Ақша қаражаттары есебінің аудиті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ақша қаражаттары есебінің аудиті

Кіріспе2

І тарау. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы3

1. 1 Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы3

1. 2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары5

1. 3 Ақша қаражаттарының аудитінің бағдарламасы6

ІІ тарау. Ақша қаражаттары аудитін жүргізуді ұйымдастыру8

2. 1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті8

2. 2 Есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті14

2. 3 Есепте кездесетін қателіктер және аудиторлық қорытынды24

Қорытынды27

Пайдаланылған әдебиеттер29


Кіріспе

Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.

Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т. б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т. б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

І тарау. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы

1. 1 Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы

Ақша қаражаттары дегеніміз - шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшалар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша қаражаттары, Ұлттық Банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың кассасында сақталуы тиіс.

Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.

Шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. Түгендеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға жүргізіліп, түгендеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын сол түгендеу жүргізілген күні берген есеп мәліметтерімен салыстырылып нәтижесінің шығарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарына түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстіндегі екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды. Банктердегі, есеп айырысу, валюталық және арнайы шоттардағы ақша құжаттарына жүргізілген түгендеудің банктен алынған көшірмелердегі мәліметтерімен салыстырылып тексеру арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды. Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктер бойынша қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша қаражаттарының ақпараттарын жинақтап, қозғалысын таратып отыру үшін V “Ақша қаражаттары” бөлімінің 41 “Жол үстіндегі ақшалар”, 42 “Банктегі арнайы шоттардағы нақты ақша қаражаттары”, 43 “Валюталық шоттағы нақты ақшалар”, 44 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар” және 45 “Кассадағы нақты ақшалар” бөлімшелерінің синтетикалық шоттары қаралған.

Ақша қаражаттарының аудитін жүргізгенде аудитор мыналарды анықтайды:

  • касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • касса -банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауын әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  • бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
  • касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
  • кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  • бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  • аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылықішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?

Осылайша ұйымның ақша қаражаттары қозғалысын тексеру, оның аудитін жүргізудің маңыздылығы жоғары деп айтуға болады.

1. 2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары

Аудиторлық тексерудің бастапқы кезеңі жоспарлау болып танылады. Аудитті жоспарлау міндеттеме-хатқа қол қоюға дейін және экономикалық субъектімен келісім шарт жасағанға дейін басталады. Аудиторлық жоспарлаудың мақсаты - оның стратегиясы мен тактикасын анықтап, аудиторлық тексерудің жалпы жоспарын құру және аудиторлық бағдарлама жасау.

Аудитті жоспарлау процесі бірнеше кезеңнен өтеді:

  1. Алдын ала жоспарлау;
  2. Жалпы жоспарды дайындау және құру;
  3. Бағдарламаны дайындау және құру.

Аудиторлық ұйымдар жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік және тиімді сияқты бірқатар қағидаларды сақтауы қажет. (сурет 1)

Әдетте, жоспарлауға уақыттың көбірек үлесі бөлінеді (қайталанған аудитте - 5-10%; алғашқы аудитте - 20-25% және одан да жоғары), олар аудиторлық тексеруге жұмсалады. Бірақ, жоспарлау көлемі әр нақты жағдайда клиентпен жүргізетін жұмыс шартына байланысты. Сапалы жоспарлауға жұмсалған уақыт және күш тексеруге кететін уақыт пен күшті үнемдеп, нәтиже сенімділігін жоғарылатады.

1. 3 Ақша қаражаттарының аудитінің бағдарламасы

Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.

Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп отырады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мыналарды қамтуы мүмкін:

  • баланстың көрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрлерінің, машинажазбалардың мәліметтерін салыстырып тексеру;
  • ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеру;
  • кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
  • банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының заңдылығын тексеруді;
  • есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруді;
  • шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
  • шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғанын тексеруді. (кесте 1)

Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары: Аудит процедуралары
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері
Аудит процедуралары: 1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т. б) қызметкерлер құрамын білу
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, іскерлік қасиеттері және т. б.
Аудит процедуралары: 2. Ақша алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т. б. бар-жоқтығы
Аудит процедуралары: 3. Операцияларды құжаттау, ресімдеу мен ақшаны басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқа құжаттар және т. б.
Аудит процедуралары: 4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрысытығын, толықтығын, дәлдігін тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Төлем - тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т. б.
Аудит процедуралары: 5. Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), аванс есебі, журнал ордер 1, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы, 401-403, 411, 421-424 шоттары және т. б.
Аудит процедуралары: 6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру
Аудит процедуралары: 7. Касса-банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу
Аудит процедуралары: 8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру
Аудит процедуралары: 9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру
Аудит процедуралары: 10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері, 1-3 журнал-ордерлері; 1, 2, 3 журнал-ордерлеріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі
Аудит процедуралары: 11. Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: 3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар
Аудит процедуралары: 12. Баланс көрсеткіштерін Бас кітап мәліметтерінің сәйкестігін тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441, 451-452 шоттар бойынша Бас кітап
Аудит процедуралары: 13. Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журна-ордерлердің тізімдемелері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар
Аудит процедуралары: 14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері: Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер

ІІ тарау. Ақша қаражаттары аудитін жүргізуді ұйымдастыру

2. 1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.

Кассада сақталатын ақша 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар» және 452 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы нақты ақшалар» шоттарында ескерілуі тиісті. Осы шоттардың дебетінде кассаға түсетін ақша, кредитінде - кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалды. (кесте 2)

Кассалық операцияларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

Аудит процедуралары: Аудит процедуралары
Ақпарат көздері: Ақпарат көздері
Аудит процедуралары: 1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу
Ақпарат көздері: Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары; кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т. б
Аудит процедуралары: 2. Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т. б
Аудит процедуралары: 3. Қолма - қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордерге, Бас кітап және т. б
Аудит процедуралары: 4. Ақшаны шығысқа шығарудың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т. б.
Аудит процедуралары: 5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т. б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу
Аудит процедуралары: 6. Кассалық операциялар аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу
Ақпарат көздері: Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсысынтар

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:

  • кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
  • кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
  • кассаға ревизияны немқұрайлы өткізудің барлығы - ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т. б;
  • кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
  • кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
  • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
  • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
  • мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтін кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.

Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.

Жалпы алғанда касса мен кассалық операциялады тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
«Metrocom Service» ЖШС
Ақша қаражаттары аудиті
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
РПК Бектау ЖШС
Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz