Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе 2
I-тарау. Еңбек және еңбекақы ұғымы 5
1.1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу 5
1.2 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі 6
1.3 Еңбекақы жүйелері және өнім өндіру есебі 10
ІІ-тарау. Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 13
2.1Еңбекақының түрлері мен нысандары(формалары) 13
2.2 Қосымша еңбекақы есебі 18
2.3. Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі 26
2.4 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар. 28
2.5 Еңбекақының аналитикалық (талдамалық) және синтетикалық (топтамалық)
есебі 33
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер 39

Кіріспе

Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді,
өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін
жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы
көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы,негізінде жеке
және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-
әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі
өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін
тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек
нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен қамтамасыз ету әрбір
елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды
үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ
бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда,
республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі
мақсаты осындай.
Жұмыс атқарудың бағалығы. Қызметті атқару бағасы - бұл қызметтің іс-
әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметінің
ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады.
Қызметті атқарудың, бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың
ішінде:
- қызметті атқаруды жақсарту;
-шешім қабылдау үшін ақпарат жинау;
- стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу;
- сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу;
- қорытынды субьектілігін барынша азайту үшін деректер жинау;
-оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау;
- қызметті атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер
жинау;
-стандартты бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы
топтарды ынталандыру;
- моральдық факторларды кеңейту;
Атқаруды бағалаудың әдістері мыналар табылады:
- саралау ;
- балдық бағалау( бес балдық, орташадан төмен, жоғарыдан төмен, өте
жақсы);
- әңгімелесу, бағынышты қызметтер бағалану кезінде өзінің жетістіктері
мен кемшіліктерін айтады.
Әрбір кәсіпорын еңбекақы бойынша есеп айырысу кезінде, белгілі заңға сәйкес
орындауы керек. Осы жұмыста пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық
шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде
туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынас.
Зиянды еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсер
етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның
ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек
жағдайлары.
Қауіпті еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсер
етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының
кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына
әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Біліктілік разряды - қызметкердің өзі орындайтын жұмыстардың
күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.
Іссапар- жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс
орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу.
Өтемақылар – жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған
кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты
ақшалай төлемдер.
Жұмыс беруші- қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе
жеке тұлға.
Жұмыс уақыты- қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Еңбек міндеттері- қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек шартымен
байланысты міндеттеме.
Еңбек стажы- қызметкердің заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік және өзге
де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретінде еңбек
міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған күнтізбемен есептелген уақыты.
Еңбек дауы – еңбек туралы заңдарының қолдануы мәселелері бойынша
бұрын қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық
шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы келіспеушілік.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары
саласында өз өкілеттілігін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау
жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды қоса атқару мүмкіндігі мен тәртібі,
техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік–тұрмыстық жағдайлар, сондай-
ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттар тараптарының келісімі бойынша өзге
де жағдайлар.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге дұрыс жалақының есептелінуі, сол
кәсіпорынның жақсы деңгейде тұрғаның көрсетеді. Өйткені қызметкерлер жұмыс
жасаған күніне тиісті жалақы алмаса, онда кез келген кәсіпорынның деңгейі
төмен екені анықталады.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды
жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа).
Шаруашылық субьектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі
субьект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен
анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен
бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына
және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек
өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің
өмір деңгейінің жақсаруына себепші болды. Сонымен қатар еңбек және еңбекақы
есебін ұйымдастырудың одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
1. Еңбек өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестік құрылымын қолдану.
3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін кеңінен
қолдану.
4. Еңбек және еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру,
жеңілдету.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек
жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің
құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі
және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның
өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін,
қызмет органдарын, мамандықтарын, біліктілігін және жұмыс стажын, білімін
және басқа белгілерін есепке алады.
Тақырыптың актуальдығы. Бұл жұмыстың актуальдығы жұмысшылардың
жалақысының деңгейі, мөлшері олардың өмір сүру кезеңіне байланысты.
Еңбекақы біздің еліміздің өмір сүруі үшін ең маңызды көзі десе болады.
Сондықтан да қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақыға байланысты
сұрақтар неғұрлым актуальді болып табылады.
Мақсаты. Еңбек және еңбекақы, жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп
айырысу есебі туралы дәлелді, орынды мағлұмат беру.
Жұмыстың негізгі тапсырмасы болып мыналар табылады: Еңбек есебі және
нормативтік реттеу, жұмыскерлардың құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану
есебі, еңбекақы жүйелері және өнім өндіру жүйесі.
Еңбекақы есебі, еңбекақының түрлері мен нысандары, қосымша еңбекақы
есебі, орташа еңбекақыны есептеу тәртібі, еңбекақыдан ұсталынатын және
шегерілетін сомалар есебі, еңбекақының аналитикалық (талдамалық) және
синтетикалық (топтамалық) есебі.

I-тарау. Еңбек және еңбекақы ұғымы

1.1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу

Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты
мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін
аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
( еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің
орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
( бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан
ұстап қалу;
( шаруашылық жүргізуші субьектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы
және дұрыс есептеу;
( белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
( жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті
басқару үшін қажет. “ҚР Еңбек туралы ”заңына сәйкес жұмыс беруші мен
жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен,
еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім-шартпен реттеледі[1].
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті
қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталынады.
Ол салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші
белгіленген еңбекақы мөлшері ҚР заңында белгіленген ең аз шамадағы еңбекақы
мөлшерінен төмен болмауы керек[2].
“ҚР Еңбек туралы” заңының 7,8-бабына сәйкес қызметкерлердің мынадай құқысы
бар:
( қандай да бір кемсітушіліксіз тең еңбекке тең еңбекақы алуға;
( қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында
жұмыс істеуге;
( кепілдік және өтемақы алуға және т.б.
Жұмыс берушінің құқықтары:
(қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес
әрекетететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап
етуге;
( қызметкер келтірілген зиянның орнын толтыруға және т.б.
Жұмыс берушінің міндеттері:
( ҚР-ның нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек

келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде
қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақытылы толық төлеу;
( еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;
( қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын,болуы мүмкін кәсіби
ауруды ескерту және т.б.
Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:
( жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;
( еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;
( өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т.б. (“ҚР Еңбек
туралы”заңы 9-бап )
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын
қарастыратын жеке еңбек келісімшартында отыруға құқы бар.
ҚР Еңбек туралы заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететін
растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы, жұмысқа
қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға
көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек
келісімшартында немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін қызметкердің
келісімі талап етілмейді.
Жұмыс болмай қалған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді мамандығына,
біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін,оның келісімінсіз бір
айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар.
Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе,
онда “ҚР Еңбек туралы”заңының 26-бабы,7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек
келісімшарты бұзылады. Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру “ҚР Еңбек туралы” заңының 23-бабында қарастырылған
шарттар мен тәртіптертері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
( ұйым таратылғанда,жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда;
( қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда;
( әскери қызметке шақырылғаннан растайтын құжат негізіндегі
қызметкерді үшін күндік мерзімге босатқанда[3].
“ҚР Еңбек туралы” Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық
келісімшартында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.

1.2 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің 15.05.2000ж. №111-п “Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс” Бұйрығында белгіленген және
жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды[4]. Олар
өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты,
яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылдың 16-шы
қаңтарында тіркелген №244 тіркелімі және ҚР Ұлттық статистикалық
агенттігінің 1996 жылдың 19-шы желтоқсанындағы №50 қаулысында бекітілген
жалданып жұмыс істейтін сан және еңбекақы статистикасы бойынша
Нұсқаулықтың 5-ші бөліміне сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлер болып екі
топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың
жұмысшы-қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметкерлері болып екіге бөлінеді. Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар
және тағы басқа топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы
басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер,техникалық қызметтегі адамдар тағы
басқалары.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер,
менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары. Бухгалтерлік
есепте жұмысшылармен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын
есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы
саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан
босатуға байланысты өзгеріп отырады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен
қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі. Жұмыс
уақытының қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы керек. Барлық категориядағы
жұмыс істеушілердің жұмыс уақытын пайдалану есебі жұмысшылар мен
қызметкерлердің белгіленген жұмыс режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс
уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек
бойынша статистикалық есепті жасауға арналған “Жұмыс уақытының есеп ”табелі
(Т-13формасы) жазылады[5]. Жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс
уақытының есеп табелі (Т-13,13а формасы) қолданылады.
Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттар қолданылады:
-жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1;
- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі Т-5;
- демалыс берілуі жайлы үлгілі түрі Т-6;
- жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен
қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары,
сондай-ақ ескертулер, сөгістер, тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылармен қызметкерлердің еңбек
кітапшасына төл құжаттардағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-
2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар қызметкерлердің
білімі, жұмыс орны,аты-жөні, ұлты,еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы
мен жылы, мекен–жайы, тағы басқа мәліметтер толтырады (№1Қосымша).
Кәсіпорындағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік номір беріледі. Бұл нөмір еңбекақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі.
Белгілі бір кезендегі яғни,уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен
қызметкерлердің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар
қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын
пайдалану есебінде табельінің деректеріне сәйкес келуі керек.
Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі
санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында
1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін,
демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды сандық күтізбенің күніне бөлу
арқылы табады.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске
қосылыған ұйымдарда, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда)
жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы
кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің
санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.
Мысалы: кәсіпорын пайдалануға беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап
жұмыс істейтін болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің саны бұл ұйымда мына
төмендегідей:
23қаңтар күні 403 адам
24 қаңтар күні сенбі (403адам)
25 қаңтар жексенбі (403адам)
26 қаңтар күні 404 адам
27 қаңтар 403адам
28 қаңтар күні 406 адам
29 қаңтар күні 401 адам
30 қаңтар күні 402 адам
31 қаңтар күні сенбі (402адам)
Сонымер қаңтар айында жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны бұл
кәсіпорын бойынша 3627 адам. Осы айдың күнтізбесінде күн саны 31 күн.
Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы айдағы саны
362731=117адам.
Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылармен қызметкерлердің саны қаңтар
айында 117 адам, ақпан айында 408 адам, наурыз айында 420 адам болды делік.
Осыдан бұл кәсіпорындағы жұмысшылармен қызметкерлердің саны 315 адамға тең
болады , яғни
(117+408+420): 3=315
Ескерту: егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса, онда
ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойындағы орташа саны
140 адамға тең болады, яғни
420: 3=140
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа
саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының
қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс
істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны істеген
айларындағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.
Ескерту: Жұмыскерлер мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа
еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін
орташа еңбекақы және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға
қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір
санаттарына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар
мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
( Жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер;
( Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс;
( Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе
сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер;
( Әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен
жұмысшылар және қызметкерлер.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар
мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай
үйлесімді түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтіндер
кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адамкүні табылады.
Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар құрамына үйде
отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда
негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы
орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.
Жұмыс істелген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген
өнімнің өнімділігін есептеуге және қызметкерлердің белгіленген мөлшерін
орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық
көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады.
Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа
келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа
келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде алфавит
бойынша реттік номері санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс
істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге
арналған.
Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар
мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты
белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы
табелге қосымша тіркеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс-сапарда болуы,
жұмысқа себепсіз кешігуі, тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгімен
көрсетіледі.
Ол үшін әріптік , мысалы:
- іс-сапарындағы жұмысшы- қызметкерлер үшін -і
- демалыстағы жұмысшы-қызметкерлер үшін -д
- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін - с
тағы басқа белгілер қолданылады.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келмеген және
келген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімнен
тыс жұмыс істегенін, жұмыс істеген белгіленген уақытын, тағы басқа
себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.(№2Қосымша)
Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге
және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін
пайдаланады.
Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер
жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы
статистикалық есеп беруге пайдаланылады.Бұл көрсеткіштер еңбектің
өнімділігін анықтау үшін ғана емес,сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану
нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.

1.3 Еңбекақы жүйелері және өнім өндіру есебі

Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне,
жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр
түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың
күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф
жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің
үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі
күрделігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады
және жұмысшылар мен қызметкелердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф
бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша
өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне,жұмыстың
күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке
қарай берілген разрядтар көрсетіледі.
Тарифтік кестеде – жұмысшылар менқызметкерлердің әрбір топтарының
арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады.
Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) өте қарапайым
және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде
бекітіледі.
Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке
төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырылып отырған дәрежелі еңбектің
арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін
еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді
және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді. Тарифтік мерзімді еңбекақы
мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік
баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы
мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың
мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту
арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері,көлемі, барлық
өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үрдісін жүргізу кезінде анықталады.
1-ші разряд мөлшерлемесі ең аз шамадағы еңбекақы мөлшеріне (6600т) тең
болса, онда бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы бойынша
Бірыңғай тарифтік кестеде тарифтік мөлшерлемесі көлемі былай болады.
ҚР Үкіметінің 1997жылғы 6-шы ақпандағы №170 “ҚР еңбекақы
ұйымдастыруды жетілдіру туралы” қаулысында бекітілген.
Бірыңғай тарифтік кесте 21-ші разряд негізінде жасалған әрбір
разрядқа өзінің тарифтік коэффициенті белгіленді. Жұмысшылардың кәсібі
Бірыңғай тарифтік кестедегі 1-ші және8-ші разрядтар, қызметкерлердікі 2-
ші және 21-ші разрядтар арқылы тарифтелінеді.
Қазіргі уақыттағы қызметкерлердің тарифтелінуі ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің 1997ж.8-ші қыркүйегіндегі №148-П

бұйрығымен бекітілген “Жұмысшылар кәсібінің және жұмыстың Бірыңғай
тарифтік анықтамалығы бойынша жүргізіледі[6].
Разрядтардың тарифтік мөлшерлемелері

БТК Бір айлық тарифтік БТК Бір айлық тарифтік
(ЕТС) мөлшерлеме(қызметақы),теңге (ЕТС) мөлшерлеме(қызметақы),тең
разряды разряды ге
1 (7000теңге*1) =7000 12 (7000теңге*2,20) =15400
2 (7000теңге*0,1) =7490 13 (7000теңге*2,37)=16590
3 (7000теңге*1,15) =8050 14 (7000теңге*2,55)=17850
4 (7000теңге*1,24) =8680 15 (7000теңге*2,74)=19180
5 (7000теңге*1,33) =9310 16 (7000теңге*2,95)=20650
6 (7000теңге*1,43) =10010 17 (7000теңге*3,17)=22190
7 (7000теңге*1,54) =10780 18 (7000теңге*3,41)=23870
8 (7000теңге*1,66) =11620 19 (7000теңге*3,67)=25690
9 (7000теңге*1,78) =12460 20 (7000теңге*3,94)=27580
10 (7000теңге*1,91) =13370 21 (7000теңге*4,24)=29680
11 (7000теңге*2,05) =14350

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның,
өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу
үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек
өнімділігіне бақылау жүргізу керек.Өнім өндіру есебі негізінде тек қана
кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен
қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар қызметкерлерге сандық және
сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекелеген сыйақы
төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына
қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы
алады.
Кәсіпорындарда өнімдерді өндіріп шығарылуы жұмыстың орындалуы жайлы
алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер болуы қажет:
( орындалған жұмыстың аты:
( оның қабылданған уақыты яғни күні, айы, жылы;
( өндірілген өнім мен көлемінің саны;
( орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік нөмірі;
( цех бөлімшесінің шифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне
байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім
өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданады.
Олардың ішінде:
- жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша істелген
жұмысы мен өндірген өнім саны мен сапасына сәйкес жеке-жеке еңбекақы
есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша керекті мәліметтерді жеке
жұмысшылар істеген жұмысына байланысты әр цех жұмысшылары толтырған алғашқы
құжаттардан алуға болады.
- өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемін ең соңғы
операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің
өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық
бақылау бөлімі қабылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпараттарды
алғашқы құжаттарға жазуға тура келеді. Бұл бойынша көбірек қолданылатын
алғашқы құжаттардың түрі кесімді жұмыс наряды болып табылады. Тапсырма
орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты,өндірілген өнімдер мен орындалған
жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын
есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады. Кәсіпорындарда өнім
өндіру жайлы мәліметтер мен ақпарат тек қана наряд арқылы жазылып қана
қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын
бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін және олар үшін
толтырылатын құжаттың санынын азайту мақсатында маршруттық карталар
(карточкада) біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен
бөлшектердің барлық технологиялық үрдістерден өтіп қоймаға тапсырылғанға
дейінгі қозғалысы жазылып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде
өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл
маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімнің саны көрсетіліп
бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы оны тексеріп, оған қол
қояды. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде
өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады. Кәсіпорындарда көп
жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады.
Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын
жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттың саны азаяды. Жұмысшылар мен
қызметкерлерге жоғарыда аталған еңбекақыны есептеу және төлеу үшін
ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін
(ведомосін) қолдануды қажет етеді.
Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс
орындарында өнім өндіру есебінің инвентарлық жүйесі қолданылады. Бұл жүйе
бойынша жұмыстың яғни сменаның аяғына өндірілген өнімнің саны мен көлемін
анықтау үшін әр операция бойынша өнделмей қалған детальдардың қалдығына
түгендеу жүргізеді. Кәсіпорындағы жұмыстың ауытқуына қосымша төленетін
еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы
адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырады. Бұл құжатқа
негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашқы
құжаттардың нөмірі жазылады.

ІІ-тарау. Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

2.1Еңбекақының түрлері мен нысандары(формалары)

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері
оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен
белгілі мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін
толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы,
лауазымды тұлғалардың қолы мұқият тексеріледі. Одан кейін жұмысшылар мен
қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі. ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес
жұмысқа ақы төлеу тәртібіне мыналар жатады:
- Егер мердігерлік шартта орындалған жұмысқа немесе оның
жекелеген кезеңдеріне алдын-ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердігерге
жұмыс тиісті түрде және келісілген мерзімде, не тапсырысшының келісімімен-
мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесін түпкілікті
тапсырғаннан кейін келісілген бағаны төлеуге міндетті.
- Мердігер заң актілерінде немесе шартта көрсетілген жағдайлар мен
мөлшерде ғана аванс не кепілпұл төлеуді талап етуге құқылы.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және
қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді[7].
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста
болған уақытына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына
төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
4. Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, жұмыс атқармаған уақытына
төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төлемдер.
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
(Жас сәбилі адамдарға берілетін демалысқа,баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
(Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына
төленетін төлемдер.
(Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында мамандығын көтеру курсына
жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін
төлемдер.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген уақытына,
сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе
өндірілмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жасайтын жұмысшылар мен
қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің
қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының келесі түрлері бар:
1. Жай мерзімді
2. Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы жұмыс
істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша
төленеді. Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың
тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысы қосымша олардың
өндірген өнімдерінің көлемдеріне, санына, сапасына және тағы да басқа
көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады. Кесімді еңбекақы
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге
кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы
есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен
қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімдерінің немесе санын
тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген
кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді бағаға белгіленген жұмыс
уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп
белгіленген. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет
болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккордтық;
- жанама кесімді;
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеудің тікелей кесімді
жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің,
істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбекақы есептелінеді.Бұл жүйе
бойынша еңбекақы мөлшері бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын
сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына
көбейту арқылы табады. Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге
кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі ексімді жүйесі бойынша төлем- өнім
өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін
қосымша сыйақы ретінде төленеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі -
ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады.
Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және
орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды
қажет етеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша - жұмысшылар мен
қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді
жүйесі болады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы шаруашылықтың негізгі - жұмысшылар
мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өдірістің
жұмысшыларына төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу.
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта
істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам
күніне төленетін төлемдер, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер,
тағы басқа төлемдер жатады. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы
ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған
табельдің негізінде ай бойғы қызмет атқарған уақытқа есептеледі. Егер ай
сайын тұрақты мөлшере еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті
айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келмей қалған болса, онда оларға
төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкерлердің толық ай
жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына
бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын
сол айдағы жұмысшының немесе қызметкерлердің жұмыс істеген күндерінің
санына көбейту арқылы табылады. Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар,
айына 11000 теңге тұрақты еңбекақы күн алады, сол айдағы 15 күн жұмыс
істеп, 4 күн ауырып қалған және 3күн қоғамдық жұмыс атқарған делік.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен
төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық
жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау
үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы
айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (1100022). Содан кейін
алынған нәтижені (500 теңге) жұмыс істеген қоғамдық жұмыс атқарған күндері
сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғрыдағы мысалымызда
көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000
теңге болады. (500×(15+3))= 9000теңге.
Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы
жұмыс атқарған күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда олардың
бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген
күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадац қосымша еңбекақы төленуге тиісті
күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады. Еңбектердің
мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және
мерзімдік сыйақы. Қызметкерлердің еңбекақының мерзімдік жүйесінде уақыттың
бір бөлігінде анықталуы мүмкін. ЕАмс =М*Т, мұнда
М- жұмысшылардың тиісті разрядтың сағаттық (күндік) тарифтік мөлшерлемесі;
Т- өндірісте нақты орындаған жұмыстардың уақтысы (күндік).
Қызметкерлердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақы жүйесінде мына
формула арқылы анықталуы мүмкін.
ЕАмс =М*Т(1+М+К+П100), мұнда
М- белгіленген көрсеткіштердің тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы шартына
сай орындалған сыйлық мөлшері.
К- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы
шартына сай проценттік сыйлық мөлшері(%).
П- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны , сыйақы шартының
проценті.
Еңбекті нормалау ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің 2000ж 22-ші маусымындағы №152-10 Бұйрығымен бекітілген
“Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынысқа” сәйкес
жүзеге асырылады[8]. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету
нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін
техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен
деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды, қайта
құруды жұмыс беруші жүргізеді.
Уақыт нормасында қарастырылған бір жолғы сипаттағы жұмысқа нормалар
бойынша есептелген К=1,1 еңбек сыйымдылығы қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану
принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн. Осы жүйеге
негізделген “күнкөрістің ең төмен деңгейі, ең төмен жалақы” - тұтыну
игілігі қабылданған заңмен анықталады және есептелініп отырады. Ең төмен
жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен
барлық кәсіпорындары еңбекақы бағасы болып есептелінеді. Бұдан шығатын
қорытынды, кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі
жалақыдан кем болмауы керек. Қазіргі уақытта ең аз шамадағы еңбекақы үш
негізгі функцияны атқарады:
- ең аз шамадағы мемлекеттік еңбекақы болып табылады;
-халықты әлеуметтік қорғауға арналған көптеген әлеуметтік жәрдемақы
мен басқа төлемдердің көлемін анықтау критериясына қызмет етеді;
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап “2004 жылғы арналған республикалық
бюджет туралы ” ҚР Заңына сәйкес еңбекақының ең аз шамадағы мөлшері айына
6600теңге сомасында белгіленді.

Кесімді еңбекақыны есептеу

Кәсіпорындарда кесімді еңбекақыны төлеу жүйесі бойынша -
қызметкерлер мен жұмысшылар төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді
мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылғн
алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген
өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған
детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі,
олардың бір данасын жасап шығаруға өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір
айында өндірген өнімі мен істеген жұмысы тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге
60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының
еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына
сәйкеc былайша есептеліп шығарылады[9].

№ Жұмысшылар мен Маман-д Жұмыс ТарифтіТариф Қос-ымша
қызметкерлердің ық істеген к бойынша табыс Жұмысшы-л
аты-жөні дәреже-сағаттарынкоэффи-есептел гекоэффициеарға
сі ың циенті н нті есептелге
саны(сағат еңбекақы н
) сомасы еңбекақы
(теңге) сомалары
(теңге)
1 2 3 4(2×3) 5(64) 6(4×5)
1 Алибаев. К. 1 175 1.76 308 26.1 8838.8
2 Амантаев. Б. 2 160 2.06 329.6 26.1 8602.06
3 Әбілов. Ж. 3 165 2.35 187.75 26.1 10120.3
4 Бақтыбаев. С. 4 154 2.64 406.56 26.1 10611.2
5 Жұмашев. М. 5 150 2.93 439.5 26.1 11471.0
6 Тілесов.Ж. 6 164 3.23 529.72 26.1 13825.7
Жиыны: 968 2401.13 62669.6

Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 теңге 10 тиынға тең
болып тұр (яғни 6 бағана4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401
теңге 13 тиын=26 теңге 10 тиын).
Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны,
жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны,
тағы басқалары үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың
жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына
үйлесімді (пропоционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен
қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы
мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет
жазады. Сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы
есептеліп шығарылады. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған
жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек
тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін, құрал-саймандарға
немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктеріне байланысты ұйымдарда әртүрлі
төмендету коэффициенті беріледі.

2.2 Қосымша еңбекақы есебі

Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы
есептеу және оны төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам алдындағы жұмыс
күні бір сағатқа қысқартылады. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі
белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен
детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты
белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда
еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген
жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күніне
белгіленген мөлшерде еңбекақы төленуі тиіс.
Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні
болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығында
жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күннің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас
аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын
аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайда жұмыс күннің ұзақтығы
16-18 жас аралығындағылар үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағылар үшін 5
сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс
істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген
жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің
еңбекақысы төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін
үзіліс уақытына төленетін төлем.
Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және
қызмет атқаратын жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында бір жасқа
толмаған жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін жұмыс
уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан астам кем болмайтын үзіліс береді.
Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс.
Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін
берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және үзілісте
болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы
төленеді. Екіқабат және босану бойынша, сондай-ақ әйелдер босанатын
үйінен тікелей баланы асырап алған әйелдерге берілетін жәрдемақы, екіқабат
және босануы бойынша берілген демалысының барысында, баланың туған күнінен
бастап56 күн өткенше төленеді,бірақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал жұмыс істеп
жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдемақы төленеді, егер де әйелдер екі және
одан да көп бала тапса, онда жәрдемақы 140 күнге төленеді.
Мысал. Екіқабат және босануы бойынша парағы жұмыс істеп жүрген
әйелге 126 календарлық күнге берілді, оның ұзақтығы 10 қаңтардан 16 мамырға
дейін жалғасады. Жәрдемақы әр айға жеке есептеледі. Екіқабат әйел
аптасына 5 күндік график бойынша жұмыс істеген, оның орташа жалақысы 733
теңге құраған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы еңбекақы
Еңбекақының экономикалық мәні
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбекақы төлеу элементтері
Тарифтік еңбекақы анықтамалары
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Еңбекақының нысандары мен жүйелері
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі
Еңбекақыны есептеу және еңбекақы төлеу есебі
Пәндер