалары үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың
жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына
үйлесімді (пропоционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен
қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы
мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет
жазады. Сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы
есептеліп шығарылады. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған
жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек
тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін, құрал-саймандарға
немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктеріне байланысты ұйымдарда әртүрлі
төмендету коэффициенті беріледі.

2 Қосымша еңбекақы есебі

Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы
есептеу және оны төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам алдындағы жұмыс
күні бір сағатқа қысқартылады. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі
белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен
детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты
белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда
еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген
жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күніне
белгіленген мөлшерде еңбекақы төленуі тиіс.
Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні
болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығында
жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күннің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас
аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын
аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайда жұмыс күннің ұзақтығы
16-18 жас аралығындағылар үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағылар үшін 5
сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс
істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген
жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің
еңбекақысы төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін
үзіліс уақытына төленетін төлем.
Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және
қызмет атқаратын жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында бір жасқа
толмаған жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін жұмыс
уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан астам кем болмайтын үзіліс береді.
Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс.
Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін
берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және үзілісте
болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы
төленеді. Екіқабат және босану бойынша, сондай-ақ әйелдер босанатын
үйінен тікелей баланы асырап алған әйелдерге берілетін жәрдемақы, екіқабат
және босануы бойынша берілген демалысының барысында, баланың туған күнінен
бастап 56 күн өткенше төленеді,бірақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал жұмыс істеп
жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдемақы төленеді, егер де әйелдер екі және
одан да көп бала тапса, онда жәрдемақы 140 күнге төленеді.
Мысал. Екіқабат және босануы бойынша парағы жұмыс істеп жүрген
әйелге 126 календарлық күнге берілді, оның ұзақтығы 10 қаңтардан 16 мамырға
дейін жалғасады. Жәрдемақы әр айға жеке есептеледі. Екіқабат әйел
аптасына 5 күндік график бойынша жұмыс істеген, оның орташа жалақысы 733
теңге құраған. Екіқабат болуына байланысты әр айда жұмысқа шықпаған күні
мынаны құрайды:

Айлық Жұмыс аптасының 5 Нақты жұмысНақты есептелген
кезең күндік графигі бойыншаістеген күніжалақысы, теңге
жұмыс уақытының
ұзақтылығы, күні

2001ж
Мамыр 21 21 20000
Маусым 21 21 20000
Шілде 22 22 20000
Тамыз 22 22 20000
Қыркүйек 20 20 20000
Қазан 22 22 20000
Қараша 22 22 20000
Желтоқсан 20 20 20000
2002ж.
Қаңтар 21 21 20000
Ақпан 20 20 20000
Наурыз 19 19 20000
Сәуір 22 22 20000
Есептік 252 252 240000
кезеңнің
жиыны

10 МЕК деңгейін ескере отырып, еңбекке уақытша жарамсыз күннің санын
орташа күндік жалақыға көбейту жолымен жәрдемақының жалпы сомасын
анықтаймыз:
Қаңтар - 733х 16=11728теңге;
Ақпан - 733х 20=14660 теңге;
Наурыз - 733х 19 = 13928 теңге;
Сәуір -733х 22 =16126 теңге;
Мамыр - 733х 10 =7330 теңге;
Қаңтардан мамырға дейін ЕББП есептелген сома емес, 10МЕК боынша төленеді,
ал мамыр үшін есептелген сома төленеді, өйткені ол МЕК-тен аспайды.
Сонымен, жәрдемақының жалпы сомасы мынаны құрады:
40250(8230+8230+8230+8230+7330).
Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмысты атқарған уақытқа төленетін
төлем.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың
атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары
үшін еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста
болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен
қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын
болсақ бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстары мен тапсырмаларды атқарған
немесе орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа
еңбекақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен
қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:
- Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
- Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына,
пленумдарына, съездеріне қатысу;
- Әскери коммисариаттың шақыруына бару және тағы басқа жұмыстар.
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем.
Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00.
сағатқа дейін түнгі уақытта істелген жұмыс уақыты болып есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін
көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді
түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылар
мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының
әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген
еңбекақысының 25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп
иіру, нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50%
мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді
еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген
уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының
20% мөлшерінде қосымша төлем төленеді.
Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен
қызметкерлерге түнгі уақытта жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни
қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты
үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді.
Түнгі жұмыс уақыты бір сағаттық қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар
мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде,
бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.
Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде
түнде істеген әрбір сағатына сағатттық тарифтің 76 бөлінген, ал алты
сағаттық жұмыс күнінде түнгде істеген әрбір сағатына сағатттық тарифтің
65 бөлінген кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы.
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе
басқару міндетіне сәйкес қоғамдық жұмыстары мен орнына оның қызметін
немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның
жұмысын атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын
әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның
орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта
қарастырылған орынбасары болып табылса, орнына жұмысты атқару мерзімі 12
күннен артық уақытқы созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына жұмыс
істегені үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер жұмыста жоқ
адамның жұмысын атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса
немесе жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқы созылса, онда
уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбекақысына
қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының
арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде қосымша еңбекақы төленеді.
Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны
үшін төленетін төлем.
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының
өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты
атқарған жағдайда, егер олар берілген өнім өндіру мөлшерін орындаған
уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін
еңбекақы және соған қосымша осы тарифтен сол жұмысшының өзінің мамандық
дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақының арасындағы
айырмашылық сомасы төленеді.
Мысалы: бесінші разрядты жұмысшы үшінші разрядты жұмысшыға
белгіленген жұмысты атқарған болса, онда оған үшінші разрядты жұмысшыға
төленуге тиісті еңбекақы және қосымша үшінші разрядты жұмысшы мен бесінші
разрядты жұмысшының айырмашылық сомасы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық
міндетті атқарған күніне төленетін төлем.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған күніне,
яғни донорлық міндетті атқарған күні босатылуы тиіс. Қан тапсырған
жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы
қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен
қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысна
да қосып алуға болады.
Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста
болмайтын жоғарыда айтылған бұл күніне еңбекақы орташа еңбекақы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына
төленетін төлем.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың
тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына
жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса,
еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді. жұмыстың тоқтап қалуына
байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша
ауыстыруы мүмкін.
Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.
Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа
сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей
пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни
белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды,
бөлшектерді айтады.
Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай
жарамсыз болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін
еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына
байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері
тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50%, яғни
жартысынан аспауы керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен
бұзған жағдайда келтірілген зиянның сомасы заңда қаралған мөлшерде
жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Егер кәсіпорындарда өндірілген өнімдер
жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз толық ақау қатарына жатқызылатын
болса, онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған
жұмысшылар мен қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 23
мөлшерде еңбекақы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған
жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем.
Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни мерзімнен тыс уақытта жұмыс
істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Мерзімнен тыс
уақытта істелетін жұмысқа бір жасқа толмаған баласы бар жас сәбилі
аналарды, жүкті әйелдерді қатыстыруға болмайды. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай
түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі белгіленген
жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың
алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1.5 есе, ал
одан кейінгі сағаттарына 2 есе мөлшерде еңбекақы есептелініп, төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндеріне істелген
жұмыстарына төленетін төлем.
ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері
жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ
кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстың
пайда болуына байланысты бұл күндерде де мейрам күндеріне рұқсат
етілмейді.
Жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен
қызметкерлер демалыс күні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы формалары
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері туралы ақпарат
Еңбек және оның төлемақысын есебі
ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
Еңбекақы мен тариф жүйелері туралы
Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы
Пәндер