Кәсіпорынның жөнелтілген тауар


АННОТАЦИЯ
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, кәсіпорын қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде бухгалтерлік есеп, халықарлық қаржылық есеп стандарттары ұғымы, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшудегі кәсіпорынның есептік саясаты қарастырылған.
Екінші бөлімде басқа да дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру («Саламат-С» АҚ мысалында), атап айтқанда берілген аванстар есебі, алдағы кезең шығындарының есебі қарастырылған.
мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
1. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышының есебі . . . 5
1. 2 Күмәнді дебиторлық борыштар . . . 12
1. 3 Алынуға тиісті вексельдердің есебі . . . 14
2 басқадай Дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру («Саламат-С» АҚ мысалында)
2. 1 «Саламат-С» АҚберілген аванстар есебін ұйымдастыру . . . 19
2. 2 «Саламат-С» АҚалдағы кезең шығындарының есебі . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
Кіріспе
Қазіргі кезде, ҚР Өкіметінің бағдарламасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер жүйесін Қаржылық Есептемелердің Халықаралық Стандарттары мен нарықтық экономика талаптарына сай одан әрі реформалау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында атап өткендей, өркенді де серпінді дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Осыған байланысты, бухгалтерлік есеп пен аудит ел дамуының қазіргі кезеңіндегі экономиканың іргетасы болып табылатынын, ал ҚЕХС - ұйымның қаржылық ағынының ашықтығын, капиталдың интеграциясын және тұтастай алғанда ел экономикасының жеделдете дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрал екенін атап өту қажет.
Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуiне байланысты бухгалтерлiк есептiң әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Есеп тiркемелерiнде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудiң дәстүрлi әдістері ескіріп, қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақтарға толығынан жауап бере алмайтындығын тәжiрибе көрсеттi. Iскерлiк шешiмдер қабылдау үшiн бұл ақпарат белгiлi түрде өзгертiлуi және өңделуi қажет. Қазiргi жағдайда бухгалтер кәсіпорын нәтижесін талдаудың түрлi әдiстерiн қолданып, кәсiпорында қабылдаған қаржылық стратегияны iс жүзiнде қолданыс табатын есептік саясатын тандап алып, соны басшылыққа алуда.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметi ретiндегi басқару экономикалық зандардың обьективтi заңдылықтары мен талаптарына негiзделген. Осы заңдардың талаптарын танып бiлуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың нысандары мен әдiстерiн жасай отырып, мемлекеттiк, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғамдық қаржыны, бағаны, несиені және тағы басқа көздерін жұмылдыруымен қатар, өндiрiстiк қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады. Кәсiпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, салып алушы, мердiгер, банк және т. б. ) Қазiргi кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздерiне iскер серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз тандауымен нарықтық қатынастар негiзiнде мүмкiндiгiнше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиiмдiлiгi әр түрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргiзушi субьектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару деңгейiне, қабылданған шешiмдердiң обьективтiлiгi, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. ұйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.
Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi басқару, өндiрiстiк әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негiзiнде ғана оның қызметiн обьективтi бағалап, кәсiпорынның алынуға тиісті борыштары есебін оңтайлы ұйымдастыру маңыздылығы күн сайын артып, шешімін табуды талап ететін өзекті мәселеге айналып отыр
Сондықтан менiң курстық жұмысымның мақсаты - Кәсіпорныдағы алынуға тиісті борыштар есебін оңтайлы ұйымдастыру сұрақтарын тереңiрек зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде бухгалтерлік есеп, халықарлық қаржылық есеп стандарттары ұғымы, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшудегі кәсіпорынның есептік саясаты қарастырылған.
Екінші бөлімде басқа да дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру («Саламат-С» АҚ мысалында), атап айтқанда берілген аванстар есебі, алдағы кезең шығындарының есебі қарастырылған.
1 Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
1. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышының есебі
Кәсіпкерлік іскерлікті жүзеге асыра отырып, мүліктік айналымның мүшелері- шаруашылық операцияларды жүргізу өлшемі бойынша тек салынған құралдарды ғана қайтармай, табыстарды да алады. Бірақ нақты жағдайда, әсіресе нарықтық экономикаға өтумен және өндірістің құлауымен, көптеген жағдай туындайды. Дебиторлық борыш көптеген айларға, кейде жылдарға «тоқтап» қалады. Дебиторлық борыш өсімі кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады, ал кейде банкротқа да әкеледі.
Көптеген жағдайларда бұл дебиторлық және кредиторлық борышты басқару жүйесінің жоқтығымен байланысты.
Айналым құралдарының элементі бола отырып, дебиторлық борыш, айналым құралдарының айналысын қысқартып, кәсіпорынның табысын төмендетеді.
Сондықтан да бүгін шешімі шаруашылық субъектілердің қаржы жағдайын жақсартуға көмек бере отырып, маңызды проблемалар келесілер болып табылады:
1 Бухгалтелік есептің халықаралық стандартына өтумен байланысты дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру.
2 Дебиторлық борыштың өсіміне ықпал ететін факторларды анықтауға бағытталған, дебиторлық борышты талдау және «тоқтап қалған» борышты анықтау.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
- 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
- 2110 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
- 1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек
- 2180 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.
Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы «немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитың болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған «жөңелтілген» өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің ңақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 6010 шоты дебеттеледі. 6010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі, 1320 - «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады, 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімінің шоттары кредиттеледі. «Өндірістік есепке алу шоттары» 8 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 - «Негізгі өндіріс»;
8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;
8300 - «Көмекші өндірістер»;
8400 - «Жүкқұжат шығыстары».
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210, 2110 шоты дебеттеледі де, 6010 шоты кредиттеледі. 6010 - «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі.
Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына (ҚҚС) 1210, 2110 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі, 3130 - «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу - төлем құжаттарын төленугеніне қарай 1050 шоты дебеттеледі. 1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады де, 1210, 2110 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі.
Егер сатып алушылармен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе (1050, 1040, 1010 - шоттардың дебеті, 1610, 29100, 4410 шоттарының кредиті.
1610, 2910 - «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
4410 - «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансті алады да, ол: 1610, 29100, 4410 шоттарының дебеті және 1210, 2110 - шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де алынуға тиіс шоттар алғашқы да шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетілсе, онда есептік кезеңнің сонына пайда болған он айырмасы 1210, 2110 шоттын дебетінде және 6250 шотының кредитінде көрсетіледі.
6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған, ал теріс айырмасы 7430 дебетінде және 1210, 2110 шоттың кредитінде көрініс табады.
7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғаның нәтижесінде ғана таңылады, бірақ табыстан баға бойынша да сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 шоты дебеттеліп, 1210, 2110 шоты кредиттеледі.
6030 - «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
Ал қайтарылған тауарға 6020 «Сатудан қайтаралған тауарлары» шоты дебеттеліп, 1210, 2110 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС- да түзеліп жазылады.
6020 - «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі.
Айдың аяғанда 1210, 2110 - шоты бойынша сатып алушылармен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы - материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген оборыштың қалдығын көрсетеді.
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражаты айырылатындығын көрсететің болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдығын талдайды. Әдетте дебиторлық қарыздың айналымдығы 30- дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімінен асып кетсе, онда оның мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.
Онда қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, комерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметінің шұғылдан бастан бұрын екі жақтың да несие қабылеттігін тексереді және көрсеткен қызмет үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім шартқа отырады. Ондай келісімшарт ашық та, жабық та болуы мүмкін.
Осы келісім - шарт, клиентке құқын өзіне қайтып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсететің қызметтің түрінде, қаржылық жағдайына және т. б. факторларына тәуелді болып келеді. «ҰК» «ҚТЖ» АҚ - на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жеткізіп берген тауарына толық төлемін алу үшін кәсіпорын факторигалық компаниясымен, яғни басқа кәсіпорынмен келісім шартқа отырады.
Келісім шарттың жағдайы бойынша факторингалық компания кәсіпорын «ҰК» «ҚТЖ» АҚ - на тауарды ақшаны аудару тиіс. Шын мәнінде, «ҰК» «ҚТЖ» АҚ - на жасалған контрактының 80 пайыз құның бірден аударған, ал қалған контрактының құның 20 пайызға мараппатау сомасы ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісім - шартқа сәйкес мараппатау сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38 пайыз жылдық мөлшермесінің деңгейінде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнді құраған.
Факторинг келісім - шарт бойынша марапаттау сомасы 1, 9 пайыз құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған. Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім - шарты бойынша жасалатың операциялардың есебі. Бір заңды тұлға келісім шарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның (цессионарға) қандай да бір міндеттемесін (ТМҚ жеткізіп бергені, атқарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын (цессия) толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.
Міндеттеменің негізінде кредиторға жататың құқықтық талап бұрындары берілген тұлғадан басқа тұлғаларға өтуі мүмкін. Бұл жерде кредитордың құқысының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап болып табылмайды. Бұл кезде кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді, егер олар заң актілері мен келісім - шартқа қайшы келмесе. Құқықтық талабын азайту міндеттемелеріне жауап беретің кредиторларды ауыстыру болып табылады.
Контрактының шарты бойынша «ҰК» «ҚТЖ» АҚ - на - ға тауарды жөнелті:
жөнелтілген тауардың нақты өзіндік құнына
келісім шарттын құқына
ҚҚС (14 пайыз)
Қалған 20 пайыз қаржылық агенттен алынды, бірақ осы сомадан мараппаттау сомасы шегерілді
59051 теңге (326250*20-6199)
Кәсіпорынның жөнелтілген тауар келіп түсті:тауар құнына
ҚҚС 13 пайыз
281250
45000
1330
1420
14200, 4110
14200, 4110
Кей жағдайда кредитордың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмайды, өткені жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай туғызуі мүмкін:
- тауар нарығында ол кредитор бәсекелес болып табылуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші (талабын азайтып беруші кәсіпорынның) бұрындары олардың арасында шаруашылық даудың болуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші бір - бірімен байланысты тараптар немесе бір - бірінен бөлетің тұлғалары (аффирленген) болуы мүмкін.
«ҰК» «ҚТЖ» АҚ жеке кәсіпорынға контракт жағдайы бойынша тауарды босатты:
- тауардың нақты өзіндік құнына бойынша босатылды
- келісім шарттын құқына
- ҚҚС (14 пайыз)
243750
406250
65000
1210, 2110
1210, 2110
6010
3130
Контракт жағдайы бойынша жеке кәсіпорын «ҰК» «ҚТЖ» АҚ - дан тауар алады :
- тауар өзіндік құны бойынша
- ҚҚС сомасына
406250
65000
1330
1420
14200, 4110
14200, 4110
Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады. Құқықтық талапты, әдетте азайтылған сомасына береді, яғни дебиторлық қарыздан аз сомаға, сондықтан ол цедентке зиянның, ал цессионда табыстың пайда болуына әкеледі. Егер де талап құқығы дебиторлық қарыздан артық сомаға жасалатын болса, онда ол сәйкесінше, цеденте табысты, ал цессионарды зиянды алатындығын көрсетеді.
Енді біз келісім - шарттындағы төлем сомасын анықтаудың бір бөлігі өзгерген жағдайында цедент пен цессионардың корреспонденциясын қарастырып көрейік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz