Қаржылық салымдар есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
I Инвестицияның ұғымы және жіктелуі 5
1.1 Инвестиция түсінігі 5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен стратегиясы 11
1.3 Инвестициялық қызмет 13
II Қаржылық салымдар есебі 16
2.1 Қаржылық инвестициялар 16
2.2 Инвестициялар есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп
операцияларының негізгі корреспонденциясы 25
2.3 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау 26
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34

КІРІСПЕ

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс.
Біз мұны ұлтымызбен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана
істей аламыз деп Елбасымыз өзінің Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына жолдауында ерекше атап
өтті.
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикасының деңгейін
көтеретін тиімді локомотив, ол – инвестициялық салымдар.
Қазақстан сияқты дамушы ел үшін инвестициялық салымдар – ол еліміздің
экономикасын аяғынан тік тұрғызатын бірден-бір құрал болып табылады.
Негізінен, инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру
сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде
кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі
тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз
қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру
деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды
немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып
табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни,
біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандайда бір материалдық – көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Ал, В.Бочаров инвестицияны
табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсіндіреді.Ал,
В.К.Радостовец: инвестиция – экономикалық дамудың тұрақты және жоғарғы
қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін
енгізуде, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор деп жазды.
Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар инвестиция туралы өздерінің
анықтамаларын қалыптастырды. Мысалға, Қ.К.Кеулімжаев: инвестиция – бүгінгі
күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды
қандайда бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни
алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу
болып табылады десе, Мейірбекұлы: инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай
отырып, болжанылған нәтижеге жетуге болады деп қысқаша түсіндірді.
Енді, осы анықтамалардан қортынды шығарсақ, меніңше инвестиция – бұл
табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің
(қаржылардың) барлық түрлері.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қаржылық инвестициялар есебі деп
аталады. Және мен осы курстық жұмысымды жазу барысында көптеген
әдебиеттерді пайдаланып, тақырыбымды ашуға тырыстым. Ол екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім практикалық, екінші бөлім теориялық жағынан
қамтылған. 1 бөлім кіріспе орнына берілген, онда инвестиция ұғымы туралы
айтылады және оның жіктемесі беріледі. Сонымен қатар, инвестицияның
экономикалық маңызы туралы, кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен
стратегиялары нақтыланып жазылған. Ал, инвестициялық қызметтің мәні мен
принциптері де осы бірінші бөлімнен орын алған. 2 бөлім Қаржылық
инвестициялар есебі деп аталады. Бұл бөлімнен сіздер күрделі қаржылық
жұмсалымдар туралы, қаржылық инвестициялардың түсінігі мен олардың
корреспонденцияларын көріп, қаржылық инвестициялардың қайта бағалануы
туралы мағұлматтар аласыздар.

I Инвестицияның ұғымы және жіктелуі

1.1 Инвестиция түсінігі

Инвестиция – қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп
отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайдалар,
акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік, қызмет обьектісіне салынатын интелектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және оның бәрі – пайда табумен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету
мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын
келеді.
Инвестиция – бұл ақшаны оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге арта отырып, орналастыруға болатын кез
келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі
қолма–қол ақша құнының инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай табыс
әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторларымен айрықшаланатын әр
түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге тікелей және жанама.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданады:
1) Инвестициялардың түрлері;
2) Ақша құралдарын салу обьектілері;
3) Инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) Инвестицияландыру кезеңі;
5) Меншік түрлері.
6) Инвестордың қатысу түрлері;
7) Тәуекел дәрежесі;
8) Ұдайы өндіріс түрлері;
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайдалар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен тәжірибемен және интелектуалды құндылықтармен
байланысты мүліктік құндылықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану және де басқа да
мүліктік құқықтар;
•қандайда бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хоу емес)
ұйымдастыруға қажетті құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген
техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық,
2. Құралдарды салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
•нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды салынуы, яғни нақты
инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қарастыратын
материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды
активтер – ғимарттарға, станоктарға, қосымша материалды бұйымдар, дайын
өнімге айналдырылған құралдар;
•материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
•қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар.
3. инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу обьектісін таңдауда инвестордың тікедей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын – ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру
обьектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын, өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы
(инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар
инвестицияландыру обьектілерін басқаруға қатысты, ал алатын табыстарын
клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын
салымдарды портфельдік деп те атайды.
4.Инвестицияландыру кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай
кезеңдерге бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттары);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп;
5.Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
•азаматтардың, мемілекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемілекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюджет көздерінен қаржыландырады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі
меншік қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті облигация арқылы немесе басқа
да құнды қағаздар түрінде алу:
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым
инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі сандарды бағалау ретінде
қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысал, уақыт, салым обьектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландыру мерзіміне және жобаның масштабы мен
оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін
болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс
шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды
орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың
екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және
өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген
кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсаты мен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• Техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскілердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін
арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немес процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немес таза
табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің
табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын – ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субьектінің табыс алу мақсатында
пайдаланылатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жалжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып, бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды)
болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәләндіру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялау) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар – белгілі адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп –
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғаны ған емес
сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың
негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл
кімнің эмитенті екеніне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер
жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялар
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субьектілердің жарғылық каиталын қалыптастыру немесе қаржылық
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акция,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылумен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялар бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне
қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлуі мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға көше алмайды,
яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды
шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің
өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да
бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сау
мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдың бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі көлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілер бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әртүрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификацияланудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаиялардың акциясына тәуелді болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың обьектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін тап сондай
тәуекелдіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алу
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуеді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип -
өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.
Инвестиция – экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тертудың қиыншылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелермен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық–экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын обьектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады.

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен стратегиясы

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты – бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық табиғаты жағанан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау
төмендегілерге байланысты:
• кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
• жалпы даму стратегиялары;
• инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
• құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асуы
тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы коньюнктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегияся шеңберінде
қалыптасып,онымен мақсатты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
1 – кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әртүрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді
мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда
көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және
т.б.
Сатылары
стратегияПайда өсуі жетілуі Ескіруіпайда болуы
сы болуы
жалпы НарыққаНарық Іс-әрекеттіңПайда нормасын
еніп, сегментінің салалық сақтау және іс-әрекеттің
бекітілкеңеюі, диверсификацбағытымен
у іс-әрекет иясы, нысандарының бір
процесідиверсификациясыпайданың қолуақыттық
нде мен пайданың жеткен жаңалануының
өмір жоғары қарқынменнормасына тұрақталығы,
сүру өсуін қамтамасызқолдау дәстүрлі іскерліктің
ету. жасау. масштабтарын сақтау
инвестициБастапқөндірістің және өндірістің Жаңа құрлыспенөндірістің
ялық ы нақтынақты қаржылық техникалық
инвестиинвестиция қайта қайта құрылуына нақтылы
цияның масштабтарының қамтамасыз-дмасштабты
жеткілікеңеюі. андырылуы инвестицияландыру.
кті және кең
көлемін масштабты
қамтама қаржылық
сыз инвестицияла
ету. ндыру.

1 – кесте.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік
ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіркеледі және бұл
бәсекелестік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әртүрлі
экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік
ақпараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті
инвестицияландыру орташа салық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым
ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға да ие болады.
Ал табыстылықтың салымының орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе тозу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен
іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік жәрежесімен айрықшаланатын
инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да,
потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы
кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды
білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі
серіктестердің түсінушілігімен ортақ мүдделерін есепке алуға және
инвестициялық обьектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуымен оның
инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

1.3 Инвестициялық қызмет

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің
ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында
инвестицияның маңызы зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың
маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің
сапсын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін,
өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта
өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны алу
пайдалы.
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігі анықтама беру жөнінде көп
талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және
әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына,
кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан,
мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да
бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар,
қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан
т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру болып атбылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру
үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер, инвестициялау қорларды көрсетілген
жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың
көздерін қамтамасыз етеді.
Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз Заңды тұлғалардың,
азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі
практикалық іс-әрекеттің жиынтығы болып табылады. Олар төмендегідей
инвестициялық сфераларды жүзеге асырады: а) күрделі құрылыс;
ә) инновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в)
қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды
жүзегеасыру сферасында (кепілдік құқықпен ипотекалық несиені қоса
есептегенде)
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар
материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты
пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда
маркалары, лицензиялар) ұлғайту үшін де жұмсалады. Материалды емес
активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі
көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да
банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әртүрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым
активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс
сферасындағы, айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –
инвестициялық жобаларды обьективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа
емесе, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет
деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың
тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабелділік, ішкі табыстылық,
өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және
келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны
бойынша есептелген шығындарды табыспен аслыстыру мүмкіндігін туғызу керек.
Сол себепті, жобаны асыру кезінде ақша құны бойынша есептелген табыстар,
инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта
есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі
формула бойынша жүргізіледі:

Sd=mt(1+a)n
Бұл жерде: Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі
құны.
mt – ақшаның келешектегі құны.
а - пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны.
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза
қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды
келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік есептеп
шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім
қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш
жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді.
Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу
үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа
жауап береді.
Сонымен мемлекет тарапынын инвестициялық шешімдерді қабылдау және
жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын –ала
дайындауды талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы
қабылдаған моделінің логикасы макроэкономикалық (мемлекеттік) деңгейде де
қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей. 2 – кесте.

Стратегиалық жоспарлау
Идеяны Жобаларды Қаржылық Жобаны жүзеге Мониторинг
іздестіру анықтау Талдау және асыру және
және шешім инвестициялық
алғашқы таңдауқабылдау бақылау.
Бақылау
Еңбек ресурстары

Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы
жағдайлары және сонымен қатар шектеушілері түрінде көрініп тұр.

II Қаржылық салымдар есебі

2.1 Қаржылық инвестициялар

Қаржылық инвестициялардың есебі 20 Қаржылық инвестициялар
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 Акциялар, 2020
Облигациялар және 2010 Басқа қаржылық инвестициялар шоттары кіреді.
2040-2010 шоттар активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдар айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,
инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал, сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған
жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде
амортизацияланды.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымды
құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнмен
есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура
келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады,
ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып табылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу
құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі
негізде анықтайды:
- жалпы қоржындық жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындақ жиынтығымен;
- жеке инвестициялары бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы бағадан жоғары болса, онда
олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс
ретінде танылады.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтірейік.
Инвестициялардың Сатып алу құны Сатып алынған Ауытқулар
түрлері кезеңдегі (+;-;)
ағымдағы құны
Акция
Акомпаниясы 280,0 300,0 +20,0
Бкомпаниясы 220,00 210,0 -10,0
С компаниясы 150,0 150,0 -
Г компаниясы 170,0 165,0 -5,0
Акция жиыны 820,0 825,0 +5,0
Облигация 100,0 130,0 +30,0
К компаниясы
М компаниясы 150,0 40,0 -110,0
Н компаниясы 170,0 180,0 +10,0
П компаниясы 190,0 200,0 +10,0
О компаниясы 200,0 190,0 -10,0
Облигация жиыны 810,0 740,0 -70,0
Қоржынның барлығы 1630,0 1565,0 -65,0

Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі
құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын
көреміз, демек ол шығыс ретінде танылацы.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде
сатып алынды (820 мың теңге 825 мың теңгеден аз), ал облигацияиның
баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды
(740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге
оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың
теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды.
Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші вариантгың да айырмашылығы
бірдей соманы (65 мың теңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша кысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай
баланстық құны құрайды:
"А" компаниясы - 280,0 мың теңге сатып алу құны бойынша;
"Б" компаниясы - 210,0 мың тенге ағымдағы құны бойынша;
"С" компаниясы - 150,0 мың тенге сатып алу құнымен
ағымдағы

құны бірдей.
"Г" компаниясы - 165,0 мың теңге ағымдағы құны
бойынша;
"К" компаниясы - 100,0 мың теңге сатып алу құны
бойынша;
"М" компаниясы - 40,0 мың теңге ағымдағы құны
бойынша;
"Н" компаниясы - 170,0 мың теңге сатып алу құны
бойынша;
"П" компаниясы - 190,0 мың теңге сатып алу құны
бойынша;
"О" компаниясы - 190,0 мың тенге ағымдағы құны
бойынша;
-1495,0 мың теңге

Бұл варианттағы 135 мың теңге (1630,0-1495,0) теріс айырмашылығы
ретінде, шығыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық: инвестициялық бухгалтерлік баланста
томендегідей жолмен анықталады:
-сатып алу құнымен;
* қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
* сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен
бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық ннвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта
бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді
инвестициялардың бір ғана түрі кайта бағаланада.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік
капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестицияллар құны төмендеген жағдайда
азайту сол ивестицияның үстеме бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір
инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының
төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын
құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік
капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық, инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз
бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Қүнды тап
осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және
есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субьектідегі инвестордың үлес
салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар
есептеп шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының
арасындағы айырмасынан шығындарды шығарып тастағаннан кейін (брокердің
немесе диллердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер
инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша
бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп
саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін
болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша
аударылады.
Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау
сомасы аудару кезінде шығарыльіп тасталынады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе,
онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның
табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ,
онда: олар сатып алу және ағымдағы кұнның ең төменгі бағасы бойынша немесе
ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген
болса) бағаланады.
Енді біз бұл қалай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып
көрейік:
* акцияның инвестициясы;
* облигацияның инвестициясы;
* басқа да қаржылық ивестициясы.
2040 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың,
банктердің. және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді.
Акция - акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанының
куәландыратьн және ол оның несие дивидендтер түрінде табыстың бір бөлігін
алу қүқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде 2040 "Акциялар" шотының дебеті бойынша және
төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы жасалынады:
сатып алынған акциялардың сатып алу құнына – 4140 "Жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысулар' 3440 "Басқа кредиторлық қарыз және
төлемдер 4240 "Еншілес серіктестіктерге қарыз", 4240"Тәуелді
серіктестіктерге қарыз", 4240 "Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаларға
қарыз".
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша
қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 2040— шоттың дебеті, 1050Ел
ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша, 1050"Шетелдегі валюталық шоттағы
нақты ақша" шоттарының кредиті — шет мемлекеттердің банкілер мен
компанияларының акцияларын алғанда; 1060"Есеп айырысу шотьндағы нақты
ақша", 1010"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" - Қазақстан
Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен
шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 "Бағалы қағаздарды сатумен
байланысты шығыстары" деген шоты дебеттеледі де, және 2040 "Акция"
кредиттеледі, сосын ол 1210 шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың,
кредиті бойьнша көрсетіледі.
Мысал. "Шығыс" ААҚ, ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған
болатын:
* "Цемент" ААҚ - 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;
* "Темир" ААҚ - 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын;
* "ІВS" ААҚ - 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардың жиынтығы, "Шығыс" ААҚ акцияларының шамамен 20%-
тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете
алмайды.
"ІВS" ААҚ,-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15
мың
теңге құраған.
Бір акцияның ағымдағы құны мынаны құрады:

Ағымдағы жылдың Ағымдағы жылдың Келесі жылдың
1-ші маусымына 31-ші желтоқсанына1-ші маусымына
ЦементААҚ 295 315 300
ТемірААҚ 455 475 460
ІВSААҚ 200 250 250

"ІВS" ААҚ, ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған
болатын,бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан
бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.
"Темір" ААҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған
болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің
болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді, бұндай
шешім ақпанда қабылданған болатын.
"Цемент" ААҚ, 10000 дана акциясына 100 мың теңге дивиденд тиесілі
болатын, бірақ сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың
қыркүйегінде төленді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозиттік операциялар есебі
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті
Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
Банктердің депозиттік саясаты
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Меншік капиталдың кластары
Резервтік капитал аудиті
Меншікті капиталдың есебі мен аудиты
Депозиттік операциялар есебі туралы ақпарат
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы
Пәндер